Шетел тілінен білім берудегі түпкі мақсат — екінші тілдік тҧлғаны қалыптастыру, яғни,
қос тілді, қос мәдениетті меңгерген білім алушыны даярлау деген тҧжырымға саяды. Ал
мақсаттың негізін білім, мағлҧматтар, біліктер, қабілеттер және қҧзыреттер қҧрайды. Осы орайда
білім беруде қҧзыреттілік әдісін басшылыққа алу кӛкейкесті мәселеге айналып отыр. Бҧл
мәселенің ойдағыдай шешімі шетел тілін оқыту мазмҧнын анықтауда терминдер жҥйесін
нақтылау әрекетімен тығыз байланысты.
«Қҧзыреттілік» пен «қҧзырет» ҧғымдары педагогикалық қызметкерлердің біліктілігі мен
кәсіби шеберлігін бағалау барысында жиі қолданылғанымен, қазіргі уақытқа дейін аталмыш
ҧғымдардың толымды әрі нақты мағынасы берілмеген, сонымен қатар қос ҧғымның ӛзара ара
жігі де ажыратылмаған [4].
Шетел тілін оқыту барысында құзыреттілік әдісті іске асыруда қолданысқа ие болатын
білім беру технологиялары тӛменгі сипатта болуы керек деген пікірге қосыламыз:
жеке-бағдарлы оқыту технологиясы;
модульдік технология;
проблемалық оқыту технологиясы;
кейс-стади (жағдаяттық талдау);
жоба технологиясы — оқушыларды шығармашылық және зерттеу жҧмысына
тарту;
ынтымақтастық негізде оқыту — сабақ ҥстінде психологиялық жайлы ахуалды
қалыптастыру;
сыни ойлау технологиясы және SWOT-талдау.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
164
Мҧғалімнің қҧзыреттілігін талдап бағалау кезінде әңгіме-сҧхбаттың маңызы зор, себебі
оның барысында мҧғалімнің педагогикалық тәжірибесі, қызмет нәтижелеріне ӛзінің берер
бағасы, кәсіби даму бағдары, әріптестер мен тҥлектердің мҧғалімге деген сыни кӛзқарасы
айқындалады. Аталмыш әңгіме-сҧхбаттардың материалдарының негізінде мҧғалімнің
қҧзыреттілігі туралы белгілі бір ой-тҧжырым жасауға болады.
Білім мен ақпарат ҥстемдік қҧрған қоғамда білім беру жҥйесі инновациялық
экономиканың негізгі бӛлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан
инновациялық экономика қай салада болса да, бҥгінгі маманның қҧзыреттілігін, яғни ӛз
саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, ӛмірдің ӛзгермелі жағдайына
бейімділігін, оған сай ӛз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып
отыруды талап етеді.
Қоғамда әлеуметтік, мәдени ҥдеріспен қамтамасыз ететін жоғары қҧндылық – білім. Осы
жоғары қҧндылық сапасын кӛтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби қҧзыреттілігін
дамыту болып табылады. Олай болса, білімге негізделген қоғам қҧрылысының негізгі
басымдықтарын есепке ала отырып, педагог мамандардан аса жоғары кәсіби қҧзыреттілік
талап етіледі.
Қҧзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тҧлғаға қандай білім қажет және ол
қоғамның қандай қажетін ӛтей алады» деген сҧраққа жауап береді. Оқытушының
қҧзыреттілігін қалыптастыру – бҥгінгі білім беру саласының ӛзекті мәселелерінің бірі.
Қҧзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстҥрлі тәсіл мен білім мазмҧнын ҧлғайту
арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір
жолы деп қарастыруға болады. Бҧл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның
сапасы алған білімнің кӛптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды [5].
Қҧзыреттілік жинақтаушы ҧғым ретінде деңгейлік қҧрылымға ие. Аталмыш қҧрылым ҥш
дейгейден тҧрады. Тӛменгі базалық деңгейге зияткерлік іс-әрекеттер (талдау, синтездеу,
жалпылау, жоспарлау, болжау) жатады, бҧл деңгейдің қалыпты даму кезеңі қҧзыреттіліктің
алғышарты болып табылады. Екінші деңгейге тҧлға қҧзыреттілігінің сипатын анықтайтын жеке-
бас қасиеттері кіреді. Атап айтқанда, мақсаттылық, жауапкершілік, дербестік, жинақылық,
креативтілік және т.б. Қҧзыреттілік қҧрылымының ҥшінші деңгейіне қҧзыреттіліктің ішкі
мазмҧны, компоненттік қҧрамы жатады. Оған келесі аспектілер енеді:
1. Қҧзыреттілік мазмҧнын білу (когнитивтік аспект).
2. Әр тҥрлі қалыпты және қалыпты емес жағдайларда ӛз қҧзыреттілігін кӛрсете білу білігі
(мінез-қҧлықтық аспект).
3. Қҧзыреттіліктің мазмҧнын, ҥдерісін және нәтижесін қҧндылықтар тҧрғысынан
сараптау(қҧндылықты-мағыналық аспект).
4. Қҧзыреттілік ҥдерісі мен нәтижесін эмоционалдық-еріктік реттеу (реттеу аспектісі).
5. Тҥрлі жағдаяттарда әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешу барысында қҧзыреттілік
әлеуетін іске асыруға дайын болу (мотивациялық аспект) [2; 7].
Мҧғалімнің қҧзыреттілігі — нақты уақыт шеңберінде және сәтті педагогикалық еңбек
нәтижелерінен кӛрінетін тәжірибелік-бағдарланған білімдер, біліктер және стратегиялар. Басқа
әріптестері «кәсіби олқылықтар» жібергенде немесе орын алған мәселені шешуден бас тартқан
уақытта қҧзыреттілік әлеуеті мол мҧғалім сҥбелі нәтижеге ие болады. Мысалы, аса талапшыл
ата- аналармен жҧмыс жасағанда кикілжіңдерді еңсеру, жаңа стандарттар бойынша
бағдарламалар әзірлеу, жаңа буын оқулықтарымен жҧмыс жасауға кӛшу, жаңа білім беру
технологияларын қолдану, ғылыми-әдістемелік экспериментке қатысу және тағы басқа ҧстаздың
кәсіби шеберлігі мен дарыны ҧштасқан болмысына сай іс-әрекеттер.
Ӛз кәсіби қызметін сәтті жҥзеге асыру ҥшін мҧғалім негізгі, пәндік және арнайы
қҧзыреттер тобын игеруі міндетті.
Қолдану аясы кең, әрі әмбебап болып келетін қҧзыреттер «негізгі қҧзыреттер» деп аталады.
Негізгі қҧзыреттер маманның жан-жақты болуын қамтамасыз етеді. Еуропа кеңесі негізгі
қҧзыреттердің бес тобын ажыратты:
саяси және әлеуметтік қҧзыреттер, яғни тҧлғаның ӛзіне жауапкершілік алу, басқа
адамдармен бірлесе мәселені шешіп, оның жҥзеге асырылуына қатысу, әр тҥрлі этномәдениеттер
мен діндерге толеранттылықпен қарау, жеке мҥддесін кәсіпорын мен қоғам қажеттіліктерімен
ҥйлестіре білу қабілеттері;
|