шамаларды өлшеу). Тәулік пен оның құрамдық бөліктері жөніндегі балалардың түсінігін
бекіту және кеңейту. Таңертеңгі, күндізгі, кешкі, түнгі уақыттарды бірге алғанда тәулік
деп атайды. Тәулік төрт бөліктен тұрады: таңертең, күндіз, кешкі мезгіл, түн; олардың
ретін білу.Тәуліктің алмасып отыратындығымен және бүгін, кеше ертең деген сөздермен
таныстыру. Төрт жасқа қараған балалардың тобында уақыт түсініктерін дамыту үшін
күнделікті өмірде режимдік мезеттерді өткізу, қимыл – қозғалыс ойындарын ертеңгілік
гимнатиканы пайдаланған жөн.Уақыт түсініктері де (танертең, күндіз, кешке, түн)
режимдік мезеттерде өткізгенде күнделікті өмірде дамытылуы тиіс. Тәуліктің бұл
бөліктері де, сондай – ақ кішкентайлар мен ересектер балалардың іс – әрекеттерінің
өзгеруіне қарай ажырылатылады. Бірақ көрсетілген уақыт мезеттерінде еремек
балалардың іс – әрекеті түрліше болғандықтан, белгілі бір жердің немесе белгілі бір
географиялық белдеудің өзіне тән ерекшелігі болатынын ескеру керек. Уақыт мезетін
сипаттау әр бала үшін нақтылы және нанымды болуы тиіс, сондықтан түсіндіргенде
көптеген белгілерді пайдалану керек.
Уақыт жөніндегі түсініктер, сандық түсініктерге қарағанда, кемтар балалармен
баяу меңгеріледі. Бұл уақыт елестеулерді қабылдайтын түйсіктер жұмысының
жетіспегендігі мойындайды.
Уақыт жөніндегі елестеулерді қалыптастыру балалардың қоршаған орта жайлы
түсініктерді дамытады. Ол тәжірибелік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. Уақыт
ұғымдары әр сабақ сайын қайталануы керек. Сабақты басатамас бұрын мұғалім
балалардың бүгін немен айналысатындарын баяндаса, кеше не істегендерін еске түсіреді.
Апта күні аталып, сабақтың сабақ кестесіндегі орны сұралады.
Уақыт жөніндегі елестеулерді қалыптастыру барысында «тәуіліктік үйшік» және
«тәуіліктік сағат» көркемдік жабдықтардың орны зор.
Достарыңызбен бөлісу: