4
5
технологиялар» пəні бастауыш білім берудің теориясы мен
практикасын меңгеруге бағыттайды.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі
қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын,
мектеп практикасымен жəне білім беру жүйесіндегі инновациялық
үдерістермен өзара байланысын қайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын
арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның
шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды жəне оқу-
тəрбие үдерісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық іс-əрекетті қайта құрудың жүйелі
тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тəрбие үдерісінің
сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге
септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мəселесі теориялық
жəне ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып
отыр.
Практикалық сабақтарда білімгерлердің білігін қалыптастыру
түрлі жаттығуларды орындау түрінде, іскерлік ойындарда
əртүрлі рөлдер орындау барысында, білім жобаларын жасау жəне
педагогикалық ситуацияларды модельдеу түрінде жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты
білімгерлердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып-үйренуі өте
маңызды болып отыр.
Білімгерлердің өзіндік жұмысы туралы қорытынды жасағанда
келесідей тұжырымға келуге болады: өзіндік жұмыс білімгердің тек
өз белсенділігі түрінде анықталады. Əрбір өзіндік жұмысты бастар
кезінде білімгер алында белгілі бір мақсат, проблема болуы қажет.
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» курсы бойынша
берілген өзіндік жұмысты орындау барысында əр білімгер өзінің жеке
тəжірибесін пайдаланып, алған білім деңгейінде жұмыс жасайды.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытушы білімгерге арнайы
тапсырма береді, ал білімгер берілген тапсырманың қажеттілігі
жөнінде өз ойын бекітеді. Біріншіден, берілген тапсырманың
мазмұнын талдайды, өзінің осыған дейін алған білім деңгейін саралап
тапсырма мақсатын түсінеді. Екіншіден, берілген тапсырманы
орындау үшін қандай амалдар керек екендігін ойластырады жəне
ойластырған жоспарды іске асырады, яғни тапсырманы орындайды.
Үшіншіден, алған нəтижесіне талдау жасайды.
Білімгерлерге берілетін өзіндік жұмыстар дидактикалық
жағынан үш түрге бөлінеді: білім алуға арналған өзіндік жұмыс;
білімді пайдалануға арналған өзіндік жұмыс; теориялық материалды
тексеруге арналған өзіндік жұмыстар.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Қазіргі заманғы
педагогикалық технологиялар» курсын меңгеруде білімнің өрінен
көрінуге тілектеспіз.
Достарыңызбен бөлісу: