Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет121/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

398-бап. Салық ставкалары 
1.  Заңды  тұлғалар  (осы  баптың  2,  3,  3-1-тармақтарында  аталғандарды  қоспағанда) 
мүлік салығын салық базасының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейді. 
2.  Мүлік  салығын  салық  базасының  0,5  процент  ставкасы  бойынша  мына  салық 
төлеушілер: 
1) дара кәсіпкерлер; 
2)  оңайлатылған  декларация  негізінде  арнаулы  салық  режимін  қолданатын  заңды 
тұлғалар есептейді. 
3.  Төменде  аталған  заңды  тұлғалар  мүлік  салығын  салық  базасының  0,1  процент 
ставкасы бойынша есептейді: 
1)  діни  бірлестіктерді  қоспағанда,  осы  Кодекстің  134-бабында  айқындалған  заңды 
тұлғалар; 
2) осы Кодекстің 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар; 
3)  негізгі  қызмет  түрі  кітапханалық  қызмет  көрсету  саласындағы  жұмыстарды 
орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар; 
4)  ғылыми  кадрларды  мемлекеттік  аттестаттау  саласындағы  функцияларды  жүзеге 
асыратын мемлекеттік кәсіпорындар; 
5)  мемлекеттік  меншіктегі  және  бюджет  қаражаты  есебінен  қаржыландырылатын  су 
қоймаларының,  су  тораптарының  және  табиғат  қорғау  мақсатындағы  басқа  да  су 
шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар; 
6)  ауыл  шаруашылығы  тауарларын  өндіруші  заңды  тұлғалардың  және  шаруа  немесе 
фермер  қожалықтарының  жерін  суландыру  үшін  пайдаланылатын  гидромелиорациялық 
құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар; 
7) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар. 
3-1.  Осы  Кодекстiң  135-1-бабының  1-тармағында  айқындалған  заңды  тұлғалар  мүлiк 
салығын салық базасына 0 пайыздық ставка бойынша есептейдi. 
4.  Осы  Кодекстің  135-бабының  3-тармағында  айқындалған  тұлғаларды  қоспағанда, 
осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға 
немесе  жалға  берілген  салық  салу  объектілері  бойынша  мүлік  салығын  осы  баптың  1-
тармағында белгіленген салық ставкасы бойынша есептейді және төлейді. 
5.  Арнайы  экономикалық  аймақтардың  аумақтарында  қызметін  жүзеге  асыратын 
ұйымдар  мүлік  салығын  осы  Кодекстің  17-тарауында  белгіленген  ережелерді  ескере 
отырып есептейді. 
6.  Қазақстан  Республикасының  инвестициялар  туралы  заңнамалық  актісіне  сәйкес 
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекіткен  инвестициялық  стратегиялық  жобалар 
тізбесінде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын 
заңды  тұлғалар  пайдалануға  алғаш  берілген  объектілер  бойынша  Қазақстан 
Республикасының  инвестициялар  туралы  заңнамалық  актісіне  сәйкес  жасалған 
келісімшарт  негізінде  салық  базасына  0  пайыз  мөлшерлеме  бойынша  мүлік  салығын 
есептейді. 
Осы  тармақтың  бірінші  абзацының  ережелері  салық  салу  объектілерін  пайдалануға, 
сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды. 
Осы тармақтың ережелері объектілерді пайдалануға беру жүзеге асырылған айдың 1-
ші  күнінен  бастап,  бірақ  келісімшарт  жасалған  күннен  кейін  қолданылады  және  ол 
келісімшарт жасалған күннен бастап жеті жылдан аспайды. 


7. Технологиялық парктер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау 
туралы  заңнамалық  актіде  көзделген  қызметтің  негізгі  түрін  жүзеге  асыру  кезінде 
пайдаланылатын  объектілер  бойынша  салық  базасына  0,1  пайыз  мөлшерлеме  бойынша 
мүлік салығын есептейді. 
Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін: 
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сәйкес 
құрылған; 
2) осындай технологиялық парктердің жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу 
үлестері)  құнының  елу  немесе  одан  астам  пайызы  технологиялық  дамыту  саласындағы 
ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 
2009 жылғы 20 наурыздағы 
№ 376 қаулысымен 
бекітілген 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет