Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет193/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

4-мәтін 
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және 
кекіл  қою.  Қазақ  халкының  салт-дәстүрінде  адам  шашын  ерекше  қастерлеген.  Қазақта 
«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын 
көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне 
бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. 
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. 
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі 
көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген 
жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, 
денінің  сау  болуын  тілейді.  Халық  айдарлы  балаға  тіл-көз  тимейді  деп  есептеген.  Қойылған 
айдарды  бала  жеті  жасқа  немесе  он  үш  жаска  келгенше  тіл-көздің  сұғынан  сақтайды  деп 
алғызбаған.  Халық  дәстүрінде  балаға  сұқтанған  адамның  көзі  айдарға  түсіп  алдансын  деген 
сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым 
бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. 
Қазақта Айдар деген адам есімі де бар. 
Қазақтар  тәрізді  Тайланд  халқы  да  балаларына  айдар  қояды.  Олардың  наным-сенімдері 
 


 
 
бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан 
сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен. 
13. 
Айдарға  байланысты  қазақтың наным-сенімін көрсетіңіз 
A) 
Бала болашақта ғалым болады 
B) 
Бала дәулетті, бай адам болады 
C) 
Бала аурудан тез сауығып кетеді 
D) 
Тіл мен көзден сақтайды 
E) 
Баланың дос-жарандары көп болады 
14. 
Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады? 
A) 
Тілі шыққан кезде 
B) 
Қырқынан шығарған кезде 
C) 
Сүндетке отырғызған кезде 
D) 
Он жасқа толған кезде 
E) 
Тәй-тәй басқан кезде 
15. 
Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады? 
A) 
Үйленген кезде 
B) 
Алғаш аңыға шыққан кезде 
C) 
Мүшел жасқа келген кезде 
D) 
Жеті жасқа толған кезде 
E) 
Бала сырқатынан айыққан кезде 
16. 
Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз 
1. 
Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі. 
2. 
Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында. 
3. 
Наурызбай батырдың айдары болған. 
A) 
Біріншісі мен үшіншісі 
B) 
Үшеуі де бұрыс 
C) 
Үшеуі де дұрыс 
D) 
Біріншісі мен екіншісі 
E) 
Екіншісі мен үшіншісі 
17. 
Мәтінге атау беріңіз 
A) 
«Айдар» есімі туралы 
B) 
Қарын шаш 
C) 
Бүгінгі шаш үлгісі 
D) 
Тайландтық «Айдар» 
E) 
Айдар шаш 
18. 
Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз 
1. 
Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды. 
2. 
Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған. 
3. 
Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар. 
A) 
Тек біріншісі, 
B) 
Біріншісі мен екіншісі 
C) 
Екінші мен үшінші 
D) 
Тек екіншісі 
E) 
Тек үшіншісі 
19. 
Мәтін стилін анықтаңыз 
A) 
Ауызекі сѳйлеу 
B) 
Fылыми 
C) 
Ic-қағаздар 
D) 
Кѳркем әдебиет 
E) 
Ресми 
 
20. 
Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі 
A) 
Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі 
B) 
Бұрымды қыздар жиі кездеседі 
C) 
Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі 
D) 
Шашына үкі тақкан кыздар жиі кездеседі 
E) 
Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет