Сұрақтар мен тапсырмалар:
1)
Ойдан жағдаят құрап, жоғарыдағы мақалды қолданып сөйлеңіз.
2)
Осы мақал сізді қандай ойға түсірді?
3)
Сіз осы мақалды кімдерге айтар едіңіз? Не үшін?
7. «
Айрылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа»
* «
Қайырылмастай сөз» деген –ауыр сөз. Жүректі жаралайтын сөз. Достық
дегенді мінсіздікпен шатастыруға болмайды. Адам – пенде. Пенденің
әрекетінің дұрысы да, кей-кейде бұрысы да бола береді. Досыңа өз басың өте
адал бол. Ал дұшпандықпен біреулер араларыңызға сына қақса, ауыр сөз
айтпас бұрын, ойланыңыз. Уақыт – емші. Өзіңізді сабырға шақырыңыз.
Мінсіз адам болмайтынын ойлап, достық қарым-қатынасыңызды сақтап
қалуға тырысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |