2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың
ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да
бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық
емес ұйымдар болып табылады.
3-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдар Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн
басқа да заң актілерінен тұрады.
Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық
бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртібі мен қызметi өзге заң
актілерімен белгiленетiн өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар
кiрмейдi.
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн
шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады,
бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен
өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Саяси партиялардың кәсiптiк одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық
бiрлестiктер түрлерiнiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және
таратылуына байланысты ерекшелiктер өзге заң актілерімен реттелуi мүмкiн. Аталған
қоғамдық бiрлестiктердiң өзге заң актілерімен реттелмеген қызметi осы Заңмен реттеледi.