19
65.
Тексіз адам қонаққа тесіле қарайды.
*
Ешуақытта адамға тесіле қарауға болмайды. Ол әдепсіздік болып
саналады. Байқадыңыз ба ондай адамды тексіз дейді екен.
*
Өнегелік әңгіме өрбітіңіз.
66.
Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын өзі кесе алмайды.
*
Мақалды қалай түсінесіз?
*
Дәрменсіздік деген сөздің мағынасын ашып айтыңыз. Сол сөздің
мақалға қандай қатысы болуы мүмкін?
67.
Еккенде келісіп алса, жинағанда жанжал болмайды.
*
Қазіргі бизнеспен айналысып жүрген жандарға өте-мөте қажет мақал
сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?
*
Жағдаяттық диалог жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: