Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет68/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

<с>-ның  (атсыз,  етсіз)  вариациалары туралы да айтуға болады.
Сондай-ақ  күнәларың,  ләззаттандым  деген   сияқты   бейүндес
буынды   сөздерді   айтқанда   [күнәла’рың],   [ләзәтта’ңғаммен]   деп,
<а> мен <ә>-нің ортасындағы [а’] вариациясы пайда болады.
А.А.Реформатский әлсіз позицияның нәтижелері әртүрлі бо-
лады, кейде әлсіз перцептивті позицияның нәтижесі вариация,
сигнификативті   әлсіз   позицияның   нәтижесі   вариант   болады
(Реформатский А.А. 1970: 116), Л.В.Щерба фонема мен оның
варианттарын айырудағы қиындық жай құлаққа шалынбай-тын
айырмашылықтарды   байқауда   ғана   емес,   сол   тілдің   дыбыс
құрамы үшін қай ерекшелік мәнді, қай ерекшелік мәнсіз соны
аңғару (Фердинанд де Соссюр. 2000: 125б) деген. Өйткені ва-
риация делініп жазуда еленбей жүрген дыбыс түрленімі біртін-
деп  тілдің   фонемалық   жүйесіне   енуі   мүмкін.   Мысалы,   қазақ
тіліндегі   <ә>   фонемасы  күнә,  кінә  сияқты   сөздерде,   біздің
ойымызша, позициялық түрленімге түсіп тұрғанмен (алдыңғы
буынның   жіңішкелігінен),   тілтұтынушы   санасында  <ә>  жеке
фонема ретінде танылады. “Егер сөзде фонема ауысса онда сөз
мағынасы да ауысты деген сөз, егер сөз мағынасы өзгеріссіз бол-
са, фонеманың өзгеруінің не қажеті бар” (Реформатский А.А.
1970: 56).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет