Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу



Pdf көрінісі
бет102/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу 
Тарату негiздемесi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу 
үшін: 
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды 
тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш; 
2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не 
құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен 
бекемделген шешiмi; 


3)  заңды  тұлғаның  таратылуы,  кредиторлардың  талаптарды  мәлiмдеу  тәртiбi  мен 
мерзiмдерi  туралы  ақпараттың  Әділет  министрлігінің  ресми  баспасөз  басылымдарында 
жарияланғанын растайтын құжат; 
4)  кедендік  баждар,  салықтар  және  кедендік  алымдар  бойынша  берешегінің  жоқ 
екендігі туралы анықтама
5) акция шығарылымдарының күшін жою туралы куәлік (акционерлiк қоғамдар үшiн); 
6) заңды тұлғаның мөрiн жою туралы құжат
7)  заңды  тұлға қызметінің  тоқтатылуын  мемлекеттік  тіркегені  үшін бюджетке  тіркеу 
алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат; 
8) құрылтай құжаттары ұсынылады. 
Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға заңды 
тұлғаның  таратылғаны  туралы  ақпарат  жарияланған  күннен  бастап  кемінде  екі  ай  өткен 
соң ұсынылады. 
Сот  шешімімен  таратылған  заңды  тұлға  қызметінің  тоқтатылуын  мемлекеттік  тіркеу 
сот шешімі және тарату ісін жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге 
асырылады. 
Мүліктік  кешен  ретінде  жекешелендірілген  мемлекеттік  кәсіпорын  қызметінің 
тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы: 
1)  Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігі  белгілеген  нысан  бойынша 
мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті
2)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  (жергілікті  атқарушы  органның)  мемлекеттік 
кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімін; 
3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін; 
4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін; 
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені 
үшін  бюджетке  тіркеу  алымы  төленгенін  растайтын  түбіртекті  немесе  өзге  де  құжатты 
ұсынады. 
Тіркеуші  орган  заңды  тұлғаны  тарату  туралы  шешімді  алғаннан  кейін  Қазақстан 
Республикасының  заңнамалық  актілерінде  белгіленген  тарату  тәртібінің  сақталуын 
тексереді,  заңды  тұлғаның  таратылғаны  туралы  мәліметтерді  Бизнес-сәйкестендiру 
нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізеді. 
Салық  қызметі  органдары  Бизнес-сәйкестендiру  нөмiрлерi  ұлттық  тiзiлiмінің 
мәліметтері  негізінде  қызметін  тоқтататын  заңды  тұлға  жөнінде  салық  берешегінің, 
міндетті  зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдар  бойынша  берешегінің  жоқ 
(бар)  екендігі  туралы  мәліметтер  береді  не  мұндай  заңды  тұлға  Салық  кодексінде 
белгіленген  тәртіппен  салық  міндеттемесін  орындамаған  жағдайда  берешегі  туралы 
аталған мәліметтерді беруден бас тартады. 
Егер  тексеру  процесінде  тарату  тәртібінің  бұзылуы  анықталмаса,  тіркеуші  орган 
қажетті  құжаттарымен  қоса  заңды  тұлғаның  таратылуын  мемлекеттік  тіркеу  туралы 
өтініш  берілген  күннен  кейінгі  бес  жұмыс  күні  ішінде  заңды  тұлға  қызметінің 
тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік 
тiркеудi  тiркеушi  орган  табиғи  монополиялар  салаларындағы  және  реттелетін 
нарықтардағы  басшылықты  жүзеге  асыратын  уәкiлеттi  органның  алдын  ала  келiсiмiмен 
жүзеге асырады. 
Заңды  тұлғаны  тарату  тәртібінің  бұзылуы  анықталған  кезде,  сондай-ақ  таратылатын 
заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған, салық 
берешегі,  міндетті  зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдар  бойынша  берешегі 
болған  не  мұндай  заңды  тұлға  Салық  кодексінде  белгіленген  тәртіппен  салық 
міндеттемесін орындамаған жағдайда салық  қызметі  органдары берешегі  туралы аталған 
мәліметтерді  беруден  бас  тартқан  жағдайларда,  тіркеуші  орган  заңды  тұлға  қызметінің 
тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады. 


Заңды тұлға өз қызметiн тоқтатты деп бұл  жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру 
нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн есептеледi. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет