Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың Әбу Мұса әл-Әшғариға айтқан



Pdf көрінісі
бет332/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

омардың Әбу Мұса әл-Әшғариға айтқан 

ақылы

Дабба  ибн  Михсан  риуаят  етеді:  Омар  (р.а.)  Әбу 

Мұсаға  (р.а.)  мынадай  хат  жолдайды:  «Адамдар  өз 

басшыларынан  қаймығады.  Осындай  жағдайдан, 

яғни  халықтан  алшақ  тұратын  басшы  болудан  Аллаһ 

сақтасын.  Күн  ұясына  батып  бара  жатса  да,  айыбы 

дәлелденіп,  үкімі  шыққан  кінәліні  жазалап  үлгер. 

Бірі  Аллаһқа,  арғы  дүниеге,  екіншісі  мына  жалғанға 

тән  іс–әрекеттің  бірін  таңдауға  тура  келген  жағдайда 

адамға  қайырлы,  Аллаһқа  жағымды  істі  таңда. 

Өйткені бұл дүние өткінші, ал ақырет мәңгілік. Қарсы 

шыққандардың  топтасып,  күшейіп  кетуіне  мүмкіндік 

берме,  оларды  таратып  жіберуге  тырыс.  Мұсылман 

науқастардың көңілін сұра, жаназаларына қатыс, есігің 

әрдайым оларға ашық болсын. Қажет болған жағдайда 

олардың шаруасын тындыр. Өйткені сен де солардың 

бірісің.  Жалғыз  айырмашылығың  –  сенің  жүгіңнің 

олардікінен  де  ауыр  болуында.  Естуімше,  сен  және 

500

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/889 (14207)




470

Сахабалар салған сара жол

сенің отбасың тұрмыс-тіршілігіңмен басқалардан ере-

кшеленеді  екенсіңдер.  Басқа  мұсылмандардан  жайлы 

өмір сүретін көрінесіңдер.

Ей, Аллаһтың құлы! Сені шөбі шүйгін жерге жайы-

лып,  семіруден  басқа  ойы  жоқ,  семірген  соң  сойыла-

тын малдың күйіне енуден сақтандырамын. Біліп қой, 

басшылар  ақиқаттан  адасқанда,  халық  та  тура  жол-

дан  алыстайды.  Адамдардың  ең  бақытсызы  –  халқын 

жоқшылыққа сүйреген басшы»

501

.

Даххактың  риуаяты  бойынша,  Омар  (р.а.)  Әбу 



Мұса  әл-Әшғариға  (р.а.)  былай  деп  хат  жазады: 

«Адамның  табысқа  жетуі  оның  бүгінгі  істі  ертеңге 

қалдырмауына  байланысты.  Егер  жұмыстарыңды  дер 

кезінде  орындамасаңдар,  олардың  қайсысынан  бас-

тауды  білмей,  әрі-сәрі  күй  кешіп,  бәрін  шатастырып 

бітесіңдер.  Егер  сендердің  араларыңнан  кімде-кім 

дүние мен ақыретке қатысты мәселеге кез болсаңдар, 

ақыретте өздеріңе септігі тиетін істі таңдаңдар. Өйткені 

дүние өткінші, ал ақырет мәңгі. Аллаһты құрметтеңдер, 

Оның кітабын үйреніңдер. Өйткені ол – ғылымдардың 

қайнар көзі»

502


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет