Валерий
Михайлов
Ғаламат
жұт шежіресі
деректі
хикаят
Орыс
тілінен аударған: Ғұсман Жандыбаев
Өткен
ғасырдың 30жылдарының басында Қазақстанда адам айтқысыз ауыр
трагедияның
болғаны белгілі. Ғасырлар бойы көшпенді өмір сүріп келген
қазақ
жұртын ешбір дайындықсыз, қысқа мерзім ішінде отырықшылық
жағдайға
көшіруді қолға алған ойы шолақ, ісі олақ саясаткерлердің оспадар
əрекетінің
салдарынан қазақ даласын жайлаған жаппай аштық пен
ауруіндеттен
жергілікті халықтың үштен бірінен көбiрегі жойылып кетті.
Қолдан
жасалған жұт құрбандарының арасында қазақ жеріне зорлап
көшірілген
ресейлік шаруалардың қаймағы дерлік көптеген басқа ұлт
өкілдері
де болды.
Алпыс
жылдан астам уақыт бойы жабық болған бұл тақырыпқа алғаш рет
қалам
тартқан қазақстандық жазушы В.Михайловтың 1992 жылы қазақ
тілінде
“Ұлы” жұттың жазбалары” деген кітабы жарық көрген еді. Автор
оны
толықтырып, 2008 жылы орыс тілінде қайтадан шығарды.
Қолдарыңыздағы
кітап осы соңғы нұсқаның негізінде ықшамдалып
аударылды
.
Өткен
тарихына жайбарақат қарай алмайтын əрбір қазақ баласы үшін
əлемнің
көптеген тілдеріне аударылған бұл туындының айтары мол.
Қазақ
халқының нанымсенімі бойынша,
құйынның
ішінде шайтан ұшып жүреді.
Сондықтан
да қара құйынды көзі шалған
адамдар
оған: “Кет, бəлекет, кет! Бізден
аулақ
, таздың үйіне бар!” деп қарғыс
айтып
, қуалайтын болған.
І
— Ең бірінші есімде қалғаны — Ай. Күздің суық күнінде біз əлдебір жаққа
көшіп
барамыз. Мен шайқалақтаған арбаның үстінде көрпеге ораулы
жатырмын
. Кенет арба солқ етіп тоқтай қалды. Менің көзім қапқара болып
түнерген
аспан төріндегі Айға түсті. Дөпдөңгелек болып толған Ай
жапжарық
. Мен шалқамнан жатып, одан көзімді алмай ұзақ қарадым.
Жолдың
екі шеті — толған адам мүрделері. Олардың созылған қолдары
бұратылып
тырбиған ағаш бұтақтарына ұқсайды. Өлітірісі белгісіз, жерге
жабысып
қатып қалған. Маған айтпаса да бəрі белгілі еді. Үлкендер бəрібір
сұрағанмен
жауап бермейді, олардың маған қарайлауға мұршасы да жоқ.
Осы
бір серейіп қатып қалған адамдарды əлдебір тылсым үрей қоршап
тұрғандай
... Кейін естияр болған кезімде сұрағанмын, сонда бəрін айтып
берді
. Олар адамның мəйіттері еді. Əжем таңғалып: “Сен қалай есіңде
сақтағансың
? Ол кезде екіақ жаста болатынсың”, — деді. Шынында да,
қалай
есімде қалған? Бірақ ұмытпаған едім. Ай... Көшіп барамыз... Өліктер...
Бұл
отыз бірінші жыл болатын, біз қаңырап бос қалған ауылдан Торғайға
қарай
жол тартқанбыз...
Ақын
Ғафу Қайырбеков өзінің қашанғы күмбірлеген майда қоңыр
дауысымен
ерекше бір толқу үстінде сөйлеп отыр:
— Менің екінші естелігім Торғаймен байланысты. Аудан орталығы болып
табылатын
бұл қалашық биіктеу жерде орналасқан. Төменде өзен, барлық
көшелер
солай қарай тіке құлдилап кетеді. Біз, ұсақ балалар, жалаңаяқ
өзенге
қарай жүгіреміз. Ал көшеде адамдар көп, ересек адамдар, бірақ жүре
алмайды
, төрт аяқтап ілгері жылжыған болады. Соңғы күштерін жинап,
əреңəрең
қозғалады. Əлдері құрып демалады да, тырнақтарымен жерді
қайтадан
тырмалайды. Кейбіреулерінің қозғалуға шамалары келмей, кескен
теректей
болып жол үстінде сұлап жатады. Біз олардың үстінен аттап өтеміз.
Өзенге
жеткенше бірнеше мəйітті артта қалдыруға тура келеді. Онда, су
жағасында
, өлген малдан аяқ алып жүргісіз. Аш адамдар осы қасапханаға
еңбектеп
келеді. Жеткендері қос уыстап малдың қанын сіміреді...
Иəə
... Ал енді үшінші естелікке көшейін. Біз аудандық Тұтынушылар одағы
үйінің
ауласында тұрдық, онда шешемнің үлкен ағасы — менің нағашым
жұмыс
істейтін. Кең аула қоршауының ауыр қақпасы əрқашан жабық
тұрады
. Аула ішінде аздаған мал бар, оларға баскөз болу керек, əйтпесе
асханадан
тамақтанатын адамдар аш қалады. Онда неден жасалғанын біліп
болмайтын
əлдебір сұйық көже беріледі. Менің ағайым, оның менен он жас
үлкендігі
бар, кейін соғыста қаза тапты, үлкен шелекпен сұйық көже
тасиды
. Ішсең, əйтеуір қарынның шұрылын басуға жарайды... Ал ауладан
бізді
, кішкентайларды, далаға шығармайды. Шығуға қатаң тыйым салынған.
Қақпаның
саңылауынан көшеге қараймыз. Қызық көрінеді! Қарсы бетте ескі
балшық
дуал бар, онда — адамдар: біреулері шалқалап, кейбірі етпеттеп
жатыр
. Əлденені күтуде... Ауладағы арық малдар аяғынан əрең тұрады.
Сиыр
бұзауын, қой қозысын өлідей туады. Демі бітіп құлаған малдың да,
олардың
жансыз туған төлдерінің де өлігін қақпаның сыртына шығарып
тастайды
. Адамдар оларға қарай тұра жүгіреді: қолмақол етін паршалап,
шикілей
қылғытады...
Бірде
үйдегілердің көзін ала беріп, қыдыру үшін далаға жүгіріп шыққаным
есімде
... Сол заматтаақ ту сыртымнан əлдекімнің қолдары жармаса кетті.
Байқаймын
, əлсіз, бірақ шеңгелін батыра қатты қысып барады. Мен
жұлқынып
шығуға əрекеттендім. Сонда қанша жаста едім... бəлкім, төрт жас
немесе
одан сəл көбірек. Сəті түскенде, əжем жүгіріп келіп айғайға басты.
Осыдан
кейін: “Қақпадан шықпа, жеп қояды”, — деп күніне неше
қайталайтын
болды...
Ол
басын сəл тұқыртып, үнсіз отырып қалды. Сосын шылым алып тұтатып,
терезе
жаққа көз тастады.
— Міне, балалық шақтың ең алғашқы естеліктері осындай... Əкем, ол кісі
сауатты
болған, жəне ағайым Тұтынушылар одағында жұмыс істегенінің
арқасында
ғана аман қалдық... Мен де естияр бола бастадым. Отыз төртінші
жыл
анық есімде қалды. Біз бұрынғысынша Торғайда тұрып жаттық.
Адамдардың
тынысы кеңи бастады, ті рі қалғандарына азықтүлік
үлестірілді
. Оны бір жақтардан əкелетін... Əйтсе де арқаны кеңге салуға əлі
ерте
болатын. Біздің Торғайда жер аударылғандар (“ссыльные”— қазақтар
бұл
сөзді “ссельные” деп айтатын) пайда болды. Оларды “Кировті
өлтіргендер
” дейтін: əр ұлттан құралған отыздай адам. Өздері аш,
қорқынышты
, жұмыстары жоқ, топтоп болып көше кезіп жүреді. Балалар,
əрине
, оларды көру үшін соңдарынан жүгіреді. Бір күні əжемнің таптап
айтқандарын
ұмытып кетіп, мен де соларға ілестім. Бір кезде соңыма түскен
еңгезердей
екіүш еркек мені қуып берсін. Өлердей қорыққаным сонша,
аяғымаяғыма
тимей қалай қашқанымды өзім де білмеймін. Қақпаның
аузына
дейін қуып келді. Əйтеуір, ағайым мен əжем шығып құтқарып
қалды
...
Соғыстың
алдында, ол кезде мен он жаста болатынмын, бірде біз арбамен
отын
əкелуге бардық.
Аласа
бұталар, қамыс, құрғақ шөп — осылардың бəрі де отынға жарайды.
Ескі
дөңгелектер сықырлап, əлденелерге тиіп шоқырақтап, қаланың
сыртына
əрең шықтық. Жер тегіс болғанымен, құмдауыт жолда жүру де
оңай
емес. Арбаның шиқылы жүйкеге тиіп, құлақты тесіп барады. Мен
арбадан
ырғып түстім. Құм үстінде шашылып жатқан сүйектен аяқ алып
жүргісіз
. Оларды мұнда кім əкеліп тастаған? Шөп жұлсақ та, кепкен
бұтабұтақтарды
жинасақ та — барлық жерде сүйек, сүйек... Жоғарғы дөңес
үстінде
де, құм арасында да. Енді бас сүйектер кездесе бастады — адамдікі.
“Апырымау, бұлар адамдар ғой! — деймін мен ішімнен. — Олар мұнда
қанша
екен?” Үйге айтып келдім. Үлкендер: “Бұлар — қалаға келе жатып,
жолда
өлген аш адамдар”, — деп түсіндірді. Оларды көметін адам
табылмаған
, сөйтіп, дала адам өліктеріне толып кеткен.
Ал
біз үнемі қала сыртына шығып жүреміз: бірде шөп шабамыз, кейде отын
жинаймыз
немесе əлдебір биіктеу жерге шығып ойнаймыз. Кешкісін
жұрттың
бəрі үйлеріне кіріп жайғасқанға дейін балалар тыным таппайды.
Сонымен
, сенсең де, сенбесең де, бүкіл Торғай адам сүйегінің астында
қалды
. Сірə, аштықтан əлі құрыған адамдар таңдайға талғажау болар бір
нəрсе
табамыз, ажал құрсауынан аман құтылармыз деген үмітпен аудан
орталығына
қарай шұбырған болса керек.
Ал
біз өзіміздің ауылға қайтып оралған жоқпыз... Онда оралатын жер де жоқ
еді
...
Біз
шылым шегіп отырмыз. Менің əріптесімнің бет пішіні əр кездегісіндей
жайбарақат
, бейне бір ол маған əдеттегі жайды əңгімелеп отырғандай. Көңіл
күйінің
толқынысын көзқарасынан ғана аңғарғандаймын...
— ...Кейде сол кездер туралы ойлансам, есіме Ғабит Мүсірепов түседі. Біз
1958 жылы таныстық, ол кезде қазіргі қазақ əдебиеті классигінің
шығармаларын
дерліктей еш жерде жарияламайтын. Оны əртүрлі
идеологиялық
күнəлары үшін айыптап, тіпті ұзақ уақытқа партиядан да
шығарып
тастаған еді. Мен ол кезде баспадағы жас редактор болатынмын.
Бір
күні Ғабит мені өзіне шақырды.
— Сен, жігітім, қайдансың?
— Торғайданмын.
— Тіптен жақсы... Жүр, біраз əңгімелесейік, өзіңнің Торғайың туралы бір
нəрселер
айтамын.
Болып
жатқан қолайсыздықтарға қарамастан оның көңіл күйі жақсы екен,
əзіл
де айтып қояды. Қазір ойлап қарасам, күліп жүргені — рухының
күштілігінен
екен, өзінің сынағыштары алдында төменшіктегісі келмеген
секілді
. Бəлкім, ол маған күлкілі жағдайды осындай көңіл күй ауанында
айтса
керек.
— Бұл оқиға 34тің жазында болды... — Көздерінен көңілді ұшқын шашырата
күліп
алды да, кенеттен тұнжыраңқы жабырқау күйге ауысты. — Барлық
жерді
аштық жайлаған, халық титықтап тұралаған, азықтүлік жəрдемі
жетіспейді
, шаруашылық шатқаяқтаған кез. Өлкелік комитет (Крайком. —
ауд
.) мені Ақтөбеге жіберді. Келдім, обкомдағылардың бəрін қорқынышты
үрей
билеген. “Бұларға не болған?” — деймін. Сөйтсем, бұл жерге Киров
келмекші
екен.
— Ау, сонда неден қорқасыңдар? — деймін.
— Біз оған не көрсетеміз? — деп олар көздерін бағжитады. — Мұнда болып
жатқанды
көрсе, жазамызды бермей ме?!
— Көмек сұраңыздар, адамдар аштық нəубетін тартып жатқан жоқ па...
— Ее, қандай көмек?! Оның көзіне қараудың өзі қорқынышты болар...
— Сөйтіп, олар мені үгіттей бастады, — Ғабең мырс етіп күлді. — Менен
Кировты
күтіп алуды қолқалады. Өздері бас сауғалап, əрқайсысы əр жаққа
тығылып
қалды...
Ақырында
мейманды мен күтіп алдым, таныстық, көп ұзамай, біз оның
сұрауы
бойынша сенің Торғайыңа жүріп кеттік. Жолшыбай мен оған
қазақтың
тарихы, əдетғұрпы туралы айттым. Сенің Торғайыңның дəл
шекарасына
келіп жеттік... — Осы жерде Мүсірепов кеңкілдеп күліп алды.
— ... Келдік, ал онда алдыңғы жақтан əлдебір қарайған көзге шалынады.
“Бұл не?” — дейміз. Аптап ыстық, даланы сағым көлегейлеп тұр... не екені
түсініксіз
. Төртбұрышты тастың үстінде үлкен құс отырған сияқты.
Таңғаларлық
! Білесің бе, құс! Бүркіттен немесе дуадақтан үлкенірек! Біресе
көрінбей
кетеді, біресе қайтадан қара тасқа келіп қонады. Жақынырақ
келген
кезде құс мүлдем жоғалып кетті. Ауаға сіңіп ғайып болған
секілденді
. Бұдан да гөрі жақындағанда барып жағдайды анық аңғардық.
Иə
, айдалада жалғыз машина тұр! Сенің жерлестерің, Торғай ауданының
басшылары
, бізді қарсы алу үшін жолға шығыпты. Бірақ жолжөнекей
радиатордың
суы қайнап кетіп, қанша асыққанымен межеленген жерлеріне
жете
алмай тұрып қалған түрлері екен. Не жағдай болғанын енді аңғарған
біздің
машинадағы жігіттер: “Бұл торғайлықтар өнертапқыш халық. Бірдеме
болса
болды, кезектесіп капоттың үстіне шығады. Ал біз құс деп ойладық!”
— деп, ішексілесі қатып күліп жатыр.
Киров
алғашында ештеме түсінбеді.
— Еей, бауырлар, — дейді ол, — сендер машинаның үстіне неге қайтақайта
шыға
бердіңдер?
Торғайлық
басшылар қызарақтап, бастарын төмен салбыратып тұр. Киров
ештеме
түсінбей үнсіз қалды да, кенет қарқылдап күліп жіберді. Екі бүйірін
ұстап
селкілдей күлгенде, тіпті əнеміне құлап қалатындай көрінді...
— Мінеки, сенің торғайлықтарың!... — Мүсірепов, неге екені белгісіз, осыны
айтты
да, ойға батқандай болып үнсіз қалды. Содан кейін маған тесіле
қарады
да, көзіне мұң ұялап, былай деді: — Кейінірек саған тағы бір
жағдайды
айтып беремін. Ол да сенің Торғайың туралы...
Сол
кезден бастап біз жақын танысып кеттік те, бұл қарымқатынасымыз
отыз
жылға жуық уақытқа созылды. Дəл қашан екені есiмде жоқ, бiрақ
Ғабең
уəдесiнде тұрды. Содан берi қанша уақыт өттi, ал оның айтқан
əңг
iмесi жаңа ғана естiген сөзiмдей жадымда қалып қойыпты...
Ғафу
Қайырбеков ойға батқандай болып, дауыс екпінін бəсеңдетті.
— ...1932 жылы Қазақстан сұмдық аштықтың құрсауында қалды. Мүсірепов
төрт
жолдасымен бірге өлкелік комитетке хат жазды. Онда
ұжымдастырудағы
асыра сілтеушіліктер туралы айтылды. Бірақ олардың
бəрін
“ұлтшылсыңдар” деп айыптады. Біз, — деді Ғабең, — біткен жеріміз
осы
деп ойладық. Олар үшін, қолына қанды қылыш ұстаған баскесер үшін,
біздің
өміріміз не тұрады... Сол жылы қыс ерте түскен болатын, Алматыны
қазан
айының өзіндеақ қар басып қалған. Мүсіреповті өлкелік комитетке
шақырды
.
“Несі бар, егер сен өзіңнің халқың үшін осынша алаңдайтын болсаң,
Торғайға
барып қайт, — деп, оған Голощекин мысқылдай қарады. — Онда
ешқандайда
аштықтың жоқ екенін өз көзіңмен көресің”.
Мүсірепов
жолға шықты. Неге екені түсініксіз, бірақ оған өлкелік
комитеттің
шенеуніктерінен жолсеріктер қосып берді. Бұлар əйтеуір
бірдеме
етіп үлкен қиындықпен Қостанайға жетті. Онда ақырған қыс екен.
Атқару
комитетіне келді. Оның төрағасы Қазақстанға өз еркінен тыс келген
адам
екен. “Ее, — дейді ол, — сіздер де мен сияқты жер аударылғандар
екенсіздер
ғой. Сіздерді мұнда қай құдай айдап келген? Елсіз дала, толассыз
боран
, ал Батпаққараға дейін мың жарым шақырым, үсіп қаласыздар. Не
сіздерді
жеп қояды”. Осы сөздердің бəрін ол еш қалжыңсыз, байыппен
айтқаны
көрініп тұр. “Иə, айтпақшы, — дейді ол тағы да, — оның үстіне,
мініп
баратын көлік те жоқ. Бəрі жұттың аранына жұтылып кетті. Атқару
комитетінде
мен мініп жүретін екі жылқы бар. Жарайды, қаласаңыздар
солайақ
болсын, мен оларды сіздерге берейін. Бірақ қарулы күзетшілерсіз
жібере
алмаймын. Өмірлеріңізге қауіп төнеді...”
Əрі
қарай олар қарулы екі адамға ілесіп (көшірдің де винтовкасы болды)
шанамен
кетті.
Əулиекөл
ауылынан өткеннен кейін боран басталды. Ұйытқып соққан қар
ұшқындары
күннің көзін жауып, жолды бітеп тастады. Жүргіншілер
жолдың
жүлгесінен адасып, аттар тұрып қалды. Кенет Мүсіреповтің көзіне
əлдене
шалынғандай болды: анадай жердегі күртік қардың арасынан бір
нəрсе
қараңдайды, бейне бір сексеуілдің жапырылған қисық бұтағы секілді.
Ол
шанадан ырғып түсіп, əлгінің қасына барды. Қар астында адам өліктері
жатты
. Қалай болса солай, ретсіз, қазқатарынан сұлап жатыр. Одан əрі жүре
түсіп
еді, бірінің үстіне бірін қабаттап, текше етіп жинаған отын секілді
үйілген
адам мəйіттерін көрді. “Олар бекеттердегі мұнараға ұқсайтын еді, —
деді
Ғабең. — Соларға қарап жолды бағдарлаған, мəйіттер жолдың екі
жағына
да үйілген. Одан өткен сұмдықты мен көрген емеспін...”
Мүсірепов
ауыр дем алып, əңгімесін жалғастырды: “Аллаға шүкір, біздің
алдымыздан
аш адамдар жолыққан жоқ, əйтпесе аттардан да, біздің
өзімізден
де ештеме қалмаған болар еді. Біз мұны анық түйсіндік.
Сондықтан
да өзімізге азықтүлік, аттарымызға жем бергені үшін атқару
комитетінің
төрағасына іштей қайтақайта алғыс айтумен болдық. Соның
арқасында
бір ажалдан аман қалдық... Сондықтан əлдеқашан жаны жай
тапқан
оның рухына мен əрқашан дұға бағыштаймын...”
Олар
күртік қардан шығып, өлілер салған осы жолмен жүріп отырды. Алда
— қаңырап бос қалған ауылдар. Жергілікті жол бастаушы бұл қоныстардың
нөмірлерін
айтып келеді. Олар бірбірінен тек нөмірмен ғана ажыратылады.
Ешбірінде
жан баласы қалмаған. Жолаушылар қазақтың көзіне тосын
көрінетін
киіз үй қалашығына ат басын тіреді. Ұжымдастыру басталғалы
қазақ
даласында мұндай қалашықтар көптеп пайда болған. Киіз үйлер, неге
екені
белгісіз, қазқатар тігіліп, əрқайсысына нөмір ілінген, бейне бір бұлар
қала
көшелеріндегі үйлер секілді. Киіз үйлер кең де жаңа, туырлықтары ақ
киізден
басылған, көшірдің айтуына қарағанда, жақында ғана жергілікті
байлардан
тартып алыныпты. Осыдан екіүш ай бұрын бұл жерде қалың ел,
үлкен
ауыл болған екен. Енді, міне, өлі тыныштық басқан. Сырғыма жаяу
борасынның
суылдаған үнінен өзге ешбір дыбыс жоқ. Ақ қардың үстіндегі
ақ
шаңқан киіз үйлердің өлі қаласы ғана.
Киіз
үйлердің қайсысына кірсең де, барлық затмүлкі орнында, бірақ
адамдар
жоқ. Адамдар бір сəтте ғайып болып, тіршілік тоқтап қалғандай.
Мүсіреповті
əсіресе ішісыртының сəнсалтанаты келіскен алты қанатты киіз
үй
таңғалдырды. Үй жасаулары — ашық түсті жібек көрпелер мен атлас
жастықтар
, бетін əсем өрнектермен əшекейлеген түкті кілемдер көздің
жауын
алады. Орта тұсында тең болып жиналған жүк тұр. Бейне бір үй
иелері
əлгінде ғана сəл уақытқа шығып кеткендей, əнеміне қайтадан кіріп
келетін
секілді. Бірақ бұл алдамшы əсер ғана. Еденде жатқан киіздер мен
кілемдер
аяз демімен дым тартып, көк өңезденіп кеткен, ашық қалған
түндіктен
де қар түскен.
Бəрі
жанжақтан қарап жүр — ал мына тұстағы киімдер жиналған жүк
өзгеше
бір күркеге ұқсайды. Ортасында кішкене тесік бар... Əлдебір
бейтаныс
та үрейлі əлемге ашылған қараңғы терезеге ұқсайды. Кенеттен
араларындағы
екеуі қаруланған төрт еркек бір мезетте əлденеден секем
алып
, селт етті. Денелері түршігіп, үрке қарап сəл тұрды да, есікке қарай
ентелей
беттеді. Тұра беруге дəттері шыдамай, далаға атыпатып шықты.
Ғабит
Мүсірепов ең соңында қалды. Табалдырықта сəл кідіріп, арт жағына
қарады
: үстіне киімдерді үйіп тастаған шағын жүк теңінің ішінде біреу бар
секілденді
.
Бұдан
кейін олар əлденеден қорыққандай, ешбір үйге бас сұқпады. Қалың
қар
басқан мылқау қалашықтың бір шетіне барып, бастарын салбыратқан
күйі
үнсіз тұрды. Енді қайтқаннан басқа ештеңе қалмап еді. Кері қарай
жүрген
кезде Мүсіреповтің көңіл түкпірінде күдік оянды: шынымен де
мұнда
ешкімнің жоқ болғаны ма? Ал онда өлгендердің денесі қайда? Ол осы
ойларының
бəрін өзінің соңынан қалмай сөмпеңдеп, шоңайнаша жабысып
келе
жатқан өлкелік комитеттің нұсқаушысына айтты. Ол болса түнеріп,
Торғайда
мұндай киіз үй қалашықтары көп екенін жəне күз түсісімен
адамдар
беті ауған жаққа кетіп қалғанын айтты. Қостанайға, Шалқарға,
Оралға
, Алатау мен Сырдария жаққа босып кеткенге ұқсайды. Бірақ бəрі
дерлік
жолда өлген. Əлгінде кездескен, жолдың екі шетінде бірінің үстіне
бірін
қазқатар текшелеп жинап тастаған адам мəйіттері солардікі.
Қостанайлық
екі күзетші де мұны растап, бастарын изеді. “Мұны сен
қайдан
білесің?” — деп сұрады Ғабит өлкелік нұсқаушыдан. Ол жауап
орнына
тек суық жымиды да қойды.
Аяқтарын
күртік қардан əреңəрең суырып, олар шанаға беттеді. Кенет
көкейін
түрткілеген беймəлім түйсікпен қарсыласуға бойынан күш таппаған
Мүсірепов
өздері əлгінде ғана кіріп шыққан, ақ киізбен жабылған еңселі
үлкен
үйге қайта бұрылды. Жолдастары да соңынан ерді.
“Ойбай, мұнда біреудің ізі жатыр!” — деп ышқына дауыстады біреуі.
Олар
қар бетіндегі беймəлім ізге үңіліп, үймелесіп қалды. Із мүлде жаңа еді.
“Бұл не? Қарсақ па? Түлкі ме?”
“Жоқ, ұқсамайды! Сірə... Əй, бірақ олай болуы мүмкін емес!..”
Жігіттер
із қуалап жүріп отырып киіз үйден бірақ шықты. Есікті айқара
ашты
.
Күтпеген
жерден иесіз үйдің ішінен ыңырсыған жіңішке ащы дыбыс
естілді
. Бəрінің жотасы мұздап қоя берді. Əлде иттің қыңсылы ма немесе
мысықтың
зарлағаны ма — айырып болмайды жəне осының бəрі қандай да
бір
қорсылмен қатар естіледі.
Жүк
жиналған теңнің қуықтай ғана тесігінен əлдебір кіпкішкене тірі жан
атып
шықты да, адамдарға тұра ұмтылды. Ол қанға малшынған еді.
Қансүңгі
болып қатып қалған ұзын шаштары мүйізге ұқсап, жанжағына
сорая
шығып тұр, аяқтары бейне бір қарғаның сирақтары сияқты қапқара,
шидей
. Көздері ойсыз, бетіне қатып қалған қанның үсті жаңадан аққан қан
тамшыларымен
əлеміштенген. Тістері ақсиып, аузынан қызыл көпіршік
ағып
тұр.
Төртеуі
бірдей қорыққаннан естері шығып, есікке қарай секіре қашты.
Сыртқа
шығып, артқа бұрылғанда, əлгі құбыжықтың қарасы да көрінбеді,
ғайып
болса керек.
“Бұл сонда не болды?” — деді Ғабит қырылдай сөйлеп, жолдастарына қарап.
Қорқыныштан
əлі селкілдеп тұрған олар үндемеді. Сол беті бəрі де тілдерін
жұтып
қойғандай тымтырыс қалды. Тек кейін, Қостанайға барған соң,
жолсеріктерінің
біреуі Ғабекеңе мынаны айтты:
— Сіз, бəлкім, оны жын деп ойлаған шығарсыз? Жоқ, жын емес. Мен байқап
қалдым
, анық байқадым. Ол — адам. Сəби. Қазақтың жетісегіз жасар қызы...
— Жоқ! Жоқ! — Мүсірепов ышқына айғай салды. Оның үнінен жан
дүниесінің
алапат жарылысындай, айтып жеткізгісіз долы, сонымен бір
уақытта
шарасыздықтың дəрменсіз ашуы бұрқ етті. — Ол — аштық! Ол
аштықтың
көзі болатын! Қарғыс атқыр аштықтың дəл өзінің ...
Ғафу
Қайырбеков əңгімесін аяқтады. Біреу есік қақты. Əңгімемізді ешкім
бөлмесін
деп оны жауып қойғанбыз.
— ...Анда, төменгі жақта, бəлкім, оның атаанасы, əкесі мен шешесі болған
болуы
керек, — деді ол.
Сөйтті
де, есікке қарай беттеді.
ІІ
1932 жылғы қазан айының соңында, шамамен Ғабит Мүсірепов ақ қар
жамылған
Торғай даласына борандата келіп, тірі жансыз қалған
ауылдардың
бірінен кездестірген албастыдай тағы қыздың, иесіз қаңыраған
киіз
туырлықты ақ үйлер қалашығының жападанжалғыз тұрғынының
жаншошырлық
ұсқынына үрейі ұша қарап тұрған сəтте, Алматыда
Қазақстанның
он екі жылдығы барша сəнсалтанатымен тойланып жатты.
Атаулы
мереке қарсаңында, əдеттегідей, партия, кеңес органдарының жəне
қоғамдық
ұйымдардың қатысуымен қалалық кеңестің салтанатты
жиналысы
болды. Төралқаның жолдас Сталин мен жолдас Голощекиннің
аттарына
арналған жеделхаттары оқылды. Келесі күні, 22 қазанда,
жиналысқа
қатыса алмағандардың ешқайсысы да дүмпулі мерекенің
дүбірінен
бейтарап қалмауы үшін “Казахстанская правда” газеті өз бетінде
мерекелік
жолдаудың мəтінін жариялады.
“Қымбатты жолдас Сталин! — деген сөздермен басталды алғашқы жеделхат.
— Қазақстанның құрылғанына он екі жыл толды. Ұлы Қазанның он бес
жылдығы
да иек астында...”. Осыдан кейін Қазақстанның мал шаруашылығы
туралы
айтылған БК(б)П Орталық Комитетінің 1932 жылдың 17
қыркүйегіндегі
шешімі “тап жауларына, оппортунистерге, шовинистер мен
ұлтшылдарға
күйрете соққы беріп жатқандығы...” жайында баянат берілген.
Соңынан
: “Партактив... саған жауынгерлік большевиктік сəлем жолдайды!
(Былайынша бейбіт уақыт секілді, бірақ жауынгерлік сəлем, өйткені тап
тартысы
күнненкүнге күшейіп келеді ғой. — В.М.) Жасасын лениндік
Орталық
Комитет! Жасасын біздің партиямыздың жəне дүниежүзі
пролетариатының
көсемі жолдас Сталин!” деген сол кез үшін дағдыға
айналған
құттықтаулар мен тілек сөздер жалғасқан.
Егер
партия мен дүниежүзі пролетариатының көсемін тек “ж.Сталин”
немесе
“жолдас Сталин” деп қана атаған болса, ал республикалық партия
ұйымын
басқарған қайраткерлерді біршама өзімсінген сыңайда, атыжөнімен
айтар
еді. Мұндай қаратпа сөз жолдас Сталинді бейне бір жұмыр басты
пендеге
тəн адами ныспыесімі болып көрмегендей, өзі басқарып отырған
қол
жетпес биіктен көрсететіні сөзсізтін. Оның есесіне, жергілікті
көсемдерге
арналған тілек сөздерден сірескен ресмиліктен гөрі өзінің тең
сөйлесетін
жақын адамына тіл қатқандай жылылық сезіледі.
“Қымбатты Филипп Исаевич!
Алматы
қалалық кеңесінің салтанатты жиыны... Қазақстанның он екі
жылдық
мерекесі күні саған, Қазақстанды өзінің он екі жылдық биік
белесіне
үлкен жеңістермен жеткізіп отырған, сыннан өткен лениншілге
жалынды
сəлем жолдайды.
Оппортунизммен
күрестің, ұлттық мəселедегі күрестің барлық
майдандарында
, лениндік ұлттық саясат негізінде қиындықтарды жеңе
отырып
, сен Қазақстанның партия ұйымын жеңістенжеңіске бастап келесің.
Сенің
басшылығыңның арқасында қазақтар мен шығыс халықтарының...
большевиктік
жаңа кадрлары өсіп шықты.
Сенің
басшылығыңмен Қазақстан артта қалған аграрлыиндустриялы
өлкеден
... ұлы Одақтың алдыңғы сапынан орын алған елге айналды.
Социализмнің
жеңімпаз құрылысы жасай берсін!
Сыннан
өткен лениншіл жолдас Голощекин жасасын!
Салтанатты
жиынның Төралқасы”.
Төралқаның
осыншалық қошемет көрсеткен адамының өзі де осы
төралқаның
төрінде отырды.
Бұл
френчін қымтана түймеленген, енді ғана ағара бастаған толқынды
қоңыр
шашты, мұрты мен сақалын сəндеп қиған елу алты жастағы ауыр
денелі
адам еді. Көз қарасынан маңызданған тəкаппарлық пен қаталдық,
аярлық
та сезіледі. Өзінің қол астындағыларды қасқабағыменақ
қалтыратып
, маңғаз мысымен басып тұрар еді. Байырғы большевиктің
шүбəсіз
беделімен жасқап, ұзақ баяндамаларындағы бұйрық райлы
тұжырымдарын
кесіппішіп бірақ айтатын; ақырында қарсыластарын
өркөкірек
өктемдікке басқан дөрекі мысқылмен қақпайлап, аяусыз
қаталдықпен
бет қаратпай жеңетін. Сондықтан маңайындағылардың бəрі
осы
бір тұрпайы күштің тегеурініне шыдай алмай, оның алдында тізелері
қалтырап
, көлгір сөздермен мəртебесін асыра мадақтап, даурыға қол
шапалақтап
, қолпаштай берді...
Алайда
бағынышты адамдардың ісі мен сөзіндегі жасандылық пен
жалғандық
көрер көзге ұрыпақ тұратын. Тіпті Голощекиннің өзі партиялық
ұйымдағы
қызметтес досжолдастарымен қоштасып тұрып, Қазақстанда
бірдебір
адал коммунист жоқ деген сөзін олардың бетіне айтып кетті.
Байқағандары
мен ойға түйгендерінен жүйелі қорытынды шығаруға
əдеттенген
ол қазақстандық большевиктерді үш топқа бөлді: бірінші
топтағылар
тəрбиеге көнбейді, екіншілері — екіжүзді хамелеондар жəне
ақырында
, үшінші топқа жататындар — əртүрлі кемшіліктері үшін барлық
кінəні
оның өзіне — Голощекинге артатындар.
Алайда
жеті жылдан аса өмірін “Қазақстандағы социализм үшін күреске”
арнаған
Ф.И.Голощекиннің қызметі мен жеке тұлғасына сипаттама берерлік,
былайынша
объективті куəліктерге назар аударып көрейік.
Голощекиннің
ең егжейтегжейлі өмірбаяны бүгінгі оқырманның қолына
түсе
бермейтін көне газеттің бірінде жазылған. 1925 жылдың 18
қыркүйегінде
республикалық партиялық “Советская степь” (“Казахстанская
правданың
” алдындағы басылым) газетінде жарияланған өмірбаян, ең
алдымен
, Филипп Исаевичтің өзінің аузынан жазылып алынғандығымен
назар
аудартады. Мəтіннен жанды сөз ырғағы айқын аңғарылады, кейде
Голощекиннің
жиі айтатын сөз орамдары кездеседі. Сірə, бұл оның көзі
тірісінде
жазылып қалған бірденбір өмірбаяны болса керек, сондықтан да
ерекше
құнды.
“ПАРТИЯ ТҰРМЫСЫ
РК
(б)П Қазақ өлкелік комитетінің жаңа хатшысы
ФИЛИПП
ИСАЕВИЧ ГОЛОЩЕКИН
(Оның Қазақстанға келуіне орай)
Филипп
Исаевич Голощекин 1876 жылы Витебск губерниясындағы шағын
Невель
қалашығында дүниеге келді. Атаанасы ұсақ буржуазия ішінде
шағын
мердігерлікпен шұғылданған.
Филипп
Исаевич алғашында қаладағы төрт сыныптық мектепте оқыды,
одан
соң үйде дайындалу арқылы техникалық мектеп пен гимназияға
емтихан
тапсырып, одан сəтті өтті, алайда еврейлерге шектеу қойылуы
себепті
оқуға қабылданбады. Жалпы алғанда, Филипп Исаевичтің
гимназияның
алты сыныптық курсын бітірген білімі бар, ал 1901—1903
жылдары
тіс дəрігері мектебінде оқып, бітіріп шыққан; 1896 жылдан 1900
жылға
дейін жазу қағазын сататын дүкенде жалдамалы сатушы (приказчик)
болды
.
Филипп
Исаевич бала кезінен көп оқыды, бірақ барлық мəселе бойынша
тиіпқашып
, жүйесіз үйренді. Алғашында оны философия қызықтырды, ал
кейін
қоғамдық ғылымдарға ден қойды. Жасырын кітаптарды 1900 жылдан
тамтұмдап
оқи бастады. 1903 жылы Петербургтегі Медицина академиясына
тіс
дəрігері мамандығы бойынша емтихан тапсыра жүріп, оны үйірмеге
тартқан
партиялық ұйымдардағы жолдастармен танысты, алайда Филипп
Исаевич
көп өтпей Петербургтен жер аударылып, 1905 жылға дейін Вяткада
тұрды
да, онда тіс дəрігерінің кабинетін ашты жəне орта оқу орындары
оқушыларынан
құрылған үйірмедегі жұмыстармен шұғылданды.
Филипп
Исаевич 1905 жылы күздің басында кабинетін сатып, Петербургке
қоныс
аударды да, осында біржола партиялық жұмыстармен шұғылданды.
Бастапқыда
большевиктердің əскери ұйымына кіріп, Петропавл бекінісі
солдаттарының
үйірмесінде жұмыс жүргізді.
1905 жылдың жазында Петербург округтік ұйымына жолдама алып,
алғашқы
кездері Ижорск зауытында жəне Сестрорецкіде үгітнасихат
жұмыстарын
атқарды. Кейін осы ауданда ұйымдастырушы болып, аудан
атынан
партияның петербургтік комитетіне сайланды. Петербург
ұйымының
бірқатар конференцияларына қатысты. Ижорск зауыты
жұмысшыларының
көпшілік жиналыстарында үш рет тұтқынға алынып,
оның
екі ретінде тексеруден кейін бірден босатылды да, үшінші жолы
бірнеше
аптаға полицияда ұсталды. ПатшалықСелолық жандарм
басқармасында
129бап бойынша іс қозғалды.
1906 жылдың жазында Петербург комитеті бүкіл құрамымен тұтқынға
алынды
да, 19процесс бойынша сотталып, бəрін қосқанда 3,5 жыл қамақта
болуға
кесілді. Іс қайта қаралып, Филипп Исаевич кепілдікпен босатылды.
Түрмеден
шығысымен Петербург комитетінің шешімі негізінде Невский
ауданына
барып, онда Лондонда өтетін съездің алдында ж. Зиновьевтің
орнын
ауыстырды. Филипп Исаевич Невский ауданынан Петербург
комитетіне
сайланды, сонымен бірге атқару комитетінің құрамына енді.
1908 жылдың 1 мамыры қарсаңында ол тағы да тұтқынға алынып, 1909
жылдың
маусымына дейін қамауда отырды. Босап шыққаннан кейін
шақырымпаздармен
байланысты үзу мəселесі шешілген большевиктік
конференцияға
қатысу үшін Петербург комитетінің жолдамасымен Парижге
аттанып
кетті. Филипп Исаевич Парижден Лейпцигке келіп, Вильноға
жеткізілген
əдебиеттермен шұғылданды, одан соң Петербургке барып,
шақырымпаздар
мен жойымпаздарға қарсы күреске қатысты жəне көп
ұзамай
ОКнің (Орталық Комитеттің — ауд.) нұсқауы бойынша ОКнің агенті
болып
тағайындалған жолдас Томскийдің орнын ауыстыру үшін Мəскеуге
келді
. Филипп Исаевич Мəскеуде 1910 жылдың қысында Мəскеу
комитетімен
жəне Я.М.Свердловпен бірге инженер Тимковтың пəтерінде
тұтқынға
алынғанға дейін жұмыс істеді жəне түрмеде 5 айдай отырғаннан
кейін
Нарымскіге жер аударылды. Нарымскіде бірнеше ай болғаннан кейін,
Филипп
Исаевич басқа жолдастармен (Козырев, Куйбышев жəне басқалар)
бірге
маркстік үйірме ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, Томск
түрмесінде
бірнеше ай отырды. Іс қысқартылып, ол қайтадан Нарымскіге
жер
аударылды. 1911 жылдың жазында Нарымскіден Петербургке қашып
келген
ол жұмысқа бел шеше кірісіп, ж. Бреславпен бірге құлаған ұйымды
қайтадан
қалпына келтіру үшін жəне Париж конференциясына делегаттар
сайлауды
ұйымдастыру мақсатында Мəскеуге аттану жөнінде ОКден нұсқау
алды
.
Мəскеу
ұйымынан конференцияға Зиновьев, Малиновский жолдастар жəне
Филипп
Исаевич сайланды.
Осы
конференцияда Филипп Исаевич ОК мүшелігіне өтті.
Париж
конференциясынан кейін Мəскеуге келісімен ол тұтқындалып,
Таганкада
біраз уақыт отырғаннан кейін Тобылға жер аударылды. Көп
ұзамай
Тобылдан тағы да қашып шығып, Петербургке келді. 3Думаның
жұмысы
кезінде Петербург комитетінде ОКнің өкілі ретінде жұмыс істеді.
Я
.М.Свердлов ж.Петровскийдің пəтерінде тұтқындалғаннан кейін Филипп
Исаевич
Малиновскийдің пəтерінде қоршауға түсті, бірақ ол жерден
сəтімен
жасырынып шығып, ОКнің шешімімен Уралғажолтартты.
Уралдабірнешеапта
жұмыс істегеннен кейін Мотовилихинск зауытынан
шығып
, өзінің пəтері орналасқан Екатеринбургке бара жатқан жолда ол тағы
да
тұтқындалды. Кейін анықталғанындай — Малиновскийдің көрсетуі
бойынша
. Оның Уралға келгендігі күзет бөлімшесіне белгілі болған, бірақ
бірнеше
апта бойы олар оны ұстай алмаған. Екатеринбург түрмесінде біраз
отырғаннан
кейін Филипп Исаевич Туруханский өлкесіне жер аударылып,
онда
Ақпан революциясына дейін болды.
Ақпан
революциясынан кейін наурыздың алғашқы күндері Филипп
Исаевич
Петербургке келіп, сəуір конференциясына дейін сонда жұмыс
істеді
. Кейін Уралға жіберілді. Пермь губкомының хатшысы, одан соң Урал
облыстық
комитетінің жəне Екатеринбург губкомының хатшысы болды.
Пермьді
қолдан бергенге дейінгі аралықта (18жылдың желтоқсаны) əр алуан
партиялық
жəне жауапты кеңес жұмыстарында (Урал облыстық кеңесінің
мүшесі
, округтік əскери комиссар, 3армияның бас саяси комиссары т.б.)
болды
. 3съезден кейін Курганды алғанға дейін ОКнің Сібір бюросының
мүшесі
болды. 19жылдың тамызынан 20жылдың маусымына дейін
Түркістан
Орталық Комитетінің жəне БОАТКОМ (Бүкілодақтық Орталық
Атқару
Комитеті — ВЦИК) мүшесі, 20жылдың шілдесінен 21жылдың
шілдесіне
дейін Главруданың төрағасы болды, онан соң ОК оны съездер
өткізу
үшін Башкирияға жіберді. 21жылдың наурызынан 23жылдың
қаңтарына
дейін Костромск губаткомының төрағасы жəне губкомның
мүшесі
болды. 22жылдың мамырынан 23жылдың шілдесіне дейін ОКнің
Урал
бюросының хатшысы, ал 22жылдың қыркүйегінен Самарск губкомы
төрағасының
міндетін атқарды жəне Приволжье əскери округі
Революциялық
əскери кеңесінің мүшесі болды.
Астыртын
революциялық қызметі барысында Филипп Исаевичтің Филипп,
Борис
Иванович, Жорж жəне Н.К.Крупскаяға жазған құпия хаттарында
Фран
деген бірнеше лақап есімі болды.
Қазіргі
кезде Ф.И.Голощекин — ОК мүшелігіне кандидат жəне РК(б)П Қазақ
өлкелік
комитетінің хатшысы.
Қызылорда
қаласына 12 қыркүйекте келді”. Сөйтіп, жиырма жасында —
жазу
қағазын сататын дүкенде жалдамалы сатушы, жиырма жеті жасында —
партия
мүшесі жəне тіс технигі, жиырма тоғыз жасында — кəсіби
революционер
. Сонымен, большевиктерге Голощекин əбден есейген
шағында
келіп қосылды. Егер оның “бұрқсарқ қайнаған” бітімін, неге болса
да
құлай берілетін қызметін еске алар болсақ, онда оның таңдауы кездейсоқ
емес
, ойланып істелінген қадам деп пайымдауға болады жəне бəлкім,
“барлық мəселелер бойынша жүйесіз де шашыраңқы” оқыған, алғашында
“философияға, ал одан соң қоғамдық ғылымдарға” ден қойған осы бір
жігерлі
адам Ресей социалдемократиялық жұмысшы партиясына (РСДЖП
— РСДРП) кіргенге дейінақ саяси жəне əлеуметтік ойпікірдің бір ғана емес,
əртүрлі
бағытбағдарын бойына сіңіріп үлгерген болса керек.
27 жасар Голощекин большевиктер қатарына кірген соң қызу іске кірісіп
кетті
. Тіпті революциядан кейін де бірде онда, бірде мұнда жылт етіп
көрініп
, жоқ болатынын айтпағанның өзінде, оның үгітнасихат жұмыстарын
жүргізген
орындарының саныақ бұл адамның тапсырылған істі
тындырушы
, орындаушы, жүктелген қызметті атқарушы, қазіргі кезде
айтылатынындай
, тез бейімделгіш адам болғанын дəлелдейді. Теориялық
ізденіс
, терең ақылой жұмысы оған жат еді, оның табиғаты Қазанға дейінгі
астыртын
жұмыс па немесе аштық қысқан 21жылғы Кострома облысында
азықтүлік
дайындау ма, бəрібір, əйтеуір, қолмақол, тікелей орындайтын
жұмысқа
лайықтын.
Оның
Қазанға дейінгі кезеңдегі өміріне қатысты замандастарының
естеліктері
, мəліметтердің сиректілігі мен кейбір кездейсоқ сипаттарына
қарамастан
, қалай дегенмен де белгілі бір деңгейде оның ішкі дүниесінен
хабар
береді.
Н
.К.Крупская Прага конференциясына байланысты 1912 жылғы оқиғалар
туралы
былай деп жазады:
“Владимир Ильич Прагаға кетіп қалған. Филипп (Голощекин) партиялық
конференцияға
бару үшін Брендинскиймен бірге келді. Брендинскийді мен
сырттай
естуім бойынша ғана білетінмін, ол көлік қатынасында жұмыс
істеген
. Двинскіде тұрған. Оның басты қызметі — алынған əдебиеттерді
ұйымға
, негізінен, Мəскеуге жіберіп беру еді. Брендинскийге қатысты
Филипптің
күмəні болды.
Мен
Брендинскийден əдебиеттерді қандай мекенжай бойынша кімдерге
жіберетінін
сұрай бастағанымда, ол күмілжіп, өзінің... жұмысшыларына
жіберетінін
айтты. Мен олардың нақты атыжөндерін сұрадым. Ол
ойланбастан
, долбарлап айта бастады да: “Мекенжайлары есімде жоқ”, —
деді
. Өтірік айтып тұрғаны бірден көрінді... Мен оған: “Конференция
Бретаньда
өтеді, Ильич пен Зиновьев сол жаққа кетті”, — деп өтірік айттым
да
, одан соң Филиппке Григорий екеуі түнде Прагаға кетуі керек екенін, ал
Брендинскийге
“Бретаньға кеттік” деп қағаз қалдыруы қажеттігін айтып
келістім
. Осылай болды да...
Мен
конференцияны арандатушыдан қорғап қалғаным үшін қатты
қуандым
”.
Бұл
Надежда Константиновнаның Голощекинді бірінші көруі емес: 1909
жылдың
жазында Голощекин Парижге келіп, Ленинмен бірнеше рет
кездескен
болатын. 1909 жылдың 25 шілдесінде ол Парижден:
“Əдебиеттермен танысып, Ильичпен əңгімелескеннен кейін...
“Пролетарийдің” бүкіл саяси бағыты революциялық социалдемократияның
теориялық
ұстанымы болып табылады... жəне тек осы жолмен жүріп қана
біз
іс жүзінде партияны нығайтып, бұқара көпшілікті оның айналасына
топтастыра
аламыз... деген нық сенімге келдім” деп жазды.
Н
.К.Крупская құпия партиялық хаттар жазып тұрды жəне Голощекин оның
тұрақты
тілшілерінің бірі болды. Ұйымдастыру жəне насихат
жұмыстарының
қандай деңгейде болғанын Крупская хаттарындағы шағын
екі
үзіндіге қарап білуге болады. “Ах, Ресейде қаншама ырыңжырың
алауыздық
! — деп күйіне жазады ол ғасыр басында. — Біздің басты
сорымыз
сонда: адамдардың өздерінің жергілікті жеке патриотизмі шамадан
тыс
көп.
Хаттарды
оқысаң, көңілің құлазиды”. Несі бар, “ізбасар революционерлер”
үшін
патриотизм қашанда бақытсыздық болып келген: əлемдік өрт ті тұтату
үшін
, ең алдымен, жергілікті “өзінікін” тамызық ету керек...
1913 жылдың 3 наурызында Голощекин Пермьнен оралды. Екатеринбургтің
теміржол
бекетінде ол “тыңшы” деп танылып, тұтқындалды. Тұтқындау
кезінде
Филипп Исаевич өзін газет қызметкерімін деп атап, Самуил
Котисстің
атына жазылған төлқұжатты көрсетті. Ол өзін күзетке хабарлаған
— Париж конференциясына бірге барып, ОКге де бірге сайланған партиялас
серігі
Р.В.Малиновский деп санады.
Голощекинді
Туруханский өлкесіне, Селиваниха деревнясына жер аударды.
Онда
Филипптің Мəскеу мен Нарымскіден бергі жақсы танысы, “жария
бақылау
” астында жүрген Я.М.Свердлов тұратын; бұл жерден онша қашық
емес
Курейкада И.В.Сталин тұрды. 1913 жылдың 3 қыркүйегінде Свердлов
В
.С.МицкевичКапсукасқа: “Бізден кейін тағы екі партия келді, енді
үшіншісін
күтудеміз. Əрқайсысы 3 адамнан. Менің ескі танысым да келді,
онымен
бірге мен бір іс бойынша бірнеше жыл бұрын Сібірге саяхат
жасағанмын
. Əрине, мен бұған қуандым. Ол менімен бірге тұрады”, — деп
жазды
. Əңгіме Ф.И.Голощекин туралы болатын. 1913 жылдың 7
қыркүйегінде
күзет қарауылы кезекті мəлімдемесінде: “... саясиəкімшілік
жер
аударылған Яков Свердлов, Николай Орлов, Шая Голощекин орманға
жасырынып
, Монастырьға кетіп қалды” — деп хабарлады (Монастырь —
Монастырское
селосы, Туруханский өлкесінің орталығы, Шая —
Голощекиннің
туғанда Шая Ицкович деп азан шақырып қойған аты).
Свердловты
көп ұзамай Сталин тұрып жатқан Курейкаға ауыстырды. Кейін
ол
Петербургтегі достарына: “Біз екеуміз. Жанымдағы — грузин
Джугашвили
, ол менің бұдан бұрынғы айдауда болған кезде бірге болған
ескі
танысым. Жақсы жігіт, бірақ əдеттегі өмірде өтемөте дарашыл”, — деп
жазды
.
Екеуін
қашуды ойластырып жүр деген негізі де жоқ емес күмəнға
байланысты
екі айырды — Свердловты кері қайырды. К.Лисовский өзінің
Свердлов
туралы кітабында Туруханскийдегі бөлім жасауылының Енисей
губернаторына
: “Полицияның жария бақылауына сеніп тапсырылған
əкімшілікжер
аударылушы Яков Мовшев Свердлов үстіміздегі (1913)
жылдың
22 маусымында Монастырское селосына келді жəне Туруханский
өлкесінің
Селивановский қонысына орналасты” деп мəлімдеген
хабарламасын
келтіреді.
Селиванихада
Свердлов пен Голощекин, жалпы алғанда, жылға жуық уақыт
бірге
тұрды. Яков Михайлович бұл кезде үздіксіз хат жазысып тұрды жəне
онда
, Голощекинді өзі солай атағанындай, “Жорж досы” туралы жиі
айтатын
еді. Арасында ол Филипп Исаевичтің мейлінше қанық бейнесін
айшықтап
беретін.
1914 жылдың 3 наурызында Париждегі өзінің Нарымскіден бергі ежелгі
досы
В.А.Дилевскийге жазған хатында: “Жаңаға, өзгеріске деген құштарлық
аса
күшті, тіпті айтып жеткізу де қиын... Менің досым өзінің шұғылданатын
істерінің
кестесін үнемі өзгертіп отырады... Жаздың соңынан бері біз екеу
болғанбыз
. Қазір де екеуміз. Біріміздібіріміз жалықтырған жоқпыз, жоқ,
ренжіспейміз
. Бірбірімізден (бөлектенбейміз). Бірақ екеуміз де адамдар
арасын
сағындық. Жай ғана көптің ішінде (болғымыз) келеді... Біздің, досым
екеуміздің
ұқсамайтын жақтарымыздың көп екенін мен саған бірдебір рет
жазған
емеспін. Бұл, əрине, жаман емес. Расында, кейде талас пікірлер де
туып
қалады. Олар əртүрлі себептен туындайды. Саяси мəселелерде біз
дерліктей
айтысқа түспейміз, мұнда ойымыз көбінше бір жерден шығып
отырады
... Екеуміз де тұрмыс кеңдігіне зəруміз”.
Жер
аударылған екі достың Селиванихадағы өмірі, барлық жағынан алып
қарағанда
, барынша еркіндікте болды, олай болса, пенделік қуаныштардан
— балық аулау, аңшылықтан да құралақан емес еді. 1914 жылдың 22
наурызында
Свердлов К.А.ЭгонБессерге былай деп жазды:
“... Мен аңшылық ортаға тап болдым. Мұнда ақ түлкі, ұрғашы түлкі, сусар
ауланады
. Аңшылық үшін ерекше білім керек емес. Міне, біз досым екеуміз
жыртқыштарға
“із” қалдырдық. Бір күннен кейін былғары қолғап киіп, 910
шақырым
жүру керек болады. Ауа райы тамаша, табиғат таңғаларлық, ауа
таптаза
.
Айнала
толы остяктар, тұнғыстар, юрактар. Өте қызықты пішіндер бар”.
Əйелі
К.Т.Новгородцеваға жазған хаттарында ойын барынша ашып айтқан.
1914 жылдың 27—29 маусымында Яков Михайлович Курейкадан өзінің
досы
Жорж туралы мейлінше егжейтегжейлі жазады (əдетте, оған бірнеше
жол
арналатын). Хатында ол шын көңілімен алаңдаушылық білдірген:
“Жмен бірнеше күн бірге болдым. Оның жағдайы жақсы емес. Оның
жүйкесі
жұқарған, нағыз мизантропқа* айналып барады. Жалпы адамға,
дерексіз
адамдарға жақсы көзқараста бола тұра, ол өзі қарымқатынаста
болуына
тура келетін нақты адамға өте əдепсіздік көрсетеді. Соның
салдарынан
ешкіммен де дұрыс байланыс
жасай
алмайды. Əрине, менен басқалармен, ал мен оны жақсы білемін,
оның
қандай жігіт екенін, жан дүниесінің тазалығын түсінемін. Сондықтан
оған
қайнаған өмірдің ортасынан алыста ұзақ уақыт жүруге болмайды деген
қорытындыға
келдім. Ол құриды, өзінеөзі жан төзгісіз жағдай жасап алады.
Оның
жеке байланыстарының жоқтығы шошытады, тіпті менікінен де аз.
Оны
, бұл туралы өзі ештеме айтпаса да, өзін достарының еске алмайтыны
қорқытады
. Өйткені осы уақытқа дейін оған ешкім еш нəрсе жібермейді. Ең
болмаса
оның қарындасы Питерде болғанда да біршама жақсы болатын.
Оны
тəуірірек жерге апарса болар еді. Бірақ мұны қалай істеу керек? Мейлі,
ол
да бір қиыр шет бола берсін. Əйтсе де онда ол өзінің күшжігерін “өмір
сүру
үшін күреске” арнай алатын болса ғой. Əйтеуір оның ішкі қуатын
сыртқа
шығаруына мүмкіндік туар еді... Əзірше мен сенен онымен хат
жазысып
тұруды сұрар едім. Ол маған сені мен жігіттерге қатысты жақсы
пікір
білдіреді. Жай ғана достық көңілмен жазылған хаттар бұл жерде үлкен
мəнге
ие. Егер мүмкін болса, оған бірекі беллетристикалық кітапшалар
жібер
. Өлең болса жақсы. Менен басқа онымен шын көңілден шыққан
əңгіме
түгіл, жай ғана сөйлесетін де адам жоқ! Соның өзінде қоғамдық
мəселелерде
оның сергектігі мен оптимизмі ғажап! Менің көзімше ол сенен
хат
алды, сонда қалай қуанғанын айтсаңшы! Өте риза болды.
Маған
Берта ғана жиі хат жазып тұрады”.
Осы
соңғы адам есіміне назар аударайық. Əңгіме Берта Иосифовна
Перельман
туралы. 1903 жылы большевиктердің Мəскеу кеңесінің мүшесі
болған
ол Голощекинмен жəне Свердловпен бірге тұтқынға алынып,
Нарымск
өлкесіне жер аударылды. Революциядан кейін Самарада жəне
Свердловскіде
жұмыс істеді. Бұл Голощекиннің 1911 жылы қолындағы
баласымен
тастап кеткен əйелі болатын. Свердлов оның есімін əйеліне
жазған
хаттарында жиі есіне алатын.
1914 жылдың қыркүйегінде Свердловты қайтадан Селиванихаға ауыстырды.
Ол
Голощекинмен бірге балықшы əрі аңшы Самойловтың лашық үйіне
орналасты
.
1914 жылдың 16 қарашасында Свердлов əйеліне мынадай хат жазды:
“...Менің миым қалың ұйқы құшағында қалған сияқты... Жмен бірге тұрған
алғашқы
айда мен өзімнің ойларымның оянғанын өте сирек сезіндім...
Жмен
бірге тұрғаным оянуыма аз əсер еткен жоқ. Ол мейлінше ширақ адам.
Оның
басында əңгімелесу арқылы шешкісі келетін толып жатқан сұрақтар
бар
... Теориялық жағынан мен сөзсіз есі кірген адаммын, ол енді ғана басын
қатырып
жүрген сұрақтардың көпшілігі — мен үшін əлдеқашаннан белгілі
жайлар
. Дегенмен бізде екеуара бəрі жақсы екен, арамызда жолдастық
көңілді
қарымқатынас бар екен деп ойлап қалма...
Біздің
əңгімелеріміз, негізінен, соғыстың айналасынан ұзамайды... Аса зор
еуропалық
соғыс... уақыт аралығына соғысқа дейін жəне одан кейін деген
белгілі
бір сызық жүргізілуге тиіс”.
Көп
ұзамай хат жазысудың керегі болмай қалды. Клавдия Петровна
күйеуіне
келіп, олар Монастырскіге орналасты да, отбасымен тұрды. “Оның
денсаулығы
Селиванихада біртіндеп жақсара бастады, — деп еске алды ол,
— əрине, мұнда да өмір онша жайлы болған жоқ. Азықтүлік адам айтқысыз
қымбат
еді, болмашы жəрдемақы ашқұрсақ өмірге əреңəрең жетіп отырды...
Жер
аударылғандар нан, жарма, көкөніс дегенді көрмейді де, бұғының
етінен
басқа ет болмады, жұмыртқа мен ұн да жоқ болды. Май, картоп, сүт
сирек
болатын. Қант, тұз, сіріңке, темекіге қол жеткізу де қиын еді”.
Сəл
кейінірек сүт пен май мəселесі шешілді.
Свердловтар
қолға сиыр ұстайтын болды.
“Бізге Яков Ефимович Боград, Борис Иванов, Жорж Голощекин ... жəне
басқа
жер аударылғандар үнемі келіп тұрды, олар Яков Михайловичтен
кейін
көп ұзамай Селиванихадан Монастырскіге ауысқан болатын. Барлық
маңызды
əңгімелер мен дəрістер аяқталғаннан кейін біз көңілді тобымызбен
тайгаға
баратынбыз... Аязға мүлгіген тыныштықта еркін шырқалатын, кең
тынысты
орыс əндерін айтар едік немесе сол кездегі революциялық
пролетариаттың
жауынгерлік гимндерін күркіреттік, оның ішінде, əсіресе
“Варшава қызы”, “Қызыл туды” айтуды ұнататынбыз”.
Жер
аударылғандар саны Монастырскіде он бесжиырма адамға жетті,
сөйтіп
Свердловтың үйі олардың саяси оқуының орталығына айналды.
Б
.И.Ивановтың есінде жаңажылдық кездесу сақталып қалыпты:
“Біздер, мен, Долбешкин, Булатов, Голощекин, Боград, Яков жəне Клавдия
Свердловтар
, Валентина Сергушева, Иван Петухов жəне басқалар, бүгін
1916 жылды қарсы аламыз. Бүгін бізде Яков Михайлович бас аспаз. Бұғы
етінен
жаншылған үш жүз тұшпара оның ауызүйінде пісіруге дайын тұр.
Ішкі
бөлмедегі екі үстел газетпен жабылған, үстіне қойылған түрке балық
пен
бұғы еті көз тартып, тəбетті ашады. Кірпіш шаймен демделген екі
шəйнек
ол тұр...
...Жаңажылдық кездесуді Яков Ефимович Боград ашты. Ол бəрімізден үлкен
ғана
емес... философияның жəне математика ғылымдарының докторы.
— Жолдастар! — дейді ол жуан дауысын созып. — Николай патша жəне
оның
қарғыбаулы жексұрын баскесерлері бізді осы Туруханскінің
қармұзында
қатырып тастағысы келеді, бірақ біздер тіріміз жəне осы бір
қанды
соғыс жылын барынша сергектікпен əрі жарқын болашаққа деген
сенімді
үмітпен қарсы алып отырмыз...”
Яков
Ефимович қызыл сөзді қалай сапырады! Өзінің дегдарлық жасына
жəне
философиялық атақшеніне қарамастан, осындай кесек сөздер айту
үшін
өте кішкентай болып көрінеді ол. Ол тіпті Туруханскінің қармұзында
қатып
қалуға тиісті болған он шақты жер аударылушының əлі де тірі екеніне
монархтың
, бəлкім, ешбір күмəні жоқ екенін де ойлай алмаған. Иə, тіпті
“жексұрын баскесерлер” өздерінің “құрбандарына” мерекелік үстел
басында
той тойлатуға жол беру арқылы “зұлым” деген аттарына лайық
емес
іс істеген болып шықты. Уақыт көрсеткеніндей, олардың ешқайсысы
да
Сібір суығына үсіп өлген жоқ. Дұрысын айтқанда, олар бұл “қанды соғыс
жылында
” сергектігін жоғалтатындай не көріпті? Біреулердің дəл осы сəтте
жау
оғының астындағы окоптарда жатуына тура келген болса, бұлар жылы
үйдің
ішінде дəмді тағам жеп, шай ішіп отырды емес пе?!
Сөйтіп
, тағдыр тəлкегімен, олардың өмір мен өлім мəселесін ІІ Николай
император
шешкен жоқ, жағдай тура керісінше болды. Үш жарым жылдан
кейін
бұрынғы
Ресей патша ағзамы мен оның отбасының тағдырын осы мерекелік
үстелде
отырғандардың ішіндегі екеуі белгіледі.
Тағы
да он төрт жылдан кейін, Яков Ефимович Боград пен оның
дастарқандастары
армандаған “жарқын болашақ” əлдеқашан туған кезде,
бұл
жолы да қыста, 1933 Жаңа жылдың қарсаңында, Ф.И.Голощекиннің
жалғыз
өзі патшалық құрған Қазақстан жерінде, Əулиеатадан жеті
шақырым
жердегі толып жатқан ұжымшарлардың ішіндегі
Я
.М.Свердловтың есімімен аталатын біреуінде бірдебір адам тірі қалған
жоқ
. Аштық пен суықтан қырылып қалды. Ал, шын мəнінде, оңтүстік өлке
Туруханск
жері емес қой. Көрші ауылда оның ақырғы тұрғыны — соңғы
күндерінде
адам етімен азықтанған қазақ жігіті ғана қалған. Аштықтан
ақылесінен
алжасқан ол əйелді бауыздаған жəне мұнысын əлдебір жақтан
келген
комиссияға өлер алдында айтып, мойындаған. Қазақ жерінде,
Ресейдің
көптеген облыстарында, Украинада, Орта Азия мен Сібірде
ондаған
мың адам өлігінен тау тұрғызылды. Алайда заң бойынша да, саяси
тұрғыдан
да аштық құрбандары қылмыскерлер емес болатын. Олар поляр
жағалауындағы
тайгада емес, өздерінің туған жерлерінде өмір сүріп, тұрып
жатқан
жəне өздерінің туған үйлерінен мыңдаған шақырым алыс жерлерге
қуылғандар
да емес еді.
Аштық
пен адам жегіштік туралы жанжақтан хабар алып жатқан кезінде,
Голощекин
алыс Сібірдің Монастырск селосында 1916 Жаңа жылдың
қарсаңында
тұшпараны қалай жаныштағанын есіне алды ма екен?..
ІІІ
“1919 жылғы қыркүйектің соңында, — деген көтеріңкі мəнермен бастайды
В
.Н.Александров пен Ю.Н.Амиантов Ф.И.Голощекиннің туғанына 90 жыл
толуына
арналған мерейтойлық мақаласын, — РК(б)П ОК хатшылығы
орналасқан
Мəскеудің Моховой көшесінің №7 үйінде қуанышты кездесу
болды
. Ескі коммунист Ф.И.Голощекин өзінің бозбала ұлымен қауышты.
1918 жыл басталысымен, Уралда жауапты жұмыста жүрген
Ф
.И.Голощекиннің отбасымен байланысы үзіліп қалды, осыдан кейін оның
отбасы
күйеуі мен əкесін табуға көмектесуді партияның Орталық
Комитетінен
өтінді. ОК хатшылығының қызметкерлері Голощекинді іздеп
тауып
, оны ұлымен кездестірді. Филипп Исаевич ұлына біраз уақыт көңіл
бөлуге
мүмкіндік тапты, ал одан соң партиядан жаңа жауапты тапсырмалар
алып
, олар қайтадан айырылысты. Ф.И.Голощекиннің өмі рі оның өзіне де,
отбасына
да тиісті болмады, ол тұтасымен большевиктер партиясына
арналды
”.
Таңғаларлық
жағдай: неліктен Берта Иосифовна Перельман өзінің
революциялық
астыртын жұмыстағы ескі жолдасы — Нарымскіге жер
аударылған
кезінде Туруханск өлкесіндегі оған өзі əлденеше рет хат жазып
тұрған
Яков Михайлович Свердловқа бұл туралы бұрын айтпаған?
БОАТКОМ
төрағасы өзінің жақын досы Жорждың 1918 жылдың басында
қайда
болғанын жақсы білді, сондықтан онымен үнемі жеделхат
байланысын
үзген жоқ жəне Мəскеудегі өзінің үйінде қабылдады...
Дегенмен
“күйеуі мен əкесін” іздеудің өзіндік себептері болғаны анық.
(Біраз уақыт өткеннен кейін Б.И.Перельман өзінөзі өлтірді, Голощекин
болса
, уралдық газетте оның “өмірден əдемі өтуге” күші жетті деп жазды.)
Ал
Моховой көшесіндегі үйде болған кездесудің қысқа болуы ешқандай
таңданыс
тудырмайды. Филипп Исаевич өзі көрмеген, білмеген ұлына не
айтуы
мүмкін?
Ол
бұл бозбалаға осыдан аз бұрын ғана, бір жылдан сəл артығырақ уақыт
ілгеріде
Екатеринбургтен өзі алып шыққан үш ауыр жəшіктің біріндегі
спирттелген
өзге де адам бастарының арасында жасы шамамен оның өзімен
қарайлас
баланың спирттелген басы болғанын айтпақ па?
“Филипп Исаевич Голощекиннің, Коммунистік партияның көрнекті
қайраткерінің
, ірі əскери жəне саяси қызметкердің, табанды лениншілдің
өмірі
туралы белгілі жайлар əзірге тіпті де көп емес”, — деп өкініш білдіреді
свердловтық
зерттеушілер О.А.Васьковский мен Е.И.Моисеева. Оның бер
жағында
, Голощекин өмірінің ең маңызды беттерінің бірі уралдық осы
қаламен
байланысты. Материал қолдарында болса да, уралдық тарихшылар
бұл
бетті мүлде көрмегендей болып, одан үнсіз айналып өтеді, Александров
пен
Амиантовтар секілді. Жəне барлық басқа да отандық зерттеушілер
сияқты
— соңғы кезге дейін. Бірақ бұл бетке өтпес бұрын революцияға
дейінгі
кезеңге қайтадан оралайық.
К
.Т.СвердловаНовгородцеваның жоғарыда аталған кітабындағы
фотосуреттердің
бірінің астына: “Свердлов, жер аударылудан оралған
жолдастар
тобымен бірге” деп жазылған. Сымбатты, жылы киінген, аң
терісінен
тігілген бөркі мен тоны бар, толық денелі ер адамдар объективке
ұмсына
қарап қалған. Аздап картинаға ұқсайды — сол жылдардың
фотографтары
өздерін суретшіміз деп атаған, сондықтан өздері де
композиция
жасайтын болған. Голощекин басқаларға қарағанда ерекше
киінген
— басында ұзын түкті аң терісінен тігілген дөңгелек малақай,
үстінде
түкті тері тон. Оны мұндай экзотикалық киінуге мəжбүрлеген
сəнқұмарлығы
ма, əлде Сібірдің аязы ма? Екеуі де болуы əбден мүмкін:
фотоға
түсер алдында оның досымен бірге ұзақ жол жүруіне тура келген.
“1917 жылғы наурыздың алғашқы күндерінде,— деп жазады Клавдия
Тимофеевна
Свердлова,— Монастырскіге “Патша үкіметі құлады!” деген
қуанышты
хабар жетті...
Жолға
тез шығу керек болды. Красноярскіге дейін атпен мың шақырымнан
аса
жүру керек еді. Жалғыз жол — Енисей, ал оның күнненкүнге мұзы еріп,
бұзылып
жатты.
Яков
Михайлович бір минутты да босқа жібермеді. Олар Жорж
Голощекинмен
бірге дереу жолға жиналып, жеделхат келіп жетісіменақ
аттанып
кетті...
...Туруханскінің ақтүтек бораны ұйытқып тұрды, əйтсе де Монастырскінің
бүкіл
тұрғыны дерліктей Енисейдің жағасына ағылып келіп жатты. Бəрі де
Свердловтың
жəне онымен бірге жолға шыққан Голощекиннің қолдарын
қысып
, оларға сəт сапар тіледі.
...Олар... шанадан түспей, бір минутты да зая жібергісі келмей жүріп
отырды
. Кейбір бекеттер мен елді мекендерде ғана ат ауыстыру үшін жəне...
жаңа
газеттерді... қарау үшін аялдады. Осылайша зулап жүре берді. Жолдың
соңына
қарай көптеген жылымдарды айналып өтуге тура келгеніне, сəт
сайын
мұздың астына кету қаупі туғанына қарамастан, Енисейскіге
аманесен
жетті. Красноярскіге, Ресейге апаратын жол ашық еді!”
“Олар 29 наурызда жетті, — деп жалғастырады К.Т.Свердлова, — теміржол
бекетіне
түсе салысымен, бірден Яков Михайловичтің қарындасы
Сарочканың
үйіне тартып кетті. Ол кейін маған Яков Михайловичтің
күтпеген
жерден қалай жетіп келгенін əңгімелеп айтты... Сұрақтардың
оннан
біріне де жауап берместен, — деп еске алды Сарочка, — жолдан
келген
ағаны бір нəрсемен тамақтандыру керек қой деп ойлағаным сол...
кенеттен
Яков Михайлович қос қолымен басын ұстай алды.
— Жорж, ой, Жорж! — деп дауыстап жіберді ол.
— Неге Жорж? Қандай Жорж?
— Голощекин ғой. Мен оны көшеде, есіктің алдында қалдырғанмын...
Жарты
сағаттай тұрып қалыпты. Дұрысы — оған сен бар, əйтпесе ол мені
өлтіреді
, сөзсіз өлтіреді. Оны оңай танисың: мынадай ұзын, арық,
сақалмұртты
, қара шляпалы. Бір сөзбен айтқанда — ДонКихот.
Сарочка
далаға жүгіріп шықты да, мұңайған қалыпта, салмағын екі аяғына
кезек
салып, көше шетіндегі жіңішке жолда тұрған Голощекинді бірден
таныды
. Оны үйге ертіп келіп, Свердлов пен екеуіне шай бергеннен кейін,
оларды
Таври сарайына ертіп барды.
Дəл
осы күндері... Ресейдің ең ірі қалалық кеңестері өкілдерінің бірінші
кеңесі
өтіп жатты...”
Қазаннан
кейін көп ұзамай Свердлов БОАТКОМның төрағасы болды.
Голощекинді
Пермьге жіберді, ол онда губкомды басқарды. Бұл
тағайындаудың
, Ленин жазғандай, өз мойнына қыруар ұйымдастыру
жұмыстарын
алған Свердловтың қатысуынсыз болуы екіталай: оған, бəлкім,
Уралда
аса сенімді, сыннан өткен адам керек болған секілді. Мəселе
мынада
: бұрынғы патша ІІ Николай отбасымен 1917 жылдың тамызынан
Тобылда
, күзет астында тұрған болатын.
Императорды
Тобылға Керенский жіберді. Неліктен дəл Тобылға?
Керенскийдің
өзі мұны сол кезде жəне кейін де: “Сібірде қауіпсіз əрі
губернатор
үйі ыңғайлы да жақсы”, — деп, мүлде ойға қонымсыз сылтаумен
түсіндірді
(ал үйді, тіпті, тұтқындарды қабылдауға дайындаған да жоқ).
Патша
отбасының өлтірілуі жөнінде тергеу жүргізген сұңғыла Н.А.Соколов
қана
басқалардың бəріне қарағанда жұмбақтың шешуін табуға жақын келді:
“Патша отбасын Тобылға əкелудің тек бір ғана себебі болды. Бұл — князь
Львов
пен Керенскийдің нұсқауы бойынша басқалардың бəрінен аулақта,
айдалада
жалғыз жатқан алыс та суық Сібір, бір кезде басқалар жер
аударылған
сол бір өлке еді”.
Соңғы
сөзге назар аударайық. “Басқалар” кімдер? Əрине, декабристер жəне
басқа
революционерлер. Оларды Сібірге ІІ Николайдың атабабалары жер
аударған
. Бұл жер аударылғандардың арасында масондардың да аз
болмағаны
белгілі. Керенский, жоғары дəрежелі масон жəне оның кілең
“ерікті тас қалаушылардан” құралған үкіметі, сірə, ес кі есептерін еске
түсіргенге
ұқсайды. Француз революционермасондары тұтқындаған ХVІ
Людовик
король қазаға ұшырарының алдында, бір кездері король Көркем
Филипптің
жарлығымен отқа өртелерінің алдында төрт дүниежүзілік
масондық
ложаның негізін салушы, Ұлы Магистр Яков Молэ тұтқында
отырған
Тампль бекінісіне қамалған болатын. Масондық кек осындай.
Ойымызды
жалғастырсақ: большевиктер емес, Уақытша үкімет билік
басында
болған кезінде Ресей императорын өлтірсе керек еді...
Тіпті
декабристер де төңкерістен кейін патша отбасына не істеу керектігін
ойластырған
болатын. Пікір екіге жарылды: біреулер монархты жəне оның
жақындарын
өлтіруді, басқалары оны шетелге жіберуді ұсынды.
Лениншілдер
үкімет басына келісімен ойланып жатпады. Ал олардың
“бұқара” көпшілікпен санасуға мəжбүр болуы — басқа мəселе, яғни
жеккөрінішті
патшаны ашық та арсыздықпен жазалауға батылдары
бармады
. Бəлкім, жоққа сенетін қараңғы халық кенеттен дүр сілкініп,
патшаны
қорғауға немесе Құдайдың көлеңкесі үшін кек қайтаруға шықса
ше
? Тактикалық тұрғыдан алғанда, алдау, заңдылық пен əділдіктің көрінісін
жасау
керек еді. Міне, сондықтан да тəж киген жендетке халық сотын
құрамыз
деп мəлімдеді, тіпті бас айыптаушы ретінде Троцкийді тағайындап
та
қойды. Миллионердің ұлы патшаны халық атынан айыптауға тиіс болды.
Қандай
халықтың?.. Алайда сот жүргізу үшін ешкім де ештеме істеген жоқ.
Екінің
бірі: не большевиктер сот жасағысы келген жоқ немесе өздеріне зиян
келтіріп
алудан қорқып, бұл қадамға баруға тəуекел ете алмады.
“Тəуекелсіздіктің” себебі тереңде жатты: ойдағы нəрсені ашық істеуге
болмайтын
еді.
1918 жылдың көктеміне дейін Романовтар губернатор үйінде барынша еркін
тұрды
. Егер Свердловтың өмірбаянын жазған Е.Городецкий мен
Ю
.Шараповқа сенер болсақ, Тобылға монархистер жылжып келе жатты,
“қала қаражүздіктер əдебиетінің, Пуришкевичтің, епископ Гермогеннің
үндеулерінің
, монархистік үнпарақтардың астында қалды”. Авторлар, ең
соңғы
кезекте болса да, бірақ революциялық қырағылықпен, патша
отбасының
қашу қаупі бар екені туралы жазады. Алайда
“контрреволюциялық офицерліктің” патшаны бостандыққа шығару үшін...
бар
күшін Тобылға топтастыруға ұмтыла отырып, бірақ неліктен баяулық
танытқаны
түсініксіз.
Тақ
мұрагері Алексейдің тəрбиешісі П.Жильяр өзінің “ІІ Николай жəне
оның
отбасы” (“Николай II и его семья”) деп аталатын кітабында келтірген
1918 жылдың 17 наурызындағы күнделік жазбасында былай дейді:
“Ұлы мəртебелі, күнненкүнге өрттей қаулап өршіп бара жатқан қауіпқатерге
қарамастан
, өзіне сенімді адамдардың арасынан оларды тұтқыннан босатуға
тырысатын
біреулердің табылатынынан үмітін үзген жоқ. Қашуға дəл
қазіргі
кездегіден артық қолайлы жағдайдың бола қоюы екіталай, өйткені
Тобылда
большевиктер үкіметінің өкілі əлі жоқ болатын. Бізге бұрыннан іш
тартатын
полковник Кобылинскийдің* көмегімен біздің күзетшілердің
дөрекі
де ұқыпсыз бақылауын ал дап кетуге болар еді. Сырттан белгілі бір
жоспар
бойынша жəне табанды түрде əрекет ететін бірнеше батыл адам
табылса
жетеді”.
Алайда
батыл адамдар табылмады.
“Біз, — деп жалғастырады Жильяр, — мүмкіндіктің кез келген жағдайына
дайын
тұру керек екенін патша ағзамға əлденеше рет үзілдікесілді ескерттік.
Ол
мəселені мейлінше қиындататын екі шарт қойды: отбасы мүшелерінің
бірбірінен
ажырауына да, біздің Ресей империясының аумағын тастап
шығуымызға
да келісімін бермеді”.
Орыс
патшасы осындай. Өз шартының орындалмайтынын жəне аса қатерлі
екенін
түсіне отырып, ол туған жерін тастап кетуді тіпті қаперіне де
алмайды
. Жəне тек патшаның өзі ғана емес, Жильярға: “Мен тірі тұрғанда
Ресейді
ешқашан да тастап кеткім келмейді...” деген патшайым да. Ал
Деникин
Мəскеудің іргесіне келіп жеткен кезде, шетелге тайып тұруға
дайындалып
, тонап алынған алтын мен гауһарға сықа толы шабаданның —
“партиялық кассаның” үстінде отырған... Ленин мен оның серіктестері
секілді
большевикбасқыншылар үшін бұл мүлде басқа мəселе.
Əйтсе
де Свердловтың өмірбаянына қайта оралайық.
“Смольныйдағы кезеңнің өзіндеақ Свердлов Тобылдан... дабыл соққан
хабар
алды...
Наурыздың
екінші жартысында Мəскеуге Урал облыстық Кеңесінің өкілі
əскери
комиссар Ф.И.Голощекин келді, — деп жазады Городецкий мен
Шарапов
. — Ол Свердловты Тобылдағы жағдайдан хабардар етті жəне
үкіметтен
Николай Романовты Екатеринбургке ауыстыруды сұраған
Уральск
Кеңесінің шешімі туралы айтты. Бұл контрреволюцияның
жоспарын
бұзады жəне Романовтарды Урал жұмысшыларының сенімді
күзетіне
қояды” деді.
Свердлов
Уральск Кеңесінің шешімімен келісті. БОАТКОМ Төралқасы
Николай
Романовты Екатеринбургке ауыстыру жөніндегі шешімді
жоспардың
орындалуы үшін жəне Николай Романовты оның үстінен
жүретін
соттың ұйымдастырылуына дейін күзету үшін жауапкершілікті
облыстық
Кеңес жəне Голощекиннің өзі жеке мойнына алады деген
шартпен
бекітті”.
Тіпті
осы бір қысқа үзіндіденақ авторлардың өзінеөзі қайшы келіп жəне
мəселені
аяғынан басына қарай қойып отырғаны көрініп тұр. Яков
Михайлович
, əрине, патшаның жағдайын өзі мұқият қадағалады жəне
облыстық
əскери комиссар Голощекиннің ісəрекетіне бағыт беріп отырды,
бірақ
керісінше емес. Турасына келгенде, ол Филипп Исаевичті, өзінің
“Жоржын” Мəскеуге одан толық есеп алып, одан арғы нұсқауларын беру
үшін
шақырып алды деуге болады.
Жергілікті
билік патша отбасын Екатеринбургке ауыстырудың барлық
қитұрқысы
мен қырсырын білген жоқ, мұның өзі кімнің дирижер, кімнің
орындаушы
болғанын тағы бір рет дəлелдейді. ІІ Николай күнделігіне
былай
деп жазды:
“17 сəуірде Екатеринбургке келдік. Бір стансыда 4 сағат тұрдық. Осы жердің
жəне
біздің комиссарлардың арасында үлкен түсініспеушіліктер болды.
Ақыр
аяғында алғашқылар жеңді. Пойыз басқа тауар стансысына бағыт
алды
. Яковлев бізді осындағы облыстық комиссарға тапсырды да, онымен
бірге
біз үшеу болып моторға отырып, бос көшелермен бізге арналып
дайындалған
Ипатьев үйіне қарай жүріп кеттік...”
Тергеуші
Николай Алексеевич Соколов “Патша отбасының өлтірілуі”
(“Убийство царьской семьи”) атты кітабында былай деп жазады:
“1918 жылдың көктемінде Екатеринбургте теміржол бойында кісі атумен
шұғылданатын
айрықша отряд болды. Оны кеңес гаражында шопыр болып
істейтін
крестьянин Парфений Титов Самохвалов басқарды.
Самохвалов
тергеуде мынаны айтты: “...Үйден комиссар Голощекин,
комиссар
Авдеев жəне тағы да əлдекімдер шықты (Голощекин мен
Авдеевтен
басқа тағы екі адам шықты), біз бəріміз автомобильге отырып,
ЕкатеринбургІ
стансысына жүріп кеттік... Біз ЕкатеринбургІ стансысына
келген
кезде, мен мұндағы халықтан Екатеринбургке Патшаны əкелгенін
естідім
. Голощекин стансыға жүгіріп кетті де, біздің ЕкаберинбургІІге
баруымыз
керек екенін айтты. Онда біз машинамен солдаттар қоршап алған
І
класты вагон тұрған жерге бардық. Одан Ұлы мəртебелі Император, Ұлы
мəртебелі
патшайым жəне олардың қыздарының біреуі шықты... Оларды
менің
машинама отырғызды... Біз қайтадан мен жоғарыда айтқан дуалмен
қоршалған
үйге бардық. Мұнда бəрі Голощекиннің əмірінде болды. Біз
үйдің
жанына келгенде, Голощекин Патша ағзамға: “Азамат Романов, Сіздің
шығуыңызға
болады”, — деді. Патша ағзам үйге кірді. Дəл осылайша
Голощекин
Патшайымды, Княжнаны жəне сонша адамнан тұратын
қызметшілерді
үйге кіргізді... Патша ағзамды үйге əкелген кезде үйдің
жанына
халық жинала бастады. Сол кезде Голощекиннің: “Чрезвычайка,
қайда
қарап тұрсыңдар?” — деп айғайлағаны есімде. Халықты қуып
таратты
”.
Соколов
: “Голощекин, Юровский жəне Заславский* Патша отбасы
Екатеринбургке
келген алғашқы сəттен бастап оларға билік жүргізгендердің
дəл
өзі болды” деген тұжырым жасайды.
Белобородов
Мəскеуге мынадай жеделхат жолдады: “БОАТКОМ
Свердловқа
Халком кеңесінің төрағасы Ленинге отызыншы сəуір күні сағат
11де мен комиссар Яковлевтен бұрынғы патша Николай Романовты
бұрынғы
патшайым Александраны жəне олардың қызы Марияны қабылдап
алдым
нүкте Олардың бəрі қарауылмен күзетілетін үтір оңаша үйге
орналасты
нүкте”
Егер
бұған дейін Мəскеуге жіберілген барлық хабарламалар Свердловтың
атына
жолданылып келген болса, онда енді басқа мекенжай иесі — Ленин
пайда
болды.
Осыдан
бастап инженер Ипатьевтің оңаша үйін большевиктер “Айрықша
қызмет
үйі” деп атады. Атауының өзінде алдын ала ойластырылған
зұлымдық
жатты...
“Императордың Екатеринбургке келуі, — Соколовтың жазғанындай, —
өкімші
Голощекиннің келбетін ашты”. Тек ол ғана емес! “Өкімшінің”
ашыққа
шығуы Қазан төңкерісінен кейін ілешала Свердлов ескі жолдасы
“Жоржды” өзінің Уралдағы іс жүзіндегі өкілі етіп не себепті жібергенінің
шынайы
мəнмағынасын ашып берді. Большевиктер үкімет басына келісімен
Ресей
императорына шұғыл түрде өлім жазасын кесу ұйғарылды. Жəне оны
орындаушылар
да белгіленді. Міне, неліктен “ДонКихот” өзінің болашақ
құрбандығын
дайындалған қақпанға əкелерде ешкімге де сенбеді.
Патшамен
бірге тұтқында оның əйелі Александра Федоровнадан басқа
бүкіл
отбасы: қыздары — жиырма екі жастағы Ольга, жиырма жасар
Татьяна
, он сегіздегі Мария, он алты жасар Анастасия жəне емделмейтін
ауру
ұлы — он төрт жастағы Алексей болды.
ІІ
Николай өзінің көп жылғы дағдысын өзгертпей, күнделік жүргізген (ол
Қазан
революциясы Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталуда):
“...Үй жақсы, таза... Жуынатын бөлмеге бару үшін қарауыл бөлмесінің есігі
алдындағы
күзетшініңжанынан өту керек. Үйдіңайналасы терезеден екі
сажын
əрідегі биік ағаш дуалмен қоршалған. Онда бес күзетші тұрады,
бақшада
да...
2 мамыр. Түрме тəртібіндегі өмір жалғасуда. Тағы бір ерекшелігі —
таңертең
кəрі сылақшы барлық бөлмелердегі əйнектерді əкпен ақтап
тастады
. Терезенің сыртынан тұман басып тұрғанға ұқсайды.
Комиссарлардың
біреуі үнемі бақта болып, оның ішін, бізді жəне
күзетшілерді
бақылады...”
Түрмедегі
жағдайға ешкім шағым жасаған жоқ, соған қарамастан
моральдық
қысым күшейе түсті.
Күзетші
Якимов тергеуде: “Олар кейде əн айтатын. Мен діни əндерді
еститінмін
. Олар Херувимск əндерін айтты...” — деп көрсетті. Ал күзет
маскүнемдікке
салынып, улапшулады. Көп ақшаға жəне артына із
қалдырмайтын
жұмысқа тартылған күзетшілер тұтқын патша отбасына кез
келген
иттікті істеуге тырысып бақты: княжнаны əжетханаға ертіп барып,
оның
есігін сыртынан арқасымен итеріп жауып тұрды, қабырғаларға
əртүрлі
жаман сөздер жазды, əдепсіз суреттер салды, “Сендер қашып
құтыла
алмайтын күрестің құрбаны болдыңдар”, “Ескі дүниемен арамызды
үземіз
”, “Бір кісідей, жолдастар, аяқтан тұрайық!” секілді революциялық
əндерді
өңештерін жырта əндетті.
ІІ
Николай күнделігіне мына жолдарды түсірді: “6 мамыр. 50 жасқа дейін
жеттім
, тіпті өзім үшін де таңғаларлық...”.
Патша
қыздарымен бірге күн сайын баққа шығып отырды, Алексейді
қолынан
жетектеп жүрді — оның аяғы ауыратын. 16 шілде күні олар
ештеңеден
күдіктенбейақ бақта соңғы рет серуен құрды.
Айтса
да, шыныменақ, ештеңеден күдіктенбейді ме? 14 шілдеде священник
Сторожев
Ипатьев үйіндегі діни ғибадат рəсімін соңғы рет жүргізді.
Құдайға
құлшылық ету комендант Юровскийдің қадағалауымен өтті.
Сторожев
: “Ғибадаттың тəртібі бойынша “Со святыми упокой” дұғасын
белгілі
бір жерде оқу керек. Бұл жолы, неге екені бел гісіз, диакон* бұл
дұғаны
оқудың орнына əндетіп айта бастады, оған қосыла мен де əндеттім,
бірақ
жарғының бұлайша бұзылуынан біраз абдырап қалғандықтан, əрең
əндете
бергеніміз сол еді, кенеттен менің арт жағымда тұрған Романовтар
отбасы
мүшелерінің тізерлеп жығылған дыбысы құлағыма шалынды”, —
деп
еске алды.
17 шілдеге қараған түні ІІ Николай мен оның отбасын атып өлтірді.
Ф
.И.Голощекин облыстық əскери комиссар ретінде сотсыз жəне тергеусіз
кісі
өлтірудің (тек ІІ Николайдың өзін ғана соттауға дайындалғандары
мəлім
) тікелей ұйымдастырушысы да, басшысы да болды.
Бұл
оқиға туралы бізде өте аз əрі атып өлтірудің ешқандай да егжейтегжейін
еске
алмастан жəне неге екені белгісіз, осы актіні ұйымдастырушылардың
рөлін
бұлыңғырлатып, əдеттегідей немкетті жазылды.
М
.К.Касвинов “Төмен қарай жиырма үш баспалдақ” деген көлемді
кітабында
(“Двадцать три ступени вниз”. — М., 1978) атып өлтіруге бір жол
арнады
:
“17 шілдеге қараған түнде бəрі бітті...”
Г
.З.Иоффе “Ұлы Қазан жəне патшалықтың ақыры” монографиясында
(“Великий Октябрь и эпилог царизма”. — М., 1987) патшаның жəне оның
отбасының
атып өлтірілу сəті туралы мүлде жазбайды. Ондаған жылдар
бойы
“жоғарының” үнсіз нұсқауына құлдық ұрған партия мен
революцияның
штаттағы кеңестік тарихшылары нені айтпай жасырып
қалды
?
Қанды
қасап төменгі қабаттағы, жертөледегі бөлмелердің бірінде іске
асырылды
. Бұл қараңғы қоймаға тірелетін тұйық бөлме болатын.
Вознесенский
көшесіне қараған жалғыз терезе сырт жағынан жерге
тереңдеп
қағылған темір шарбақпен қоршалған. “Осы бөлменің
таңдалуының
өзіақ айтып тұрғандай, кісі өлтіру қатаң ойластырылған, —
деп
тұжырымдайды Соколов. — Бұл бөлме — нағыз зындан. Біздің ескі
заңымыз
мұндай жолмен кісі өлтіруді “нағыз оңбағандық” деп атаған”.
Ақтар
Екатеринбургті алғаннан кейін оқиғаға қатысқандарды тергеудің сəті
түсті
.
Күзетші
Проскуряковтың куəлік етуі бойынша: “Кешкісін Юровский
Медведевке
: “Патша отбасы түнде атып өлтіріледі”, — деді жəне бұл туралы
жұмысшыларға
ескертуге жəне күзетшілердің қаруларын алуға бұйрық
берді
. Пашка Медведев Юровскийдің бұйрығын дəлмедəл орындады. Түнгі
сағат
12де Юровский патша отбасын оятты да, олардың бəрінің киініп,
төменгі
бөлмеге түсуін талап етті. Медведевтің сөзі бойынша, Юровский
патша
отбасына: Түн “қауіпті” болады... көшеде атыс болуы мүмкін...” деген
түсінік
беру керек деген секілді. Олардың бəрі екі қатар болып тұрды.
Юровскийдің
өзі оларға əлдебір қағазды оқыды. Патша ағзам аяғына дейін
тыңдамай
, Юровскийге: “Не?” — деп сұрақ қойды. Ал ол Пашканың сөзі
бойынша
, алтыатар ұстаған қолын жоғары көтеріп жəне оны көрсетіп,
патша
ағзамға: “Міне, не!” — деп жауап берді. Олардың бəрін атқаннан
кейін
, Андрей Стрекотин, мұны маған оның өзі айтқанындай, барлық асыл
бұйымдарын
шешіп алды. Оларды сол сəттеақ Юровский алып, жоғарыға
кетті
”.
Қарауылшы
Якимов те өзін қорғаштап, басқаның сөзімен куəлік етті:
“Алдында Юровский мен Никулин бара жатты. Олардың соңынан Патша
ағзам
, Патшайым жəне қыздары Ольга, Татьяна, Мария жəне Анастасия,
сондайақ
Боткин, Демидова, Трупп жəне аспазшы Харитонов жүрді.
Мұрагерді
Патша ағзамның өзі қолынан жетектеп алды. Олардың соңынан
Медведев
жəне латыштар, яғни төменгі бөлмелерде тұрған жəне Юровский
“төтеншеден” шығарып тастаған сол он адам жүрді. Юровский Патшаға:
“Николай Александрович, Сіздің туысқандарыңыз Сізді құтқарғысы келді,
бірақ
олар мұны істей алмады. Ал біз Сізді өзіміз атып өлтіруге мəжбүрміз”,
— деді. Ілешала... бірнеше оқ атылды. Бəрі тек қана алтыатардан атылды.
Алғашқы
оқтар атылысымен, “шырылдаған əйел дауысы” шықты. Оқ
тигендер
бірінен кейін бірі құлап түсіп жатты. Бірінші болып Патша құлады,
одан
кейін — Мұрагер. Демидова əбігерге түсіп, бетін жастықпен жауып
алды
. Оны сүңгімен шаншып тастады... Олар жерде сұлап жатқан кезде
бəрін
қарап шығып, кейбіреулерін қайталап атты жəне сүңгімен
шанышқылады
. Алайда патша отбасы мүшелері ішінен олар сүңгімен
шанышқыланған
деп тек Анастасияны ғана атады...
Əлдекім
жоғарғы бөлмеден бірнеше ақжайма əкелген болу керек.
Өлгендерді
осы ақжаймаға орай бастады...”
Большевик
Павел Медведев Юровскийдің күзеттегі сенімді адамы болды.
Ол
16 шілде күні кешкі сағат 19да түнде Романовтарды өлтіретінін білді.
Урал
коммунистері əлі “мəселені” талқыламаған жəне патшаны өлім
жазасына
кесу туралы бірауызды шешімге келмеген болатын, ал Юровский
болса
, бұл кезде күзет бастығына: “Бүгін, Медведев, біз əулетті атып
өлтіреміз
, бітті”, — дегенді айтып та қойған. Жəне егер атылған оқтың
дауысын
естісе, əуресарсаңға түспеу үшін сағат 10ға таман командаға
ескерт
дегенді қосып айтты.
Медведев
тергеуде былай деді: “Түнгі сағат 12де комендант Юровский
патша
отбасын оята бастады. ІІ Николайдың өзі жəне оның бүкіл отбасы,
сондайақ
доктор мен қызметшілер тұрып, киініп, жуынып, шамамен бір
сағат
уақыт өткенде, барлық он бір адам өз бөлмелерінен шықты... Төменге
түскеннен
кейін олар үйдің шеткі қанатындағы бөлмеге кірді... Барлығы 22
адам
жиналды: атылуға тиіс болған 11 адам жəне ол бəрінің есімдерін атаған
қарулы
11 адам... Бəрі атылып, əрқайсысы əр жаққа қарап еденде жатты,
олардың
маңайы тола қан еді, оның үстіне, қан “бауыр” тəрізді ұйып қалған
қою
болды: сірə, патшаның ұлы Алексейден өзгелерінің бəрі өлген
секілденді
. Алексей əлі дірілдеп жатты. Юровский тапаншамен Алексейді
тағы
да екі рет атты, сонда барып ол жансыз сілейіп қалды.
Мен
көргенде патша отбасы мүшелерінің ешқайсысы да ешқандай сұрақ
берген
жоқ, жыламады да, өксік те, көз жасы да болған жоқ”.
Челябинскілік
əдебиетші Игорь Непеин кеңестік оқырмандардың қолы
жетпейтін
кітаптың беттерін бірінші болып “парақтады”. Н.Соколовтың,
П
.Жильярдың, Р.Вильтонның жəне басқалардың кітаптарына сүйене
отырып
, ол 1988 жылдың қарашасында “Уральская новь” газетінде 1918
жылдың
шілдесінде Екатеринбургте жасалған сұмдық қылмыс туралы
айтты
. Алайда Непеиннің тұжырымдары мүлдем ақылға қонбайды. Ол
былай
дейді: “Ипатьев үйінде заңсыздық пен бетімен кетушілік орын алды:
тұтқындардың
, олардың балаларының да өмірі мен өліміне бақылаудан тыс
заңсыздықпен
қол сұғылды. Оларды кеңес өкіметінің алғашқы
жылдарындаақ
жазаның орны мен мақсаты көрсетілмей əрі қылмыс құрамы
жоқ
жағдайда ажал құштырды. Бұл, əлде, кейін отызыншы, қырқыншы,
елуінші
жылдардағы Сталиннің кезіндегі жаппай атып өлтіру мен
қуғынсүргінге
алып келген алғашқы нышандардың бірі емес пе?”
Алайда
патша мен оның отбасын атып өлтіру секілді маңызды шешімнің
“бақылаудан тыс” қабылдануы мүмкін бе еді? Мұның алдындағылардан
белгілі
болғанындай, орталық Романовтардың тұрғын орнын ауыстыру мен
тағдырын
мұқият түрде қадағалаған, “жергілікті өнерпаздықтың” жолын
қатаң
түрде кесіп отырған, демек, осындай жағдайда Голощекин секілді
соншама
орындампаз да тəртіпті қызметкер өз бетімен ештеме істей алмауға
тиіс
. Ең болмағанда, ол сөзсіз “мəселені келісер” еді, керісінше үкіметті
жалаңаш
фактінің алдына тізерлетіп əкелмес еді. Оның үстіне, осы
күндердің
барлығында жеделхат байланысы қалыпты жұмыс істеген.
“Ленин туралы естеліктерде” (“Воспоминания о Ленине”) Н.К.Крупская бұл
оқиға
жөнінде: “Чехословактар ІІ Николай түрмеде отырған Екатеринбургке
жақындап
қалды. 16 шілдеде оны жəне оның отбасын біздің адамдар атып
өлтірді
, чехословактар оны құтқара алмады, олар Екатеринбургті 23 шілдеде
ғана
алды” деп шындықты жазған. Əлі алда бір апта бар болатын (əри не,
бұл
туралы ол кезде білген жоқ). Бəлкім, патша отбасын атып өлтіруге бел
бумаған
шығар? Алайда құмарлық зорлаудан да күштірек: егер ІІ
Николайды
шынымен де соттағысы келген болса, онда, əрине, қалған
күндерде
оны бұл жерден алып кеткен болар еді — əскери комиссар
Голощекиннің
өзі жəне басқалар тасаға жасырынып қала алды ғой. Бірақ
олар
патша отбасын басқа жерге көшіруге тырысқан да жоқ.
Қысқасы
, Романовтардықайтадан көшіру ешкімнің ойына да келген жоқ:
оларды
Екатеринбургке ол үшін əкелген жоқ қой... ...Бұған дейін, 4 шілдеде,
Голощекин
ІІ Николай мен оның отбасына қатысты арнаулы нұсқау алу
үшін
Мəскеуге Свердловқа келген болатын. Ол Свердловтың пəтеріне
келген
беттеақ Белобородовтан Екатеринбургтегі оқиға туралы жеделхатпен
хабарлама
алды. Онда чекист Юровский Айрықша қызмет үйінің жаңа
коменданты
болды, ал жергілікті тұрғындардан құралған күзетті бəрін
латыштар
деп атайтын “төтеншенің” интернационалистері ауыстырған.
Голощекин
Мəскеуден Екатеринбургке 14 шілдеде, патша отбасын атып
өлтірердің
алдында оралды. Оның оралуы уақыт жағынан Юровскийдің
адам
өлтіруге дайындалып жатқан бірқатар ісшараларымен тұспатұс келді.
Екатеринбург
Кеңесінің 1918 жылдың 17 шілдесіне қараған түнде
Романовтардың
тағдырын шешкендей болған отырысы “еңбекші бұқараны”
алдауға
арналған əдеттегі партиялық қойылымнан артық еш нəрсе емес еді.
Юровский
былай деп еске түсіреді:
“16. 7де* Пермьнен Рдың (Романовтардың) көзін жою туралы... бұйрық бар
шартты
тілдегі жеделхат келді.
16сы күні кешкі 6да Филипп Гн (Голощекин) бұйрықты орындауға нұсқау
берді
. Сағат 12де мəйіттерді əкету үшін машина келуге тиіс болды...” Бір
тəуліктен
кейін түн ішінде Алапаевскіде Белобородовтың бұйрығы
бойынша
ұлы князь Константин Романовтың үш ұлын жəне сонымен бірге
басқа
екі Романовты — ұлы князь Сергей Михайловичті жəне ұлы княгиня
Елизавета
Федоровнаны жер жастандырды. Император үйінің мүшелерін
иесіз
қалған рудниктің шахтасына лақтырып тастады.
Патшайымның
туған сіңлісі Елизавета Федоровна қайырымдылығымен
белгілі
сұпы, көзкөргендердің куəлік етуінше, “тек қана шоқынып: “Тəңірім,
оларды
кешір, не істеп жатқандарын білмейді”, — деп дұғақайырған.
Арадаүшайөткенде
олардың мəйіті табылды, сонда шахтаның бір
кертпегінде
Елизавета Федоровнамен қатар жатқан құрбандықтардың
ішінде
қолы таңылған біреуі болды. Бар сүйектері сынғанына жəне
басының
қатты жарылғанына қарамастан, Елизавета Федоровна мұнда да
өзіне
жақын жатқан адамның күйзелісін жеңілдетуге тырысқан”.
Бұдан
аз бұрын, 13 шілденің түнінде, Пермьде ІІ Николайдың туған бауыры
Михаил
қаза тапты — “пролетарлық кектің” “жабайы актісін” қоластындағы
чекистерімен
жəне милиционерлермен бірге, Мотовилихинск Кеңесінің
Төрағасы
Гавриил Мясников жүзеге асырды. Кекшілдер ұлы князьға жалған
құжат
көрсетіп, оны жəне хатшы Джонсонды қала сыртына алып барып,
орманда
атқан.
Бұл
кезге дейін Ресейдітастап кетпеген Романовтардың бəрінің бір ғана
жерден
— Уралдан табылуы кездейсоқ па? Олардың жақын адамдарымен
жəне
қызметшілерімен бірге біреуі де қалмастан жəне бірден жойылуы да
кездейсоқтық
па? Əрине, жоқ. 1613 жылы патшалық тəжін Ипатьевск
монастырында
киген Романовтар əулетінің Ипатьев үйінде, Ипатьев
қапасында
үзілуі кездейсоқтық па? Бəрінен көрініп тұрғанындай, жаза
алдын
ала ойластырылған, Орталықтан белгіленген.
ІІ
Николайдың жəне император үйі мүшелерінің тағдырын шешкендер
нендей
адамдар?
Басты
адамнан — “бұқара тобырдың” алдында өзінің шынайы бейнесінде
көрінуді
мүлде ұнатпайтын “əкейден” бастайық. Надежда Константиновна
жас
Владимир Ильич өмірінің нақты егжейтегжейін еске түсіреді, ал
“...нақтылық, —дейді Шерлок Холмс, — бір стақан сүттің бетіндегі
шыбындай
көзге айқын көрініп тұруы мүмкін”. Шушенскіде аңға шыққан
Ильич
бірде судың ортасындағы аралға ұқсаған жерге тап болады, арал
қайда
қашарын білмей үрейі ұшқан қоянға толы болып шықты, бірақ бұған
қарап
, ол Мазай атайға ұқсағысы келмеді. Қайықтың ескегімен қаруланған
ол
“біздің кіші бауырларымызды” қалауынша соғып алғаны сондай,
қайықтың
түбі ауырлықтан майысып кетті. Риза болған əйеліне: “Əлі де ала
түсетін
едім, бірақ салатын орын болмады”, — деп көңілді шағым жасады.
Бəлкім
, біреулер жер аударылған байғұс марксистер Ленин мен Крупская
Шушенскіде
мұқтаждыққа тап болып, аң аулап өмір сүрген екен деп
ойлайтын
шығар? Жоқ, олар қоян аулап күн көруге мəжбүр болған жоқ, апта
сайын
жас марксистерге қой сойып əкеліп тұрды, ал қой етінен жалыққан
кезде
олар шаруалардан бұзау етін сатып алатын.
Енді
басқа революционердің өмірінен азғана дерек келтірейік. Екатеринбург
түрмесінде
отырған жас Яков Михайлович Свердлов социалдемократ
достарымен
бірге атжалманды жіпке іліп қойып немесе оны дəрет шелегіне
батырып
қызықтайтын болған.
Көріп
отырғанымыздай, пролетариаттың болашақ көсемдерінің бейімділік
ыңғайы
сол кездің өзіндеақ профессор Ломброзоның, қылмыстық типтердің
білгірінің
белгілі бір байсалды назарын аударуына əбден лайық болатын.
Енді
басқалар туралы.
Большевик
П.Ермаков 1907 жылы полиция агентін өлтіріп, оның басын
кесіп
алды.
Большевик
Г.Мясников пермьдік архиепископ Андроникті ұзақ қинап, одан
соң
оны тірідей жерге көмді жəне сол үшін Дзержинскиймен əңгімелесу
құрметіне
ие болды.
Михаил
Романовтың тағы бір баскесері большевик Марков революцияға
дейінақ
кісі өлтіргені үшін сотталған болатын, ал Ұлы Қазаннан кейін қолы
шынтағына
дейін қанға боялды. Ол одақтық дəрежедегі зейнеткер кезінде,
бірде
: “1918 жылы Мəскеуде іссапарда болғанымда, мен бір шаруамен
жолдас
Я.М.Свердловқа келдім. Ол мені В.И.Ленинге ертіп кірді, ал ол
менен
Михаил Романовтың көзі қалай жойылғанын сұрады. Мен оған: “Бəрі
ыңдыңсыз
істелді”, — дегенімде, ол: “Міне, жақсы, дұрыс істегенсіз!” —
деді
” деп, сарымайдай сақтап
келген
бар құпия сырын ашып тастады. Марков Михаилдың хатшысы
Джонсонның
күміс сағатын жымқырған.
Голощекин
... Революция тарихшысы В.Л. Бурцев ол туралы тергеуші
Соколовқа
былай дейді: “Мен Голощекинді білемін жəне оны Сіз маған
көрсеткен
карточка бойынша білемін. Бұл — дағдылы лениншіл. Ол —
бұрынғы
көптеген большевиктік үйірмелердің ұйымдастырушысы жəне
əртүрлі
мүмкін болған экспроприацияға қатысушы. Бұл — қаннан
қорықпайтын
адам. Бұл белгі оның бітімболмысынан айқын көрініп тұрады:
бойында
кейбір азғындық белгілері бар жендет, зұлым”. Дəрігер
Деревенько
: “Жергілікті большевик Юровский Голощекиннің алдында
бозарады
”, — дегенді қосты. Яков Михайлович (Янкель Хаимович)
Юровский
— Сібірге айдалған қылмысты іспен айыпталушының ұлы.
Өзінің
сағат сататын жеке дүкенін, одан соң фотография ашып, онда
Екатеринбургтің
ең бай адамдарын суретке түсірді. Кейіннен ол басқарған
“төтенше” (ЧК) адамдарды дəл соның фотографиялық картотекасы
бойынша
тонады. Жағымпаз, зымиян əрі зұлым ол Голощекинге əбден
лайық
еді. Бауыры Лейба Янкель “адамдарды жəбірлеуді ұнатады” десе,
Лейбаның
əйелі Эле Лея оны “рақымсыз жауыз əрі қатал қанаушы” деп
санады
.
1919 жылдан төтенше комиссариаттың бастығы Юровский Екатеринбургте,
қалалық
партия ұйымының басшысы əйелімен жəне жергілікті комсомол
жетекшісі
қызымен сəнді де кең оңаша үйде тұрды. Тату отбасы. Ол туралы
тура
біріненбірі туғандай тағы да үш пікір: “барып тұрған ісі біткен
қылмыскер
” (С.Мельгунов), “салқынқанды жендет” (С.Гибс), “үміт күтерлік
коммунист
” (В.И.Ленин).
Александр
Григорьевич Белобородов (Янкель Исидорович Вайсбарт) — он
алты
жасынан большевик. 1918 жылдың қаңтарында Урал облыстық
Кеңесінің
төрағасы болды. Осы қызметінде жүріп, ірі тонаушылық үстінде
ұсталды
да, соның көмегімен көп ұзамай РСФСРдің Ішкі істер министрі
лауазымына
дейін көтерілді. Серіктестері 1938 жылы көзін жойды.
Комендант
Юровскийдің басшылығымен 1інші Камышловск полкінің жеті
еріктіинтернационалисі
əрекет етті, олар: Андреас Вергази, Ласло Горват
(дəрігер Боткинді өлтірген), Виктор Гринфельд, кейіннен атағы шыққан
Имре
Надь, Эмиль Фекете, Анзелм Фишер, Исидор Эдельштейн жəне
жергілікті
тұрғындардан алынған үш күзетші: Ваганов, Медведев жəне
Никулин
.
“Бұл “революция серілерінің” моральдық келбетін, — деп жазды тарихшы
С
.Наумов, — маскүнемдіктің, патша мүлкін жымқырушылықтың, сондайақ
тонаушылықтың
көптеген фактілері бойынша айтуға болады. Мəселен,
Романовтарды
өлтіруге қатысқанының “сыйақысы” ретінде Медведев бір
жұп
ерлер шұлығы мен əйел көйлегін алды”. Сонымен бірге ол 60 сом ақша,
3 күміс сақина жəне бірнеше беторамал ұрлады”.
Атып
өлтіруден кейін таң ата тонау басталды. Юровскийдің бөлмесі
зергерлік
асыл бұйымдар мен қымбат заттарға толып кетті. Қарқылдап
күліп
, əдепсіз, былапыт сөздер айтып, көңіл көтерді. Патша мундирін киіп
алып
, көңілді маршқа басты. Көрініп жатқанның бəрін өздеріне тасыды...
Кейінірек
Мəскеуге алтын мен гауһардан өзге үш вагон зат жөнелтілді. Бəрі
партаппаратқа
(партиялық аппарат — ауд.) таратылды, халкомдардың
(Халық комиссарлары — ауд.) əйелдері патша отбасының асыл тастарын
көргенде
талып түсті. Жергіліктілерге де бір нəрселер қалды, мысалға, күзет
сарбаздары
жүздеген затты қармап қалды. Чекист Сахаров ұлы княжна
Анастасияның
көгілдір бирюзадан көзі бар алтын сақинасын олжалады.
Дидковский
жақын танысына етік сыйлады. Голощекин Мəскеуге бара
жатып
пойызда аткомның (атқару комитетінің — ауд.) қазынашысы
большевик
əйел Голубеваға əйел ботинкасы мен жастық тарту етті. Голубева
сыйлыққа
аса риза болып, жастықты “тарихи” деп атады.
Мəскеуге
мынадай жеделхат жөнелтілді:
“Халком кеңесінің төрағасы жолдас Ленинге БОАТКОМ төрағасы жолдас
Свердловқа
Екатеринбургтен
жұмысшышаруа үкіметі облыстық Кеңесі төралқасының
аппаратынан
Дұшпанның Екатеринбургке төніп келе жатуына жəне төтенше
комиссияның
бұрынғы патша мен оның отбасын ұрлап əкетуді мақсат еткен
ақ
гвардияшылардың үлкен астыртын сөз байласуын ашуына байланысты
нүкте
құжаттар біздің қолымызда нүкте облыстық Кеңес төралқасының
қаулысы
бойынша 16 шілде күні түнде Николай Романов атылды нүкте
оның
отбасы сенімді орынға көшірілді. Осы себепке байланысты біз
төмендегі
хабарламаны тараттық контрреволюциялық банданың қызыл
астана
Уралға жақын келіп қалуына жəне үтір тəж киген жендет халық
сотынан
қашып құтылуы мүмкін екендігін ескеріп жақша оның өз басын
жəне
отбасын ұрлап əкетуге ұмтылған ақ гвардияшылардың астыртын сөз
байласуы
ашылды жəне олардың абыройын төгетін табылған құжаттар
жарияланатын
болады жақша облыстық кеңес төралқасы революцияның
еркін
орындай отырып, орыс халқына қарсы сансыз көп қанды
зорлықзомбылық
үшін кінəлі үтір бұрынғы патша Николай Романовты атуға
қаулы
етті 1918 жылдың 16 шілдесі күні түнде бұл үкім іске асырылды
онымен
бірге күзет астында болған Романовтар отбасы қоғамдық қауіпсіздік
күзетінің
мүддесіне сай Екатеринбург қаласынан көшірілді нүкте облыстық
кеңес
төралқасы нүкте атаған құжаттың редакциясына сіздердің
рұқсатыңызды
сұраймыз астыртын сөз байласу құжаттары жедел түрде
шабарман
арқылы Халком кеңесіне жəне Орталық АТКОМға жіберіліп
беріледі
аппаратта хабарлама күтеміз шұғыл жауап берілуін сұраймыз
аппаратта
күтеміз...”
Кездейсоқ
па, əлде жоқ па, бірақ мəтіндегі датада қате бар. Алайда өлім
жазасын
алған патшаның “көшірілген отбасы” туралы Урал облыстық
Кеңесінің
мүшелері “қызыл астана Уралдың” тұрғындарын алдап əдейі
өтірік
айтты.
Енді
Төтенше комиссия ашты делінген “ақ гвардияның үлкен астыртын сөз
байласуы
” туралы. Кейіннен анықталғанындай, оны “ақ гвардияшылардан”
ІІ
Николайға арнап фактілерге негізделген хатты құрастырған Урал кеңесі
аткомының
мүшесі П.Войковтың көмегімен чекистердің өздері ойлап
тапқан
болып шықты.
18 шілдеде БОАТКОМның отырысы болды.
№
1 хаттамадағы жазу: “Тыңдалды — Николай Романовтың атып өлтірілуі
жөніндегі
хабарлама (Екатеринбургтен келген жеделхат). Қаулы етілді:
Талқылай
келіп, төмендегідей қарар қабылданды: БОАТКОМ өзінің
төралқасы
атынан облыстық кеңестің шешімін дұрыс деп таниды...”.
Дəл
сол күні, Е.Городецкий мен Ю.Шараповтың жазғанындай, Халком
кеңесі
кезінде бөлмеге Свердлов шапшаң кіріп келді. “Ол Лениннің ту
сыртындағы
өзінің əдеттегі орнына жайғасты... Н.А.Семашко денсаулық
сақтау
жөніндегі жобаны баяндап болған кезде Свердлов Ильичке еңкейіп,
оған
бір нəрселерді айтты. “Жолдастар, — деді
Ленин
жиналғандарға қарап, — Свердлов кезектен тыс хабарлама жасау
үшін
сөз сұрайды”.
“Менің айтайын дегенім, — деп бастады Свердлов, — жаңа ғана
Екатеринбургтен
хабар келді. Чехословак бүлікшілері жəне ақ
гвардияшылар
қала іргесіне келіп жетті. Қалаға қауіп төнуіне байланысты
облыстық
Кеңестің қаулысы бойынша, бұрынғы патша Николай Романов
атып
өлтірілген. БОАТКОМ Төралқасы, — деп аяқтады сөзін Свердлов, —
Екатеринбург
Кеңесінің əрекетін мақұлдаған қаулы алды”.
Бір
минутқа, тек бір минутқа ғана Халком кеңесінің шағын залында отырған
адамдар
Я.М.Свердловтың хабарламасын естіп, іштен тынып қалды.
“Енді Денсаулық сақтау халкомы туралы Ережені баптар бойынша оқуға
кірісейік
”, — деп ұсыныс жасады Ленин Свердловтың хабарламасынан
кейін
.
20 шілдеде Екатеринбургте облыстық Кеңестің төралқа отырысында
Голощекин
патшаның атып өлтірілгенін алғаш рет хабарлады; 21 шілде күні
қалада
бұл туралы үнпарақтар пайда болды.
Соколов
: “Мəскеудің де, Екатеринбургтің де негізгі идеясы: Патша
“халықтың еркімен жазаланды, отбасының өмірі сақталып қалды” деген бір
ғана
қисынға сайды. Свердлов та, Голощекин де бірдей өтірік айтты”, —
деген
тұжырым жасайды.
“Егер кімді алдау керек болды, кім білмеуге тиіс болды дегенге келер
болсақ
, ол — орыс халқы болатын, — деп жазады П.Жильяр. — ...Əйтсе де
жаналғыштар
алаңдамай қалған жоқ. Олардың із жасыру үшін
Екатеринбургте
қалдырған агенттері тергеудің барысы туралы хабарлап
отырды
. Олар əрбір қадам сайын тергеудің нəтижелері өз ойларындағыдай
болуын
қадағалады. Бірақ, ақыр аяғында олар шындықтың ашылатынын, не
болғанын
бүкіл əлем білетінін түсінген кездерінде, бұдан қорқа бастады
жəне
өздерінің зұлымдықтарының бүкіл жауапкершілігін басқаларға
артудың
айлашарғысын қарастырып бақты. Олар сол кезде жасалған
қылмыс
үшін социалистреволюционерлерді кінəлі етіп: “Осындай жолмен
большевиктер
партиясының беделін түсіргісі келді”,— деп мəлімдеді. 1919
жылдың
қыркүйегінде олар “Патша отбасын өлтіруге қатысты” деген
жалған
айыппен Пермьде жиырма сегіз адамды тұтқындап, соттады.
Олардың
бесеуі өлім жазасына кесіліп, өлтірілді.
Бұл
масқара комедия тарихтағы ең үлкен қылмыстың бірі үшін
жауапкершіліктен
жалтару мақсатымен, кінəсіз адамдарды өлімге итеріп
тастаудан
шемірікпейтін осы адамдардың шектен тыс арсыздығының тағы
бір
дəлелі бола алады”.
Жəне
бұдан кейінгі жылдарда да большевиктер Екатеринбургтегі зұлым
əрекеттері
жөнінде жұмған аузын ашпады немесе Орталықты бұл əңгімеден
бейтарап
ұстап, қорғаштап бағуға тырысты. Тек бір күні жас жеткіншек
пионерлердің
алдында өзінің жендеттік жеңісіне мақтанғысы келген, бұл
кезде
қартая бастаған Петр Ермаков: “Патша отбасының атып өлтірілуіне
Лениннің
жеке өзінің нұсқауы негіз етіп алынды”, — деп айтып салды.
Ленин
мен Свердловтың бұл қылмысқа тікелей қатысы барын айтатын
басқа
да беделді дəлелдер бар. Троцкий өзінің “Күнделіктерінде” былай деп
еске
түсіреді:
“Мен Мəскеуге майданнан Екатеринбург құлағаннан кейін келдім.
Свердловпен
əңгімелесіп отырып: “Қазір патша қайда?” — деп сұрадым. —
“Оның ісі бітті”. — “Ал отбасы қайда?” — “Отбасы да жойылды”. —
“Олардың бəрі ме?” — деп сұрадым мен таңырқап. “Бəрі”, — деп жауап берді
Свердлов
. “Кім шешім қабылдады?” — “Мұны біз осында шештік... Ильич
оларды
жанды ту етіп ұстауға болмайды, əсіресе біздің қиын жағдайда деп
санады
”. Лев Давидович күтілген процесте бас айыптаушы болуға тура
келмегені
үшін уайым шегіп, қайғырған жоқ: “Істің шын мəнінде, жай
жауды
қорқыту, үрейлендіру, үмітінен айыру үшін ғана емес, сонымен бірге
өз
қатарымызды сілкіндіріп, алда не түпкілікті жеңіс, не құрып біту
тұрғанын
көрсету үшін де керек болды. Партияның зиялы топтары
арасында
, əрине, күмəнданушылар мен бас шайқаулар болды. Бірақ
жұмысшылар
мен шаруалар бұқарасы бір сəтке де күмəнданған жоқ:
ешқашан
да басқа шешімді олар түсінбеді жəне қабылдамаған да болар еді.
Мұны
Ленин жақсы сезінді: бұқара үшін жəне бұқарамен бірге ойлау мен
сезіну
қабілеті оған жоғары деңгейде тəн болатын, əсіресе саяси ұлы
бетбұрыстарда
”.
Атып
өлтіру туралы бұл шындықты сол кездің адамдары əртүрлі
қабылдады
.
Мəскеудің
жəне бүкіл Русьтің патриархы Тихон өсиет айту кезінде былай
деді
:
“Ал, міне, біз, өзіміздің қайғымызға жəне арұят алдындағы
бақытсыздығымызға
қарай, Құдайдың өсиеттеріне ашықтанашық қарсы
келгеніміз
күнə болып саналмайтыны былай тұрсын, тіпті заңды əрекет
ретінде
ақталатын күнге жеткенге дейін өмір сүріп отырмыз. Осы таяудағы
күндері
сұмдық іс болып өтті: бұрынғы Патша ағзам Николай
Александрович
атып өлтірілді... Біз Құдай Сөзінің еркіне көне отырып, бұл
істі
айыптауға тиіспіз, əйтпесе атылған адамның қаны оны істеген
қанішерлердің
ғана емес, біздің де мойнымызға жүктеледі... мейлі, бұл үшін
бізді
контрреволюционер деп атасын, мейлі түрмеге тықсын, мейлі бізді
атсын
. Біз осының бəріне біздің Құтқарушымыздың: “Құдай Сөзін
шаттықта
естуші жəне оны сақтаушы” деген сөзі бізге қатысты болады
деген
үмітпен төзуге əзірміз”.
Н
.И.Бухарин “Ащы жазбалар” (“Злые заметки”) атты естеліктерінде “... Өз
кезінде
аздап атылған жəне заманына лайық болмағандықтан өмірін
тауысқан
” — патшаның атып өлтірілген балалары туралы келемежбен
жазды
.
В
.В.Маяковский Ипатьев үйінің жертөлесін көргеннен кейін мынадай өлең
жазды
(1956 жылға дейін оны баспасөзде жариялаған жоқ):
Десең
сен: бүкпей, бос жолды*,
Адам
мен ажал дос болды.
Қалмастан
бұғып бұрышта.
Көтеріп
бірдей қос қолды,
Кіремін
қарсы ұрысқа!..
Сездік
біз батыл қадамнан,
Ескіні
жақсы ұқпайды.
Коммунист
пенен адамнан
Қанышер
, сірə, шықпайды.
Бұған
дейін барлық уақытта солға қарай қадам басып келген “біздің
дəуіріміздің
дарынды ақыны” (сөз өнерінің білгірі И.В.Сталиннің белгілі
анықтамасы
бойынша) Ипатьев қапасында əлденені күңгірт түсінді,
сондықтан
да жүрісінен жаңылып, оңға қарай қадам басты...
Филипп
Исаевич Голощекин мен оның қолшоқпарлары үшін бəрі де сəтімен
тынғандай
болып көрінеді. О, жоқ!
“19 шілдеде, таңертең, Коммунистік клуб бағында Ермаков серіктестігі өз
араларында
барынша бүкпесіз əңгімелесіп отырды. Сыр жасыратын да,
ұялатын
да ешкім болған жоқ. Кімдердің өлтірілгенін атап шықты,
белдемшелердің
мықынында қымбат заттардың болғанын айтты, өлгендер
“сұлу” болып көрінбейді деген пікір білдірісті. Біреулерді “Өлтірілгендер
қалай
киінген еді?” деген сұрақ қызықтырды. “Олардың бəрі дамбалшаң
болатын
”,— деп жауап берді Партин. “Тасығанымызға екі күн болды. Кеше
жерледік
, бүгін қайта жерледік”, — деп күрсінді Костоуров” деп жазды
М
.К.Дитерихс “Патша отбасының жəне Романовтар үйі мүшелерінің
өлтірілуі
” (“Убийство царской семьи и членов дома Романовых”) атты
кітапта
(Владивосток, 1922).
Дегенмен
əлі де əуреге түсуге тура келді. И.Непеиннің мақаласынан үзінді
келтірейік
:
“Верхнеисетскінің əскери комиссары Петр Захарович Ермаков атып
өлтіргені
үшін емес, мəйіттерді жойып жібергені үшін жауапқа тартылды.
Мұны
қала маңындағы қалың жыныс тоғайды жақсы білетін адам ғана
жасай
алады, Юровский оны білген жоқ, ал Ермаков білді жəне мұндай
орынды
көрсетті. Коптяк деревнясына жақын жерде, елсіз түкпірдегі
“Четырех братьев” шатқалында, жолдан батысқа қарай небəрі бір ғана ашық
шахтасы
бар иесіз қалған ескі кен орны болатын. 17сінен 19ына дейін
Коптяк
жолындағы қозғалыс тоқтатылды.
17 шілде күні Екатеринбургтегі “Орыс қоғамы” дəріханалық дүкеніне
жабдықтау
комиссариатының қызметшісі келіп, облыстық комиссар
Войковтың
атынан басқарушыдан “кідіртпей жəне сөз қайтармай” бес пұт
күкірт
қышқылын беруді талап етті. Осы күндері қоршауға алынған кен
орнына
1011 пұт бензин жеткізілді”.
Тағы
да бір адамға назар аударайық. Петр Лазаревич Войков (Пинхус
Лазаревич
Вайнер) 1917 жылы “пломба салынған” вагонмен Швейцариядан
Ресейге
кайзерлік Германияның аумағы арқылы Ленинмен бірге
келгендердің
бірі болатын. Одан кейінгі үш жылда Варшавадағы кеңестік
өкілетті
өкіл болды. 1927 жылы жас орыс эмигранты Борис Коверда
өлтірген
. Войков Екатеринбургтегі қасапқа қатысушылардың ішінде ең
соңғысы
еместін — ол мəйіттерді күкірт қышқылымен жоюды
ұйымдастырды
. Ол туралы нақты деректерді Урал аткомының мүшесі,
бұрынғы
австриялық əскери тұтқын И.П.Мейер: “...Біз кіргенде (жертөлеге),
Войков
атылғандардың ішінде біреуміреуі тірі қалған жоқ па деп қарап,
тексеріп
жүрді. Ол əрқайсысын арқасына аунатып жатқызды. Ол
Патшайымның
қолынан үнемі тастамай тағып жүрген білезігін шешіп
алды
...” деп хабарлады.
Тонаушы
ма? Əлде ол асыл тастарды, Юровскийдіңжазғанындай, 1919
жылы
Мəскеуге апарған “жарты пұттан” астам “гауһарлардың” ішіне қосты
ма
? Кім білсін... 1927 жылы Варшавада Войковтың саусағында, оның өзі
мойындағанындай
, құрбан болғандардың бірінен шешіп алынған қызыл
лағыл
жүзік құлпырып тұрды. Оның үстіне, тергеу өлтірілгендердің
денелері
лақтырылған шахтаның түбінен əлдекімнің кесіп алынған
саусағының
орнын тапты. Жүзік осы саусақтан суырып алынған жоқ па
екен
?.. Айтпақшы, чекист Юровский де, екатеринбургтік зергердің ұлы, өзі
айтқандай
, патшаның асыл заттарына қызығушылықтан Ипатьев үйінің
коменданттығына
əрең “қол жеткізді”...
“Қазір, 70 жыл өткеннен кейін, — деп жалғастырады Непеин, — оқиға
мынадай
ретпен еске түседі. 17 шілдеде түн қараңғылығын жамылып,
Ипатьев
үйінде атып өлтірілгендерді “Четырех братьев” шатқалына апарып,
ашық
шахтаға лақтырды. Алғашқы күні осымен шектелді.
Ал
17сінің таңертеңінде бұл туралы Голощекин білген кезде, ол сұрапыл
ашуға
булықты. Тапсырма орындалмаған болып шықты. Мəйіттер тек
көмілген
, бірақ жойылмаған, сондықтан ол қаланың іргесіне келіп жеткен ақ
гвардияшылардың
қолына опоңай түсуі мүмкін. Сонда барып күкірт
қышқылы
жəне спирт үшін жүгіріс басталды.
Бұлардың
бəрі 18 шілдеде, Голощекин мəйіттерді өзінің көз алдында жоюға
бұйрық
берген кезде кəдеге асты. Тергеуші Соколовтың, генерал
Дитерихстің
, ағылшын журналисі Вильсонның пікірінше, жағдай былай
болған
. Атып өлтірілгендердің денелерін шурфтан шығарып алып, шахта
алдындағы
балшықты алаңшаға əкеліп қойды. Осы жерге бензин, қышқыл
мен
спиртті де жеткізді. Голощекин патша отбасы мүшелерінің басын
денесінен
бөліп алуды бұйырды. Тергеу барысында табылған мойынбаулар
мен
шынжырлардың үзіктерінде кесік іздері болды, бұлар кескіш
құралдардың
көмегімен адамның басын денесінен айырған кезде түскен
таңбалар
болуы əбден мүмкін. Ал тістер бəрінен де нашар жанады, алайда
барынша
мұқият іздестіру барысында киімдерден де, топырақтан да,
шахтаның
түбінен де бірдебір тіс табылмады. Тергеу комиссиясының
пікірінше
, патша мен оның отбасының бастары спирттеліп, ағаш
жəшіктерге
салынған, содан соң оларды Голощекин істелген істің
бұлтартпас
айғағы ретінде Мəскеуге жеткізген. Одан соң басты мақсатты
орындауға
— мəйіттерді жоюға кірісті. Оларды балтамен паршалап турай
бастады
. (Тергеу барысында күйген сүйектер мен кесік іздері түскен қымбат
заттар
жəне қидаланған асыл тастар табылған.) Қалғанын бензин мен
қышқыл
құйып өртеді.
Осыдан
кейін Ф.И.Голощекин 19 шілденің қою қараңғылығында жеке
салонвагонмен
Екатеринбургтен тіке Мəскеуге жүріп кетті. Ол өзімен бірге
өте
ауыр үш жəшік алып жүрді...”
Жəшіктер
тақтайдан қиюластырылып, арқанмен байланды. Қызығушылық
білдірген
жолаушыларға Голощекин: “Бұларда Путилов зауыты үшін
дайындалған
снаряд үлгілері бар”, — деп жауап берді. Ал Мəскеуде ол бұл
жəшіктерді
Кремльге — Свердловтың пəтеріне алып барды.
* * *
Ресейлік
зерттеулер, шетелдік тарихшылардың ізімен, ІІ Николайдың
өлтірілуінің
с и п а т ы н а назар аударады.
“...Əңгіме таққа үміткердің өзінің алдындағы тақ иесін ІІІ Петрдің немесе І
Павелдің
өлтірілуіндегі секілді түрде жоюы жөнінде болған жоқ. ІІ Николай
турадантура
патша ретінде атып өлтірілді, осы рəсімдік актімен
көпғасырлық
орыс тарихының өзіне тəн сипаты қорытындыланды,
сондықтан
мұны Англиядағы І Карлдың немесе Франциядағы ХVІ
Людовиктің
қазасымен ғана салыстыруға болады”, — деп жазады
И
.Р.Шафаревич.
Мұндай
көзқарасты мəртебелі атақдəрежемен қоршалған тұлғаның
мистикалық
дүниетанымы тереңдете түседі. 1981 жылдың тамызында, орыс
православиелік
жастарының СанФранцискодағы съезінде епископ
Нектарий
Сеаттлийский былай деді:
“Патша ағзам — Құдайдың жердегі Көлеңкесі, қасиетті тұлға, Қасиетті
Рухтың
айрықша берекесін сақтаушы. Құдайдың Көлеңкесі арқылы əрекет
ететін
бұл Құдайдың күші зұлымдықтың таралуын, заңсыздықтың
құпияларын
тоқтатты. Апостол Павел фессалоникийліктерге екінші
жолдауында
: “Заңсыздық құпиясы əрекет етуде, бірақ ол Тоқтатушыны
ортадан
алғанға дейін* жарыққа шықпайды”, — деп жазды. Сайтан бағы
заманнан
беріақ жұлқынып, антихристың əлемін ашу үшін зорлануда, бірақ
істей
алмайды, өйткені біздің уақытымызда Құдайдың Көлеңкесі арқылы
əлі
де əрекет етуші Құдайлық Береке оны тоқтатты жəне оған мүмкіндік
бермеді
.
Заңсыздық
құпиясына, өз əрекеттерінде еркіндікке ие болу үшін
Тоқтатушыны
ортадан алып тастау қажет болды, міне, бүкіл орыс халқының
күнəсі
үшін, Құдайдың құзырымен бұл іске асты. Сөйтіп, Тоқтатушы
ортадан
алып тасталынды жəне осы сəттен бастап, біздің бəріміз тоқтаусыз
бетімен
кетушілік пен бүкіл əлемге зұлымдықтың таралуына куə болып
отырмыз
. Жантүршігерлік ауыр қылмыс жасалынды — патша өлтірілді.
Патша
ағзам, Құдайдың Көлеңкесі, Православиелік Шіркеудің
Қамқоршысы
, Православиелік мемлекеттің басшысы өлтірілді, Тоқтатушы
өлтірілді
. Айтылғандардан еш күмəнсіз айқын болғанындай, бұл саяси кісі
өлтіру
емес, салттық қылмыс болып табылады...”
* * *
Тек
жиырмасыншы жылдардың ортасында ғана большевиктер ІІ
Николаймен
бірге оның бүкіл отбасы қаза болғанын мойындады.
Жендеттердің
арұят азабын тартқанын айғақтайтын ешқандай куəлік жоқ.
Қайдан
болсын! Өздерінің “революциялық жеңістерін” мақтан тұтып,
марапаттан
бастары айналды. 1927 жылы Юровский өзінің көмекшісі
Никулинмен
бірге “Романовтардың өлтірілуінің он жылдығын” тойлауды
ұйымдастыруға
əрекеттенді. Кісі өлтірушілер Революция мұражайына
“қымбат жəдігерліктерді — бұрынғы патша ІІ Николайды, оның отбасын
жəне
оған өмірінің ақырына дейін адал болған қызметшілерінің
қалдықтарын
, атып өлтірген қаруларды” тапсырды. Олар атып өлтіруге
қатысқандардың
естеліктері мен құжаттар жинағын басып шығаруды
ұсынды
. Алайда “ОГПУ* коллегиясының мүшесі Ф.И.Голощекин арқылы
И
.В.Сталиннің: “Ештеме басылмасын. Жəне жалпы ол туралы айтылмасын”
деген
ауызша жауабы алынды”.
Көріп
отырғанымыздай, құдіретті көсем Кобаның нұсқаулары 60 жылдан
астам
уақыт бойы кеңестік партия тарихшыларының шыншыл аузын буып
келді
.
Кеңес
өкіметі қашан өзі лас рух ретінде құрып біткенге дейін соңғы
патшаның
— халық пен сенім жолындағы қасиетті азапкердің бейнесін орыс
халқының
жадынан өшіріп тастау үшін қолынан келгеннің бəрін де істеп
бақты
.
Большевиктер
жүз жылға жуық уақыт бойы кімдердің бетіне қаракүйе
жақты
, кімдерге түкірігін шашты?
Малай
Волков тергеуші Соколовқа: “Патша отбасының сипаты туралы
айтуға
менің біліктілігім жетпейді, өйткені мен оқымаған адаммын. Мен
олар
туралы жай ғана: бұл ең қасиетті де таза отбасы болды деп айта
аламын
”, — деп мəлімдеді.
Ұлы
княжна Ольга Николаевнаның бүліншілікке ұшыраған Ипатьев үйінде
қалған
кітабынан үш парақ қағаз табылды. Біреуіндегісі — Сюлла
Прюдомның
өлеңі де, қалған екеуінде орыс тілінде оның өз қолымен
жазылған
өлеңдер болды. Міне, олар:
ҚҰДАЙ
АНАСЫНЫҢ ИКОНЫ АЛДЫНДА*
Көк
пен жердің патшайымы,
Жұбата
гөр бізді өзің.
Дұғамызға
құлақ асшы,
Үміт
жібін үзбегін.
Нəпсіге
еріп кірледік біз,
Кесел
түнегінде адастық.
Ал
... не халде Отанымыз,
Құтқаршы
оны... Сорлаттық.
Қасиетті
Русь, құтты ұямыз,
Түнерді
неге аспаның?
Саған
құтқарушыны шақырамыз,
Қолынан
келмес басқаның.
Аяушылық
ет балаларыңа,
Үмітіміз
бір өзіңде.
Алшы
бізді назарыңа,
Тастамашы
қайғышерде.
Жəне
екіншісі:
ДҰҒА
*
Шыдам
бер бізге Жасаған,
Құтырған
қапас жылдарда.
Жеңілдет
халық қайғысын,
Қысастық
сүргін құрғанда.
Қуат
бер бізге, Құдайым,
Жақынның
күнəсін кешпекке.
Азаптан
арылт лайым,
Қаталдық
бізге көрсетпе.
Ел
бүлініп, жау шапқан
Аласапыранды
күндер көп.
Алып
шық өзің тар шақтан,
Христос
Құтқарушы, жəрдем ет.
Əлемнің
жалғыз Иесі,
Дұғаңмен
бізді жебей гөр.
Жан
төзбес ауыр күндерде
Жүрекке
сезім, сенім бер.
Күш
бітір Өзің құлыңа
Көр
аузын аттап кірерде.
Пенденің
жетпес құдіреті
Жауына
жақсылық тілеуге.
Жəне
сол күні, қаза табардың қарсаңында, ұлы княжна Ольга
Николаевнаның
қолымен жазылған тағы бір жазу: “Əкем өзіне адалдығын
сақтап
қалғандардың бəріне жəне олардың ықпалы жүретіндердің бəріне өзі
үшін
кек қайтармауды жəне қазіргі кезде өмірде болып жатқан сұмдықтар
əлі
де күш ала түсетінін, бірақ зұлымдықты зұлымдық емес, тек махаббат
қана
жеңетінін еске сақтауларын жеткізуімізді өтінді”*.
* * *
...1930 жылдың маусымында Алматыда Голощекин Жетінші
Бүкілқазақстандық
конференцияда өлкелік комитеттің (крайком) есепті
баяндамасын
жасады. Осы қарсаңда ұжымдастырудың алғашқы толқыны
бүкіл
Қазақстан бойынша халық көтерілістерінің тууына алып келген
болатын
, ал бірінші хатшы мұны “жаппай сипат алған антисоветтік қарсы
əрекеттер
” деп атады:
“Көрініп тұрғанындай... олардың басында жартылай феодалдар, ишандар
мен
дінбасылар болды, — деді ол. — Олардың ауылды алдауға түсірген
арандатушылығы
сонда — олар: “Кеңес өкіметін ағылшындар, поляктар мен
қытайлар
құлатты; қазірдің өзінде үкімет басында ІІ Николайдың ұлы екі
көмекшісі
Керенский жəне Троцкиймен бірге отыр деп соқты” ...
Стенограммада
көрсетілгеніндей, залда күлкілер естілген.
Басқа
— басқа, ал баяндамашы патша ұлының қандай тағдырға тап
болғанын
білмейді емес.
Ал
конференция делегаттары ше? Олар патшаны жəне оның отбасын
өлтіруді
ұйымдастырушылардың ең бастыларының бірі дəл осы
Голощекиннің
өзі екенін білетін бе еді?
Жақында
мен бұл туралы сол кезде залда болғандардың бірі, қазақ
жазушысы
Ғалым Хакімұлы Ахметовтен сұрадым.
— Қалайша білмеске, білдік... Ол Қазақстанда алғаш пайда болған кездің
өзіндеақ
білгенбіз...
IV
Сол
қарсаңда Қазақстан азамат соғысының жəне 1921—1922 жылдардағы
аштықтың
ауыр зардаптары түсірген жарақатынан аздап айыға бастаған
болатын
. Астықтың жалпы түсімі 1925 жылы 92 миллион пұтқа жетіп,
соғысқа
дейінгі деңгейге жақындады, ауыр жылдарда тоқыраған мал
шаруашылығы
қайтадан жолға қойылды: малдың жалпы саны 26 миллион
басқа
жетіп, 1922 жылдағыдан екі есе асты, алайда соғысқа дейінгі санына
əлі
жетпеген еді. Тауар айналымы 1923 жылғымен салыстырғанда төрт
еседен
аса артты, Қазақстан шет елдермен белсенді сауда байланысына
түсті
. Ауыл шаруашылығында кооперативтік қозғалыс дамыды, 1925
жылдың
1 қазанына қарай 320 мың адамды қамтыған əртүрлі 2811
кооператив
жұмыс істеді; мыңнан аса қазақ кооперативтерінде 62546 адам
жұмыс
істеді. Қысқасы, азамат соғысынан титықтаған қыр өлкесі елінің
өмірі
(1918 жылы 1,2 миллион адам, 1922 жылы 2 миллион адам ашықты,
соның
салдарынан, миллионнан астам адам аштық пен аурудан қырылды,
мыңдаған
балалар қараусыз қалды) біртіндеп оңала бастады. Өлкелік партия
комитеті
1925 жылы “Абсолюттік цифрлар жəне пайыздық қатынастар
бойынша
кедей шаруашылықтар санының азаюы мен орташалардың көбеюі
байқалады
” деп көрсетті. 1925 жылдың 1 желтоқсанында Қызылорданың
Іскерлік
клубында Бесінші Бүкілқазақстандық конференция ашылды.
Делегаттар
Мəскеуден келген Бақылау Комиссиясы Орталығының мүшесі
ж
. Петерске сəлем берісті. Ол: “... іс жүзінде, ж. Лениннің: “Біздің елімізде
əрбір
аспаз əйелге дейін мемлекетті басқаруды үйренуі тиіс” деп көрсеткен
мезгілі
туды. Бұл əзіл емес”, — деп мəлімдеді. Одан кейін Өлкелік
комитеттің
бірінші хатшысы сөйледі.
Бұл
— Голощекиннің Қазақстандағы алғашқы ұзақ əрі оның бұдан былайғы
саясатының
негіздері жалпы тұрғыдан белгіленген, өзіне тəн “тақ иесі сөзі”,
міне
, сондықтан да ол айрықша назар аударуға тұрарлық.
Қазақ
жеріне аяғы тигеніне екі жарым ай өтпей жатыпақ, Голощекин:
“...ауылда, шын мəнінде, Кеңес өкіметі жоқ, тек байлар үстемдігі, рулар
үстемдігі
ғана бар” деген қорытынды шығарды. Ең таңғаларлығы —
Филипп
Исаевич өзінің кабинетінен аттап шыққан жоқ, бірдебір ауылды
көрген
жоқ, ол бұдан кейін де өзінің жақын серіктерінің бірі Ораз Исаев кеш
те
болса куəлік еткеніндей, əдеттегі қазақ ауылында ешқашан болған емес.
Жоғарыда
айтқандарын өзі үшін еш күмəн тудырмайтын жағдайларды
дəлелдеу
үшін Голощекин сенімді тəсілге жүгінді. Ол конференция
делегаттарына
бұдан бір жыл бұрын партияның Орталық Комитеті
Қазақстан
большевиктеріне жолдаған хатты оқыды:
“Қырғыз* ұйымы... жұмысты қиындататын ерекше жағдайда болды.
Аумағының
кеңдігі, сирек қоныстануы, хабарошар алысу, көлік қатынасына
қажет
қолайлы құралдардың болмауы, ауыл шаруашылығының артта
қалуы
... тұрғындардың дерліктей толық сауатсыздығы т.б., осылардың
барлығы
социалистік құрылыс ісінде үлкен қиындықтар тудырды...
Енді
, қырғыз жерінің біртұтас республикаға бірігуіне байланысты...
қиындықтар
... көбейе түсуде...
ОК
, Қырғыз республикасында Кеңестер ерекше ауыр жағдайда екенін жəне
іс
жүзінде ауылдарда Кеңестердің жоқтығын ескеріп, ауылдар мен
қыстақтарда
Кеңес өкіметін шындап орнату үшін барлық шараларды
қабылдау
қажет деп санайды...”
— Одан бері бір жыл өтті, бұл хат күшінде ме? — деді баяндамашы залға
қарап
.
— Күшінде! — деп үн қосты əлдекімнің даусы.
Осы
жеткілікті болды: беделді пікірдің күші жұмысқа кірісіп кетті.
Қазаннан
кейін сегіз жыл өткен кезде, кенеттен ауылда Кеңес өкіметінің жоқ
екендігі
анықталды.
Осылайша
Голощекин қазақстандық коммунистердің сегіз жылдық
жұмысын
жоққа шығарып қана қойған жоқ, шетін шаралардың қажеттілігі
жөніндегі
айтқандарына “теориялық астар” да төседі.
Не
істеу керек, қайтадан революция жасау қажет пе? — Қажет деп санайды
баяндамашы
. Алдымен ол байсалды мəнерде өлкелік комитеттің жұмысын,
жəне
əрине, бірінші кезекте өзінің жұмысын “қазақ жерін біріктіру” ретінде
анықтады
. Өзінің тұлғасын климаттық жəне тұрмыстық қиындықтардан
романтикалық
леппен жоғары қоя отырып, ол артық та емес, кем де емес,
нақ
сол революцияның өзі туралы сөз қозғады:
“Мен “астана — Қызылорда” деп айтқан кезімде, байқаймын, өте көп
адамдарда
, сөзсіз, күлкіге ұқсас бір сезім пайда болады. Егер сіздер осы
кезде
келмей, бұдан екі ай бұрын келген болсаңыздар, онда бұл жай ғана
күлкі
емес, құм мен шаңның ащы күлкісі болған болар еді. Егер сіздер көз
салсаңыздар
, онда толып жатқан жетіспеушіліктер мен кемшіліктерге тап
боласыздар
; бірақ, жолдастар, кімдер қашан ақ биялаймен революция
жасады
(ерекшелеген автор. — В.М.)? Кімдер, қандай тап құрбандықтарға
бармастан
революция жасай алуы мүмкін?..”
Кеңес
өкіметінің тоғызыншы жылында қандай революция туралы сөз болып
отыр
? Бейбіт өмірге əреңəрең қолы жеткен халықтың қандай
құрбандықтарға
баруы тиіс? Бұл туралы əзірше ештеме ашық айтылмайды,
алайда
ишара жасалды, бағыт берілді.
“... Егер бізге мəдениетті, абаттандырылған үлкен қалада тұру бақыты
бұйырған
болса, өте жақсы болар еді, бұл ғажап болған болар еді, бірақ
біздің
кереметіміз бен тəуекелшілдігіміз сонда, — деп жалғастырады
баяндамашы
, — біз, атап айтқанда, дəл осы Қызылордада, қалың қазақтың
ортасында
астана салуға шешім қабылдап, жұмыс істейміз”.
Ауылға
“көшпенділіктің ең байырғы түрін” жəне “тауар айырбасының ең
артта
қалған түрлерін” таңа отырып, Голощекин “ауылдарды кеңестендіру”
ұранын
алға тартты. Оның түсінігінде, бұл — “артта қалған қазақ ұлтын
ұйымдастырудың
біртұтас формасы” болды. Өлкелік комитеттің есебінде
осылай
айтылды. “Советская степь” газетінде басылған баяндамада ұран
барынша
толық күйінде берілген: “Қазақстанда Кеңес өкіметі жоқ деп айту
дұрыс
емес. Мұнда кеңес өкіметі бар, бірақ егер
Қазақстанды
кеңестендіру мəселесін бұқараны ұйымдастыру ретінде
қазір
болып жатқан жағдайлардың, егер қажет болса, ұлттық өзінөзі
анықтау
формаларының, мəдениағартушылық жағынан өсу формаларының,
экономикалық
еркіндікке жету формаларының, қанаудан азат етілу
формаларының
мəселесі ретінде кеңінен алып қарайтын болсақ, онда біз
өзімізде
елеулі кемшіліктер бар деп айтуға тиіспіз”.
Голощекин
өзінің байлар үстемдігі туралы тұжырымын негіздеуге көп
бөгелген
жоқ, оған “ауыл шындығын күмəнсіз білетін бір жауапты
қызметкерқазақтың
” пікірі жеткілікті болды. Ол, сірə, төменгі кеңестік
аппарат
рулық қанау органына айналды жəне шаруашылық мекемелерінде
де
осы жағдай орын алуда деп куəлік еткен болса керекті. Бір қарағанда,
оғаштық
көзге ұрып тұрғандай болып көрінеді: Кеңес өкіметі Қазақстанда
бар
, бірақ ол əрі жоқ та, міне, сондықтан да республиканы “кеңестендіру”
керек
. Алайда Голощекин өз тұжырымдарының қарамақайшылығын тіпті де
сезінер
емес, ол үшін аса зор аумақта — шашырап жатқан республикада іс
жүзінде
Қазанның ықпалы жоқ екені күмəнсіз. Ол өзін мұнда, Қазақстанда,
революция
жасауға, былайша айтқанда, кіші Қазанды жүзеге асыруға келген
мессия
, көсем ретінде анық та айқын сезінеді.
Көп
ұзамайақ, оның қолынан жергілікті орындаушылар жұлып əкеткен
идеясы
қазақтың ұшықиырсыз кең даласын кезген құйынға ұқсап, барған
сайын
күш ала екпіндеп, жолындағысының бəрін жапыра таптап,
сыпырыпсиыра
жайпап, құтыра ұйытқыған көзсіз қара құйынға айналып
жүре
берді.
Голощекин
“жікшілдермен” де тез “есеп айырысты”: “Біздің партиямыздың
ішінде
ұлтшыл жікшілдік бар ма? Бар. Бірінші жікшілдік — ең зиянды ұлы
орысшылдық
— шовинизм. Мен мұны кейбір губкомдардың баяндамалары
бойынша
айтып тұрмын... Басқа жік қазақтарда — Алашорданың
ықпалындағы
бұл ұлтшылдық жік те өте күшті...
Екеуі
де кінəлі сияқты болып көрінеді, бірақ объективті жауап басқаны
айтады
: ең алдымен, еуропалық коммунистер кінəлі, өйткені оларға деген
сенімсіздіктің
тарихи себептері бар, олардың міндеті — осы жағын шешу,
сенімге
қол жеткізу...” “Қазақ ұлтшылдары жігінің” көсемдерін ашып
айтпағаны
секілді, ең зиянды жіктің басшыларын да баяндамашы атаған
жоқ
. Оның есесіне, бүкіл қызметін топшылдық күреске арнады
делінетіндердің
атын атап, түсін түстеу арқылы алдыңғылардың кім екеніне
емеурін
жасады. Таңғаларлық сəйкестік бойынша, барлық көрнекті қазақ
коммунистері
О.Жандосов, Н.Нұрмақов, С.Сəдуақасов, С.Қожанов,
С
.Меңдешев, Т.Рысқұлов, Н.Төреқұловтар түгелімен “күнəһарлар” болып
шықты
. Жəне бұл үшін де оған ешқандай дəлел келтіру қажет болған жоқ,
тағы
да сол бір ғана атыжөнсіз куəлік жеткілікті болды.
Көп
өтпейақ, топшылдықтың дерліктей барлық “көсемдерін” Филипп
Исаевич
жергілікті ұлтшылдық үшін айыптады. Алайда оның мақсаты
қауіпті
бəсекелестерден құтылу екені бірден белгілі болғанды. Ал бұл үшін
ықпалды
“ұлтшылдардың” мойнына саяси қарғыбау ілуден артық құрал
табылмады
. Оның басқа бəсекелестері болған жоқ, сондықтан кейінгі
жылдарда
оның сөздерінде, айталық, ұлыдержавалық шовинизм
“көсемдерінің” бірдебірінің аты аталған жоқ.
Голощекиннің
алғашқы жауларын əйгілегендегі асығыстығы оның өзінің
қызмет
бабындағы басқалардан артықшылығын, жоғарының құдіретті
қолдауын
бірден пайдаланып қалғысы келгенін көрсетеді. Ол
қарсыластарының
, атап айтқанда, өз пікірі барлардың бəрінің де сағын
сындырып
, өз еркіне бағындырғысы келді. Ол өзінің əмірін
тыңдамаушылықтың
кез келгенінің жолын кесуге бел байлады. Біреулердің
сөзіне
құлақ асып, əлдекімнің пікірімен санасқысы келмеді. Оған
орындаушылар
қажет болды: құлақкесті құлдар, жарамсақ орындаушылар.
Сірə
, Голощекин халықтың рухани көсемдерін — қазақ зиялыларын
жазалауды
сол кездің өзіндеақ ойлап қойған болса керек. Алғашқыда ол баға
беруде
мейлінше сақ болды, ешкімнің атыжөнін атамады, тіпті өз
пайымдауларында
риясыз турашылдық пен объективтілік көрсеткен адамға
ұқсауға
тырысты:
“...Мұнда... біз екі жікті көріп отырмыз. Бір жік (кім екені түсініксіз. — В.М.)
бұл
интеллигенцияның ұлтшылдыққа бейімділігі үшін оған жалпы қарсы
шығады
... мұнда солшыл балалық... Егер біз қазақ интеллигенциясына
қарсы
ешбір талдаутергеусіз сөйлейтін болсақ жəне оны бұрынғы, қазіргі
күнəлары
үшін үнемі түрткілей берсек, олардың кемшіліктерін түзетіп, өз
ісімізге
тартпайтын болсақ, онда Қазақ интеллигенциясына қарсы жүре
отырып
, біз сол əрекетіміз арқылы орыс интеллигенциясына жақындай
түсетін
боламыз, яғни бір есіктен шығып, екіншісіне кіреміз жəне
ұлыорысшылдық
шовинизмнің егінін суарамыз. Қазинтеллигенцияны
(қазақ интеллигенциясын — ауд.) бірыңғай терістеу, жаппай аһылапүһілеу
дұрыс
емес, алайда басқа жаққа қисаю да — бұл интеллигенциямен
тұтастай
бірігіп кетіп, коммунистер мен партияда жоқтардың аражігін
жойып
жіберу де, алашордалық интеллигенцияның ықпалы идеологиялық
жағынан
коммунистерден асып түсуіне жол беру де дұрыс емес...”
Осы
бір тұрпайы саясатшылдықтың жарлықтарымен баттастыра бұлғап,
келсінкелмесін
бейберекет айтылған нұсқаулар арқылы дəлелдеуге
тырысқан
теріс пікірде бəрінен де бұрын интеллигенцияны жоюға, яғни оны
қандай
да бір орташа деңгейге келтіруге, кез келген өзіндік ерекшеліктерден
айыруға
, айырмашылықтарды болдырмауға негізделген дөрекі де ожар
нұсқаудың
масайраған үстемдігі көзге ұрып тұрады. Барлығын бір қалыпқа
түсіру
тілегінің барша қисынсыздығынан рухани қасап операциясының
айбалтасы
ең жоғарғылардың басын шабуға төніп келе жатқаны белгілі
болды
.
Ол
конференция делегаттарына идеологиялық ықпал мен басшылық
мəселесі
бар жерде қазақ зиялыларынан бір шақырым аулақ жүру керек
екенін
ескертеді. Сөйтіп, олар кез келген боларболмас мəнді мəдени жəне
қоғамдық
қызметтен аластатылуы тиіс, оларға тек техникалық жəне
шаруашылық
жұмыстарында ғана орын қалмақ. Əзірше Филипп Исаевич
жалпылама
сөйлейді, əзірше ол нақты жауларын саусақпен шұқып
көрсетпейді
. Мұны ол алдағы уақытта істеуге тиіс.
Міне
, алда тұрған күрестің бағдарын белгілей келіп, ол баяндамасын
көтеріңкі
ұранмен аяқтайды.
— Кəне, ОКнің айналасына топтасайық жəне еңбекші бұқараны, дербес
жағдайда
қазақ ұлтының еңбекші бұқарасын азат етудің ұлы міндетін
жүзеге
асырайық.
Ду
қол шапалақтау...
V
“Азат ету” бірден басталып кетті жəне “еңбекші бұқараның” өздерін кімнен
жəне
неден азат етуге шешім қабылданғанын, сондайақ өздерінің бұл
бостандыққа
қаншалықты мұқтаж екендіктерін түсіне қойғандары екіталай
болғанына
қарамастан, тоқтаусыз күш жинап, ілгері жылжыды.
...Ал жергілікті газеттер қалай əзілдеуге болатынын əлі толық жаттап
үлгермеген
еді, сондықтан олар “Бұзақылық жарасы күйдірілуі тиіс” немесе
“Көбірек қаталдық, азырақ қайырымдылық” түріндегі қабағы қатқан
тақырыптармен
қатар, атыжөні көрсетілмеген бастықтарды əшкерелейтін
төмендегідей
бағандарға өз бетінен орын ұсынуға жол берді:
“ЖҰМЫСШЫ ӨМІРІ
Аттың
хаты
... Күндіз де, түнде де жоқ тыным —
Əрі
де, бері де қуады...
Ал
айтшы, мұндайды кім көрген?
Жоқ
па əлде бейнеттің сұрауы?!
...Қожаңдап бағады көшір де,
Маңдайға
жазғандай бұл бір күй:
Түнім
де азаппен өтуде,
Ал
артық жұмыс па? Нинини.
Жазамын
сондықтан газетке
Ол
үшін жəне өзім үшін де.
Жолдаймын
атсəлем. Кінə етпе,
Игогого
.
Ат
тілінен газет тіліне аударған НИКОЛА”. Қызылорданың мемлекеттік
театрында
А.В.Луначарскийдің жаңа “У” (“Яд”) пьесасынан кейін, ілешала
цыган
хорының қатысуымен В.Е.Черноблердің қойылымында Н.Лернердің
тарихи
пьесасы “Орыс əйел билеушісі” (“Правительница руси”) жүрді.
Оқырмандардың
қуанышына орай, ауылселолық жұмысшы тілшілердің
қатары
көбейді жəне енді №14партиялық тілшілермен бірге Шплинт,
Молот
, Янус, Нетрэль, Красный, №1093, Зуда, Паровоз, Днестровский,
Трактор
жəне Хмурый хабарошар жазып тұрды. Бірінші бағандар “Қазақ
əйелі
əлі күң” деген тақырыппен шықты жəне барлық азаматтарды
“Қалыңмалды жою күнін” өткізудің дайындығына шақырды. Сонымен бір
қатарда
Шығыстың құлдықтағы əйелдерінің Дубкова есімді күңдіктен азат
серігі
газетке арнап, сол күннің көкейкесті күлдіргі өлеңін (частушка)
шығарды
:
“Құдайды пешке лақтырып,
Кітапқа
төндім, міне, енді.
Мектепке
дедек қақтырып,
Жігітімді
жібердім.
Клуб
— қоңыз ол тұрған
От
шаша бір жарқырар.
Қорықпаймын
попыңнан
Шайтанменен
қорқытар.
Барып
оқу үйіне,
Газет
қарап отырдым.
Одан
кулак туралы
Жаман
хабар оқыдым.
Ей
, кедейшаруалар,
Үңіл
кітап, қағазға.
Барлық
кулак түседі
Кеңестік
шаштаразға”.
Сол
күндердегі “Советская степь” газетінің беттеріне үңілгенде, Қызылорда
қаласы
, тіпті бүкіл əлем қайнаған оқиғаға толы екенін көруге болады:
“Ташкент” серіктестігінің орысазиаттық асханасы келушілерді “ащы
ішімдіктермен
” еліктірді; Жетісуға шегірткелер қауіп төндіруде; егде əйел
Муссолиниді
тұмсығынан ұрып, алтыатарындағы оқты алып тастады;
Ленинградтық
“Гигиена” бірлестігі “ең жақсы берік резинадан” жасалған
бесінші
өлшемді мүшеқаптарды жарнамалады; шариғат тұтқыны 8 наурызға
“Паранжыны комсомол қыздың қызыл орамал шыты ауыстырсын!” деген
ұран
көтеріп келді жəне Қазақстан астанасы тұрғындарының бірі өзінің
“Көктемгі өксік” деп аталған хабарламасында “...көше кезген иттер
көрсетілмеген
орындарда өліп жатыр. Олардың денелері көрінген жерде
жиналмай
шашылып қалуда” дегенді баяндай отырып, “Үндемей қала
алмаймын
!” деп, ашумен толстойша айқай салды. (Арада тағы бір алтыжеті
жыл
өткен кезде, жаңа астана Алматыны қоса алғандағы басқа да
қалалардың
көшелеріндегі секілді Қызылорданың да дəл сол көшелерінде,
бақытсыздыққа
қарай, “көрсетілмеген орындарда” өлген адам мəйіттері
шашылып
жататын болады, бірақ бұл туралы газеттен бір жол да
табылмайды
, бəлкім, мұндай хабарламаны ешкім жазбаған да шығар жəне
олар
бұл арқылы өзі үшін “Үндемей қала аламын” деп, толстойша емес
жаңалық
ашқан болуы да мүмкін.) Бұл екі арада өсекжаланың көзге əрең
шалынатын
ұсақ шаңының жеңіл бұлты ауылға қарай жақындап келе
жатты
...
1926 жылдың 20 қаңтарында республикалық газеттер “Отырықтанушы
қазақ
шаруашылықтарына көмек” деген бас мақала басты. Қазақтарды
дерліктей
барлық өзен жағалауларындағы шұрайлы шабындықтарынан,
таңдаулы
қыстаулары мен жайлауларынан айырған даланы отарлау
саясатын
мансұқтай отырып, автор жуықта ғана болып өткен партия
конференциясының
қорытындысын қайталайды: қазақтың мал
шаруашылығы
апатты жағдайда, бұл дағдарыстан шығу мүмкін емес. Бұған
қарағанда
, көшпенділерге олардан алынып қойылған жерлерін қайтарып
беріп
, сол арқылы мал шаруашылығындағы (кейіннен тез қалпына
келтірілген
Столыпин реформасындағыға қарағанда əскери коммунизм мен
Азамат
соғысы кезінде зардабы əлдеқайда ауыр болған) қиындықтарды
түзету
керек секілденеді, алайда басшылықтың пікірі бойынша, қауіп
басқада
: “Конференция отырықшыландыру үдерісін бөгелместен жедел
бастауды
ұсынады!”
Ғасырлар
бойы көшіп жүрген адамдарға бір демде өмір салтын өзгертіп,
отырықшылыққа
көшу керек.
Қазақтарды
егін шаруашылығына тарту үшін РСФСР Халком кеңесі
көшпенді
жəне жартылай көшпенді шаруашылықтарды бес жылға дейін бір
реткі
ауылшаруашылық салығынан босатты.
“Бұл заңдық акт туралы ертең бүкіл дала — əрбір қыстақ, əрбір көшіп
жүрген
ауыл білетін болады” деп айғайға басты газеттер.
“Қазақ халқы отырықшылық жағдайға көшуі тиіс жəне көшеді дегенді кім
ойлап
тапты жəне қандай негізге сүйеніп? — деп жазды Тұрар Рысқұлов 19
сəуірде
сол газетте. — Дамудың бұл бағыты болмайды емес, бірақ ол алыс
болашақта
аяқталады, ал қазіргі табиғи жағдай мен дамудың мүмкіндігі
басқаша
сөйлейді. Малшылықтан (барша қазақ атаулы түгелімен
малшылықпен
шұғылданады деп ойлап) егіншілікке өту туралы жалпылама
айту
— бұл дегеніңіз қазіргі қазақтың жағдайын мүлде білмейтіндігін
көрсету
болып табылады”.
Филипп
Исаевич Голощекинді мұндай көзқарас қанағаттандырмады — бұл
оның
түсінігінен тысқары жайт еді. Көп ұзамай ол “қыңырларға” қарсы
ашық
соғыс жариялады. Ол кезде Т.Рысқұлов Мəскеуде, РСФСР Халком
кеңесі
төрағасының орынбасары болып істейтіндіктен, ал екінші ірі
қарсылас
С.Қожанов “ұлтшылжікшіл” ретінде бұған дейінақ
“талқандалғандықтан”, басты соққы шамамен осындай көзқарастағы
адамға
, Смағұл Сəдуақасовқа* тиісті болды. Қазақ өлкелік комитетінің 1926
жылғы
қараша айының соңында өткен ІІІ пленумында Голощекин былай
деді
:
“Біздің, Сəдуақасов жолдаспен, атап айтқанда, Октябрь мəселесінде арамыз
ажырайды
. Мен біздің ауылға кіші Октябрь керек деп тұжырымдаймын, ал
Сіз
қандай да болсын Октябрьге қарсысыз. Сонда қалай, əлде біздің қазіргі
кезде
жүргізіп отырған жер реформамыз Октябрь емес пе?”
“Мен жер реформасына қарсы болдым ба?” — деп сөзге араласты
С
.Сəдуақасов. Голощекин бұған көңіл аударған жоқ, ол іс жүзінде біреуге
жауап
беруге əдеттенбеген жəне біреудің өзін ойынан жаңылдыруына жол
бермейтін
.
“Ауылдағы экономикалық жағдайды өзгерту керек, — деп тұжырды ол. —
Біз
мынадай көзқарастың жағындамыз: қазірдің өзінде бар, туып келе
жатқан
, даму үстіндегі таптық қарымқатынастарды жоюдың қажеті жоқ,
қайта
байларға қарсы таптық күресте кедейлерге көмек көрсету керек, егер
бұл
азамат соғысы болса, біз соның жағындамыз”.
Басқа
— басқа, ал азамат соғысы Голощекинге ұнады, бұған күмəнданбауға
болады
. Онда сөз жарысын өрістетудің қажеті жоқ болды, онда бə рін
“жолдас маузер” шешті. Филипп Исаевич кеңес тарихшыларының көз
алдында
ірі əскери қызметкер ретінде қалды. Жəне шынымен де оның
еңбегі
бар: Екатеринбургте ол “жұмысшылар отрядтарын іріктеді” жəне
оларды
атаман Дутовтың ақ отрядтарына қарсы бағыттады, кейінірек
партизан
қозғалысына басшылық етті. Рас, Филипп Исаевичтің өзінің
ұрыстарға
тікелей қатысуына тура келген жоқ, ұйымдастыру жұмыстары
өте
көп болды. Осы олқылықты анық сезінгендейақ, ол 1920 жылы ОКге:
“Мен өзіме жауапты қызмет ұсынылмауын, менің қатардағы қызыл əскер
ретінде
майданға баруыма мүмкіндік берілуін сұрадым” деп жазды.
Оның
үстіне, азамат соғысы аяқталуға таяу қалған жəне 44 жастағы
ұйымдастырушыға
, амал нешік (қап, əттегенай!), мұндай мүмкіндік бермей,
кезекті
жауапты қызмет ұсынды. Осылайша ұрысқа қатысуға тура келмеді...
Сөйтіп
, өлкелік комитеттің бірінші хатшысы қажет болған жағдайда
байларға
қарсы тап күресін азамат соғысына айналдыруға кетəрі болған
жоқ
. Пікірталасын шегіне жеткенше шиеленістіре отырып, ақыр аяғында, ол
1926 жылдың мамыр айындағы өлкелік комитеттің ІІ пленумында шаруалар
мəселесіндегі
“ұран азамат соғысы емес, азаматтық бейбітшілік болуы тиіс”
деп
айтқан жəне “мұнсыз біз өз шаруашылығымызды күйретеміз” деп
ескерткен
С.Сəдуақасовқа осылайша жауап берді.
* * *
Бесінші
конференциядаақ Смағұл Сəдуақасовты, ағарту халкомын
“ұлтшылжікшіл” деп айыптады. Ал бұдан кейін партиялық сынның
соққылары
, атап айтқанда, дəл осы қайраткердің төбесіне жаудырылды.
“Сəдуақасовшылдық” термині газет беттерінен бес жыл бойы түскен жоқ,
тіпті
одан кейін Сəдуақасов Қазақстаннан кетуге мəжбүр болып, Мəскеуде
өлгенге
дейін де оның есімін қаралау тоқтатылмады.
...Енді біздің тарихымыз кеңестік тарихшылардың өңін өзгерткен жалған
боямаларынан
арылып, барлық шындығымен жəне толық түрде алдымызда
ашылған
кезде мемлекеттің өзі тұтатып, өршіткен шаруаларға қарсы көп
жылдық
азамат соғысы əкелген қасіретқайғылар айдай анық болып көзге
көрінеді
. Көптеген деректердің көрсеткеніндей, 1918—1921 жылдардағы
əскери
қимылдарға қарағанда, əскери коммунизм тəжірибесінің
ауылселолардағы
шаруашылықты талқандап, елде бұрынсоңды көз
көрмеген
аштық тудырған лаңы əлдеқайда асып түсті. 1918 жылдың
маусымында
Ресейде кедейлер комитеті (комбедтер) құрылып, соның
сойылымен
бай шаруалардан 50 миллион гектар жер, яғни сол кездегі ауыл
шаруашылығына
жарамды алқаптың шамамен үштен бір бөлігі тартып
алынды
.
Іс
жүзінде сол кездеақ ең алғашқы лениндік ұжымдастыру уақытында
(жиырмасыншыотызыншы жылдар шегінде емес), “кулак шаруашылығы”
деп
аталатын материалдық негіз талқандалды жəне кулактық (байшылдық
— ауд.) “жойылды”. Тұрақты əскери бөлімдер шаруалар көтерілістерін
басыпжаншып
, бар күшін салып шайқасты. Көтерілісші шаруалар
қозғалысының
кең өріс алғаны сонша, Тамбов губерниясында
тұрғындардың
үштен бірі дерліктей Антоновтың армиясына барып
қосылып
, жақсы қаруланған 18 полк құрады. Тухачевскийдің əскері қанды
ұрыс
жүргізе отырып, олардың қарсылығын үлкен қиындықпен басты.
“1922 жылғы Ресей — бұл 1972 жылғы Бангладеш”, — деп жазды 1975 жылы
француз
тарихшысы Ж.Элленштейн. 1921—1922 жылдары аштықтан 25
миллион
адам күйзеліске ұшырады. Адамдар емен жаңғағын, шөп пен ағаш
тамырларын
, өлексені жеді, қатыгездік пен рақымсыздық, адамжегіштік
жағдайлары
да аз болған жоқ. Кеңестер елінің ақылесінен айырылған
миллиондаған
аш азаматтары жол жағалап, ел кезіп кетті. Əртүрлі деректер
бойынша
, елде аштықтан 5тен 8 миллионға дейін адам өлген. Қайыршылық
пен
ашқұрсақтықтан сүзек жəне тырысқақ жұқпалы аурулары таралды. 1917
жылдан
1922 жылға дейін сүзекпен аурудың 22 миллион жағдайы тіркелген,
2 миллион адам өмірмен қоштасқан. Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза
тапқан
ресейліктер саны 2,5 миллион адам болды, азамат соғысы жылдары 1
миллион
, əртүрлі жұқпалы аурулардан 3 миллион адам өлген. 1918 — 1922
жылдары
ел тұрғындары, жуық мəліметтер бойынша, 15 миллионнан артық
адамға
кеміді. Егер бұдан революциядан кейін Ресейден кетіп қалған 2
миллион
адамды шығарып тастасақ, онда қалған 13 миллион адам
аштықтың
, аурудың жəне өздерінің бауырларынан (сонымен бірге, бəлкім,
жүз
мыңдаған “интернационалистердің” əлдебіреулерінен немесе өздеріне
бағынышты
елді жазалау үшін большевиктер пайдаланған бүкіл
дүниежүзінің
қашқанпысқандары мен қағылғансоғылғандарынан) алған
оқтың
құрбандары болып шығады.
“Ұлтшылжікшіл” Смағұл Сəдуақасовтың 1925 жылы қазақ ауылындағы
азаматтық
бейбітшілікті жақтап сөйлегені соншалықты таңғаларлық па еді?
Бəлкім
, оған крестьяндық Ресейге əскери коммунизм саясаты азамат
соғысымен
бірге не бергені апайқын белгілі болған болар. Басқасын былай
қойғанда
, оның осы жылдары Түркістанда жəне республиканың солтүстігі
мен
батысында қырғынға ұшыраған миллионнан астам қазақтарды есінде
жақсы
сақтағаны сөзсіз... Бұл кезде Голощекин бейне бір революцияны
түсінбеген
жəне кедейлер комитеттерінің қайырымдылық істерін сезінбеген
көшпенділер
Қазан төңкерісі ауылды қамтыды деп айтуға ешқандай да
құқықты
емес деп тұжырымдады.
Смағұл
Сəдуақасов қазақ ауылдары, негізінен, орташалар деп санады жəне
кеңінен
алғанда, бүкіл қазақ халқы туралы айта отырып, ең алдымен
орташалар
үшін алаңдады. (Оныкі дұрыс болып шықты: 1925 жылғы
РСФСР
Халком кеңесі арнаулы комиссиясының есептеуі бойынша, селолық
жерлерде
64,7 пайыз орташалар, 24 пайыз кедейлер жəне 6,9 пайыз кулактар
бары
анықталды. Қазақстанға қатысты мəліметтердің бұл мəліметтерден
көп
алшақ бола қоюы екіталай.)
Бірақ
, егер, шынында да С.Сəдуақасов байларды экспроприациядан*
қорғаған
болса, онда тұрған не бар? Бұл мəселеге біз кейінірек көңіл
аударамыз
, ал əзірше сол кездің саяси тартысталастары туралы əңгімемізді
жалғастырайық
.
Голощекиннің
Сəдуақасовпен пікірталасы қызған өлкелік комитеттің
Үшінші
пленумында, ауылдың негізі батырақтар мен кедейлер деп санаған
баяндамашы
— Қазақ халком кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов шамамен
Сəдуақасовтың
пайымдауларындағыдай пікір айтты:
“Кейбір жолдастардың ойынша... ауылдағы жағдай өте ауыр немесе одан
шығудың
тек бір ғана жолы бар: ... байлар шаруашылығын
экспроприациялау
керек. Ал мен, жолдастар, басқаша ойлаймын:
Қазақстанда
Совет өкіметі орнағанына он жылдан асып отырған кезде,
қолымызда
пролетарлық мемлекеттің барлық басқару құралдары тұрғанда,
біздің
Октябрь революциясының алғашқы күндеріндегі өкімет билігі үшін
күрес
кезеңінде партиямыз қолдануға мəжбүр болған əдістəсілдерге
жүгінбейақ
, ауыл байларына басқа жолдармен ықпал етуге жеткілікті
күшіміз
бар”.
Нұрмақов
салық саясаты арқылы кооперацияны дамыту жəне басқа
тəсілдерді
қолданып байдың күшін əлсіретуді ұсынды, алайда қолдау
таппады
.
Семейлік
делегат Мусин “байлар құрылысын талқандауды” ұсынды.
Қайыпназаров
Голощекиннің бұдан бір жыл бұрынғы ауылда Кеңес өкіметі
жоқ
деген ойын қайталады; Жандосов кешіктірместен дереу
экспроприацияны
бастауды талап етті. Əйтсе де бұл талап көптеген
қарсылықтар
тудырды. Мұндай асыра сілтеу шаралары “толықтай
анархизмге
” алып баруы мүмкін, онсыз да көптеген губернияларда
“феодалдар” қалған жоқ десті.
“Жандосовтың “ауыл кедейлері байларды өлердей жек көреді” деген пікірі
де
дұрыс емес, — деді Тоғжанов. — Бұл олай емес. Егер жағдай осындай
болған
болса, онда бізге жергілікті жерлерде партиялықсоветтік органдарды
ұйымдастыру
мұншалықты қиындық тудырмаған болар еді.
Ақыр
аяғында, бізде, қазақ жолдастардың арасында, Октябрь революциясы
ауылға
келген жоқ, ауыл революцияға дейінгі күйінде қалды деген кеңінен
таралған
бір пікір бар. Бұл, меніңше, теориялық тұрғыдан да, практикалық
жағынан
да дұрыс емес”.
Голощекин
пікір таластырушылар арасында орталық позицияны иеленді
жəне
тіпті Жандосовты солшылдығы үшін аздап қысып та алды: дей
тұрғанмен
, біз байға қарсы күрестен бас тартпаймыз жəне егер қажет болса,
онда
оны сотқа да береміз, тіпті мəжбүрлік туғанда қан төгуден де
қорықпаймыз
(əрине, байдың қанын). Жандосов болса, “ауылдарды
революциямен
аралап шығуды” ұсынады (осыдан аз уақыт бұрын ғана мұны
Филипп
Исаевичтің өзі ұсынып еді ғой), бірақ “революция оны бірнеше “р”
арқылы
айтумен ғана күшті болып кетпейді”.
Голощекин
əлі асуы алынбаған кезеңдерден “секіріп” өтпеуді, керісінше, ең
алдымен
жағдайды өзгертетін “субъективті органды” жасау, яғни сенімді
ауылдық
бастауыш ұйымдарды, ячейкаларды құруды ұсынды.
Ауылдағы
рулық байланыстың күштілігі сонша, оны бірден жойып жіберу
қиынға
соғатынын, алдағы уақыттағы нұсқауларды іске асыруда сүйеніш
ететін
ауыл коммунистерін тəрбиелеу керек екенін Голощекин жақсы
түсінді
. Өлкелік комитеттің Екінші пленумындаақ ол ауыл коммунисі
туралы
осы “айғайлап тұрған мəселені” көтерген болатын:
“Мен мұнымен шұғылдандым... сонда менің алдымнан мейлінше сұрқай
сурет
ашылды. Ауыл коммунисі партияға өтерде нені басшылыққа алды?
Бір
бастауыш ұйымда... ондағы жолдастар партия мүшелігіне
жазылғандардың
бəріне мемлекет тұқым несиесімен көмектеседі... дегенді
естігендерін
айтты. Семей губерниясында ауылға келген комиссияның:
“Партияға жазылғысы келетіндер бар ма?”— деген сұрағына бай біразырақ
беретін
секілді деп жауап берген”.
— Мүшелікке өтудің сипаты мен себептерінің өзі барынша күмəнді
жағдайда
, — деді Филипп Исаевич, — жарнаны ешкім төлемейді,
коммунистер
90 пайызға сауатсыз. Құжаттардың тұтас қатары көрсетіп
отырғанындай
, таптық күресті түсінушілік жоқ жəне партия мүддесі
түгелдей
партиялықрулық мүддеге бағынған, — деп қорытынды шығарды
ол
.
Жергілікті
жерлердегі большевиктер туралы Үшінші пленумның
делегаттары
да осыған ұқсас бір нəрселерді айтты. Ауыл коммунисінен:
“Айтыңызшы, Коминтерн деген не?” — деп сұраса, “Үлкен комиссар”, — деп
жауап
береді. Саясат деген не? — Қулық. ОАТКОМ, ХАЛКОМ деген не?
Калинин
кім? Мыңбаев ше? Білмейді. (Жалпы алғанда, дұрыс жауап берді;
ал
бүкілодақтық жəне жергілікті старостаның атыжөніне келер болсақ, əлде
соның
бəрі есте сақтала бере ме!)
Ең
басты мəселені түсінбестен бірбірімен қызыл кеңірдек болып айтысқан
шешендердің
сөздерін Голощекин қалт жібермей тыңдады: қазақ
ауылдарына
құйын болып тию үшін бұл ауылды, ең алдымен, экономикалық
жəне
рухани жағынан жікжікке ажыратып, бөлшектеу керек, онда тап
күресін
өршіту, яғни кедейлерді топтастырып, оларды ауқатты адамдарға
қарсы
қою қажет.
Осы
кезде мəжіліс үстінде Голощекин сөз алды: “...Үшінші тоқталайын
дегенім
, əзірге ауылдағы негізгі əлеуметтікэкономикалық жəне басқа
жағдайлар
өзгермей тұрған кезде біз ауылдық бастауыш ұяларды құра
алмаймыз
деген Мусин жолдас қозғаған мəселе туралы. Сырттай қарағанда,
бұл
логикалық тұрғыдан қисынды ой секілді, бірақ дұрыс емес.
Пролетариат
диктатурасы жағдайында біз алдымен соларды өзгертетін ...
субъективті
органды құрамыз. Біз Қазақстанда ауылды басқа арнаға
түсіретін
еңбекшілер кеңесін құрамыз, коммунистік партияны құрамыз...”
Осы
бір айқын дəлелді айғаққа назар аударайық. Голощекин Қазақстанға
қандай
мақсатпен жəне нендей міндеттермен келгені туралы тағы да өз сөзі
арқылы
айқын түсінік береді. Ол револю ция жасау үшін келді. Оның сенімі
бойынша
, мұнда, орталықпен қатынас жолдары арқылы байланыспаған,
сондықтан
да басқарылуы соншама қиын болатын ұланбайтақ аймаққа,
Қазан
төңкерісінің иісі де жетпеген. Елде тоғыз жылдан бері пролетариат
диктатурасы
əрекет етуде, ал мұнда, Голощекинше, пролетариат та,
диктатура
да жоқ. Бəрін басынан, нөлден бастау керек. Еңбекшілер кеңесін,
коммунистік
партияны құру қажет.
Ауылды
кеңестендіру дегеніміз — шын мəнінде, Қазақстанды кеңестендіру.
Сондықтан
“қазақ кедейлерін ұйымдастырмай тұрып, біз өз
жұмысымыздың
барлық салалары бойынша ілгері жылжи алмаймыз”, —
деді
Голощекин Екінші пленумда.
* * *
1925 жылғы Бесінші конференцияның кезіндеақ Филипп Исаевич қазақтар
іс
жүзінде Қазан революциясының иісін сезген жоқ деген түсінікті анық
берген
болатын. Ол сол кезде өзінің ойларын, тіпті оған ешқашан тəн болып
көрмеген
, адамдарға деген əлдебір жылылықпен тұжырымдады (тегінде,
бұлар
бақытты етуге жатқызылған сол бір абстрактілі адамдар болуға тиіс,
əйтпесе
олар өздерінің дамымағандығымен, жете ойлай алмаушылығымен
əлі
де сол бұрынғыдай, өздерінің шексіз даласындағы қараңғы қапастағы
өмірімен
аянышты халде қала бермек). Ол өзінің алдында тұрған аса зор
ауқымды
міндетті — кеңбайтақ өлкесі, сауатсыз көшпенділері, өзінің
халқына
басқалардың тиіспеуін басты мақсат етіп қойып, партаппараттарда,
мəдениет
мекемелерінде, ашық жəне жасырын алашордалықтарда орнығып
алған
бір топ ұлтшылдары бар осынау артта қалған республиканы
кеңестендіруді
бастау сəтінде өз ісін анық мақтаныш еткен сезімге бөленді.
“... Біз кедейге, батыраққа қандай бағыт ұстансақ, жұмысшыларға,
қазақтарға
, қазақ ұлтының бұқарасына да дəл сондай бағыт ұстанамыз;
оларға
, жолдастар, біз əлі жанасқан жоқпыз (ерекшелеген автор. — В.М.).
Міне
, осы қайнар көзге, энергия қайнар көзіне жəне халық ақылойының
қайнар
көзіне, салауатты сезімтүйсік қайнар көзіне біз əлі жақын келген
жоқпыз
. Өйткені “Ауылға жəне деревняға бет түзеу” ұранының мəні осы
халықтық
қайнар көздерге алып келеді, осы қайнар көзден ішуді,
сусындауды
бастау қажет, бірақ онда жылдар бойы тұрып қалғандары мен
дəмі
бұзыла бастағандарынан емес”.
Бұл
Голощекиннің конференциядағы соңғы сөзі болатын. Əрине, тəжірибелі
шешен
ретінде оның өз сөздерінің мəтінін алдын ала қағазға жазып
алмағаны
, тікелей сөйлегені түсінікті. Бі рақ оның сөзі қандай да бір оғаш
əсер
туғызады. Өзінің көпсағаттық баяндамасына тəн барлық тіл
мүкістігінің
, тавтологиялық жəне демагогиялық көпірме сөз орамдарының
үстіне
Филипп Исаевич өз ойын бейнелі сөздермен жеткізу жүйесіне
барынша
сирек жүгінді. Міне, ол бір емес, екі емес,
əлденешемəрте
“қайнаркөз”(источник— ауд.) сөзін қолдана отырып, оны
тікелей
адамдарға қатысты айтады: энергия қайнар көзі, халық ақылойының
қайнар
көзі, салауатты сезімтүйсік қайнар көзі, ақырында, осының бəрін —
адамдар
?— халықтық қайнар көздер (?!) деп атайды жəне осы қайнар көзден
ішуді
бастау керек дегенге дейін барады.
Ал
қазақ халқы деп аталған бұл қайнар көзге оның өзінің қалай
жақындағаны
кейінгі кездері белгілі бола бастады, тек қана бұл
жақындаудың
құрбандарының саны жөнінде зерттеушілердің пікірі бір
жерден
шықпай келеді: аштық құрбандарының саны əлде — бір миллион екі
жүз
мың адам, əлде — бір миллион жеті жүз мың...
“Халықтық қайнар көздерден”, яғни бейнелі ойды нақпанақ мағынасымен
айтқанда
, халықтан, адамдардан ішуге болатын нəрсе не?
Тек
бір ғана нəрсе — қ а н.
...Есімде, мен шеттері жартылай жырымдалған газеттердің тозығы жетіп
сарғайған
беттерін мұқият парақтап отырмын. 1927 жылғы тігінді болатын,
кенет
көзім үстінен айқыш сызықтармен айғыздалған портретке түсті.
Голощекин
бір қырындап, күнге қарсы қарап отыр: бұйра шашы мен
сақалының
ақ талшықтары жылтырап көрінеді, өңменіңнен өткен
көзқарасында
қаталдық бар, астыңғы ерні қымқырылған, ұзын мұрны
салбыраңқы
, бірақ етті емес, шеміршекті, мығым, жəне екі танауы
жыртқыштікіне
ұқсап делдиген. Суретке əдейі осылай түскен бе, əлде
фотограф
бетжүзінің табиғи сипатын тап басқан ба? Қалай болған күнде де,
бұл
— əдеттегі суреттердің бірі емес, оның үстіне, бұл суретті газеттер
бұдан
кейін де жиі қайталап басып отырған. Журналистердің мінезқұлқын
білетін
адам, олардың бірінші басшының талғамынан “хабардар” болғанын
бірден
аңғарады жəне Голощекиннің бұл фотосуретке немкетті қарамағаны
да
онда жақсы көрсетілген. Сондықтан да портрет газет бағандарынан жиі
көрінетін
болды... Сөйтіп, міне, тігіндінің, бəлкім, тіпті əлі тігіліп
үлгермеген
газеттің оқырмандарының бірі “өлкелік комитеттің жауапты
хатшысы
жолдас Голощекиннің” қырынан түскен фотобейнесін көсілте
сызғылап
тастапты жəне көрініп тұрғанындай, əлдеқашан күлгін сия шегіне
жете
ағарып кеткен. Жалбыраған мефистофельдік шоқша сақалының
төменгі
жағына қиғаштай созылып, баспа əріптермен “УБИЙЦА” (қанішер
— ауд.) деген ілеспе жазу түскен. Бұл “Советская степь” газетінің 1927
жылғы
30 мамырдағы нөмірі болатын...
Филипп
Исаевичтің тағы бір шимайланған, бірақ басқа сиямен сызылған
портреті
газеттің 1932 жылғы 7 қараша күнгі нөмірінде кездесті. Онда
“ГНИДА!” (сірке — ауд.) деген түсіндірме сөз болды.
Басқа
жолдастардың портреттері сызылмаған... Атыжөні көрсетілмеген
пікір
білдірушілер Голощекиннің жекебасы мен қызметін,
қазақстандықтардың
тағдырымен ойнаған адамның кім екенін білген.
Сондықтан
да конференциядағы қорытынды сөзді оқыған кезімде, желімдей
жабысып
ығыр қылған, тұтас бір халық туралы түсінік беретін “қайнар көз”
деген
еліктірме сөздің айтылуы маған кездейсоқ болып көрінген жоқ жəне
“халықтық қайнар көзден іше бастау” деген осы бір оғаш та үрейлі сөз
тіркесінен
құлқыны обыр жалмауыздың лəззатшыл құмарпаздығы елес
береді
.
Адам
баласы, тіпті əккі саясаткердің өзі де кейде сезімін құрықтай алмай
қалады
жəне аңдаусызда бір нəрсені айтып қояды. Өз басының ешқашан
қателеспейтіндігі
(өзінеөзі сын көзбен қарау бетпердесін бүркенген), үздік
шешендігі
(кейде баяндамасын екі күн бойы тыңдауға тура келген көп
сағаттық
демогогиясымен айналымға енген), біріменбірі байланысқан басқа
да
желікпелері (психикалық ауру — ауд.) секілді, мейлі, кіші Қазан болса да,
əйтеуір
революция жасауға құныққан ұлықтық маниясы да Голощекинде бір
күнде
пайда болған жоқ.
Филипп
Исаевич сол жолы Бесінші конференцияда əлдебір терең құпияны
аңдамай
айтып қалған жоқ па екен?!
Əрине
, бұл тіптен де тура мағынасында қансорғыш (түпнұсқада — вурдалак
— ауд.) немесе қанішер дегенді білдірмейді.
Бірақ
басқа да адам жанының терең түкпіріне жасырынған, адам қанымен
байланысты
бірқатар ойша үйлесімдер, бейнеленулер мен нышандар
болады
жəне бар да, өйткені адамдардың көз алдында, егер қажет болатын
болса
, “қаннан қорықпай” əрекет етеміз дегенді Голощекин секілді түк
болмағандай
болып, шімірікпей айту (оның 1926 жылы өткен Үшінші
пленумда
мəлімдегеніндей) əркімнің қолынан келе бермейді ғой.
Алайда
революцияны өзінің “мамандығы” етіп таңдаған адамға қаннан
қорқу
деген не, тəйірі?
Робеспьердің
жақын қызметкерлерінің бірі Каррьенің ісəрекеті туралы
Г
.Бабеф былай деп жазды: “Əлде отанды құтқару үшін 23 рет Нантаға суға
батырып
, сол қатарда 600 баланы жаппай ажал құштыру да қажет болып па
еді
? Əлде тыр жалаңаш шешіндірген бозбалалар мен бойжеткен қыздарды
жұптастыра
байлап жəне басынан қылышпен есеңгірете соғып, содан соң
Луарға
лақтырып тастаған “республикалық некелер” керек болып па еді?
...Əлде Нанта түрмесінде аштықтан, жұқпалы аурулардан жəне əртүрлі
қиындық
пен азаптан 10 мың азаматтың өлуі, ал 30 мың адамның атып
өлтірілуі
немесе суға батырылуы... қажет пе еді?.. Əлде... берілу үшін өз
еркімен
келген бүлікшілер армиясының жаяу əскер жəне атты əскер
отрядтарын
оқтың астына алып, қырып салу қажет болып па еді?.. Əлде ...
ең
ересегі əлі 14 жасқа толмаған жəне Каррье “тұншықтырып өлтірілуге тиіс
сұр
жыландар” деп атаған тағы да 500 баланы суға батыру немесе атып
өлтіру
қажет пе еді? Əлде 30дан 40қа дейінгі əйелдерді жүктілігінің
9айында суға батырып, іші нəжіске толы үлкен бөшкеге лақтырылған
балалардың
əлі де дірілдеп жатқан шалажансар денелерінің жантүршігерлік
көрінісін
қызықтау... қажет пе еді?... Əлде əйелдердің əлі тумаған баласын
ішін
жарып алып, оны сүңгіге шаншып суға лақтыру ... керек пе еді? Əлде
Марат
атындағы ротаның солдаттарының көңілінде олардың əрқайсысы бір
стақаннан
қан ішуге қабілетті болуы тиіс деген секілді сенім ұялатудың
қажеттілігі
болып па еді?..”
Ұлы
француз революциясы кезіндегі құмарлық пен құнығудың (қаннан
теңіз
жасаса, қалай “Ұлы” болмасын!) біздің жаңа тарихымыздағы
құнығумен
тікелей қатысы бар: олардың “бостандық, теңдік жəне
бауырластық
” дейтін айна қатесіз бірдей ұрандарын айтпағанда, аяусыздық
пен
қанқұмарлығы екеуінде де “революциялық парызды” орындаудың
сипатты
бір белгісіне айналды (айттыайтпады, қан төгу жағынан алғанда,
барлық
құрбандар тең, бəрі де бақытсыздық жөнінен бауырлар). Ал Каррье
мен
Голощекин жоғарыдан түскен нұсқауды жай ғана орындаушылар емес,
олардың
екеуі де өздерін, əрқайсысы “өз бетінше” халық тағдырын
шешушілерміз
деп санады. Егер біреуі Нантада кіші француз революциясын
ұйымдастырған
болса, онда екіншісі Қазақстанда өзінің кіші Қазан
төңкерісін
жүзеге асырды жəне Қазақстанда геноцид орнатуды талап еткен
кезде
де денесі түршіккен жоқ. Қаннан қорыққан жоқ. Өзінің алдын ала
ескерткеніндей
.
VI
Əйткенмен
қазақ жерінде нұрлы болашақ орнату практикасына қайта
оралайық
.
Қазақ
большевиктері, партиялық тəртіп бойынша, Орталықтан жіберілген
жетекшінің
айтқанын екі етпей, соңына ергеніне қарамастан, көп ұзамайақ
оның
жергілікті жағдайды білмейтініне жəне білгісі де келмейтініне көзі
жеткенде
біртіндеп өздерінің жеке пікірлерін білдіре бастады. Қарсылықты
Голощекин
ұнатпады, сондықтан қыңырлармен күреске барлық қолжетерлік
əдістер
арқылы шықты.
Егер
оның Қазақстанда билік жүргізген алғашқы жылдарында іс саяси
қарсыластарына
дене жазасын қолдануға дейін жетпеген болса, онда бұл
“Жорж” Голощекинді оның досы Яков Михайлович Свердловтың
атағанындай
, осындай “жақсы жігіттің” кінəсінен емес. Тіпті, ОКнің
басшылығында
отырған басқа бір “жақсы жігіт” Кобаның яки Иосиф
Виссарионович
Сталиннің өзі де ол кезде қарсыластарын тізе бүктірудің
жеңіл
əдісіне — сүйкімді “жолдас маузерге” сөз бере алған жоқ. Міне, енді
жеңіл
де дұрыс əрекеттің орнына, партиялас достарымен иісі шығып
шіріген
интеллигенттік айтыстартыстарды өршітуге тура келеді...
Шахталық
(1928 жыл), Еңбекші Шаруалар партиясы (1930 жылы жабық есік
жағдайында
өткен), Өнеркəсіп партиясы (Промпартия, 1930 жыл) деп
аталатын
алғашқы арандатушы процестерде айыпталғандардың ішінде
коммунистер
болған жоқ.
Тек
1931 жылы ғана Сталин өзінің саяси қарсыласын атып өлтіруді алғаш
рет
ашық талап етті. Ол қазір кеңінен белгілі Рютин болатын. Алайда Саяси
бюро
өз көсемінің террорлық əрекет жасауына жол бермеді — Рютин тек
партиядан
ғана шығарылды...
Бір
сөзбен айтқанда, ұйымдастырудағы мұндай қолайсыздықтар Филипп
Исаевич
Голощекинге қатты бөгет жасады, сондықтан ол мəселені батыл
шешудің
орнына ұзаққа созылған “парламенттік” күрес жүргізуге мəжбүр
болды
.
Əттеңай
, амал қанша, оның қыңыршəлкес “ұлттықтармен” əңгімені бір
демде
жəне біржола бітіріп тастағысыақ келіп еді! Сөйлеген сөздерінің
бірінде
оның өзінің ішкі тілегі туралы “аңдаусызда” жəне жанама түрде
айтып
қалғаны да тегін еместін. Бұл жағдай 1928 жылдың 16 қазанындағы
қызылордалық
партактивтің жиналысында болған еді. Өзінің ұзын сонар
сөзіне
қызып алған Голощекин былай деп мəлімдеді:
“...Жалпы, мен топшылдық туралы айтқанда, ұлтшылдықты меңзеймін...
Мен
Сəдуақасовшылдықты еске алған кезімде, қожановшылдықты да,
рысқұловшылдықты
да, меңдешевшілдікті де жəне олармен кімдер бірге
болса
, солардың бəрі туралы айтқан болып шығамын. Олардың бəрі
бірбірімен
тонның ішкі бауындай болып тіл табысып алған.
Топшылдықтың
объективті жағдайлары бізде əлі толығымен жойылып
біткен
жоқ, ескі көсемдер тірі, олар əлі жер басып жүр (ерекшелеген автор.
— В.М.), рас, қазақстандық емес...”
Бұл
сөздерде қаншама өкініш, тіпті қайғы бар десеңізші!..
Филипп
Исаевич бірден қатты кетпей, жайлап, ақырындап бастады... Қазақ
өлкелік
комитеті Екінші пленумында жасаған саяси есептің “Идеологиялық
ауытқулар
туралы” деген тарауында ол алдымен “аздыкөпті дəрежеде ...
орыстарда
кездесетін” шовинизм туралы дəстүрлі сөз ағынын ағытып алып,
ал
“қазақтарда ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады” дей келіп, “бұл
ұлттық
сананың жетекшісі” б а й дегенді сенімді түрде н ы ғ а р л а п айтты.
“Қазір бізде ауылда не қауіпті? — деген сауал тастады Голощекин одан əрі.
— Кедейлене түсу ме, байи түсу ме?.. Кедейленуден келер үлкен қауіп жоқ...
Мен
, жолдастар, қайталап айтамын, бұл мəселеге тіпті тоқталмауға да болар
еді
жəне бұдан үлкен шу тудырудың керек еместігі одан да бетер көрініп
тұр
, əйтсе де, бірақ, бұл туралы айтса да, айтпаса да, бұған біразырақ көңіл
аудару
қажет... Мұнда, егер біз жікшілдерді тасталқан етіп қиратуға
кірісетін
болсақ, жақсы болмайды. Бұлай етуге болмайды. Қазақ
коммунисінің
ерекше жағдайын ескеру қажет.
...Кімдер бұра тартып түзу жолдан ауытқыса, соларға төзімділік,
шыдамдылық
танытып, тəрбие мен білім беру жəне үлкен сенім көрсету
қажет
”.
Ол
алғашында өзін көпшілікке төзімді де қамқор тəрбиеші ретінде
көрсетуге
тырысып бақты.
Одан
кейін аяусыз қатал күрес басталды.
Голощекин
ауылды бөлшектеп, онда қарсылыққа жолықпауы мүмкін емес
тап
күресін өрістетуді міндет етіп қойды.
Қазақ
ауылдарында тап күресін жүзеге асыру 1927 жылы кең ауқымда
басталып
кетті. “Советская степь” 14 ақпанда Александровтың “Ауылдағы
Октябрь
мəселесіне” (“К вопросу об Октябре в ауле”) деген мақаласын
басты
.
“... Деревня өзінің Октябрін бастан өткерді, — деп жазды автор, кедейлер
комитетінің
қайырымдылық қызметіне айқын ишара жасап, — ал ауылда біз
қазір
Октябрь мəселесін шешкен жоқпыз, оны тек күн тəртібіне ғана
қойдық
... Бізде, орталықта, пролетариат диктатурасы, ал ауылда байлар
үстемдігі
бар”.
Күзде
Кеңестерге сайлау кезінде ондаған тəжірибелі қызметкерлер
жергілікті
жерлерге жіберілді. “Алғаш рет партия ауылда таптар
арасындағы
шекара сызығын жүргізді, — деп жазды Голощекин 1927
жылдың
1 қарашасындағы “Советская степь” газетінде, — жəне қазақ
кедейлері
мен орташаларының ру атынан сөйлейтін өкілге емес, өз
еңбегінің
мүдделерін білдіруші ретіндегі Кеңеске ие болуына көмектесті”.
Кейіннен
“шолақ белсенді” деген абыройсыз атағы шыққан адамдардан
құралған
армия осылай қалыптасты. Қазақ жеріндегі кедейлер комитеттері
өзініңіскешорқақтығыменқарақшылығыжағынан
ресейлік комбедтерден
(кедейлер комитеті) бір де қалысқан жоқ. Басқаша болуы мүмкін де емес еді:
оған
бірінші кезекте айғайшыл жалқаулар мен жатыпішерлер, басқаруды
ұнататын
билікқұмарлар мен бір нəрсені өзіне қарай тартып, талантараж
жасауды
білетіндер кірді. Азғындық пен бұзақылық биліктің қолдауымен
“ауыл бұқарасының қалың ортасына” бойлап енді...
1927 жылдың қарашасында Қызылордада Алтыншы Бүкілқазақстандық
партконференция
болып, онда Голощекин “ұлтшылжікшілдердің” əлі де
қасарысып
, өзіне қарсы шығуын қоймай келе жатқан тобына шешуші
тойтарыс
берді.
Олармен
арадағы пікірталаста алғаш рет “ауыр артиллерияны” қолданды.
“Сіздерді өлкелік комитеттің барлық бағыттағы жолына дұрыстап түсіру
үшін
, — деп бастады ол баяндамасын, — мен өзіме аздаған анайылық
көрсетуге
рұқсат етемін”. Филипп Исаевич, Үшінші пленумнан кейін, өзіне
“реніштілердің”Орталық Комитетке қалай шағымданғанын еске түсірді.
“Маған ОКден, ең болмағанда, оның хатшыларынан бізге баға беруді сұрау
туралы
ой келді”. Барлық хатшылардың ішінен ол бас хатшыны таңдады.
Сөйтіп
, ол өзінің “ж.Сталинге бес сұрағын” оқыды. “Біз Кеңестерді
жандандыру
туралы мəселе қойған жоқпыз, шынайы Кеңестерді
ұйымдастыру
мəселесін қойдық. Осы көзқараста біздің ұйымымыздың 9/10
бөлігі
тұр, тек болмашы азшылық қана (бір жағынан — Сəдуақасов), бұл,
əсіресе
, тап күресі жөнінде, ауылдағы “Октябрь” туралы мəселе қою
дегеніміз
— “азамат соғысы” деген сөз, ал мұның өзі ХІV съездің қаулысына
қайшы
келеді, — деп айғайлайды жəне (екінші жақтан — Жандосов) бұл
шараларды
уақытша далбаса санап, экспроприацияға баруды ұсынады.
Міне
, өлкелік комитеттің осы негізгі бағыты туралы біз жауап күтеміз”.
Бұдан
əрі партиялық құрылысқа, ұлтаралық қатынасқа байланысты,
аппаратты
байырғыландыру жəне ақырында, Қазақстандағы “саясаттың
барлық
бағыттары” туралы сұрақтар тізбеленген.
“Іс жүзінде, — деп таңырқады Голощекин, — Қазақстан ұлттық қазақ кеңес
мемлекеті
ретінде құрылды, ал шынайы еңбекшілер Кеңестері ауылда
жоқ
...”
— Бұған мен өте қысқа жауап алдым, — деп Филипп Исаевич мүлəйімси
ескертті
де, одан кейін тарихи сөзді оқыды:
“Жолд. Голощекин! Менің ойымша, осы хатта белгіленген саясат, негізінен,
бірденбір
дұрыс саясат болып табылады. И. Сталин”.
Кешірім
(күнə жасауға рұқсат — ауд.) берілді, екі қолға ерік тиді. Енді
“шағынымпаздармен” тəжікелесіп тұрмауға болатын болды.
Əйтсе
де, Филипп Исаевич өзінің беделіне қол сұғылмауын бірден жəне
біржола
бекітіп алғысы келді. Сəл кейінірек ол делегаттарға: “Маған жəне
басқа
жолдастарға Владимир Ильич берген мандатты мен өзімнен кездейсоқ
тауып
алдым, ол Владимир Ильичтің өз қолымен жазылған болатын” , —
деп
хабарлап, екінші соққы берді. Əрине, Түрік комиссиясын құру туралы
1919 жылға тиісті жəне күн тəртібіне ешқандай қатысы жоқ бұл құжат та
түгелімен
оқылды.
Голощекин
сиқырлы күштің құдіретін, ал кеңестік жүйе жағдайында
беделдің
нақты күшін жақсы білді. Бəлкім, сондықтан да ол өзінің көзір
картасын
əбден толғағы жетіп, уақыты келгенге дейін жасырып ұстаған
болар
. Ал осы кезден бастап оны бұл өлкеге кімнің жібергенін жəне қазірде
оның
саясатын “бірденбір дұрыс” деп санап, кімнің қолдайтынын бəрі де
біліп
жүруге тиіс болды.
Осы
конференцияға дейін ол өзінің партиялас жолдастарымен ешқашан да
мұншама
арсыздықпен əрі дөрекі сөйлесіп көрген жоқ, өзінің жеңісіне де
дəл
осыншалықты құмардан шыға тəнті болып көрген емес. Ұлттық
мəселеде
“дұшпандық” жасаған “оппозицияның” көзқарастарын өлкелік
комитеттің
бірінші хатшысы “өсектің бықсығы, əр алуан ұлттық бағыттағы
ұрандар
жиынтығы” ретінде көрсетті.
1927 жылдың 22 қарашасында “Советская степь” газетінде жарияланған
баяндаманың
шағын үзіндісінің өзіақ айтылған сынның сипаты туралы
түсінік
береді.
“Голощекин:
— Қазақстаннан өсек жинау қиын емес, оларға (оппозиционерлерге), əрине,
Сəдуақасов
та, Мыңбаев та айтқан, ал жазған — Тойбо. Түрікменстаннан
Тумайлов
жазды.
Тойбо
:
— Менің олармен ешқандай қатысым жоқ. Голощекин:
— Бұл сіздің досыңыз, оны алып қалаған жағыңызға барыңыз,
Гинденбургтің
, Абрамовичтің партиясына, ол сізді шақырады...
Енді
мен мұндағы, Қазақстандағы, басшылыққа қатысты айтқым келеді.
Сіздер
Зиновьевтің не дегенін білесіздер: “Голощекиннің жеке
билептөстеуіне
Қазақстан берілді”. — Бұл Мыңбаевтың сөзі (күлкі).
Айтыңыздаршы
, қазақстандық ұйымда жаппай қазақ ұйымдарының
осындай
кең құлашты өрлеуі мен өсуін біз қашан, қай жылдары көріп едік?
Ешқашан
да осы жылдардағыдай болған емес... Мейлі, кез келген топтың
“көсемдері” өлкелік комитетке қарсы шығып көрсін, олардың бəрі бір
аптаның
ішінде тапталып қалады. (Айғай-шулы қол шапалақтау.)
...Мен өзімнің кіріспе сөзімде айтқан жақшаларды жақсылап ашамын. Мен:
“Қазақстандық ұйым осы жылдар ішінде өсіпжетілді жəне өзінің бойынан
қолаяғын
бұғаулап таңып тастаған жөргегін лақтырып тастады”, —
дегенмін
. Білесіздер ме, жөргекті лақтырған кезде ол соншалықты таза
болмайды
, міне, дəл сол таза емес жөргекті ол өз денесінен сыпырып
тастады
. (Күлкі, қол ша- палақтаулар.)
Тойбо
:
— Түсінбедік! Голощекин:
— Иіскеңіз! (Күлкі, қол шапалақтаулар.)”
...Кейінгі жылдары да күлкіге батып, алақандарын ауырта қол соқты —
мəжіліс
залының есігінің сыртында аштықтан ісініпкепкен адамдар
бораннан
ыққан малдай ұйлыға улапшулап жүрген кезде де... Қалайша
күлмеске
— бастық қалжың айтады, оның көңіл күйі жақсы. Құлақкесті құл
орнындағы
бағыныштылар үшін осындай қуанышты сəтке ортақ болудан
асқан
бақыт та, мереке де жоқ.
Ал
Голощекин мінбер мен төралқада би лік жүргізді. Ілікпе сөзбен жұртты
қақпайлап
, сөйлеушілерге тойтарыс беріп отырды, өзінің дөрекі
тапқырлығына
масаттанды...
Ораз
Жандосов:
— Біз Нұрмақов жолдас айтқандай, соқыр ұлтшылдар емеспіз, мүлде
саналы
... — деді. Голощекин:
— Соқыр емес, көзі бар! — деп бөлді оның сөзін.
(Залда қайтадан қарқылдаған күлкілер естіліп, шуылдаса қол соқты...)
Филипп
Исаевич ауылда жүргізілген “кіші Октябрь” жөніндегі тəжірибесін
жомарттықпен
бөлісті— ол шабындық пен егістік жерлерді қайта бөлуді
осылай
атаған болатын.
“Екінші пленумда жолд. Сəдуақасов айғайлап, қарсы болған нəрсе осы, бұл
— дəл сол кіші Октябрьдің өзі. Біз шындық жағдайда, іс жүзінде жерге
мүдделілік
тұрғысынан кедейлерді байлармен қақтығыстырдық, оның жерді
байдан
тартып алуына көмектестік, соған мəжбүрледік... Тап күресі
дегеніміз
— осы!”
Оның
таңғалуы түсінікті: екі жыл бойы оның бар бітіргені адамдарды
біріменбірін
жауластыру, ауылды бөлшектеу болды. “Бөлшекте де, билей
бер
!” деген ежелгі көне ұстанымның біздің “көзінен өткен тарамыс жіп
тəрізді
, тап күресі” ұғымынан Филипп Исаевичтің түсінігіне айналуы
осындай
түр алды. Шындап келгенде, тап тартысын өршітуде Голощекин
өзінің
ашқан жаңалығымен емес, ұстаздарының салған соқпақ жолымен
жүрді
. Мəселен, солардың бірі БОАТКОМ төрағасы Я.М.Свердлов 1918
жылдың
20 мамырындаақ большевиктік басты бағытты былайша
тұжырымдады
:
“Тек сол жағдайда ғана, егер біз деревняны бірбірімен бітімге келіспейтін
өзара
жау екі лагерьге бөле алатын болсақ, егер біз онда қалаларда жүріп
өткеніне
көп уақыт бола қоймаған дəл сол азамат соғысын тұтандыра
алатын
болсақ, егер деревня кедейлерін деревня буржуазиясына қарсы қою
біздің
қолымыздан келетін болса, тек осы жағдайда ғана біз қалалар үшін не
істеген
болсақ, деревняға қатысты да соны істеп жатырмыз деп айта
аламыз
”. Міне, олардың қалалар мен деревнялар үшін істегісі келгендері не
еді
— азамат соғысын тұтандыру! Өйткені адамдарды бірбіріне өшіктіріп,
айдап
салу арқылы жəне оларды бірінбірі жоюға мəжбүрлеу жолымен ғана
басқыншылар
билікті ұстап тұра алған...
Далалықтардың
шаруашылығы, олардың өмірінің материалдық деңгейі,
əлауқаты
Голощекинді бəрінен де аз алаңдатты. Ол өзі оң көзімен қараған
“абстрактілі (дерексізденген — ауд.) адамды”, яғни іс жүзінде
жалпыландырылған
, құлданылған адамды абстрактілі идеялармен, іс
жүзінде
жалпыландыру мен құлданудың нақты идеяларымен бақытты етуге
тиіс
болды. Яғни, бақыттың мəні тап күресінде, біреудің біреуді жоюымен
анықталды
...
Сөйтіп
, тап тартысы барған сайын үстіүстіне үдей түсті де, қой мен жылқы
саны
азая берді. Ал күрес өз шыңына шыққан кезде адамдар аштықтан
қырыла
бастады...
Қожайынның
көңілінен шығуға тырысқан жарамсақтар оған қызмет
көрсеткенсіп
, аузынан шыққан əр сөзін жарыса, жамырай қайталасты:
— Қазақ ауылдарында Октябрь болған жоқ, егістік жəне шабындық
жерлерді
қайта бөлу түрінде кіші Октябрь ғана болып өтті. Біз кедейлерге
өндіріс
құралдарын берген жоқпыз. Ол үшін ауыл байларын түбегейлі
ауыздықтау
керек... Қазақ ауылдарында экспроприаторларды
экспроприациялайтын
шешім қабылдау қажет. (Ж.Сəдуақасов, Сырдария
губерниясынан
келген делегат).
Оның
даңқын асырысты:
— Кеңес өкіметі орнағалы он жыл. Қазақ республикасына жеті жыл толды,
бірақ
ұйым жұмысының практикалық нəтижелерін... біз ауылда соңғы екі
жыл
ішінде ғана, жолдас Голощекиннің басшылыққа келген жəне жұмысын
бастаған
кезеңінен бері ғана көріп отырмыз. Ауылдан көтерілген қайраткер
ретінде
мен ауылда болып жатқан ірі өзгерістер туралы куəлік бере аламын
(Е.Ерназаров “Бүкілқазақтық ақсақал” — “Бүкілодақтық старостаның”
жергілікті
ұқсасы).
Осыларға
ілесе, бір кісідей бірігіп, Смағұл Сəдуақасовты таптасты:
— Сəдуақасовпен ойнағанымыз жетеді. Сəдуақасовтар біздің партиямыздың
жұмысына
көмектеспейді, керісінше оны бөгейді (Тоқтабаев жəне
басқалар
).
Əсіресе
бұл таптауда Ізмұқан Құрамысов — осыдан кейін көп ұзамайақ
өлкелік
комитеттің екінші хатшысы болып бекітілген, мінберде əрқашан да
жарыместеу
адамның кейпінде ойнайтын келемежшілдемагог алға шықты:
— ...Оның (С.Сəдуақасовтың) сөзі бойынша, социализмге бет алған көштің
алдын
бай мен кулак бастайтын сияқты (күлкі).
...Енді ол: егер сіздер байдың меншігінен сөзсіз айырғыларыңыз келетін
болса
, маған ауыр тиеді дейді, — байды да, кулакты да
экспроприациялайтын
боламыз (күлкі).
Мен
бұдан бұрын социализмге Сəдуақасов, кулак жəне бай болып үшеулеп
барады
дегенмін. Менің ойымша, жолдастар, бұл əбден сасыпшіріген пікір,
мəселенің
бізше емес, партиялық тұрғыдан емес түрдегі қойылуы...
Индустрияландыру
мəселесі бойынша Сəдуақасов өзінің картасын ашқан
жоқ
. Ол бұрын былай деген еді:
— Егер бізде тері бар болатын болса, оны Москваға тасудың қажеті жоқ,
Қазақстанда
завод салып, өзіміздің қазақтық жеке (күлкі) ұлттық терімізді
өңдеуіміз
қажет (күлкі)... Ал москвалық жəне орталық заводтар тоқтап қала
ма
, оның мұнымен ешқандай ісі жоқ...
Сол
кезде Смағұл Сəдуақасовты Қазақстанда өңдеуші өнеркəсіп құру
жөніндегі
ұсынысы үшін қалай қатты сынап əшкерелесе де... ол
“Большевик” журналында: “Алдымен жуылған жүнді Москваға, одан соң
осы
жүннен тоқылған “москвалық” шұғаны қайтадан Қазақстанға екінші
рет
тасығанша, бірден Қазақстаннан дайын шұғаны тасыған жеңіл емес
пе
?” — деген тұжырымын айтуыақ мұң екен, оған газеттерде қолмақол
байшылдық
идеологиясы туралы айыптаулармен тап берісіп, дүрсе қоя
берді
. Ол кезде əлі қайта құрмаған болатын, тек енді ғана бастаған...
Дегенмен
тек қайта құру ғана ма екен? Өйткені ол кезде əлі бəрін қиратып
үлгермегенді
. Сол кездің прогресін жүргізушілердің көзіне “ұсақ
буржуазиялық
меншік иесі”, күбіде ашытылған қамырға ұқсап,
ашықтанашық
баюға ұмтылған санасы төмен шаруалардан пайда
болатындай
болып көрінді, сондықтан да зиянды түйсікке дер кезінде соққы
беру
жəне соққыны большевикше беру керек болды!.. Дзержинский өзі қаза
табатын
күні, 1926 жылдың 20 шілдесінде, бұл бағыт туралы ОК мен ОКК
БК
(б)П бақылау Комиссиясы Орталығының пленумында былай деді:
“...Ал жекеменшік иесі қай жерде күшті? Астық дайындау, тері дайындау
салаларында
, яғни ж. Каменевтің қарауындағы салаларда. Ал ол мұнда келіп
жылайды
: “Бізде бəрі жаман, мұжық байып барады, оның тұрмыс жағдайы,
əлауқаты
жақсаруда”, — деп. Ал жолд. Пятаков: “Деревня баюда”, — дейді.
Міне
, бақытсыздық! Біздің мемлекет қайраткерлері — өнеркəсіп пен сауда
өкілдері
мұжықтың əлауқатының жақсарғандығы туралы көз жастарын
төгеді
. Ал қандай əлауқат? 400 миллион. Мұжықтар бауырына 4 рубльден
қор
жинаған”. (Күлкі, дауыстар: “Əлі де аз!”)
Тіпті
, бұл жендет те достарының шағынуының қаншалықты ерсі екенін
түйсінген
. Алайда “темір Феликс” шаруалар “пролетариаттың” басты жауы,
“ұсақ буржуазияшылдықтың” қайнар көзі деп əрқашан үйреткен Ильичтің
сабақтарын
анық ұмытып кеткенге ұқсайды...
Филипп
Исаевичті, дəл сол Пятаков пен Каменевтер секілді, ауылды
қалайша
артық байытып жібермеу керектігі алаңдатты. “Бай өсуде”, — деп
қайталады
ол үстіүстіне жəне байлардағы молшылыққа соққы беруге
шақырды
.
Алтыншы
конференцияда Смағұл Сəдуақасовтың, сірə, биік мінберге
көтерілуіне
соңғы рет рұқсат етілді.
“Жолдастар, ж. Голощекин өзінің 6,5 сағаттық баяндамасында уақыттың қақ
жартысын
дерліктей маған қарсы айтылған айыптау сөздерге арнады,— деді
ол
. — Басты мəселелерге түсінік берумен шектелемін...”
Сəдуақасов
қазақ ауылындағы саясатты дұрыс емес деп атады. Орташа,
оның
пікірінше, орталық тұлға, ал оны нақпанақ жеткілікті бағаламайды,
“елемейді”.
“Голощекин бізде ауыл əлі күнге дейін феодалдық... болғандықтан,
экспроприация
қажет деп дəлелдейді. Мен мұны дұрыс емес деп санаймын...
Төрт
жыл бұрын Вайнштейн экспроприация туралы айтты... Бұл мəселе
революциялық
əрекеттер үшін емес, жекебастың революцияшылдығын
көрсету
үшін көтерілуде”.
Сəдуақасов
қазақ ауылына қарай таяп келе жатқан күйзеліс пен нəубетті
болдырмауға
тырысқандардың соңғысы болды.
Бұл
қарсаңда С.Қожанов өлкелік комитетке жартылай өкініш білдірген
хатын
жазды жəне ол хат конференцияда оқылды. Қожанов “рулық
феодалдарды
батыл түрде түп тамырымен жою керек” деген қорытындыға
келді
. Ол Жандосовтың бұл “жоюды барша байларға қатысты қолдануы”
дұрыс
емес деп санады, “ал Сəдуақасовтың қателігі “рулық феодалдарға
қатысты
” батыл шаралардың қажеттілігін теріске шығаруында” деді.
Голощекиннің
тағы бір қарсыласы Тұрар Рысқұлов Мəскеуде, Халком
кеңесінде
жұмыс істегендіктен, қазақстандық істерден алыста болды.
Баяндама
мен жарыссөздерде жақсы дайындалып, Сəдуақасовқа
бағытталған
шабуылдардан кейін Филипп Исаевичке өзінің тұрақты саяси
қарсыласымен
күресін біржола аяқтаудың орайы келді. Қорытынды сөзінде
ол
əдеттегідей шын мəніндегі əңгімеден көпірме бос сөздер арқылы
жалтарып
, “Түсінесіздер ме, жолд. Сəдуақасов маған қарағанда өзін көбірек
интернационалистпін
деп айтады (күл- кі), ...өйткені бұған күлетін тек
сіздер
ғана емес, əтеш те күлетін болады (күлкі)”, — деп Сəдуақасовты тағы
да
бір рет масқаралап өтті де, одан соң түпкілікті үкімін жария етті: “...
Алайда
байшыл, алашордашыл, Сəдуақасовшыл ұлтшылдық бар”.
1928 жылдың 23 мамырында, Голощекин, қызылордалық партактивке
қазақстандық
ұйымның жұмысын ОК БК(б)Пның қалай бағалағаны туралы
баян
етті.
Саяси
бағыт дұрыс, өлкелік комитеттің жұмысы қанағаттанарлық деп
танылған
.
“Жолдас Сталин өзінің Саяси бюродағы сөзін біздің негізгі жетістігіміз...
атап
айтқанда, қазақтардан шыққан маркстік кадрлардың ... өскенінде,
алайда
бұл өсу əлі де баяу жəне əлсіз екенін айтудан бастады”.
Саяси
бюро Алтыншы конференцияның малды тəркілеу жəне ірі байларды
жер
аудару туралы шешімін құптады.
“Егер қазірге дейін теорияда жəне тіпті практикада “советтік бай” деп
айтуға
мүмкіндік болған болса, онда енді бұдан былай бұлай болмайды
жəне
байлар бізбен тап жаулары ретінде күреске түседі. Жəне олар көптеген
адамдарды
өздеріне тартады (алашордалықтарды, интеллигенция деп
аталатын
əрісəрі болып, толқып жүргендерді жəне коммунистік қатардан да
əлдекімдерді
)... — деп мəлімдеді Голощекин жəне өздерін коммунистен гөрі
қазақ
ретінде жиі сезінетін жергілікті партия мүшелеріне қынжылыс
білдірді
. — Біз өздері осыған мүдделі бұқара көпшіліктің ішінде де кедергіге
жолығамыз
”.
Демек
, еңбекшілер бұқарасы да байдан жақсы емес екен! Бұдан тұптура
мынадай
кереғарлық шығады: олар байларды тəркілеуге мүдделі жəне
өздері
осыған бөгет болады.
“Біз қазір дұрыс пролетарлық саясат жағдайында... тап күресінің
шиеленісуін
бастан кешіп отырмыз. Біз аса зор тазарту аймағына ендік...” —
дегенді
салтанатты түрде жария етті Филипп Исаевич.
* * *
Ал
“ауылдағы Октябрь” туралы — “орталық мəселенің” жайы қалай?
1928 жылдың күзінде Қазақстанның партия ұйымы “тағы да бір маңызды
əлеуметтікэкономикалық
шараны табысты жүргізді” — Кеңес өкіметінің
қастасқан
жауларының, 700 ірі байжартылай феодалдардың малы мен мүлкі
тəркіленді
, — деп хабарлайды партиялық тарихшылар. — Барлық
тəркіленген
мүліктер (150 мың бас мал, ауыл шаруашылық құралдары,
көлікқатынас
құралдары т.б.) қазақ еңбекші бұқарасына берілді. Бұл
бұрынғы
20 мыңнан астам батырақтар мен кедейлер шаруашылығын, мыңға
жуық
колхозды нығайтуға, 293 жаңа ауылшаруашылық артелін жəне 5
совхоз
құруға мүмкіндік берді. Тəркілеу... байлардың ауылдағы
экономикалық
та, саяси да ықпалын айтарлықтай əлсіретті. Сонымен бірге
ауыл
экономикасының жəне оның социалистік құрылысының одан əрі
дамуы
үшін қолайлы жағдайлар жасалды.
Жазда
“Тек байлардың ғана емес, орташалардың да мал мен мүлкін тартып
алады
” деген қорқынышты сыбыс қыр төсінде желдей есті. Адамдар
малдарын
сатып, көшуге дайындалды. Мəселенің ушыққаны сонша,
ҚазОАТКОМ
Қазақстанның барлық еңбекшілеріне үндеу тастап: “Өсек
арандатушылықпен
тараған, ешқандай да тартып алу болмайды, кəмпеске
тек
“бұрынғы хандар мен сұлтандар ұрпағының ішінен шыққан” ірі
байларға
ғана қатысты жүреді”, — деп түсіндіруге мəжбүр болды.
Бастапқыда
кəмпескеге 1500 шаруашылықты жатқызбақшы болды, бірақ
ОК
, Голощекин айтқандай, “мұны шектеді”. Жартылай феодалға 100ден 400
басқа
дейін малы барлар (ірі мал есебімен) жатқызылды. Жарлық
жарияланған
күннің ертеңінде Құрамысов: “Ауылды “революция
самалымен
желдетудің” уақыты жетті, “ауыл бұқарасының жауыз
қанаушылары
жəне социалистік құрылыстың қас жаулары” жартылай
феодалбайлардың
барында ауыл кедейлері оларға кіріптар болудың
ауыртпалығынан
, кедейшілік пен аурусырқаулықтан құтыла алмайды”, —
деп
жазды.
Жауыз
қанаушы қанша адамды қанады?
Кейінірек
БОАТКОМның сессиясында сөйлеген ҚазОАТКОМның төрағасы
Елтай
Ерназаровтың көрсетуі бойынша, қазақ байы бірнеше батырақ
ұстаған
. “Мысалы, бай өз маңайында 10—15 қоңсы, яғни кедейлер ұстайды,
бұл
кедейлердің бəрі де байға жұмыс істейді, еңбекақыны біреуі алады,
басқасына
қалғанқұтқан жуындышайынды ғана тиеді”.
Демек
, қанаудан 7ден 10 мыңға дейін батырақ босаған. Аз емес, əрине, əйтсе
де
қыр елінде қаналғандар саны соншалықты көп емес деген сөз.
Айтпақшы
, “қанаушылар” еңбекшілерді қалай қысса да, “жуындышайынды,
сүйексаяқпен
” азықтандырса да, оларда аштықтан ешкім де өлген жоқ.
Екіүш
жылдан соң қанаушылар əлдеқашан жат өлкелерге қуылып, еркіндік
алған
қыр қазағына түп көтеріле ұжымдасуды таңған кезде, жаппай індет
пен
лаң басталды...
Кəмпескелеудің
жүргізілуі туралы жергілікті жерлерден келіп жеткен
хабарлар
қайшылықты болды. Мəселен, Алматы округінен жолданған
жеделхатта
ірі байларды жер аудару туралы декреттің жарияланған күні
мерекеге
айналды делінген; семейліктер кəмпескелеуді өлкелік комитеттің
рұқсат
етуінен бұрынақ бастап кеткен жəне “тек байларды ғана емес,
сонымен
қатар орташаларды да қамтыды жəне олардың саяси қателігі де
осында
”.
“Советская степь” 1928 жылдың 13 қарашасында былай деп жазды:
“Кəмпескелеуді аяқтауда (Ақтөбе округі)
Жергілікті
жерден келген алдын ала мəліметтер бойынша, 60 жартылай
феодалбайдан
14839,5 бас мал (ірі мал есебімен) тəркіленген. Сонымен
бірге
, төмендегі ауыл шаруашылық мүкəммалдар мен əртүрлі мүліктер
алынды
: 16 киіз үй, 11 жер үй (!), 6 шөп шабатын машина, 4 атпен жүретін
тырмауыш
, 7 сайжыраға арналған тырма, 3 бункер, 26 кілем, 26 киіз жəне
т
.б.”
Көріп
отырғанымыздай, шөп шабатын машина, сайжыралы жерге арналған
тырма
жартылай феодалжауыз қанаушылардың əрқайсысында бола
бермеген
, тіпті кілем мен киіз де айтарлықтай көп болмаған. Егер бір
нəрселерге
иелік еткен болса, онда тек малға ғана...
Көп
ұзамай Ф.И.Голощекин конференцияның қорытындысын шығарды —
сөйлеген
сөзі алдымен “Правдада”, одан соң “Советская степьте”
жарияланды
. Өзінің 34 желтоқсандағы мақаласын ол “Қазақ ауылындағы
Қазан
” (“Октябрь в Казахском ауле”) деп атады. Сірə, өлкелік комитеттің
жарамсақтары
жақтары тынбай əндеткеніндей, өзінің теориялық қабілетіне
əбден
сенімді Филипп Исаевич: “Бұл тəжірибе сонымен де қызықты, біз та-
рихта
алғаш рет (ерекшелеген автор. — В.М.) мал кəмпескесін жүргізіп
отырмыз
, ал бұл жерді кəмпескелеуден анағұрлым қиын да күрделі” дегенді
барынша
байыптылықпен айтты.
Көрдіңіз
бе, тарихта бірінші рет! Міне, тарихи жетістік қайда жатыр...
Көшпенді
халық қанша ғасыр өмір сүрген болса, бірініңбірі жылқысы мен
қойын
сонша рет қуып əкетіп отырды жəне əрине, мұны тонау деп емес,
кəмпеске
деп атауға болатынына ешбір күмəн келтірместен солай еткен. Бұл
тонауды
күрделілендіретін қиындық малды қайта санаудан жəне
тонаушылардың
ұрлық малды қай сайға немесе таудың қай қуысына
жасырғанын
байдың біліп алуынан артық ештеме еместін...
“Бүкіл науқанды біздің ұйымымыздың қазақ бөлігі жүргізді. Қазақ
коммунистер
i революциялық емтиханнан сүрінбей өтті, революция
күзетінде
нық тұрды, — деп жазды Филипп Исаевич. — Кейбір байлар: “Біз
беделімізге
сүйендік, ал совет өкіметі бізден айлалы болып шықты. Ол
кедейлерді
біздің малымызбен сатып алып, біздің беделімізді жойды”, —
деді
. Нақтысында, мəселе мүлде бұлай емес. Бай малмен сатып алды...”
Бəлкім
, алғашында бұл осылай болған да шығар. Онда кедейлерді екі рет
сатып
алған болып шығады: жəне екінші рет табыстырақ болды, өйткені
Кеңес
өкіметі үшін байдың малының ешқандай да құны болған жоқ.
Тəркілеу
кедейлердің қолымен жүргізілді жəне бұл үшін марапатқа байдың
малын
алды да, оны қолмақол сойып жеп қойды немесе бірер жыл өткен
соң
, жаппай ұжымдастыру кезінде өкіметке кері қайтарып берді. Əскери
коммунизм
кезінің өзіндеақ сынақтан өткен — орнықты да оңды тауарлы
шаруашылықты
талқандау əдісі кейін де, үкімет қаулысымен астық қарызы
түрінде
кедейге “кулактан” кəмпескеленген астықтың 25 пайызы берілген
кезде
пайдаға асты, ал бұл — қырағы кедейдің өзі жұмыс істеудің орнына
жоғарыға
көрсетіп берген еңбексүйгіш те үнемшіл көршісінің жасырып
ұстаған
астығы болатын...
Бұл
кезде қазақтардың Астрахан даласына, Сібірге, Өзбекстанға жəне басқа
өлкелерге
бет алған алғашқы көші де басталды. Қалай болғанда да,
кəмпескеден
сытылып шығуға тырысқан байлар ғана емес, тиіспеуге уəде
берілген
, ауқатты малшылар деп аталатындар да қаша бастады. Қазір əзірше
уəде
беріп отыр, ал ертең не болады оны ешкім де білмейді. “Астық өткіз,
салық
төле, шаруа заемына жазыл”, — деп, малшы шаруаны жанжақтан
қыспаққа
алды. Өткізбесең, төлемесең, жазылмасаң — сен революция
жауысың
. Асыра сілтеу біртебірте əдеттегі жағдайға айналды. Əрине, асыра
сілтеушілерді
əшкереледі, бірақ қамқорсыған түр көрсетіп: “Ерекше ештеме
болған
жоқ. Рас, қызбалық көрсетті, ондайондай болады, оның есесіне,
таптық
тұрғыдан бəрі дұрыс”, — десті.
Баспасөз
шаршамастан жаудың бейнесін жапсырмалап жатты.
Газет
беттері айғайлаған тақырыптарға толып кетті: “Кулак кедейге кесірін
тигізеді
”; “Кулактар ұясы” (неге екені белгісіз, “ұя” сөзі, яғни, шын мəнінде
“үй”, “отбасы” ұғымын беретін сөз ерекше жеккөрушілік туғызды. — В.М.);
“Кулак астықты жасыруда”; “Кулак артық пайдаланады”; “Аш даланың
қорқаулары
” (байкулактың “Жер жəне еңбек” серіктестігінің үстінен сот
тергеуі
басталды); “Кулактар мен байларды айдап шығамыз”;
“Сəдуақасовшылдармен күресті жалғастырайық”; “Астық пен мал
өнімдерін
тонаушыларға соққы берейік...”
Мұнда
, үйде, дүниежүзілік революцияның қаншама жаулары ашылды
десеңізші
, оларды тұмсықтан соғу, əшкерелеу, түп тамырымен жою керек
болды
... ал анда, шекараның арғы жағында, капиталистік түрмелерде
көмекке
өте мұқтаж достар мен серіктестер тұншығуда, сондықтан КСРО
МОПР
Орталық Комитеті Қазақ өлкелік МОПР Ұйымын түрмелерге, атап
айтқанда
, Германияда, Польшада, Румынияда, Эстонияда, Болгарияда,
Италияда
, Югославияда, Испанияда, Венгрияда, Грекияда, Түркияда,
Сирияда
, Палестинада, Үндістанда, Кореяда, Қытайда — барлығы 16 елде
орналасқан
36 түрмеге қамқорлық көмек көрсетуге міндеттеді.
Өз
елінде шаруалардан астықты зорлап тартып алды, заем облигацияларын
күштеп
өткізді, ал одан “түскеніне” шетел коммунистерін асырапбақты...
“Асыра сілтеу мен бұрмалау үлкен кемшілік болып табылады жəне мұндағы
басты
сипат сол — жеткілікті ұйымдаспаған (бейне бір бағыныштылық
міндет
пен парыз секілді. — В.М.), ұйым шаруалардың ыңғайына жығылған,
қаңтарға
дейін астық дайындау мəселесімен айналыспаған жерде, міне, дəл
сол
жерлерде асыра сілтеу бəрінен де көп болды, — деп жазды Голощекин
1928 жылы 27 сəуірде “Советская степьте”, — əсіресе заем тарату науқаны
кезінде
, кейбір жерлерде, заемға жазылмағандардың бəрін “революция
жаулары
” деп жариялаған”.
Сөйтіп
, асыра сілтеу — кемшілік жəне онымен күресу керек болды, əрине,
дереу
“асыра сілтеуге қарсы қатаң бағыт” ұсталынды, бірақ оның
соншалықты
берік еместігі жəне дерліктей көмегі тимейтіні белгілі болды.
Күрес
өзінің кезегімен жүріп отырды, ал асыра сілтеулер барған сайын
көбейе
түсті.
Алайда
қорытынды мынадай болды: асыра сілтеушілер бəрібір тап
жауларына
жатқызылған жоқ, олар қалай бұрмалап, асыра сілтесе де, ешкім
де
оларды жазалауды, мəселен, байлар сияқты “жат өлкеге” жер аударуды
ойламады
.
1928 жылдың соңында Голощекинмен ашық пікірталасқа түсетін адам
қалмады
: қарсыластар талқандалды, көп ұзамай дауыс беру құқығынан
айырылды
. Əйтсе де Мəскеуде, БОАТКОМ сессиясында Тұрар Рысқұлов
кəмпескелеу
жөнінде сыни пікір білдіргені солақ екен, Филипп Исаевич
қолмақол
ұрысқа шықты.
Қызылорданың
жалпы қалалық партия жиналысында ол Рысқұловтың:
“Егер біз əрбір шараны ауылдағы Октябрь деп санайтын болсақ, онда
осының
өзімен біз адасушылыққа барып килігеміз. 35 миллион бас малдың
250 — 300 мыңы кедейлерге беріледі... Бұл көп емес... Байлар, сірə, бүкіл
тұрғындардың
67 %ын құрайды, ал олардың қарамағында барлығы 700 —
800 шаруашылық бар” деген сөзін келтірді.
— Сөйтіп, Рысқұлов солшыл болып көрінгісі келеді, — деді Голощекин. —
Жақсы
айтылған, бірақ ақылға сыйымсыз жəне шынайы емес.
Əйтсе
де Т.Рысқұлов науқанның салдары туралы саяси (“кəмпескелеу біз
кез
келген төтенше жағдайларды шектеу саясатын ұстанып отырған кезде
жүргізілуде
”), экономикалық жəне психологиялық тұрғыдан толық та дəл
тұжырымдады
: адамдар мал шаруашылығымен шұғылданудан сырт тарта
бастады
, ал бұл болса, шаруашылықтың өнімділігін кемітті.
Соңғы
рет болу керек, партия жəне мемлекет қайраткері байды қорғауға ең
болмаса
жарты ауыз сөзін арнады — жаңа орында “700 — 800
шаруашылық
” құруға байланысты алаңдаушылық білдірді.
Осы
кезден бастап “бай” сөзі жарлыққа айналып, қорлайтын, таптық
өшпенділікті
білдіретін ұғымға ауысты: оны бұдан былай жау бейнесін
көрсету
үшін қолданды. Бұл саяси жапсырма соның өзіне ұқсас “буржуй”,
“кулак”, “поп”, “молда” жəне тағы басқалардың ортасынан орын алды.
Ал
бұдан сегіз жыл бұрын В.Г.Короленко А.В.Луначарскийге былай деп
жазды
(Ағарту халкомы мұны жазушыдан өзі өтініп, оның əрбір хатына
жауап
қайтаруға жəне хат алысуларды халыққа жария етуге уəде берді,
алайда
ол бұл уəделерінің бірін де орындаған жоқ, Короленконың хаты тек
1988 жылы ғана жарияланды):
“Тарих Ресейге сиқырлы да өте қайғылы тағдырды таңды. Миллиондаған
орыстардың
миында əлдебір екіүш жылдың ішінде аяқастынан əлдеқандай
бір
логикалық бұранда орнынан айналып кетті де, самодержавиенің
алдында
көзсіз бас июден, саясатқа деген толық бейтараптылықтан — халық
бірден
... коммунизмге, ең берісі — коммунистік үкімет жағына өтіп кетті.
...Шаруалар қауымының тап ретіндегі негізгі мəні маскүнемдікте емес,
еңбекте
, соның өзінде де бейнеті көп, зейнеті аз, жағдайды түпкілікті
жақсартатын
үміті жоқ еңбекте болды. Соңғы онжылдықтардағы царизмнің
бүкіл
саясаты осы өтірікке негізделді... Енді мен сұрақ қоямын: Сіздердің
құрылыстағының
бəрі де шындық бола ала ма? Қазірдің өзінде сіздер
халықты
сендіріп үлгерген жайттарда жоғарыдағыдай өтіріктің жосығы жоқ
па
?
Менің
кəміл сенімім бойынша, мұндай өтіріктер бар жəне тіпті таңғаларлық
түрде
ол сондай кең, “таптық” сипат алуда. Сіздер орнынан тұрған, оянған
халықты
буржуазия (“буржуй”) деп аталатындар тек қана жатыпішер
арамтамақтардың
, тонаушылардың, бағалы қағаздар талонын қиып
алушылардың
табы жəне одан басқа ештеме емес деп сендірдіңіздер.
Осы
шындық па? Мұны сіздер шын сеніммен айта аласыздар ма? Əсіресе
сіздер
, марксшілдер, осыны айта аласыздар ма?
Сіз
, Анатолий Васильевич, өздеріңіздің, марксшілдердің таяу уақыттарда
ғана
халықшылдармен қатал пікірталас жүргізген кездеріңізді, əрине, əлі
ұмытқан
жоқсыз. Сіздер: “Ресейдің “капитализм кезеңінен” өтуі қажетті
жəне
пайдалы”, — деп дəлелдедіңіздер...
...Капиталистік тап ол кезде сіздерге жаман болсын, жақсы болсын, өндірісті
ұйымдастыратын
тап болып көрінді.
Неліктен
енді шетел сөзі “буржуа” — тұтас бір ауқымды да күрделі ұғым —
сіздердің
жеңіл қолдарыңызбен, осы уақытқа дейін ол туралы ештеме
білмей
келген біздің қараңғы халқымыздың көз алдында бағалы қағаздарды
қиып
алудан басқа ештемемен шұғылданбайтын, тек қана жатыпішер
арамтамақтар
, тонаушылар деген қарадүрсін түсінікке ауысты?
...Тактикалық тұрғыдан келіп, сіздер ақиқат алдындағы парызды
құрбандыққа
шалдыңыздар. Тактикалық жағынан сіздерге капитализмге
деген
халықтың жеккөрініштілік сезімін тұтату жəне жауынгер отрядты
қамалға
қарай қалай айдап салатын болса, халық бұқарасын орыс
капитализміне
дəл солайша қарсы қою тиімді болды. Жəне сіздер
шындықтың
өңін айналдыруда ештемені місе тұтпай, барған сайын құныға
тү
сіп отырсыздар... Сіздер қамалды алдыңыздар жəне оны талқандап,
жойқын
ағынға тастап жібердіңіздер. Бұл қамалдың “игілікті үрдістер”
арқылы
қол жеткізілген халық байлығы екенін, орыс капитализмі жасаған
бұл
аппаратта құртыпжоюға емес, жетілдіруге, одан əрі дамытылуға тиіс
көп
нəрсенің бар екенін сіздер ұмыттыңыздар. Сіздер халықты мұның бəрі
кезі
келгенде талқандалуға тиіс... талау мен тонаудың нəтижесі деп
сендірдіңіздер
.
Өздеріңіздің
“тонаушыларды талқандау” ұрандарыңызбен, сіздер,
ауылшаруашылық
мүліктерінің аса зор мөлшерін, тіпті сол
коммунизмдеріңізге
де ешқандай пайдасы тимейтіндей етіп құртқан
деревнялық
“жойғыштардың” енді қалаға тап беріп, лап қоюына жол
аштыңыздар
...”
Қазақ
даласының экономикалық дамуда капитализмнің “игілікті сатысына”
дейін
көтерілмегені белгілі. Ауылдарда рулық қатынастар өз ықпалын
жүргізді
. Байды жою арқылы тауарлы мал шаруашылығының
ұйымдастырушыларын
ғана емес, сонымен бірге дəрежесі жоғары туысын
да
жойды. Пролетарлық мемлекеттің (Қазақстанды айтпағанда, Ресейдің өзі
де
, негізінен, шаруалар елі бола тұра, неліктен “пролетарлық”) мақсаттары
мен
өзінің “қараңғылығына” қарай, əлеуметтік прогрестің игіліктеріне
самарқау
қарсылық көрсетуші ебедейсіз “сірескен” еңбекшілер бұқарасы
арасындағы
шатқал орыс деревнясындағыға қарағанда қазақ ауылында одан
да
тереңірек болды. Жақсы болсын, жаман болсын, бірақ бұл дəрежесі үлкен
туыс
өздерінің ағайындарын “қанап, езіп” қана қойған жоқ, сонымен бірге
оларға
, əрине, өздерінің түсініктеріне, арұяты мен жақынға деген
жанашырлығына
, өмірге көзқарастары мен мүмкіндіктеріне қарай
қамқорлық
та жасады. Қалай болған күнде де, əрине, астық шықпай
қалғанда
жəне жұт жылдары кедейлерге ауыр тигеніне қарамастан,
төңкеріске
байланысты болған қоғамдық сүргін уақытына дейін қыр елінде
жаппай
аштық болған жоқ. Қазақтардың кейіннен Голощекин билігін басқа
ештемемен
де емес, халықты ауылауылымен қойдай қырып, топтобымен
тұтқынға
айдаған, күллі дала отқа оранып, азап ауыртпалығын тартқан
сонау
бір жоңғар шапқыншылығымен салыстыруы тегін бе еді? Алайда,
бəлкім
, бұл салыстырудың өзі де біздің уақытымызда болғандарды... түгел
айтып
жеткізе алмайтын шығар.
ЖЭС
(НЭП) тамам болды, жоспарлы бөліністі азықтүлік салығы барған
сайын
көбірек ығыстыра бастады. Халықты жағасынан алып, ерекше
салтанатсыз
жəне ешкімнің келісімін алып жатпастан, ұжымдық еңбектің
“нұрлы болашағына” қарай сүйреледі. Қашып құтыла алмайтын қасірет
жақындап
келе жатты...
VII
Бұл
қасірет, сірə, бірдебір қазақ отбасын айналып өтпеген шығар. Əркімнің
өз
қайғысы, жан жарасы бар. Тіпті алпыс жыл өткеннен кейін де бұл туралы
айту
оңай емес, кейде мүмкін де болмайды...
* * *
Қарт
қазақ жазушысы Əлжаппар Əбішев сол жылдар оқиғаларын есіне
түсіргісі
келмеді. Менің сұрағымды естіп, селқос жымиды да, қолын бір
сілтеді
.
— Айта алмаймын, ауыр...
Бірнеше
минуттық үнсіздіктен кейін ол кенет байқаусызда айтқандай болып
сөз
бастады:
— Менің əкемнің аты — Əбіш, Əбіштің əкесі — Жұматай, Жұматайдың əкесі
— Жолдыбай. Жолдыбайдың кіндігінен тараған ұрпақтары — біздің
санымыз
1931 жылы тоқсан төрт адам болған еді. Міне, біздің отбасымыз ...
Ұжымдастырудан
кейін тірі қалғаны жетеу...
Тағы
біраз уақыттан кейін Əлжаппар Əбішев əңгімесін жалғастырды:
— Мен ерте қамданып Қарағандыға жетіп алдым: бір сұмдықтың боларын
іштей
сездім. Өзіммен бірге Қарқаралыдан шешемді, əйелімді, інілерімді
ала
кеттім. Біз бесеуміз аман қалдық, ал біздің ауылдан тек екіақ адам тірі
қалды
.
...Есімде, Қарағандыдағы біздің барақтың жанында балаған болды. Онда
біздің
ауысымда жұмыс істейтін үш жігіт тұрды. Бірде қырық градустық
аязда
олар түнгі кезекке шықпады. Десятнигіміз Харон дейтін неміс еді.
Таңертең
онымен бірге үйге қайтып келе жатып балағанға бас сұқтық.
Қарлы
боранның басталғанына екінші күн болған, балағанның есігін қар
бекітіп
тастаған екен. Қарды бірдеме етіп етігіміздің тұмсығымен аршып,
ішке
ендік. Сөне бастаған ағаш шаласының жанында өліп қалған əйел
жатыр
, кеудесінде алтыжеті айлық нəресте. Анасының төсіне басын қойып,
емгісі
келетін секілді. Жылайжылай, сілесі қатқаны көрініп тұр... Харон
бəрін
бірден түсінді. Өлгендердің көздерін жауып, баланы тонының ішкі
өңірімен
орап алды да, жүгіре жөнелді...
* * *
Белгілі
əдебиеттанушы Мекемтас Мырзахметов қасіреттілігі жағынан сирек
кездесетін
жағдайды əңгімеледі:
— Бала кезімде, тентектік көрсеткен уақыттарымда, анам маған үнемі: “Сол
кезде
сені тастап кетуім керек еді...” дегенді қайталап айта беретін. Ол осы
бір
түсініксіз жұмбақ сөзді айтқан кезде мен еріксіз тыныштала қалар едім.
Еш
нəрсе түсінбеймін: ол мені қайда тастап кетуі керек еді, неліктен мені?
Бірақ
сұрауға əйтеуір тəуекел етпедім...
Кейін
, жасым он беске толып өскен кезімде, бір күні анамнан неге ол үнемі
сол
бір түсініксіз сөзді айта беретінін сұрадым. Анам маған ойға бата көз
тастап
, көзінің жасын сүртті де, мына бір оқиғаны айтып берді.
... 1933 жылдың ерте көктемі еді. Аштық біздің бүкіл ауылды дерліктей
жайратып
тастаған ең сұрапыл шақ (біз Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас
ауданында
тұрдық). Тіке келген ажалдан қашып, анам көрші ауылдағы
туыстарына
баруға бел буады. Менің кішкентай қарындасымды қолына
ұстайды
, ал мен — ол кезде екі жарым жаста екенмін — анамның етегінен
ұстап
, онымен қатар жүріп келе жатамын.
Біз
кешкі іңірде шығыппыз. Ауылдың шетінен əрі қарай ұжымшар бақшасы
басталады
. Біздің соқпақ жолға түскеніміз сол екен, алдымыздан бір үйір
қасқыр
шыға келеді. Бұл кезде ауыл маңында мал атаулыдан ештеме
қалмаған
, қасқырлар үйірүйір болып адамдарға шаба бастаған, бұрынсоңды
ел
естіп көрмеген жағдай болады.
Анам
айғайлап көмекке шақырғанымен, маңайда ешкім болмайды.
Қасқырлар
бізді қоршап алады. Ұлып, тұяқтарымен жер тырмалайды. Анам
жаншошырлық
таңдау жасауға мəжбүр болады: қасқырлар не біздің
бəрімізді
тамақтап, пəршелеп тастайды, не анам балаларының біреуін
қасқырға
жем етіп қалдырады да, өзі екінші баласын алып, қашып құтылуға
тырысады
. Əрине, ұлды құтқарсаң, бүкіл əулетті сақтап қаласың деген ұғым
қазақ
санасына ежелден сіңісті. Анам шешім қабылдайды. Ол жөргекке
оралған
кішкентай қызын жерге қояды да, жүдеуліктен аяғымды əреңəрең
басып
тұрған мені қолына көтеріп, сытылып шыға береді.
Кейінірек
, анам біреулері қолына мылтық ұстап, кейбірі таяқпен қаруланған
адамдармен
қайтадан оралған кезде, ол жерде ештеме болмаған. Тек қанға
боялған
шүберектер ғана қалыпты.
Ее
, мен өзімнің қарындасыма өміріммен қарыздармын.
...Мен сонда анамнан (ол кезде əлі көп нəрсені түсінбейтін едім!): “Неге мені
тастап
кетпедіңіз?”— деп сұраған едім. Ол: “Ұл қажеттірек болды...” — деді.
Анамның
қандай сезім күйін кешкенін, іштей өмір бойы не ойлағанын
елестетудің
өзі жанға батады...
Ол
сол кезде көз жасы құрғайқұрғай, қу сүйек болып қалғандай еді...
* * *
Ғалым
Хакімұлы Ахмедовтің өзінің ұзақ өмірінде көптеген өлім мен адам
қайғысына
куə болуына тура келді. 1921 жылы он бес жасар бозбала
шағында
Орынборда оқыған ол өлі адамдарға толып кеткен теміржол
бекетін
, көшелерде сасыған мəйіттерді текшелеп жинап, əлдебір жаққа
əкетіп
жатқан арбакештерді есінде сақтап қалды. Ал одан он жыл өткеннен
кейінгі
көргендері əлдеқайда қорқынышты еді.
— Ой, ол кезде көп адам өлді ғой, — деп бастады əңгімесін Ғалым
Хакімұлы
. — Əулиеата қаласындағы біздің көшеде балалар үйі бар болатын,
балалар
мəйітін күн сайын арбамен тасыды. Таң ата оларды алып кетеді...
1932 жылы Ахмедовтің (ол техникум директоры болып жұмыс істеген)
қатыгездік
жағдайларды тексеретін комиссияның жұмысына үш рет
қатысуына
тура келді. Алматыдан Петров дейтін Мемлекеттік Саяси
Басқарма
(ГПУ) қызметкері келген болатын. Қазаққа өте ұқсайтын. Онымен
қазақша
сөйлессем, “түсінбеймін” дегендей басын шайқайды. Якут болып
шықты
. Иығындағы жапсырмада төрт ромб бар. Хат бойынша ма, əйтеуір
тексеруге
келіпті...
Ауылдардың
біріне жол тарттық. Бір əйелдің ауласындағы күл үйіндісі
астынан
адамның басы, ет қалдықтары табылды. Ол əйел біреуді өлтірген.
Оны
қарауылдар алып кетті, қайда екенін білмеймін...
Қаладан
онша алыс емес шеткі ауылда, онда Свердлов атындағы ұжымшар
болған
, бір жігіт тірі қалыпты. Адам етімен азықтанған. Əйелді сойған.
Сұрап
көрсек, мойындамайды. “Жоқ! Мен ешкімге тиіскен жоқпын!” — деді.
Бəрі
мұның үйінен табылып отырғанда... қалайша тиіспеген? “Алладан
қорық
, көп ұзамай өзің де өлерсің!” — деді əлдекім. Ал ол, шынында да,
денесі
ісініп кеткен, қозғалмайды. Шыдамады, мойындады. Жылай береді.
“Аштықтан мүлдем есімнен айырылдым, содан кейін бауыздадым”, — дейді.
Ал
үшінші жағдай көрші ауылдағы қарт адамның басынан өткен, ол бір ай
бойы
адам етімен қоректенген...
Сол
кездегіні еске түсіру өте ауыр, бірақ ендігі уақытта бұл туралы үнсіз
қалуға
да болмайды. 1932 жылдың сұрапыл суығында біздің Əулиеатаға
Сарысу
ауданынан босып келген адамдарды қалай ұмытуға болады? Келді
деген
не — титықтары құрып, əреңəрең жетті. Əйелдер, балалар, қарттар —
естері
кіресілішығасылы, албажұлба киінген, үстері кірсатпақ. Аман қала
алды
ма екен? Əй, қайдам, өйткені бүкіл қаланы аштық жайлаған болатын...
Алайда
елеусіздеу деуге болатын бір жағдай мені бəрінен де қатты
таңдандырды
. Бірде, аштық енді басталып келе жатқан тұста, мен базарға
келдім
. Базарда айғайшу, жерде қан дақтары бар. Кері бұрылып қарап едім,
онда
бос тұрған лəпкенің маңынан əлдебір шұңқырдың барын байқадым, өзі
өте
терең секілді. Шұңқырдың түбінде жас қазақ жігіт отыр. Бүйірімен
жерге
бір жамбастап жатып алған, басын қолдарымен сығымдап ұстап, дір
дір
етеді. Ал басы қанға шыланған. Жүзін үрейлі қорқыныш, азапты қайғы
іздері
шиырлаған... Сірə, аштық алқымнан алған бір сəтте лəпкеден бір
жапырақ
нан ұрлап əкетуге əрекет еткенге ұқсайды, ұсталып қалып, басы
жарылған
...
* * *
...Ал ресми құжаттар не айтады? Мұрағат қызметкерлерінің айтуына
қарағанда
, ұжымдастыру кезеңінде болған аштық туралы дерліктей ештеме
сақталмаған
. Олардың сөздерін тарихшылар да растайды: деректерді бір
түйірлеп
жинауға тура келеді... Бейне бір Қазақстанда сансыз көп өмірді
жалмап
кеткен аштық індеті болмаған секілді.
Мен
бірнеше күн бойы республиканың Орталық мемлекеттік мұрағатында
отызыншы
жылдар құжаттары, əртүрлі қазақстандық халкоматтардың
материалдары
сақталған папкаларды қарап шықтым. Расында да, бос тұр!
Əлдебіреулер
халықтық қасіретті еске түсіретін кез келген материалды,
тіпті
жанама деректерге дейін əдейілеп тазартқандай əсер аласыз. Несі бар,
індетті
таратушылар оның ізін жоюды да ойластыруы əбден мүмкін.
Мыңдаған
құжаттардың ішінде тек біреуінен ғана жаппай аштықтың
жақындап
келе жатқаны туралы айтылған құжат кездесті. Қарқаралы
округтік
денсаулық сақтау бөлімі 1931 жылдың 28 мамырында
республиканың
Денсаулық сақтау халкомына ауданның санитарлық
жағдайы
туралы былай деп хабарлапты:
“Қазіргі кезде азықтүлік мəселесі апатты жағдайда демегеннің өзінде өте
қанағаттанарлықсыз
. “Овцевод” совхозында 1 сəуірден бастап барлық
жұмысшылар
мен қызметкерлердің отбасы азықтүлікпен қамтамасыз
етілуден
шығарылып тасталынды. Жұмысшының отбасында 5—10 адамнан
барына
қарамастан, тек жұмысшының жеке өз басына ғана күндік мөлшерлі
нан
мен 0,5 литр сүт беріледі, осыдан басқа ештеме берілмейді... Қант та,
жарма
да — ештеме берілмейді.
...Қаладағы 300ге тарта қамаудағы адамдар соңғы күндері ештеме алған
жоқ
, тек сырттан біреу не əкелсе, соны ғана қорек етуде. Қызметкерлер
наурыз
бен сəуірде жан санына байланыссыз жəне өзін қосқандағы бүкіл
отбасы
үшін 7 келіден сапасы нашар тары алды. Бір бөлігі тіпті ештеме
алған
да жоқ...
Қызметкерлер
тарап кетіп жатыр. Олардың бірі Глебенко тіпті 360 верст
(шақырым — ауд.) жердегі Семейге жаяу кетті. Егер жағдай өзгермейтін
болса
, қызметкерлердің көпшілігі, оның ішінде дəрігерлер де, күзге дейін
біржола
кетіп қалуы мүмкін.
Тұтқындар
үйінде құрқұлақ, ушыққан өкпе ауруы: құрқұлақ ауруы балалар
үйіне
, аналарға ауыз салды... ауруханадағылардың 80%ы құрқұлақпен
ауыруда
.
Станицкий
”.
...Əлжаппар Əбішевтің бабасы Жолдыбайдың көп санды ұрпақтары дəл осы
Қарқаралы
қаласының төңірегінде тұрған...
“700 жартылай феодал, ірі байлардың мүлкі мен малын кəмпескелеу” —
бүгінде
ескірген, бəлкім, жұрттың бəрі ұмытып үлгерген оқиға да болар.
Алайда
есінде сақтап қалған адамдар да бар...
VIII
Қазақтарды
басқару оңайдың оңайы: халық тыңдайтын жəне сенетін 500
зиялы
адамды құртса болды, қазақтар өздеріақ бағынады деп адмирал
Колчак
айтыпты дейтін бір сөз бар. Сібір билеушісі бұл сөзді айтты ма,
айтпады
ма, мұны растайтын түпнұсқа құжаттар белгісіз, əйтсе де
Колчактың
аз уақыттық басқаруы кезінде қазақ интеллигенциясы бір
адамын
да жоғалтқан жоқ. Алайда “жел соқпаса, шөп басы қимылдамайды”
— идея, сірə, ауаға таралып кетсе керек.
1930 жылдың 1 қазанында Филипп Исаевич Голощекин Алматыдағы
қалалық
партия белсенділерінің жиналысында сөз сөйлеп тұрып, шамамен
дəл
сол ойларды, тек қана бөгде сөздермен көлегейлеп, бүркемелеп айтты.
Ол
партия органдарының “бұрынғы алашордашыларға” қатысты
тактикалық
міндеті “ұлттық интеллигенцияны ауыл бұқарасын өзіне
жақындату
мақсатында пайдалану, осы негізде Кеңестерді құру” болғанын
өзінің
шектен тыс арсыздығына сəл де болса шімірікпестен, өз сөзінің
дұрыстығына
толық сенген адам ретінде айтты.
Одан
əрі Голощекин былай деді:
“Біз бұқараны соңымыздан көбірек ертіп, кедейлерді ұйымдастырған сайын,
буржуазиялық
ұлтшылдарға да соншама қатты соққы бердік. Жəне осының
арқасында
біз өзіміздің кадрымызды құрған, сөйтіп, бір кезде бұл уақытша
одақтастарды
лақтырып тастауымызға мүмкіндік туған (ерекшелеген автор.
— В.М.) кезеңге де келіп жеттік.
Ал
бұл кезеңге жеткенге дейінгі уақыт аралығында ұлтшылдықпен күресті
шовинизммен
күрес түрінде бүркемелей тұрмау қазақ бұқарасының
сеніміне
ие болудан бас тартумен бірдей əрекет болған болар еді”.
Міне
, Филипп Исаевичтің тактикалары осындай болды: “пайдалану...
жақындату
... ие болу... лақтырып тастау”. Жəне алғашқы жылдары
ұлтшылдықпен
күресті шектен асырмау, ұлыдержавалық шовинизм туралы
көбірек
айғайлау... əйтпесе күтпеген жерден қазақ бұқарасының сенімінен
айырылып
қалуы... мүмкін.
Голощекин
сондықтан да ескі қазақ интеллигенциясының қаймағымен,
халықтың
рухани көсемдерінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен есеп
айырысқаны
туралы қаймықпастан жəне ұялмастан барынша ашық айтты.
Бұларды
аластау “топшылдардың” көсемдерінен құтылуға қарағанда оңайға
түсті
: өйткені бұлар партияда жоқтар жəне ОКге шағымдана алмайтындар
еді
. Олардың “ескі күнəларын” — алашордалық өткен өмірін үнемі
беттеріне
ба суға мүмкіндік болды (мұның өзі кейіннен, “өз кадрлары”
дайындалған
жəне ауыл кедейлерін “меңгерген” кездерінде пайдаланылды).
Онсыз
да, əрине, олардың кез келген ісəрекеті буржуазиялық
ұлтшылдықтың
көрінісі ретінде саналғаны сөзсіз.
Алғашқыда
Филипп Исаевич белгілі бір дəрежеде келісімшілдік танытты,
қазақ
интеллигенциясымен ынтымақтаса қызмет етуге шақырды, бірақ
“партиялық жұмыстың басты тораптарына” қол сұғылмайды деген шарт
қойды
. 1925 жылғы Бесінші конференцияда ол интеллигенцияны т е г і с т е
у
(жою — ауд.) керектігі жөніндегі ойын толығымен табиғи əрі заңды пікір
ретінде
шегелеп айтты.
Алайда
шығармашылық адамын ортақ пікірге келтіру деген нені білдіреді?
Бұл
— не оны бас шұлғығыш жағымпаз болуға мəжбүрлеу, яғни рухани əтек
ету
не жай ғана құрту, жою дегенді білдіреді, өйткені нағыз жеке тұлға
ешқандай
да орташаландыруға көнбейді. Жерді тегістегенде, əдетте, ең
алдымен
жоталар мен дөңестерді алып тастайды.
Голощекиннің
жаңа құрылысқа қазақ халқының рухани көсемдері мен
ұстаздарын
тартуға тырыспағаны айқын, керісінше оларға таңылған
ұлтшылдық
жапсырманы ешқайсысынан алып тастамағандығы да
сондықтан
екені даусыз. Бұл оның тарапынан қолданылған тактикалық айла
еді
: уақытша, ол тек уақытша ғана “ұлтшылдарға” төзуге келісті, одан кейін
олар
, əрине, аластатылуға, жойылуға тиісті болды. Тап күресінің жаңа
кезеңінің
жағдайлары мен мүмкіндіктеріне қарай не олай, не бұлай.
Партиялық
сын бағытталған нысанасынан бір сəтке де мүлт кеткен жоқ.
С
.К. дейтін біреу 1927 жылдың 27 мамыры күнгі “Советская степь” газетінде
Қазақстанның
жазушылар ұйымы туралы былай деп хабарлады:
“Шығарманың саяси бағыты автордың қандай саяси ағымға тиісті екеніне
қарап
анықталады. Алдын ала есеп бойынша, ұлтшылавторлар 14,
КазАППшылар
(Пролетариат жазушылардың Қазақ қауымдастығы) 16 жəне
бағыты
бар авторлар 9 атау кітап шығарған... Ұлтшылдарда авторлардың
əралуандығы
көбірек көзге түседі (Байтурсунов, Ауэзов, Дулатов,
Кеменгеров
, Омаров, Абай, Джумабаев)*.
...Ұлтшылдар қазақ халқы мен даласын таптық мəннен тысқары ашық
бояумен
жырлайды, ал шын мəнінде, өз қаламын Совет өкіметіне қарсы
бағыттайды
”.
Көріп
отырғанымыздай, Абай Құнанбаев та сынның қырағы нысанасына
іліккен
жəне төңкеріске дейінақ қайтыс болған оны да Кеңес өкіметінің
қарсыласы
деп жариялайды.
* * *
Голощекин
, тіпті аз дəрежеде болса да ұлттық тұрғыдан ойлайтын
партиялық
элитамен есеп айырысып болған соң ғана қазақтың зиялы
қауымына
жаппай шабуылын бастады. Бұл кезде “ауыл кедейлерінің
бұқарасы
” белгілі бір дəрежеде “ұйымдасып” болғанды.
Алтыншы
Бүкілқазақстандық конференцияда (1927 жылдың қарашасы) ол:
“Қазақ тілінде 5 мыңға жуық терминнен тұратын жеке кітап құрастырылып,
басып
шығарылды. Бұқара оларды түсінбейді. Үлкен бұрмалаушылықтар
бар
, баршаға белгілі болар, онда “интернационал” сөзі “зорлықшы”,
“жəбірлеуші” мағынасына жақын аударылған — мүлде түсініксіз жай” деген
сөздермен
“академиялық орталықты” (Байтұрсыновты) партиялық бағытты
бұрмалаушы
ретінде айыптады.
Осыдан
кейін Филипп Исаевич интеллигенцияның рөлі туралы барынша
кеңінен
сөйлей келіп, өзіне тəн тактикалық жымысқы өркөкіректігімен шын
көңілден
ақтарыла сөйлегендей сыңай танытты:
“Мұнда аңду туралы мəселенің қойылуы мүмкін емес екеніне біздің
күмəніміз
жоқ, жолдастар. Керісінше, біздің интеллигенцияны өзімізге
тартуымыз
керек, ол бізбен бірге жұмыс істеуге тиісті... Бірақ ол бізді емес,
біз
оны басқаруымыз керек — міне, осылай. Бізге жат, біздің
идеологиямызға
тү- бірімен жаулық көзқарастағы (ерекшелеген автор.—
В
.М.) оның біздің өміріміздің əртүрлі жақтарына өте күшті ықпал етуіне
төзуге
болмайды...
Ескі
интеллигенцияның арасында бағыт ауыстырушыларға ұқсайтын
қозғалыстың
бары да белгілі. Сіздер Жұмабаевтың “90” туралы белгілі
өлеңін
білесіздер, ол енді, міне, 90 туралы жазады, ол 90 жағында, ал
көптеген
адамдар мұны шынайы айтылған сөз деп ойлап, бұған алданады.
Олар
100ге жеңілді, сондықтан да 90ға жеңуді байқап көргісі келеді; ал егер
бізге
келетін болса — жақсы, біз оларды тегістейміз, бірақ сонымен бір
уақытта
соғу да керек — 90 олардың өз жағында емес екенін, əзірше
олардың
өздеріне қарсы екенін, олар осы 90мен ойнап жүргендігін білуі
үшін
”.
Соқты
— екі жылдан кейінгі соққаны сондай, аса ірі қазақ ақынының есімі
60 жыл бойы жабық құлыптың астында қалды жəне өлеңдері де басылмады.
Мағжан
Жұмабаевтың өлеңдерінде қандай қылмыс белгілері болды? 1969
жылы
башқұрттың Халық ақыны, 75 жастағы Сайфи Құдаш
М
.Жұмабаевтың тағдыры туралы Қазақстан КП ОКнің Бірінші хатшысы
Д
.А.Қонаевқа мынадай хатпен өтініш білдірді:
“...Бұл өлеңінде М.Жұмабаев жүрек түкпірінен жəне шынайы өкінішпен
былай
дейді: “Бұрын барлық халықтардың аспанында жарық күн тұрған
кезде
мен қателестім. Бірақ мен өз еліме қызмет ету ниетінде қателестім.
Мен
Алашорданың құрылтайына барған жоқпын, мен оның жұмысына
қатыспадым
. Мен кейбіреулерге ұқсап, Алаш жетекшілерінің
адъютанттығына
бармадым. Мен Алаш партиясының қазақ халқы үшін
қажет
емес екенін түсіндім. Енді мен тек Коммунистік партия ғана қазақ
халқының
тағдырын дұрыс шеше алатынына көзімді жеткіздім. Егер
Коммунистік
партия халықтың 90 %ына өкілдік ететін болса, Алаш — бар
болғаны
10. Мен 90ды қорғаймын, өйткені барлық жантəніммен Совет
өкіметіне
қызмет етемін” (мағыналық аударма — автор). Əлде бұл тəубеге
келу
, ағынан жарылу емес пе? Алайда оған сенбеді. Неліктен?
Айту
қиын, бірақ, сірə, жекебастық жеккөрушілігі, кекшілдік жəне тап
күресінің
ұстанымдарын қате түсіну үлкен мəнге ие болған секілді”.
Хатқа
жауап қайтарылған жоқ: 1960 жылы ақталған Мағжан Жұмабаев
коммунистер
үшін бұрынғыша күмəнді тұлға болып қала берді жəне
өлеңдері
де жарық көрген жоқ...
Мағжан
Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың жəне Жүсіпбек
Аймауытовтың
шығармашылық мұрасын зерттеу жөніндегі Қазақстан
Компартиясы
ОК комиссиясының мына пікіріне көңіл аударайық:
“Оның 1927 жылы жазылған “Тоқсанның толғауы” (осы кітаптың орыс
тіліндегі
түпнұсқасында — “Голос девяноста”— ауд.) өлеңі ақынның саяси
бетін
айқындап қана қоймай, сонымен қатар оның жаңа дəуірдің суреткері
ретінде
қаншалықты ілгері басқанын да дəлелдейді. Бұл шығармасында
ақын
өзінің тоқсанның жағында екенін, яғни ештемеге қарамастан, туған
өлкесін
жаңарту жолында батыл істерге барып отырған халықтың
көпшілігімен
бірге болатынын шын жүректен мəлімдейді”. Сөйтіп, 1988
жылы
коммунистік сараптама ақыр аяғында М.Жұмабаевқа сенді...
Мəселе
қайда жатыр: бəрі де өлеңнің мазмұнында емес, Голощекиннің
түсінігіндегі
с о қ қ ы б е р у тілегінде болғаны көрініп тұр. Ал бұл тілектің
мəні
ұлттықты түп тамырымен жоюда, құртуда болды. Ұлт ақыны, өзінің
табиғатына
орай, ұлттық рухты жоятын пролетарлық интернационализмге
қарсы
келетінін, демек, ондай ақынға сенуге болмайтынын жақсы түсінді.
Иə
, қазақ халқының өзі де Филипп Исаевичтің сенімін тудырмады: оның ең
“алдыңғы қатарлы” табы — жұмысшылары жоқ еді, өзінің байлары мен
молдаларын
тыңдады, мұндай халық, оның пайымдауынша, қажет болғанда
“қаннан да қорықпай”, ұзақ уақыт тер төгіп кеңестендіруге тиісті болмақ.
Бүкіл
интеллигенцияға күдікпен қарады, сондықтан да Голощекин анадай
немесе
мынадай бір зиянды идеямен мүлде кездейсоқ кездескенін сөзінің
арасына
қыстыра отырып, интеллигенцияның əрбір қадамын аса бір
қырағылықпен
қалт жібермей қадағалап отырды.
Алтыншы
конференциядағы сол баяндамасында ол былай деді:
“Мен “Еңбекші қазақтан” көркем əдебиет туралы” бір мақаланы кездейсоқ
көріп
қалдым (қазақшаны ол, əрине, оқыған жоқ, сондықтан да қазақ
делегаттардың
намысына ашықтанашық тигені сөзсіз. — В.М.) ... Мақала
марксизмнің
тонын айналдырып кию бағытында, дербес жағдайда,
социалистік
мəдениеттің болуы мүмкін бе (?) деген мəселе бойынша
құрылған
. Мен сіздерге қорытынды пікірін оқимын: “Қазақ
ұлтшылдығында
отарлаушылдық сипат жоқ. Ол үстемдік етуге, өзіне
біреулерді
бағындыруға ұмтылмайды, ол тек өзін қорғағысы, өзін
құтқарғысы
келеді жəне егер мүмкіндігі болса, қолынан келсе, теңдікке
жеткісі
келеді. Əзірге іс жүзінде ұлттық азшылық бұқарасы теңдік ала
алмай
тұрған жағдайда ұлтшылдық та жойылмақ емес”.
...Мүлде дұрыс емес, мүлде зиянды тұжырым.
Қазақ
жұмысшысы мен кедейінің “ұлтшылдығы” — еуропалық кедейлермен
теңқұқықтылыққа
қол жеткізу. Бұл — салауатты, дұрыс “ұлтшылдық”.
Біздің
байларымыздың, буржуазиялық интеллигенцияның ұлтшылдығы
қандай
— бейкүнə пəк пе? Қараңыздар, Октябрьге дейінгі жəне Октябрьден
кейінгі
кезеңде бұл ұлттық күшік қалай өте үлкен ұлттық ит болып өскен
(күлкі). Тырнақша ішіндегі “ұлтшылдық” бар, яғни теңдікке ұмтылу,
салауатты
, дұрыс жəне біз оған көмектесуге тиіспіз, ал байшылдық
бағыттағы
идеологтердің ұлттық бастауларына соққы беру қажет”.
Мұнда
да қазақтың жұмысшы табы мен “кедей” халыққа қарсы қойылған.
Тəжірибелі
режиссердің бағыттауындағы “ұлтшылдарға” қарсы науқан күш
алды
, алайда оған қатысушылар, берілген нұсқауды бас шұлғып
орындаушылар
, ұлттық мəдениетті қандай үлкен апат күтіп тұрғанын,
бəлкім
, ол кезде көз алдарына елестете де алмаған шығар.
1928 жылдың 1112 сəуірінде “Советская степь” Ғ.Тоғжановтың “Қазақ
əдебиеті
мен сынындағы ұлтшылдыққа, жершілдікке жəне коммунистік
төрешілдікке
қарсы” (“Против национализма, обывательщины и
комчванства
в казахской литературе и критике”) деген көлемді мақаласын
басты
. Автор:
“Бұдан сəл ғана ілгеріректе, 34 жыл бұрын біздің ұлтшылдарымыз өнер,
дербес
жағдайда əдебиет саясатқа бағынбайды жəне саяси немесе олардың
айтқанындай
, тар өрісті таптық мүдделер оған жат, қазақтың көркем
əдебиеті
өз алдына таптан жоғары тұрған “жалпыұлттық” мүдделерді қояды
деп
дəлелдеген еді. Қазақ ұлтшылдарының жас идеологтері Əуезов,
Д
.Искаков, Аймауытов жəне К0 осылай жазды... Жəне Сəдуақасов та біздің
советтік
əдебиетімізді ұлтшылдарсыз — Əуезовсіз, Аймауытовсыз жəне
Кемеңгеровсіз
ойлай алмайды. Ол да ұлтшылдар секілді ұлтшылжазушылар
қазақ
еңбекшілері үшін ұлтаралық тақырыпта өте пайдалы нəрселерді бере
алатынына
сенімді. Бұл аздай... ол тіпті біздің ақын Мағжан Жұмабаевтың
— белгілі ұлтшылдың, бір кездегі қасарысқан контрреволюционердің
ұлттық
идеологиясын əшкерелегенімізге қарсылық білдіреді”, — деп жазды.
Қазақ
əдебиетін “ұлтшылдардан” тазарту құйыны бойын кернеген Тоғжанов
КазАПП
(Пролетар Жазушылары Қазақ Ассоциациясы) жетекшілерінің бірі
коммунист
Сəкен Сейфуллинді əшкерелеуге кірісіп, ол өзін пролетар
жазушысымын
деп атауына ешқандай құқығы жоқ, өйткені “онда
пролетарлықтан
ештеме жоқ екенінің үстіне, советтік те жиіжиі жетіспейді”
деп
мəлімдеді.
Сейфуллинді
кейін партиялық сыншылар белгілі үлгі бойынша
“сейфуллиншілдік” деген атаумен жаңа “оңшылұлтшыл жікшілдер” тобын
ойлап
тапқан кезде де айыптап, ақынның өзін тұтқынға алды жəне
отызыншы
жылдардың соңына қарай ату жазасына кесті. 1928 жылы олар
Сəкен
Сейфуллинге ештеме істей алмады, мамандар ортасында
айтылатындай
рəсімдеу қолдарынан келмеді.
Тоғжанов
Сейфуллинді 1924 жылы ол “Домбыра” кітабын Троцкийге
арнағаны
үшін де сынады (айта кету керек, сыншы төрт жыл бұрынғы бұл
жағдай
туралы “дер кезінде” еске салды, өйткені партиядан қуылған
Троцкий
дəл осы уақытта Алматыда жер аударылу мерзімін өтеп жүрген
болатын
).
Екі
айдан кейін, 1928 жылдың 6 маусымында, С.Сейфуллин Ғаббас
Тоғжановтың
мақаласына сол “Советская степь” газетінде жауап берді.
Оның
жауабы “Неонационализм жəне оның идеологиялық майдандағы
шабуылы
” (“Неонационализм и его наступление на идеологическом
фронте
”) деп аталды. Онда С.Сейфуллин:
“1922 жылдың 21 ақпанында “Еңбекші қазақта” жариялаған өзінің
“жауынгерлік” мақаласында Ғ.Тоғжанов:
“Бұрын сəнсалтанаты келіскен ақ туырлықты киіз үйлерде иісі жұпар
аңқыған
қымыз ішіп, дəмі таңдайдан кетпес майлы жылқы еті мен
қазықарта
жеп, үйірлеп жылқы айдап, мыңғырған қой, түйе мен сиыр өсіріп,
бақытты
өмір сүрген... қазақтар енді шөпшаламмен, иісі мүңкіген сасық
шыбыншіркеймен
, иттің, тышқанның етімен қоректенуде...
...Қазақ ауылдарындағы аштық туралы орыс газеттерінде жазбағанымен,
қазақ
газеттері жазып жатыр... деп жазған еді”, — деп жазды.
Осылайша
өзінің сыншысының бұдан алты жыл бұрынғы дəл осындай
“күнəсін” мойнына қоя отырып жəне бір кезде Тоғжанов Сəдуақасовпен
бірге
барлық алашордашыл жазушыларды жəне Жұмабаевты да, Əуезовті
де
, Аймауытовты да бір жолда келе жатқан мақсаттасмүдделестер деп
атағанын
оның есіне түсіріп, С.Сейфуллин: “Əзірше қазақтың байлар табы
бар
болып тұрған кезде ұлтшылдық та (Алашорда) өмір сүреді” деген
қорытындыға
келді.
Содан
кейін ақын Тоғжанов ұлтшылдық насихаты деп кінə таққан
шығармалар
бойынша нақты түсінік берді. Сонда айтылғанындай,
мұсылман
мейрамы туралы “Айт” өлеңін ол Ақмоладағы приход
училищесінде
оқып жүрген бала кезінде, өзі “марксизм туралы тіпті
естімеген
” уақытта жазған екен. Тоғжанов күстаналаған “Анама хат” өлеңі
туралы
Сейфуллин:
“...Біріншіден, менің аналық махаббатты бəрінен жоғары қоятыным туралы
айтылғандар
— жалған... Мен ананы əлде революцияны жоғары қоямын ба
— бұл өлеңнің өзінен көрініп тұрған жоқ па?...” — деп жазды.
Кейінгі
жағдайлар көрсеткендей, түсіндіруден де, өкінуден де ешқандай
пайда
болған жоқ.
Коммунистік
төрешілдік туралы айыптауға С.Сейфуллин былай жауап
берді
:
“1928 жылдың 30 қаңтарында, Мəскеудегі Комакадемияда (Коммунистік
академия
— ауд.) Громовтың эмигранттық əдебиет туралы баяндамасы
тыңдалды
. Громов Бунинді мақтап, біздің жазушыларға одан үйренуді
ұсынды
. Жарыссөзде жолдас Фриче сөйлеп, былай деді: “...Біздің лирика
эмигранттықтан
жоғары тұр. Біз Буниннен үйрене алмаймыз, өйткені ол —
мистик
. Эмигранттық жазушылар өз табымен бірге тапталған, сондықтан
олар
жоққа тəн. Бұл жазушылардың сыртқы көріністегі шеберлігі уақыт
өткен
сайын көмескіленіп, өшіп барады. Біздің жазушылардың олардан
алатын
ештемесі жоқ” (“На литературном посту”, 1928, №4). Міне, беделді
марксистік
сыншы жолдас Фриченің сөзі осындай. Мейлі, жылай берсін, ал
біз
алашордалық мистик — Мережковскийдің, Бальмонттың шəкірті
Жұмабаевтан
үйренгіміз келмейді...”
Сол
кездегі əдеби айтыстартыстың деңгейі осындай болды. Түптеп
келгенде
, ол қазіргі айқастардан ешбір айырғысыз...
Ол
кез үшін ең таңырқарлығы — дарынның мүлдем бағаланбауы. Оны
халықтың
игілігі ретінде де түсінбеді, одан Құдайдың берген қасиетін де
көре
алмады. Дарынды тіпті құрметтеген де жоқ. Əдеби еңбектің өлшеуіші
өсекаяң
деңгейіндегі дөрекі де қарадүрсін идеология болды.
“Жолдас Фриче” секілді есеппен сөйлейтін ақылгөйлер жаңа жазушыларды
“таптық” қамшымен жаттықтырды. Сəл басқа жаққа бұрылса, бітті —
айдаудағыдай
қашқын ретінде қабылданып, қолмақол от ала жүгірді...
Айтыстартыс
барысында (өзара саяси кінəласуға көбірек ұқсайтын)
өздерінің
дарынды əдеби əріптесі Мағжан Жұмабаевты жəне басқа
дарынды
жазушыларды қалайша қосылып бірге таптағандарын Тоғжанов
та
, Сейфуллин де тіпті аңғарған жоқ. Бірақ өздерінің көпшілік алдындағы
ашық
кінəласуларынан кейін ілешала “ұйымдастыру шаралары”
жүргізілетін
уақыттың да келетінін олардың алдын ала сезбеуі де
екіталайды
. Əрине, оның қандай болатынын ешкім де дəлмедəл болжай
алмас
еді. Мұны тек газет беттерінде ит қосып, ізіне түсіп қудалауды
ұйымдастыратын
, өлкелік комитетте отырған қоюшы режиссер ғана білді.
Иə
, ол білді...
Сейфуллиннің
мақаласындағы ең дұрыс айтылғаны дейміз бе, əлде (бұл —
мақаланың
соңғы жағы): мұнда ол көркем əдебиеттің тар шеңбермен
шектелгендігін
жанама түрде меңзеп айтады жəне өзінің əртүрлі тақырыпта,
оның
ішінде, қайғыны да жазуға қақысы бар екенін имене жеткізіп
ақталады
.
“...Жақсы ұйымдастырылған кедейлердің ауылшаруашылық артеліндегі
коллективтік
еңбек пен мəдениеттің қуанышты əнін шырқап тұр ған
сеператорды
көрген кезде осы бір тамаша мəдениет музыкасына қосылып
əн
айтқың келеді, коллективтің жұмысына сүйсінесің... ал киімдері
кіржағал
, азапты да ауыр еңбектен еңсесі түскен, белі бүгіліп, жүзін əжім
торлап
, төрт аяғы шатқаяқтаған арық есекпен ілбіп келе жатқан қазақ əйелін
көргенде
... сол кезде жан дүниеңіз ауырлап, көңіл күйіңіз еріксіз қайғылы да
мұңды
қалыпқа ауысады. Біздің өміріміздің басқа көріністері аз ба?
Осылардың
бəрі... еріксіз біздің көркем əдебиетімізде өз бейнесін табады”.
Еріксіз
... Неліктен керісінше ерікті емес?.. Ешбір күдік ойламастан түрлі
түсті
“жолдас Фричелерді” басшылыққа алған қазақтың “пролетарлық
жазушылары
” ұлттық мəдениеттің негізін шайқалта бастады, оның үстіне,
“жолдас Фриче” барлық ұлттықты ұлтшылдықпен теңестірген
бұйрықтарын
беріп, əрбір бұрыштан айғайлап жатты. “...Біздің жас қазақ
жұртшылығы
Абайдан емес, Маркс, Плеханов, Лениннен жəне басқа
марксизм
классиктерінен үйренуі керек... Біз Қазақстан партия ұйымының
идеологиялық
майдандағы бірінші кезекті міндеттерінің бірі — əдеттегі
буржуазиялық
қылқыбыр ретіндегі абаизмнен арылу деп санаймыз.
Сондықтан
қысқа мерзім ішінде Қазақстанның партиялықкеңестік
жұртшылығының
барша мəдени күштерін Абай іліміне жəне оның қазіргі
ізбасар
шəкірттеріне қарсы бағыттау қажет”, — деп жазды Ілияс Қабылов,
1928 жылдың 2 тамызындағы “Советская степь” газетінде.
Филипп
Исаевич Голощекин жаудың ізіне түсудегі өзіне тəн əккілігімен
Мағжан
Жұмабаевтың жəне басқа “ескі” қазақ жазушыларының соңынан ит
қосып
қуу науқанын жалғастырды. 1928 жылдың 23 мамырында
қызылордалық
партактивтің жиналысында баяндама жасаған ол былай деді:
“Жолдас Бухарин БЛКЖО (ВЛКСМ) съезінде жасаған баяндамасында
Жұмабаевтың
Қазақстанда теміржол салуды (шын мəнінде, мəдениетті
көтеріп
, өндіргіш күштердің дамуына жеткізетінді) барлық ескіден айырылу
деп
санаған өлеңінен үзінді келтіреді. Маған осы уақытқа дейін, кейбір
қазақтарда
Түркістан — Сібір теміржолына қарсы ағым бар деп айтқанда,
мен
оған сенбеген едім. Мен мұны көз алдыма елестете де алмадым. Міне,
енді
, жоғарыдағы жолдарды оқығанда, мен: “Иə, бар екен” деп ойладым
жəне
мен олардың жолы... буржуазиялық өзінөзі анықтау ұранына жəне
буржуазияға
сөзсіз тəуелділікке əкеледі деп санаймын”.
Ах
, осы бір “партияның сүйіктісі” жəне өнердің қамқоршысы деңіз! Япырау,
ол
Мəскеуден ең шет өлкеге дейінгі əдеби кеңістікке қашан ғана көз тастап
үлгерді
екен?! Бұдан оның бəрін көретін қырағы көзіне Мағжан
Жұмабаевтың
өлеңдері түсерден бір жыл бұрын Бухарин “Правда” газетінде
(1927 жылдың 12 қаңтары) “Ащы жазбалар” (“Злые заметки”) мақаласымен
оқыстан
дауыл соқтырып, іс жүзінде орыс крестьян ақындарына қарсы
бағытталған
науқан ашуға əмір берді. “Есениншілдікпен” күрес желеуімен
ол
С.Есенин поэзиясын “қымқуыт, əлемжəлем көріністерден: “төбет иттен”,
“иконнан”, “бала емізген əйелден”, “жарық майшамнан”, қайың, Ай, бұтақ,
Жаратушы
Құдай, қалыптан тыс жыныстық құмарлық... тағы сол
сияқтылардан
тұрады, осының бəрі диуаналық жалған халықтық
ұлтшылдық
қалпағының астына жасырылған” деп анықтап, орыстың
ұлттық
əдебиетіне ит қосып айтақтау науқанын өрістетті. (Бухарин
тізбелеген
образдар қатарында Жаратқан Ие мен икондар төбет итпен жəне
бұтақпен
араластырылуын түсінуге болады, өйткені Николай Иванович
балалық
шағында басқа ешкім де емес, антихристің дəл өзі болып шығуды
армандаған
болатын). Бұдан да ертерек, 1926 жылдың наурызында,
сталиндік
қуғынсүргіннен көп бұрын, Есениннің достарының бірі —
Троцкийге
қарсы поэма жазған ақын Алексей Ганин атып өлтірілген еді
(“тежеусіз əмірші” Сталиннің 1934 жылы өзіне қарсы бағытталған өлең
жазған
Осип Мандельштамды жер аударумен ғана шектелгендігін жəне тек
үш
жыл өткеннен кейін ғана ақынның көзін лагерьде жоя алғандығын еске
түсірейік
, бірақ басқа — басқа, ал Кобаның даңқы кекшілдікпен шыққаны
белгілі
, сондықтан оның Мандельштамның айтқан сөздерін ұмыта қоюы
екіталайды
).
“Бухариндік қуғынсүргін” деген термин жоқ, бірақ кім біледі, дəл осы бір өз
кезіндегі
құдіретті саясаткерге, сонымен бір уақытта Округтік Мемлекеттік
Саяси
Басқарма (ОГПУ) алқасының ықпалды мүшелерінің біріне, өзінің
тұтас
бір қатарын — крестьяндық əдебиетті жойғаны үшін тек орыс сөз
өнері
ғана емес, сондайақ алғашында “ұлтшылдар” деп, одан
соң
“контрреволюционерлер” деп жарияланып, 1929 жылдың өзіндеақ
заңсыз
жазаланған өзінің ең таңдаулы жазушыларының көзін жойғаны үшін
қазақ
əдебиетінің де “қарыздар” болуы əбден мүмкін.
Қарапайым
ғана жағдай: ұлттық интеллигенцияны өз мақсатына
“пайдаланған”, енді оны жоюды ойына алған (оның: “Біз бұл уақытша
одақтастарды
лақтырып тастай аламыз”, — деген көпмағыналы сөзін еске
түсірейік
— жендеттің сөздік қорында л а қ т ы р ы п т а с т а у дегеннің нені
білдіретіні
айтпаса да түсінікті) Голощекин өзінің “ұлтшылдарын” бүкіл
елге
көрсету үшін, яғни оларды тұтқындауға негіз қалау жəне сонымен бірге
Мəскеудің
, Саяси бюроның қолдауына ие болу үшін Бухариннің жеңінің
ұшына
М.Жұмабаев өлеңдерінің үзінділерін тықпалағаны анық. Қазақ тілін
түсінбейтін
Бухариннің қазақ ақынының шығармасындағы саяси “бүргені”
өз
көзімен көруі мүмкін емес қой! Саясаткерлерде кездейсоқтық болмайды.
Əрине
, бұл Филипп Исаевичтің Қазақстанның көрнекті интеллигенттерінің
үлкен
бір тобын тұтқындауға адамсүйгіш Кобадан рұқсат алғанын тіпті де
жоққа
шығармайды, ал бірақ жазалау дың — қазір айтылатынындай —
Голощекиннің
ұсынысымен жүзеге асырылатыны ешбір күмəн
тудырмайды
... Барлығын пайымдай келгенде, бұл — ұжымдастыру
алдындағы
артиллериялық дайындық еді: халықтың арқасын — шаруаларды
— опырар алдында оның билікпен ешқашан да жəне ешбір жағдайда да
келісімге
келмейтін рухани көсемдерінен бірден жəне біржола құтылу керек
болды
...
1929 жылдың 19 сəуірінде “Советская степь” “Жазушықазақтардың
шығармашылығы
туралы” (“О творчестве писателейказахов”) деп аталған
хатты
жариялады. Хаттың алдында шағын редакциялық алғы сөз болды:
“Правда” газетінің редакциясына жəне “Əдеби энциклопедияның”
(“Литературная энциклопедия”) редакциялық алқасына жекелеген
жазушықазақтардың
шығармашылығына берілген бағаға қатысты
“Энциклопедия” жіберген қателерге орай, бір топ жолдастардың қарсылық
хаты
жіберілген. Бұл хаттың үлкен қоғамдық мəнділігіне байланысты оны
толық
келтіріп отырмыз”.
Несі
бар, бұл хатта əңгіме болған жазушылардың тағдыры бүгін де ешкімді
бейтарап
қалдырмайды, сондықтан оның негізгі мəнжайын толық
келтірейік
:
“Қадірлі жолдастар!
...Біздің ойымызша, Əуезов пен Байтұрсыновтың шығармаларына мүлде
маркстік
емес тұрғыдан баға берілген. Алдымен Əуезов туралы.
“Литературная энциклопедияда” ол “осы заманның аса көрнекті жазушысы,
көркем
шығармалары ғажайып сезімталдығымен жəне тарихи
шыншылдығымен
ерекшеленеді...”, — деп жазылған. Біз мұның бəрі ең аз
дегенде
Əуезовтің өзін де, оның шығармашылығын да білмегендік,
түсінбегендік
деп санаймыз.
Біріншіден
, Колчак кезінде шығыс Алашорданың белсенді мүшелерінің бірі
болған
Əуезов Колчакпен күресе алған жоқ, күреспеді де, керісінше белгілі
екеніндей
, сол кездегі бүкіл Алашорда, оның ішінде, Əуезов те Колчакпен
одақтасып
, большевиктерге, Кеңес өкіметіне қарсы күресті...
Рас
, Кеңес өкіметі келген соң Əуезов оның жағына шығып, партияға өтті
жəне
біраз уақыт ҚырОАТКОМның (КирЦИК — ауд.) хатшысы міндетін
атқарды
, бірақ соның өзінде де бəрібір Əуезов саясатта да, əдебиетте де
қазақ
байшылдығының буржуазиялық ұлтшылидеологі болып қалады. 1922
жылы
Əуезов антипартиялық алашордалық идеологиясы үшін партиядан
шығарылып
... əдеби жəне педагогтік жұмысқа кетті. Ол бұл жұмысын осы
уақытқа
дейін жалғастырып келеді...
Өзінің
барлық шығармаларында ол қазақ өмірін өткенді аңсаған қазақ
байының
көзімен көреді, қазақтың ескіазиялық əйелдерін жырлайды, қазақ
хандарын
, аңызға айналған батырларын, “дана” билерін, құрметті
ақсақалдары
мен феодал мырзаларды дəріптейді жəне онымен қоймай,
оларды
үнемі бүгін де құрметтеуге, еліктеуге тұратын ұнамды бейнеде
суреттейді
(қараңыз: “Қарагөз”, “Еңлік — Кебек”...). Бұл аз дегендей, жазушы
Əуезов
бұл айдай айқын реакциялық идеологиясын өзінің “сынында” да
уағыздайды
...
Байтұрсынов
туралы бағаны да... мүлде дұрыс дей алмаймыз. Рас,
Байтұрсынов
революцияға дейін қазақтың ұлттық интеллигенциясы
жетекшілерінің
бірі болды, патшалық саясатқа қарсы күрес жүргізді жəне
ол
кезде ол объективті түрде қазақ өміріндегі прогрессивті буржуазиялық
революционер
болып табылды.
Алайда
мұның бəрі “Байтұрсынов — аса көрнекті қазақ ақыны” деп айтуға
ешкімге
құқық бермейді... Ол мұндай болған жоқ. Ол публицист болды жəне
солай
болып қалады да.
Байтұрсынов
... буржуазиялық ұлтшыл — қазақ байшылдығының идеологі
болып
қалады... Ол контрреволюциялық идеологияны уағыздады... Осы
заманғы
қазақ қоғамы Байтұрсыновты біздің партиямызға қарсы күрес
жүргізген
жəне жүргізіп келе жатқан қазақ байшылдығын ашық қорғаушы,
сол
реакциялық алашордалық интеллигенция көсемдерінің бірі деп
санайды
.
“Литературная энциклопедияның” редакциялық алқасы жіберген қателерді
түзету
мақсатында біздің бұл пікірімізді “Правданың” беттерінде
жариялауды
өтінеміз.
Коммунистік
сəлеммен, О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, С.Сафарбеков,
О
.Жандосов, Х.Юсупбеков, А.Байділдин”.
Ізге
түсу, қудалау науқаны соңына жетті. Қалғаны туралы — тұтқындау,
тергеу
жəне 14 қазақ жазушысы мен мəдениет өкілдеріне шығарылған үкім
жөнінде
— жалған құжат жасалған басқа процестердің (Шахтинск ісі,
Промпартия
ісі) баспасөзде егжейтегжейлі жазылғанына қарамастан, ол
кезде
бір ауыз да сөз айтылмады. Қазірге дейін бұл туралы жалпылама түрде
ғана
айтылуда. Міне, “Қазақстан Компартиясы ОК комиссиясының Мағжан
Жұмабаевтың
, Ахмет Байтұрсыновтың жəне Жүсіпбек Аймауытовтың
шығармашылық
мұрасын зерттеу бойынша қорытындысынан” үзінді.
Мағжан
Жұмабаев туралы:
“...1921 жылы “Алқа” (“Круг”) деп аталған коллегияны, оны Сібір
тұрғындарына
Қазақ республикасын кеңінен таныстыру мақсатында
Сибревком
жанындағы ҚазақАКСР өкілдігі ұйымдастырғанына қарамастан,
бейне
бір астыртын қызмет үшін құрды деген жалған айыппен 1929 жылы
10 жылға негізсіз түрме жазасын береді. Бұл ағартушылық коллегия
кейіннен
, сталиндік қуғынсүргін кезеңінде, қазақ ұлтшылдарының құпия
контрреволюциялық
ұйымы деген ат алды”.
Ахмет
Байтұрсынов туралы:
“20жылдардың соңы мен 30жылдардың басында революцияға дейінгі
интеллигенцияның
көптеген көрнекті қайраткерлері елде басталған
əділетсіз
қуғындау мен жазалауға ұшыраған кезде, Алашорданың бұрынғы
көсемдерінің
контрреволюциялық қызметінің бейне бір жаңа фактілері
жөнінде
А.Байтұрсыновтың үстінен де арыз жазылды. Ол баспасөздің
жапатармағай
шабуылының нысанасына айналды да, 1929 жылдың
маусымында
тұтқындалып, ОГПУ коллегиясының шешімімен сотталды
жəне
Архангельск облысына жер аударылды. Ал оның əйелі мен қызы
Томскіге
жіберілді”.
Жүсіпбек
Аймауытов туралы:
“...1929 жылы бейне бір астыртын ұлтшылдық ұйымға қатысқаны үшін
қайтадан
тұтқындалып, 1931 жылы атылған...
Ж
.Аймауытовтың трагедиялық қазасының себебі де М.Жұмабаев сияқты
жоғарыда
айтылған “Алқа” ағартушылық коллегиясының жұмысына
қатысқаны
болды... Бұған Ж.Аймауытовтың РК(б)Пның тарихи рөлі туралы
шын
жүректен шыққан мойындауы мен оның социалистік құрылысқа
қатысқан
практикалық қызметін ешбір елепескерместен, бұрынғы “Алаш”
партиясының
мүшесі болғанын қосты.
Республика
прокурорының қарсылық білдіруі бойынша, олардың
қызметінде
қылмыс құрамы жоқ болуына байланысты, Қазақ КСР Жоғарғы
сотының
шешімімен М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов жəне Ж.Аймауытов
қайтыс
болғаннан кейін толық ақталды”.
Міне
, бар болғаны осы ғана. Бұл қысқа мəліметтерден айқын көрініп
тұрғанындай
, Жұмабаев пен Аймауытов бір іспен өткен. Ал Байтұрсынов
ше
?
Бəрі
де бір ғана, 1929 жылы тұтқындалған... 1930 жылдың 1 қазанында
Голощекин
Алматы
ұйымының
қалалық партактиві жиналысында “Партия құрылысына 10
жыл
” (“10 лет партийного строительства”) деген баяндама жасады.
Ол
:
“Жолдастар, есте ұстауларыңызды сұраймын, менің баяндамам партия
ұйымының
тарихы емес. Менің қолымда оған жеткілікті материалдар жоқ,
ал
бірақ болған күнде де мен қазір тарихты жазумен шұғылданбаған болар
едім
. Қазір тарихты жасайды...” — деді.
Бұл
баяндамасында өлкелік комитеттің бірінші хатшысы өзінің кезеңдік
істеріне
— қазақ “ұлтшылдарының” талқандалу жайына нақты түрде
тоқталды
.
Бейне
бір партбилетті бетке ұстап, өздерінің алашордалық қызметін
жалғастыру
жəне Кеңестерді құлату үшін жаппай партияға кіруді өз
алдарына
мақсат етіп қойғандай болған Алашорданың 20жылдардың бас
кезіндегі
астыртын қызметі туралы айтқан шағын кіріспесінен кейін
Голощекин
:
“Жолдастар, мен жария ететін барлық құжаттар, бұлар... “Байтұрсыновтық”
деп
аталып, жойылған контрреволюциялық ұйым ұлтшылдарының
көрсетулері
(қазіргі кезде Тынышпаевтың, Ермековтің жəне
Досмұхамедовтің
тағы бір контрреволюциялық ұлтшыл ұйымы жойылуда)”,
— деді Голощекин. Голощекиннің басқалармен бірге Аймауытовтың
көрсетуін
əлденеше қайталап келтіргеніне қарағанда, олардың бəріне —
Жұмабаев
, Байтұрсынов жəне Аймауытов үшеуіне де бірдей айып тағылып,
бір
ғана іспен тұтқындалғаны түсінікті болады.
Істе
“контрреволюциялық қызметтің” бірдебір (!) жаңа фактісі жоқ екеніне
ешбір
шімірікпестен, оларды дерліктей он жыл бұрынғы “күнəлары” үшін
соттады
. Жəне он жыл бұрын орын алған əңгімелер “ұлтшылдарды” жою
үшін
кінə етіп тағуға болатын салмақты дəлел екеніне көрсетулерді оқып
тұрған
Филипп Исаевичтің өзі де толық сенімді болды (қай жағынан алып
қарағанда
да, алғашында олардың бəрін ату үшін жинады — мысалы,
Міржақып
Дулатовтың Бутырск түрмесінің өлім жазасы кесілгендер
камерасында
тоғыз ай отыруы тегін емес. Бірақ кейін “əлеуметтік
қорғаныстың
жоғарғы шарасы” * деп аталған өлім жазасын он жылдық
концлагерьмен
ауыстырды). Осы көрсетулер бойынша (олардың қандай
жолмен
жиналғаны жəне қаншалықты шындық екені əлі белгісіз), шын
мəнінде
, ешқандай да контрреволюциялық қызметтің болмағанына көз
жеткізу
қиын емес — “буржуазиялық ұлтшылдардың” бүкіл кінəсі олардың
өз
халқының тағдыры туралы ойлағандығында болды жəне олар табиғи
түрде
бұл халықты білмеген, түсінбеген, сүймеген, таусылып бітпейтін
нұсқаулардың
көмегіне сүйеніп, кабинеттен басқаруды жөн көрген
Голощекиннен
өзгеше ойлады. Қазақтардың шынайы өмірі оған мүлде жат
еді
. Оған тек “ауыл бұқарасын игеру”, ал ол үшін алдымен ұлттық
интеллигенцияны
“пайдалану”, одан соң “бұл уақытша одақтастарды
лақтырып
тастау” ғана керек болды. Жəне лақтырып тастады да —
қудалануға
, жойылуға лақтырды, ал сонымен бірге ұлттық мəдениетті де
лақтырып
тастады.
ІХ
1928 жылдың 15 ақпанында “Советская степь” əлдебір Томиловтың
“Деревня жазбаларын” (“Деревенские заметки”) басты. Ол былай деп
жазады
:
“ХV съезде тасталған ауыл шаруашылығын коллективтендіру ұраны
деревняда
, əсіресе кедейлер ортасында қызу қолдау табуда...
Коллективтендірудің
қарсыластары оның жақтаушыларын əскери
коммунизм
кезеңінде құрылған əртүрлі коллективтік шаруашылықтардың
(коммуналар) ыдырау мысалдарымен қорқытуда.
Коллективтендіру
мəселесінің біздің баспасөзімізде, біздің
үгітнасихатымызда
жəне біздің саяси ағарту жұмысымызда жеткілікті түрде
көрсетіліп
отырмағандығын мойындау керек.
Осындай
олқылықтардың салдарынан, кулактар шаруашылықты
коллективтендіру
туралы ұранды өңін айналдырып, қыңырқисық түсіндіру
арқылы
орташаларды “коммунамен” қорқытуға мүмкіндік алуда...
Шаруалар
жиналыстарының бірінде: “Міне, партия съезі
коллективтендіруді
жүргізуге шешім қабылдады. Ал ол қалай жүргізіледі —
ерікті
ме əлде мəжбүрлі түрде ме?” деген сұрақ қойылды”.
Көріп
отырғанымыздай, журналист сұрақты орынсыз деп санап,
аңқаулықпен
(немесе өтірік) таңғалады, ол тіпті оған жауап беруді қажет деп
те
санамайды. Мінберден айтылғанмен газетте жазылғанның бəріне
ойланбастан
еш күмəнсіз сеніп əдеттенген оның шаруалардың не себепті
алаңдайтынын
түсінуі мүмкін емес.
Х
V съезден оралған Голощекин Қызылордадағы партактив жиналысында
“жаңа асулар” туралы əмірлі үнмен сөйледі:
“...Большевизмнің бүкіл тарихын бір жеңістен екіншісіне өту түрінде
көрсетуге
болады, бірақ сонымен бір уақытта бұл — бір қиындықтан
екіншісіне
өту.
...Большевиктердің бүкіл тарихы — бұл екі майдандағы күрес тарихы. Біз
екі
жауды жеңуге тиіспіз. Негізгі жау — капитализм. Екінші жау күш — бұл
пролетариатқа
буржуазиялық жəне ұсақ буржуазиялық ықпал етушілік”.
Осыдан
кейін ол неғұрлым нақтырақ сөйледі: “Кулактар шаруашылығы”
кедейлер
шаруашы
лығына
қарағанда ірі шаруашылық ретінде шапшаңырақ өсуде. Кулактарға
шабуыл
— бұл, ең алдымен, ірірек коллективтік шаруашылыққа, кедейлер
мен
орташаларды коллективтендіруге бағыт алу”.
Филипп
Исаевич “кулак өсуде” деп бұрын да айтқан болатын, алайда бұл
кедейлерді
таптық жауына қарсы жақсырақ топтастыру мақсатында асырып
айтылған
сөз еді; іс жүзінде 1928 жылы “кулакбай” əлеуметтік тобы
Қазақстанда
6—8%дан 34%ға дейін кеміді (РСФСР бойынша 3,9%дан 2,2
%ға дейін).
Неліктен
мен “кулакбай” əлеуметтік тобын тырнақшаға алып отырмын? Иə,
“кəмпескеленген” байлардың байлығы туралы біз айтқанбыз: пішен
шабатын
жəне шөп тырмалайтын машина əрбір шаруашылықта болған жоқ
жəне
əрбір киіз үйде кілем де бола берген жоқ дедік. Ал “кулактар” деп
аталатынға
келсек, оның қатарына өкімет ең еңбексүйгіш жəне
пайымтүсінігі
бар шаруаларды (крестьяндарды) қосты (оларды кейін жою
үшін
), бірақ олар да байлар емес еді. Бертінірек кездері белгілі болған
объективті
деректер көрсеткеніндей, тəркілеудің алғашқы жылында, яғни
1930 жылдың басынан жазына дейін 320 мың кулак шаруашылығынан
кəмпескеленген
мүліктің құны 400 миллион сомнан сəл артық болған
(бұған үй, мүлік, мал т.б., ең ақыры, құс төсек пен құс жастыққа дейін
енген
). Бір кулак отбасы мүлкінің орташа құны 1250 сомға (рубль), яғни
маман
жұмысшының жылдық еңбекақысына теңестірілген. Міне, көрдіңіз
бе
, күнітүні пролетариат диктатурасын жоюды армандайтын ауыл (деревня)
кедейлерінің
сайтан алғыр қанаушылары бүкіл өмір бойында қаншама көп
байлықты
кедейден сығып алған десеңізші.
Көп
ұзамай халықтан астық жинау науқаны басталды. Сібірден оралған
Сталин
“заң негізінде алыпсатарлар мен кулактардың алыпсатарлық
элементтерінен
кəмпескеленген артық астықтың 25 пайызын кедейлерге,
ұзақ
мерзімдік несие түрінде олардың тұқымдық жəне қажет болған
жағдайда
тұтынушылық мұқтаждарын қанағаттандыру үшін беру” туралы
айтылған
“БК(б)Пның барлық ұйымдарына” директивасына қол қойды.
Ауыл
(село) — барлығы туралы бəрі білетін орын. Қиын күндерге арналған
астық
толы сақтық ұрасын “пролетарлық” қырағы көзден қалай жасырсаңыз
да
, міндетті түрде ерте ме, кеш пе, көршінің күншіл көзі іздеп табады, міне,
сол
кезде “саналы” кедей ауқатты орташаны көрсетіп, оның жасырған артық
астығын
тауып береді жəне жер өңдеп, егін егіп, тер төкпестенақ көршісінің
астық
қорының төрттен бір үлесіне тегін сый ретінде ие бола кетеді.
Осылайша
большевиктер ауылды (деревняны) тағы да бір рет сөз тасығыш
өсекшілерге
жəне басқаның игілігіне қолсұғушылардың құрбандарына,
сонымен
қатар олар өздері кімдерді қайыршыландырып, түрмеге тығуды, ал
отбасын
ел ақтатып, қаңғытып жіберуді ойлаған болса — сондайларға бөлді.
Сəуірдің
соңында, əдетте, Голощекин төменгі қызметкерлерге жабатын
əртүрлі
“асыра сілтеулер мен бұрмалауларға” қарамастан, астық дайындау
жөніндегі
жоспар орындалмай қалды. Ұжымдастыру əреңəрең аяғынан тұра
бастады
, ал бұл екіарада өлкелік комитеттің бірінші хатшысы ірі мал
шаруашылығы
жəне егін шаруашылығы кеңшарларын құру міндетін қойды.
Артық
та емес, кем де емес — бірден ірі кеңшарлар бер. Бұл — көшпенді
жəне
жартылай көшпенді мал шаруашылығында жəне көптеген ұсақ
егіншілік
шаруашылықтарында!..
Бұл
аралықта белсенділер астық ұраларын тексеріп, астық қоры тек
кулактарда
ғана емес, сонымен бірге орташалар мен кедейлерде де бар деп
реніш
білдіре мəлімдеді. Соғыс туралы жəне ЖЭСтің (НЭП) жойылуы
жөніндегі
“кулактық” өсекаяңды əшкереледі. Ал соғыс қаупімен кулак емес,
дəл
сол өкіметтің өзі қорқытты; ЖЭСті жойды, бұл дұрыс ойлай
білетіндердің
бəріне белгілі жай еді: селода азықтүлік салымы ысқырып
тұрды
. Адамдарды сұрапыл үрей билеп, олар аштықтан қорқып, сақтық қор
үшін
артық астық жинай бастаған болса, бұған таңғалатын несі бар, өйткені
əскери
коммунизмнің аштық жылдарынан бері көп уақыт өте қойған жоқ
еді
. Алайда қарны тоқ, қамқайғысы жоқ өкімет “артық” астығын арзанға
сатудан
жасыруға дəті барған шаруаларға қатты кейіді. “Қазір астық
дайындау
жөніндегі жұмыс барлық артық астықты дереу мемлекетке сату
үшін
үгіт жұмыстарын өрістетуге келіп саяды. Егер тек əрбір орташа шаруа
15—20 пұттан сататын болса, біз астық дайындау жоспарын мерзімінде
орындаймыз
. Қазіргі кезде əзірше ілгері басушылық жоқ...” — деп жазды
газеттер
.
“Советская степь” газетінде “Астық дайындауға зиян келтірушілерге соққы
берейік
” (“Удары по вредителям заготовок”) деген тұрақты айдар пайда
болды
.
12 маусымдағы нөмірі “Аштықты айтып кім зарлайды?” деген сауал
қойылған
тақырыппен жарық көрді.
Оның
жазуы бойынша, кезектен “алынған” төрт “тоғышардан”, тексеру
барысында
, “үлкен астық қоры” табылған екен. Бұлар болса,
“алыпсатарлар” (кезекте тұрған адам ешқандай себепсіз тұтқындалады, оған
тінту
жүргізеді жəне осы жағдайда оны “алыпсатар” деп атайды) жəне
“Ойбай, астық жоқ! Аштық келе жатыр! Құтылыңдар, қор жинаңдар!” деп
үрей
мен “дүрбелең туғызады”...
Көп
кешікпейақ революциялық айлашарғының халықты қайда бастап бара
жатқанын
адамдардың дұрыс түсінгені белгілі болды. Ал мұны басқалардан
бұрынырақ
болжап білгендерді қудалады жəне бірінші кезекте соттады.
“Советская степь” газетін парақтап көрейік.
1928 жылдың 18 маусымы. “Əлі де аштықпен қорқытушылар туралы. (Біздің
ақмолалық
тілшімізден.)
Ворошилов
болысының Вознесенская станицасы... Кедейлер жиналысында
ұйымдасқан
кулактар аштық туралы əртүрлі үрей туғызып, астық
дайындауға
қарсы тегеурінді үгітнасихат жүргізді. Кулактардың
қысымымен
жиналыс:
“Біздің аш екендігімізге жəне Совет өкіметі бізді аштан қырылуға айдап
салып
отыруына байланысты астық тапсырмаңдар, ал дайындалған астықты
өздеріңде
қалдырыңдар...” деген үндеу қабылдады.
Қандай
? Міне, кулактың мүйізі шығып келеді... Тексеру анықтағанындай,
станицада
20 000 пұттан аса бастырылмаған астық бар...
Бұл
қарсылық ақыр аяғында талқандалуға тиіс”.
Шаруаларға
қысым күшейе түсті, егіншілер мен малшылардың үш қабат
жон
терісін сыдырып алуға кірісті. Мұны өкімет жасырған да жоқ. 1928
жылдың
шілдесінде БК(б)П ОК пленумында Сталин былай деді:
“Бізде қазіргі кезде шаруалардың жағдайы мынадай болып тұр: ол
мемлекетке
əдеттегі тікелей жəне жанама салықтарын ғана төлеп отырған
жоқ
, сонымен бірге ол тағы салыстырмалы түрде жоғары бағада өнеркəсіп
тауарларына
артық төлейді— бұл біріншіден жəне ауылшаруашылық
өнімдері
үшін баға бойынша аздыкөпті кем алады — бұл екіншіден. Бұл
бүкіл
елге, оның ішінде, шаруаларға да қызмет ететін индустрияны көтеру
мүддесімен
шаруаларға салынған қосымша салық. Бұл — “алым” түріндегі
əлдене
, артық салық...
Бұл
іс, айтары жоқ, жағымды емес. Бірақ біз, егер бұл фактіні боямалап
көрсететін
болсақ жəне шаруаларға салынған бұл қосымша салықсыз,
өкінішке
қарай, біздің өнеркəсіп, біздің еліміз əзірше қиындықтан жол
тауып
шыға алмайтынына көз жұма қарайтын болсақ, онда біз большевик
болмаған
болар едік”.
“Большевиктік турашылдығына” қарамастан, ашық пікірлі Коба алымды
(дань — ауд.) құлданылған адамдар төлейтінін жəне бұл “əзіршенің”
мерзімін
анықтамағанын айтпай қалды... Ол аз десеңіз, шаруалар алым
төлеп
отырса да, осы жағдайдың өзінде де оларды өкіметтің қауіпті жауы
деп
санады. Азамат соғысы кезінде болғанға ұқсас, адамдар арасындағы
қатыгездік
қатерлі ісік сияқты өсіп, күнненкүнге насихат арқылы өрши
түсті
.
Газет
тақырыптары былайша айғайласты:
— Кулак пен байға шабуылды күшейтейік!
— Кулак бұзақыларының қолында.
— Бай мен ақсақалдың құшағында.
— Байлар мен қылмыскерлерді қуып шығайық!
— Кулактар мен байларды қаттырақ соғайық!
— Кулак пен байға шабуылға шығайық!
* * *
Ол
кезде құдіретті де əмбебап болып көрінген т а з а л а у əдісі күшіне мінді
(дегенмен бұл əдіс кеңес өкіметінің бірінші күндерінен бастап əртүрлі
жағдайда
қолданылды жəне оны өз кезінде Маяковскийдің: “Мен өзімді
тазартамын
қарап Ленинге, революциямен жүзу үшін əлі де...” деген
мейлінше
қызықты жолдармен жырлауы тегін емес).
Тазартты
... партияны жікшілдер мен ұлтшылдардан, ұжымшарларды
кулактар
мен байлардан; зауыттар мен фабрикаларды əлеуметтік жат
кадрлардан
; село мен ауылқыстақтарды шіркеуден жəне мешіттен; жоғары
оқу
орындарын табы бөтендерден; мектептерді кулак балаларынан... жəне
бəлкім
, əлдебір жерлерде балабақша мен яслилерді... тазартты. Ленин мен
Сталин
ашқан əлеуметтік жат элементтердің периодтық жүйесі
Менделеевтің
қарапайым кестесіне қарағанда əлдеқайда кең де күрделі
болып
шықты.
Бəрі
дайындалған, тексерілген, сынақтан өткен: алдымен тазалау, одан соң
асырасілтеушілікпен
күрес, одан кейін келесі тазалау...
Міне
, “Советская степь” газеті 1929 жылдың 24 қаңтарында екі шағын
мақала
жариялады: “Құқығынан айырылғандар өңін өзгертеді” (“Лишенец
меняет
кожу”) жəне “Асыра сілтеу сабақтары” (“Уроки перегибов” ).
Алғашқы
хабарламада сайлау комиссиясына сайлау құқығын қалпына
келтіру
туралы көптеген өтініштердің келіп түскені туралы айтылған.
Əрине
, автор өздерінің азаматтық құқықтары жөнінде ауыз ашуға ұялмаған
тап
жауларының айлашарғысына кейістік білдіріп, олардың бəрін
басбасына
“бай”, “молда”, “кулак” деп атайды. Ал оның қатарында
Қостанайдан
түскен хабар: Затобольск ауданында сайлау құқығынан
айырғандарды
тексеріп, 1222 адамнан тұратын тізімнің үштен екісін
қысқартқан
, өйткені “айырылғандар” санатына тіпті “орташалар” да кіріп
кеткен
болып шықты. Сірə, қостанайлықтар да павлодарлықтар сияқты тек
бір
ғана нəрсеге — тазалау жөніндегі жоспарды асыра орындауға асыққан
тəрізді
.
Халықты
таза жəне таза еместерге бөліп, мұны оның есіне қайтадан салды
жəне
тазалықтың шарты əлеуметтік шығу тегінде болды.
1929 жылдың 22 ақпанында “Советская степь” газеті “Пролетарлық
студенттер
үшін емтихан” (“Экзамен для пролетарского студенчества”)
мақаласында
:
“БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің оқу орындарын əлеуметтік жат
элементтерден
тазарту туралы соңғы шешімі — аса зор мəнге ие факт, бұл —
Қазақ
өлкелік комитеті үздіксіз жəне табандылықпен жүргізіп келе жатқан
саяси
бағыттың жалғасы жəне одан əрі нығаюы”, — деп жазды. Тарихи,
əйтсе
де орталықтың дағдылы партиялық нұсқауы бойынша дайындалған
шешімге
ұсақ... (бірақ) буржуазия қатарынан шыққан, алайда бұдан өзін
əлеуметтік
жат элемент деп санамайтын Голощекин қол қойды.
Бір
күн бұрын газет Ортаазиялық мемлекеттік университеттің əртүрлі
факультеттерінен
(сонымен бір уақытта комсомолдан) əлеуметтік жəне
идеологиялық
жат деп танылған “бетжүзін бояған” студенттерді қалай
лақтырып
тастағаны туралы Ташкенттен жазылған хатты басты.
“Кулактың еркетотайларына мектепте орын жоқ!” деп ұрандатты 10
наурыздағы
нөмірдің тақырыбы.
“Тап күресі өткірленді, — деп баяндады Голощекин 1929 жылдың 9
наурызында
Қызылордадағы партактивте. — Мен бүкіл Қазақстанды аралап
келдім
, қазірге дейін 50 миллион пұт дайындалды... 75 миллион сомның
тауары
жеткізілді, 50 миллион сомға астық сатып алдық”.
Баяндамашының
пікірінше, тап күресінің формалары елеулі түрде өзгерді.
“Қазірге дейінгі кулактар мен байлардың күресінің негізгі тəсілдері аузын
майлап
, өз жағына шығару, топ құру, рулық жікшілдік т.б. болып келген еді.
Биылғы
жылы кəмпескеден кейін... террор келді. Кулактар мен байлар
барған
сайын қожайындық орынды көбірек иелене бастаған кедейлер мен
орташаларға
жол бергісі келмейді”.
Қазіргі
кездің тарихшылары Б.Төлепбаев пен В.Осипов “Шындық
тұрғысынан
” (“С позиций правды”) деген мақаласында бұл кезең туралы
былай
деп жазады:
“Деревнялар мен ауылдарға өлкелік жəне округтік органдардан ең қатал
нұсқаулар
алған жəне аса үлкен құқыққа ие болған 4812 уəкіл
аттандырылды
. Қаталдық пен принципсіздік олардың мінезқұлқының
негізгі
белгісі болды. Басты соққы кулактар мен байларға берілуі тиіс еді.
Бірақ
жағдайды меңгерудің дұрыс жолын таба алмаған уəкілдер
орташаларды
, тіпті кейде кедейлерді де жиіжиі соққының астына алды.
Əкімшілік
шаралар экономикалық тиімділікке жеткізбеді, сотталған (34121)
“байлар мен кулактардан” 631 мың пұт астық, 53 400 бас мал тартып
алынды
, ал бұл астық дайындау жоспарының небəрі бір пайызға жуығын, ал
ет
дайындау жоспарының 3,5 пайызын ғана құрады. Мұның үстіне, БК(б)П
Қазақ
өлкелік комитеті 1929 жылдың көктемінде астық дайындаудың
жоспарын
84,3 пайызға орындауға, ал ет дайындауды: өткен жылғымен
салыстырғанда
, сиырдан 1,5 есе, қойдан 3 есе өсіруге қол жеткізілді деп
баяндады
.
Əрине
, астық дайындаудың негізгі ауыртпалығы орташа мен кедейдің
мойнына
түскені анық. Оның үстіне, олардың көпшілігінің астығы соңғы
дəніне
дейін тартып алынған еді. Астық дайындаудың жоспарына мүлде
егін
екпейтін қазақтың көшпенді шаруашылықтары да ілікті. Олар өздерінің
малдарын
сатып, оған астық сатып алуға мəжбүр болды...”
Сонымен
, “байкулак” қылмысының он жылдан аса мерзімінде 34 121 адам
сотталған
... Əйтсе де, бұл цифр қандай да бір түсініктеме беру мен
нақтылауды
қажет етеді.
Жоғарыда
келтірілген мақаланың авторлары саналы түрде немесе байыбына
бармай
, “мемлекеттік органдардың өкілдері деревнядағы күресті
арандатушылықпен
өздері шиеленістірді” дегенге күмəн келтіреді. Бұған
күмəнданудың
орны жоқ деп есептеймін: таптық, дұрысын айтқанда, тап
ішіндегі
соғысты тұтандыру большевиктік саясаттың негізі болды жəне бұл
саясат
Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап жүргізілді: Қазақстанда
ол
Голощекиннің келуімен бірге жаппай жанданды. Бұған дəлел көп
келтірілді
де, ал мынау 1929 жылға қатысты куəлік.
Қазақстан
Халком Кеңесінің жаңа төрағасы О.Исаев 11 қыркүйекте қол
қойған
жарлық бойынша, əрбір ауқатты жəне бай, кулак шаруашылықтары
барлық
артық астықтарын 1929 жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей
өткізулері
тиіс болды. Жалтарғандарға өткізуге тиіс болған астық құнының
бес
есесі көлемінде айып тарту немесе 61бап бойынша қылмыстық жазаға
кесілу
қаупі төнді. Екі аптадан кейін дайындаушыларға Филипп Исаевичтің
өзі
“жол болсын” айтты:
“...Ал кулак бізге бермейді, коммунистер кедейді оларға қарсы ұйымдастыра
білмейді
. Біз оған біл, ұйымдастыр, бұл кулакты соқ дейміз (қол
шапалақтау
). Өйткені бұл — тап күресін ұйымдастыру; бұл — аса ірі таптық
міндет
. Ал қалаға жол тартатын, алдынан қаладағы жұмысшылар мен
қызметшілер
шығып қарсы алып, шаруалармен бірге сап түзейтін мыңдаған
жүк
арбалардан тұратын қызыл керуендерді ұйымдастыру — əлде бұл
таптық
міндет емес пе?”
Адамдардан
тартып алынған астықты тиеп жолға шыққан мыңдаған қызыл
керуендердің
көңіл желпінтерлік көрінісі жəне өздерінің станоктары мен
кеңседегі
үстелдерін тастап, осы керуенді қарсы алуға шыққан шатшадыман
қуанышты
қалалықтар — міне, Голощекинді қандай ой билеп алған, міне, ол
дайындаушыуəкілдерді
немен сатып алғысы келеді? Ал оны тұқымдық
астығын
сыпырып алған, ашықпағанның өзінде бірін екіншісіне əреңəрең
жеткізерліктей
халге душар болған мыңдаған отбасының тағдыры тіпті де
қызықтырмайды
. Ол керуенмен сапарға шыққандарды осындай апофеоздық
(Құдайдың құдіретімен болған іс ретінде асыра дəріптелген. — ауд.)
көрініспен
— тоналғандарды дəл осы үшін қуанышты болып, керуендердің
алдынан
шыққандармен қорқытыпқуушы тонаушылардың сап түзеген
қатарымен
жігерлендірді.
Ұжымдық
ұйымдастырушы жəне насихатшы газеттер күн сайын астық
дайындау
туралы, бейне бір майданнан жолданған əскери мəліметтер
секілді
қысқа хабарлар беріп тұрды.
“КУЛАК-ТЕРРОРИСТЕРДІҢ АТЫЛУЫ
Петропавл
округтік соты Кеңес мүшелерін, белсенді қызметкерлерді, астық
дайындау
жөніндегі уəкілдерді соққыға жыққаны үшін кулактар тобын
əлеуметтік
қорғаудың жоғарғы шарасы — ату жазасына кескен үкім
шығарды
. Орал округтік соты ықпалды бай Өмірəлиев Рахманды ату
жазасына
кесті... Ол астық дайындауға көмек комиссиясының мүшесі
жолдас
Ханхажинді өлтіру мақсатында қастандық жасады.
Кулак
Ваганов Иван белсенді қоғамшыл — батырақ Саянинді өзенге
батырып
өлтіруге тырысты... Орал округтік соты Вагановқа ату жазасын
беруге
үкім шығарды.
Барлығына
қатысты үкім орындалды”.
...Өкімет тіпті қан төккені үшін емес, жұдырықпен ұрғаны үшін, қан төгуге
тырысып
, əрекет еткені үшін де қан төкті (ал бұл əрекет қандай болды: егер
бай
Өмірəлиев пен кулак Ваганов болмаса, басқа ешкім де белсенділерді
өлтірген
жоқ, суға да батырған жоқ).
“Астық сығып алушыларды” қорқыту үшін, оларға ескерту жасау үшін ғана
шапалақпен
тартып жіберген мұндай “лаңкестер” саны қанша болып еді?!.
“Үздік лениншіл жолдас Сталин” бастаған сенімді лениншілдер ЖЭСті
келмеске
кетірді; Голощекин, өлкелік комитеттің жаңадан сайланған екінші
хатшысы
Ізмұқан Құрамысовпен (32 жаста, ақтөбелік диқанның отбасынан,
бұрынғы
батырақ, Орынбордағы қасапта жұмысшы болған, 25 жасынан
партия
қызметкері) жəне Халком Кеңесінің жаңа төрағасы Ораз Исаевпен
(30 жаста, оралдық батырақтың отбасынан, бұрынғы милиционер, 20
жасынан
партия қызметкері) бірге астық жоспарының орындалмаған
бөлігінен
қалай құтылуды жəне көшпенділерді ұжымшарға қуып əкеліп,
отырықтанып
өмір сүруге мəжбүрлеуді ойластырды.
Халықтың
арқажонын опырудың “ұлы жоспары” белгіленді, машақат
жеткілікті
еді.
Қазақстанда
ұжымшар қозғалысын дамыту жоспары бойынша, 1929 жылы
ұжымшар
санын 2315тен 3215ке жеткізу, бірлескен шаруашылықтарға 34
000 жаны бар 18 668 отбасын тарту ұсынылды.
Жылдың
соңына қарай ұжымшарларда 194 490 жаны бар 41 700 отбасы
немесе
өлкенің бүкіл тұрғындарының 1928 жылғы 1,6%дың орнына 3,1 %ы
болуға
тиіс болды. Алғашында 1933 жылы крестьяндық
шаруашылықтардың
4%ы біріктіру үшін бесжылдық ішінде ұжымшар
санын
екі есе ұлғайту белгіленді. Алайда жоғарыда мұндай қарқынды
большевиктік
емес деп санағандықтан, көп ұзамай жоспар өзгеріп,
шаруашылықтардың
16—18 %ын ұжымдастыруға, яғни ұжымшар санын о н
е
с е арттыруға шешім қабылдады. Ұжымшар құрылысының еріктілігі мен
біртіндеп
жүруі туралы тіпті сөз де болған жоқ.
Бүкіл
ел үшін белгіленген ұжымдастыру қарқыны, əсіресе Қазақстан үшін
жəне
оған ұқсас тұрғындарының жартысы көшпенді немесе жартылай
көшпенді
болған аудандар үшін жарамсыз болды. Бірақ нұсқау билік алған
жерде
заң, парасатты адамдық пайым болған жоқ. 1929 жылдың өзінде
алдын
ала межеленген бесжылдық жоспар екіесе асыра орындалды:
ауылшаруашылығындағы
ұжымдастыру пайызы 6,9ға жетті.
Қарқын
тым үдеп, күніне емес, сағат санап өсіп отырды.
Социалистік
Қазақстанның кезекті тоғызыншы жылдығын əдеттегідей 4
қазанда
атап өтті. Қазақстан күнтізбесіндегі қызыл цифрлы күні,
қарапайымдылықпен
өзінің есімін “П.Зй” деген əріптермен белгілеген
кезекші
өлең шығарғыш “Мерейтой иесі — дала”* (“Степь — именинница”)
деген
ода құрастырды:
Берілтті
онда жас, мұңға,
Алаштың
жолы болмаған.
Жасыл
туының астында
Ақсақалдары
қолдаған.
Жұт
келіп жатты қиналып,
Қызығы
болмай көретін...
Анау
да мынау қалып,
Масақты
ғана теретін.
Азапты
ауыл жататын
Жылғасы
тиіп иекке.
Домбыра
мұңға бататын
Жатақтық
батып сүйекке.
Арада
өтті жыл, ай да,
Бұл
емес жанға батқаны.
Рақат
қандай, ұнай ма,
Теміржол
тулап жатқаны?
Теміржол
бойы ілесіп,
Киіздей
ұйлыққан азапқа.
Келеді
Октябрь күресіп,
Бақыты
үшін қазаққа.
Бұл
екі арада нұсқаулар шыңқұзынан “Кремль бүркіті” мен оның
құзғындары
құлатқан қар көшкіндері төмен қарай тау қопарғандай сұрапыл
екпінмен
құлдырады: республика ұжымдастыру құйынының астында
қалды
. “Ұлы бетбұрыс” өзінің тоқтаусыз топалаң күшіне мінді...
Х
Қамбадағы
астық қалдықтарымен бірге адамдардың жүрегінен Жаратушы
Иені
де жұлып тастады — болашақ ұжымшарларда дəл қаладағыдай Оған
орын
қалдырған жоқ. Құдайсыздар басшысы Емельян Ярославский, ол əрі
Губельман
жəне сондықтан Емельян емес, Мəскеуде отырып басқарған бұл
науқанға
Каганович жетекшілік етті. Олардың түсінігіндегі арұждан
бостандығы
бойынша, егер Құдай үйін құртып жібермейтін болса, соның
өзінде
оны сауда лəпкесіне немесе клубқа айналдыру керек болды. Əрине,
шын
берілген лениншілдер үшін ең бастысы басқада — орыс халқын жəне
ең
алдымен оның, тіпті өз атауын христиандық ғұрпынан алған байырғы
əлеуметтік
қабаты крестьяндықты толығымен арұждан сенімінен айыру
болды
. Крестьяндықтың арқажонын опырардың алдында оның басын алуға
шешім
қабылдады. 1929 жылдың басында Каганович бүкіл елге діни
ұйымдарды
бірденбір жасырын өмір сүріп жатқан контрреволюциялық күш
деп
жариялаған нұсқауын таратты. Сонымен бір уақытта Ярославский ел
тұтасымен
атеистік болып шығуы үшін құдайсыздық бесжылдығын
жариялады
. Шіркеу, часовня (кішкентай шіркеу), иконды... қысқасы, əскери
коммунизм
уақытынан бері бүлінбей аман келе жатқанның бəрін жаппай
жауып
, құрту осылай басталды.
Партияның
көмекшілеріне сылтау табыла кетті. Михаил Кольцов
(Фридлянд) алты ғасырдан астам уақыттан бері тұрған ұлттық жəне əлемдік
мəдениеттің
ескерткіші — Мəскеудегі Симонов монастырын талқандау
туралы
ұсыныс енгізді. Ол газеттерде насихаттық шу көтергеннен кейін Бас
ғылым
басқармасы орыс сəулетінің алты мың ескерткішін (сегіз мыңның
ішінен
) есептен шығарды, яғни жоюға үкім етті. Орыс ұлттық мəдениеті
мен
православияны ойрандаудың мəнмағынасы М.Кольцовтың Симонов
монастырының
талқандалуы туралы репортажынан анық көрінеді:
“...Пироксилин (қопарғыш зат — ауд.) салынған құтыларды қойып шықты...
Одан
соң тарсылгүрсіл... күткендегіден сəл бəсеңдеу... тағы бір соққы....
Таптаза
, аппақ мəрмəр төбешік жоғары қарай тік көтерілді... Жоқ, бұл ғажап!
Собордың
кірпіштері бүтін қалпында жанжаққа шашырап түсіп жатты.
Олар
бейне бір шақпақ қант тауына ұқсайды...
Лениндік
түннің* алты жылдығында Сталин жəне онымен бірге бүкіл
партия
пироксилин құтыларының жаңа қатарын қойып шықты: ескі
деревняның
орнына, оның сансыз көп кішкентай капиталистерінің
қалдығының
үстіне (ерекшелеген автор. — В.М.); оның ескі теріс
салттарының
ең терең тамырларының арасына — оның орнында жаңа,
қоғамдасқан
, социалистік салтдəстүр құру үшін. Он бесінші съезд де
бетбұрыс
жағында, біз ашық теңізбен, он алтыншының оттарымен кездесу
үшін
одан əрі барамыз. Жаңа жарылыстар жəне онымен бірге күні бүгінге
дейін
өмір сүріп келген жəне осы монастырьдың қабырғасы секілді берік
тұтас
бір тап жерден ажырап, аспанға ұшады”.
Айлық
таралымы жүздеген мың данаға жеткен антидіни баспасөз “бір бүтін
тұтас
таптан” тек “босанып шыққан молекулалардан” өзге бүтін ештеме
қалмауы
үшін құлшына күш салды.
Кейін
, неміс кеңірдекке пышағын тақаған кезде, бұрынғы семинарист Сосо
Джугашвили
өзі қыспаққа алып, жойған, аштықпен қырған “бауырлар мен
қарындастар
” туралы еске алды. Дана Коба (оның өз басын құтқаруы керек
болғанын
да ұмытпайық) сонда шіркеушілерге аздап кеңшілік жасады:
“Дұға оқыңыздар, бірақ сіздердің дінге сенетін адамдарыңыз жақсырақ
соғыссын
... Ал əзірше сөз жолдас Губельманға берілді” (Жолдас м а у з е р
өзінің
сөзін ондаған жылдар бұрын айтты — 1919 жылдың соңында ресейлік
360000 діни қызметкерден 40 000ы қалды). ОКдегi антидіни кеңесте (1929
жыл
.) Ем.Ярославский əскери əрекеттердің басты бағыттарын
тұжырымдады
: “Жуықтағы жылдарда, 1917—1921 жылдардағыға қарағанда,
біздің
басқа түрдегі капиталистік элементтерді КСРОда түп тамырымен
құртуымызға
тура келеді. Егер біз бұрын бірнеше ондаған мың
помещиктермен
жəне бірнеше ондаған мың капиталистермен істес болған
болсақ
, онда енді діни ұйымдардың негізгі белсенділерін құрайтын 34
миллион
кулактармен күресеміз... Олармен күрес шіркеулік ұйымдардың
қолдауына
ие помещиктермен күрестен жеңіл емес, тіпті одан күрделірек”.
34 миллион адамды, оның үстіне, отбасымен бірге “түп тамырымен құрту”,
яғни
большевиктік тілден аударғанда — жою бірнеше ондаған мыңға
қарағанда
күрделірек екені, əрине, түсінікті. Бірақ Ем.Ярославский
Сталинге
ұнау тілегінен бе, əлде тағы басқа себептен бе, бұрын істелінген
талқандаушылық
жұмыстарды көпекөрінеу азайтып көрсетті.
* * *
Осы
заманғы публицист И.Ачильдиев жұртшылыққа танымал “Юность”
журналында
сендіріп айтқанындай, “Сталин шіркеумен саяси күрес жолын,
дүниетанымдар
тайталасын саяси текетірес арқылы жою бағытын таңдады”,
ал
Лениннің кезінде “Кеңес өкіметі шіркеу мен дінге сенушілерге қатысты
ойланылған
, дұрыс ниетті саясат ұстандымыс”. Алайда мұның ойланылған
жəне
дұрыс ниеттен туған саясат негізіндегі дүниетанымдардың нендей
тайталасы
екеніне көңіл аударып көрейік.
Ленин
жəне оның ұстазы Маркс Құдай туралы бір ауыз сөз айтылғанның
өзіндеақ
тістерін шықырлатты. Бұл тұжырымның əрбір əрпіне дейін дұрыс
екеніне
көз жеткізу үшін оның “мұрасына” үстірт көз жүгіртіп өтудің өзіақ
аздық
етпейді.
Міне
, Ильич Гегельді конспектілейді. Сезім толқыны кеудесін кернеген ол:
“Материалист құдайды жəне оны қорғаушы философиялық сволочьты*
жуынды
төгетін шұңқырға тастап, материяның, табиғаттың білімін биікке
көтереді
”, — деп, өз тарапынан əлденелерді қосады. Оған қоса, қаптаған
сұрақ
белгілердің арасына мынадай жолдарды кірістірген: “Құдайға
аяныштыақ
! Идеалистік сволочь!” “Христиандықтың маңыздылығы туралы
əдепсізпоптық
идеалистік мылжың (Евангелиядан келтірілген үзінділері
бар
!). Жексұрын, сасық!”
Ал
Горькийге хатында былай дейді: “...кез келген кішкентай Құдай —
құндақтағы
мəйіт, бейне бір бұл ең таза, мінсіз секілді... Кез келген діни
идея
, кез келген Құдай туралы кез келген идея... айтып жеткізуге болмайтын
оңбағандық
болып табылады... ең қауіпті жексұрындық, ең пасық жұқпалы
індет
...”
Егер
Ильичтің қағазға жазғандары осындай болса, онда оның өз
серіктестеріне
бұл тақырыпта дауыстап н е айтқанын көз алдыға елестету
қиын
емес.
Дін
мен шіркеуге деген фанатикалық өшпенділігі Лениннің тактикалық
тұрғыдан
діни сенімге сырттайтөзіммен қарауарқылы“қараңғы” халықты
алдауына
бөгет болған жоқ. Мəселен, ол Қазан төңкерісіне дейін
жұмысшыларды
“діни тұманмен” “таза идеялық жəне тек қана идеялық
қару
арқылы” күресуге шақырды. Жəне тіпті партиялық жұмысты адал
атқарған
жағдайда священниктің социалдемократиялық қатарда болуына
рұқсат
етті. Амал қанша, діни сенімдегілер əлі өте көп еді, сондықтан
жүректерін
материалистік жіптермен тігіп, осы бір кертартпа зорлықпен
санасуларына
тура келді. Осы себептен 1918 жылғы конституцияда діни
насихатқа
құқықтылық туралы айтылды. (Шындығында, бұл құқық
священниктер
мен дінге сенушілерді аяусыз соққының астына алу жолымен
бірден
жоққа шығарылды.) “Ең адамгершіл адам” шіркеудің қайырымдылық
қызметіне
тыйым салды; ол “некенің толық бостандығын” жəне “шіркеулік
некемен
” күресуді насихаттады; адамгершілік “жаппай ынтымақты тəртіпте
жəне
қанаушыларға қарсы бұқаралық саналы күресте”, яғни іс жүзінде екі
сөзге
келмей олардың көзін жоюда жəне большевиктер кімдерді қанау-
шылар
деп атаса, солардың бəрін басыпжаншуда деп тұжырымдады.
Владимир
Ильич “Діни қызметкерлердің өтірігін əшкерелеу үшін “киелі
күштердің
” шынайы бейнесін ашып көрсетуді ұсынған еңбекшілер тілегіне
қызу
қолдау білдірді”. (Яғни, православиялық сенушілердің — ел
тұрғындарының
көпшілігінің сезімін қорлайтын, Құдайға тіл тигізу
науқанын
кеңінен жүргізуге бұйрық берді. Соның салдарынан Сергей
Радонежский
секілді көрнекті орыс əулиесінен бастап, 60тан аса киелі
адамдардың
арұжданы қорланды.)
Мінберақын
Маяковский “Аузында — дұғасы, қолында — күнəсі” деген
орыс
мақалын білді ме, білмеді ме, бірақ ол “Ойымызда — Ленин бар,
қолымызда
— бесатар” деп, бұл мақалды большевиктік тілге өте дəлмедəл
аударды
.
“Суға батырылды”, “сүңгіге шаншылды”, “мылтық дүмімен ұрып өлтірілді”,
“атылды жəне аязда қалдырылды”, “қылышпен туралды” — бұлар көп ретте
священниктердің
тағдыры туралы айтылған хабарламалардың ең соңғы сөзі
болды
. Ал не үшін өлтірілді? — “Уағыз айтқаны үшін”, “Шіркеу
қоңырауының
сыңғыры үшін...”
Жəне
“Совдептерге” де жаңа адамдар керек болды, бірақ мүлде басқа —
басына
жынЛенин кіріп алған (партиялық ұрандарды меңгеру үшін дəл осы
бас
керек) жəне қолында бесатарнаганы бар (партияның шақыруы бойынша
қиратуға
, тонауға, өлтіруге дайын) құдайсыздар, құлақкесті құлдар қажет
болды
. Жəне “жұтуға” ыңғайлы əнді де — “Собачая вальстің” əуеніне
жазылған
“Қиратушылар əнін” таңдап алды, алғашында партиялық гимн
“Интернационал” дəл осылай аталған болатын:
“Біз бəрін де өртейміз, күйретеміз,
Жер
бетінен бəрін де жоқ етеміз.
Ескі
Күнді біржола өшіреміз,
Жаңа
Күнді орнына көшіреміз”.
(Тіпті ескі Күн де “жаңа” Əлемге жарамсыз болып шықты...)
Большевиктер
өздерінің не істеп жатқандарын жақсы білді: сенімнен
жұрдай
болған халықты басқару оңай болды. Оны қайда болса да, тіпті
өлімге
де айдауға болады, мысалы, жалаң материализмнің рухсыз қара
құрдымында
нұрлы болашақ бар деп сендіріп, тиісті нұсқау берсе болғаны...
Ал
, бірақ құдаймен күресуші атеизм — адамдармен ертеден бірге жасасып
келе
жатқан ежел гі діни соғыстың бетпердесі емес пе екен? Өйткені Қазан
төңкерісінен
кейін көп ұзамай, большевиктердің əртүрлі қалаларда тұңғыш
христиандық
сатқын Иудаға ескерткіштер орнатуы тегіннентегін бе?
Қасиетті
Синод оберпрокурорының бұрынғы серігі (орынбасары) князь
Н
.Д.Жевахов өзінің естеліктерінде Ресейдегі революция қарсаңындағы
қоғамның
жайкүйі Патшаның жəне Оның үкіметінің жіберген
қателіктерінің
қорытындысы ретінде туындағанын теріске шығарудың
қажеттілігі
жоқ деп жазды. Алайда Н.Д.Жеваховтың пікірі бойынша, барлық
мемлекеттердің
христиандық басшылары жəне барлық уақыттар бойына,
тұтастай
алғанда, халықтың дəл өзі секілді революцияға тікелей де, жанама
түрде
де қатыспағаны былай тұрсын, керісінше, жиіжиі оның құрбандығы
бола
отырып, əрқашан да онымен күрес жүргізді.
Сонымен
қатар Жеваховтың христиан халықтарының революцияға
қатыспағандығы
жəне оған қарсы күрес жүргізгендігі туралы соңғы
тұжырымымен
бұрынғы кеңестік диссидент, эмигрант М.Бернштам секілді
осы
заман тарихшысы да толығымен келіседі. “Орыс революциясы” деп
аталатын
жалған аңызды дəйекті түрде жоққа шығара отырып, Бернштам:
“Бəлкім, бірдебір елдің халқы тарихтағы бірдебір революцияда,
революцияны
жүзеге асыру үшін өзінің өкілдерін осынша аз, ал оған
қарсылық
білдіруге соншама көп бермеген болар. “Орыс революциясы”
ұғымы
, біздің ойымызша, жалпы, ғылыми қолданыстан алынып
тасталынуы
тиіс. Дəл осылайша Ресейдегі “жұмысшы” жəне “крестьяндық”
революциялар
да ғылыми айналымнан шығарылуы қажет”, — деген
қорытынды
жасады.
“Ленинизм — басынан аяғына дейін соғысқұмар. Ал соғыс қулықсыз,
айлатəсілсіз
, жауды алдаусыз ешбір мағынаға ие емес. Жеңімпаз əскери
қулық
лениндік саясатқа оның қажетті элементі болып кіреді. Бірақ соның
өзінде
де, ленинизм дегеніміз — партия мен тап алдындағы жоғары
революциялық
адалдық болып табылады. Ешқандай жалғандық,
көпірмелілік
, жасанды тұлға деген жоқ”, — деп анықтама береді адал
лениншіл
Троцкий.
Əрине
, жоғары революциялық адалдық, дəл сол қисын бойынша партия мен
таптан
тыс құпияларды да қамтығаны сөзсіз. 1922 жылдың 19 наурызында
Ленин
“Толық шығармалар жинағына” енбеген — Саяси бюро мүшелеріне
арналған
қатаң түрдегі құпия хатын жазды. Əңгіме шіркеу құндылықтарын
қолданыстан
алып тастау туралы болды.
“...Реакциялық буржуазия мен реакциялық діни қауымдастық өкілдерінің
саны
қанша көп болған сайын, осы себепті де оларды біздің атуымызға
мүмкіндіктің
туатыны тіптен жақсы. Бірнеше ондаған жылдар бойы
ешқандай
да қарсылық көрсетуді ойларына да ала алмауы үшін бұл
қауымды
дəл қазір осылай үйретуіміз керек”.
“Ең адамгершіл адам” ашыққандарға қандай да бір көмек көрсету туралы
тіпті
қаперіне де алған жоқ: адам айтқысыз аштық Орыс Православиелік
Шіркеуін
, анығы — оның қалдықтарын тонау, кемсіту, қорқыту жəне
таптапжаныштау
үшін табылған қолайлы сылтау ғана болды. Бұқара
халыққа
, ашыққандарға шіркеулердің көмектескісі келмейді деген жалған
ұран
тасталады.
Тайынбас
талаушылық құмарлығы бойын кернеген Ленин орайлы сəтті
пайдаланып
Шіркеуді тақыр жерге отырғызғанша тонауға құнықты. Ол
“қаражүздік діни қауымға” қарсы соққы беруге шақырған “батыл да аяусыз
шайқасқа
” келер болсақ, мұнда қисыннан гөрі христиандыққа деген туабітті
сұрапыл
өшпенділік көбірек сөз алды: орыс діни қауымының, шынында да,
тек
“бір шөкімі” ғана қалды...
Шындығына
келгенде, тонайтын да ештеме қалмаған еді: Троцкий
Красиковқа
басты шіркеу құндылықтары “революция жылдары жойылып
кетті
” жəне “тек қана құны арзан күмістің рабайсыз үлкен үйіндісі ғана
қалды
” деп шағынды.
* * *
Көріп
отырғанымыздай, мейлінше адамгершіл Владимир Ильич өзінің
туабітті
жəне жылдар бойғы тəрбие негізінде өсіпөршіген христиандыққа
деген
өшпенділігі себепті Орыс Православиелік Шіркеуіне қатысты
ешқандай
да “дүниетанымдық пікірталасына” жол бермеді. Кеңестік
публицист
И.Ачильдиев, егер “Юность” оқырмандарын саналы түрде
алдамаған
болса, онда қателескен болуы керек. Сталин тіпті де шіркеумен
саяси
текетірес жолын т а ң д а ғ а н жоқ, тек Лениннің оны жою жөніндегі
ісін
ж а л ғ а с т ы р д ы .
...Ал енді... Сірə, бір ғана мақсатпен: халықты өзінің туысқандық тегін
есінде
сақтамаған, Құдайды білмейтін мүсəпір Иванға (немесе Аманға)
айналдыру
үшін жəне таңғаларлық түрде Кеңестер Елінің ең жақсы
достарының
қатарынан табыла кеткен жаукапиталистер өз қалталарын,
жеке
мұражайларын, байлықтан шіріп жатқан елдерінің мұражайларын
біздің
құндылықтарымызбен, өнер туындыларымызбен,
картиналарымызбен
сықап толтыруы үшін — тоқтаусыз тонап, ойсырата
кедейлендіріп
, рухани қасиетті заттар мен сəулетшілік ескерткіштерін
жойғаны
секілді, шетелдерге арзан бағамен сатылуы үшін шіркеу
алтындары
мен күмістерінің қайта қорытылуға эшелонэшелон болып қалай
ағылып
кеткені туралы енді не деуге болады? Əрине, бұл бір ғана
Ем
.Ярославскийдің ғана емес, бүкіл партиялық жоғары басшылықтың
қолымен
, “ақылой, арұжданымен” жасалған іс... Қорытындысы қандай?
“Отызыншы жылдардың соңына қарай, — деп жазады тарихшы О.Платонов,
— өршеленген құдайсыздардың ұйымдастырушылық жұмыстары
“таңғаларлық табыстарға” жеткізді. Елу мың православиялық шіркеуден тек
бірнеше
жүзі ғана қызмет көрсетті, яғни “еңбекшілер талабы бойынша”,
ғибадатханалардың
9899 пайызы жабылып қалды. Егер 1928 жылы төрт
жүзге
жуық шіркеу, 1929 жылы мыңға тарта шіркеу жабылған болса, ал
1930 жылдан 1940 жылға дейінгі есеп жылына ондаған мыңға жетті.
Шіркеулердің
кемінде үштен бірі талқандалып, жұқанасы қалмастан талап
алынды
. Миллиондаған икондар мен кітаптар, төрт жүз мың шіркеу
қоңырауы
жəне көптеген басқа нəрселер өртелді, жойылды. Мұндай
ауқымдағы
мəдени ойранды əлемдік өркениет бұрынсоңды білген жоқ.
Сірə
, дəл осы “жетістіктері” үшін 1938 жылы Ярославскийді Ленин
орденімен
марапаттады.
Икондарды
отқа жақты, тамызық отын орнына пайдаланды. Құдай
бейнелеріненикондардан
алтын түйіршіктерін теріпжинаушылар пайда
болды
— икондарды қышқыл құйылған күбіге батырғанда, алтын кесектері
кеспектің
түбінде қалды... Күмбездердің қаптамасынан асыл металдың
бөлшектерін
шайып алу арқылы химиктер де “алтын жинаудың” жаңа түрін
ойлап
тапты. Каганович бұзып талқандаған Мəскеудегі Христ Спаситель
ғибадатханасы
өз күмбездерінен мемлекетке 422 келі алтын берді, ал
барлық
мəскеулік ғибадатханалардан бірнеше тонна алтын “шайып”
алынды
.
Ресейдің
жоғалтқан мəдени құндылықтарының ауқымы қандай?
Ең
азайтылған есеп бойынша, 25—30 мың шіркеу мен соборлар, 500ге
жуық
монастырь, кемінде 50 мың қалалық қымбат ғимараттар (палаталар,
особняктар
жəне сондайлар), 2 мыңдай баубақшалы үйжайлар жойылған
немесе
қираған үйінділерге айналған. Тек Мəскеуде ғана 700дей сəулет
ескерткіштері
мен 3 мыңға жуық тарихи құрылыс ғимараттары қиратылды.
Жүз
мыңдаған қолданбалы өнер бұйымдары, ондаған мың көркем
кескіндеме
шығармалар, фреска, росписьтер (үй, ғимарат
қабырғаларындағы
көркем суреттер — ауд.), 20 миллионнан кем емес
икондар
жойылды. Ақшаға бағалағанда, Ресейдің жойылған мəдени
қазыналарының
құны, аз болғанда, бір триллион сомнан
(рубль) кем емес немесе əлемдік өлшеммен алғанда, үлкен еуропалық
мемлекеттің
мəдени құндылықтарының құнымен бірдей болды”.
Басқыншықұдайсыздардың
шектен шыққандығы сонша, орыс мəдени
құндылықтарын
жоюдағы фашизмнің үлесі оның үш пайызына да
жетпейді
...
* * *
Мұхаммед
үмбеттеріне де жетті...
“Орыс бағыныстылығына енгенге дейін қырғыздардың (қазақтардың — ауд.)
тек
аты ғана мұсылман болды”, — деп жазды Шоқан Уəлиханов. Осы
заманғы
“исламның діни ықпалымен” күресушілер қазақ ағартушысының
бұл
пікірін өз жұмыстарында ықыластана келтіреді. Осы бір мысқылшыл
ақсүйекке
кейде мейлінше өткір пайымдаулар тəн болатынына қарамастан,
бəлкім
, Уəлихановтікі дұрыс та шығар. Қазақтардың Абылай хан дəуіріндегі
діншілдік
деңгейін біз анықтамаймыз, əйтсе де, бірақ Ресей бодандығын
қабылдағаннан
кейін далалықтардың Мұхаммед пайғамбардың дініне деген
сенімі
айтарлықтай беки түскені анық. Мұны құдайсыздардың өздері де
мойындайды
:
“Патша самодержавиесінің қазақтар арасында христиандықты таратуға
тырысқан
əрекетінен ештеме шықпағаннан кейін исламнан өзінің
отаршылдық
саясатын жүргізудегі сенімді одақтасын көрген царизм
исламды
ашық қолдауға көшті. Мешіттер тұрғызып, оны молдалармен
қамтамасыз
ету туралы жарлық шығарылды, өлкеде мүфтилік құрылды.
Шығыс
баспаханасының Петербургтен Қазанға көшірілуімен бірге, оған
исламды
тарату орталығын жүргізушінің рөлі бекітілді. Мұнда Қазақстанға
да
таратылатын діни əдебиеттердің үлкен таралымы басылды.
Ұлы
Октябрь революциясының қарсаңында Қазақстанда болған мұсылман
қауымының
кейбір тармақтары консервативті көзқарас ұстанып, “ислам мен
шариғатты
қорғау” туы астында революциялық өзгерістерге қарсы əрекет
етті
”.
Одан
əрі, əрине, достық бетпердесімен əрекет еткен, біресе бейне бір
партиялық
өткірлікпен “дінге сенетіндердің діннің таптық мəнін, оның
күшін
жəне қанаушы таптармен дəстүрлі байланысын тезірек сезінуі үшін
көмектесу
керек болды” деп хабарланады. Бейне бір миында Ленин,
қолында
наганы бар большевиктер дінге сенушілерге қалай көмектескені
осы
заманғы авторға беймəлім секілді.
Көсемдердің
өркөкіректік тіл безеуімен бүркемеленген арұждан
бостандығы
деп аталатын саясат бостандықты да, арұжданды да
құртыпжоюға
алып келді. Бірақ билік басына келген Құдаймен
тайталасушы
жыртқыш алғашында бетін дінге төзімділік пердесімен
бүркемеледі
. 1917 жылдың 3 желтоқсанында ДжугашвилиСталин мен
В
.Ульянов (Ленин) қол қойған РСФСР Халком кеңесінің үндеуінде былай
делінді
:
“Ресей мұсылмандары... Ресей патшасы мен қанаушылары мешіттері мен
намазханаларын
қиратып, əдетғұрып, дəстүрлерін аяққа таптағандардың
барлығы
! (Ал царизмнің “исламды ашық қолдауы” жəне мешіттер салу
туралы
жарлықтары қайда қалады?! — В.М.)
Осыдан
былай сіздердің сенімдеріңіз бен дəстүрлеріңіз, сіздердің ұлттық
жəне
мəдени мекемелеріңіз еркін өмір сүреді жəне оған қол сұғуға
болмайды
деп жарияланады. Сіздердің құқықтарыңыз, Ресейдің барлық
халықтарының
құқықтары секілді, революцияның жəне оның
органдарының
бүкіл күшқуатымен қорғалатынын біліңіздер...”
(Иə, қорғалды!.. Ресей империясы тұсында болған 25 мың мешіттен 1986
жылы
376сы ғана қалды. Қалаларды айтпағанда, əрбір ауылының өз мешіті
болған
қазіргі Қазақстан аумағында санаулы ғана мешіт қалды, басқалары
қиратылды
). Ильич, православие дініне жасағаны секілді, мұсылман дінін
де
тез арада жойып жібере алмағанына қатты өкінді. Бұл оның 1919 жылдың
19 наурызындағы РК(б)Пның VIII съезінде жасаған баяндамасынан анық
көрінеді
:
“...Осы уақытқа дейін өздерінің молдаларының ықпалында отырған қырғыз,
өзбек
, тəжік, түрікмен секілді халықтарға қатысты біз не істей аламыз?
Бізде
, Ресейде, тұрғындар поптармен болған ұзақ тəжірибеден кейін біздің
оларды
лақтырып тастауымызға көмектесті. Бірақ сіздер азаматтық неке
туралы
декрет өмірге қандай қиындықпен енгенін білесіздер. (Иə, некесі
кеңестік
кеңседе емес, шіркеулік құпиялармен бекіген отбасы əлі жеткілікті
шапшаңдықпен
, большевиктік қарқынмен ыдыраған жоқ еді, осы жағдай
олар
ды мазасыздандырды. — В.М.) Біз осы халықтарға келіп: “Біз сіздердің
қанаушыларыңызды
лақтырып тастаймыз!” деп айта аламыз ба? Біз мұны
істей
алмаймыз, өйткені олар тұтасымен өз молдаларының ықпалында. Бұл
жерде
осы ұлттардың дамуын, пролетариаттың буржуазиядан болмай
қоймайтын
бөлінуін күту қажет”.
Алайда
күтуді, əрине, ешкім ойына да алған жоқ: сол VIIIсъездің өзі діни
уағыз
түріндегі контрреволюциялық насихаттың кез келген əрекетінің
жолын
қию туралы қаулы қабылдады. Діңкені құртатын бұл баптың
қармағына
ілікпей қалу адал священник үшін мүмкін емес жағдай екені
айтпаса
да түсінікті жəне революцияның жергілікті тəжірибелері мұны
дəлелдеді
де.
Жолын
қию тəсілдері əртүрлі болды: партияның орталық комитеті кеңес
еткеніндей
, тікелей күштеуден бастап, “грамоталар тарату, мектептер,
клубтар
, оқу залдарын ашу” т.с.с. жолдармен дінді “қалжырату” əдістері
қолданылды
. РСФСР Ішкі Істер Халкомы 1920 жылдың 10 маусымындағы
өзінің
өкім хатында лениндік декретке сəйкес, ғибадатханалар мен
намазханалар
дінге сенушілер қоғамының емес, бүкіл халықтың меншігі
болып
табылады деп үйретті.
Олай
болса, “егер орын жетпеген жағдайда ғибадатханалар мен
намазханалар
сонымен қатар мəдениағарту жəне қоғамдықсаяси мақсаттар
үшін
пайдаланылатын болса, онда бұдан заңға қайшы келетін жəне діни
сезімдерді
қорлайтындай ештеме болмайды” екен.
Дінге
қарсы “жұмыс” былайша екі деңгейде жүргізілді: жазалау органдары
діни
қызметкерлерді қ ұ п и я түрде тұтқындап, соттады (ату жазасына
дейін
), құдайсыздардың айғайшулы науқаны əртүрлі комсомолдық пасхалар
мен
рождестволар, “жемір молда” (түпнұсқада — “муллоедство” — ауд.) деп
аталған
комсомолдық ораза жəне айт (бұл молдаларды сынау мен
əшкерелеудің
түрі болды) а ш ы қ жүргізілді.
Исламға
шешуші шабуыл ұлы “бетбұрыспен” бірге басталды.
“Джетысуйский безбожник” 1928 жылдың 24 желтоқсанында мынаны
хабарлады
:
“КЛУБҚА АЙНАЛҒАН МЕШІТ
Жаркент
ауданы Үлкен Очинахо қыстағының қоғамы ешкім бармайтын
жалғыз
мешітті клубқа беруге жəне оны жабдықтау үшін өзара салықтан
(“самообложение”: жергілікті мұқтаждар үшін халықтың өз еркімен қаражат
жинауы
— ауд.) 200 сом (рубль) бөлуге қаулы етті.
Біздің
қыстақтарымыздың көпшілігінде жүйелі мəдениағарту жұмыстары
жүрмейтініне
қарамастан, мұндай факт біздің қыстақтың алға басып келе
жатқанынан
хабар береді”.
Жəне
одан əрі қарай:
“БАСЫП АЛЫНҒАН ТАҒЫ БІР МЕШІТ
Шелек
ауданы, Құрамыс ауылының диқандары жақында мешітке клубты
орналастыру
жөнінде қаулы шығарды. Құрамыстық диқандар мешітке босқа
барып
жүргенше хат танып, сауатын ашуды ұйғарды.
Тек
қана “жарайсыңдар” деп айту керек жəне басқа қыстақтарды, ауыл,
селоларды
олардан үлгі алуға шақыруға болады”.
Соңғы
шағын хабардың авторы тартып алынған мешітті “басып алынған”
(түпнұсқада: “отвоеванная” — ауд.) деп өте дəлмедəл атаған, шындығында
бұл
— соғыс! Аудандық комитеттер мен ГПУлардан ауызша бұйрықтар мен
құпия
өкімнұсқаулар шығып жатты, газеттер “майданнан” мəліметтер
жариялады
жəне насихаттық артиллериялық атқылаулар жасады. Газеттер
күн
сайын:
“Діни алдаушылыққа қатаң соғыс жариялаймыз!”, “Діни меңдуананы жұлып
тастайық
!” деген секілді ұрандарды басып тұрды. 1929 жылдың
6 мамырында “Советская степь” əлдебір “Г” дейтіннің репортажын
жариялады
:
“ДІНДІ ЖЕРЛЕЙІК
(Комсомолдар карнавалы)
Баспаханалық
комсомол мүшелері кешкі іңірде теміржол клубына табыт
əкелген
кезде қартаң діндар əйел тоқтай қалып шоқынды да, тəтті
күлшелерін
асығыс шығара бастады.
— Жанын қинамай ал, Жаратқан Ием...
Сəлден
кейін жағдайды түсінген ол түкірігін шашыратты. Ашудан еріндері
дірілдеп
шыға келді:
— Антихристер! Жауыздар!
...Қолдан жасалған шырақтар сорайып тұр... Карнавалға қатысушылардың
жүздері
қуаныштан балбұл жанады.
...Ортада “Дінді жерлейік” деген жазуы бар табыт тұр. Табыттың
айналасында
: “поптар”, “диакондар” (діни қызметкер, священниктің
көмекшісі
— ауд.), маңызданған месқарын молда, раввин (еврейлердің діни
қауымының
рухани басшысы — ауд.), ұстамалы ауруы бар əйелдер.
Кулактар
, офицерлер, монахтар, сектанттар (діни секта мүшелері — ауд.).
Қызылордалық
діндарлар үстіне ақ риза (шіркеу киімі — ауд.) киген, өзінен
басқа
жан жоқтай болып орнығып отырған салпаңқұлақ меңіреуге ұқсаған,
бірақ
сымбатты жануар секілденіп көрінетін, жанжағын толып жатқан ақ
ризалы
“апостолдар” қоршаған “Иисустың өзін” көре алады. Шылымның
көк
түтінінше көзге жарқ етіп көрінген бұл — сол “христос”.
Ленин
көшесіндегі алаулар. Қалалық бақтағы...
Энгельс
, Карл Маркс көшелеріндегі... Оркестрдің тасқынды, қызба үні.
...Поптардың маңыраған ешкідей зарлы үнімен қосыла комсомолдар дінді
жерлеуде
”.
1929 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстанның соғысқұмар құдайсыздар
одағы
өздерінің жергілікті ұяларына “дінге қарсы насихатты күшейтуді”
талап
еткен хат жолдады.
1 қарашада “Советская степь”: “Алматының еңбек етуші тұрғындарының
собор
мен мешітті жабу туралы талабы қанағаттандырылды” деп
хабарлады
. Осы орайда, қалалық өкіметтің бейне бір 1917 жылдан кейінгі он
екі
жыл бойы демегеннің өзінде де, осы күнге дейінгі ұзақ уақыт бойы
еңбекшілердің
ардақты тілегін орындамай келгендігі айтылады. Газет өз
ақпаратының
соңында шағын, бірақ барынша сенімді талдау жасаған. Оның
авторы
бұл хабарламасында “Собор мен мешіт неліктен жабылды?” деген
сұрақ
төңірегінде өз ойын білдірген:
“Еңбекшілерге поп пен молда қандай пайда берді? Алдаудан өзге ештеме
бермегені
айқын. Агроном, зоотехник жəне мал дəрігері болса (мұны қазір
бəрі
біліп болды), өнімді қандай жолмен арттыруға болатынын, малдан
қалай
көбірек пайда түсетінін т.с.с. үйретеді.
Собор
мен мешіттің жабылуы — Октябрь революциясының 12 жылдығына
жасалған
жақсы тарту”. Шындықтың аты — шындық: большевиктік өкімет
өзі
үшін ең қымбаттыны — құдайсыздықты сыйлады...
ХІ
Ауылсело
тұрғындарына, оларды ең “алдыңғы қатарлы”, бірақ, амал қанша,
өте
аз санды жұмысшы табының жағына тарту үшін жер беруге уəде
етілгелі
қашан?
Өкімет
билігін басып алу жөніндегі міндеттің орындалғанына қарамастан,
“Жер — шаруаларға!” ұраны қалай дегенмен де күмəнді болып көрінді.
“Шаруаға жерді не үшін беру керек?” деген сұрақ туды. “Қожамырзаға”
айналдыру
үшін бе, əлде байыту, ұсақ буржуазиялық пиғыл деп аталған
қара
түнек өткеннің қалдықтарын əлпештеу үшін бе? Сөйтіп, шаруалардан
жерді
қайтарып ала бастады. Алғашында 1918 жылы ауқаттылардан алды.
Өйткені
бұдан он жыл өткеннен кейін “кулак” деп атандырған
орташалардан
емес, қазіргі нағыз мығым қожайындардан, “кулактардан”,
өздері
өсірген астық, мал, баубақша өнімдерін пайдаланып, мемлекеттің
қолында
бардың ең қымбаттысын — пролетариат диктатурасын
қопаруды
ойлаған жер иеленушілердің ортан қолдай бөлігінен
(батыстағыша — əдеттегі фермерлерден) жерді жарлықсыз алудың қисыны
келуі
бұл кезде екіталай еді. Еңбекші шаруалардың осы бір жауыз
қанаушыларын
жойған соң (иə, олар кімнің өмір сүруіне кедергі келтірді?!)
жəне
жолдас маузермен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып,
қамбаларды
тұқымдық астықтан тазарту жұмысын табысты аяқтағаннан
кейін
, 1921—1922 жылдары аранын ашып аштық жетті. Жаңа өкіметтің
қолымен
жасалған бұл алғашқы аштық елден 7 миллион адамды алып кетті.
В
.Г.Короленко А.В.Луначарскийге 1920 жылы, яғни аштықтың күшіне
мінген
шағынан бірер жыл бұрын былай деп жазды: “Менің біздің
халқымызды
кез келген большевиктен кем сүймейтініме Сіз, əрине, күмəн
келтірмейсіз
... Алайда мен оны қандай да бір эксперимент үшін қолайлы
орта
есебінде соқыр түйсікпен емес, ол өзі шын мəнінде қандай болса,
сондай
сезіммен сүйемін...
Сіздер
капиталды жеңдіңіздер, ол енді мертіккен, қираған халде сіздердің
аяқтарыңыздың
астында жатыр. Бірақ сіздер оны өлтіру арқылы өндірісті де
жойғандарыңызды
байқамай отырсыздар... Капиталистік құрылысты бір
жақты
талқандауға еліккен... сіздер елді сұмдық жағдайға жеткіздіңіздер.
Бір
кездері мен өзімнің “Аштық жылында” (“В голодный год”) деген
кітабымда
самодержавие жеткізген сұрқай жағдайды суреттеп көрсетуге
тырысқан
едім: онда астықты Ресейдің ұланбайтақ облыстары аштыққа
ұшырады
жəне аштық күшейе берді. Қазіргі жағдай одан да жаман,
көшелерінде
аштықтан өлу жағдайлары болған астананың өзінен бастап, б ү
к
і л Р е с е й ашығуда... 1891—1892 жылдардағы шет аймақтарға қарағанда
қазіргі
аштық əлдеқайда үлкен кеңістікті шарпыған. Ең бастысы, сіздер қала
мен
деревня арасында болып келген табиғи айырбас байланысын
бұздыңыздар
...
Əрбір
жер иеленуші өзінің өндіргенін, оған кеткен еңбегіне татымсыз
сыйақыға
бола түгелімен алып қоятынын көргеннен соң, өзінше қорытынды
шығарып
, астығын ұраға жасырады. Сіздер оны тауып алып,
реквизациялайсыздар
(мемлекет меншігіне алу — ауд.), Ресей мен
Украинаның
деревняларын қыздырылған темірмен шарлап жүріп, тұтас
деревняларды
өртейсіздер жəне азықтүлік саясатының табыстарына
шаттанасыздар
”.
Короленко
сол кездегі украин халық частушкасын (өзіндік əуені бар төрт я
екі
жолды күлдіргі өлең — ауд.) келтіреді:
Микола
жынды келгенде,
Болатын
бəрі кеш деме.
Коммунистер
келіп көргенде,
Қалмады
жеуге ештеңе*.
“... Бұдан не шығуы мүмкін? — деп жалғастырады ол. — Өзімді пайғамбар
етіп
көрсеткім келіп отырған жоқ, бірақ біздің жолындағының бəрін жойып,
таптап
өтетін ауыр бақытсыздықтың алдында тұрғанымызды жүрегім сезіп,
қатты
қысылады”.
Луначарский
уəде бергеніне қарамастан Короленконың хатына жауап берген
жоқ
жəне бұл хаттарды алдын ала келісілгеніндей, өзінің жауаптарымен
бірге
жариялаған да жоқ. (Олар 1921 жылы Парижде жария етілді жəне
өлерінің
алдында ғана оны Ленин оқыды.)
Аңғал
қарт жазушыны алдаған Луначарский жасанды жиіркеніштілікпен:
“Бұл “тақуалар” біздің қолымыздың қанға малынғанынан қорқады”,— деп
қолын
тарақтады...
Короленконың
айтқаны рас болды — миллиондаған құрбандықтар, күйзеліс
пен
індет аз болғандай, бүкіл ел əнеміне ауыр апаттың алдында тұрды. Жəне
бұл
апат аңқау да сенгіш шаруадан иелігіндегі жерін тартып алып жатқан
кезде
қайтадан тап берді. Өзінің мəнділігі жағынан Сталин Қазан
төңкерісімен
салыстырған екінші ұжымдастыру (1929—1933 жж.) шаруалар
елін
шаруаларсыз елге айналдырудың басты амалы болды жəне бұл
операция
, 4 миллион казактың 2,5 миллионының өмірін жойған
казаксыздандыру
операциясы секілді, халықтарды ұйымдастырылған түрде
əрі
аяусыз соққылауға ұласты. Оның үстіне, балта астына бірінші кезекте ең
жақсы
да ақылды жəне адал да еңбексүйгіш адамдардың басы түсті.
* * *
“Асыраушышаруаларды жою большевиктерге не үшін керек болды?” деген
сұрақ
өзіненөзі туындайды. Міне, сол үшін: өйткені Ленин мен оның
майдандас
серіктеріне шаруалар қауымы (крестьянство) социализмнің,
демек
, дүниежүзілік революцияның да “басты жауы” болып көрінді.
Мəңгілік
еңбеккерді Ильич не нəрсеге теңемеді дейсіз! “Ұсақ буржуа” да,
“қанаушы” да, “саудагер” де, “алыпсатар” да сол болды. Болмашы ғана
меншігі
(балшық үйі, соқасы, аты, үлесті жері) бар шаруа ол үшін “ұсақ
буржуазиялық
пиғылды алып жүруші, демек, ең қауіпті қарсылас”,
сондықтан
да “Дүниежүзілік коммунаның жеңісі үшін шаруалар қауымы —
Ресейдің
көпшілігі — не жойылуға, не құлданылуға тиіс” болды.
Революциядан
көп бұрын В.И.Ленин шаруалар қауымымен
қарымқатынастың
тактикасын былайша анықтады:
“Біз алғашында барлық күшті салып, соңына жеткенше, кəмпескелеуге
дейін
— шаруаларды жалпы помещиктерге қарсы қолдаймыз, ал одан соң
(жəне тіпті одан соң да емес, дəл сол уақыттың өзіндеақ) біз пролетариатты
жалпы
шаруаларға қарсы қолдайтын боламыз”.
Яғни
, мейлі, шаруалар помещиктерді (ірі тауарлы шаруашылықты)
қайыршылық
халге түсірсін, одан соң (немесе сонымен бір уақытта)
олардың
өздерін қаладан жіберілген фабрикашылар кедейлендіреді.
Қазан
төңкерісінен кейін құлдандыру кезеңі туды:
“Кеңес өкіметі байларға қатысты алғандағы еңбек етуге борыштылықтан
бастап
, мұндай ұстанымды жұмысшы жəне шаруа еңбекшілерінің
көпшілігіне
қолдану міндетін жүзеге асыру кезеңіне өтуге, дұрысын
айтқанда
, бұл міндетті алғашқымен бір уақытта күн тəртібіне қоюға тиіс”.
Лениннің
идеяларын оның шəкірттері мен жақын серіктері дамытты.
Л
.Д.Троцкий (шаруалар қауымын “орта ғасырлардың осы заман
қоғамындағы
пішінсіз қалдықтары” деп атаған. — В.М.) партияның ІХ
съезінде
былай деді:
“Біз енді қазір шаруалар бұқарасын жаппай қолдануды талап ететін
міндеттерге
кеңінен жұмылдыруға қарай қадам басқандығымыз себепті,
міне
, сол себепті де шаруалар қауымын милитарландыру* сөзсіз қажеттілік
болып
табылады. Біз шаруалардың күшін жұмылдыра отырып, бұл жұмыс
күшінен
түрі бойынша əскери бөлімшелерге жақын келетін еңбек
құрылымдарын
қалыптастырамыз... Əскери салада солдатты өзінің
міндеттерін
орындауға мəжбүрлеу үшін іске қосылатын аппарат болады.
Жұмысшы
бұқара да дəл осы солдаттар секілді лақтырылып, тағайындалып
жəне
берілген əмірді орындату жолымен басқарылатын болуы тиіс... Қандай
да
бір іске тартылған, соған жұмылдырылған адам өзін билігі өзіне толық
жүрмейтін
еңбек солдаты ретінде сезінеді, егер оған өзін ауыстыруға немесе
лақтырып
тастауға тапсырма берілсе, ол оны орындауы тиіс; ал орындамаса
— ол жазалануға тиіс қашқын (дезертир) болады”.
“Партияның сүйіктісі” Н.И.Бухарин: “Пролетарлық мəжбүрлеу, ату
жазасынан
бастап, еңбек міндеттілігіне дейінгі өзінің барлық түрлері
бойынша
, мұның өзі қаншалықты кереғарлық болып көрінгенімен,
капиталистік
дəуірдің адам материалынан коммунистік адамды жасап
шығарудың
əдісі болып табылады”, — деп теория соқты.
Осы
жəне бұған ұқсас пікірлердің мəнмағынасы (өйткені олар жүзеге
асырылды
ғой!) біреу ғана — еркін еңбеккерлерді коммунизмнің құлдарына
айналдыру
болды.
Большевиктер
үшін адам болған жоқ — тек “адамматериал” ғана болды. Ал
“материал” “қатыпсірескен” қалыпта болғандықтан, еріктіліктен
ықтиярсыздыққа
айналуға көнгісі келмеуі себепті, бұл жағдайда
большевиктер
оған қарсы “қисыққыңырды” жуасытудың ең жақсы тəсілін
— ашықтыру саясатын қолданды.
...1891 жылы сот ақтаушысының көмекшісі Владимир Ульянов Самарада,
аштық
жайлаған Поволжьенің орталығында тұрды. Жас Ильич (ол 21 жасқа
қараған
) жергілікті интеллигенция өкілдері арасында ашыққандарға
көрсетілген
қоғамдық көмекке қатыспағанының үстіне, мұндай көмек
көрсетуге
үзілдікесілді жəне табанды түрде қарсы болған жалғыз адам
болды
. “1891 жылдың соңына қарай аштықпен күрес туралы əңгімелер, —
деп
еске алады В.Водовозов, — Самарада ашыққандарға көмек көрсетуге
арналған
айрықша комитеттің құрылуына алып келді... Комитетке барынша
əр
алуан қауым өкілдері: жергілікті қызмет иерархиясындағы жоғары
лауазымға
ие шенеуніктерден бастап, сенім артуға болмайтын, тіпті тікелей
бақылау
астындағы адамдарға дейін кірді... Жиналыстар мен жастар
жиындарында
Ленин жүйелі жəне табанды түрде комитетке қарсы насихат
жүргізді
...”. Владимир Ильич, — деп əңгімелейді Лениннің самаралық досы,
— “аштықтың салдары — өндірістік пролетариаттың, буржуазиялық
құрылыстың
осы бір көр қазушысының тууын тездетеді, сондықтан да ол
прогрессивті
құбылыс жəне ол индустрияның өсуіне ықпал етіп, бізді
түпкілікті
мақсатымызға, капитализм арқылы социализмге қарай
жетелейді
... Аштық крестьяндық шаруашылықты бұзып, сонымен бір
уақытта
тек патшаға ғана емес, құдайға деген сенімді де жояды жəне
уақыты
жеткенде, сөзсіз, шаруаларды революция жолына итермелейді,
сөйтіп
революцияның жеңі сін тездетеді”, — деп ашық мəлімдеуге өз
бойынан
күш тапты. Болашақ Ленин, оның досының куəландыруынша,
ашыққандарға
көмек комитетіне, яғни “прогрессивті құбылысқа” кедергі
келтіруге
тырысқандарға деген өзінің қарымқатынасын мейлінше
айқындылықпен
əрі қарапайым түрде білдірді: комитет мүшелерімен
əңгімелесу
барысында Лениннің “қолы олардың алқымында, тізесі
кеудесінде
” болды.
Жас
əрі мезгілінен ерте есейген еді Ильич! Оның тамағына тұрған сүйек,
əрине
, елді астық байлығына кенелткен Столыпин мен патша болды. Оның
есесіне
, Столыпиннің өлтірілгеніне қалай қуанды деңіз! Жəне
Керенскиймен
серіктес болуды да құптады. Ресейде астықтың тау болып
үйіліп
жатқанына қарамастан олар революция ұйымдастыру үшін
Петроградта
астық тапшылығын жасап, қулықтарын асыруды ойлады.
Билікке
қолы жетісімен, ақыр аяғында аштықтың “прогрессивті” мəнін
толық
көлемінде ашып көрсетуге мүмкіндік алды. Көп ұзамай қалаларда
“таптық паек” (белгілі бір мерзімге мөлшерлеп берілетін азықтүлік — ауд.)
тəртібі
енгізілді.
Оның
үстіне, Ильичтің қайнап піскен маркстік миы аштықпен күресудің
социалистік
тəсілін ашты — астық монополиясын жария етті. Егер
аштықпен
күресудің капиталистік (дəл сол феодалдық, құлиеленушілік,
алғашқы
қауымдық қоғамдағы секілді) тəсілі халықты нанмен қамтамасыз
ету
, жай ғана адамдарды тойындыру болса, социалистік тəсілдің мəні астық
үшін
күресте болды. Өздері орнатқан аштықтың желеуімен большевиктер
осы
күресті өрістетті. Əрине, олар жер жыртып, тұқым себуге емес,
əдеттегідей
, тонауға жəне тартып алуға жұмыла кірісті. Ленин өзінің жедел
хабарламаларын
азықтүлік комиссарлары арқылы жөнелтуге əреңəрең
үлгеріп
жатты. 1918 жылдың 10 тамызында Саратов губерниясына: “Əрбір
астықты
болыстан барлық артық астықты жинап құюға өмірімен жауап
беретін
25—30 бай кепілдікке алынсын”.
19 тамызда Орловская губерниясына: “кулактардағы барлық астықты
кəмпескелеумен
қоса”, кулактық солшыл эсерлік көтерілістерді жаныштау
қажет
. 1 қазанда барлық губернияларға: “... астық іздеуге күшті он есе
көбірек
жұмылдыру керек... Өзіміз үшін жəне неміс жұмысшылары үшін
астықтың
барлық қоры тақырлансын”. Тарихшы Михаил Геллердің
анықтамасы
бойынша, “ол азықтүлік отрядтарын қарулы күштер ретінде
пайдалана
отырып, жаулап алынған елдегі басқыншы секілді əрекет етті...”
Тек
қана, бұл жерге салыстыру емес, зат есім сұранып тұр: Ленин
большевиктер
жаулап алған елдегі барып тұрған нағыз басқыншының өзі
болды
. Ашықтыру саясатына жауап ретінде бүкіл Ресей бойынша шаруалар
көтерілістері
болды. Біреу винтовкамен, енді біреу ашамен, олар өздерінің
отбасын
құрып кетуден қорғауға тырысты — бұл үшін оларға Кеңес өкіметі
“бандиттер” деген ат таңып, олармен күресу үшін тұрақты əскер шығарды.
Поляктардан
шегініп қашқан, бірақ өз бауырларын өлтіруші қанды қасапта
ысылыптөселген
Тухачевский 1921 жылы көтеріліске шыққан тамбовтық
шаруаларды
35 мың сүңгісі, 10 мың қылышы бар, жүздеген пулеметпен
жəне
60 қарумен жарақтанған (көтерілісшілерді өз үйлерінің алдында
бірбіріне
байлапматап қойып, зеңбірекпен атып, қырып салған жағдайлар
болған
) армияның күшімен басыпжаныштаған. Сол жылы Сібірде шаруалар
“бүлігін” екі атқыштар полкі, екі кавалериялық полк, жаяу əскер курсы,
кавалериялық
бригада, атқыштар дивизиясы, 4 бронепойыз жəне қосымша
əскер
“тыныштандырды”. Бұлар — большевиктердің шаруалар елімен
жаппай
соғысының мысалдары ғана. “Азамат соғысы батырларының”
ішінде
, басқаша айтқанда, өз бауырларын өлтіруші қасаптың үздіктері
Фрунзе
, Буденный, Якир жəне басқалар болды. Олар не үшін
арпалысыпалысты
? Шаруаларды бағындыру үшін олардың барлық астығын
тартып
алып, өздерін аштық кепілі ету үшін. Кемеңгер Ильич əлемді оқ
емес
, аштық басқаратынын білді. Пулемет пен артиллерия қанша жақсы
болса
да, қорғасынмен мыңдаған жауды ғана құлатасың. Ал аштық
миллиондарды
сұлатып түсіреді. “Социализмнің жаулары” аз болған сайын
жеңіс
те жақындай түспек. Дүниежүзілік революцияға пайдалының бəрінің
моральдық
та пайдасы бар.
Аштық
құрбаны болып Түркістанда миллионға жуық қазақтар қырылып
қалды
, ал “Кремль қиялшылы” мұны байқамағандай болды. Ресейде
бұрынсоңды
болып көрмеген аштық қаупі төніп келе жатты (1921 жылдың
көктемінің
өзіндеақ қалжыраптұралаған елде астық қоры түгелімен
таусылған
жағдайда, жаппай құрғақшылықтың соңы қайда апарып
соғатыны
жұрттың бəріне белгілі болып еді), алайда бұл жағдай Ильичті
алаңдатқан
да жоқ. Оның ойлағаны бір ғана нəрсе: кез келген тəсілмен
билікті
ұстап тұру жəне Ресейден тонап алынған қаржымүліктің есебінен
əлемдік
революция жасау болды. Ал оның сығырайған қиялшыл көзіне
шалынбай
қалмаған нəрсені не десеңіз — бұл большевиктердің
талқандауынан
əлі де аман қалған орыс қоғамының аштыққа ұшыраған
адамдарға
қалай да бір көмек көрсетіп қалуға тырысқан əрекеті болды.
Сөйтіп
, егер 1891 жылы ақтаушының көмекшісі болып жүрген Владимир
Ильич
халықтың басы на төнген аштықты қуана қарсы алып, оны
насихаттаумен
ғана шектелген болса, 1917 жылдан кейін Халком Кеңесінің
төрағасы
болып тұрып, бұл “прогрессивті құбылыстың” барлық жасырын
мүмкіндіктерін
ашты жəне Ресейді оның мың жылдық тарихындағы ең
сұмдық
, ауыр аштыққа жеткізді.
“Лениннің теориясымен” бір сапта екенін мойындаған М.Горький
(интеллигенцияға қатысты аздаған алшақ пікірлері болған) 1922 жылы
Ресейде
болған дəл сол апатты індеттен кейін жазған “Орыс шаруалар
қауымы
туралы” (“О русском крестьянстве”) деген мақаласында, М.Геллер
атап
өткендей, орыс халқын бірдебір орыс жазушысы айтпаған қатал
өкіммен
сынапмінейді.
“Революция дауылпазы” алыстағы нұрлы болашаққа қарады: “... орыс
селолары
мен деревняларындағы жартылай жабайы, ақымақ, жиіркенішті
адамдар
аштан қырылып жатыр — олардың бəрі адам шошырлық албастыға
ұқсайды
... ал олардың орнына жаңа ұрпақ — сауатты, ақылпарасатты, сергек
көңілді
адамдар келеді”.
Миллионершаны
əйелдікке алғысы келетін кезбе жыршы Лениннің
шаруалар
қауымына қатысты саясатын өте жұмсақ деп санады.
“Үздік лениншіл” деп өте лайықты атқа ие болған Иосиф Виссарионович
Сталин
1929 жылы өзінің ұстазын аздап түзетуге кіріскенге ұқсайды...
* * *
Алпыс
жыл бұрын телетайп əлі болмаған кезде шет аймақтардағы
журналистер
репродукторға құлақтарын тосып (“Сөйлеп тұрған — Москва!”
— “Говорит Москва!”), партияның жетекші нұсқауларын, орталықтың жаңа
қаулыларын
шөліркеп отырған халыққа тез жеткізу үшін жеделхатты да
(телеграф) күтпестен радиодан тыңдады.
Сондықтан
1929 жылдың 7 қарашасында жолдас Сталиннің кез келген сөзі,
əрбір
əрпі мен үтірі маңызды болған “Ұлы бетбұрыс жылы” (“Год великого
перелома
”) деген мақаласын жариялай отырып, қазақстандық
республикалық
газет “Советская степь” оның алдына төмендегі ескертуді
берді
:
“Жолдас Сталиннің мақаласы радиодан берілді. Естілуі өте нашар болды.
Естілмей
қалған жəне қате естілген сөздер болуы мүмкін. Телеграфтық
хабардың
нұсқасы келісімен мақала қайтадан жарияланады”.
Жолдас
Сталин кеңшарлар мен ұжымшарлардың “ұлы болашағы” мен
“ғажайып өсуі” жайында алдын ала болжап айтты.
“Адамзат тарихында алғаш рет шаруалардың еңбекші бұқарасына жүйелі
жəне
ұзақ уақыттық өндірістік көмек көрсетуге дайын жəне қабілетті екенін
іс
жүзінде көрсеткен өкімет — Советтер өкіметі дүниеге келді...
Қазіргі
кезде колхоз қозғалысындағы жаңа да шешуші мəселе сол —
колхозға
шаруалар бұрынғыдай жекелеген топтармен емес, тұтас
селолармен
, болыстармен, аудандармен, тіпті округтермен кіруде...” — деп
жазды
данышпан Коба, мұртынан күліп жəне өзінің дөрекі де аяр
сұрқиялығын
жақсы түсінген қалыппен. Өйткені халықты жігерлендіру
үшін
айтылған бұл жасанды оптимизмнің қалқасында жергілікті
аппаратшыларға
арналған адамдарды ұжымшарларға селосымен,
болысымен
, ауданымен жəне округтерімен (іс жүзінде республикаларымен
жəне
бүкіл ел болып) күштеп қуып əкелу жөніндегі өте құпия нұсқаулар
тұрды
.
Халық
аяқастынан ұжымшарларға неге атойлап кіріп жатыр? Бұл туралы
жария
етілген мəлімдеме кез келген парасатты ақылойды жеккөрушілікпен
таптап
өтіп, “ұлы” деп аталған жəне көсемнің сөзінен кейін “бұрынсоңды
болып
көрмеген жетістік”, “Совет өкіметінің маңызды табысы” деген
марапатқа
ие болған осы бір күштеу шарасына баршаның шаттануын
бұйырды
.
Сталин
1929 жылды “Ұлы бетбұрыс жылы” деп бекер айтқан жоқ.
Ұжымшар
құрылысының алғашқы он ай ішіндегі біршама жандануы тек
бастамасы
, бір мая шөпке от қойған шырпы талы, омыртқаны сықырлатуға
тиіс
болған балтаның көтерілуі ғана еді. Нағыз б е т б ұ р ы с əлі алда — 1929
жылдың
қалған екі айы мен 1930 жылдың алғашқы айларында болуға тиіс
болатын
. Мақала тарихта осы уақытқа дейін болып көрмеген халыққа
жасалған
сұмдық зорлық пен күштеу шараларының түйінін шешудің
дабылы
болды.
Екі
апта өтпей жатып Алматыдағы (бұл кезде астана болған) партия
активінің
жиналысында өлкелік комитеттің екінші хатшысы Ізмұқан
Құрамысов
қызып келе жатқан науқаннан жамандық күткен адамдарға
соққы
берді. Оның баяндамасы газетке “Біз партияның лениндік
тұғырнамасында
екі аяғымызды нық басып тұрамыз” (“Мы обеими ногами
стоим
на ленинской платформе партии”) деген тақырыппен шықты, ал
“Ұлыдержавалық шовинизм жəне жергілікті ұлтшылдық оңшыл
жікшілдермен
бірігуде” (“Великодержавный шовинизм и местный
национализм
смыкаются с правым уклоном”) деген кіші тақырыпша одан да
гөрі
қаттырақ айғайлап тұрды. Құрамысов Ташкенттен хат жолдап, өзін
“Сарман” деп атаған партияның бүркеншік есімді мүшесінің дəлелдеріне
дау
айтты. Сарман өзінің жазғанындай, “қиын жағдайға түскен орыстарды
қамтамасыз
ету үшін” ғана жақсы жерлердің совхозға берілуіне қарсылық
білдіреді
.
“Қоныс аударушыларға жол ашып отырған қазақтардың қазіргі басшылары
мен
XVIII ғасырдағы Əбілқайыр ханның арасында қандай айырмашылық
бар
?” деп сұрақ қояды ол.
Дегенмен
, жақшаның ішінде айта кетейік, ол жылдары Қазақстанға өз
еркімен
ешкім де ке луді тілеген жоқ, сондықтан қазақ даласына
милицияның
жəне чекист винтовкаларының дүмі астында қоныс
аударушыларды
емес, а р н а у л ы қ о н ы с а у д а р у ш ы л а р д ы
(спецпереселенцев) қуып əкелді жəне оларды жақсы жерлерге емес, шахта,
рудник
қазуға, жол, зауыт салуға т.с.с. жіберді.
Сарманның
келесі сұрағы жаңа науқанның ең жанды жеріне тиді:
“Тарих заңдары дамудың белгілі бір сатыларынан өтетін таптарды
тудырады
, əлі рулық дəстүрдің құшағынан шықпаған қазақтарды сіздер
қандай
құрдымға бастап барасыздар?”
Құрамысов
не деп жауап берді?
“Маған, жолдастар, мұндай оңбағанға қарсы Лениннің өзін жіберу жəне
дұрыстықты
Лениннің өзімен дəлелдеу өте ыңғайсыз. Менің тіпті де бұлай
істегім
келмейді, бұл Ленинді жəбірлегендік болып табылған болар еді.
Ленинді
Бухариннің қайшысымен қырқып, тарауға құштар оңшылдар ғана
осылай
істер... Бірақ, меніңше, бұл туралы өздері колхозға кіріп, өздері
социализмнің
негізін қалап жатқан қазақтың еңбекші бұқарасы, кедейлер
мен
орташалар өз шешімдерін айтты...”
Көріп
отырғанымыздай, жолдас Сталиндегіге қарағанда дəлел əлі
сұйығырақ
.
Бүкіл
ел бойынша ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың үйлестірушісі
Каганович
(миллиондаған адамды аштықпен қырып, өзі жақын уақыттарға
дейін
жайлы өмір сүрген) 1929 жылдың 21 қарашасында Мəскеуде өткен
БК
(б)П ОКнің қараша пленумының қорытындысы туралы сөйлеген сөзінде
(жақша ішіндегі кішкентай “б” əрпінің мағынасы əлдеқашан жойылғанына
қарамастан
, əлі бар болатын: меньшевиктерді тек таратып қана қойған жоқ,
оларды
басқа орынға отырғызды жəне Сібірге жер аударды, олар да басқа
партиялар
секілді партия ретінде бұл кезде болған жоқ):
“ОК Пленумында бірқатар жолдастар қазір бізде болып отырған жəне əлі де
сөзсіз
ұлғайтыла беретін коллективтендірудің мұндай қарқынын көз
алдымызға
да елестете алмап едік деп турасынан айтты”, — деді.
Мəскеуде
өткен ОК Пленумының қорытындысы туралы өлкенің партактиві
алдында
3 желтоқсанда Голощекин баяндама жасады. Ол: “Соңғы айларда
Қазақстандағы
колхоздар саны айтарлықтай өсті”, — деді жəне құралған
колхоздардың
51,8%ы “түгелімен қазақ” екенін аса маңызды мəселе ретінде
атап
өтті.
“Мен, — деп мəлімдеді Филипп Исаевич, — бізде СССРдің басқа
аудандарындағыға
қарағанда колхоз қозғалысы баяу жүруде деген
пікірлерді
естимін. Мен мұндай пікірлерді дұрыс емес деп есептеймін”.
Осылайша
ол ғасырлар бойғы отырықшы шаруалар қауымына ғасырлар
бойғы
көшпенділерді теңестірді. Жəне егер алғашқыларға жаппай, яғни
күштеп
ұжымдастыру сұмдық ауыртпалық болып тиген болса, ал бірден
отырықшылық
өмір салтына көшуге мəжбүрленген қазақтар үшін бұл
бұрынсоңды
құлақ естіп, көз көрмеген, нағыз “қызыл қырғын” дерлік
қиямет
апат болды.
Өйткені
көсем оларды да, бұларды да адам деп емес, “адамматериал”, өзінің
бақыты
үшін ненің керек екенін түсінбеген, түсіне де алмайтын, өткен
дəуірдің
қараңғы, жау, сірескен қырсық материалы деп санады.
“Қазақ шаруашылығында, — деп жалғастырды Голощекин, — колхоз
құрылысы
оны ғасырлар бойы өзі болып келген қайыршылық жағдайдан
шығаруға
көмектесетін негізгі “бұранда” болып табылады”.
Филипп
Исаевич өзінің баяндамасын: “Біз жаңа кезеңде тұрмыз, біз бас
айналдыратын
жаңа жеңістер кезеңінде тұрмыз...” деген большевиктік
оптимистік
уəделермен аяқтады. (Бұл бас айналдыратын жеңістерді Сталин
небəрі
үш ай өткеннен кейін “табыстан бас айналу” деп атады. Жеңістер де,
табыстар
да күштеу мен геноцидтің жеңісі мен табысы болды. Ал
біреулердің
бастары айналған болса, онда бұл — көсемдер мен нұсқауды
орындаушылардың
бастары емес, ұжымшарларға қуылып əкелінгендердің
бастары
анталап келе жатқан аштықтан, қарны тойып тамақ ішпей,
арықтапжүдеп
, көздері қарауытудан айналды.)
Ұжымдастырудың
безгек ауруындай қалшылдатқан қарқыны басталып
кетті
. Партиялық шенеуніктердің уəделерімен жəне қысымымен ол
рекордтық
қысқа мерзім ішінде ең жоғары пайызды қағып түсіру
жолындағы
қуғынсүргінге айналды. Сəл кейінірек халық үшін апатпен
бірдей
болған пайызшылдықты БК(б)П ОКнің ұжымдастырудың қарқыны
туралы
: “БК(б)П ОК тракторлар мен күрделі машиналардың
жетіспеушілігін
желеу етіп, коллективтік қозғалыстың дамуын тежеуге
тырысу
əрекеттерінің кез келгеніне қарсы батыл күрес жүргізу қажеттілігін
атап
өтеді (бейне бір ыждағатты орындаушылардың ішінен əлдекімдер осы
бір
ұжымшарға жаппай қуып əкелу əрекетін тежеуге тырысқан секілді. —
В
.М.). Сонымен бірге ОК “колхоздар ұйымдастыру бойынша шынайы
социалистік
жарысты коллективтендіру ойынымен жоққа шығару қаупін
тудыра
алатын, колхоз қозғалысынан жоғары тұрған қандай да бір
“декреттеу” əрекеттері болса да (бейне бір оны төменнен немесе бүйірден
декреттеген
тəрізді. — В.М.), оған сақтықпен қарау керек екендігін партия
ұйымдарына
алдын ала ескертеді” деген өркөкірек шешімімен қамшылай
түсті
.
1929 жылдың 17 желтоқсанында пленум шешімімен 1930 жылдың көктеміне
қарай
30% шаруашылықты ұжымдастыруға қамту бұйырылды. Пленумға
қатысушылар
, əрине, қолдарын қуана көтеріп, шуласа қостады, алақандары
ауырғанша
қол соқты. Жиналыстардағы осы бір безгек ұстағандай
бейберекет
дүрлігістің дүмпуімен ұжымшардың аштық пен аяз қысқан
болашағына
қарай айдаудың үлкен сүргіні басталды, ал бұл болашақтың
ауласының
табалдырығында қол шалғымен емес, кең құлашты машинамен
жайратып
салған адамдардың мəйіттері тау болып үйіліп жатты.
1929 жыл соңына тақады. Онымен қоштасар сəтте егін шаруашылығы
халкомы
Тоқтабаев малдəрігерлік қызметкерлерінің Бүкілқазақстандық
съезін
бесжылдықтың соңында Қазақстанда 38 миллион бас мал емес, 58
миллион
болатыны жөніндегі хабармен қуантты.
Бірақ
басқаша болды. Бесжылдықтың соңында, ресми мəлімет бойынша
(əрине, асырып көрсетілген), бар болғаны 4 миллион бас мал қалды.
Шындығында
қанша болғанын ешкім білмейді. Ұжымдастырудан аман
өткен
адамдардың айтуына қарағанда, əлдеқайда аз...
* * *
Қазақстандағы
ұжымдастырудың бірінші толқыны қалай өтті?
1930 жылдың көктемінде, Сталин “бас айналулар” туралы мақаласында
берген
дабыл бойынша, шенеуніктердің өз кінəларын жасыруларына тура
келді
. (Басты күнə мынада болды: иə, рас, халықтың арқасы опырылды,
бірақ
, көрдіңіз бе, біржола тегістеп тастай алған жоқ — дене əлі ауырсынуды
сезініп
жатқанды, күштеузорлау əрекеттеріне қарсылық білдіре бастады:
жанжақтан
жаппай “антисоветтік бас көтерулер” басталды.) Маусымда
Голощекин
Бүкілқазақстандық Жетінші конференцияда үлкен баяндама
жасады
(оның сөзі екі күнге созылды). Ол ұжымдастырудың шектен шыққан
қарқындылығы
үшін ақталуға тырысты. Ақталды, бірақ, əрине, халықтың
да
, құрбан болғандардың да алдында емес, орталықтағы өзінің тікелей
бастықтарының
алдында. Жəне өзіне, жеке басына төніп тұрған ешқандай
қауіптің
жоқ екенін, сондайақ бұл — өкіметтің халықты алдаған қажетті
тактикалық
бұлтарысы екенін жақсы түсінген жағдайда. Дегенмен
əдеттегідей
бұйрық берілген екен, əлдекімдерді кінəлау керек. Ал бұлар
ыждағатты
емес орындаушылар мен төменгі қызметкерлерден өзге кімдер
болушы
еді?
“Коллективтендіру саласындағы қателіктерді партиялық бағытты
түсінбеушілік
, партиялық бағытты бұрмалаушылық, ленинизмнен кері
шегіну
деп бағалауға болады... Жергілікті жерлерде жіберілген қателіктер,
ешбір
жағдайда да ОКнің нұсқауларынан туындамайды”. (Бейне бір балық
басынан
емес, құйрығынан саситындай.)
— Біздің 1930 жылы 30%дық қарқын алғанымыз дұрыс болды ма? — деп
залға
қарады ол. — Біздің экономикалық жағынан неғұрлым қуатты екі
округке
(Петропавл жəне Қостанай) екі жылда жаппай коллективтендіру
міндетін
қойғанымыз дұрыс болды ма?
— Дұрыс! — деп айғайлады өздерінен не талап етілетінін тез аңғарған
тəртіпті
партиялықтар орындарында отырып.
— Егер біз дұрыс істеген болсақ, онда сіздер жергілікті жерлерде мұның
бəрін
мүлде теріс істегенсіздер, — деп жұмсақ кекесінді жазғырумен
ескерту
жасады Филипп Исаевич. Делегаттар оған бір кісідей күлкімен
жауап
берді.
Конференция
делегаттарының мұндай еріксіз көңілденуін тудырған
стенограмманың
егжейтегжейлі үзіндісі, міне, мынау:
“Жолдастар, өлке бойынша қарқын: 30жылдың қаңтарында — 24,5%,
ақпанда
— 25%, наурызда — 45,1%, сəуірде — 51,3%. Тура алып адыммен
алдыға
жылжығанбыз! (Күлкі.)
Бұлар
біз сіздермен бірге белгілеген қарқынға ұқсай ма? Мүмкін, ол кезде
оппортунист
болған шығармыз?
Бірақ
, егер, жолдастар, сіздер округтер бойынша мəліметтерге көз салатын
болсаңыздар
, онда бұдан да зор алып қарқынды көрген болар едіңіздер.
Міне
, округтер: Алматы округінде қаңтарда 17 %, ал сəуірде 63,7 % болды
(күлкі); Петропавлда қаңтарда 38 %, сəуірде 73,6, Семипалатинскіде 18 жəне
40 %. Мұнда неғұрлым дұрыс көзқарас (күлкі), Қостанайда 36 жəне 65;
Қарқаралыда
сəуірде 48 % (сіздер білесіздер ме, бұл — мыңдаған тракторы
бар
... “архизерновой” (мол астықты — ауд.) округ; Гурьев округінде 1,5 жəне
36,6 %; Оралда — сəуірде 72; Павлодарда 60 %; шаруашылығы əзірше
омачқа
(Орта Азиядағы соқаға ұқсас жер жыртатын құрал. — ауд.)
негізделген
, қазір əлі де жартылай феодалдық қарымқатынас сақталған, бай
мен
имам əлі де үлкен ықпал етіп отырған Қарақалпақ облысында қаңтарда
12,5 %, ал сəуірде 52 (күлкі); Сырдарияда наурызда 64,4 %... жəне ақыр
аяғында
, неғұрлым алдыңғы қатарлы округ Қызылордада қаңтар айында 14
%дың орнына 61 % (күлкі).
Залда
қаншама күлкі мен көңілділік болды десеңізші!.. Бейне бір əңгіме
төменгі
басшылардың ұжымдастыру пайыздарын былықтырған
ыждағатсыздығы
мен қырсыздығы жөнінде болған секілді. Өйткені
Голощекин
делегаттарды шатыстырып, қылжаққа айналдырған бұл
цифрлардың
артында залдағылардың бəріне белгілі ұжымдастыру
практикасы
: сұрапыл қыс пен ерте суық көктемде шаруашылық пен
үйреншікті
еңбек ырғағын бұзып, аштық пен мағынасыз тірлікке ұшыратып,
адамдарды
қорқытумен жəне алдаумен бір бұрышқа қуып əкеліп, олардың
малдары
мен мүліктерін қалай тартып алғаны тұрды. Ал Филипп Исаевич
өзінің
сол кездегі сөзсіз орындалуға тиіс болған əскери бұйрық секілді
нұсқауларын
есіне түсіргісі келмеді.
Бұдан
бұрын қаңтарда съезге жиналған Қазақстанның жер істері
қызметкерлеріне
мынадай нұсқаумен жол болсын айтқан болатын:
“Біз колхоз құрылысы саласындағы қарқын бойынша Одақтың алдыңғы
қатарлы
аудандарынан қалысқан жоқпыз. Бұл кең де шапшаң қарқын
бесжылдықтың
соңында болмаса да, екінші бесжылдықтың бірінші
жылының
бас кезінде, бізде, Қазақстанда, барлық тұрғындар жаппай
коллективтік
шаруашылыққа бірігеді деп меже белгілеуге мүмкіндік береді.
Бұл
үлкен мерзім бе, əлде аз ба? Бұл дегеніңіз — əлі төрт жыл. Ал
“пессимистер” болса, біз өте ұзақ мерзім алдық дейді, — əрине, тырнақша
ішіндегі
пессимистер, — өйткені процесс сондай тез жүруде, сондықтан ол
біздің
жоспарларымыз бен болжамдарымызды шайқап төгуде”. 2 ақпанда
газеттер
Қазақстан ОАТКОМ сессиясының қаулысын жариялады:
“Сессия Жер халкомы жобалаған 1929 — 1930 жылдары барлық
шаруашылықтардың
47,4%ын коллективтендіру деңгейін ө т е т ө м е н
(ерекшелеген автор. — В.М.) деп санайды жəне Халком Кеңесіне бұл
цифрды
м ү м к ін д ігін ш е к ө т е р у жағында қайта қарауды ұсынады”.
Міне
осындай, ал Филипп Исаевич Голощекин осының бəріне басшылық
етіп
жəне ұжымдастырушыларды күн сайын түртпектеп қузай отырып, одан
соң
бұл төменгі қызметкерлердің қалайша жоғары цифрға қол жеткізіп,
жөнсіз
былықтырғанына таңғалды.
3 ақпанда Голощекин сөз алды:
“Қазір коллективтендіру негізінде көшпенді, жартылай көшпенді
шаруашылықтан
отырықшылыққа өту жүріп жатыр... Біз 56 киіз үйден
тұратын
бытыраңқы қоныстанған ұсақ ауылдардың күні өткен кезеңде —
киіз
үйдегі өмірдің өзінің жойылу үстінде тұрмыз. Ал мұнымен бірге
архаистік
, мəдени емес тұрмыс салтын жою мүмкіндігі, бұқараның мəдени
көтерілуіне
жағдай жасау мүмкіндігі тууда. Қазақстандағы колхоз
құрылысы
өте баяу қарқынмен жүруде деген соқыр сенім орын алуда. Бұл
дұрыс
емес”, — деп, ол бұрынғыша өзінің қарқынды өсіру туралы
нұсқауларын
қайталады. “Шиеленіскен таптық күресті” еске алып,
Голощекин
: “Қазақстан артта қалған елден, ұйықтап жатқан елден алдыңғы
қатарлы
елге, қ а й н а ғ а н ө м і р л і елге, социалистік жолға түскен елге
айналуда
”, — деп қорытты (ерекшелеген автор. — В.М.).
Саясаткерлердің
осы нұсқауларының, қорқытулары мен
қоқанлоқыларының
, қитұрқыуəделерінің бəрі газет беттерінен сырғып түсіп
біткенге
дейін іс жүзінде не болды? Өлкелік комитеттің бірінші хатшысы
көтеріңкі
леппен айтқан, ал баспасөздің байқағысы келмеген қайнаған өмір
іс
жүзінде қандай болды?
Ұжымшарлар
туралы, кейін белгілі болғанындай, адамдарға дерліктей
ештеме
айтылмаған. Ұжымдастыру туралы хабарлап, сол сəтінде дауыс
беру
үшін бір жиналыс жеткілікті болды. Адамдардың ұжымшар мүшесі
болғысы
келе ме, жоқ па, уəкілдер мұнымен шұғылданбады. Сұрақ былайша
қойылды
:
— Коллективтендіруге кім қарсы?
Кейжағдайда
көптегенаудандарда: “Ұжымшарға кім кірмесе, соған ең нашар
жер
кесіп беріледі деп түсіндірген жағдай болды. Əлдебір құмнан, таудан.
Ал
суармалы жерден қуылады. Мүлікті тартып алады. Басқалармен бірлікте
жұмыс
істегісі келмегендерді туған ауылы мен деревнясынан көшіріп
жібереді
”, — деді. Мұндай ашық айтылған түсіндірме жұмыстары, мысалға,
Сырдария
округінің Талас ауданында жəне көптеген басқа жерлерде
жүргізілді
.
Сол
Талас ауданында радиусы елу шақырымдық аумақта шашылып жатқан
бірнеше
жүздеген шаруашылықтан аса үлкен, іс жүзінде басқарылмайтын
ұжымшарлар
құрды. Құм жайлаған көшпенділерден ең қажетті үй
мүліктерінен
басқа барлық малы мен мүлкін тартып алды. Жаңа басшылық
рұқсатсыз
əлденені сатуға немесе сатып алуға қатаң тыйым салды.
Қостанай
округінің Затобольск ауданында орташаларды тəркілеп, сайлау
құқығынан
айырды. “Колхозға енбесең — селода кулак болып саналасың,
өйткені
сен коллективтендіруге қарсысың”, ал кейбір уəкілдер: “...не
колхозға
кіресің, не біздің саған не істейтінімізді білесің...” (“или иди в
колхоз
, или мы тебя под откос...”) деп қорқытқан.
Міне
, қ а й н а ғ а н ө м і р д і ң өзінен туған, мақалға бергісіз ұйқас деген
осы
!
Тағы
да сол Затобольск ауданында “колхоздардың көпшілігінде мал, қойлар
толығымен
қоғамдастырылған, ал бірқатар колхоздарда — құс жəне тіпті
қарбыз
, қияр т.б. тұқымдары да”.
Сырдария
округінің Алексеевка, Юрьевка селоларында, №8 ауылында
тұқымдық
астықты тапсырмағаны үшін орташалардың барлық мүлкі
кəмпескеленген
. Кантемировкада киімді, үй ыдысаяқтарын ортақтастыра
бастаған
, ал жергілікті агроном Фросов ит пен мысықты да ортақтастыруды
қолға
алды.
Семей
округінде кейбір уəкілдер мен аудандық комитеттер “орташа —
болашақ
кулак, сондықтан оған кулакқа қолданылатын шараның бəрін
қолдануға
болады” деген қисындық құрылыммен өздеріне шабыт берген.
Əдістер
əдеттегідей болды: еңбек міндеттілігін жүргізу үшін əскери
жағдайға
ұқсас тəртіп енгізу (шаруалардың еркін еңбегі еңбек
борыштылығына
, Троцкийдің арманына айналды), барлық тұқымдық қорды
тартып
алу (басқа — басқа, көріп отырғанымыздай, “тоналмағанды”, яғни
помещиктер
мен капиталистердің мүлкі еместі тартып алу, кəмпескелеу,
реквизициялау
, экспроприациялау немесе жай ғана т о н а у — пролетариат
диктатурасы
өзінің белсенділерін, міне, осыған үйретті), орташалар үшін
егіс
міндеттемелерін арттыру, кəмпескелеу, жер аудару, тұтқындау, соттау
қоқанлоқысымен
қорқыту, мүлікті ішкиімдерге дейін кəмпескелеу...
Еңбекшіқазақ
ауданында киіз үйді ортақтастырған, Сырдария округі Иіржар
ауданында
аңшы мылтығы мен іс тігетін машинаны, басқа аудандарда үйрек
пен
қазды...
Түрген
ауылының бір шаруасы түсінбегендіктен аңтаң болып, жиналыста:
— Бəрі комиссар болып жатыр, сонда жұмысты кім істейді? Азықтүлік
онсыз
да аз, егер 8—10 сағаттан жұмыс істейтін болса, олар бұдан да аз
болады
... — деп сұрақ қойды.
Іле
ауданын басқарған уəкілдер діндар адамдарды ораза ұстағаны үшін 20
фунт
(қадақ — ауд.) астық мөлшерінде салық салынады деп қорқытқан.
Кейбір
ауылдарда бақытты болашақтың “жоспарын” жасаған — “ортақ
отбасылықтұрмыстық
өмірге өту қажеттілігі туралы мəселе қойылған”.
Демек
, “колхозда əйелдер мен балаларды да ортақтастырады” деген
“байлардың өсегі” де негізсіз болмағаны ғой.
Партаппаратшылар
, əрине, нұсқаулардың ғажайып сиқырлы күшіне сеніп
қана
қойған жоқ, сот жазаларын, қарулы күштерді, винтовка мен пулемет
оқтарын
аямай қолданып, бұл сенімдерін бекітті де. Дəл сол кезде, 1930
жылдың
ақпанында, аштық өлімі мен қияндағы шет өлкелерге жер аударылу
сүргініне
ұшыраған халық бүкіл ел бойынша т о л қ у ү с т і н д е т ұ р ғ а н д
а
, жақында ғана шаруаларды баюға шақырған Бухарин “Правдада”
“кулактармен... қорғасын тілінде сөйлесу керек” деп жазды жəне сөйлесті
де
.
Құртужою
, тонау, талқандау — бұл жерде нұсқау кəдеге асты...
1930 жылдың 14 наурызында “Советская степь” Қаскелең колхозында мал
басының
кемінде жартысы жойылғанын жазды:
“Үкімет мал шаруашылығын дамыту айлығын жүргізген кезде, ауданда
малды
құрту айлығы жүрді. Колхозшылар:
— Иə, аз сойылған жоқ. Əрқайсысымыз бір сиырдан сойдық, ал қойдың
санында
есеп жоқ... — деп мойындады.
Қой
табындары дерліктей жойылып бітті. Бірнеше мыңнан тек жүздеген бас
қана
қалды. Сауын малдар сүтті аз береді (тек сабанмен ғана
азықтандырады
)”.
Бұл
шағын хабардағы ең таңғаларлығы — “Тек қалпына келтіру ғана емес,
мал
басын арттыру қажет!” деген кіші тақырыпшасы еді.
Көшпенділер
шаруашылығы бұл кезде тамырымен жұлынған болатын, ал
нұсқау
шығарғыштар түрткілеп асықтыруын, түсіндіруін, үгіттеуін, міндет
артуын
жалғастырды. “Колхоз қозғалысының шындығы барлық жоспарлы
межеден
асып түсті. Қазақстан шаруашылықтарының 40%дан астамы
колхозға
бірікті. Тұтастай алғанда, бұл қозғалыс толығымен дұрыс жүріп
келеді
...” — деп жазды 1930 жылдың 20 наурызындағы “Советская степь”
газетінде
өлкелік комитеттің хатшысы Л.Рошаль.
1930 жылдың 20 мамырында Ғ. Тоғжанов “Советская степь” газетінде
“байды соңғы тұрағынан қуып шығаруға” шақырды. Мысалы, ол
ұжымдастырудағы
бұрмалаушылықтарды науқанның бірінші күндерінен
бастап
қыр елін кезіп жүрген “өте ерсі арандатушылық өсектер” деп
түсіндірді
. Ұжымдастыру идеясы бейне бір терең тамыр жайып үлгерген
көшпендіқазақтардың
ортасында айтылған бұл əңгімелерді мəнжайдың
түсініктірек
болуы үшін келтіре кетейік. Тоғжанов сол кезде ел аузында
жүрген
“өсектерді” (түпнұсқада: “хабарчики”) былайша тізбелейді:
— колхозшылардың əйелдері мен балалары ортақтастырылатын болады;
— колхоздар барлық əйелдерді еркектерге бөліп беріп отырады;
— колхозшылардың ұрпақтылығын жақсарту үшін қазақ əйелдеріне
Россияның
орталық аудандарынан бойы 3 аршын арнайы “асыл тұқымды”
еркектер
, кейбір жағдайда цыгандар (Алматы округі) бөлініп беріледі;
— балалар ортақтастырылады, өйткені олардың етінен, əсіресе Қытайда
үлкен
бағаға өтетін қымбат экспорттық дəрілер дайындалады;
— малды алып қояды, қазақтар шөппен (көкөніспен) қоректенетін болады
жəне
т.б.
Ежелден
дала тұрғындары жазба сөзге қарағанда “ұзынқұлаққа” — өсекаяң,
қауесет
сөзге көбірек сенетіні белгілі. Осындай өсектерге қарамастан,
адамдарды
ұжымшарларға қуып тығу үшін ұжымдастыру жөніндегі
уəкілдердің
қандай қоқанлоқылар мен жазаларды қолдануы қажет болғанын
аңғару
қиын емес.
* * *
1930 жылдың 9 сəуірінде “Советская степь” Голощекиннің Тұңғыш
қазақстандық
өлкетанушылар съезін ашардағы сөзін жариялады.
“Егер Октябрьге дейінгі Қазақстанды алып қарайтын болсақ, мен оны
тарихқа
дейінгі Қазақстан деп атаған болар едім, ол кезде Қазақстан болған
жоқ
. Ол бытыраңқы болды, мүлде адам нанғысыз арттақалушылықта,
архаистік
көшпенді шаруашылық жағдайында, қандай да болсын бір, ең
болмаса
бастауыш мəдени мекемесіз, ушыққан ұлттық жаулықта өмір
сүрді
...
Менің
баса көрсетіп айтуым керек, дəл осы ауыл шаруашылығын
социалистік
қайта құру, коллективтендіру, колхоздар ұйымдастыру, дəл
осылар
— артта қалған архаистік шаруашылықты, артта қалған,
қайыршыланған
халықты тұйықтан шығаруда Қазақстан үшін аса маңызды
мəнге
ие...”.
Осындағы
сөйлеу мəнерінің тұрпайы социологиялық өркөкірек
жүгенсіздігін
былай қойып, істің мəніне көңіл аударайық. Ауыл
шаруашылығын
ешқандай дайындықсыз қайта құру халыққа не берді?
Егер
тек экономика жөнінде ғана айтар болсақ, онда Ораз Исаевтың ресми
комиссиясының
мəліметтері бойынша, ұжымдастырудың бірінші
толқынының
бірнеше айы ішінде республикада мал басы 30 %ға немесе 10
миллион
басқа кеміген.
Əйткенмен
, басқаша жағдайды күтуге болмайтын еді. Өйткені тіпті
бұрынырақ
құрылған жəне əрқандай жағынан өкімет қамқорлық жасаған
ортақ
шаруашылықтардың өзінде бастанаяқ бейберекеттілік белең алды.
Осындай
шаруашылықтардың бірі республиканың оңтүстігінде құрылып,
үлгі
ретінде ұсталған жəне газеттерде əлденеше реттен насихатталған
Голощекиннің
өзінің атындағы коммуна болды. “Ұлы бетбұрыс” жылы осы
үлгілі
шаруашылық туралы айтарлықтай көлемді жарияланым жарық көрді:
“ГОЛОЩЕКИН АТЫНДАҒЫ КОММУНАНЫҢ САБАҚТАРЫ
...Жағдай коммунаның бүкіл жұмысы мен өмірін көз алдан өткереді.
Коммуна
өзінде қанша жер бар екенін білмейді... Жыл ішінде 24 бас сиыр,
киіз
үйлер жасаужабдығымен қоса, 6 жылқы, 185 қой — барлығы 13076
сомның
мүлкі ысырап болып, талантаражға түскен.
Бұл
ұжымдық шығынға 4 орташа колхоз құруға болар еді.
Коммуна
базарды жалға алып, 13429 сом шығын тартты.
Құрылыстар
қиратылып жатыр. Əйнектер сынған. Есіктер тозған. Жөндеу
жұмыстары
көптен бері болмаған. Тігін машиналары ашық аспан астында,
аязда
тұр. Қайықсыз, сынған, майы қатып қалған, қырау басқан. Онымен
балалар
ойнайды.
...Жыл ішінде коммуна 30 000 сом аванс пен несие алды. 30 000 сом қайда
кетті
? Шаруашылық жылының материалдық қорытындысы, ұста
құралжабдықтары
, диірмен қайда?..
Бəрін
коммуна жеп қойды.
Қарын
мəселесі коммунадағы жетекші орынды иеленді жəне соған сəйкес
психологияны
қалыптастырды. Коммуна басшыларының бірі жолдас
Өтемісов
“Коммуна бұдан əрі қалай өмір сүреді?” деген сұраққа:
“Қажеттілік туса, үй шатырларын бұзып, отынға сатамыз”, — деп жауап
берді
.
...Коммуна жалдамалы жұмысшылар (нан пісіруші, аспазшы,
екіқаражұмысшы
) ұстаған. Олар коммунаның батырақтарына айналған.
Байшылдық
идеология коммунаға сыналап еніп, онда өзіне ұя салған.
Қатардағы
коммунар Т.Байзақов жағдайға өте айқын баға берді:
“Ауқаттанамыз. Не айтады — соны істейміз. Үндемейміз...”
ХІІ
“Жаппай коллективтендіру халық толқуларымен шашалды. Сталин тұтас бір
жылға
шегініс жасады”, — деді бұл кезең туралы жазушы Борис Можаев.
Ресми
тарихшылар Қазақстанда болған бұл оқиғалар туралы бір кісідей
болып
, жұмған ауыздарын ашпайды, тіпті болмағанда бірекі ауыз бұлыңғыр
сөз
тіркестерімен шектеледі. Бұл түсінікті де: құпия құжаттарды сақтаушы
“Компартия ОКнің жанындағы Партия тарихы институты” өз партиясының
шынайы
тарихын емес, көзбояушылық тарихын көрсетуге тырысып бақты.
А
.Тұрсынбаев “Қазақстандағы колхоз құрылысының жеңісі” (“Победа
колхозного
строя в Казахстане”, Алматы, 1957) кітабында “антикеңестік бой
көрсетулер
” туралы айта келіп, Созақтағы “байшылдық бүлік”, сондайақ
“Адайдағы, Алакөл ауданындағы жəне басқа жерлердегі байлардың қарулы
қарсылықтары
” туралы тек үстірт қана еске алып өтеді. “Қазақ ССР тарихы”
(Алматы, 1977, ІV т.) бұл туралы тіпті айтпайды да. “Қазақстан Коммунистік
партиясы
тарихының очерктері” (“Очерки истории Коммунистической
партии
Казахстана”, Алматы, 1963): “Кеңес өкіметінің жаулары колхоз
құрылысындағы
солшылдық ауытқуларды мүлт жіберместен пайдаланып
бақты
. Олар шаруаларды антисоветтік бас көтерулерге итермеледі, партия
жəне
совет қызметкерлеріне, ауылсело белсенділеріне қастандық жасауды
ұйымдастырды
. Мысалы, 1930 жылдың басында байқұлақ элементтері
Сырдария
округі Созақ ауданында 23 басшы қызметкерлерді айуандықпен
өлтірген
. Тап жаулары шаруаларды колхозға кірер алдында малды жаппай
қыруға
үгіттеді” деген қысқа сөзбен ғана шектеледі.
Тіпті
салыстырмалы түрде бертінгі уақытта жариялылық кезінде жазылған
“ұжымдастырудың күрделі мəселелері” туралы “Шындық тұрғысынан” (“С
позиций
правды”) деген мақаланың авторлары академик Б.Төлепбаев пен
тарих
ғылымдарының кандидаты В.Осипов та бұл мəселені айналып өтті.
Олар
бəрін бірдей “кулактардың жауыздығымен” түсіндіруге болмайтынын
мойындайды
, бірақ “кулактардың белгілі бір рөлі болғанын” теріске
шығармастан
, Қазақстан Компартиясы ОКнің жанындағы баяғы сол Партия
тарихы
институтының (бүгінде маңдай жазуын “Саяси зерттеулер
институты
” деп өзгерткен) бұл қызметкерлері “белгілі бір деңгейде (қызық:
қандай
деңгейде? — В.М.) жағдайды мемлекеттік органдар өкілдерінің
орашолақ
, кейде қылмысты əрекеттері шиеленістірді” деп санайды.
Төрешілдіктің
“сүйкей салдысын” еске түсіретін бұл сырғытпалы
тұжырымдардың
кімнің “шындығы тұрғысынан” құрастырылғаны айдай
анық
...
“Лениндік ұстанымдар” қорғаушыларының төменде келтірілген қысқаша
анықтамасы
да көп жағдайды айқын түсіндірмейді: “1929 ж. Қазақстанда,
ОГПУ
мəліметі бойынша, құрамында 350 адамы бар 31 “бандалық
құрылым
” əрекет етті, 1930да, сəйкесінше 82 жəне 1925 адам, 1931 ж. — 80
жəне
3192. Мұның үстіне, селолар мен ауылдарда осы уақыт ішінде жалпы
саны
9906 адам болатын 2001 “жау топ” ашылды, сондайақ 10396 жеке
зиянкестер
тұтқындалды. Солардың ісəрекеті салдарынан 1929 — 1931 жж.
460 партиякеңес қызметкерлері қаза тапты, 372 дұшпандық антикеңестік
акт
, 127 астық өртеу, егінді малмен таптату əрекеттері орын алды”.
ОГПУ
, неге екені белгісіз, анықтамасында өздерінің жазалау əрекеттері
қандай
болғанын, оның деңгейі мен қамтыған көлемін көрсетпейді (немесе
тарихшылар
мұны еске алмайды). Əйтсе де, “бандиттерді” жəне
“зиянкестерді” қаншалықты қатал жазалағаны (белсенділерді ұрыпсоққаны
немесе
қастандық жасағаны үшін кінəлілерді тек қана “əлеуметтік
қорғаныстың
жоғары шарасымен” — ату жазасымен жазалаған; ал
зиянкестік
деп не болса соны атаған...) алдыңғы тарауларда келтірілген
газеттік
мақалалардан айқын көрінеді.
1930 жылдың кезіндегі жариялылық шегі, əрине, баспасөз ұжымдастыру
басталған
тұстағы халықтық толқуды “жария көрсете аларлықтай” соншама
кең
емес еді. Тек жарты жыл өткенде, Жетінші конференцияда Голощекин:
“Жаппай антисоветтік бас көтерулер бізде орын алды”, — деп мойындады.
Ол
бұл туралы алғашқы жəне соңғы рет айтты; басқа басшыларға мұндай
əңгіме
айтуға мүлде рұқсат етілген жоқ. Соңғы кездерге дейінгі əлдебір
нақты
мысалдарды неғұрлым толық келтірді. Осы уақыттан бастап,
тарихшылар
үшін бұл тақырып алпыс жылға жабық болды (олардың
“колхоз құрылысының жеңісі” туралы көптеген диссертациялар қорғауына
бөгет
болмағандығымен қоса алғанда). Филипп Исаевич не туралы айтты?
“Біріншіден, біз Семей округі Зыряновск ауданындағы орыс крестьян
қауымының
антисоветтік бас көтерулерін көріп отырмыз... (бұл бас көтеруді
ұйымдастыру
бір жыл бұрын дайындалды). Таза кулактық элементтердің
бастауымен
, орташалардың өте аз саны тартылған...
Екіншіден
, өткен жылдың көктемінен бастап дайындалған, Орталық
Қазақстанның
алты ұлттық ауданында болған антисоветтік бас көтерулер...
Барлық
бас көтерулер жартылай феодалдардың өткен дəуірді аңсаған
күресіне
талдау жасау тұрғысынан алғанда, айтарлықтай мəн беруге
тұрарлық
(бас көтерулердің өзі хан сайлаудан басталды). Негізгі ұраны —
дін
үшін күрес, коллективтендіруге қарсылық, жеке салыққа қарсылық,
1928 жылы кəмпескеленген малды қайтару үшін күрес жəне ауылдағы тап
күресіне
қарсылық. Сонымен, жолдастар, бұл бас көтерулердегі басты
мəселе
— жартылай феодалдар мен ишандардың жартылай феодалдық
патриархалдық
ауыл үшін күресі. Олар соңдарынан ауылдарды,
кедейорташалар
бұқарасын ерте алды... тек қана ең терең бұрмалаулар мен
қателіктердің
негізінде жəне солардың қойнауында.
...Бұл аудандардағы дайындау жұмыстарындағы қателіктер жəне əсіресе
коллективтендірудегі
қателіктер байды əлсіретудің орнына күшейтті. Есте
боларлық
ерекше бір жай — біз ауылдағы негізгі бұқара халықпен,
кедейлермен
, орташалармен байланыс орнатқан кезімізде, олар көсемдерді
өздері
ұстап беріп: “Олар бізді айдап салды, “коллективтендіру деген —
орташалар
мен кедейлер үшін жасалған кəмпескелеудің дəл өзі жəне осы
былықтардың
бəрі — Cовет өкіметі саясатының салдары”, — дейді деді.
Жəне
ақырында бұл мəселеге тəн тағы бір ерекшелік — бұл бас
көтерулердің
Орталық Қазақстанның көшпенді жəне кейбір жартылай
көшпенді
ауылдарында болғандығы, демек, Қазақстанның көшпенді бөлігі
азырақ
советтендірілген...”
Созақтағы
, Алакөл ауданындағы жəне Адайдағы көтерілістерді Голощекин
аузына
да алған жоқ.
Дегенмен
, сол баяндамасында ол: “Адай округ ретінде жойылды”, — деді.
Мұның
қалай болғаны?
“Біз қазақтарды Қарабұғазда, балық кəсіпшілігінде жəне Ембімұнайда
жұмысшы
ретінде тарту міндетін алға қойдық (мұның қандай “тарту”
болғаны
еңбек борыштылығы жəне шаруалар күшін еңбек бөлімдеріне
жұмылдыру
жөніндегі лениндіктроцкийлікбухариндік арманның жүзеге
асырылуы
екендігі айқын. — В.М.). Екіншіден, халықтың шаруашылық
тұрғыдан
ауылда орын тебе алмайтын бөлігін егіншілік аудандарға көшіру.
Əзірше
, қалай болған күнде де, отырықтанған 374 шаруашылықты көшірдік,
бірақ
бұған қандай қиындықпен қол жетті? Үш мəрте, жолдастар, біз оларды
ұйымдастырдық
, ақша бердік, олар Адайдан жүз шақырымға дейін көшіп
барды
да, сол жерде уəкілдерге жеткілікті мөлшерде тымақ үлестірді,
сөйтіп
, өздері бұрынғы ауылдарына қайтып оралды (күлкі)”.
374 шаруашылық — бұл бар болғаны бірнеше ауыл ғана. Ал округте тұрған
ондаған
мың адамдар қайда? Голощекин бұл туралы айтқан жоқ. Алайда
адайлықтардың
үлкен бір бөлігі көтерілістен кейін көршілес Түрікменияға
көшіп
кеткендігі халыққа, əрине, белгілі. Ал онда қарулы көтерілісті
басмашылар
қатарында жалғастырды.
Сөйтіп
, халық көтерілістері бүкіл Қазақстан бойынша Маңғыстаудан
Алтайға
жəне Ақтөбе далаларынан Сырдарияға дейін орын алды. Толқулар
1929 жылы Қарақалпақ облысындағы Тахтакөпірде жəне Сырдария
округіндегі
Бостандықта басталды, 1 қарашада Қостанай округіндегі
Батпаққара
, 7 ақпанда Ақтөбе округіндегі Ырғыз, 26 наурызда Алматы
округіндегі
Сарқант т.б. көтеріліске шықты. Бас көтерулер: “Совет өкіметі
жойылсын
! Еркін еңбек үшін!”, “Ислам атынан!”, “Совет өкіметінің байларға
қарсы
заңдары алынып тасталынсын!” деген ұрандар астында өтті. Егер
тарихшылар
бұрын бəрін “кулакшылбайшыл элементтерге” жапқан болса,
енді
“бас көтерулердің себебі мəжбүрлеп коллективтендіру, орташаларды,
тіпті
кедейлерді тəркілеу болды” деп мойындай бастады.
1930 жылдың маусымында халық қозғалысын жартылай феодалдар мен
ишандардың
күресі ретінде сипаттаған Голощекин оның шынайы
себептерін
жақсы білді: көктемде ол құпия хат арқылы Сталинге: “Тəркілеу
қажеттінің
бəрін, нанның соңғы үзімін де қалдырмастан алып қоюға дейін
жетті
”, — деп хабарлады.
1930 жылдың маусымында Голощекин: “Бірқатар жерлерде
коллективтендіру
өзінің абыройын түсіріп алды, қозғалысты ілгері
жылжыту
үшін ұзақ уақыт қажет болады”, — деп мойындады.
“Бұл кімнің кінəсінен?” — деп сұрақ тастады ол Жетінші конференцияда.
Партия
бағытының да, ОК нұсқауларының да м е й л і н ш е д ұ р ы с
(ерекшелеген автор. — В.М.) болғаны жəне мұндай қателіктерге себеп бола
алмайтындығы
ешқандай күмəн тудырмайды.
...Өлкелік комитеттің барлық іс жүзіндегі басшылығы партия Орталық
Комитетінің
бағыты мен нұсқауларын м е й л і н ш е д ұ р ы с жүргізгеніне
мен
кəміл сенімдімін. Бірақ, сонымен бірге біз жергілікті орындар жіберген
қателіктер
үшін жауапкершілікті өлкелік комитеттің мойнынан алып
тастамаймыз
”.
Партиялық
логика өзгермеді: орталықтікі қашанда дұрыс, ал жергілікті
орындар
кейде қателеседі.
Голощекин
баяндамасының басында: “Көшпенді ауылдарда
коллективтендірудің
ешқандай алғышарттарының болмағандығы, біздің
күштеріміз
арқылы м ү л д е дайындалмағандығы əлде факт емес пе?” —
деді
. Яғни, партиялық қисынға сəйкес, ұжымдастыру үшін алғышарттың да,
азаздаған
дайындықтың да қажеттілігі болмады. Тек қана па р т и я б а ғ ы т
ы
қажет болды.
* * *
Ресми
тарихшылар күні бүгінге дейін ұжымдастырудың алғашқы
толқынында
болған асыра сілтеулерді суреттей отырып, 1930 жылғы
Жетінші
партконференцияда жасаған баяндамасында Голощекин көрсеткен
деректер
мен мəліметтерді пайдаланады.
Өлкелік
комитеттің бірінші хатшысының куəлік етуі бойынша, орташа
“кеңінен” жəбір көрген. Қаншалықты кеңінен екеніне “түзету цифрларына”
қарап
көз жеткізуге болады. 9533 орташа шаруашылыққа мүлкі қайтарылып
берілді
, 4073 орташа Еңбекпен түзеу үйінен босатылды, 1618 адамның
сайлау
құқығы қалпына келтірілді, жер аударылудан 1160 орташа қайта
оралды
.
Неге
екені белгісіз, осы уақытқа дейін нақты цифрлар: қанша адамның
тұтқындалғаны
, қаншасының жер аударылғаны, қаншасының атылғаны
жасырын
ұсталып келеді.
“Кулакшылбайшыл” шаруашылықтар, А.Тұрсынбаев “Қазақ ауылы: үш
революция
кезеңінде” (“Казахский аул в трех революциях”) атты кітабында
жазғанындай
, 1930 жылы үш санатқа бөлінген: алғашқылары Қазақстаннан
сырт
жерлерге қоныстанған, екіншілері округтен тысқары, үшіншілері
аудан
сыртына орналасты. Осы кітап басылып шыққан 1967 жылы, мысалы,
бірінші
санатқа немесе контрреволюциялық активке жатқызылған кулактар
мен
байлар, КСРО ОАТКОМ мен Халком кеңесінің 1930 жылдың 4
ақпанындағы
нұсқауына сəйкес дереу оқшауландырылуға немесе атылуға
тиіс
болғаны, ал олардың отбасы алыс аудандарға қоныс аударылғаны
туралы
қалай да еске алғысы келмеген. Тəркілеудің бірінші санатына 60
мың
шаруашылықты енгізу туралы бүкілодақтық жоспар болды. Сол
жоспар
бойынша, екінші санатқа енетін 150 мың “бай кулактар”
шаруашылығы
өлкеден тысқары алыс орындарға жер аударылуға тиіс
болды
. Жəне ақырында, нұсқау үшінші санатқа отағасылары отбасымен
бірге
ұжымшардан тыс жерлерге көшірілуге тиіс болған 800 мың шағын
шаруашылықтарды
жатқызды. Кулактардың құйыршығы делінген 1
миллион
отбасын тəркілеу туралы бұл ж о с п а р д а айтылған жоқ: тап
жауларының
бұл жаңа сана ты басқаның игілігін иеленушілердің ж е к е
“іскерлігі” нəтижесінде пайда болды.
Партия
тəркілеудің жоспарын да оны асыра орындау үшін берді. “1930
жылдың
өзіндеақ “жоспарланғаннан” əлдеқайда көп кулактар тұтқындалды,
атылды
немесе елдің солтүстік аудандарына жер аударылды, — деп жазады
Рой
Медведев. — 1931 жылы қуғынсүргінді одан да кеңінен жүргізді...
Барлық
ықтималдықтарды ескергенде, “тəркіленгендердің” жалпы саны 1
миллион
отбасына жетеді, ал мұның шамамен жартысы елдің солтүстік
жəне
шығыс аудандарына жер аударылды”.
Бұл
автор баға берудегі сақтығымен белгілі, сондықтан ол келтірген
деректер
де кемімен көрсетілуі əбден ықтимал.
Үзінді
келтіруді жалғастырайық.
“Көптеген облыстар мен аудандарда, өкіметтің жұдырығы əртүрлі
себептермен
колхозға енуден бас тартқан “əлсіз” орташаларға, кедейлерге,
тіпті
əуелі батырақтарға да тиді, оларды ыңғайлылық үшін “кулактардың
құйыршығы
” деп атады.
Тəркіленген
кулактарды бүкіл отбасымен жер аудару туралы қатаң
нұсқаудың
берілуі, бірінші кезекте, мемлекеттің 1930—1931 жылдары
құрылған
ұжымшарларға көмектесу үшін қажетті материалдық жəне
қаржылық
қорының болмауына байланысты болды. Сондықтан
ұжымшарларға
іс жүзінде кулак шаруашылығының барлық мүлкін беруге
шешім
шығарылды. 1930 жылдың мамырына дейінақ ұжымшарлардың
жартысында
кулак мүлкі бөлінбейтін қордың 34 пайызын құрады. Сөйтіп,
коллективтендіруді
шапшаңдату тəркілеудің барынша қатал əдістерін
қолдануға
итермеледі. От жағылмаған суық вагондармен жүздеген мың
еркектер
, əйелдер, қарттар мен балалар Шығысқа, Уралдың, Қазақстанның,
Сібірдің
алыс аудандарына жөнелтілді. Олардан мыңдаған адамдар
жолжөнекей
аштықтан, суықтан, аурудан көз жұмды.
Уралдағы
, Сібірдегі, Қазақстандағы жəне КСРОның еуропалық бөлігінің
солтүстікшығысындағы
мыңдаған арнаулы “кулак” елдімекендері
орналасқан
аз қоныстанған аудандарда алғашқы жылдары көптеген
бұрынғы
кулактар мен олардың отбасы мүшелері опат болды. Жер
аударылғандардың
жағдайы тек 1942 жылы, арнаулы қоныстардан жастарды
армияға
шақырған кезде ғана өзгерді. Соғыстың соңына қарай мұндағы
комендатура
жойылып, бұрынғы арнаулы мекен тұрғындары салыстырмалы
түрде
орын ауыстыру бостандығына ие болды”.
Голощекиннің
Қазақстанда нені былықтырғаны нақпанақ белгілі емес, бірақ
“түзету цифрлары” бойынша ғана ондаған мың адамның қуғынсүргінге
ұшырағанын
болжамдауға болады. Жетінші конференцияда Филипп
Исаевич
: “1929 жылдың 17 желтоқсанындағы жаппай ортақтастыру туралы
қарарды
жүзеге асырмағанда дұрыс болатын еді, əйтпесе, оны көрдіңіз бе,
жергілікті
орындарда нұсқау ретінде түсінген деп”, — өзіне сын айтқан
сыңай
танытты.
“Бұл қарарда, өлкелік комитеттің бүкіл қызметіне қарамастан жəне оған
қарамақарсы
, біз өз шаруашылықтарымыздың барша алуантүрлілігін,
деревня
мен ауылдың айырмашылығын, Қазақстанның ерекшеліктерін
ұмытқанбыз
.
Кінə
əлі де бар, біздің округтік басшыларымызға ықпал етуі мүмкін кінə...
қаңтар
айында: “Осымен байланысты, бүкіл Қазақстан бойынша
кулактарды
, əсіресе жаппай ұжымдастыру округтерінде тұрған
орындарынан
көшіруді дереу іске асыру міндеті қойылады” деген
жеделхаттық
нұсқау болды.
Бұл
нұсқау 3 немесе 4 күннен кейін алынып тасталды, бірақ бас айналу
бəрібір
болды, кулактарды коллективтендіруге байланысты емес
себептермен
жою туралы қате көңіл күйлер орын алды... Мұнда өлкелік
комитеттің
бастапқы бағдары 50 — 60 ауданға жуық болды. Бұл да 34
күннен
кейін алынып тасталды (кейін тек 16 аудан ғана бекітілді), алайда
округтік
басшыларға бұл қателіктер біраз уақытқа дейін ықпал ете алды”.
Голощекин
“орташаны кулак есебіне жаппай енгізудің” кінəсін қайтақайта
округтік
жəне аудандық комитеттердің мойнына ілуге тырысты. Əйтсе де,
бір
қызығы, ол: “Кулакты тап ретінде жою “практикасындағы” партия
бағытын
бұрмалаудың ең үлкен көрінісі “кулак отбасы мен оның
балаларына
оларды тамақтандыруға алған орташалардың жəне тіпті
кедейлердің
де жанашырлығын туғызатын жағдайдың болуы: кулак
шаруашылығынан
киім мен үй керекжарақтарының қажеттілерін алып
қоюда
жəне оларды толығымен азықтүліксіз қалдыруда болды” — деді.
Басқа
— басқа, ал бұл жағдай оның шымбайына қатты батып, шындап
түршіктірді
! Енді қалай, бұл жерде олар абстракт адамдарға емес, тірі
адамдарға
іш тартып, жанашырлық көрсетті ғой.
Елде
аса үлкен ауқымды қайта қоныстану жүріп жатты. Қырқыншы
жылдары
Сталин жүргізген “кіші” халықтарды жер аударудан көп бұрын
орыс
жəне украин шаруалар қауымының таңдаулы бөлігін, шын мəнінде
орыс
пен украин халқын тундраға, Солтүстік пен Сібірдің батпағына,
Қазақстанның
елсіз шөл далаларына жер аударды; қазақтарды, елдегі
таңдаулы
малшыларды əртүрлі жолдармен туған өлкесінен шетелдерге қуды
немесе
өздерінің ұланбайтақ республикасының ішінде мыңдаған
шақырымға
көшіріп тастады.
Көшірді
, жер аударды, қайта қоныстандырды... Осылардың бəрінде қандай
да
бір экономикалық қана емес, саяси да мағына жасырынып жатты. Егер
қазір
Кеңес өкіметі жылдарында ел ішінде болған ұлттар мен халықтардың
бұрынғы
жəне жаңа, үлкен жəне шағын орын ауыстыруларын жадымызға
қайта
оралтып, ой жіберіп қарайтын болсақ, онда бірдебір халық өзінің
туған
жерін де — туған селосында, туған ауылында, туған үйінде байырғы
табиғи
рухани жəне тарихи болмысымен өмір сүрмеуі үшін ғана оларды
əлдебір
бірыңғай сұрқай, түссіз ұнтақ езіндісіне салып, біріменбірін
мақсатты
жəне жүйелі түрде қалай араластырғанын түсіне бастайсыз.
Осылайша
жанды “адам материалынан” табиғи, тамырлы, ерекшенің бəрін
кесіп
тастау арқылы нұрлы болашақ конструкторлары с о в е т а д а м ы н
жасап
шығарды.
* * *
“Ұлы бетбұрыс” басталған сол кездің қарсаңында қазақ елінің төрттен үш
бөлігі
жайылымдық көшпенді мал шаруашылығымен айналысты.
Республиканың
119 əкімшілік ауданының 9ы көшпенді, 85і жартылай
көшпенді
болды. 1929 жылдың желтоқсанындағы өлкелік комитеттің
бесінші
пленумында Голощекин көшпенділердің шаруашылықтарын 100
пайыз
ұжымдастыру негізінде, оларды отырықтандыруды тездету туралы
мүлде
жөнсіз жабайы шешімінде табандап тұрып алған кездің өзінде,
отырықшылық
өмірге жоспарлы түрде өту басталып кеткенімен, бірақ
үлкен
қиындықтармен баяу жүрді. Яғни, былайша айтқанда, қазақтардың
барлық
малын ортақтастырып, оны “отырықшылық нүктесіне” айдап əкелді
жəне
қаласынқаламасын, олар сонда өмір сүруге тиіс болды.
“Қайда?” деген сұрақ туады. Ешқайда — тақыр жерден басқа, бұл “нүктеде”
ештеңе
болған жоқ, бұл кезде тек дұрыс елді мекендер салуға нұсқау ғана
берілді
. Филипп Исаевич көшпенділер колхоз бола алмайды, демек,
ұжымдастыру
қарқыны бойынша, елдің “алдыңғы қатарлы” аудандарынан
қалыспау
үшін барлық малды тездетіп ортақтастыру керек деген ойда
болды
. Оның үстіне, екпінді қарқынның ызғырығы нағыз шыңылтыр аязды
айлардың
үскірігімен бірге келіп қабаттаса соқты жəне жаңа
“отырықшылық нүктелерінде” малға беретін жемшөп болмады (кенеттен
жауған
қарға ұқсап, аяғы аспаннан салбырап түсе қалған бұл жедел
қарқынды
отырықшылықтың бола қалары кімнің түсіне кірді дейсіз), көп
ұзамай
мал қырыла бастады.
Кейінірек
О.Исаев жетекшілік еткен Халком кеңесінің комиссиясы мал басы
1930 жылы 30 пайызға немесе ұзын саны бойынша 10 миллион бас малға
кеміді
деген қорытындыға келді, алайда бұл шынында осылай ма? 1933
жылы
өткен өлкелік комитеттің алтыншы пленумында Мемлекеттік
жоспарлау
қызметкері Нұрмұхамедов: “1930 жылғы баспабас санақ
бойынша
Қаржы халкомы 20 миллион деген цифр берді, ал жолдас Исаев 30
миллионды
бекітті... жолдас Исаевтың бұл түзетуі қазір біз бастан кешіп
отырған
апатты жағдай үшін аз рөл ойнаған жоқ”, — деп басшылықты қос
есептілік
үшін тікелей кінəлады. Яғни, ет дайындау жөніндегі жоспарды,
нағыз
аштық жылдарының өзінде, мал басының шынайы санымен (20 млн)
емес
, жалған санмен (30 млн) есептеген... Демек, ұжымдастырудың бірінші
толқынындаақ
мал басы, басшылықтан жасыруға тырысқандарына
қарамастан
, тең жарымына кеміген! Тіпті соғыстың өзі де мұндай күтпеген
шұғыл
күйзеліс əкелген жоқ...
Құлақ
естіп, көз көрмеген мұндай шығын, əйтсе де Голощекинді именткен
де
, абыржытқан да жоқ. Жетінші конференцияда (маусым, 1930 жыл) ол
былай
деді:
“Мұны немен түсіндіруге болады? Кейбір ұлтшылдар мұны өлкелік комитет
саясатының
салдары дейді; кейбіреулер оларды қалай атауды білмеймін...
Залдағы
орыннан дауыс: “Кулакшыл əн бастаушы!”
— ...Олар: “Мұның себебі — сіздің астық дайындау жоспарыңыз”, — дейді.
Бұл
дұрыс емес: өйткені табындардың азаюы — бүкілодақтық құбылыс...”
Əрине
, кінəнің негізгі бөлігін баяндамашы, “жерді құртып жіберу қолынан
келмеген
соң, егісті азайтып, малды жыртқыштықпен сойып жатқан” кулак
пен
байға артты. Сонымен бірге, шығын болған мал табынының 10—15 %ын
Голощекин
“өрескел қисаюлар мен қателіктердің” есебіне жатқызды.
Қалай
болғанда да бұрынғы уақытта, жаппай ұжымдастыру мен жедел
отырықтандыруға
дейінгі кезде, кулактар, байлар мен орташалар өздерінің
жеке
малдарына пышақ ала жүгірмеген... Дегенмен союға үлгергендері де
жақсы
: ең болмаса ет жейді, бəрібір қатты аязда жемшөпсіз, қараусыз тұрған
мал
тұралап, қырылуы сөзсіз.
Тек
халық толқуларынан кейін ғана, Сталин ұжымшардан өз еркімен
шығуға
рұқсат берісіменақ, бір ай ішінде Қазақстандағы ұжымдасу деңгейі
51ден 32 пайызға бірден түсті, ал кейбір аудандарда жəне Қарқаралы
округінде
тіпті ұжымшар қалған да жоқ.
Мыңдаған
таңдаулы малшылар мен егіншілер қайыршыланып, мүсəпірлікке
түсірілді
, көптеген адамдар өлтірілді, 40 миллиондық табыннан санаулы
айлардан
кейін жарымжартылай ғана қалды, ал өлкелік комитеттің бірінші
хатшысы
Жетінші партия конференциясының делегаттарын “аса ірі
табыстарға
” сендірді:
“Бізді бұл табыстар тоқмейілсітіп, жұбата ала ма? Ешбір жағдайда да...
Социалистік
құрылыс міндеттері тұрғысынан олар əлі жеткіліксіз,
бұқараның
əлауқатын көтеру тұрғысынан да олар жеткілікті емес... Біз
бұқараны
Ленин айтқандай, онда енді “коммуна басталатындай”
социалистік
санаға дейін көтерген жоқпыз”.
Голощекин
тек бір ғана қауіпті көрді: қайткенде жергілікті жерде асыра
сілтеуден
қорықпасқа жəне аузы күйгендер үріп ішпеске, қайткенде байлар
мен
кулактар жойылды деп шешпеске? “Осы қауіппен, — деп ақыл айтты
ол
, — біз күрсеуге тиіспіз... Біздің алдымызда əлі арпалыстар тұр”.
Осыдан
кейін “Большевиктік жұмыстың бес жылы” деген шартты атаумен
шағын
, əрине, большевиктік көрініс ойналды.
“ЖОЛДАС ГОЛОЩЕКИНДІ ҚҰТТЫҚТАУ
Сайлау
аяқталған соң... жолд. Исаев сөз алды:
— Мен бір топ жолдастардың өкілеттігі бойынша сөйлеймін... Голощекин
жолдастың
біздің партия ұйымымызды большевиктендіру ісінің,
интернационалдық
тəрбие беру жəне нағыз марксшіл кадрларды өсіріп
шығару
ісінің жетекшісі ретіндегі аса зор еңбегі ешқандай күдік
тудырмайды
жəне оны жоққа шығаруға болмайды (қол шапалақтаулар).
Жолдас
Голощекиннің сіңірген еңбегін атап өте келіп, VІІ партконференция
ұсыныс
етеді:
— Қазақстанның 10 жылдығына орай жолдас Голощекиннің барлық
еңбектері
орыс жəне қазақ тілдерінде басып шығарылсын (қол
шапалақтаулар
);
— Алматы қаласында ұйымдастырылатын коммунистік университетке
“Жолдас Голощекин атындағы Қазақ коммунистік университеті” деген атау
берілсін
(қол шапалақтаулар).
Барлық
ұсыныстар, əрине, бірауыздан қабылданды.
Одан
əрі жолдас Голощекиннің жауап сөзі жалғасты:
— Жолдастар, біз өз жұмысымызды аяқтадық. Біздің өзіміз қабылдаған
шешімдерге
назарымызды шоғырландырғанымыз... жөн болар еді. Бірақ
сіздер
мені шынайы жолдан шығарып əкетіп, өздеріңіздің маған көрсеткен
құрметтеріңіз
туралы сөйлеуге мəжбүр еттіңіздер. Ондай құрметке еңбек
сіңірілді
ме?
Біздің
бəріміз партия солдатымыз... жəне біздің əрқайсымыз өзімізге партия
тапсырған
істі атқарамыз... Бұл құрмет көрсетуден келер екі қауіп бар:
бірінші
... бас айналудан қандай нашар нəрселер шығатыны сіздерге
бұрыннан
белгілі. Ал егер сіздер көрсеткен құрмет менің басымды
айналдырып
, мен өзімді, міне, қандай үлкен көсеммін деп ойлап қалсам не
болады
?..
Залдағы
орыннан дауыс: “Сіздің басыңыз айналмайды. Сіз бұған
лайықсыз
!”
— Екінші қауіп: ... егер мен мұнда тағы да 5 жыл қалсам жəне сіздерге бұған
шыдауға
тура келсе ше? (Ду қол шапалақтау.) Ойланып көріңіздер,
жолдастар
, сіздер кейін мені тақтан тайдырып жүрмеулеріңіз үшін. Біздің
əрқайсымыз
қолымыздан келгенді істейміз...
ХІІІ
Ұжымдастырудың
екінші толқыны қарсаңында балаларға қамқор көзбен
қарайтын
ересек ағалар пионер слетіне ұрандар мен үндеулер ойлап
шығарды
. Естияр газеттер бұл шақыруларды шын көңілмен жариялады:
— Барлық батырақ балаларын отрядқа тартайық!
— Пионерлердің қас жауы бай мен кулакқа қарғыс айтайық!
— Жасымыздан советшіл болып өсеміз!
— Қалдықтары өткеннің экраннан жоғалсын, егер балалар бұзық болмасын
десеңіз
!
— Қатарымызды бұзуға жол бермейміз, Парасатты сөзден басқаға ермейміз.
— Ғасырлық езгі жойылсын деп əндетеміз, Анамызды асүй тұтқынынан азат
етеміз
.
— Айтшы бауырым, шын болса дұрыс жолға түскенің,
Батырақ
баласына қандай жақсылық істедің?
— Астықты молайт сен өстіп, Əкеңді колхозға кел ертіп!
— Пионерлік орта бізге дем берсін,
Ұлт
араздығына орын жоғын ел көрсін.
— Пионерлер, астық шықпай қаладыау деп қорықпа:
Колхоз
байлығы үшін аттанамыз біздер жорыққа!
...Үш жылдан кейін Голощекинді Мəскеуге шақырып алды, оның орнына
Мирзоян
келді.
Ересек
ағалар Алматыға жиналып, Алтыншы пленумда сөз сөйледі.
Деревня
мен ауылдағы күйзеліс туралы, болып көрмеген мал өлімі жөнінде
айтты
. Екі жылдық аштық туралы үндемеді (мұны айту олардың өздеріне
керек
болған жоқ қой!). Төрт жасқа дейінгі барлық балалардың аштықтан
өлгені
туралы үндемеді. Қазақтың қақ жартысына жуығының қырылып
қалғанын
да айтпады. Бұл туралы айтуға рұқсат берілмеді. Жалпы алғанда,
бұдан
басқа да қамқарекеттері жеткілікті болды: өкінді, ақталды, бірінбірі
сынады
. Бұдан былай ешқашан да мұндай қателік жасамауға уəде берісті.
Пленумды
“тарихи” деп атады.
Ақыр
аяғында бір депутат ұстамсыздық танытты. Тек біреуі ғана. Ол:
“Бəріміз мал басының азайғанын айтып жатырмыз... Бірақ өндіргіш
күштердің
негізгі элементі адам екенін жиі ұмытамыз. Кейбір аудандардың
тұрғындары
өте ауыр жағдайды бастан кешуде... Бізде, Қазақстанда, 80
000ға дейін қараусыз қалған балалар бар”, — деп салды. Міне, осылай деді.
Көрініп
тұрғанындай, өз сөзінің заңсыз екенін, ол сөздерде мемлекеттік
қастандық
болып саналатын тыйым салынған құрамның бар екендігін
жақсы
сезіне тұрып айтты. Сондықтан да сөзінің салмағын арттыру үшін
тіпті
а д а м д ы өндіргіш күштердің негізгі э л е м е н т і деп атады. Өйткені
адам
өзіненөзі ештеме де емес, ал мына өндіргіш күштердің элементі
ретінде
ол əлі белгілі бір мəнге ие. Дегенмен, қалай болған күнде де адам
туралы
, балалар жөнінде айтпай, үнсіз қалуға сөйлеушінің дəті жетпеген
секілді
. Бəлкім, дəл солар туралы, жуырда слетке байланысты
үгітнасихаттық
мақсаттағы ұрандармен бастарын қатырған сол бір
қаңғыбастар
жайында айтқан болар. Бұл — Мемлекеттік жоспарлаудағы
Нұрмұхамедов
еді.
Оған
қол соқпады. Сөзіне қолдау көрсеткен жоқ. Үнсіз қалды. Бейне бір
оның
сөйлегенін байқамай қалған сияқтанды. Үнсіздік мінберге Орал
обкомының
хатшысы Пинхасик көтерілгенге дейін созылды (көп ұзамай ол
өлкелік
комитеттің хатшысы болып сайланды). Одесса қаласында
туыпөскен
Гдалий Исакович Пинхасик жиырма бір жасында партияға өтті
жəне
сол 1918 жылы Забайкальск трибуналының прокуроры болды, 1919—
1921 жылдары Омбы қаласындағы ЧК (Төтенше комиссия) қызметкері жəне
Қиыр
шығыс республикасында ЧК бастығының орынбасары болып істеді.
Жас
кезіненақ қолы шынтағына дейін қанға боялғанға ұқсайды (Сібірде
чекистер
ерекше қатал айуандық əрекеттер жасаған).
Міне
, сол енді, Нұрмұхамедовті қатал сынға алып сөкті:
“...Мал шаруашылығы, — дейді жолдас Нұрмұхамедов, — басты мəселе
емес
. Нұрмұхамедовше, бастысы сол: оның айтуынша, Қазақстанда 80 мың
қараусыз
қалғандар бар, олардың түрлері адам шошырлық, тіпті
бетжүздеріне
тіктеп қараудың өзі қиын. Менің ойымша, мұндай
медициналық
көзқараспен пленум келісе алмайды. Біздер саясаткерлерміз
жəне
бұл секілді буржуазиялық филантропиялық (мейірбандық — ауд.)
дүниетанымда
тұра алмаймыз”, — деді ол.
Əрине
, балалары бір үзім нан іздеп көше кезіп жүрмеген, қайта, партиялық
бөліс
бойынша алған үлестерімен тоя тамақтанған, сондықтан да аштықтан
өлген
жүздеген мың адамдар туралы бір ауыз да сөз айтуға жарамаған
пленум
делегаттарының ешқайсысы да Гдалий Исакович Пинхасиктің сөзін
бөлмегені
айтпаса да түсінікті.
Керісінше
Нұрмұхамедов кешірім сұрады: “...Мен көшіп кеткендердің
(босып кеткендердің деген мағынада — ауд.) күйзелісті жағдайы туралы
асыра
айтып, артық тəптіштеп жібердім. Бұл жолдастардың мен туралы
жағдайды
филантропиялықфотографиялық тұрғыдан суреттеді деп
қорытынды
шығаруына себеп болды. Бұл тұрғыдан мен жолдас
Пинхасиктің
ескертпелерін қабылдаймын. Бірақ мен мұны пленумның
назарын
көшіп кетудің салдарымен күреске тереңірек аудару үшін
айтқанымды
мəлімдегім келеді...” — деді ол.
1922 жылы елде 7 миллион қараусыз қалған балалар немесе бəлкім басқа бір
саясаткердің
— Николай Иванович Бухариннің берген анықтамасында
айтылуы
мүмкін екеніндей, қараусыз (иесіз — ауд.) қалған адамматериал
болды
. Бұл баспанасыздардың көпшілігі шаруа балалары еді: 30жылдар
ұжымдастыруы
мұндай қанша жетім қалдырғаны ешкімге де белгілі емес.
Ал
бірақ ол өзінің барлық талқандаушылық күшінің жойқын қара тасқыны
жөнінен
азамат соғысы мен əскери коммунизмнен де асып түсті...
* * *
Бұрынғы
əдетімен, “ұлы бетбұрыс” жылы өлкелік комитет ұжымдастыру
қарқынын
барынша күшейте түсті. Пайызды тағы да ай сайын есептеп,
термометрдің
бағаны тəрізді жоғары көтере берді. Шаруашылық безгек
қысқандай
болып күйіп кетті, ал Голощекин мен оның қолшоқпарларына
көрсеткіштер
əлі де төмен секілді болып көрінді.
— Қарқын бəрін шешеді!
— Коллективтендіруқарқынымүлде жеткіліксіз!
— Колхоз қозғалысының толқынын жоғары көтерейік!
1931 жылдың басындағы газет тақырыптары осындай болды.
Маусым
айына қарай Қазақстан 55 пайызға — алғашқы асып төгілген
толқыннан
да артық ұжымдастырылды. Оның есесіне, енді асыра сілтеуден
де
қорқуды қойды.
Халком
кеңесінің төрағасы О.Исаев соңғы екі жылда “мал басының үздіксіз
кемуі
” жүріп жатқаны жөнінде дабыл көтергендей болып айтты, бірақ,
əрине
, бұдан мал шаруашылығын табысты түрде дамытудың бір ғана жолы
бар
, бұл — коллективтендіру деген қорытынды шығарды.
Мал
саны кемінде жартысына, 20 миллион басқа дейін азайды, бірақ
Халком
кеңесі өз есептерінде 30 миллион бас мал қалды деп көрсетіп,
шындықты
жасырды жəне ет өткізуді осы цифрға сүйеніп есептеді. Жоғары
қарқында
, шамадан тыс міндет артушылық малшылар шаруашылығының
талқандалуын
аяғына жеткізді.
Мұны
, əрине, жақсы білетін Голощекин қандай құрбандықпен болса да
жоспардың
орындалуын табандап талап етті.
“Біз... мал шаруашылығының міндеттері дəл сол егін
шаруашылығындағыдай
болып шешілетін болуы үшін ұйымдастыру
жұмыстарын
ең қатал да бекем түрде солай қарай бұруға тиіспіз (өлкелік
комитеттің
мұны істей алғандығына жəне істей алатынына мен куəлік бере
аламын
)”, — деді ол 1931 жылдың 16 тамызындағы Алматы қалалық үшінші
конференцияда
.
Жабдықтау
халкомының қызметкері Зейнолла Төреғожин: “Егер алдағы
уақытта
да осылай бола беретін болса, онда республикада 1932 жылы... 275
мың
бас мал қалады” деген көрегендік айтып, оған қарсылық білдіруге
батылдық
етті.
Төреғожинға
қандай ат қойып, атақ таңбады деріңіз бар ма! Жалақор...
өсекшіөтірікші
... оппортунист... социализм мен индустрияландырудың қас
жауы
... қыңсылаған жылауық... ұлтшыл... деп, ит терісін басына қаптады.
Дайындаушылар
мүмкін болғанның бəрін алып бітті. Торғайда уəкілдер
“Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” (“Перегибов не делать,
парнокопытных
не оставлять”) деген ұран астында жұмыс істеді. Кімдекім
заңсыздыққа
қарсы наразылық білдіруге тырысса, оны дереу тұқындады
немесе
түрмемен қорқытты. Жəне “Социализм кезінде бірдебір сотталмаған
адам
қалмайды” деп түсіндірді.
Өмірінде
егін егіп көрмеген аудандарда адамдарды малдарын түкке алғысыз
болмашы
бағамен астыққа айырбастауға мəжбүрлеп, ол астықты қолмақол
тартып
алып отырды. Ұранның сиқы: “Қайдан болса да табасың, қаптың
түбін
қағасың” (“Откуда хочешь возьми, дно мешка вытряхни”) болды.
Өлкелік
комитеттің 1931 жылғы Ақпан пленумы уəкілдерді барлық
“тауарөнімді мал табындарын” ортақтастыруға бағыттады. Пленум бұл істе
“ауыл ерекшеліктерімен” бүркемеленуге болмайды деп көрсетті. Торғайлық
белсенділер
“Барлық мал қоғамдық қордан сыртқары болмасын, қотыр лақ
қолда
қалмасын” (“Весь скот обобществить, не оставляя ни одного
паршивого
козленка в индивидуальном пользовании”) деген айқын
нұсқауды
басшылыққа алды.
Тек
сабақты жіпке дейін талап, тонап қана қойған жоқ, сонымен қатар бұл
ретте
“колхозшыны ұсақ жекеменшікшіл психологиядан арылту
мақсатында
, бір колхоздың малын басқа əкімшілік ауылдың колхозына
беруге
” тəрбиеледі.
Осылардың
бəрінің үстіне, қатардағы ұжымшар мүшелерінен əлдебір аудан
бастығының
автокөлігі үшін басшылыққа арнап үйлер салуға жəне т.б.
сылтаулармен
ауыр алымсалық алуды ұйымдастырды.
* * *
Шамадан
тыс дайындау жоспарына тұрғындардың болмашы
наразылығының
өзі Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліс есебінде қабылданды.
Жəне
мұндай “көтерілістер” қандай да бір аққарасын айырусызақ, қатал
түрде
басыпжанышталды. Осындай көптеген қатардағы оқиғалардың бірі
Қарағанды
облысының Шет ауданында болған “толқу” еді.
1931 жылы онда 80 мың бас мал болды, ал дайындау жоспары 120 мың
басқа
түсті. Алғашында “мал басының саны бойынша” салынған жоспармен
қаққылады
, тұрғындар ең соңғы сауын сиырын беріп тынды (көптеген
адамдардың
қойларын бұған дейінақ сыпырып алған болатын). Ауқаттырақ
тұратын
жергілікті бастықтар үлкен сиырларын өздерінде қалдырып,
мемлекетке
тайыншаторпақтарын өткізді. Көп ұзамай жоғарғы жақ бұл
қулықты
біліп қойды да, енді жоспарды тоннамен түсірді. Онсыз да
тақыртаза
тоналып біткен кедейлер “қосымша салықтың” қыспағына түсті:
жоспарды
олардан басқа кім орындаушы еді?
Міне
, осы кезде толқулар басталды. Оның үстіне, оларды, негізінен, өзінің
жеке
мақсатын ойлап, №15 ауыл кеңесінің төрағасы Иса Бабжанов айдап
салды
. Жаңа өкімет тəрбиелеп өсірген бұл елірген озбыр жерлестерін
сыпыра
үптеп, өзіне ұнамағандарға шамадан тыс салық салды, тұтқындау,
ату
қоқанлоқысымен əйелдерді күңдікке салды т.с.с. Оның шектен шыққан
озбырлығына
бұрынғы ауыл кеңес төрағасы қарсылық білдірген кезде,
партия
мүшесі əрі кеңес өкіметінің өкілі ретінде өзі шақырған чекистік
топтың
қолдауы мен көмегіне бірінші кезекте ие болатынын білген
Бабжанов
толқу “ұйымдастырды”. Солай болды да.
Аудан
орталығы АқсуАюлыдан жəне Қарқаралыдан екі коммунистік топ
жедел
келіп жетті.
19 қарусыз адамдарды — “бүлікшілерді” атты. Оның үстіне, өзінің жеке
жауын
— бұрынғы ауыл кеңес төрағасын, оның əкесі мен бауырын
Бабжанов
өз қолымен атып өлтірді, ал əйелін зорлады. (Одан соң əйелді
жарақаттап
, емшегін кесіп алды да, күйеуінің денесінің үстіне өлім халінде
лақтырып
тастады). Ауданның партиякомсомол белсенділерінің өкілдерінен
құралған
жазалаушылар, басқаларға сабақ болу үшін, мəйіттерді көмуге
тыйым
салды. “Көтерілісшілерді” салық төлегісі келмейді, малдарын
жасырады
деген айып тағып, көршілес ауылдарда да атты.
Бүркітті
елдімекенінде де чекистер алты адамды турап өлтірді, “мəйіттер
жинап
алынған жоқ”. Абыралы ауданында “бандиттер” үш фельдъегерьді
(ерекше маңызды, көбінше құпия құжаттарды жеткізуші əскери немесе
үкіметтік
шабарман — ауд.) ұстап алды деген сылтаумен өш алу үшін
чекистер
тобы “ауылда қалған əйелдер (кемпірлер) мен балалардан құралған
барлық
тұрғындарды жинап, сапқа тұрғызды да, түгелдей пулеметпен атып
өлтірді
”. Басқа жерлерде де дəл осылайша əрекет етіп, көп ұзамай бұл үшін
топ
командирлері атаулы бесатарлармен марапатталды.
Кейіннен
бұл іспен Қарағанды ОГПУінің жедел тергеу секторы айналысқан
кезде
анықталған материалда: “Шет ауданында қарулы көтеріліс болған
жоқ
. Жекелеген қарусыз қарсылықтар орын алған... Шет ауданының
аумағында
құрылған, əрекет еткен қарулы банда сəуірде болған жоқ...” деп
көрсетілді
. Жəне одан əрі: “Шет аудандық ОГПУ мен аудандық партия
ұйымының
жекелеген қызметкерлерінің Шет ауданының əртүрлі
ауылдарында
тұтқындалған 38 қарусыз азаматын өз бетімен заңсыз атып
өлтіру
əрекеті Сычевтің (ОГПУ аудандық бөлімінің бастығы) кінəсінен
болды
...” делінген.
Сычев
тергеуде оған осылай істеуге бұйрық берген — өзінің
бағыныштыларын
шамамен: “Тұтқындалған байлардың саны сіздерді
ешқандай
жағдайда да шіміріктіруге тиіс емес... Қайталаймын, сіздер қазір
мейлінше
қатал, мейірімсіз бағытты ұстануға тиіссіздер” деген түрдегі
нұсқаулармен
“бомбалаушы” Семей ОГПУі жедел тергеу бөлімінің бастығы
Бак
екенін айтып ақталды.
“Мейірімсіз бағытты” (“Зверскую линию”)... Таныс сөз. Атап айтқанда, дəл
осы
тіркесті сол жылы Голощекин жиі қолданды. “Жергілікті орындарға”
жолдаған
құпия жеделхаттарында ол “дайындаудағы масқара
арттақалушылықты
жою” үшін “мейірімсіз қатал қысым көрсетуді” талап
етті
...
Ал
бұл “мейірімсіз қатал қысымның” дала өлкесіндегі сотсыз жəне
тергеусіз
атылып, кескіленген құрбандары, бəлкім, чекистік есеп берулерде
қазіргі
кезге дейін ұжымшар құрылысына қарсы көтерілген “бандиттер”
мен
“контрреволюционерлер” ретінде аталатын болуы мүмкін...
* * *
Қыр
елінің шаруашылығы талқандалды, қазақтар басқа өлкелерге жүз
мыңдап
ауа көшіп жатты. Ұжымшардан аулағырақ жақтарға қаша бастады...
Мемлекеттік
жоспарлаудың мəліметтері бойынша, 1930 жылы 121,2 мың
адам
, ал 1931 жылы 1 миллион 74 мың адам тұрған жерлерінен түп қотарыла
көшкен
. Мұндай жағдай бұрынсоңды болмаған. Соған қарамастан
партаппаратшылар
өз бағыттарын жүргізуді жəне табысқа мақтануды
жалғастырды
.
1931 жылдың қазан айында өлкелік комитеттің екінші хатшысы Ізмұхан
Құрамысов
былай деді:
“...Біздің жекелеген коммунистердің, тіпті, белсенділердің Қазақстандағы
жағдай
жақсы емес, бейне бір қандай да кері кетудің белгілері бар, бейне бір
Қазақстанның
болашағы бұлдыр т.б. деп қынжылған болбырлығы екі есе
түсініксіз
, екі есе кешірімсіз. Бұл — еріккен адамның бос мылжыңы...
Əрине
, мал басының азаю жағдайы бар, бірақ оған кінəлі — бай. ...Кейде
байлар
мен кулактардың үгітіне ерген орташалар да үрейге беріліп, ол да
өзінің
малын шашыптөгеді”.
Құрамысов
өзінің баяндамасын барынша салтанатты сөздермен аяқтады:
“Біздер, ұлттық коммунистер, ұлы тарихи үрдіске қатысушылар
болғанымызды
, қазақ еңбекшілерінің биікке көтерілуіне тұғыр болған жаңа
құрылыстың
, жаңа іргетастың бір бұрандасы болғанымызды мақтан ете
аламыз
жəне оны мақтан етуге тиіспіз де. Біз патшалық тəртіптің барлық
шатысқан
лайықсыз мұраларын түбірімен қопарып, аулаққа лақтырып
тастау
əрекеттеріне қатысушы болдық. Мейлі, əртүрлі алашордалықтар өз
көз
жастарына булығып, жылана берсін... Мейлі, олар кеуделерін соғып,
“Мен қазақты сүйемін” деп айта берсін. Мейлі, Қазақстан мен қазақтар үшін
кімнің
көп жақсылық жасағанын советтік Қазақстанның өмір сүріп отырған
уақытындағы
нəтижелер мен еңбекші қазақтардың өзіақ айтсын”.
1931 жылдың соңына қарай республикада 65 пайыз шаруашылық
ұжымдастырылды
. Суық басталды. Бір жерге иірілген малға арналған
қорақопсы
болмады. Сиыр, қой, жылқылар аштық пен суықтан арам қатып
жатты
.
Бір
нəрсе түсініксіз — осы бір ұйымдастырылған берекесіздіктегі басым
жағдай
қайсысы еді: іске олақтық па, əлде парасатты ақылойды жəне
адамдарды
қорлау ма?
Жер
бетіндегінің бəрін сыпырыпсиырып əкетемін жəне өлім себемін деп
қорқытып
, үрей тудырған күйзелістің қара құйыны қыр төсінде қиғылық
салды
, ал Голощекинді егер бір нəрсе алаңдатқан болса, онда бұл —
орталықтан
келіп түскен не ана, не мына жоспарлы көрсеткіштердің
орындалмаған
жағдайы ғана болды. Оның сол кездегі айтқан сөздері
арсыздықтан
да асып түседі.
1930 жылдың күзінде Молотов оған Батыс Қазақстаннан жаппай көшудің
себептері
жөнінде сұрау салды.
— Байлардың тілегімен, тек сол ғана! — деп, бөтен біреудің кінəсін
айтқандай
болып жауап берді өлкелік комитеттің бірінші хатшысы.
1931 жылы, жүз мыңдаған қазақтар жыланша ирелеңдеп, жылжып келе
жатқан
апаттан қашуға мəжбүр болған кезде, Голощекин арсыздықпен жəне
жайбарақат
қана:
“Өзінің ауылынан тыс жерге ешқашан шығып көрмеген, өзінің көшіқон
жолын
білмеген қазақтар, — деп мəлімдеді, — енді Қазақстанның ішінде бір
ауданнан
екінші ауданға опоңай орын ауыстырады, орыс, украин
колхоздарына
барып қосылады, Приволжье мен Сібірдің шаруашылық
құрылыстарына
жұмысқа ауысады. Əрине, бұл ауысу шаруашылықты
өзгертеді
, тұрмысты өзгертеді, ескі тұрмысты талқандайды, ескі
шаруашылық
қирайды. Əрине, шығынсыз емес. Біреулер — ұлтшылдар
бұдан
мүлде көңілсіз жағдайларды, шаруашылықтың күйреуін көреді,
екіншілері
— “солшыл” сөзқұмарлар — бұдан тек бір ғана
контрреволюцияны
көреді... Негізінен, тұрмысты қайта құру жүріп жатыр”.
Қазақ
коммунистік университетінің жиналысында ол:
“Оппортунистер — тап жауларының ерікті немесе еріксіз агенттері, — деп
мəлімдеді
, — біз шаруашылықты кедейлендіріп, жұтатып жатырмыз деседі.
Бұл
айтылғандардың қандай шамшылдық пен зиянкестік екенін түсіну үшін
кез
келген колхозға, шаруашылыққа, колхозшыға көз салып қарап, оларды
тек
революцияға дейінгі кезеңмен ғана емес, сонымен қатар олардың
осыдан
23 жыл бұрын қандай болғанымен салыстырудың өзіақ жеткілікті
болған
болар еді. Деревняның жіктелуі жоқ екенін есте ұстау қажет: өткен
кездегі
помещиктік, кулактық капиталистік қанау тұсында, шынында да,
миллиондаған
адамдар қайыршылыққа түсті, аштықтың,
бағыныштылықтың
құрсауында болды, енді қазір мұның болуы мүмкін
емес
”.
Миллионнан
астам қазақтар өздерінің туған жерлерінен ауып кетті, босқан
елдің
жүріп өткен жолы мəйітпен төселді, ал Голощекин Алматы
партактивінде
:
“Егін шықпай қалған аудандардағы қуаңшылық оппортунизмнің өнімін
берді
(күлкі), — деп əзіл айтқансыды. — Адамдар қорқыныш пен үрейге бой
алдырды
, архиоппортунистік астықмал жемі балансын құра бастады.
...Үрейленуге негіз бар ма? Ешқандай.
Механикаландыру
мен коллективтендірудің негізінде біз ауыл
шаруашылығы
мен шаруалар қауымын тура келген аштық жағдайынан
түпкілікті
түрде шығарып алдық...”
Астық
əлдеқашан таусылған. Бəрін сыпырып алған. Тіпті партия
қызметкерлерінің
өздері де төзе алмады.
Меңдіғара
аудандық комитетінің хатшысы Старателов өлкелік комитеттің
жоспарын
“ойланылмаған, шындық өмірге сай емес” деп атады. Оған екі
сөзге
келмей астық тапсыруды бұйырған. Старателов: “Онда амал қанша,
олай
болса, мен аламын, қамыр илейтін “күбіге дейін” ортаға саламын,
барлық
колхозды жалаңаштандырамын, ал олар жанжаққа тымтырақай
болып
қашады”, — деп жауап берді.
Обаған
аудандық комитетінің хатшысы Изварин өлкелік комитетке:
“Астық дайындау жоспарын біз орындай аламыз, — деп жауап қайтарды, —
бірақ
мөңке балықпен жəне дуадақпен”.
Қарабалық
аудандық комитетінің мүшесі Шумейко:
“Аудан экономикасы шамадан тыс жоспармен түпкілікті тұралады. — деді.
— Колхозшылар, сондайақ кедейлер мен орташалар өздерінің ертең не
боларын
білмейді ...Біз өзімізден колхозшыларды түңілдірдік, олар бізден
кейін
кетіп жатыр”.
Голощекин
оларды партиядан шығарды. Изваринды сотқа берді.
Ұжымдастырудың
екінші толқыны аяқталды, 1931 жылы Қазақстандағы мал
басы
тағы да 10 миллионға азайды.
Өлкенің
бүкіл тарихында болып көрмеген аштық басталды.
ХІ
V
Егер
одан да ертерек болмаса, 1932 жылдың басынан өлкелік комитетке,
ҚазОАТКОМға
, Халком кеңесіне аштық туралы дабыл көтерген хаттар,
жеделхаттар
, баянаттар келе бастады.
Үштөбеден
жолданған жеделхат (ақпан, 1932 жыл): “Балқаш бойындағы
барлық
ауылдар аштыққа ұрынды. Басқа алты əкімшілік ауылда 4417
шаруашылық
болған еді, 2260ы қалды, олардың 63%ы ашығуда. Қалған
тұрғындар
жедел көмекке зəру. Аштық 1931 жылғы декабрьдің алғашқы
күндерінде
басталды. Дəл емес мəліметтер бойынша, барлығы 600 адам
өлді
. Ашыққандар жылқының өлексесімен, қасап қалдықтарымен
қоректенуде
...” Ырғыздан жеделхат (1932 жыл):
“АлмаАта Крайком Голощекинге Астық дайындау жоспарын орындау есебі
жеткізіліп
берілуге тиісті астықты ұстап қалу жолымен үш жүз центнер
дайындалды
нүкте Ауданның азықтүлік қиыншылығын ескере келіп үтір
мал
өткізушілерге берілетін астық есебінен дайындалған астықты қайтаруға
нұсқау
берілуін сұраймыз райком Поктаров”
Одан
əрі Мəскеуге жазды.
ССРО
ОАТКОМ төралқасына ӨТІНІШ (1 ақпан, 1932 жыл):
“Бұрынғы Павлодар округінің тұрғындары ұшыраған аштықтың үнсіз жəне
əрекетсіз
көрермендері болып қала беруге бұдан əрі өзімізді құқықты
емеспіз
деп санап, біз ССРО үкіметінің орталық органдарына мəлімдеуге
мəжбүрміз
. Аштықты тудырған себептерге талдау жасаудан жəне оған баға
беруден
бас тарта отырып, біз саналы түрде өзіміз куə болған көріністерді
бейнелеп
көрсетумен ғана шектелеміз.
Шамамен
бір жарым айдан бері Павлодарға аудандардан аш адамдар
ағылып
келуде, бетауыздары ісініп, албажұлба киінген адамдар, негізінен,
қазақтар
. Қала оларға толып кетті. Адам нанғысыз қайыршылық орын
алуда
. Əр үйге күн сайын ондаған адам келіп кетеді. Аштардың ішінде
барлық
жастағы адамдар: жастар, қарттар, балалар бар. Қоқыс тастайтын
жерлерде
қалдықтарды аударыстырып, талғажау етер тамақ іздеген аш
адамдар
қаптап жүреді.
Емдеу
мекемелері аштықтан өлген адамдарға толып кетті. Аштықтан
жұқпалы
аурулар, індет таралуда (тіпті сүзекпен күрес жөніндегі төтен ше
үштік
құрылды). Қаланың түбінен жəне қаланың өзінен үсікке шалынған,
баспанасыз
, аш адамдардың мəйітін үнемі тауып алады. Қалалық емханада
дəрігердің
қабылдауына келген науқас адамдардың көзінше аштықтан адам
өлген
жағдайлар бар. Біз нан сұрап келген аш адамдар табалдырығынан
аттай
бере құлап түскен үйлерді білеміз. Қол шанасына көрпежастығын
салып
, ал оның үстіне жолда өлген баласын жатқызып, беті ауған белгісіз
жақтарға
қаңғып бара жатқан қазақтар отбасын жиі көруге болады.
Мекемелерге
шала үсіген аш балаларды лақтырып кетеді. Балалар үйі
аузымұрнынан
шыға толған, ешкімді қабылдамайды. Қалада күн сайын
ондаған
тастап кеткен, үсік шалған, аштықтан сіңірі шығып ісінген əр
жастағы
балалар табылады. Олардың əдеттегі жауабы: “Əкем өлді, шешем
өлді
, үй жоқ, нан жоқ”... Кейбір азаматтар мұндай балалардың кейбіреулерін,
əрине
, милицияға тапсырады, бірақ олар балаларды қабылдамайды, көшеге
қайтадан
қуып жібереді.
Ақырында
бұл балаларға иесіз үй беріліп... олар осы жерге əкелінді. Біздің
кейбіреулеріміз
бұл үйді барып көрдік. Өлгендер мен үй алдындағы аулада,
шөп
үйіндісінде жəне үй ішінде табылған мəйіттер туралы егжейтегжейлі
тоқталмайақ
, жалпы жағдай жөнінде ғана айтар болсақ, бұл “жетімханада”...
тек
күніне бір рет қана ішінде бір үзім наны бар болмашы ботқа не сорпа
беріледі
, кір басып, сасыған балалар еденде яки пештің маңайында, қараңғы
түнек
ішінде айқасыпұйқасып домалап жатады, өзіменөзі жүреді, жылайды,
ал
жылауға шамасы келмегендері қорсылдап, қырылдайды. Жағдайдың
ауырлығы
сондай — балаларға қарау үшін қалалық совет бекіткен əйел
ертеңіндеақ
қашып кетті.
Бізден
бір адам 20 қаңтарда осы үйде көргендерінің бəрін айтып, қалалық
советке
мəлімдеген кезінде, қалалық советтің төрағасы милиция шақырып,
оны
тұтқынға алдырып, ГПУға жөнелткеннен басқа жақсы ештеме істей
алмады
...
Апат
аранын кең ашуда. Аштық Павлодарға аудандардан күн сайын жаңа
қаңғыбастарды
қуып əкелуде. Бойынан күшқуаты кетіп, əлі құрыған
адамдар
жолжөнекей өліп жатады. “Бір үзім нан” үйлеріне (по домам
“кусочки”) жиналған аш адамдардың айтуына қарағанда, кейбір ауылдар
мен
кенттер тірі жансыз қаңырап бос қалған, енді біреулерінде жүздеген
ауладан
бірекеуі ғана, ең жақсы жағдайда он шақты үй қалған.
Тұрғындардың
бір бөлігі Сібір өлкесіне кетті, ал қалғандары аштық
құрсауында
өліп жатыр. Павлодар ауданында 1931 жылдың жазында болған
халықтың
жартысына да жетпейтіні қалды. Мысалға айтар болсақ, Подпуск
жəне
Черное кенттері иесіз бос қалды... Енді №1 ауыл деген атымен жоқ.
Бесқарағай
ауданының Жалыбай ауылындағы 300ден аса үйден тек ауыл
советтің
əкімшілігі ғана қалды.
Біздің
қандай нақты көмек шаралары қабылдануы тиіс екенін атап
көрсеткіміз
келмейді. Біздің мақсатымыз — болып жатқан сұмдықтарды
жасырып
тұрған перденің бұрышын сəлпəл көтеру ғана...
Саяси
жер аударылғандар: В.Иогансен, О.Селихова, П.СемининТкаченко,
Ю
.Подбельский, А.Флегонтов”.
БОАТКОМ
төрағасы М.И.Калининге (10 ақпан, 1932 жыл):
“Қазақстанда тұратын барлық тұрғындар аштықтан өліп жатыр, кейбір
жерлерде
халық бүкіл ауылымен қырылуда”.
Жолдас
М.И.Калининге: “Бұрынғы Жетісу облысы, Лепсі ауданы, Сарқант
станицасының
азаматшасы Дворникова Мелания Харитовнадан жолдастық
хат
(ақпан, 1932 жыл):
“Құрметті жолдас! Маған əйел ретінде, мына мəселелерді түсіндіруіңізді
Сізден
басымды иіп өтінемін: біздегі колхоз құрылысы неліктен осылай
қойылған
? Астық дайындау өте қиын, меніңше, тіпті төзуге болмайтын
жағдайда
өтті, мысалы, “Тарас” казак колхозындағыдай. Барлық астық, яғни
егістіктердің
бəрі ортақтастырылған жəне оның үстіне, əркімге тағы да 10 —
15 жəне
20 пұтқа дейін салық салады. Бүкіл жаз бойы колхозда істеген адам мұны
қайдан
алады? Енді міне, қазіргі кезде бүкіл осы аш тобыр өздеріне қорек
іздеп
, жүк көтерген балаларымен бірге жол бойында жүр жəне жолжөнекей
шыбынша
қырылуда. Бұдан əртүрлі тонау, кісі өлтіру əрекеттері болуы
мүмкін
жəне қазіргі кезде мұндай жағдайлар бар да. Аягөз стансысында бір
əйелді
жарты бөлке нанға бола бауыздаған. Қайырымдылық сұраған
мүсəпірлер
күн сайын онондап сабылып жүр, оларға беретін ештеме жоқ,
өйткені
колхозда, сондайақ жұмысшыда да ешқандай артық астық жоқ, ал
май
туралы айтудың керегі болмас. Колхозда үлесті (паек) еңбеккүнге қарай
береді
, ол жұмысшының өзіне əрең жетеді, ал отбасы мүшелері мүлде
қанағаттандырылмайды
. Осыдан барып жүздеп, мыңдап шекара асуда, тіпті
онда
оларды ұрыпсоғып, кескілеп өлтіріп жатқанына да қарамайды. Ал олар
кімдер
? Көпшілігі біздің таптық бауырларымыз: батырақтар мен кедейлер.
Менің
жеке пікірім бойынша, бұл дұрыс емес... Өзім туралы айтарым: мен
— кедей отбасынан шыққан шаруа əйелмін, революция толқыны менің
иығымнан
өтті, 1924 жылдан партия мүшесімін... жасым 38де жəне жас
кезімнен
1929 жылға дейін: бірде ыдыс тасушы, енді бірде үй тазалаушы
болып
жалдықта істедім. 1929 жылы Сарқант Халық клубында үй
тазалаушы
болып істеп жүріп, мен 1 дес. (десятина — жер ауданының 1,09
гектарға
тең ескі өлшемі — ауд.) жерге егіс егуге жалдандым (менің алып
жүрген
23 рубль айлығым мені қамтамасыз ете алмады), ал іс жүзінде 53 пұт
берген
бұл егіс үшін əр деседен 110 пұттан өнім алынады деп есептеп,
маған
92 пұт тапсыруға Комоз келді. Ауа райы жағдайына байланысты
өнімнің
аз болғаны жөнінде акт жасалды, бірақ соған қарамастан, мені
басқа
əйелдермен бірге кеудемізге “Халық жауы”, қаскөйлікпен астық
тапсырмаған
” деген жазуы бар қара тақтайша іліп, көшеденкөшеге,
телімнентелімге
қуды. Партия мүшесі жəне 43 пұт астық тапсырушы
ретінде
мен өзімді “халық жауымын” деп санамаймын. Менен басқа да
əйелдерге
жəбір көрсетілді, онымен қоймай, құйыршық байлап, иық белгі
тағып
масқаралап, 2 апталық нəрестелерімен бірге суық қамбаға қамап, 3
тəуліктен
отырғызды, бұдан көптеген аурулар пайда болды. Мен партия
мүшесі
ретінде мұның дұрыс емес екенін дəлелдей бастап едім, маған
жалған
материалдар жасады, əсіресе ауылдық советтің төрағасы —
Сидоров
.
Партия
мүшесі болса да, бірақ кулактың баласы, таптық бауыр да, идеялас
жолдас
та емес, алайда ол бюро мүшесі ретінде мені партия қатарынан
шығару
жөнінде мəселе қойды... 1931 жылдың соңында маған партбилетті
тапсыруды
ұсынды, сол үшін Сіздің назарыңызды осыған жəне менің
БК
(б)П мүшесі ретіндегі құқығымды қалпына келтіруге аударғым келеді.
Осылар
жөнінде қол қоямын”.
Солтүстік
Қазақстан облысы, “Казгородок” отырықтану пунктін тексеру
актісінен
(көктем, 1932 жыл): “Адамдардың көпшілігі арыпжүдеп кетті.
Қалдықпен
қоректенеді. Қандай да бір жалаңаш сүйек табылса, содан
“сорпа” қайнатады. Бұдан басқа, тағамға кеуіп қалған, ал кейде тіпті
иленген
тері де пайдаланылады. Аудан орталығында иттің етімен
қоректенетін
отбасы да бар. Үйінің маңайынан көптеген иттің басы
табылды
. Қазанда бірнеше иттің сирағы қайнап жатты... 144 үй болған
Шоқы
кентінде 60қа жуығы ғана қалды. Адамдар азық болар нəрсе іздеп
қаңғып
кетті. Тексеру кезінде болғандардың көпшілігі өлексемен, бұзылған
етпен
, сүйек сорпасымен, кебек көжемен жəне қайнатылған терімен
қоректенді
. 15 отбасы мүлде жүдеп, ісініп кеткен. Олардың өміріне жəрдем
көрсетерлік
ешқандай қор колхозда жоқ. Жұмысшықұрылысшы Биғар
Қиғарин
бір адамға ғана үлес алады. Оның əйелі мен үш баласы көжемен
жəне
сумен қоректенеді. Қожан Кенжеболатовтың отбасында алты жан.
Тексеру
сəтінде оның он жасар баласы көңді тырмалап жүріп əлденені
тапты
да, аузына салып сора бастады. Сағындықов Қуовтың отбасында үш
жан
бар, иттің етімен тамақтанады...”. ОГПУ ҚазППның (ОГПУ Қазақ саяси
бөлімшесінің
) мəліметі, 4 тамыз, 1932 жыл:
“Қолда бар мəліметтер бойынша, Атбасар ауданында азықтүлік
қиыншылығы
барынша ушыққан. Аштыққа байланысты жаппай ісіну мен
өлім
жағдайы байқалуда. 1 сəуірден 25 шілдеге дейін 11 кісі өлімі тіркелген,
олардың
43і шілдеде”.
Республика
Халком кеңесіне жолданған баянаттағыдай, ашыққандар тек
қоныс
аударушылар ғана емес, сонымен бірге “...көшпелі аудандардағы
қазақтардың
əлі де өз орнында отырған 100 мыңға жуық шаруашылығы
аштыққа
ұшырауда. Қазақ тұрғындардың ішінде жаппай ауру мен өлімжітім
байқалуда
”.
Қазақ
ОАТКОМы ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы Замайловтың
баяндамасынан
(5 қыркүйек, 1932 жыл):
“...Балқашқұрылыстың шет жағына маңайдағы аудандардан көшіп келген,
ешбір
өндірістік жұмыспен шұғылданбайтын қазақ тұрғындар азықтүлік
көмегіне
өте мұқтаж. Азықтүлік қиыншылығына байланысты мыңдаған
адамдар
жұқпалы аурулардан (сүзек, құрқұлақ, дизентерия) азап шегуде,
оларға
медициналық, сондайақ азықтүлік көмегі көрсетілмейді. Оның
үстіне
, көшіп келген мұқтаж адамдарға азықтүлік көмегін көрсету мəселесі
кешіктірмей
шешуді қажет етеді.
Бертісте
мен мынадай фактіге куə болдым: онда жұқпалы аурулардан жəне
аштықтан
өлген адамдардың мəйіттері алаңдарда шашылып жатты жəне
олар
3 — 5 күнге дейін жиналмады”.
“Молния АлмаАта ҚазОАТКОМға Бесқарағай ауданы Бауковск ауыл
советінде
адамдар аштан арам қата бастады мəлімдеу үшін хабарлаймыз
ауылсовет
”.
Мəтінде
дəл осылай жазылған: “а р а м қ а т т ы ” (здыхать)... Мəлімет үшін
хабарлаған
, көмек сұраған жоқ. Үміт артпады...
* * *
“Советская степь” газеті, 1932 жылдың 11 қаңтары. Өлкелік комитеттің
хатшысы
Кахианидің Алматы партактивінде жасаған баяндамасынан:
“Ауыл шаруашылығында біз таңғаларлық табыстарға жеттік”.
1932 жылдың 15 мамыры. Голощекиннің өлкелік актив кеңесіндегі “Қазақ
ауылындағы
коллективтендіру туралы” сөзінен:
“Үш жылдың тəжірибесі көрсеткеніндей, коллективтендіру барысында
қазақ
ауылдары ауылдағы еңбекшілер бұқарасының əлауқатын жоғары
деңгейде
жəне шапшаң қарқынмен көтерерліктей өзінің шаруашылығын
ұйымдастырудың
таңдаулы формасына ие болды...”
“Казахстанская правда”, 17 маусым, 1932 жыл: “Жапон шаруалары ашығуда.
Жалгерлердің
мұқтаждығы есебінен кулакжер иеленушілер баюда...” 1932
жылдың
маусымында Алматы партия конференциясында Құрамысов егістік
жағдайы
туралы баяндады:
“Талдықорғанда үй маңайында өсіп тұрған биік бəйтеректерді
ортақтастыруға
дейін барған. Жəне кейбір жерлерде оларды қиған да. Бір
қызылармияшы
əйел келіп теректерінің жартысын отап тастағаны туралы
мəлімдеді
...” — деді.
Одан
соң ол коллектив мүшелеріне бақша өсіруге қалай тыйым
салынғандығы
, ал селолық совет “тездетіп тауық, сиыр тапсырыңдар” деп
жазбаша
нұсқау жібергендігі туралы жазылған газет хабарын есіне алды.
Жəне
“Бұл барлық жерде болды!” деп, шағын хабарға түсініктеме берді.
Голощекин
: “Ал ол (көрсетеді) тіпті барлық омартаны ортақтастырды”.
Құрамысов
: “Өйткені əбден ойланып істеу керек қой!”
1932 жылдың 20 қазанында Голощекин Алматыдағы актив жиналысында
сөз
сөйледі. Бұл кезде БК(б)П ОКнің Қазақстандағы мал шаруашылығы
туралы
, нақтырақ айтқанда, мал шаруашылығындағы қалғанқұтқандар
жөніндегі
шешімі қабылданған болатын. Бірақ Филипп Исаевич
шаруашылықтың
талқандалуынан көңіліне секем де алған жоқ:
“...ОК өлкелік комитеттің қазақ ауылын қайта құру саласындағы бағытын
мақұлдады
!” — деді (ду қол шапалақтау).
1932 жылдың 28 қазанында “Казахстанская правда”:
“Жолдас Голощекин бастаған өлкелік комитеттің жетекшілігімен қол
жеткізілген
қазақ ауылдарын социалистік қайта құру саласындағы ірі
табыстар
... үлкен тарихи мəнге ие факт болып табылады” деп жазды.
* * *
Ұжымдастыруды
жүргізуші бүкілпартиялық төбетоп сөз сөйлеу мəнеріндегі
қатыгез
де аяусыз арсыздығымен ерекшеленді.
1932 жылдың 8 шілдесінде Киевтегі Бүкіл украиндық конференцияда
Молотов
сөйледі. Ол ұжымшарлардың аса зор жеңісі туралы айта келіп,
“ауыл шаруашылығын социалистік қайта бөлудің алдыңғы қатарында келе
жатқан
” Украинаны қол жеткізілген табыстардың жарқын мысалдарының
бірі
деп атады.
Каганович
украин партия ұйымы жолдас Сталиннің басшылығымен бұдан
да
əрі алға қарай — “жаңа ұлы тарихи жеңістерге” жете алады деп сендірді.
(Ду қол шапалақтаумен жалғасты.)
Бұл
кезде Украинада аштықтан миллиондаған адамдар өлген болатын.
Украиндық
облыстар əскердің қоршауында қалды. Пулеметпен, мылтықпен
қаруланған
чекистер, милиция жанжаққа бытырай босқан əлқуатсыз аш
адамдар
тобырына өлім тырнағынан сытылып шығу мүмкіндігін бермей,
оларды
бөгеп тұрды. Соңғы мəліметтер бойынша, онда аштықтан 7
миллионға
жуық адам қырылған.
Партиялық
төбетоптың ісəрекетіндегі арсыздық олардың сөздерінен де
асып
түсті.
“Алапат аштыққа қарамастан Сталин Еуропа елдеріне астық экспортын
жалғастыруды
талап етті. Егер 1928 жылғы өнімнен шекара сыртына 1
миллион
центнерден азырақ астық жөнелтілген болса, ал 1929 жылы 13
миллион
центнер, 1930 жылы 48,3 миллион, 1931 жылы 51,8 миллион, 1932
жылы
18,1 миллион центнерге жеткізілді. Тіпті аштықтың ең ауыр кезеңі
болған
1933 жылдың өзінде Батыс Еуропаға 10 миллион центнерге жуық
астық
жіберілді. Оның үстіне, кеңестік астық Еуропа елдеріндегі
экономикалық
дағдарыс жағдайында іс жүзінде түкке тұрғысыз дерліктей
арзанға
сатылды. Ал 1932—1933 жылдары шекара сыртына асырылған
астықтың
жартысы да барлық оңтүстік аудандарды аштықтан аман алып
қалуға
жеткен болар еді. Дей тұрғанмен, аштықтан əлсіреп жəне өліп
жатқан
шаруалардың аузынан жырып алынған кеңестік астықты Батыс
Еуропада
арланбай да қымсынбай əрі аруақтан қорықпастан, “тыныш
отырып
” жеді. Ресейдегі аштық туралы барлық қауесеттерге қатаң тойтарыс
берілді
. Тіпті, 30жылдардың басында КСРОға танысу сапарымен келген
Бернард
Шоу Ресейдегі аштық туралы қауесет сөздер ойдан шығарылған
деп
жазды жəне ол өзі осы жерде болған кездегідей Ресей бұрынсоңды
ешқашан
азықтүлікпен дəл осыншалықты жақсы қамтамасыз етілмегеніне
көзін
жеткізді.
1932—1933 жылдары аштықтан қанша адамның өлгенін əлі күнге дейін
ешкім
білмейді. Көптеген зерттеушілер 5 миллионға тоқтайды. Енді
біреулер
8 миллионды атайды, бұлардікі шындыққа жақынырақ болар.
“1921 жылдағыға қарағанда жəне 1877 — 1878 жылдары Қытайда болған
сұмдық
аштық кезіндегіге қарағанда көп қырылды...” — деп жазды тарихшы
Рой
Медведев.
Бұл
хабарлама 1992 жылдың көктемінде Мəскеудегі Революция
мұражайында
өтіп, елдің жетекші аграршытарихшыларымен
жұртшылықтың
кездесуі болған “Жер. Аштық. Реформалар”
экспозициясының
материалдары бойынша журналист Е.Александров
жақын
уақытта жасаған басқа қорытындымен толықтырылады:
“1932 жылдың маусымында Сталин Саяси бюроға хатында қуғынсүргін
шараларын
негіздей отырып, “ондаған мың украиндық колхозшылар əлі
күнге
дейін ел кезіп жүрулері арқылы еңбекшілерді ыдыратуда” деп
шағынды
. 1932 жылдың көктемінде мемлекеттің астықты аудандарға 17
миллион
центнер мөлшерінде несие бөлуіне тура келді. Егін егілді, əзірше
жаппай
аштықтан бой тасалауға мүмкіндік туды. Алайда адамдар жаңа
өнімге
шегінен шыққан жұтаңдық жағдайында жетті. Егіс алқабында масақ
толыса
бастасыменақ оған “шаштараз” деп аталатындар лап қойды, бұлар,
ең
алдымен, əйтеуір бір ботқа дайындап, балаларын тамақтандыру үшін əлі
пісіп
үлгермеген масақты қиып алу мақсатымен таңға жуық егістікке
келетін
аналар еді... 1932 жылдың 7 тамызындағы “социалистік меншікті
ұрлағаны
” үшін өлім жазасын беру (жеңілдетілген жағдайда 10 жыл түрме)
қарастырылған
сталиндік “жетісегіз” (“семьвосемь”) жарлығы осылай
пайда
болды. Шаруалар атап кеткеніндей, “бес масақ туралы” жарлық
бойынша
, 32нің тамызынан 33тің қаңтарына дейін 56 мың адам сотталған
(ату жазасына кескен екі мың үкімнің мыңнан астамы орындалған).
1932 жылғы дайындау науқаны деревняда астықты толығымен сыпырып алу
жолымен
өтті, бірақ жоспар орындалмады, иə, оның орындалуы да мүмкін
емес
болатын.
Мемлекет
бұл жолы 180 миллион центнер дайындады, ал шетке “небəрі” 18
миллион
центнер жөнелтті, алайда ол мұны өз халқының қамын ойлаған
адамгершілік
тұрғыдан істеген жоқ. Енді астықты сығып алу үшін ең
жабайы
əкімшілікқуғынсүргін əдістері қолданылды. Сөйтіп, осылайша
жаппай
ажал оғын сепкен аштық басталды. Тарихшылар 19321933
жылдардағы
аштық құрбандарының саны туралы 3тен 14 миллионға дейінгі
аралықта
əртүрлі цифрды атайды. Көпшілігі 4—7 миллион адамға тоқтайды.
Қазіргі
кезде Сталиннің жəне оның айналасындағылардың қылмыстық
ойпиғылы
болғандығы туралы айтуға мүмкіндік беретін құжаттар белгілі.
Оның
үстіне, елде адамдарды құтқаруға толығымен жететін астық қоры
болды
. Бұл, сөздің толық мағынасында, ұйымдастырылған аштық болды,
бəлкім
, Сталиннің КСРО халықтарына қарсы жасаған ең ауыр қылмысы
болуы
да. Сталиндік адамжегіштіктің əртүрлі дəлелсебептерін топшылауға
болады
жəне ұжымдастыру — оның ең бір “жарқын” мысалы да емес.
Өйткені
аштық балғасы ұжымшар мүшелерін де, еместерді де талғамай
соқты
. Мəселе тіпті де басқада: нені, қашан, қайда себу керек екенін өзі
шешіп
келген ғасырлар бойғы əдетінен əлі де арыла қоймаған шаруалар
қауымын
біржола жəне түпкілікті түрде жуасытып, бастықтырып алғысы
келгенінде
деп айтуға əбден болады...”
* * *
Отызыншы
жылдардың бас кезінде жаңа халық мақалы пайда болды:
Орақ
пен балға қолда!
Аштық
пен ажал сонда.
* * *
Қазақстандықтардың
куəгерлігі...
Ұлы
Отан соғысының ардагері, Александр Невский орденінің иегері Сасан
Нұрғалиұлы
Нұрғалымов айтады:
— Мен Талдықорған облысы, Ақсу ауданының тау баурайындағы Қараағаш
ауылында
тудым. Əкем Ілияс Жансүгіровпен құрдас əрі жолдас болған,
болашақ
ақынмен ол бастауыш училищенің бір партасында отырып оқыған.
1926 жылы əкем қайтыс болды, анам төрт баламен қалды. Ал екі жылдан
соң
, 1928 жылы біздің үйді кəмпескеледі, сауын сиыр мен бір жылқыдан
басқа
малды айдап əкетті. Туған үйімді əреңəрең есіме түсіре аламын, ол
кезде
небəрі жеті жаста едім... Көп ұзамай біз Ақсудағы анамның
туыстарына
көшіп бардық.
1932 жыл анық есімде. Аштық пен аяз қатар қысқан жыл еді, талғажау етер
ештеме
жоқ. Қыста адамдар аштан өле бастады. Гэпэушниктер шанамен
көше
аралап, өлгендердің мəйіттерін жинайды. Карболка (карбол қышқылы
ерітіндісі
— ауд.) мен керосин құйып өртейді. Қалған күлқоқысын жардан
өзенге
лақтырады.
Біздің
ауданға шұбартаулықтар көшіп келіп, аштық тырнағынан аман қалды.
Бірақ
олар көп еді, ақырында бəрі өлді. Бір əйел ғана қалды. Қаңырап бос
қалған
көшені кезіп, өз шашын өзі жұлады, кімге айтқаны белгісіз: “Сайтан
алсын
сені! Сайтан алсын сені!” — деп айғайлайды...
Бірде
, ақпанның аязды бір кешінде, біз үйде отырғанбыз. Анам тары көже
жасап
жатты, ал біз пештің жанына ұйысып, тамақты күтіп отырғанбыз.
Кенет
есік шалқасынан ашылып, бөлмеге ораулы шүберек келіп түсті.
Шүберекті
ашқанда, ішінен жас нəресте — екіүш айлық ұл бала шықты.
Анам
далаға жүгіріп шыққанымен, онда ешкім болмады. Құдай берген бала
деп
, атын Құдайберген деп қойдық. Біз оны асырай алмаймыз ба деп
қорықтық
, өйткені өзіміздің де талшық етеріміз тапшы еді. Көп ұзамай оны
45 жастағы баласы жоқ ауыл ұстасы асырап алды. Сөйтіп, ол əйелімен екеуі
тастанды
баланы бағып өсірді, сол бала қазір совхозда зоотехник, жеті
баланың
əкесі. 1933 жылдың басында мені Сарқанттағы мектепинтернатқа
орналастырды
. Онда біз тек капуста, күнжара жəне қайнақ сумен ғана
азықтандық
. Бəріміздің ішіміз ісіпкеуіп кеткен, ауырмаған жеріміз жоқ.
Мұғалімдердің
де жағдайы оңып тұрған жоқ. Қазақ тілінің оқытушысы
Əбдірахман
Исақов əлі есімде, аштықтан бетаузы ісінген оның сабақ
жүргізуге
шамасы əрең келіп жүрді. Əсіресе наурыз бен сəуірде қатты
қиналдық
. Таңертең далаға шықсаң — арықтың жағасында қатып қалған
мəйіттер
жатады...
Кейіннен
сабақ біржола тоқтап қалды. Күні бойы жатақханадағы төсегімізде
аунақшып
жатып ойлайтынымыз — тіске басар үйір дəнді қайдан табамыз
болды
. Жоғары сыныптағылар асхананың жертөлесінде картоп бар екенін
біліп
қалады. Жертөленің шағын ғана саңылауынан ешқайсысы ішке түсе
алмай
, ең кішкентай əрі арық мені мəжбүрледі. Мен, əрине, қорықтым, бірақ
олардың
бастаушысы мені шапалақпен жақтан бір тартты да: “Егер төмен
түспесең
, соққыға жығамын!” — деп қорқытты. Содан əйтеуір амалдап, тар
тесіктен
арқанмен жертөлеге түстім. Көшеден қауға ше лек тастады.
Суланған
жəне жартылай шіріген картоптың өзі де өте аз болып шықты.
Мен
бірнеше шелекті толтырып, жоғарыға жөнелткеннен кейін, қараңғы
қуысты
тырмалап жүріп жартылай босап қалған майшабақ бөшкесін
таптым
. Қос майшабақты қалтама сүңгітіп те үлгерместен есіктің құлыбы
салдырламасы
бар ма! Есіктің ашылған саңылауынан қолында “жарғанаты”
бар
, сыңар аяқты қоймашы шал көрінді. Одан қашып құтылармын деп
ойладым
мен. Алайда баспалдақпен егде жастағы аспазшы əйел түсіп келе
жатты
. Мен əлдебір жəшіктердің қалқасына жасырынып жата қалдым. Олар
ештемені
сезбестен, менің жанымнан өтті. Сəлден кейін мен жылыстап
далаға
шықтым да, əупірімдеп жан шақырдым. Үш күн бойы біз өз
бөлмемізде
картоп қайнатып, оған қоса майшабақты бəрімізге бірдей етіп
бөліп
жедік...
Жазда
мені Андреев ауданына сиыр бағуға жіберді, ал шілдеде менің
артымнан
əкемнің кіші інісі Абылай аға келді. Ол кезде аштан өліп қалмау
үшін
барлық оқушыларды мектептен босатып, атаана, туысқандарына
таратқан
болатын. Анам маған бірдеме болып қалмасын деп алаңдап ағайды
жіберген
екен. Одан жеті жасар қарындасым Сүйінбикенің қыста өкпе
ауруымен
сырқаттанып қайтыс болғанын естідім...
Бақташылық
жұмысым үшін маған бес метр сиса берді. Біз Абылай екеуміз
оның
бір бөлігін сатып, екі жұқа нан сатып алдық. Одан соң Ақсуға жаяу
тарттық
. Келе жатырмыз, наннан азаздап тістеп қоямыз. Ыстық, күн күйіп
тұр
, жол алыс — қырық бес шақырым. Айнала толы жұлымжұлым киінген,
омсырайған
адамдар. Аяқтарын əреңəрең алып келеді: біреулері Ақсуға,
екіншілері
Сарқантқа. Біздің қойнымызда нан барын қайдан иіскеп біле
қойғанын
қайдам! Алыстан аңдып, ізімізбен ілесіп, соңғы күштерін жинап
қуады
да, естүссіз жерге құлап түседі.
Қанша
жыл өтті, бірақ бойында жаны бар демесең, өлі аруақ секілді мүсəпір
жандар
беті ауған жаққа қаңғып бара жатқан сол бір шілде жолы əлі көз
алдымнан
кетер емес...
* * *
Данабике
Байқадамова есіне алады:
1933 жылдың тамызында жас орыс дəрігер əйел екеумізді І Алматыдан он
бес
шақырым қашықтықтағы қамқорлыққа алынған “Ынтымақ” колхозына
жолдамамен
жіберді. Елді мекенде тірі жан қалмапты, тастап кеткен.
Үйлердің
шатыры отын болып шашылып жатыр, терезелердің ағаш
жақтауларын
алып кеткен, есік орнында — қараңғы үңгір. Қонып шығу үшін
тоқтауға
болатын үйді əрең іздеп таптық. Кейінірек Халком кеңесінен
қызметкерлер
келді. Жұмыс басталып кетті. Даланың əйтеуір бір
жақтарынан
сіңіріне ілініп, ыңыршағы шыққан жартылай тірі адамдарды
алып
келді. Қайсысы еркек, қайсысы əйел екенін айыру қиын. Биттеген
шаштарын
тақырлап алдырған, қаңқа тəрізді сыриған. Дене жоқ десе де
болғандай
, бəрі ішке кіріп кеткен... Дəрігер оларды қарап, ал мен
мəліметтерді
жазып отырдым. Дəрігер олардың əрқайсысынан: “Неге қалаға
барып
жəрдем сұрамай, далада жүрсіздер?” — деп сұрайды. Əлдекімнің:
“Аштар қонаққа бармайды, намысы барлар бөтеннің есігін қақпайды,
сырын
ашпай, іштей тас түйін болып бекініп алады жəне Құдайды да
ұмытады
...” — дегені есімде қалыпты. Ал көпшілігі: “Қашан олардан
айырылып
бітіп, далада қаңғып қалғанға дейін аш малдың соңынан еріп
жүре
бердік”, — деп жауап берді...
Біртіндеп
бос үйлер адамға толды, тіпті жергілікті мектептің бұрынғы
мұғалімі
де қайта оралды. Бұл екі арада менде түсініксіз жағдай болды:
күнде
көріп жүрген жаншошырлық көріністерден бе, əлде басқадан ба,
əйтеуір
ұйықтай алмайтын болдым. Ал егер ұйықтай қалсам, түсіме сұмдық
жағдайлар
кіреді. Жиіжиі терлеп оянып кетемін де, одан соң түні бойы көз
ілместен
қалшылдап жатамын. Күндіз жан шыдатпас бас ауруынан азап
шектім
... Дəрігер əйел көп ұзамай ауру жұқтырып қайтыс болды, мен
ештемені
түсіне алмай, құр басымды шайқай бердім. Бірде бəрі түсінікті
болды
— мұғалімге жерлестері келген еді, мен оның айтқандарын кездейсоқ
естіп
қалдым.
...Бұл үйде МТС саяси бөлімі бастығының отбасы тұрған екен, дұрысын
айтқанда
, бастық — əйел адам, өйткені саяси бөлімді айтарлықтай жас қазақ
əйел
басқарған (сирек жағдай!). Ол мықынынан жоғары қайыс бау тағып,
оған
байланған тапаншасының қабы салақтап жүреді екен. Олардың —
күйеуі
мен екеуінің аштық басталған тұста қатты ауырған үш жасар ұл
баласы
болады. Атааналары ол үшін қалай шырпыр болса да, бəрібір
ажалдан
алып қала алмаған... Кезектесіп, күнітүні əлсіреген баланың
жанында
отырған. Бірде қалжыраған екеуінің де көзі ілініп кетеді. Ал
таңертең
анасы баланың өліп жатқанын көреді. Баланың қарны жарылған,
жүрегін
суырып əкеткен... Қыстың күні ақ қардың үстімен табалдырықтан
бастап
əлі қатып үлгермеген қан тамшылары шұбалып жатады. Тапаншасын
қолына
алған ана қан ізімен жүріп отырады. Із көрші көшедегі үйге алып
келеді
. Онда, ел арасында тараған сөзге қарағанда, əйелі мен екі баласы
жақында
жоғалып кеткен жалғызбасты еркек тұрады. Əйел бекітілмеген
есікті
шалқасынан ашып кіргенде, еденде отырған адамның оның ұлының
жүрегін
пеш үстіне қойған бақырашқа салып, қуырып отырғанын көреді.
“Мен сені атып өлтіремін!” — деп айғай салады əйел. Ол: “Ат. Ештемеден
қорықпаймын
”, — деп жайбарақат жауап береді.
Соны
айтады да, кенеттен еңкейіп, қолын пешке тығып жіберіп, одан
əлденені
алып, əйелдің аяғының астына қарай лақтырып жібереді. Ол — үш
адамның
басы: біреуі — оның жоғалған əйелінікі, ал екеуі жас балалардікі
болып
шығады.
Мұны
көрген əйел тапанша ұстап дірілдеген қолын алдыға қарай созған
қалпында
естүстен айырылып, еденге құлап түседі. Оқ та атылмайды... Сол
бір
1933 жылдың тамызында мен көп жағдайды көрдім, ал жоғарыдағы
əңгімені
естігеннен кейін орнымнан тұра алмай жатып қалдым. Бірнеше күн
бойы
безгек ұстағандай сандырақтап жаттым...
* * *
Академик
Жабағы Сүлейменұлы Тəкібаевты тұңғыш қазақ физигі деп
атайды
. Оның кең ауқымды физика ғылымында іргелі жəне қолданбалы
маңызға
ие 500ге жуық жеке жəне бірлесіп жасаған жұмыстары бар. Ол —
біздің
өз елімізде жəне шетел ғалымдарына белгілі республикадағы тұңғыш
физикалық
ғылымизерттеу институтының — физикалықтехникалық
институттың
, сондайақ ядролық физика жəне жоғары энергиялар физикасы
институттарының
құрушысы жəне тұңғыш директоры.
Міне
, оның айтқаны:
— Мен Семей облысының бұрынғы Абыралы ауданы жеріндегі бабам
Тəкібайдың
ауылында тудым. Кейіннен бұл жерді Берия атом қаруының
сынақ
полигоны етті жəне алаңды таңдап алған Курчатовтың маған: “Білесің
бе
, біз сенің туған ауылыңда болып едік қой”, — дегені есімде.
Біздің
отбасымыз нағыз діндар болды: атам қасиетті орындарға тауап етуге
барды
, қажы болды, əкем мейірімді, байсалды қайырымды адам еді, молда
болды
. Қазіргі өлшеммен оны сауаты аз адам дер, бірақ жиырмасыншы
жылдары
əкем білімді адам болып саналды жəне жұпыны ауыл мектебінде
балалардыоқытты
, тіптідиректоратандыаудеймін. Діни əдетғұрыптарға бұл
кезде
тыйым салынған, алайда ариманы бар мұсылман Пайғамбар өсиет
еткен
парызды өтемей тұра алмайды, сондықтан мектептің шошалаға
ұқсаған
оңаша бос бөлмесінде бір өзі қалып, əкем тиісті намазын оқитын.
Əйтсе
де, адамның көзіне түспей қалу мүмкін бе?! Біреу байқап қалып,
тиісті
жерге жеткізген. Енді сөйтпей қайтсін: ерінбейжалықпай, əлдебір
жақтан
фотографиялық аппарат тауып алып, намаз оқып отырған əкемді
құпия
түрде түсіріп алған. Міне, көрдіңіз бе, мектептің директоры қандай,
ескінің
сарқыншақтарынан құтылғысы келмейді. Міне, осындай кертартпа
совет
балаларын оқытады! Рас, ол кезде бəрі аудандық ГПУде ауызша
ескерту
берумен аяқталды да, əкемді босатты. Бірақ 30ыншы немесе
31жылы біздің жақта колхозға қарсы бүлік бұрқ ете түсті: көтерілісшілер
аудан
орталықтары Қайнар мен Шыңғыстауды алып, онда қызыл туды
жасылға
ауыстырды, одан кейін бұларды Семейден жіберілген əскери отряд
басыпжаныштады
— менің өзім алыстан жеткен винтовка оқтарының
дыбысын
естідім жəне неге екенін, əйтеуір ересектерден естіген —
жазалаушы
отряд бастығының Шубин деген фамилиясы жадымда қалып
қойыпты
.
Біраз
уақыт өткеннен кейін бұл оқиғаларға қатыспаса да əкемді
тұтқындады
, жай ғана, бұрын ауқатты болған адамдардың барлығын “айыр
мен
тырманың астына” алды, ал əкем болса, оның үстіне, молда болған,
яғни
сол кездің лексиконы бойынша, діни соқыр сенім иесі еді... Біз анам
екеуміз
Семейдегі №2 түрмеге барып, əкеме амандасып қайттық, соңғы рет
оны
өлерінен аз күн бұрын көрдік. Бірнеше жыл түрмеде отырған ол 1933
жылы
сотқа үш ай қалғанда қайтыс болды. Ал Абыралы ауданында бұл
кезде
бұрынғы тұрғындарының көп дегенде 15—20 пайызы ғана қалған
болатын
: біреулері Қытай асып кетті, енді біреулер басқа өлкелерге көшті,
көпшілігі
аштықтан қырылып қалды.
Біз
Семейге көшіп бардық. Мынадай жағдай есімде. Үйдің жанынан əлдебір
жүк
артылып, үстін жөкемен жапқан шана өтіп бара жатты. Біз, балалар,
шананың
ізімен жүгіре жөнелдік, сырғанағымыз келеді. Мен қуып жетіп
шанаға
артыла бергенімде, əлдебір қатты нəрсеге соғылып қалдым.
Жабудың
шетін ашып қараған кезімде — сіресіп қатып қалған кіші жастағы
балалардың
мүрдесін көрдім...
Сұмдық
кезең. Құдай мұндайды көруді ешкімге жазбайақ қойсын. 1933
жылдың
қысында ездовой (əскери жүк арбасындағы делбеші —
ауд
.)жерлеушілер таң атысымен үсіп қатып қалған, аштықтан жəне аурудан
өлгендердің
мəйіттерін жинайтын. Бəлкім, менің атамды да дəл осылай
əкеткен
шығар: елдің айтуына қарағанда, тамақ ішпей əлсіреген ол тура
көшеде
құлап түскен. Көп ұзамай əжем де қайтыс болды. Одан соң анам
қайтыс
болды. Көз алдында болған қайғықасіретті көтере алмады. Сөйтіп,
мен
“таза” жетім болып, балалар үйінен баспана таптым. Олар екеу еді: №2
жəне
№5. Рақмет...
Ал
енді 1941 жылдың көктеміндегі Мəскеуді көз алдыңызға елестетіп
көріңіз
: Кремльдің жарқыраған Георгиев залы, əрқайсысы жеке үстелге
орналасып
, бар зейінімен əлдебір сəтті күтіп отырған — бүкіл елден
жиналған
жүздеген жігіттер мен қыздар — сталиндік стипендияттар...
кенеттен
! — Мүлде күтпеген жерден, салтанатты есіктен емес, əлдебір
бүйірдегі
кішкентай елеусіз есіктен жүздері сұсты, жинақы киінген əскери
адамдар
пайда болады да, дəліз бойлап сап түзеп, бізге қадала қарап тұра
қалады
жəне дəл осы кезде əлгі дəлізбен бірінен кейін бірі барлық жерлерде
тұратын
портреттер бойынша таныс көсемдер өтеді: Калинин, Ворошилов,
Каганович
, Молотов... ал олардың соңынан, ұзақ үзілістен кейін баяу басып,
үстіне
түсі көзге байқала бермейтін пешпентше (френч) мен аяғына етік
киген
адам келе жатады. Сталин! Жəне бүкіл залда отырғандар бір кісідей
əрі
бір деммен: “Уррррааа!!!”
Бəлкім
, бірнеше минут бойы “уралап” айғайлап, қол соққан болар. Менің
үстелшем
Сталин келіп тоқтаған жерге тіптен жақын болып еді. Мен
дүниедегінің
бəрін ұмыттым — қазірге дейін осы бір қас қаққандай сəттен
өзге
ештеме есімде жоқ, — тек оған қарай бердім, қарай бердім Айтпақшы,
өзінің
суреттегі бейнесіне ұқсамады: мен толық, ауыр денелі, енжар, еңкіш
адамды
көрдім. Көз қарасы да селқос, немқұрайды. Жəне дəл сондай
енжарлықпен
, талғаусыз сөйледі. Оқуға қатысты екіүш сөйлем айтты да,
“Коммунизмге қарай алға!” деген тəрізді əлдебір ұранмен аяқтады... Бірақ
мен
ол кезде қуаныштан өзімді ұмытқан едім! Дүниеде менен бақытты
ешкім
болған жоқ! Бұл не? Көздің байлануы ма?..
Кейін
Ташкенттегі Ортаазиялық университетте оқыған кезімде менің аяғым
жерге
тимеді: біресе Ташсельмаштағы немесе əлдебір фабрикадағы, бірде
мектептегі
кездесуде боламын жəне барлық жерде сұрақ қоюлар, гүл
ұсынулар
, қол шапалақтаулар. Енді қалай?! Тірі Сталинді көрдім ғой!
Осылайша
мен қыза келе, Сталин сөзін аяқтай бере, бейне бір əдейі істеген
секілді
, көзін жиіжиі жыпылықтатып қыса берді деп байқамай айтып
қалғанға
дейін, мені бір залдан екіншісіне тасып сөйлете берді.
Келесі
күні маған машина келіп, НКВДға алып барды. Сымбатты ер адам
мұндай
егжейтегжейлікті айтудың керегі жоқ екенін маған ұзақ та салмақ
түсіре
нығарлай ұғындырып бақты. “Елеусіз нəрселерді еске алудың қажеті
жоқ
жəне тіпті, оның үстіне, бұл туралы айтудың қажеті жоқ, ешкімге жəне
ешқашан
да”, — деді. Осыдан кейін мені үйге босатты. Бірақ бірдебір
кездесуге
шақырған жоқ. Ешкім жəне ешқашан да.
Ал
елуінші жылы диссертация қорғап, Ғылым академиясына жұмысқа
орналасу
үшін Алматыға келгенімде, менің кандидатурам қаралған жалпы
жиналысқа
төрағалық етушіге: “Біздің арамызға “халық жауының” ұлы
қайдан
кіріп кеткен?” деген домалақ қағаз келіп түсті. Мұның бəрі мен үшін
жақсылықпен
аяқталмауы да мүмкін еді, бақытыма орай, тұтқындауға асыға
қойған
жоқ. Мен Мəскеуге ұшып келдім. Онда өзім аспирантурада оқыған
ФИАНның
(ҒАның физика институты) бірінші бөлімінің бастығына
өтінішпен
кірдім. Мемлекеттік қауіпсіздік генералы мені мұқият тыңдап
болып
, ертең келуім керектігін айтты. Ертеңінде: “Қайта бер, мəселе
шешілді
”, — деді. Мені құтқарған — түрмеде өлген ауыл молдасының ұлы
екенімді
өмірбаянымда жасырмағандығым болды. Жалпы, мен мұны
ешқашан
да жасырып көрген емеспін. Тіпті, балалар үйінде, 34жылғы
аштықта
да. Сол үшін де, тап бойынша жолдас болмасам да, мектептегі
класта
мені пионерге қабылдады. Басқа жолдастар секілді, солармен бірге
кейін
комсомолға да...
* * *
Жазушы
Қалмұқан Исабаев:
— Сол бір 1932 жылдың ызғарлы күзгі күні əлі есімде. Сірə, əлдеқашаннан
бері
бүкіл отбасымыз болып от жағылмаған суық бөлмеде жатамыз: аяғы
ісіп
кеткен, ауру əкем, кеудесіне менің бір жасар қарындасым Сəукенді
қысып
алған, өзі де əлсіреген анам жəне біз, үш ағайынды: тоғыз жасар
Заркен
, төрт жасар Бабкен жəне əлі алтыға толмаған мен. Үй жартылай
қараңғы
. Үш күн бұрын анам бидай кебегінің соңғы қалдығымен көже
қайнатқан
. Бізге кішкене кесеге құйып беріп, күш жинау үшін қозғалмай
жатуды
қатаң талап етті. Келесі күні Сəукен мен Бабкен шыдай алмай
қыңқылдай
бастады. Анам далаға шығып, терезе қақпағын нығыздап жауып
келді
де, көзінің жасы сорғалап:
“Ботақандарым менің! Мен терезені қараңғылап келдім. Біздің қалай
өлгенімізді
ешкім көрмейақ қойсын...” — деді.
Таң
бозарып ата бастаған секілді. Терезе жақтауының саңылауынан
сыздықтап
енген күн сəулелерінің самауырдың күңгірт бүйіріне
бұқпантайлап
қалай жеткенін бақылап жатырмыз, біртіндеп көз
алдымыздағының
бəрі шыр айнала жөнелгендей болады. Жарық сəулесімен
бірге
шөп талшықтары, месқарын самауыр, есіктің бос ойығы — бəрібəрі
айналып
тұрғандай. Ол кезде мен аштықтан есімнен танып қала беретінімді
түсінбейтінмін
. Санаң бір сəтке оянғанда, ішіңнің қалай суырылып бара
жатқанын
қайтадан сезінесің. Жанымдағы інім мен қарындасым көз жасына
шашалып
, анамызды шақырады. Ол балаларға қарай жүгіре жөнеліп,
кенеттен
бөлменің орта тұсында құлап түсті. Əкем анама бір жамбастап
жақындап
келіп:
“Махтум! Махтум!” — деп үрейлене үн қатады оған. Анам үнсіз жатыр. Ал
біз
төртеуміз қосылып жылай бастадық...
Кенеттен
бөлме ішіне күн сəулесі лап берді: əлдекім терезенің қақпағын
ашып
жіберді. Есікті қаттықатты қағып жатыр. Үлкен ағайым орнынан
тұрды
. Табалдырықтан ақырын, бірақ күшті дауыс гүрілдеп естіледі:
— Сəлеметсіздер ме, көршілер! Бəріңіз амансаусыздар ма?
Таныс
дауыс. Бұл — Иван ағай. Кеңшар қоймашысы — Иван Семенович
Мартынов
. Мартыновтардың біздің ауылға қайдан жəне қашаннан бері
келіп
тұрып жатқанын білмеймін, бірақ, сірə, көптен бері болса керек.
— Сарқыт алыңыздар. Бейнеттеріңіз азайсын, — деп, ол шағын, бірақ
тығыршықтай
тығыз қапшықты ұсынады.
Мына
ғажапқа қараңыз: анам есін жиды. Сірə, көзін де ашып үлгермесе
керек
, бірақ қапшыққа қолын созады. Келесі сəтте ол пеш жанында
күйбеңдеп
жүрді: асығыс бақырды қойып, астына от жақты. Біз ұннан
жасалған
көжені ашқарақтана жəне рақаттана жұтамыз, тек қана əнеміне
мескейдің
түбі көрініп қала ма деп қорқатын секілдіміз. Кейін білдік, сол
күні
Иван Семенович Мартынов барлық үйді аралап, əрқайсысына аздап ұн
үлестірген
екен. Сөйтсек, қоймада қол тигізуге қатаң тыйым салынған қап
болыпты
. Бірақ адамдар өлім халінде, ажал аузында жатқан кезде қоймашы
бұйрықты
бұзған. Балалары көп үйлерге сəл артығырақ етіп бəрімізге тең
бөлген
.
Сол
күннен кейін əкем оңала бастады. Ал сауыққан соң жұмысқа барды да,
үйде
аздап ішіпжем пайда болды.
Бірде
анам көшеден жылап келді. “Ауылда біреуміреу аштықтан өлген
шығар
?” деп ойладым мен. Сəлден соң əкем де келді.
— Жə, жетер, қойсаңшы, — деп, ол анама қабағын түйе қарады.
— Иə, қалай қоямын?! Егер Мартынов болмаса, қанша адам аштан өлген
болар
еді! Ал ол жанашырлық көрсетіп, қазынаның ұнын таратты. Əлде ол
ғана
кінəлі ме? Не, сендер еркек емессіңдер ме, неге қорғамайсыңдар?!
— Қорғап көр. Аудан орталығына үш түнемей жете алмайсың. Олар оны
босатпайды
да. Тура бір өзің білмейтіндей...
— Бірақ он жыл түрме не үшін?! Аштарға көмектескені үшін бе?
— Солай деуге болады...
Қыс
түсті. Иван Семеновичтің əйелі Марфа тəтей Павлодар түрмесінде
қамалып
жатқан күйеуін көріп қайтқысы келді. Бір күні Мартыновтың
жыртық
тон киіп, белін жіппен, қайыс баумен байлаған бес баласы түгел
біздің
үйдің есік алдында тұрды. Олардың үлкені — менің достарым Петька
мен
Ваньканың жасы жеті жəне алтыда болатын. Марфа əр баласының
бетінен
кезекпен сүйіп шықты да, кетіп бара жатқан арбаға қарай асығыс
жүріп
кетті. Осылайша олар біздің үйде қыс бойы тұрды. Ал көктемде үйдің
жанына
жүк арба келіп тоқтады. Марфа өзімен бірге əкесін, сары жирен
сақалды
, шымыр денелі қартты ерте келіпті. Анам оның балаларымен
құшақтасып
қоштасты, ал олар арбамен бір жаққа қарай кетті.
1951 жылы мен туған өлкеме демалыс алып келдім. Мен кіші лейтенант
шенінде
аяқтаған соғыс, жеңістен кейінгі тұрақты армиядағы қызмет артта
қалған
. Біздің үйіміз ол кезде Баянауыл ауданының Ленин атындағы
кеңшарында
тұратын. Бірнеше күн демалғаннан кейін мен атқа қонып,
қосауыз
мылтықты алдым да, қырға қарай жорта жөнелдім. Үйден
алыстаған
кезде бұрын таныс емес үлкен көлдің жағалауына іліктім. Көз
салып
қарап едім, жағадан жағылған оттың түтіні шығып жатыр екен, сол
жерде
қармақ салып біреу отыр. Жақындап бардым. Бұл сақалмұрты ағара
бастаған
орыс шалы екен. Мен балықшыға сəлем беріп: “Бұл қандай көл?”
— деп сұрадым.
Қарт
маған өткір көгілдір көзін қадалта қарап:
— Ал өзің қайдансың? — деді.
— Баянауылдан.
— Міне, қалай? Жерлес екенбіз ғой. Алысқа ұзап кетіпсің, бұл енді
Қарағандының
жері. Оскаровский ауданы. Ал көл Шыдынды деп аталады...
Баянауылдықтан
кімді білесің, а?
— Көп...
— Исабаев Əлиді білесің бе?
— Ол менің əкем!
Қарт
қолынан қармағын түсіріп ала жаздады. Содан соң мүштікпен шегіп
отырған
шылымының түтінін терең тартып, қармағын былай тастады да,
орнынан
түрегелді.
— Заркен емессің бе? — деп толқи сұрады ол.
— Жоқ, Заркен менің үлкен ағайым. Ал мен — Қалкенмін.
Ол
қуана күлімсіреп, кенет мені ат үстінен қуатты қолдарымен жұлып алды.
Содан
соң жалпақ алақанымен арқамнан қағып, бетіме барлай қарады.
— Танығың келмей ме, а? Мартыновпын мен, Иван Семенович. Бəлкім,
туыстарыңнан
мұндай есімді естіген шығарсың? Марфа! — деп айғай салды
ол
үй жағына қарап. — Мейманды күтіп ал!
Есік
алдына бүкірейген кемпір шықты да, алақанымен көзін көлегейлеп,
маған
тесіле қарады. Содан соң қолдарын шапақтап, менің жаныма жүгіре
басып
келді де, маңдайымнан сүйді.
— Махтумға судың қос тамшысындай ұқсас.
Жоғары
шық, төрлет, ұлым!
Үйден
ұзын бойлы, ақ сары шашты жігіт — мен бірден тани алмаған бала
кезгі
досым Ванька шықты. Сəлден кейін біз мерекедегіше дайындалған
үстел
айналасында отырдық. Соғыста қаза тапқан Петрді еске алдық,
Мартыновтар
үшін жəне менің туыстарым үшін, біздің кездесуіміз үшін
іштік
...
* * *
Камил
Икрамов “Менің əкемнің ісі” (“Дело моего отца”) кітабында былай
деп
жазады:
“Біздің салонвагон қыстыгүні қазақ жерімен өткенде, сірə, мен алты жаста
болармын
. Қазалы ғой деймін, стансыда вагон ақ ғимараттың қарсы бетіне
келіп
тоқтады, жол мен даланы жапқан қар жыртықақжаймағаұқсайды,
алпойыздыңалдында
қолдарын жалбарына жоғары созған қаңқалар тұрды
— балалардың қаңқаларын қолдарына ұстаған ересек адамдардың тірі
қаңқалары
.
Əкемнің
* не дегені жөнінде немесе, ең болмаса, оның бет ажары қандай
болғаны
туралы қосып айтқым да, қорытынды шығарғым да келмейді. Сол
сəттегі
əкемнің түртүсі есімде жоқ, жалпы, маңайды жапқан жаңа жауған
қар
мен бетжүздері де қарсылық көрсету үшін көтерілген емес, бір үзім нан
күтіп
жалбарына жайылған қолдары да қапқара адамдардан басқа ештеме де
есімде
жоқ. Ал сол кезде біздің вагонда, бəлкім, картоп қосылған қуырдақ
пісіріліп
жатқан да болар. Мүмкін, қойдың майына қуырылған...”
Дəл
осы теміржолмен сол жылдары Мəскеуге Голощекин жиі барып тұрды...
“...1933 жылға, — деп еске алады тағы да Камил Икрамов, — біздің
отбасымыздың
досы Зинаида Дмитриевна Кастельскаяның əңгімесінің
қатысы
бар...
— ...Мен бақшада тұрғанмын, — дейді ол. Бəлкім, жылаған болармын...
Көңіл
күйім өте күйінішті əрі қайғылы еді. Сұмдық! Сенің əкең келді. Ол да
əйтеуір
ұйықтамаған.
“Сіз неге көңілсізсіз? Сіз бір нəрсеге алаңдаулысыз ба, реніштісіз бе?”
Мен
оған: “Білесіз бе, мен сұмдық қорқынышты түс көрдім, сіз білесіз бе,
сондай
үрейлі, қайғылы— тіпті одан шығар жол да жоқ”, — дедім. Оның
білгісі
келіп: “Қандай?” — деп сұрады. Мен айтамын: “Міне, ең алдымен,
алғашында
аспан болды, содан кенет жұлдыздар ағып түсе бастады, — деп.
— Түсіп жатыр, түсіп жатыр, соншама көп жұлдыз. Мен қарап тұрмын, бір
кезде
жұлдыздарды көру үшін жүгіріп келдім, көз салып қараймын — өлі
қойларға
ұқсап жатыр, жалпы, тұтас табын, бұйра жүнді өлі табын. Содан
соң
мен жақынырақ келіп, анықтап қарай бастадым, жоқ, бұл табын емес,
бұлар
— адамдар, бұлар — қазақтар! Өлі, сұмдық қорқынышты, əлдебір
албажұлба
жабу бүркенген жəне нағыз қаңқалар жатыр...”
Əкең
сондай көңілсіз қарап тұрып, кенет маған: “Зинушка, сіз сондай
жақсысыз
, сіз тіпті мұның бəрінің не екенін білмейсіз” , — деді...
— Бұл отыз үште ме? — деп сұрадым мен.
— Отыз екіде де болған. Бұл отызыншы жылдан басталды, тіпті жиырма
тоғыздан
, бірақ олай емес. Дегенмен, қалай болғанда да, отыз үшінші жылы.
Өйткені
қазақтар туралы əңгімелер көп болды. Оның үстіне, стансы
атаулының
бəрінде де солар болды. Мəскеуден Ташкентке дейінгі барлық
жол
бойында, бұл сұмдық жағдай еді, осы бір жалбарынған,
жылапсықтаған
, тамақ сұраған бақытсыз, алымжұлым киінген балалар...
Міне
, сірə, осы кезде Қазақстандағы сұмдықтар туралы əңгіме болды.
Бəлкім
, бұл Николай Ивановичтің (Бухариннің) сапары кезінде болған
болар
, өйткені ол мүлде күйінішті жағдайда келді. Ол өзінде бардың бəрін,
барлық
ақшасын таратып берген, “Біз аш келдік. Қарауға дəтің
шыдамайды
...” — деді. Орынборға бет алған кезде барлық жол бойы, барлық
стансылар
өлген адамдарға толы болды. Барлық жақтан бақытсыз
адамдарды
көресің, балалар стансыларда, жалпы барлық жерде сенделіп
жүрді
...”
Ал
Николай Иванович сол кезде, отыз үште жоқ болмады...
* * *
Қазақ
жазушысы Мұхтар Мағауин маған мына əңгімені айтты:
— 1944 жылы біз көштік, мен төрт жаста едім. Көш он екі күн бойы əулеттің
байырғы
жолымен, Семей облысының оңтүстігінен Жезқазған облысының
солтүстігіне
қарай жүріп отырды. Біз үш жүз шақырым қашықтықты басып
өттік
. Бəрі де есімде: құлазып, қаңырап қалған қыстаулар, үйлердің
терезелері
шағылып, есіктері суырылып алынған, онда əлдеқашаннанақ
қасқырлар
ұя салған. Айнала толы адамдардың шашылып жатқан
қаңқалары
мен бас сүйектері; сапырылысқан сайғақ табындары... Жолдан
бірдебір
ауылды ұшыратпайсың — отыз екінші жылдан бастап бəрі қаңырап
қалған
. Сол кезде мен бала болсам да осының бəрін айтып беру үшін: “Мені
жазушы
ете гөр!” — деп Құдайға жалбарындым.
Х
V
1933 жылғы газеттер (əйтсе де, оған дейінгі жəне одан кейін — 1985 жылға
дейінгі
) аштық пен жаппай адам өлімі туралы айтпай қалды. Бүкіл елді
үнсіздік
жайлады. Аштық туралы үндемеді — ұжымдастыру мен
социализмнің
жеңісі туралы айғайласты. Алайда тек газеттер ғана жазбайды
жəне
газеттерде ғана жазбайды ғой...
Он
тоғыз жасар қыз Татьяна Невадовская күнделік дəптер жүргізген. Ол сол
кезде
жер аударылып келген профессор əкесімен бірге Іле Алатауының
баурайындағы
Шымдəулет ауылында тұрған. Əкесі де, өзі де ауыл
шаруашылық
тəжірибе стансысында жұмыс істейді. 1980 жылы Татьяна
Гавриловна
Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұрағатына отызыншы
жылдар
фотографиясымен қоса, əкесі, оның қызметкерлері жəне сол кездегі
өмір
туралы естеліктері бар альбомын табыс етті. Альбом деп айтылуы
онша
дəл емес те болуы мүмкін. Бұл — əуесқойлықпен түсірілген күңгірт
фотосуреттер
жапсырылып, жазулар жазылған əдеттегі суретке арналған
дəптер
. Ал соңында, ақырғы беттерінде өзі шығарған өлеңдер бар. Дəптерге
“Қазақстандағы қасірет” (“Казахстанская трагедия”) деген тақырып
қойылып
, “1933 жылдың наурызы” деп көрсетілген.
Невадовская
еске түсіреді:
“1932 — 33 жылдардың бұл кезеңінде Қазақстанның жергілікті тұрғындары
аса
күйзелісті жағдайда болды, қазақтар ауылдарын тастап жатты,
аштықтан
отбасымен түгел қырыла бастады, қыста үсікке ұшырады, ауруға
шалдықты
. Кейін мұны “бұрмалау” деп атады, ал ол кезде бүкіл Қазақстан
үлкен
экономикалық қиындықтарды бастан кешірді...
Бұл
қыс біздер үшін де қорқынышты болды, бірақ, ең бастысы, жергілікті
халық
үшін...
Мен
өте жас, əсершіл... ынталы болдым... жəне естен тандырған
жаманшылық
, аштық, жоқшылыққа ұшыраған ол кезде жаншылып,
басылып
қалған қараңғы халықтың қорғансыз халіне қатты қиналып, терең
күйзеліске
ұшырадым... қазақтардың (сауатты жəне қайта түлеген
халықтың
) қазіргі ұрпақтары аштықтан өлген адамдарды, балаларды,
қарттарды
жəне адамдары кетіп, құлазып бос қалған қыстақтар мен
ауылдарды
, далада үсікке ұшырағандар мен ауруға шалдыққандарды
ұмытпаса
екен деп тілеймін...”
Міне
, оның 1933 жылы қағаз бетіне түсірген өлеңдері, сол кездің
лагерьлерге
тоғытылмай қалған кəсібиақындары дəл осыбірқарапайым
зертханашы
қыз секілді ағынан жарыла жырламағанын ойға оралтарлық
жолдар
бұл*:
Боянып
əлем — келіп те қалды көктем де...
Ұмытылған
бəрі — оралам, бірақ, өткенге...
Қыстағы
қатқан есіме дене түседі,
Көгеріп
шығып қалса да алау көк белде.
Айналам
лас, не деген мынау кемтарлық,
Жыртылған
киім жамауға келмес, елзарлық?
Шексіз
де шетсіз азапты тартып тұрмынақ,
Бейшара
халді адамдар үшін мен барлық.
Айнала
аштық... көрем мен неге тоқтықты,
Киім
бүтін... қазақта түк те жоқ тіпті.
Алақан
жайған есімде əйел əлі де,
Əлі
де кемпір есімде ессіз, шоқтықты.
Көйлегі
кіркір, көңілі дағы бүтін бе,
Омырау
ашып: “Жоқ қой, қарағым, сүтің де!”
Апарық
ана кеудеге басып сəбиін,
Алаңдайды
кең аспаннан түсер күтім бе?
Азапты
жаным, төзе алар, сірə, емеспін,
Жегенін
көрдім шөпті де келіп “елегің”.
Айдала
, тіпті, жоқ күнде өлер қораң да,
Жауынның
, қардың астында соққан боранда.
Сабан
боп тұрды жинаған ерте көк өскін
Жиналған
сабан... базданып басы шіріген,
Кеміріп
тышқан, у дəмі шығар бірінен.
Дəрменсіз
бала салады келіп аузына,
Үздіккен
үнді көремін ауру түрінен.
Əлжуаз
қолды, шамасы жетіп осында,
Құлағым
келіп, қайтейін, бұл да босын ба?
Азапты
бұлар тартады неге, тегін бе,
Өзінің
жері, өзінің жүріп елінде?
Іштері
кеуіп сəбилер жатыр тұра алмай,
Қабырға
, сүйек арсаарса... сор жоқ бұлардай.
Саусағы
нəзік, қолдары нəзік апарық
Ауру
қыз келіп жиналған шөпке құлайдыай.
Аштықта
мынау құпия сыр жоқ ешқандай,
Ақталу
дағы болмасын, қалмайық тағы сынамай.
Көктеді
егіс. Көкжиек жатыр бұлдырап,
Бозторғай
көкте ұшады тынбай құлдырап,
Сəбилер
, тіпті, көрмесін енді аштықты.
...Өлген қазақтың денесі емес бұл бірақ,
Түсініп
, білгім келеді мына жайды мен —
Неліктен
ажал, қанатын аштық жайды кең?
Бұйрығы
кімнің? Көшпелі халық еді бұл,
Ойнауға
, сірə, болмайтын шығар қайғымен!
Құдай
ма, əлде Алла ма, кімнің əмірі,
Жалаңаш
қалып, таусылды халық сабыры —
Кеңбайтақ
өлке аштықтың тартып азабын,
Қиылды
елдің жоқтықтан құнартамыры.
Қай
жауыз екен бастаған сонша азапты,
Қай
ессіз екен тудырған сонша дозақты?!
Не
рақат таппақ болды екен, сірə, ұқпаймын,
Айырып
малдан, айырып жерден қазақты?!
“Жер жыртып қазақ құмартқан емес астыққа”
Демейді
ешкім білсе де, көңіл бастықпа!
Киіз
үйсіз ол қалады қатып ақпанда,
Отар
малсыз қалады ол тағы аштықта.
Қазақстан
байтақ, жабайы өлке демегін,
Табиғаты
мен ауа райы беріп көмегін, —
Бітті
ғой егіс, жетер еді халықтың
Нанына
, еті, шайына тіпті сенемін.
Кетті
алып бəрін — алмаймын, сірə, бүге де,
Қалмады
дəні, сабанға халық еге ме?
Құдай
да, тіпті, Алла да ойлап таппастай,
Қияметқайым
өтіп ед... сол бір төбеде...
Киізсіз
, жүнсіз қазақтың жұтап қаларын,
Білмейді
тіпті саудаға басын саларын.
Сезсін
ол қайдан түбінде жырақ Мəскеудің
Егін
егіліп, колхозшы жинап аларын.
Көңілді
сайрап жүр құстар көкте тынбастан,
Ал
жерде аштық, қайғымен тағы мұң басқан.
Қарауға
қиын осынау азапкөрініске,
Мен
болсам мұндай қасіретпен бірақ “ымдаспан”.
Шіріген
мая көңілге тыным бермейді,
Тоғысқан
қалай сұлулық, жоқтық, қасірет
Бозторғай
үні ашық аспанды тербейді.
Т
.Г.Невадовскаяның альбомындағы бір шағын əуесқойлық фотосурет
бəрінен
де көп əсер туғызады. Топырағы тоң кесектенген жалаңаш дала,
алыста
жапырақсыз бұтақтары сидиған бəйтеректер қатары, алаңды айнала
жиектеген
ағаштар, сиса көйлек киген ақ сары шашты қыз, бейне бір
фотографты
байқамағандай алысқа көз жіберіп тұр, ал алдыңғы қатарда —
қазақ
жігіт, бəлкім, бұл жігіт те емес, толысқан ересек адам болуы да, —
түсіну
қиын. Ол екі тізесін құшақтап жерде отыр, жанында кетпен жатыр.
Киімдерінің
тозығы жеткен, жыртылған бəтеңкесін шандып орап қойған.
Жүзі
жүдеу, қалжыраған, күңгірт көзқарасында ашыну мен торығу нышаны
бар
. Күйзеліс пен күйініштің құрсауы оның жүзіне шеңгелін терең батырған
секілді
...
“Бұл фотосурет, — деп жазады Невадовская, — “бұрмалау” деп аталған
кезеңнің
айрықша əсер ететін əңгімелеуші құжаты болып табылады.
1933 жылдың ерте көктемі. Мен мамандардың біреуімен бірге келе
жатқанмын
, менде фотоаппарат бар болатын. Қара жолдың үстінде əлсіреп,
жүдеген
қазақ отырды... дала жұмыстарынан титықтап, əбден қалжырап
келе
жатқан ол əлсіз ыңырсып, жейтін, ішетін бірдеме сұрады... Мен
фотоаппаратты
жанымдағы серігіме бердім де, су əкелуге кеттім. Ол суды
қомағайлана
жұтты. Мен өзімнің жолдасымның мені суретке түсіріп
алғанын
байқамаппын. Мен енді жолдағы адамға біраз нан мен қант əкеліп
беру
үшін үйге жүгіріп кеттім...
Мен
оған нан алып қайта оралған кезімде... ол өліп жатты...
1932—1933 аштық жылдары адамдар өмірмен осылайша қоштасып жатты.
Бұл
халықтың осы кезеңдегі ешбір дəлелсіз жəне ақталмаған күйзелісін есте
қалдыру
үшін мен осы жерге белгісіз солдаттың зиратына қойылған обелиск
сияқты
ескерткіш орнатқан болар едім...”
Түсінікті
тілек. Тек ол жерге ескерткіш қоя алмайсың — Шымдəулет
ауылындағы
сол орын енді таптыра қоймас.
Жəне
... көктемдегі дала төсінде жол үстінде аштан өлген бұл бейшара
сорлыны
Белгісіз солдатпен салыстыруға бола ма? Солдат, Отан үшін оны
жаудан
қорғап шайқасты, оның қолында қаруы болды. Ал бұл байғұстың
қолында
кетпеннен өзге ештеме болған жоқ. Жəне ол өзінің жеріне қандай
бір
қырсықтың тап бергенін, неге аяқастынан бəрі аштықтан қырылып
жатқанын
білген жоқ. Ол сөзбесөз аударғанда — текті, əулетті жою, ал кең
мағынада
— халықты жою дегенді білдіретін “геноцид” сөзін естіп те
көрген
емес. Жəне азамат соғысы əртүрлі кейіпте көрінеді деп ойлаған жоқ,
сондықтан
да егер зеңбірек оқ жаудырмаса, ешқандай суық қарудың дауысы
естілмейтіндей
болса, онда бұл жағдайда халық неліктен қырғын шайқас
алаңындағыдан
да көп ажал құшатынын түсіне алмады.
Ол
— бейбіт құрбандық болды...
* * *
Ал
кəсіби ақындар ше?..
Ұжымшар
құрылысының жыршылары жетіп артылды.
А
.Безыменский Кеңестердің VІ съезінде “Руське қарсы — қуатты
социалистік
индустрияны жасаушы жəне совхоз бен колхоз ағыны (?)
арқылы
жердің беті мен шаруалар қауымының жүрегін қайта жабдықтаудың
ұлы
поэмасын тудырушы КСРО үшін” сөз сөйледі.
— Жолдастар, — деп ұран тастады А.Безыменский, — кулактық
РасеюшкаРусь
жуық уақыттарда берілмейді, сондықтан біздің
табыстарымыз
, КСР Одағының жетістіктері — “РасеюшкаРусь” болып
табылатын
сол жаудың бейнесін жою деңгейімен өлшенетін болады.
Жəне
əрине, өзінің өлеңін оқыды:
РасеюшкаРусь
, қарғыс айтам мен саған,
Естілмеуі
үшін де бұл сөз енді ешқашан.
РасеюшкаРусь
, үш танапты егістік,
Қара
батпақ жəне де өлі өзендер құрғаған...
М
.Светлов*:
Құс
үні, күннің күлкісі,
Қараған
ылғал, бақтағы əн.
Ауданның
ойнап түртүсі
Коллективтендіру
қаптаған.
Толқиды
егін тынбастан,
Шақырымды
алып мыңдаған.
Днепропетровск
пен Кременчуг
Аралықтағы
ел тыңдаған.
Жаппай
ұжымдастыру аудандарында Күн тек өршеленіп “буырқанған
бидайды
” ғана көрсетіп қойған жоқ...
Не
болғанының тағы бір дəлелі мынау...
...Украинада:
“Мен бір хатаға кірдім де, тас болып қатып қалдым. Ағаштан жасалған
лəпкенің
тура қабырғасында бесалты жастағы кеуіпсеміп қалған бала
жатты
, оның үстіне төніп, қолына пышақ ұстаған шешесі үлкен күш
жұмсап
, оның басын кесіп алуға тырысуда. Пышақ пен қолдары қанға
шыланған
, баланың денесі қатты қалшылдап, аяғын сермелейді. Бір сəтке
біздің
көзіміз түйісіп қалды. Ол маған қарады, бірақ мені көрді деу қиын,
оның
көздері құпқұрғақ, ешбір жарқылсыз, əлі де кірпіктері жабыла
қоймаған
өліктің көзін еске түсіретін... Бір сағаттан кейін біз адам
жегіштіктің
бұл жағдайын тіркеу үшін əлгі хатаға кірдік, бірақ жер еденде
шалқасынан
өлі көздерін ашып жатқан əлгі сол əйелді көрдік... Ол баланың
кесілген
басын кеудесіне қысып алыпты”.
...Кубаньда:
“...Онда сұмдық аштық — адам адамды жейді, көбі өліп жатыр, ал
қалғандары
өлі адамдарға барып, олардан ет кесіп жейді... Адамдар қайда
жүрсе
сол жерге құлап, сеспей қатады; бетін жабатын ешкім жоқ, сол
жатқан
жерінде сасыпшіріп, тек сүйегі ғана қалады, бұрын жылқылар
сөйтуші
еді, енді адамдар”.
...Азов жағалауында:
“...Солтүстікке қарай бағыт алып, автокөлікпен бірнеше сағат бойы жүрдік.
Машина
биік шөп өскен жолмен келеді, өйткені бұл жолмен көптен бері
ешкім
жүрмегені көрініп тұр. Селолар мен деревнялардың бұрынғы
көшелері
кісі бойы қалың қурай жынысына айналған. Мұнда келгендер
селолардан
бірдебір тірі жан таппады: хаталарда қаңқалар мен адамның
қурап
қалған бастары жатыр. Еш жерде адам да, мал да, құс та, мысық пен
ит
те жоқ. Бəрі де жаппай келген аштықтан қырылып қалған”.
Дегенмен
өлең шығарғыштарға қайтып оралайық:
В
.Луговской*:
“Себілген дəн үшін!”
Деп
оқыс сонау жер құны,
Елемей
еңбек, табысын,
Өлтірді
Егенбердіні.
Д
. Кедрин*:
Сағана
сынды шəлкісі,
Тоны
да емес шырайлы.
Жалап
ап ернін пəк кісі,
(1932)
Сыбырлап
нанды сұрайды.
...Жау екенін оның сездім де,
Жанарымды
үнсіз тіктім кең,
Айтары
барын көздің де,
Сол
кезде барып ұқтым мен.
...Мына қу түлкі есіріп,
Ұстатпай
кетсе сой ізі,
Социализмге
кешігіп,
Барады
бақыт пойызы.
Жарықпен
бірге жарысып,
Түседі
тұман — мұңжүгі,
Тиынды
қолым қарысып
Қалтама
оқыс сүңгіді.
(1933)
Кедринге
Мəскеу көшесінде сары “кулак” емес, айталық, қара шашты “бай”
кездесуі
əбден мүмкін. Қазақстан тұрақты өкілдігінің төрағасы Тоқтабаев
1933 жылдың 2 ақпанында:
“Севлес” Қазақстанның бірқатар аудандарынан колхозшылар мен
батырақтарды
жалдады... Жұмыс орнына келген жұмысшы қазақтар мүлде
қиын
жағдайда болды, оларға баспана берілмеді, олар басқа
жұмысшылармен
бірдей азықтүлік ала алмады... Осыған байланысты
Москваға
күн сайын ондаған жұмысшы қазақтар, батырақтар мен
колхозшылар
ағылып келіп жатады... Қаржысы жоқ болғандықтан, олар
ашығуда
, теміржол бекеттерінде сенделіп жүреді, өздерінің тұрған
жерлеріне
жете алмай қиналуда”, — деп хабарлады.
Бəлкім
, бұл бейшаралар да нанға ақша сұрау ға мəжбүр болған шығар.
Біреулер
оған қайырымдылық көрсетудің орнына, көзілдірігінің үстінен
сүзе
қарады, енді біреулер олардың жан аярлық жүздеріне сенбестікпен көз
тастап
өтіп жатты...
* * *
Ал
халық аузында қандай өлең жүрді?
Ресейде
ұжымшарға қарсы шығарылған көптеген жыртермелердің
(частушка) ішінде мынадайлары да болды:
Колхозда
жұмыс істедік,
Бір
бастың қамын діттедік.
Жиырма
бес жылқының жиырмасы
Қайда
кеткенін білмедік.
Украинада
:
Отыз
үштің жылында
Өлікке
толды жер беті.
Шошқа
да жоқ, сиыр да,
Тек
Сталиннің тұр суреті.
Арнайы
қоныс аударушылар (“спецпереселенцы”) Қарағандыда өздері
шығарған
мына əнді айтты:
Біз
шаруа едік еңбекшіл,
Орловтық
, мордва, еділдік.
Табысымыз
да көлкөсір,
Күнітүн
іске жегілдік.
Отыз
бірінші жыл болғанда
Ал
келіп бізді соттасын.
Масқаралап
кулактың
Əйелі
, бала, отбасын.
Жерімізді
тартып ап,
Еркіндіктен
айырды.
Үйімізден
қуып шықты да,
Қолымызды
артқа қайырды.
Азаптады
жолда олар
Алдына
салып малша айдап.
Талықсыған
балалар:
“Су!..Су!..Су!..” — деп ойбайлап,
Қанды
тышқақ дертінен
Көбі
олардың көз жұмды.
Сорымызға
осындай
Заманды
бізге кез қылды.
Апандай
ашып аранын,
Аштық
келді одан соң.
Құрқұлақ
, сүзек — бəрі өлім...
Қайтейік
басқа салған соң.
Адал
шаруа едік еңбеккер,
Теріміз
жерге көп сіңген...
Не
үшін, туыпөскен ел,
Бізге
қатал жаза кестің сен?
Ойламаймыз
тіпті біз
Күнəміз
бар деп əлі де...
Ал
бірақ біздің зарлы үніміз
Естілер
бір күн бəріне...
* * *
Қазақстандық
тарихшылар Б.Төлепбаев пен В.Осипов сол кез туралы:
“Əсіресе балалардың жағдайы ауыр болды, — деп жазады. — Жетімдер
аштықтан
он мыңдап өліп жатты...
Аштық
тек Қазақстанның ауылдарын ғана емес, сонымен қатар
деревняларын
, қыстақтарын, кентпоселкелерін, қалаларын да жайлады.
Ақтөбеде
, мысалға, аштық пен дизентериядан 1932 жылдың көктемі мен
жазында
қырылғандар саны: мамырда 175 адам, маусымда 208, шілдеде 320,
тамызда
450 болды. Жəне бұл сол кезде тұрғындар саны 15 — 20 мыңға əрең
жеткен
қаладағы жағдай ғана.
Кадр
“тұрақсыздығының” төтенше жағдайымен сипатталатын қазақстандық
жаңа
құрылыстар жұмысшылары да аштықтан аз күйзелген жоқ.
Мысалға
, Қарағанды шахталарында 1932 жылы жұмыс істеген 37 772
жұмысшыдан
33 865 адам орын “ауыстырды”. Əсіресе “арнайы қоныс
аударушыларға
” қиын тиді. 1933 жылы олардың саны мұнда 7545 адам
болды
”.
Ж
.Əбілхожин мен М.Тəтімовтің келтірген деректері бойынша, Қазақстанға
1932 жылы 45 мыңға жуық отбасы жіберілген. Бірақ, бəлкім, бұл да толық
цифр
болмауы мүмкін: “арнайы қоныстар”, егер жүздеп болмаса, ондап
саналды
.
Есіл
жағалауында 1931 жылдың үш айында ғана мұндай қоныскенттерде —
стансы
маңындағы лагерьлерде үш мыңға жуық адам өлді. Жыл аяғына
қарай
, “табиғи шығын” отыз мыңнан асып түсті...
Жер
астында ондаған жылдар бойы жұмыс істеген, құрмет пен орденге
еңбегі
сіңген, бірақ өздерінен р е с м и т ү р д е “кулак” таңбасы алынып
тасталынуы
үшін еңбектері “сіңбеген” қарағандылық ардагершахтерлер,
бұрынғы
арнайы қоныстанушылар еске алады...
Григорий
Кузьмин Герасимов 80 жастан асты. Ол Пенза облысының Инсар
қалашығында
туған. 1931 жылы тəркіленді. Ал оның шаруашылығында
отбасындағы
сегіз жанда не болып еді? Бір сиыр, екі жылқы, бір гектарға
жуық
жері. Оскаровкаға жер аударып, елсіз далаға түсірді. 1932 жылдың
қысында
əйелі мен бір жарым жастағы ұлы аштықтан өлді. “Ал маған
оларды
жерлеуге де тура келген жоқ...”
Василий
Дмитриевич Зацепин Орынбор облысында туған. Оның да
отбасында
сегіз жан болды. Шаруашылығы — екі жылқы, екі өгіз жəне екі
сиыр
. 1930 жылдың көктемінде бүкіл отбасын туған үйінен қуып шықты.
“Қысқы киімдерді, тіпті гармошканы да тартып алды”. Алғашында селодан
жүз
шақырымнан алыс далаға қуды, келесі жылдың көктемінде
Қарағандыға
жіберді.
“Ал мұнда, жерден қазылған жаппа үйлерде, иə, тағы шым топырақтан
соғылған
барақтарда, адам айтқысыз тар қуыстарда, аштық пен суықта
бастан
не кешуге болады — өздеріңіз ойлап көріңіздер: əкемнен, бауырым
мен
қарындастарымнан айырылдым. Сегіз жаннан шешем екеуміз ғана
қалдық
...”
Зацепиннің
əйелі Анастасия Платоновна — Саратов облысынан. 1932 жылы
Қарағанды
жерінде анасынан айырылды, келесі жылы аштықтан сіңлісі
өлді
. “Біздің анамыз шатырға балшық көтеріп бара жатып құлап түсіп, тілсіз
кетті
. Мен анамды жерлеуге жəрдем сұрап, комендатураға жүгірдім. Келсем,
есік
жабық, ал онда тар қуысқа ұқсаған кішкене терезе бар екен. Одан
сығалап
қарасам, кіндігіне дейін жалаңаштандырған шаруаларды
күзетшілер
ұзын қамшымен ұрып жатыр, айғайлауға болмайды. Мен
комендатурадан
тұра қашқандай болып, кері қарай жүгірдім. Зират қа
келсем
, онда теміржолшы ағай өзінің өлген əйеліне көр қазып жатыр екен.
Мен
оған: “Ағатай, менің шешемді де бірге көміңізші...” — дедім. “Неге
көмбеске
... Тек сен, қызым, маған көмектес”. Сөйтіп, мен тура көр ішінен
сыртқа
қарай қолыммен топырақ лақтыра бастадым...”
Яков
Михайлович Лутовинов — Воронеж облысындағы Быково селосында
туған
. 1931 жылдың көктемінде, он жасар бала кезінде Оскаровкаға тап
болды
. Есіл жағасындағы 9арнайы қоныстану кентін салу орнына жаяу
келді
. Қыста теміржол құрылысында 16 жасар бауыры қаза тапты. Оны
көптеген
басқалар секілді тура теміржол астындағы тастабанға жерледі.
Кентте
сүзек басталды. Күн сайын ертемен орам (квартал) бастықтары
барақтарды
аралап: “Тірісіңдер ме! Араларыңда өлгендер бар ма?” — деп
айғайлап
жүреді.
“Тұтас отбасылар өліп жатты. Қыстыгүні мəйіттерді текшелеп жинап,
көктемге
дейін үстін қармен жауып қояды, өйткені адамдардың қатқан
жерді
қазуға шамасы келмеді... Ал үстімізге қаптаған бит балағымыздан
кіріп
, басымызға шықты. Дəрігер Кох болмағанда, сол кезде бірдебір адам
аман
қалмас еді...”
* * *
ОГПУдің
арнаулы құпия мəліметінен (Ақтөбе облысы, 1932 жыл):
“Севастополь ауылдық советі “Путь к коммунизму” колхозының
колхозшысы
Горкуша Иван: “Міне, Совет өкіметі не істемеді?! Тұқым алуға
бара
жатсаң, сауысқандар шала өлген жылқыларды шоқып жатады. Тіпті
адамдар
да аштықтан өлуде. Осы Совет өкіметі мен оның басшылары қашан
құриды
! Ленинді сайтан алды, Калинин мен Сталинді жер бетінен алып
кететін
тағы да бір осындай адамдар табылса ғой. Бірақ, оқасы жоқ, шыдай
тұрайық
, жақында Жапония келеді, сонда біз оларды бірден жер бетінен жоқ
етеміз
. Халықтың тартқан азабы жетеді, біз оларға көрсетеміз социализмді
қалай
құруды!” — деді”.
* * *
Осы
заманғы ғалымдар, ұжымдастыру туралы зерттеулердің авторлары
Н
.Михайлов пен Н.Тепцов “Қуғынсүргінге ұшырағандардың саны қанша
болды
?” деген сұраққа жауап іздеді. “Бұл сұрақтың жауабын (ең болмаса,
жуықтап
)... Сталиннен сұрауға тура келеді”, — деп жазды авторлар. Баршаға
белгілі
екеніндей, “ұлы көсем” өзінің қылмыстарының куəгерлерін тірі
қалдыруды
, одан да бетер, қылмыстарын мойындауды ұнатпады. Бірақ бірде
ол
аңдамай сөйлеп қалды. Ұжымшар мүшелеріекпінділерінің Бірінші
Бүкілодақтық
съезінде, 1933 жылдың 19 ақпанында сөйлеген сөзінде Сталин
ұжымдастыруға
дейін деревнядағы əрбір 100 үйге 45 кулак, 8 немесе 10
ауқатты
, 45—50 орташа, 35 кедей отбасынан келді деп санауға болатынын
атап
өтті. “Колхоз құрылысын өрістете отырып, — деп мақтанышпен айтты
Сталин
, — біз бұл алақұлалық пен əділетсіздікті жойдық, кулактық қанауды
талқандадық
”.
Енді
, кəне, санап көрейік. Сөйтіп, əрбір 100 үйге Сталин 12ден 16ға дейін
кулак
жəне ауқатты отбасынан келеді деп есептеді. 30жылдардың бас
кезінде
елде 25 миллионға жуық шаруа қожалығы болды. Демек, олардың 3
миллионнан
астамын Сталин қара бағанға шегеледі. Егер сол жылдар
статистикасына
сүйеніп, əрбір “кулак” отбасында орта есеппен 78 адамнан
болғанын
ескерсек, онда “тап ретінде аласталғандар” санатына 20
миллионнан
аса адам тап болған. Сұмдық цифрлар!”
Зейтін
Ақышев “Зауал” кітабында, қазіргі Аққұдық деп аталатын жерде
(Павлодар облысы, Май ауданы) 1934 жылы өз басынан өткен жағдайды
əңгімелейді
.
“Біз 120 пұт тұқымдық астық əкеле жатып, жолшыбай бір елдімекенге
кірдік
. Ауыл бос қалған: адам да, ит те жоқ. Шет жақтағы бір үйге бұрылдық
— тірі жан көрінбейді. Бөлмеге ендік. Оның ішінде құрылған шымылдық
тұр
, əдетте, қазақтардың үйлерінде жас жұбайлардың төсегін осылайша
кездеме
матамен қалқалап бөледі. Шымылдықтың шетінен ұстап аша
бергенімде
, шаң бұрқ ете түсті. Кереуетте екі қаңқа жатты: шаштарына
қарағанда
, біреуінікі ұзын қара шаш та, екіншісінікі əлдеқайда қысқа: біз
бұлардың
жас жігіт пен келіншек екенін шамаладық. Сірə, жас жұбайлар
болса
керек. Аштық ажалы жеткенде бірге өлуге бел байласа керек. Солай —
құшақтасып
жатып көз жұмған.
Əлі
күнге дейін менің көз алдымнан осы сурет кетер емес...”
* * *
“Саған, жолдас Сталиннің таңдаулы майдандас серігіне, большевиктік
сəлем
жолдаймыз” деп мəлім етті, 1933 жылдың шілдесінде Қазақ өлкелік
комитеті
Алтыншы пленумының делегаттары жолдас Кагановичке.
Ұжымдастырудың
бұрынғы үйлестірушісі жүз жасқа сəлпəл ғана жетпей
қалды
... Қанша еңбектенді, сонша адамды ажалынан бұрын о дүниеге
аттандырды
, ал өзі шыдап бақты, зорықпады. Ұзақ өмір сүруші.
Менің
ол туралы қызықты əңгіме естуіме тура келгеніне де аса көп болған
жоқ
. Лазарь Моисеевич қартайғанында, бейне бір, əпенді болған ба дерсіз.
Көшеге
шығып, орындыққа жайғасып отырады да, əрліберлі өткен
балаларға
қолындағы қағаз қапшықтан алып кəмпит үлестіреді.
Бəрін
таратып болғанша отырады. Масайрап күледі.
“Қартайды, қартайды Лазарь Моисеевич!..” — деп, көңілсіз үн қатады
əңгімеші
.
“Ауыл шаруашылығын дамытудағы табыстары үшін Л.М.Каганович Ленин
орденімен
марапатталды” деп хабарлайды Үлкен Кеңес Энциклопедиясы.
Ұжымдастыру
үшін марапатталған. Несі бар, Ильич те мақұлдаған болар
еді
...
Тағы
бір əңгімені таяуда естідім.
1937 жылы Қарқаралы округінің басшыларын соттаған. Айыпталғандардың
ішінде
Мансұр Ғатауллин болды (басқалармен бірге ол 1932 жылы өлкелік
комитетке
жаппай аштыққа душар еткен ұжымдастырудағы бұрмалаулар
туралы
“аты шулы” “бесеудің хатын” жазды).
Ғатауллинге
соңғы сөз берілді. Ол сотталушылар орындығында отырған
өзінің
жолдастарын қолымен нұсқап көрсетіп:
— Бұлар “халық жаулары” емес. Жау — менмін. Мені соттаңыздар. Жалғыз
өзімді
ғана. Бірақ мен де “халық жауы” емеспін, мен халық жауларының
жауымын
. Ал мен мұндай жауға 1932 жылы, іссапармен Кентке* келген
кезімде
айналдым.
...Машинадан шықтым — маңайда ешкім де, ештеме де көрінбейді, тек
малға
арналған ұзын қоражай ғана тұр. Есікті аштым, ал онда мəйіттер.
Алаңқайдай
кең қоражайдың іші тола текшелеп жиылған мəйіттер. Кейбір
адамдардың
көздері əлі ашық, бірақ əнеміне жұмылатыны, өлетіні көрініп
тұр
.
Мен
сыртқа шықтым. Ал онда айғайсүрен. Ақылестен айырылған,
ұйпатұйпасы
шыққан əйелдер қолдарындағы пышақпен шопырға қарай
ұмтылады
, оны соймақшы. Мен ауаға оқ аттым, олар жанжаққа қаша
жөнелді
.
Көз
салып қарасам, жақын жерде отта қазан тұр. Бір нəрсе қайнап жатыр.
Қақпағын
аштым — ал онда, бұрқылдап қайнап жатқан судың ішінде,
адамның
аяғы ма, қолы ма, баланың табаны ма қараңдайды...
Міне
, сонда мен “халық жауларының” жауы болдым...
Х
VI
Ұжымдастырудың
үш жылында Голощекин Қазақстанға, шамамен Пол Пот
Кампучийге
не істесе, соны істеді.
Егер
төрт жылдық алдын ала дайындық жұмыстары болмаса, ол мұны
жасай
алмаған болар еді. Бірақ “ұлы бетбұрыс” кезінде ол жағдайды
меңгеріп
алды. Партия қатарын “большевиктендіру” барлық саяси
қарсыластарын
жолдан кетіруге жəне аздыкөпті өзінше ойлай алатын
“ұлтшылдарды” құрдай жорғалағыш көнімпазжағымпаз орындаушылармен
ауыстыруға
мүмкіндік берді.
Ұлттың
рухани қаймағы, игі жақсылары — жазушыағартушылар
лагерьлерде
тұншықты, аса көрнекті ұлт ақыны Шəкəрім атылды.
Діндарларды
мазақтап, масқаралады (1930 жылдың маусымында Голощекин
кекесінді
арсыз өркөкіректікпен: “Шіркеулер мен мешіттерді əкімшілік
жолмен
жабудың үлкен дауылын арандату демей, қалай басқаша атауға
болады
?” — деді. Бірақ, əрине, бірдебір ғибадатхананы халыққа қайтарған
жоқ
). “Ауылды кеңестендіру” науқаны іс жүзінде “тап күресін” жасанды
түрде
өршіту, басқаша айтқанда, адамдарды бірбіріне өшіктіріп, айдап салу
болды
.
Осының
бəрі де қазақ халқының сағын сындырып, ойсырату үшін алдын
ала
дайындалды...
Сөйтіп
, бейне бір адам нанғысыз сиқыр күштің əсерінен болғандай, қазақ
даласында
қара құйын ойнақ салды. Біріменбірі кездескендегі сəлемінің
басы
“малжаның аман ба?” болып келетін қазақтар барлық малынан
түгелдей
, онымен бірге өздерінің өмірлік құтберекесінен, тіршілігінің
тірегінен
айырылды.
1929 жылы шаруашылықтарда 40 миллион бас мал болған болса, 1933 жылы
4 миллион ғана қалды (бұлай болуы əбден мүмкін, тіпті одан да аз болуы).
Бұл
ретте, бұрын дерліктей барлық табын шоғырландырылған басты мал
шаруашылығы
аудандарында, ресми мəліметтер бойынша, бар болғаны 300
—400 мың бас мал ғана қалды. Бірақ бұл статистиканың қаншалықты
“шыншыл” екендігі жəне оның көрсеткіштерді қай жаққа қарай өзгертетіні
белгісіз
секілді...
Қазақстан
Одақты етпен, жүнмен, терімен қамтамасыз ететін ең ірі
аймақтан
өзінөзі асырай алмайтын өлкеге айналды.
Голощекин
кез келген болмашы сынның өзін қысымға алып, сөзіне құлақ
аспайтын
саусақпен санарлық қана адамдарды аяусыз жазалады. Оның
үстіне
, мұндайлар дерліктей болған да жоқ.
Аштық
індеті қазақстандық большевиктердің арасынан бұл туралы өлкелік
комитеттің
бірінші хатшысына айтуға батылы жеткен бірнеше адам
табылған
кезге дейінақ алғашқы ондаған мың құрбандарын жалмап үлгерді
жəне
бүкіл халықтың басына жаппай төнген ауыртпалық болатынын алдын
ала
сездірді.
1932 жылдың 4 шілдесінде бес коммунист: Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин,
М
.Дəулетқалиев, Е.Алтынбеков жəне К.Қуанышев Қазақ өлкелік комитетіне
хат
жолдады. “Лениндік дұрыс жолда” келе жатқан партияның басты
бағытына
дəстүрлі мадақ сөздер айта келіп, олар істің мəніне көшті:
“Алайда бізде, Қазақстанда, өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығындағы зор
табыстарға
қарамастан, мал шаруашылығы саласында Қазақстанды
Одақтың
негізгі мал шаруашылық базасынан екінші дəрежедегілерінің
біріне
айналдыратын ойсыраған олқылықтар да бар.
Ауыл
шаруашылығындағы “зор табыстар” мынадай болды: екі жыл ішінде
“1930 жылғы мал басының 1/8і қалды”, соның өзінде “бұл ауыр шығын,
малдың
аяусыз құртылуы тек байлар мен кулактарда, тек орташалар мен
кедейлерде
— жекешелерде ғана емес, сонымен бірге, негізінен, колхоздар
мен
колхозшылардың (ішінара совхоздарда да) қоғамдастырылған жəне
қоғамдастырылмаған
табындарында да болды... Мал басының (бұдан мал
шаруашылығы
өнімдерінің) бұрынсоңды болып көрмеген дəрежеде кемуі —
көзге
ұрып тұрған шындық... жаңа өнімге дейінақ астық қорының тақа
таусылуы
— бұл да дəлелдеуді керек етпейді”.
Хат
авторлары: “Бұл тек байлардың “зиянкестігінің” салдары ғана ма, əлде
ОК
бағытын “солшылдық” бұрмалаудың кесірі емес пе?” деген сұрақ қояды.
“Шаруашылық негіздерінің баршасы шайқалдырылған, қазірге дейін кейбір
аудандарда
көп мөлшерде өліп жатқан — Қазақстанға қайта көшіп
келушілерге
нақты көмек көрсету саласындағы біздің көзқарасымыз дұрыс
жағдайда
ма?... Жекелеген аудандарда жаппай өлімжітімге ұшыратқан
(қыстың екінші жартысынан бастап) жəне көптеген қазақ аудандарын
қамтыған
— мал басының апатты жағдайда кемуі мен аштық мəселелеріне
қатысты
, сырттай қарағанда большевиктік өзінеөзі сын көзімен баға
беруден
қорқушылыққа ұқсайтын, əлі күнге дейін созылып келе жатқан
үнсіздігіміз
қаншалықты дұрыс?..”
Жағдайдың
естен тандырарлық ауыр халге түсіретінін түсіне отырып, олар
жолдас
Сталиннің “Біздің қиыншылықтарымыз оларды жеңудің мүмкіндігін
де
өз ішіне қамтитын қиыншылықтар болып табылады” деген терең
ойларындағы
оптимизмді жоққа шығарды жəне “байшылдықты тап
ретінде
... жою... жəне ауыл еңбеккерлерін феодалдықбайшылдық қанаудан
азат
ету саласындағы елеулі табыстар... неге екені белгісіз, мал
шаруашылығының
жедел өсуіне жеткізген жоқ” деп күмəн білдірді.
Осыларды
айта келіп, хат авторлары мынадай қорытынды шығарды: “...
оңшыл
оппортунизммен бірге, басты қауіп ретінде, бұл “солшылдық”
ауытқушылыққа
да қатты соққы беру қажет, бүкіл партия ұйымын осы
күреске
кеңінен көтеру керек... əйтпесе оңшыл салдарлар тудырған бұл
“солшыл” ауытқуға, бұл іс жүзіндегі троцкизмге шексіз төзуге болмайды”.
Филипп
Исаевич, əрине, бұл хатты беделге нұқсан келтіру жəне байшылдық
көңіл
күйдің көрінісі деп бағалады. Партиядан шығару жəне қылмыстық
жауапкершілікке
тарту қаупі туды. Əдеттегідей, ол өзінің “жыртқыштық
тегеурінін
” көрсетті, ал одан кейін бір аптадан соң хатқа қол қойғандардың
төртеуі
(бесінші Ғатауллин іссапарда болды) өлкелік комитеттен жазбаша
түрде
кешірім өтінді. 1932 жылдың 15 шілдесіндегі өлкелік комитет бюросы
мен
бақылау комиссиясының біріккен отырысында хатты “Қазақстандағы
социалистік
қайта құруды жəне ұлттық саясат жетістіктерін тұтастай
қаралау
” деп бағалады, дегенмен оның авторларына сонда да “кеңшілік”
жасап
, оларға қатаң сөгіс берді...
1932 жылдың тамызында Голощекиннің жақын серігі, Халком кеңесінің
төрағасы
Ораз Исаев жағдайдың тым ауырлығы жөніндегі өз
жауапкершілігін
сезіне отырып жəне өлкелік комитеттің бірінші
хатшысының
өркөкірек өзімшілдігі өзгермейтініне көзі жетіп, Сталинге
хатпен
өтініш білдірді.
“Орталық Қазақстанның 10—12 қазақ аудандары ашығуда жəне аштық қазір
тұрғындардың
айтарлықтай бөлігін қамтыды, — деп жазды ол. — Жуық
шамамен
алынған мəліметтер бойынша, осы жылдың көктемінде аштықтан
10—15 мың адам өлді, əсіресе 1931 жылы күшейген жаппай үдере көшу,
басқа
өлкелер мен республикаларға кету қазір де тоқталған жоқ. Көптеген
қазақ
аудандарында, 1929 жылмен салыстырғанда, тұрғындардың жартысы
да
қалған жоқ. Өлкедегі шаруа қожалықтарының жалпы саны қазір 1931
жылға
қарағанда 23—25% кем. Ашыққан қазақтар мен олардың қараусыз
қалған
балалары өнеркəсіп орындарының, Семей жəне Ақтөбе
аудандарындағы
совхоздардың маңайына, теміржол бекеттеріне топтасып
ұрлықпен
шұғылданады, колхоз егістіктерін қоршап алып, масақты қияды.
Аштық
, адамдардың тығыз шоғырлануы, тазалықтың болмауы қара шешек,
сүзек
, дизентерия т.б. жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуда”.
О
.Исаев, əрине: “Мал шаруашылығын қазіргі жағдайға жеткізген басты
себеп
— Қазақстанда партия саясатының, артта қалған ұлттық аудандарды
коллективтендіру
жөніндегі сіздің сан реткі нұсқауларыңыздың бұрмалануы
екенін
мойындау керек”, — деп көпшік қоя сөйледі. Бейне бір данышпан
Коба
ұжымшарларға күштеп қуылып əкелінген көшпенділердің зардап
шекпеуін
ойлап, тек сол үшін ғана қам жеген тəрізді... Халком кеңесінің
төрағасына
өзінің тікелей бастығын сынауға осындай жолмен бару қажет
болды
. “...Өлкелік комитет бұл бұрмалауларды барынша батыл түзетпеді,
қазақтар
бірі қалмай колхозға енуді жөн көреді жəне коллективтендіруге тек
байлар
мен ұлтшылдар ғана қарсы болды дегенге көбірек сенді (жəне соған
сенгісі
келді). Ауылды кідіртпестен жүз пайыз коллективтендіру арманы
өлкелік
комитеттің өзінде туды...”. Одан əрі: “...қандай да бір кемшіліксіз
жаппай
табысқа құмартушылық көзбояушылықтың белең алуына негіз
болды
. Қарқын жағынан көршілес аудандардан асып түсу тілегі жəне
социализмге
тезірек өтуге тырысу əрекеті қазақ ауылдарын əкімшілік
əдісімен
жаппай коллективтендіруге алып келді. Жұмыс тəсілі ретіндегі
науқаншылдық
, аудандық комитеттердің үстінен барлық мүмкін
жағдайларда
қойылған уəкілшілдік өлке мен аудандарда
“науқаншылекпінділер”, ауылдарда “белсенді” деп аталғандардың тұтас
армиясын
жасақтап шығарды (өңін айналдырған белсенділерді мен
турадантура
“ауылдағы жаңа масылдық жік” деп атаған болар едім)”.
ОКнің
“қазақ ауылы жөнінде”, ең бастысы, мал шаруашылығы бойынша
арнайы
шешім шығаруын өтініп жəне бірқатар шаруашылық шараларды
ұсына
отырып, Ораз Исаев қорытындысында ең мəнді мəселені жазды:
“Əрине, біздің барлық кемшіліктердің кінəсін бір ғана адамның мойнына
артуға
болмайды. Бұл жерде бүкіл Өлкелік комитет бюросы тұтасымен
кінəлі
. Қазақстанның жетекші қызметкері болғандығымнан да Өлкелік
комитет
пен Қазақстандағы біздің барлық жұмыстарымыздың кемшіліктері
мен
қателіктері үшін менің жеке өзім де белгілі бір жауапкершілікті
мойныма
аламын. Алайда жұмысты батыл түрде қайта құру жəне
басшылықты
күшейту үшін Өлкелік комитет басшылығының сонылануы
жəне
жаңартылуы қажет. Бірінші хатшының ерекше рөлі жалпыға белгілі.
Менің
жеке ойымша, Қазақстанда үлкен жұмыстар (ауылдарды
советтендіру
, жікшілдермен күрес жəне басқалар) атқарған жолдас
Голощекин
Өлкелік комитеттің де жəне жеке өзінің де қателіктеріне қатаң
сын
көзімен қарау негізінде батыл өзгерістер жасау үшін қажет болатын
күшқуатты
өз бойынан таба алмайды”.
Қазақстанның
мал шаруашылығы туралы ОКнің шешімі қыркүйекте
шықты
. Орталық, тіпті, қоныс аударушыларға оншамұнша көмек те
көрсетті
. Бір түйір болса да тіленшілердің аштықтан қарайып кеткен
алақандарына
түсті... Келесі қыста аштық жүз мыңдаған адамдарды баудай
түсірді
. Голощекинді 1933 жылдың қаңтарында, жаппай індеттің нағыз
жайпап
тұрған кезінде Мəскеуге шақырып алды. Тағы да біраз уақыт
басқаруға
басшылық орында отыруға үлгерді...
* * *
Сол
күндердің газеттік хроникасынан... “Большевистская кочегарка”
(Қарағанды). 1932 жылдың 16 қыркүйегі
“КУЛАКТАРҒА — КОЛХОЗ КАРТОБЫН ҰРЛАУШЫЛАРҒА СОТ
12 қыркүйекте Тихоновка селосының клубында жиналып көрмеген адам
болды
. Олар колхоз мүлкін ұрлаушылар Григорий Иванович Погорелов пен
Василий
Николаевич Косовтың ашық сотына келді. Погорелов — нағыз
кулак
, Тихоновка селосының колхозшылары арасында “шығынмен күрес
міндетті
емес” деген т.б. пасық үгіт жүргізді. 25 тамызда Погорелов базарда
алыпсатарлық
жасау үшін колхоз картобын ұрламақшы болды. Бірақ оны
істей
алмады. Одан соң Погорелов ұрлықтың жаңа жоспарын бұл жолы
Косовпен
бірге жасады. Жоспардың мақсаты 31 тамыз күні шамамен түнгі
сағат
12де картоп ұрлау болды. Жоспарды іске асыруға кірісті. Олар 20
келіден
артық картоп ұрлады, алайда қылмыскерлер қайтар жолда ұсталды.
Біздің
облыстық соттың көшпелі сессиясы, Карцевтің төрағалығы жəне
Ковалык
пен Балғабековтің сот кеңесшілігі (заседатель) құрамымен:
Погорелов
Григорий Ивановичке əлеуметтік қорғаныстың жоғарғы
шарасын
— бүкіл мүлкін кəмпескелеумен бірге ату жазасын қолдануға,
Косов
Василий Николаевичке Карлагерьде 10 жыл мерзімге түрме жазасын
өтеуге
үкім етті.
* * *
М
.О.Кириченко — кулак, соңғы кездері Солтүстік Қазақстан құрылыс
тресінің
тасты карьерінде жұмыс істеген...
27 тамызда жұмыстан қайтып келе жатып, Кириченко колхоз картобының
егісіне
кіріп, оны ұрламақшы болды. Қылмыс орнында — картоп қазып
жатқан
кезінде ұсталды.
Төраға
Карцевтің жəне сот кеңесшілері Ковалык пен Балғабековтің
құрамындағы
пролетарлық сот Кириченконың тап жауы болып
табылатынын
, онымен бірге оның түзелмейтіндігін жəне оның қылмысы
ОАТКОМ
мен Халком кеңесінің 7 тамыздағы шешімінде қаралғандығын
назарға
алып, Кириченко Максим Осиповичке əлеуметтік қорғаныстың
жоғарғы
шарасын — ату жазасын қолдануға үкім етті. Шығарылған үкімді
зал
толы қатысушылар ризашылықпен мақұлдап қабыл алды”.
* * *
Роберт
Конквест өзінің “Қайғықасірет қырманы. Кеңестік ұжымдастыру
жəне
аштық терроры” (Лондон, 1988) деген кітабында:
“1931 жылдың қысында, — деп жазады, — Қазақстанды астық қоймасына
айналдыру
жөніндегі 1928 жылғы орасан зор жоспарлардың сəтсіздікке
ұшырағаны
мойындалды.
Жоспарланған
егіс алқабының бар болғаны төрттен бір бөлігі ғана өте
тиімсіз
түрде өңделді. Ресми құжаттар мал, тұқым, құралжабдықтар мен
құрылыс
материалдарының тапшы болғанын куəландырады. Адамдарды
ұжымшардан
ұжымшарға, əдетте, жаңа орында оларды малмен жəне
астықпен
қамтамасыз етудің сəті түседі деген пайдасыз бос үмітпен
ауыстырды
. 1932 жылдың ақпанына қарай Қазақстанның бүкіл
ұжымшарларының
87%ы жəне жеке шаруашылықтардың 51,5%ы (соңғылар
дерліктей
түгелге жуық көшпенді малшылардан құралды) малсыз қалды.
1926 жылы республикадағы қазақ қауымының 80%дайы малшылықпен өмір
сүрді
; 1930 жылдың жазында оның үлесі 27,4%ға дейін төмендеді. Алайда
егіншілік
мал өсіруге балама кəсіп бола алмады, өйткені өңделген жер
көлемі
сол кезеңде тек 17%ға ғана артты. Бұл цифрлар жасанды түрде
тудырылған
нəуметтің ауқымдылығы туралы белгілі бір түсінік береді.
Апаттар
, тар мағынада, экономикалық жəне саяси жаңсақтықтардан
өрістеді
, бірақ оның түп тамырлары, сөздің кең мағынасындағы, адами
мəдениетті
түсінбеушілікке барып тіреледі. Қазақстанда партиялық
ойлауың
таңғаларлық саяздығы мен үстірттігі шегіне жете көрінді...
Қазақстандағы
аштық 1921 жылғыдағыдай əдіспен жасанды түрде іске
асырылды
, яғни ол таза идеологиялық пайымдауға негізделген саясатты
ойланбай
жүргізудің салдарынан туындады. Бірақ Украинадағы аштыққа
қарағанда
Қазақстандағы аштық əдейі қасақана ұйымдастырылған жоқ.
1932 жылдың соңында Қазақстанға көмек көрсету үшін екі миллион фунт
(қадақ) астық — əр адамға жарты фунттан аз (200 г), бірақ кейіннен Украина
алғандағыдан
көп бөлінді.
Алайда
Қазақстандағы ешкім жоспарламаған аштық жергілікті
тұрғындардың
Кеңес өкіметіне қарсылығын қалайша тиімді түрде басып
тастағанын
көрген Сталин бұл əдісті кейін Украинаны жолға түсіру үшін
пайдаланды
деген болжам айтылды”. Менің ойымша, Қазақстандағы аштық
Украинадағыдан
өзгеше, алдын ала ойластырылып əдейі жасалған жоқ деп
санау
арқылы ағылшын тарихшысы қателескен. Екі республикада да
ұжымдастыру
бір нобаймен жүргізілді жəне іс жүзінде бірдей мерзімде өтті.
Оның
үстіне, көшпелі жəне жартылай көшпелі қазақтарды тағы да екпінді
қарқынмен
отырықшы болуға мəжбүрледі. Яғни, Қазақстанға одан да қатал
сынақ
жоспарланды. Бəлкім, сондықтан да шығар, Украинада халықтың 1/5
—1/6 бөлігі қырылған кезде Қазақстанда аштықтан 1/3і жойылғаны,
мұнымен
қатар, əсіресе байырғы тұрғындар — қазақтар адам айтқысыз
зардап
шегіп, қақ жартысынан айырылды.
Аштық
нəуметінің шаруаларды басыпжаныштау құралы ретіндегі
“тиімділігіне” келер болсақ, əрине, Сталин мұны 1929—1932 жылдардағы
ұжымдастыруға
дейінақ жақсы білді: “таңдаулы лениншіл” өз ұстазының
1921 жылы берген сабағын меңгермей қалуы мүмкін емес.
* * *
1933 жылдың шілдесінде, Голощекиннің Мəскеуге аттанып кеткенінен бес
айдан
кейін, қазақстандық коммунистер оның “қателіктері” туралы алғаш
рет
ашық айта бастады. Нақтысында бұған мүмкіндік берген жағдай
олардың
бұрынғы көсемінің партиялық мансабының аяқталуы болатын:
Филипп
Исаевичті, “жұмыстан кетірудің” жағымсыз дəмін байқатпау үшін
оны
КСРО Халком кеңесі жанындағы мемлекеттік бас төреші етіп
тағайындады
. Ал көп сөйлеп жалықтырғаны қайда? Бірақ өзінің
саясатқорлық
мекерлігінің салдарынан болған адам құрбандықтары туралы
лəммим
демеді.
Оның
есесіне, мұндай жағдайлар барлық жерде болды. “Жолдас маузер”,
жолдас
Сталиннің нұсқауы бойынша, аштық туралы ешкімнің ауызға
алмауын
қырағылықпен қатты қадағалады. “Аймақты ұстап тұрған”
қандықол
қасапшылар мен кісі өлтіргіштер бандасы (ал аймақ бүкіл ел
болды
) жəне оның көкесі өздерінің көмекшілерінен тек қана асыра
дəріптеуді
талап етті жəне жеткіліксіз мақтағандай болып көрінгендерге
күмəнмен
қарады. Олар өздерінің бағыныштыларына КСРОның Құрама
Штаттар
мен Еуропаны əнеміне қуып жетіп, басып озуына мүмкіндік
беретін
ұжымдастырудың ірі табыстары туралы таңғала айғайлауға бұйрық
берді
, ал аналар болса, партиялық тəртіпті сақтай отырып, бір кісідей жəне
қатты
айғайлады...
Қазақ
өлкелік комитетінің “тарихи” Алтыншы пленумында негізгі
баяндаманы
өзінің бастығынан іргесін аулақ салған кезде Ораз Исаев
жасады
.
Мөлшерін
өзі жақсы білетін, қазақтар тарихында болып көрмеген
қайғықасірет
туралы Халком кеңесінің төрағасы:
“Бізде екі қиын жыл өтті, кейбіреулер ашықты, отбасы мүшелерін
жоғалтқандар
да, өзінің қоныстанған мекенінен кеткендер де бар...”
Барлық
сөйлегендердің ішінде адалырағы Мемлекеттік жоспарлау
қызметкері
Нұрмұхамедов болды:
“Егер сіз біздің кез келгенімізден сұрайтын болсаңыз, — деді ол, — онда біз
сізге
бізде қанша адам, қанша мал, тіпті қанша егіс бар екені туралы
бірдебір
цифрды атай алмаймыз”.
Əрине
, нақпанақ мəліметтер болған жоқ. Бірақ, əлде адам шығыны туралы
мəліметтер
болған жоқ па? Оларды жария етуге рұқсат берілмегені басқа
əңгіме
, бұлар қатаң құпиялықпен сақталды. Алайда жекелеген мысалдар
бұлтартпас
дəлелді болды. Сол Нұрмұхамедов: “Менің туған бауырым, —
деді
, — 12 жыл батырақ болған, бір сиыры болды, ешқашан егін екпеген,
соған
қарамастан оған 1930 жылы 5 пұт астық салынды. Осы астықты өтеп
құтылу
үшін сиырын жəне кейбір үй мүліктерін сатты... Мұндай жағдайлар
өте
көп болды”.
Əулиеата
ауданы “бір кезде гүлденген болатын”. 1929 жылы 500 мың бас
малы
бар еді, 1933 жылы 7 мың қалды.
1932 жылдың сəуірінде Қарағанды облысын құру барысында тұрғындар 99
пайыз
ұжымдастырылды. Ұжымшар мүшелерінің ешқайсысының өз
билігінде
тышқақ лағы да болған жоқ.
Шығыс
Қазақстан облысында 1933 жылы 1926 жылғы мал басының 15
пайызы
қалды.
Кеген
ауданында миллион бас табыннан ұжымдастырудың соңында
дерліктей
ештеме қалған жоқ. “Сарымбаевтың үйінде (Сарысу ауданы) 4
жан
, 2 түйе, 5 қойы болды — өткізуге 80 қой жəне 4 сиыр міндеттеме алды
(күлкі)”. Түрксіб теміржолшыларының малдарын ортақтастырып, одан соң
ет
дайындаушыларға берді. Түлкібас стансысында қызметкерлердің бүкіл
үй
жануарларын тартып алды.
Шұбартау
ауданында 1930 ж. 473 мың бас мал болған болса, 1933 ж. 783 бас
қалды
.
Павлодар
ауданындағы 330 мың малдан 1933 жылға қарай 30 мыңы ғана
аман
қалды. “1932 жылдың январь айының соңында мен ауылдардың апатты
жағдайда
екенін көрдім. Голощекинге екі телеграмма жібердім: “Жағдай
ауыр
, көмек керек” деп. Жауабы: “Сіз қоныс аудару мəселесімен
шұғылданыңыз
, ал тұқым қорын жинағыңыз келмей ме?” болды
(Розыбақиев).
Қызылорда
ауданында (барлық жердегідей) жеделдетіп отырықшыландыру
жүргізілді
. Адамдарды егіншілік үшін де, мал шаруашылығын дамытуға да
жағдайсыз
“нүктелерге” қуып тықты. Жазда онда жай ғана тұрудың өзі
мүмкін
болмады. Шу ауданы: 150 шақырымдық радиуста тұратын халық бір
жерге
сығылыстырылды. Баянат: “1932 жылы егіс басталардан үш күн
бұрын
жəне егіс кезінде отырықшыландыру жүргізілді. Жайсаң мекеніне
(мүлде тақыр дала — ешқандай құрылыс жоқ)... адамдарды тықсырып
əкелді
. Ауылдарға жүк арбалар, ал олармен бірге адамдарды киіз үйлерден
қуып
, арбаға отырғызып алып келу үшін милиционерлер жіберілді. Төрт
айдан
кейін бəрі, бірі қалмай, жанжаққа тарап, қашып кетті (жартысы
көршілес
қырғыз жеріне кетті)”.
Өздері
“үлкен азықтүлік қиыншылығын көріп жатқан” кезде Жаңаарқа,
Қорғалжын
жəне басқа аудандар астық дайындаудың “екпінділері” болды.
Торғай
ауданында 1932 жылы болған 100 мың бас малдан 1933 жылы тек 4
мыңдайы
ғана қалды. “Мен жылқы шаруашылығының жағдайы туралы
1930—1931 жылдары Исаев пен Голощекинге бірнеше жазба мəлімдеме
жібердім
. Тіпті құлақ асқан да жоқ. Голощекин мұның бəрін менен артық
білетінін
айтты” (Шелыхманов, Қазақ өлкелік əскери комиссары).
Не
деріңіз бар, Филипп Исаевич көшпеліліктен отырықшылыққа өту
құрбандықсыз
болмайды жəне мұның қажетті шарты мал басын кеміту деп
санады
. Əдейі істелген əйгілі жөнсіздігін маңыздана мəлімдеді. Енді қалай,
теоретик
емес пе! Жөнсіздікке де негіз керек. Голощекин: “Ең бастысы,
малдың
санында емес, өнімділікте — “əр бас малдың көп ет, көп май мен
жүн
беруінде”, — деп тұжырымдады. Ол бұл сөзді мал апта сайын
арықтықтан
он мыңдап өліп жатқан кезде айтты.
1933 жылы кейбір ұжымшарларда 45 жылқыдан ғана қалды. Жегін мал тіпті
қалмады
да. Егіс кезінде соңғы сиырларға мойынтұрық кигізілді.
Пішен
шабу мен орақ маусымына дайындық басталды. Кей жерлерде, ауыл
мен
деревняларда ересек адамдардың болмауы себепті жасөспірімдердің
жұмыс
істеуіне тура келді.
Қазір
арада алпыс жыл өткеннен кейін де б о й ғ а д а р ы т у оңайға соқпай
отырған
“қожайындық сезімі” ол кезде егіншілер мен малшылардың
санасына
балғамен соққандай шегелеп енгізілді: Кеңестер еліне ештемесі
жоқ
ұ ж ы м д а с қ а н а д а м , жай ғана құл қажет болды. Бұл құйыннан
түсініксіз
түрде аман қалған қарт адам, “Гигант” ұжымшарының
агростаростасы
: “Мен егіс жұмыстарына тілектестік білдіремін,
арамшөптерді
отау жəне жер жырту науқандарына тілектеспін, партия да
мұны
мақұлдайды, сондықтан мені партияға тілектестердің қатарына
жазуды
өтінемін” деген өтініш жазды (оны пленумда оқып берді).
Егістікте
жұмыс істеуге рұқсат сұрады.
Сонымен
бірге Алтыншы “тарихи” пленумда басқа да сөздер сөйленді.
Жолдас
Крист (Халық Комиссарлар Кеңесінің уəкілі, дайындау комитеті):
“Өткен жылы біз күштеу тəсілін қолдануды қашан бастадық? — деп
мəлімдеді
. — Ал науқанның аяғында — бұл кезде астық қалған да жоқ
(жаппай қуғынсүргіннің жеткіліксіз болғандығы осыдан көрінеді).
Жаңа
астық дайындау науқанының ерекшелігі — бұқаралықұйымдастыру
жұмыстарын
мемлекеттік мəжбүрлеудің заңды əдістерімен қатаң түрде
үйлестіруде
, біз орындалмаған тапсырмалар үшін астық дайындаудың
алғашқы
айы өтісімен айып салуды қолданамыз”.
Бұл
кезде тартып алатын да ештеме жоқ болатын жəне ауыл мен
деревнялардағы
халыққа да еш нəрсе қалмаған, ал бұл қайраткер əлі де
қалай
жақсырақ жазалауды жəне “заңды” қуғынсүргіндерді қашан жүргізген
дұрыс
болады дегенді ғана ойлаумен болды. Мемлекеттік мəжбүрлеудің
“оңды тəжірибелерімен” бөлісті...
Пленумның
басқа бір делегаты Төлепов мынадай “ұсыныс көтерді”:
“Еңбекшіқазақ ауданы, “Красный Восток” коммунасында коммунарлар
егісалқабынан
масақ қиған жекеше Есютинаны ұстап алды. Əйелді сот
органдарына
өткізді. Бірақ милиция оны босатып жіберді. Есютина —
кулактың
қызы, оның күйеуі мен бауырлары бандаға қатысқаны үшін
атылған
. Біз іс жүзінде колхоз өндірісіне залалын тигізетін тап жауымен
істес
болып отырмыз, біз тап жауларына жеткілікті түрде батыл соққы бере
алмай
отырмыз”.
Бұрынғы
бірінші хатшы жөнінде байқап, сақтана сөйледі: “Біз жолдас
Голощекиннің
беделіне өте қатты сендік... Төлепов бюроның əрбір
отырысында
жолдас Голощекинді мақтады, оның марксизмленинизмге
риясыз
берілгендігі т.с.с. туралы айтатын” (Яндульский).
“Голощекиннің беделіне қалайша қарсы шығуға болатын еді?” (Беккер).
Əрине
, өзара сынды да ұмытқан жоқ.
“Мал өсіру шаруашылығының төмендеп бара жатқанын, оның апатты
жағдайға
қарай шапшаң құлдырау үстінде болғанын біз білмедік десек, бұл
күлкілі
болған болар еді. Мұны біз білдік, алайда мұны көрсетіп, үнімізді
шығару
үшін мен жəне басшылықтағы басқа жолдастар секілді біздің
батылдығымыз
жетпеді... Жарлықтардан қорықтық (Ж.Сəдуақасов, Өлкелік
комитет
бюросының мүшесі).
Ізмұхан
Құрамысов өкініш білдіруімен көпшілікті көңілдендірді:
“Басқаларға (Исаевқа) қарағанда менің кінəм көп болды, өйткені менің
қызметім
ескі басшылықтың бағытын көпшілік арасына таратушы ретіндегі
арнайы
рөлді атқарды. Бұл мəселелерді бəрінен де көбірек, бəрінен де
белсенді
түрде, бəрінен жиі жəне бəріне қарағанда дұрыс емес тұрғыда мен
жолға
қойып отырдым (күлкі)”.
Пленум
күйзелістің басты себебі “зиянкестер” де, “тап жаулары” да емес —
партия
саясатын жүргізудегі “қателіктер мен бұрмалауларда” болғанын
мойындады
. Бейне бір бұл “қателіктер мен бұрмалауларға” алып келген —
сол
партия саясатының өзі емес секілді (өйткені қашанда алданып келген
халықтың
көз алдында жəне “төменгі” қызметкерлер үшін іс жүзінде жоқ
нəрсе
секілді “көзге көрінбеген” “партиялық бағыт” оның ұраншылары мен
дем
берушілерінің өздері тəрізді ешқандай қателіктің болуы мүмкін емес
болып
көрінетін көз жетпес биікке көтеріліп алған болатын). Пленум
делегаттары
1932 жылдың 17 қыркүйегіндегі өзінің шешімімен “Өлкелік
комитеттің
теріс саясатын батыл түзетіп, мал шаруашылығын дамытудың
дұрыс
жолын белгілеген” БК(б)П ОКні мадақтады.
БК
(б)П ОК бұл саясатты, неге екені белгісіз, мал дерліктей жойылып
біткенде
жəне халықтың қырылғаны қырылып, қалғаны жанжаққа қашып
кеткеннен
кейін, тек сол кезде ғана “батыл түзетті”. Қазақстан бойынша
арнаулы
комиссияда ОКге өкілдік еткен Каганович тек енді ғана (ештеме
қалмаған
кезде) астықты аудандардың ұжымшар мүшелеріне 23 сиыр, 10—
20 қой, 10—20 шошқа мен торай, ал мал өсіруші аудандарда 100ге дейін
қой
, 8—10 сиыр, 3—5 түйе, 8—10 табын жылқыларын ұстауға болады деп
шешті
.
Бұған
неге ертерек, адамдар тірі, мал аман тұрған кезде рұқсат етпеді?
Алтыншы
пленумның стенографиялық есебіне берілген түсініктеме уақыт
рухында
жазылған. Алып адымды табыстар мен жетістіктер туралы,
бұрмалаудың
салдары толығымен жойылғандығы, жүз мыңдаған бұрынғы
көшпелілердің
енді шаруашылықтарға орналастырылғандығы жəне
көшіпқонуларға
қатысты тек ауыр естеліктердің ғана қалғандығы жөнінде
қайтадан
айтылды. Жəне Қазақстанның мал шаруашылығы енді “болып
көрмеген
қарқынмен алдыға жылжуда екендігі” хақында да... тағы да
өздерін
көтеріңкі сөздермен алдады...
* * *
Коммунизм
теорияшылары белгілеген жəне оның тəжірибесімен сызылып
қалған
п а р т и я б а ғ ы т ы коммунистердің өздерінің жан түкпірінде
белгісіз
де күрделі із қалдырды. Жан дүние де əр алуан, із де əртүрлі болды...
Бұрынғы
гэпэушниктің баспасөзде жариялауға жіберген естеліктерінің
қалың
қолжазбасын оқығаным есімде. Өзінің өмірін Солтүстік Кавказдың
курортты
қалашығында өткізген ардагер, біздің бүкіл халқымыздың игілігі
жолындағы
социалистік құрылыс романтикасына бөленген алыста қалған
мазасыз
жастық шағында, қолына қару ұстап, “халық жауларын” —
Қарағанды
далаларындағы арнайы қоныстанушыларды қарауылдағанын
есіне
түсіреді.
“Орган” ардагерінің жан дүниесін көмескі, бірақ мазасыз алаңдаушылық
қинайды
: оның ерлігі өзі қызмет еткен халыққа белгісіз күйінде қалған.
Өйткені
қатерге бас тігіп, тəуекел етуге тура келді ғой... Оның,
коменданттың
, алдында жаулық пиғылдағы адамдардың үлкен тобы тұрды,
ал
қарауылшылар мен айдауылдар өте аз еді... Жəне кейде бұл түнерген
тобырдың
арасынан өшіккен айғайшулар естілетін, наразылар да болды...
Бір
сөзбен айтқанда, қол үнемі, күнітүні тапаншаның ашық қабынан
ажырамауға
тиіс болды. Жəне көпшіліктің ішінде кімнің наразылық
білдіріп
, айғайлағанын іздестіру, оны тер төгіп табу, бұл наразыларды
комендатураға
шақырып, тергеу жүргізу, сұраққа алулар, көзбекөз
беттестіру
, мойындаттыру, істі аяғына жеткізіп рəсімдеу керек еді.
Əрине
, оларды кейін алып кетті, айғайлағаны үшін сотталғандарды
лагерьлерге
жіберді, бірақ бəрібір жаның жай таппайтын. Қарағанды
даласындағы
арнаулы тапсырма бойынша өткен іссапардың осы екі немесе
үш
жылы елемейтіндей емес, күрделі болды жəне бұл туралы ешкімге тіс
жарып
айтуға болмады. Бірақ енді (естелік жетпісінші жылдардың соңында
жазылған
), бəлкім, жастарға сол бір құпия тапсырмалар жөнінде айтып
беруге
болатын шығар. Мейлі, чекистердің қалай қызмет еткенін білсін,
тəрбиеленсін
...
Жəне
дəрежесі алдыңғыдан əлдеқайда жоғары, былайша айтқанда, екінші
қатардағы
көсемдерге жататын тағы бір орындаушы туралы. Тұрар
Рысқұлов
— РСФСР Халком кеңесі төрағасының орынбасары...
Таңғаларлық
тағдыр!
1929 жылдың желтоқсанында БК(б)П ОК комиссиясы ұжымдастыру туралы
шешімді
дайындады. ОКнің көптеген мүшелері сол кезде қоғамдастырудың
жоғары
қарқындылығына қарсылық білдірді. Сталин шешімнің жобасын
қатты
сынға алды. Ол ұжымшар құрылысын жеделдетуді талап етті, мал мен
мүлікті
, тағы сондайларды қоғамдастырудың дəрежесі туралы нұсқауды
алып
тастауды талап етті.
“Қаулының соңғы нұсқасында, — деп жазады Р.Медведев, — Солтүстік
Кавказ
бен Орта Волга үшін ұжымдастыру мерзімі айтарлықтай
қысқартылған
, өндіріс құралдарын, малды қоғамдастырудың тəртібі
жөніндегі
, шаруаның иелігіндегі ұсақ малдарын, мүлкін, құстарын өзінде
қалдыру
туралы нұсқаулар алынып тасталынды. Сондайақ кулактықты жою
əдісі
туралы, кулактар тəртіпке бағынған жəне ұжымшар мүшесінің барлық
міндеттерін
өз еркімен орындаған жағдайда кулактарды ұжымшарда
пайдалану
туралы ереже алынып тасталынды. Қаулы ұжымдастыруды
негізгі
астықты аудандарда 1930 жылдың күзіне немесе 1931 жылдың
көктеміне
, ал қалған аудандарда 1931 жылдың күзіне немесе 1932 жылдың
көктеміне
дейін аяқтауды межеледі”.
Сталинді
“əсіре солақайландырған” жалғыз адам жаппай ұжымдастыру
мəселесі
жөніндегі саяси бюро комиссиясының мүшесі, РСФСР Халком
кеңесі
төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов болды.
“Вопросы истории КПСС” журналынан үзінді келтірейін.
“1930 жылдың 3 қаңтарында Халком кеңесі төрағасының орынбасары,
Комиссия
мүшесі Т.Р.Рысқұлов Саяси бюроға коллективтендіру қарқыны
жөніндегі
қаулының жобасына түзетулер енгізген қысқаша хат жолдады.
Рысқұлов
, біріншіден, техникалық дақылдар жəне мал шаруашылығы
аудандарында
коллективтендіру қарқынын күшейтуді; екіншіден, қаулының
жобасынан
жаппай коллективтендіру аудандарында колхоз мүшелерінің
негізгі
бөлігін орташалар құрайды деген үшінші пункттің бас жағын алып
тастауды
(бұл ұсыныс, Рысқұловтың пікірі бойынша, колхоздардағы негізгі
рөлді
орташалар емес, кедейлер жəне кедейорташалар атқаратындықтан,
мұндай
тұжырым теріс таптық бағдар береді, ал кедейлер толық
қоғамдастыруды
қолдайтын болғандықтан, олар орташалар қауымына өз
билігін
жүргізуге тиіс деген дəлелге негізделді); үшіншіден, “комиссия
жобасынан
, колхозға енгенде шаруаның ұсақ малдарын, ұсақ мүліктері мен
сиырын
өзінде қалдыруына рұқсат етіледі” деген ережені алып тастауды, ал
оның
орнына “кез келген шектеулерден тыс” қоғамдастыру туралы “қатаң
нұсқау
” беруді; төртіншіден, бөлінбейтін қорға аудару пайызын
колхозшылардың
ортақтастырылған материалдық игілігінің барлық
сомасының
50%ына жуық мөлшерге дейін көтеруді жəне жобадан
колхозшының
колхоздан шығу құқығы сақталатын ережені алып тастауды
ұсынды
.
Рысқұловтың
түзетулері еріктілік ұстанымын екінші кезекке ысырып
тастады
жəне шаруалар бұқарасына қысым жасауды коллективтік
шаруашылықтарды
ұйымдастырудың негізі етіп қойды. Рысқұлов өзінің
қысқа
хатында комиссия “колхоздың революциялық сипатын мейлінше
еріктілікпен
ауыстырғысы келеді” деп көрсетті. Шын мəнінде, Рысқұловтың
түзетулері
Сталиннің бастапқы ескертпелерімен бір бағытта шықты жəне
шаруалар
бұқарасының ұжымдасу жолына түсуінің объективті үрдісін
жасанды
шаралармен жеделдетуді мақсат етті.
Сталин
мен Рысқұловтың түзетулерін жүзеге асырумен қатар жобадан
партия
органдары мен атқару комитеттеріне колхоздық қозғалыстары əлсіз
аудандарды
жаппай коллективтендіру аудандары деп жариялауға тыйым
салынған
ереже алынып тасталынды... Қаулы жобасының соңғы
редакциясында
одан колхоз құрылысындағы Кеңестердің рөлі туралы тағы
да
бір маңызды ереже шығып қалды”.
Екі
күннен кейін, 1930 жылдың 5 қаңтарында, қаулы қабылданды.
Сталинмен
жəне науқанмен бірге елге қандай құбыжық құйын тұрғызғанын
Рысқұлов
қалайша түсінбеді? Бұл дауылдың қас қаққаншаақ қазақ даласына
жетіп
баратынын қалайша сезінбеді? Əрине, түсінді де, сезінді. Ең
болмағанда
қазақтардың — көшпелілер мен жартылай көшпелілердің өмір
жағдайын
жақсы білетін оны мұндай қадамға баруға не итермеледі? (Бұдан
төрт
жыл бұрын, 1926 жылдың қаңтарында оның “Советская степь”
газетінде
: “Қазақ халқы отырықшы егіншілік жағдайына өтуі тиіс, өтеді де
дегенді
кім жəне қандай негізге сүйеніп белгіледі? Бұл жаққа қарай даму
бағыты
болады, алайда алыс болашақта аяқталады...” деп жазғанын еске
түсірейік
). Əлде “қазақтан гөрі көбірек коммунист” болып көрінгісі келді
ме
?..
Бəлкім
, Сталиннің қысымынан тысқары қалмаған шығар. Айтпақшы,
Рысқұловтың
тікелей бастығы — РСФСР Халком кеңесінің төрағасы
С
.И.Сырцов та (1919 жылғы дон казактары геноцидін басты
орындаушылардың
бірі) мал шаруашылығы аудандарында “колхоз
қозғалысын
күшейтуді” талап етті. Көсемнің нұсқауын орындай отырып,
Сырцовтың
Рысқұловты Саяси бюроға хат жазуға мəжбүрлеуі де əбден
мүмкін
ғой. Тарихта болып көрмеген күштеу мен зорлықзомбылыққа жол
ашқан
ұжымдастыру туралы қаулының екі күннен кейін қатаң сталиндік
редакциямен
қабылдануын кездейсоқтық деуге болмайды.
Он
жыл бұрын Рысқұлов Түркістанда большевиктік саясаттың салдарынан
аштықтан
қырылып жатқан өзінің жерлестерін құтқарды, ал енді одан да
сұмдық
күйзелісті қолдан жасауға өзі қатысты, оған қоса, мұны іске асырды
да
(Нижнее Поволжьеде).
Оның
табиғи адамгершілігін большевиктік, қылмыстық бастаулар жеңіп
кетті
, бірақ өзінің бақытсыздыққа ұшырап, сорлаған халқы үшін жаны
ауырғаны
сөзсіз (оның марқұм əйелі Азиза Түбековнаның куəлік етуінше,
Рысқұлов
өзінің қылығы үшін қатты күйзелген).
Солтүстік
Кавказ, Украина, Поволжье, Уралдан кейін аштық Қазақстанға да
тап
берді. 1930 жылдың соңында Рысқұлов “Советская степь” газетінде
“Көшпелі жəне жартылай көшпелі аудандардағы мал шаруашылығына көңіл
бөлейік
” (“Внимание скотоводству в кочевых и полукочевых районах”)
деген
мақаласын бастырып, қазақтарды келіп соққан ұжымдастырудың
алғашқы
толқынын қандай да бір жолмен жеңілдетуге тырысты. Алайда
жағдайды
түзетудің бұл жасқаншақ талпынысы ештемені шешкен жоқ жəне
оның
үстіне, голощекиндік кадрлар тарапынан қатаң сынға ұшырады.
Кейіннен
Рысқұлов өз бойынан батылдық тауып, қазақтарды күйретудің
апаттық
жағдайдағы күшін жеңілдету үшін Сталинге үш рет хат жазды.
Оның
алғашқы екі хаты аштық өз құрбандарының көп бөлігін алып кеткен
кезге
, 1932 жылдың соңына, ал соңғы хаты 1933 жылдың басына тура келеді.
1933 жылдың 9 наурызында жазылған үшінші хат — ең егжейтегжейлісі.
Əсіресе
алғашқы беттері барынша күшті əсер береді...
“Москва. Кремль. БК(б)П ОК, ж.Сталинге.
Көшірмесі
: БК(б)П ауылшаруашылық бөлімі, ж.Кагановичке, КСРО Халком
кеңесі
, ж.Молотовқа Қазақтардың 1931 жылдың соңында басталып, 1932
жылдың
көктемінде жəне көшкендердің бір бөлігінің (қабылданған
шаралардың
арқасында) жазда қайта оралуымен өсе түскен бір ауданнан
басқа
ауданға жəне Қазақстаннан тыс жерлерге көшуі енді қайтадан күшейе
түсуде
. Бірқатар қазақ аудандары мен көшушілер арасында аштық пен
жұқпалы
аурулардан пайда болған өлімжітімнің ауқымдылығы сондай,
орталық
органдардың жедел араласуын қажет етеді. Қазақстандағы қазақ
тұрғындардың
белгілі бір бөлігіне қатысты қалыптасқан мұндай жағдай
бірдебір
басқа өлкеде немесе республикада жоқ. Көшіп жүргендер
өздерімен
бірге көршілес өлкелерге жəне Ташкент, Сібір жəне Златоустинск
теміржол
бағыты бойынша жұқпалы ауруларды таратуда. Советтер
тарапынан
(дербес жағдайда РСФСР Халком кеңесі тарапынан) белгіленген
шаралар
мəселені шешпейді. ОК қаулысымен, өз уақытында, азықтүлік бөлу
арқылы
көрсетілген көмек елеулі жағдайда мақсатқа жеткен жоқ... Осы
мəселенің
үлкен мəнділігіне байланысты Сізден осы хатпен танысуыңызды
жəне
бұл мəселеге араласуыңызды əрі сол арқылы аштық өліміне ұшыраған
көптеген
адамдардың өмірін құтқаруға жəрдем етуіңізді сұраймын.
Жергілікті
жерлерден алынған соңғы жуық мəліметтер бойынша, қазір
Қазақстаннан
көршілес өлкелерге көшіп барған қазақтар саны: Орта
Волгада
— 40 мың адам, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде — 50
мың
, Қарақалпақта — 20 мың, Орта Азияда — 30 мың адам. Көшушілер
тіпті
Қалмақстан, Тəжікстан, Солтүстік өлке жəне басқа да алыс жерлерге
дейін
жеткен. Тұрғындардың байлар бастаған бір бөлігі Батыс Қытайға
көшіп
кетті. Қазақтар көшіқонындағы мұндай құбылыс Қазақстанда бірінші
рет
болып отыр. Бұл, əдетте, жаз айларында шағын қашықтыққа жай ғана
малымен
бірге көшу емес, көп жағдайда бұл аш адамдардың қорек іздеу
жолындағы
босыптентіреуі болып табылады. Кейбір жекелеген аудандарда
көшушілер
аудандағы барлық халықтың 40— 50 %ына дейін жетеді.
Көшушілердің
көпшілігі жұмысқа орналаспаған жəне бастарынан ауыр
жағдайды
өткеруде, ал кəсіпорындарда, совхоздар мен МТСтерде жұмысқа
орналасқан
қазақ жұмысшыларды қазір қысқарта бастады, оның үстіне, бұл
мекемелердегі
қысқартудың жалпы көлемі, егер оларда қазақтар жұмыс
істейтін
болса, көбінше толығымен солардың есебінен жүргізілуде (дербес
жағдайда
, бірнеше ондаған қазақтар қазір өздерін қысқартқан орман
шаруашылығынан
жəне басқа жұмыстардан Москва вокзалдарына келе
бастады
).
Көшу
үрдісінің өзі орнында қалған колхоздың əлсіреуіне, көшіп
кеткендердің
қалған мүлкін ұрлау жəне киіз үйлерді (көбінше бірденбір
баспананы
) сату əрекеттеріне, малы барлардың оны есепсіз сойып,
шығындауына
жəне малдың көш жолында өлімжітімге ұшырауына, қалған
мүліктерді
арзанға сатып кетуіне əкеліп соғуда.
Алайда
бұл көшулер мен қазақ шаруашылықтарының шайқалуының ең
жағымсыз
салдары қазақтар арасындағы аштық пен жұқпалы аурулар
болып
табылады, олар енді қайтадан қатерлі деңгейге көтерілуде”.
Рысқұлов
көшушілерді жедел түрде жұмысқа орналастыруды,
ашыққандарға
шұғыл көмек көрсетуді, бұл ретте 400 мың пұт астықты
наурыз
айында беруді, отырықшылыққа өткендерге тұрғын үй тұрғызуды,
талқандалған
шаруашылықтар үшін мал сатып алуды ұсынды...
Бəлкім
, ол өз хатымен көптеген мұқтаж адамдарға шарапатын тигізген
болар
. Тек бұл кезде өліп “үлгергендерге” емес...
* * *
Біздің
жаңа тарихымыз кейде жан шошырлық түске, ғажайып елеске ұқсап
кетеді
. Ешқашан да жер бетінде адам өмірі осылай құнсызданған емес,
ешқашан
да адам қаны дəл осылай тасқын болып аққан жоқ. (Ақылойдың
қалғуы
расында да құбыжықты тудырады, өйткені ақылой, парасат,
Қасиетті
кітапта (Библия — ауд.) айтылғандай, — Киеліні тану болып
табылады
.)
Əйтпесе
1941 жылдың өзіне дейінақ “Ұлы Октябрьден” кейінгі небəрі екі
онжылдыққа
жетпейтін уақыт ішінде б о л ь ш е в и к т і к б о с т а н д ы қ
алған
бұрынғы “халықтар түрмесі” тұрғындарының ү ш т е н б і р і н і ң
атылып
, аштан өліп жоғалуы қалайша мүмкін болды?
Дегенмен
біреулер үшін бұл жарамсыз империя (барған сайын гүлденіп,
беки
түскен держава!) тек отын болуға — дүниежүзілік революцияның
тамыздығына
жарайтын жанғыш материал ғана болды. Ел — жанғыш
материал
, халық — адамматериал. М а т е р и а л и с т е р...
Қалайша
мүмкін болды?..
Себептерін
əр жақтан іздеуге болады. Нəсілдік жəне діни соғыстардан,
əлемдік
тəртіпті жасырын жəне ашық күштер арқылы қайта бөлуден —
қайта
құрудан. Алайда ең басты себебі осылай аяқталуына Құдайдың өзі
жол
бергендігінен емес пе екен? Өйткені адамдар Құдайды ұмытты,
Құдайдың
Көлеңкесіне сатқындық жасады...
Сөйтіп
, бұлнəжіс пенжыншайтанұшажөнелді... “Біз бəрін өртейміз, біз бəрін
қиратамыз
, біз бəрін жер бетінен өшіреміз, біз ескі күнді сөндіреміз, біз
жаңа
күнді жағамыз”, — деп əндетті. Жəне мұны елдің əнұраны етті.
“Сайтан алғыр өткеннің” адамжиынтығынан “Совет адамын” ж а с а у ғ а
кірісті
. Ал қалай жасау керек? Қалай екені түсінікті. Рухани жəне
материалдық
негізді құраған барлық жақсы атаулыны жою жəне бұл қарғыс
атқыр
жыншайтанмен мыңдаған жылдық өткенді өзекке тебу арқылы.
Сөйтіп
, “шикі адамматериалдың” қасабы мен илегінің түнегінен “жаңа”
адам
үшін “жаңа” күн шықты. Құдайдың Нұрының, Құдайдың Өзі жаққан
аспан
шырағының орнына И л ь и ч ш а м ы жағылды.
Ал
онда, оның і л і м і бойынша қалай? Социализм дегеніміз есеп пе?..
Тек
Құдай ғана ештемені ұмытпайды, ал мұнда... Əртүрлі есептеулер
бойынша
, Кеңес Одағының халқы Қазан төңкерісінен кейінгі 35 жыл ішінде
(Сталин қайтыс болғанға дейін) 70—90 миллион адамға кеміген. Сонша
адам
, бəлкім, одан да көбірек соғыста өлді, “бейбіт” жылдары атылды,
аштықпен
, аурумен күйзеліске ұшыратылды, лагерьлерде азап шекті. Нақты
есебі
, əрине, жоқ. Құрбан болғандар саны, егер одан да көп болмаса, онда
шамамен
он миллиондық артықкем есебімен өлшенеді..
Ұжымдастыруда
10нан 20 миллионға дейінгі адамдар аштықтан қырылды.
Құрбан
болғандардың ең көп бөлігі астықты жəне мал өсіретін аудандарға
— Ресейге, Донға, Солтүстік Кавказға, Поволжьеге, Украинаға, Қазақстанға
тиесілі
. Аштық елді асыраушыларынан айырды.
Ұжымдастырудың
бүкіл уақытында шығын болған адам
құрбандықтарының
орнын толтыру үшін елге 5 жыл керек болды. Егер Ұлы
Отан
соғысынан кейін адам санын қалпына келтіру үшін 9 жыл керек
болғанын
еске түсірсек (ал соғыс құрбандарының саны, соңғы деректер
бойынша
, 25тен 46 миллионға дейін болған), онда мəжбүрлі
ұжымдастырудың
қандай күйзеліс əкелгені түсінікті болады.
Қазақстанда
1931—1933 жылдардағы аштықтан қанша адамның
қырылғанын
ешкім де дəл білмейді, оны нақты айту мүмкін де емес.
С
.Конквест құрбан болғандар саны екі миллионға жуықтайды деп санайды.
Ж
.Əбілхожин мен М.Тəтімов “тікелей шығындар” 1 миллион 700 мың адам
болды
деп жазады. Б.Төлепбаев пен В.Осипов аштық 1 миллион 50 мың — 1
миллион
100 мың қазақтың жəне 200— 250 мың қазақстандық басқа ұлт
өкілдерінің
өмірін қиды деген қорытынды шығарады.
Əртүрлі
жылдардағы халық санағының материалдарына көз жүгіртудің
өзіақ
жеткілікті (20—30жылдары адамдардың салықтан жасырынғанын, ал
ресми
статистика большевиктер партиясына қолайлы жұмыстарды
орындағанын
есте ұстай отырып). Сонымен, қалай? Тек 70жылдары ғана
республиканың
байырғы тұрғындары өзінің бұрынғы санына жетті...
Бірақ
мəселе тек қанша адамның өлгенінде ғана емес, адамның ішінде қ а н
ш
а өлгенінде...
Х
VІІ
1933 жылдың 4 қазанында, Қазақстанның жылдық мерекесінде, Мəскеуде
оқитын
қазақ студенттер жерлестігі астанада жүрген Мирзоянды (ол
Голощекиннің
орнын басқан) жəне Ораз Исаевты (үкімет төрағасын)
өздеріне
қонаққа шақырды. Сөз сөйлеуді өтінді. Мирзоян ауырып жүргенін
сылтауратып
жəне өзінің Қазақстанда əзірше жаңа адам екенін айтып, бас
тартты
. Ораз Исаев келісім берді.
Сөз
сөйлеп болғаннан кейін оған бірден сұрақ жауып кетті. Əсіресе көп
сұрағандары
: “Өлкеде не болып жатыр, адамдар неліктен күйзелуде?” деген
болды
. Ақыр аяғында біреу айғайлап жіберді:
— Қазақтар не себепті аштан өліп жатыр?
Ораз
Исаев қызарып кетті де, кенет ақыра жөнелді.
— Мұны байдың ұлы сұрап тұр!
Бозбала
орнынан тұрып, оның көзіне тура қарады.
— Мен өзім Аягөзденмін. Жазғы каникулда ауылға бармақшы болып
телеграмма
салдым. Бірақ мені стансыда ешкім қарсы алмады. Үйге жаяу
кеттім
. Ауылға келсем, қаңырап бос тұр! Барлық үйлер орнында, заттар
түгел
, ал адамдар жоқ. Ешкім де. Даланы кезіп келемін. Кенет, күтпеген
жерден
, тура ауылдан шыға берістегі сай ішінен мəйіттерді көрдім. Бəрі
сонда
жатыр — менің атаанам да, туыстарым мен ауылдасжерлестерім де.
Бүкіл
ауыл сайдың ішінде...
* * *
Қостанайға
тиіп тұрған жерде Ғабит Мүсіреповке жол бойында қаңырап бос
қалған
көптеген киіз үй қалашықтарының бірі кездесті. Осы бір көзге оғаш
көрінетін
қоныстың өз көшелері жəне əрбір киіз үйдің жеке нөмірі болды.
Бəрі
қаладағыдай. Маңдайшасына кестежазулар ілінген: Құрамысов
атындағы
көше, Ерназаров атындағы, Исаев атындағы, Рошаль атындағы...
Əрбір
көше қандай да бір қазақстандық көсемсымақтың атымен аталған. Ал
қалашықтың
өзі жолдас Голощекиннің есімімен аталған.
Онда
адамдар болған жоқ: қырылып қалған.
* * *
Жаны
сірі қалақай ұрығы тіпті ұжымдастыру уақытынан бермен сақталған.
Қостанай
облысында соңғы уақыттарға дейін* Голощекино стансысы
болды
. Осылайша Филипп Исаевич өзінің есімімен жабысып қалған.
Адамдарды
ажал апанына ең көп тоғытқан жерінің дəл өзінде.
* * *
Қыр
тұрғындары оны Қ у ж а қ деп атады. Қызыл тұмсық... Соғыстың
алдында
ол тұтқындалды. Белгісіз себептермен аяқталмай қалған тергеу
мейлінше
ұзақ уақытқа созылды. 1941 жылдың 28 қазанында Берияның
нұсқауы
бойынша Голощекинді, онымен бірге басқа большевиктерді де
Куйбышев
облысының Барбыш кентінде атты.
Бəріне
“Халықаралық имперализмнің пайдасына шпиондық жасады” деген
айып
тағылды. Шынайы мəні енді ғана көріне бастаған, басқан əрбір ізі
қазіргі
күнге дейін мұқият жасырылып келген оны осы бір саяси тұлғаны
қылмыс
дүниесінің қатал заңымен өздерінікі алып кетіп, тығып тастаған
жоқ
па əлде?
Сұмырайды
сұмпайы қылғытқаны ма сонда?.. “Тарихи энциклопедияда”
(“Историческая энциклопедия”): “Сталиннің жекебасына табыну кезеңінде
заңсыз
қуғынсүргінге ұшыраған. Өлгеннен кейін ақталған” деп жазылған.
“Қуғынсүргін құрбаны” делінген. Ал ж е н д е т екендігі туралы лəммим, бір
сөз
айтылмаған. Бұл туралы біздің энциклопедияларда жазбайды.
Ешқашан
да ештеме үшін əсте сотталмаған бұл жендеттердің ақталғандары
қаншама
! Жендеттер мойнына зорлап ілген масқара қара таңбаны тек х а л ы
қ
т а н ғана — елдің миллиондаған ең адал əрі əділ асыраушыларынан, оның
жауынгерқорғаушылары
мен рухани көсемдерінен қайтарып алуға ғана
асыққан
жоқ.
Ақтөбе
облысының шағын аудандық газетінің алғаш рет аталып өткен
30жылдар құрбандарын еске түсіру күніндегі нөмірінде (1992 жылдың
маусымында
болған) Бақыткерей Амангелдиннің өлеңі бар. Міне, сол
өлеңнің
бір шумағының жолмажол аудармасы (қазақ тіліне орысшадан
жолмажол
аударылды. — ауд.):
Ей
, тозақта шыңғыр, Голощекин! Қара басқыр.
Адамға
адам етін жегізген... Қорқау қасқыр.
Қарабет
ашкөз сұм əзəзіл...
Қарғыс
атсын сені, екі дүниеде жолың болмағыр!
Х
VІІІ
Құдайдың
назарынан тыс қалған тірі жансыз, құлазыған өлі дала... күзгі
күннің
салқын лебі енді ғана біліне бастаған, мұнар көктің мұңлы
шұғыласына
бөленген, сары ала сағымға бөккен, сол бір сор қаптырған
үрейлі
ауыр жылдары өз еркімен емес, тірідей де емес, артына ұрпақ
қалдырмастан
ізтүзсіз жоғалған адамдарының үні əлдебір алыс түкпірлерде
мəңгілікке
өшкен құла түз дала көз алда түрегеліп келеді. Ал сонда... əлде
мыңмыңдаған
құрбандардың суып бара жатқан қан тамырларында мезгіліне
жетпей
тыным тапқан күнəдан пəк, кінəдан ада, кіршіксіз таза қанының
шырқыраған
ең ақырғы жан тəсілім үні маңайға естілмегені ме?..
Ерназар
қарт пен оның кемпірінің отбасында ел ашыққан уақытта дүниеге
келген
балғын батыр Ер Төстік туралы қазақтың халық ертегісі бар.
Қыр
даланы мекен еткен елде үлкен жұт болады да, адамдар атамекенінен
ауа
көшіп, жат өлкелерге қоныс аудара бастайды. Көшкен елмен бірге
Ерназардың
сегіз ұлы да кетеді. Ал шалдың өзі кемпірімен екеуі бір жылдық
азық
жинап алады да, ақырына дейін шыдап бағу үшін тəуекелге бел
байлап
, көшпей қала береді. Жыл өтіп, азық таусылады. Бір күні кемпір
түндікті
ашады, сол сəтте Ерназар шал шаңырақтың уілдірігінде ілулі
тұрған
жылқының кепкен төстігін көреді.
Олар
төстікті пісіріп жеп, күш жинайды, ал тоғыз ай тоғыз күн өткенде
кемпір
толғатып, ақ сазандай ұл туады. Баланың атын Төстік деп қояды.
Бала
сағат санап, күн санап өсіп, бір жылдан кейін нағыз батырға айналады.
Бала
белдескенді бес бүктеп, аңдысқанды алты бүктеп жығады, ешкімді
шақ
келтірмейді, мергендігімен де бəрінен озады. Аң аулап əкеліп,
атаанасын
, ауылын асырайды. Осылайша олар тоя тамақ ішіп, жақсы өмір
сүреді
. Бірде Төстік садағымен шымшықты атып, оның қанатын жаралайды.
Шымшық
шөпшөптің арасымен шоқаңдап секіріп ұшып, көрші үйдің
жанына
келеді. Төстік оның соңынан қуа жөнеледі. Ал ол жерде жіп иірген
кемпір
отырады. Шымшық жіптің үстінен секіріп өте бергенде, Төстік оны
аяғымен
баса қалады.
— Əй, жүгермек! — деп кейиді кемпір. — Бостанбосқа сенделгенше, сегіз
ағаңды
неге іздемейсің?
Төстікөзініңағаларыбар
екенін алғашретестиді. Бұл туралы атаанасы оған
ешқашан
айтпаған еді. Мұның мəнісін шешесінен сұрағанда ол:
— Алжыған кемпір алдайды. Ешқандай ағаларың жоқ! — дейді.
Бірнеше
күннен соң Төстік ұрысқақ көрші кемпірдің ұлымен бірге асық
ойнайды
. Ойын қызығына беріліп кеткен Төстік байқаусызда кемпірдің
баласына
асықты тигізіп алып, оны өлтіріп қоя жаздайды. Кемпір
бұрынғыдан
да қатты кейіп, қарғапсілей бастайды:
— Өлсең етті сен антұрған! Күшіңді қайда сыйғызарыңды білмей жүрсің бе?
Одан
да өзіңнің жоғалып кеткен ағаларыңның сүйегін неге іздемейсің? —
дейді
ол Төстікке.
Төстік
ойға батады. Үйге келіп, шешесінен тағы сұрайды. Шешесі
үндемейді
.
Сол
кезде Төстік тамақ сұрайды. Шешесі оған табаға бидай салып беріп,
“қуырып же” дейді. Төстік бидайды қуырады да шешесіне:
— Шеше, қуырмаш дайын болды ма, көріп берші, — дейді. Кемпір табадан
бір
уыс ыстық бидайды алақанына салып ала бергенде, Төстік оның
қолынан
шап беріп ұстай алады да, алақанын бар күшімен қысады.
Шешесі
:
— Жібер, балам, қолым күйіп барады, — деп жалынады.
Төстік
:
— Ағаларым туралы барлық шындықты айтсаң босатамын, — дейді.
— Жарайды, айтайын.
Төстік
қолын босатқан кезде шешесі оған:
— Сенің сегіз ағаң болған. Адам айтқысыз ауыр жұт болған жылы олар
кетіп
қалды. Содан қайтып оралмады. Тірі ме, жоқ па, кім білсін...
Жоғалған
ағаларын іздеуге аттанған батыр туралы ертегі, міне, осыдан
басталады
.
Алайда
, ең бастысы ертегінің түйінінде. Өйткені батыр мейірімді, ол
əлсіздерді
ешқашан жəбірлеп ренжітпейді, бірақ өзінің туған кəрі шешесіне
ауырлық
келтіруге мəжбүр. Мұндай іске бару үшін қандай жан азабын тарту
керек
?!
Демек
, шындықты білу үшін азап алдындағы үрейді жеңіп шығу қажет.
Мейлі
, ауыр болсын. Бірақ шындықсыз болмайды.
Ер
Төстік осыны түсінген...
* * *
...Не болып еді өзі?
Қара
құйынның ішінде жыншайтан ұшып жүрді... жəне ол бəрін: отбасынан
адамдарды
, ауылдан тіршілікті, адамнан оның жанын, халықтан рухын
үрлеп
, ұшырып əкетті.
Жəне
... əлі ұшып жүр...
Жаратқан
Ием, біздің күнəмізді кеше гөр, бізді ақиқат жолына түсіргей.
Аудармашыдан
Автордың
бұл шығармасы, менің ойымша, рухы жағынан поэма дерлік,
мазмұны
жөнінен диссертацияға тұрарлық туынды.
Ұсынылып
отырған бұл аударма хақында менің оқырмандар назарын
аударғым
келетін екі жайт бар. Біріншіден, уақыт тынысының,
кейіпкерлердің
өзіне тəн кескінкелбетінің, əсіресе Голощекиннің
болмысбітімі
мен сөз сөйлеу мəнерінің жəне қолжазбаның жанрлық,
автордың
стильдік ерекшеліктерінің түпнұсқадағы қалпын сақтауға
тырыстым
. Екіншіден, авторлық мəтін мен жерсу атауларын беруде қазіргі
күннің
, ал кейіпкерлердің сөздері мен кезеңдік құжаттарды (газет
материалдарын
, жасалған баяндамаларды, сөйленген сөздерді, жазылған
хаттарды
, естеліктерді т.б.) аударғанда, сол кездің лексикалық талаптарын
ескердім
. Осындай себеппен, мəселен, бірде “ұжымшар”, “ұжымдастыру”,
басқа
ретте “колхоз”, “коллективтендіру” болып жазылды. Сондайақ “Қазан
төңкерісі
”, “Кеңес Одағы” т.б. біраз сөздер мен тіркестер бұрын да, қазір де
ыңғайына
қарай əрқалай қолданылып жүргені есте болды.
Енді
оқырман ретіндегі өзімнің пікірімді білдірсем, отандас орыс
жазушысының
ағынан жарылып, осындай кітап жазғаны қуандырады əрі
риза
етеді. Халық қасіретін шынайы суреттеу арқылы ұрпаққа үлкен сабақ
боларлық
тағылым ұсынумен қатар, тағдыр тəлкегіне ұшыраған дəуірдің,
əсіресе
о дүниенің тозағына халықтың мəңгілік қарғысын арқалап кеткен
мансапқұмар
да даңғой, ең бастысы, қанішер Голощекиннің пародиялық
портретін
шебер сомдаған автор əріптесіме бұдан былай да шығармашылық
табыстар
тілеймін.
Ғұсман
ЖАНДЫБАЕВ
Оглавление
І
ІІ
ІІІ
IV
V
VI
VII
VIII
ІХ
Х
ХІ
ХІІ
ХІІІ
ХІ
V
Х
V
Х
VI
Х
VІІ
Х
VІІІ
Аудармашыдан
Document Outline - І
- ІІ
- ІІІ
- IV
- V
- VI
- VII
- VIII
- ІХ
- Х
- ХІ
- ХІІ
- ХІІІ
- ХІV
- ХV
- ХVI
- ХVІІ
- ХVІІІ
- Аудармашыдан
Достарыңызбен бөлісу: |