О, ө дыбыстары харакатпен емес,тек таңба арқылы жазуда
қойылып отырғанын байқаймыз. Бұл жадид жазуының негізгі
ерекшеліктерінің бірі, яғни бір дыбысқа бір таңба. Бұл үрдіс
араб жазуымен басылып шыққан кітаптарда жүйелене түсіп,
ба-сым сипат ала бастайды.
... Газеттерде өнер, баға, ауа сөздерінің парсылық тұлғасын
бұзбай таңбалау басым болып келеді. Мысалы, өнер/һөнер, баға/баһа ауа/хауа.
Газеттердің ең басты ерекшелігі қысаң дауыстылар ы мен і-нің
жазуда таңбаланбауы. Сонда газеттерде еріндік дауысты-лар о, ұ,
ұ, ү дыбыстары жүйелі түрде жазуда белгіленіп отыр-са, ал ы, і
қысаңдары таңбаланбаған. Баслұб, бітүбді деген аздаған
сөздердің еріндікпен таңбаланғаны болмаса, басым көпшілігінің
жазуда белгіленбегенін көреміз. Мысалы, барб (ба- рып), келб (келіп), қарздары (қарыздары), қлб (қылып). Ал жаз-
баларда сөздің соңғы буынындағы ы, і қысаңдары еріндік ұ, ү
әріптерімен көп жағдайда таңбаланып отырған.
... Жадид жазуымен басылып шыққан кітаптардың
таңбалану ерекшеліктері:
1. Дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес, таңба арқылы
беріліп, жазуда хатқа түсіп отырған, араб әліпбиіндегі 28 әріп
таңбаларының барлығы дерлік (бір мәтін ішінде) қазақ сөздерін
175