Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет6/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

III БӨЛIМ  
ПРЕЗИДЕНТ 
40-бап 
1. Қазақстан Республикасының Президентi  - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi 
және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық 
қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.  
2.  Республиканың  Президентi  -  халық  пен  мемлекеттік  билiк  бiрлiгiнiң, 
Конституцияның 
мызғымастығының, 
адам 
және 
азамат 
құқықтары 
мен 
бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.  
3.  Республика  Президентi  мемлекеттік  билiктiң  барлық  тармағының  келісіп  жұмыс 
iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. 
41-бап 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президентiн  конституциялық  заңға  сәйкес  жалпыға 
бiрдей,  тең  және  төте  сайлау  құқығы  негiзiнде  Республиканың  кәмелетке  толған 
азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.  
2.  Республика  Президентi  болып  тумысынан  республика  азаматы  болып  табылатын 
қырық жасқа толған, мемлекеттік тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл 
бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.  
3.  Республика  Президентінің  кезектi  сайлауы  желтоқсанның  бiрiншi  жексенбiсiнде 
өткiзiледi  және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен 
тұспа-тұс келмеуге тиiс.  
3-1.  Президенттің  кезектен  тыс  сайлауы  Республика  Президентінің  шешімімен 
тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі. 
4. алынып тасталды  
5.  Дауыс  беруге  қатысқан  сайлаушылардың  елу  процентiнен  астамының  дауысын 
алған  кандидат  сайланды  деп  есептеледi.  Егер  кандидаттардың  бiрде-бiрi  көрсетiлген 
дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат 


қатысады.  Дауыс  беруге  қатысқан  сайлаушылардың  ең  көп  дауысын  алған  кандидат 
сайланды деп есептеледi.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет