портреті орналасқанша,осындай ежіктеп оқу сатысы жүреді.Бір
бейнені немесе типтік бейнені қайталап көре берген көз сол
образды “суретке түсіріп”, санаға елес ретінде салып қояды.
Келесі оқығанда санадағы типтік елес – портрет пен мәтіндегі
бейне ассоциацияланып, екі бейне беттесіп, адам ежіктеп оқудан
құтылады. Сөйтіп, автоматты оқу кезеңі келеді, бұл іштей көзбен
қармап оқуға жеткізеді. Көзбен оқуда оқу темпі ауызша сөйлеу
темпімен бірдей болады. Оқу өрісі 4-6 сөзден бірнеше жолдарға
дейін көре алады. Қосымша оқу өрісі сөйлем аяғын, азатжолдың
басталуы мен аяқталуын, келесі азатжолдың басталуын көреді.
Оқу сатысының едәуір жетілген түрі динамикалық оқу деп
аталады. Бұл аялық білім арқылы мәтінді тұтас қармап көру
негізінде ойды табу үшін негізгі еместерін тастап оқу, мәтінді
бұрынғы оқылған мәтіндермен байланыстыра отырып, бір көз
жүгірткеннен түсіну, сөйтіп, мәтіннің бүкіл мазмұн әлемін елес-
тетіп оқу болып табылады. Оқу процесі санадағы графикалық