Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет144/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

ұ,   ү,   у,   о,   ө  дыбыстарына   бір   таңба   арналуы   себеп   еді.
Дыбыстардың   еріндік,   қысаң   интегралауыш   белгілерінен
бөтен, өзара жуан-жіңішкелік (ұ-ү,  о-ө) дифференциалды бел-
гісі және еріндік реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар.
Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдық қасиетке ие фо-
нема деңгейінде қарала алатынын айқындаған А.Байтұрсынұлы
бұл   бес   фонемаға   үш   таңба   арнайды.   Олар   жуан-жіңішке
белгісі арқылы ажырайды:
<ү>
<ө>
/ұ/         /о/         және /у/ графемасы.
<ұ>
<о>
Ғалым:   “о  мен  ұ  екеуіне   зор   ілтипат   керек.   Бұлардың
жазылуы   ұқсас   болғанмен,   айтылуы   ұқсас   емес.  Қой  (мал)
деген сөзбен құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай
басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. Ұ көмескі айтылса да,
қалдырмай жазу керек.  Ұ  тұр,  жұрт,  құм  деген сөздерде  т-
ның  ж-ның  қ-ның   соңынан   қандай   дыбыс   естіледі,  сол
дыбыстың   белгісі.  Бұл   дыбыстың   қарпін  о-дан   айыру   үшін,
үстіне () қоямыз.  Ұ-ны оқығанда һәм оқытқанда сол естілген
қалыпта айтарға тиіс” деген.
Бірақ сонда да  <ұ>  мен  <у>-дың арасын айыру қиындығы
болғанға ұқсайды: “у – азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның р-
дың,  б-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі.  У-сөздің бас
буынында қысқа һәм көмескі естіледі. Құрау, құлақ, құрғақ де-
ген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын, һәм анық
айтылады. У-дан ұ-ны айыру керек. Қысқасы сөздің басқы буы-
нында  у  ұзын  һәм   анық   естілсе,   екі   әріппен  жазарға  тұура,
тұумас, буұн, бұуаз дегендей. (у)-ды (ұ) дан айыру үшін үстіне
() қоямыз. Себебі, (у) менен (ұ)-ның жазылуы ұқсас болғанмен,
айтылуы ұқсас емес” деді.
Бірақ   бұған   қарсы   пікірлер   бірден   айтылады.   Мысалы,
Ш.Жияшев «Ол 
ﻭ 
дыбысын орысша у деп қарайды. Жоқ мырза,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет