еш мүдіріссіз майын тамыза баяндағанына қарағанда талай сұлуға «сыр» ғып ақтарған жаттанды
жыры сияқты; олардың қайсысына не айтқанын шал қайдан білсін; қожайын сұлу бикештерді үйіне
ертіп келген кездері бұл түкпірдегі бөлмесінен аттап шықпайтын; қожайынның жатын бөлмесі мен
мұның бөлмесі іргелес еді; екеуінің ортасын тек жұқа тақтай ғана бөліп тұратын; арғы-жақтағы
күбір-сыбырға, сылқ-сылқ күлкіге, ыңқыл-сыңқылға еріксіз құлақ түріп, ағаш кереуетінде дөңбекшіп
шығатын; ішін балқыған қорғасындай ып-ыстық бірдеңе күйдіре өртеп, құса мен мұңға, өкініш пен
өксікке тұншықтыратын; қазір де дәл сондай сезім жанына тыншу бермей мазалап отыр; қожайын-
ның әр сөзі шаншудай қадалды; ол да соны біліп, одан сайын қинай түсейін дейтін сияқты. сөйтіп даңқ
биігіне жеткізетін даңғыл жол тұйыққа тіреліп, көкейіндегі тәтті арман сағымдай буалдыр тартады;
байлықтың бал дәмі таңдайына тамған сайын масаң халге душар болып, бақыттан басы айнала бас-
тайды; бірақ мұның бәрі алдамшы, көзбояу құбылыс екенін ерте сезген қожайын ашыла бастаған аранын
тыйып, атақ-даңққа апарар басқа жол іздейді; күндіз-түні тыным таппай қиялымен қиырларды кезіп
жүріп тапты ақыры тың жолды; қалайда сурет өнерімен ғана атымды әлемге әйгілі етуіме болады деген
тоқтамға табан тіреген сәттен бастап қожайынның екінші тынысы ашылғандай болды, оның
осыншалықты өлермендігіне шалдың таң қалмасқа шарасы қалмады; небәрі айналасы бір-екі жылда өз
бетімен сурет өнері жайлы танымын кеңейтіп, институтта алған білімін шыңдай түскен; мамандығы
архитектор болғандықтан да қожайын сурет өнерінен құралақан емес болатын; студент кезінде салған
суреттері республикалық көрмелерге дейін қойылып жүріпті; бірақ ол кезде қожайын сурет өнері арқылы
даңқ тұғырына көтерілу мүмкін емес де жүрексінеді екен» [«Сұлу мен суретші», 82 б.]. Т.Ахметжан
шығармаларында жазушының ұлттық танымы мен өзіндік психологиялық когнициясы көрініп, аракідік
айқын жағымсыз коннотацияда сыртқа шығып отырады. Бұндай жағдайлар жиі болмағанымен кездесіп
отыратынын айтқымыз келеді. Бұл істің бәрі жазушының өз қазақ ұлтын тәрбиелегісі келгендіктен туған
шығар деп топшылаймыз.
Ұлттық бaғыттың мaқcaты – pухaни құндылықтap нeгiзiндe aзaмaттылыққa тәpбиeлeй oтыpып, өзiнiң
жәнe бacқa eлдepдiң дәcтүpiн, тiлiн, мәдeниeтiн, дiнiн құpмeттeугe, ұлттық кeлiciмгe бaулу. Oл құpaмдac
бөлiктepдeн тұpaды: ұлттық caнa, пaтpиoтизм, ұлтжaндылық, caлт-дәcтүp, әдeт-ғұpып жәнe т.б. Жазушы
«Сұлу мен суретші» әңгімесінде «Сұлулық» пен «Ұят» концептісін қатар өреді де отырады.
Мысалы: «Суретші сұлуға жалбарына қарады. Сұлу көрпені серпе ашып, орнынан тұрды. Тал бойы-
на бір міні жоқ келісті мүсінін тік ұстап, сәндене басып айна алдына барды. Өзінің жалаңаш тәніне
сурешінің сұқтана қарап жатқанына еш қымсынбады. Суретші сұлудың құлын мүшесіне сұқтана
қараудан қысылғандай жанарын тайдырып әкетті де, еріксіз ақжаймаға көз тоқтатты. О, тоба, қар-
ғыс атқыр ақжаймада дақ жоқ! Япыр-ау, бұл қалай болғаны! Сұлудың әлгі жүрегіне жебедей қадалған
екі ұштылау сөзі ақиқатқа айналғаны ма? Шынымен де сұлудың... Жо-жоқ, мүмкін емес! Мұның бәрі өңі
емес, түсі... Дақ тимеген қардай аппақ ақ жаймаға ұзақ тесілуге дәті жетпеген. Өзегін күйдірген өртті
толқын лықсып ауызына кептелді. «Аһ!» десе ішінен лап етіп жалын атардай. Көз алдына дөңгеленіп
жас келгенін сезбей қалды. Орнынан ұшып тұрып, айна алдында таранып тұрған сұлу сайқалдың беті-
Достарыңызбен бөлісу: |