Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің демі үзілер алдында айтқан



Pdf көрінісі
бет322/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Әбу бәкірдің демі үзілер алдында айтқан 

өсиеті

Абдуррахман ибн Сабит айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) 

қайтыс боларында Омарды (р.а.) шақырып, оған мына-

дай өсиет айтады: «Ей, Омар! Аллаһтан қорық! Мынаны 

біл, Аллаһ қалаған істің өз орны, өз уақыты бар, күндіз 

атқарылатын, бірақ түнде орындалғаны қабыл болмай-

487

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/930 (14316)



488

 Табарани, Кәнзул-уммал 5/930 (14316)




459

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

тын  істерін  айтуға  болады.  Адам  парыздарын  толық 

орындамаса, нәпіл ғибадаттар қабылданбайды. Қиямет 

күні таразыда кейбір адамдардың сауабы ауыр тартса, 

бұл – оның дүниеде Аллаһқа басыбүтін мойынсұнғаны. 

Ақиқат  салынған  таразының  ақыретте  ауыр  басаты-

ны  айқын.  Қиямет  күні  таразыда  кейбір  адамдардың 

сауабының жеңіл болу себебі – олардың бұл дүниеде қате 

жолға түсуінен. Есептен қателік кетсе, таразының ертең 

жеңіл тартатыны белгілі. Аллаһ тағала жұмақтықтарды 

ескерерде оларды ең ізгі істерімен еске алады. Олардың 

жаман әрекеттеріне қарамайды. Мен жұмақтағылар ту-

ралы ойланғанда, «Оларға қосыла алмаймын ба?» деп 

қорқамын. Хақ тағала тозақтықтарды ең жаман істері-

мен еске алады, олардың жақсы әрекеттерін беттеріне 

ұруда.  Олардың  жағдайын  ойлаған  кезде,  «Солардың 

қатарында  кетіп  қалмаймын  ба,  мен  мұндар»  деп  жа-

ным түршігіп, аза бойым қаза болады». 

Риуаятшылар  айтады:  «Әбу  Бәкір  кейін  Құран 

кәрімнен  көптеген  рақымдылық  және  азап  аяттарын 

оқиды  да,  былай  дейді:  «Ей,  Омар!  Мүмін  құл  үміт 

пен  үрейдің  арасында  болуы  керек.  Аллаһтан  тек 

жақсылыққа бастайтын ізгілікті тілеуі керек, Аллаһтың 

рақымынан  үмітін  үзбеуі  тиіс.  Әркім  өзін  қатерге 

итермелемеуі  керек.  Ей,  Омар,  егер  өсиетімді  берік 

ұстанатын болсаң, өлімді қуана-қуана қарсы аласың. Ал, 

өсиетіме немқұрайды қарасаң, өлімнен асқан сұмдықты 

таппайсың. Ал өлімнен қашып құтылу мүмкін емес!»

489

489


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/878 (14180)


460

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет