омардың өзінен кейін келетін халифаға
насихаты
Омар (р.а.) былай деген: «Менен кейін ке-
летін халифаға алғашқы мұһажырлардың құқығын
қорғауға, оларға құрмет көрсетуге кеңес берер едім.
Мұһажырлардың һижреттен бұрын Мәдинаны ме-
кендеген ансарларға жақсы қарауын, олардың
жақсылықтарын асырып, жамандықтарын жасыруды
өсиет етемін. Халифа басқа шаһар халықтарына да
жақсы қараса екен деймін. Өйткені, олар – Исламның
жәрдемшілері, қазынаның қолдаушылары. Олардан
тек өз еркімен беретін, қажеттіліктерінен артылған
мал ғана алынсын. Менен кейінгі халифаға бәдәуи
арабтарға жақсы қарауды ұсынамын. Өйткені, олар
– арабтың тамыры және Ислам шығып, өркендеген
бүршік. Олардың дәулетті адамдары уақ малдарының
белгілі бір бөлігін кедейлерге бөліп берсін. Халифаға
Аллаһ пен расулының қамқорлығына кіргендердің
құқықтарын толығымен қорғауды, оларға шамасы жет-
пейтін жүк жүктемеуді ұсынамын»
495
.
Касым бин Мұхаммедтің риуаяты бойынша,
Омар (р.а.) былай деген: «Менен кейін бұл қызметті
өз міндетіне алатын адам алыс және жақын барлық
адамның көңілінен шыға білуі тиіс. Халық арасында
халифалыққа лайық адамның жағдайына қызықпаймын,
оны басқарғаннан гөрі басымның шабылғанын қалар
едім»
496
.
495
Ибн Әбу Шәйба, Мусаннәф 7/435 (37059)
496
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/881 (14188)
465
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
Достарыңызбен бөлісу: |