Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет114/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

1161-нұсқа 
1-Мәтін 
Мінез – саналы өмір жүйесіндегі нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, 
сыр –сипат, іс – әрекет, бет – әлпеті ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Көркем мінез 
– адамның эстетикалық –этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілік, ұят, намыс сияқты 
ерекше қасиеттерді атаған жөн. 
Кез келген адамды бір көргенде –ақ, оның көзі, қасы, беті, құлақ- мұрны, дене бітімі саған әр 
қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып – ақ, ол қандай адам
сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл – адамды адамның сыртқы келбеті 
арқылы – ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде – ақ: «Әдемі киінуді ұнататын 
сәнқой екен», «Күлкісі қандай жасанды», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не 
сүйсіндіреді, не жағымсыз әсер қалдырады, тіпті, таң – тамаша да қалдырады.  
1.Мәтіндегі адам мінезіне көркемдік ұялататын қасиет 
A) Адалдық 
B) Білімділік 
C) Алғырлық 
D) Әдептілік 
Е) Еңбекқорлық 
2. Мәтін мазмұнына сай мақал 
A) Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді 
B) Көз көрсетеді, ой танытады 
C) Талапты ерге нұр жауар 
D) Жақсы болсаң – жақын көп 
Е) Киім пішсең кең піш, тарылтуың оңай 
2-Мәтін 
        Марс – күннен алыстығы жөнінен төртінші ғаламшар саналады. Ғаламшардың ұсынған 
болжамы бойынша, мұнда түс ғаламшардың атмосферасында темір оксидінің өте көп 
болуымен байланысты. Өз осінен айналуы бойынша Марс шамамен Жермен бірдей айналым 
жасайды. Марстағы бір жыл Жердегі 687 тәулікпен пара – пар. Марстың диаметрі Жерден екі 
есе кіші болса, салмағы 9 есе жеңіл. 
       Марс Күн жүйесіндегі ең ірі тау массивіне ие. Оның ең үлкені – Олимп сөнген жанартауы. 
Марс бетінде Жердегі ең биік шың саналатын Эверестен бірнеше есе биік таулар кездеседі.  
       Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болса керек. Алайда ол кей беймәлім 
құбылыстарға байланысты жоқ болған. Оған дәлел – қазіргі кездегі ғаламшар бетінде қалған 
өзен сағалары. Сондай – ақ, тек қана судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы. 
       Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп 
тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан 
құрамындағы оттегі газға айналып кете береді. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан 
тапсырады деген сөз. Марстағы тәуліктік орташа температурасы шамамен – 60   құрайды. 
Марста азон қабатының болмауы себепті, Күн шығыстан шыға саласымен ғаламшар беті 
адамды күйдіріп жіберетін радиация дозасын қабылдайды.  
3. Ертеде Марста судың көп болғанының дәлелі 
A) Қысымның өте төмендігі 
B) Судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы 
C) Марста биік таулардың болуы 
D) Марста темір оксидінің көп болуы 
Е) Ғаламшарда өзен сағаларының болмауы 
4. Ғаламшардың қызыл түсті болуын ғалымдар немен болжайды 
5. Марста азон қабатының болмауының адамдарға тигізетін зияны 
A) Күйдіріп жібереді 
B) Қан құрамын өзгертеді 
C) Дене қысымы төмендейді 
D) Оттегі газға айналады 
Е) Үсітіп жібереді 
6. Марстағы орташа тәуліктік температура қанша болады? 
A) -60 
B) -37  
C) 22,7  
D)  24 
Е)   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет