1 Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілін дамыта оқытудың
әдістемелік негіздері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да
өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде
оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды
десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі
үлес қосты. Ұлы ұстаз қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін,
қағидасын, маңызын, жолдарын көрсетіп, әдістеме ғылымының негізін салды,
артына мол қалдырды.
Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, ағартушы-ұстаз А. Байтұрсынов –қазақ
тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп
оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше
әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы»
деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені»
пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді. Сөйтіп ғұлама
ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті.
Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң
қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай
білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші – сауат аштыру, тілді оқытудың
әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды.
«Тіл құралы» – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның
қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор
арнайы атап
өтеді. Ол осы
оқулықты
қазақ
грамматикасына
қатысты
категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні
бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу,
шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми
терминдердің барлығы А. Байтұрсыновтікі. Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ
тілінің грамматикалық басты салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым,
морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б.
деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.
А. Байтұрсынов – қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту
әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым, оныңеңбектеріқазақ тілі
әдістемесін дамытудағы зор маңызы.
Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-
ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты
әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов – қазақ тілін оқыту
әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог
ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада
жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме,
6
тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде
оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы» деп
аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта
басылып шықты [4].
Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі – Ғали Бегалиев
болды. 1940 жылы «Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі
баспадан шықты.
1920-1930 жылдар арасында қазақ өнері мен білімінің негізін салған абзал
азаматтардың бірі – Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол – қазақ тіл білімінің
негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор. Қ.Жұбановтың
еңбектеріне 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. Тек қана 1966 жылы «Қазақ
тіліндегі зерттеулер» деген еңбегі жарық көрді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті
ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту
мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше
жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту
тәжірибесінен» /1941/ атты еңбегін жазып [5], натуралды, сұрақ-жауап әдісін
қолданып, тіл үйретудің тиімділігінтәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943
жылы «Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды [6]. Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа
ұлтқа оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым кандидаты болды. Ғалым орыс
мектебінде қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін салумен қатар, осы еңбегі
арқылы оқытудың тәжірибесіне де көңіл бөлді. өз еңбегінде ғалым тілші сан әдісті
қолданып, оқу материалдарын оқушының сапалы, жүйелі, тиянақты түрде
меңгеруіне жол ашты.
Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым
Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл
дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап
оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. С.Жиенбаев бірнеше оқулықтар
мен әдістемелік кітаптардың авторы.
1930 жылдары оқулықтармен қатар қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуға арналған
бағдарламалар да шығарылды. Ол жөнінде әдіскер-ғалым К.Жақсылықова
нақтылы дерек береді: «Выявлено, что первые программы и разработки уроков по
казахскому языку были составлены в 1930 годы видными учеными-языковедами
С.Аманжоловым, Ш.Сарыбаевым, Т.Шонановым, и многими другими». Қазақ
тілін оқыту әдістемесінің мәселелеріне қатысты ғылыми мақалалар да жазыла
бастады. Бұл ретте де алғаш ой-пікір білдірген ғалымдар – Ш.Сарыбаев,
С.Жиенбаев.
Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді
дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев,
7
Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың
басында жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов,
М.Дулатов, Т.Шонанов болды.
Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін
үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу
құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары
қазақ
тіл
ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбеав т.б.
ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс
мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші-
ғалымдардың бірі – М.С.Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген
зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан «Очерки по методике казахского
языка в русской школе» деген еңбегінде жарық көрді [7]. Бұл еңбек орыс
мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар,
сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және
грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді қамтиды.
М.С.Лапатухинның еңбегі орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің
тұңғыш үлгісі.
1987 жылы Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы үкімет
қаулысы қабылданып, 1990 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан
кейін қазақ тілін оқытуға көзқарас өзгере бастады. Қазақ тілін үйренуге көңіл
бөлініп, бұл мәселенің зерттелуі, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазу
қолға алынды. Оқу орындарының барлығында қазақ тілін оқыту мәселесі де қолға
алынды. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқулықтарды, оқу
құралдарын, тілашарлар мен сөздіктерді, бағдарламалар шығару сексенінші
жылдардың аяғынан бастап қоғамдық саяси сипатқа ие болды. Қазақ тілін
дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады.
Сонымен қатар қазақ тілін өзге ұлт дәрісханаларында оқытуға арналған
бірнеше бағдарламалар жарияланды. Бағдарламалардың алдыңғы қатарында
тұрған 1987 жылы профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ
тіліні үйрену курсының программасы» болып табылады [8]. Н.Оралбаева жасаған
қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру
министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы «Ана тілі»
баспасынан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты
оқулық жарық көрді [9]. Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа
ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар дайындауға
арналған алғашқы
ғылыми оқулық.
Оқулық 1992
жылы жарық
көрген
Н.Оралбаева, К.Жақсылықова
құрастырған
оқу орыс тілінде жүргізілетін
мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ
тілін
орыс
мектептерінде
оқытудың
лингвистикалық,
психологиялық,
дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі пәні,
8
оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың
құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Сонымен қатар мұнда
тілдік материалды ғылыми принцип негізінде таңдау және сұрыптауда: 1)
сөздердің қолдану жиілігі; 2) сөздердің жеңіл-қиындығы; 3) сөздердің синонимдік
қасиеті; 4) сөздердің тақырып қажеттігіне сәйкестігі: 5) екі тілге ортақ сөздерді
санатқа кіргізбеу; 6) сөздердің сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің дыбыстық
ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі;
9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша практикалық және лабораториялық
сабақтарды жүйелі топтастырудың алғашқы баспалдағы ретінде Т.Әбдікәрімова,
Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденовалардың авторлығымен шыққан «Қазақ тілін оқыту
әдістемесі» атты еңбегін атауға болады [10].
Практикалық және лабораториялық жұмыстар, сабақты ұйымдастырудың
үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми-
практикалық жағынан жан-жақты талданып көрсетілген еңбек оқытушыларға
әдістемелік жағынан көмек беретін тұшымды жұмыс болып табылады.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осында қалыптасқан тілдік
ортаға байланысты тілді үйренушілердің өзі – бастауыш топ, жалғастырушы топ
болып бірнеше топқа бөлінеді.
Қазіргі кезде жиі
қолданыста жүрген
оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық – Ш.Бектұров пен
А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы [11]. 1998 жылы Т.Аяпованың «Қазақ тілі»
деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы шықты. Автордың пікірі
бойынша бойынша оқулық АҚШ-та басылған «70 қадам арқылы қазақ тілін
үйреніңіз» атты оқулықтың жалғасы болып саналады. Кешенді оқулықтың
мақсаты – «бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту әдістерін қолдана
отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету» [12].
Сонымен, өз алдына дербес ғылым болып табылатын қазақ тілін оқыту
әдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы. Өйткені оның өзіндік зерттейтін
нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен
жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және
лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен
бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады.
Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1)
мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3)
ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту
керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының
дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді
меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені
9
мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде
белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау
әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына
сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту
әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені
өз-өзінен
түсінікті.
Сондай-ақ,
мысалы,
фонетикалық,
морфологиялық,
синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және
мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан
былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл
білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін
фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп
оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске
асырылады.
Ендеше, әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика
бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады. Мектепте қазақ
тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады,
қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны
сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау,
көркем шығарма материалын
пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.
Сонымен қатар мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды
қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды,
оқушыларды
жүйелі
зерттейтін
әдістермен
қаруландырады
Оқушының
психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді
тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке
басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке
алмайынша, мақсатқа жете алмайды.
Қазақ
тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары
мен
мазмұнын,
міндеттерін
шешуде,
әдістемені
анықтауда
дидактикалық
принциптерді
басшылыққа алады.
«Принцип»
–
латын сөзі
«основа
первоначально-руководящая идея...» қазақшасы – «оқытуда басшылыққа алатын
идея, қағида». Қазақ тілін оқытудың барлық деңгейлерінде бағдар беретін негізгі
жұмыс бағыты осы.
Дидактикалық принципті алғашқы зерттегендер: чехтың ұлы педагогы
Я.А.Коменскийден басталса, орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский, қазақ
халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Оқытудың бағытын, принциптерін
зерттеуде педагог ғалымдарымыз көп еңбек сіңірді. Мысалы, Н.А.Сарокин оқыту
принциптерінің
8
түрін
тұжырымдап
көрсетсе,
М.А.Данилов
/«Дидактика средней школы»/ 1975 ж. кітабында дидактикалық принциптің 7
түріне түсінік береді. Т.А.Ильина «Педагогика» кітабында оқытудың 7 түрлі
10
принциптеріне анықтама береді. Ал Ю.К.Бабанский /Педагогика, І977 ж./ оқыту
принциптерінің 13 түріне тоқталады.
Қазақ балаларын оқытуда Ы.Алтынсарин мұғалімдерге өте жоғары талап қоя
білген: «...әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз оқулығында /
«Қырғыз хрестоматиясы»/ тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет арқылы беру
сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды
үйрету ...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің – көз, қол, есту қабілетін, тілді,
зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы және
оған өз бетімен жұмыс істеу керек», – дейді. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне:
түсініктілік принципі, көрнекілік принципі, жаттығу принципі, өз бетінше оқыту,
саналылық принципін ұсынған.
Оқыту әдістемесі - педагогиканың күрделі саласының бірі - дидактика
тарауында қаралады. Дидактика /оқыту теориясы/ гректің didaktikos - оқытамын
деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оку үдерісінің
зандылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді.
Мысалы, ресейлік ғалымдар И.Я.Лернер, М.Н.Скатин оқыту әдісінің бес түрін
көрсетеді:
түсіндіру-көрнекілік немесе ақпараттық-рецептивтік;
репродуктивтік;
проблемалық баяндау;
ішінара-ізденістік немесе эвристикалық;
зерттеушілік – деп оқытудың бес түрлі әдісіне тоқталса [13], Г.А.Ильина
«Педагогика» атты еңбегінде оқыту әдістемесінің 4 түрге бөлген. Ал академик
Ю.К. Бабанский де осындай оқыту әдістерінің түрлеріне тоқталып, оны
оқытушының шығармашылық еңбегінің нәтижесі деп көрсетеді.
Ә.Исабаевтың «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» деген 1993
жылғы еңбегінде қазақ тілінен білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету
әдістері, теориялық жақтан үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету
әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады.
Оқытудың теориясын зерттеген ғалымдар ғылыми еңбектерінде оқыту
әдістерінің анықтамасын былай берген. И.Д.Зверев: «Оқыту әдістері дегеніміз -
мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары», - десе,
Ю.К.Бабанский: «Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара
әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру», - дейді.
Д.Әлімжанов, Ы.Маманов өз еңбектерінде: «...Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ
тілін оқытудағы мұғалімдердің
озық
тәжірибелерінің қорытындыларына
негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән», - деген.
Профессор Ә.Исабаев: «Қазақ тілінен білім беру әдістері сан алуан. Осы
әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден,
11
оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін
жұмыстың
дәлдігі нығаяды,
үшіншіден, мұғалімнің
атқаратын жұмысы
жеңілдейді...
Оқушылар
тілді
практикалық-теориялық
және
теориялық-
практикалық жағынан меңгереді. Қазақ тілінен білім беру әдістерін топтастыру
әдістемесінің соңғы жетістіктеріне негізделеді», - дейді.
Нұржанова Ж. өзінің «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік
құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді:
түсіндіру әдісі – бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап,
дәріс түрлері жатады.
кітаппен жұмыс істеу әдісі – мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау -
анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздік, т.б.
жұмыстар.
көрнекілік әдіс – экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б.
техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс –
экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен
жұмыс істеу.
жаттығу әдісі – ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз
бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану
жұмысы.
Мектепте оқылатын қазақ тiлi тек тiл туралы бiлiм беретiн арнайы оқу пәнi
ғана емес, ол басқа пәндердi үйрену, меңгеру құралын қалыптастыратын
жалпыпәндiк маңызға да ие. Сондықтан қазақ тiлiн оқытудың коммуникативтiк
бағытын күшейту арқылы ғана оның мектептiк бiлiм жүйесiндегi әлеуетi арта
түспек.
Елімізде мемлекеттік тілді үйрету мәселелері әр қырынан зерттелді. Мысалы:
Ә.Жүнісбек: «Қазақ тілі дыбыстарын үйрету әдістемесі», «Қазақ тілін модельдеу
арқылы үйрету әдістемесі»; Ф.Оразбаева «Тілді үйретудің коммуникативтік
әдістемесі»; Н.Құрман «Қазақ
тілін оқытуда теориялық ойлауды дамыту
технологиясы», «Қазақ тілін үйретудің интерактивтік технологиясы», «Қазақ тілін
үйретудің интенсивтік технологиясы», «Қазақ тілін этнолинвомәдени жүйе
негізінде
оқыту»,
«Қазақ
тілін
үйретудің
ақпараттық
технологиясы»;
Н.Оразақынова «Тілді оқытудың сатылай комплексті талдау технологиясы»;
С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова,
Ә.Жұмабаева «Бастауышта мәтінді меңгерту
арқылы тіл дамыту әдістемесі»; Г.Қосымова, А.Қыдыршаев «Қазақ шешендігін
үйрету әдістемесі»; Ж.Сүлейменова «Қазақ тілін оқытудың белсенді әдістер
жүйесі» т.б.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен
басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса
болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып
12
отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы.
Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі
бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге
үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне
үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің туған елінің
қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын
бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық халықтармен
рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп- өнген аймаққа деген
сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.
Қазақ тілді емес аудиторияға мемлекеттік тілді үйрету мәселесімен айналысып
жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы
әртүрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып,
жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов,
Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков,
Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.
Пәннiң
коммуникативтiк бағытын арттыру тiлдiң қарым-қатынастық
аспектiлерi мен қызметтерiн мынадай жүйеде беруге негiзделедi: әлеуметтiк
(оқушы
әлеуметтенедi); танымдық (оқушы тiл арқылы дүниенi таниды);
ақпараттық (түрлi мағлұматтарды қабылдап, түсiнедi); қоғамдық (ұжымдық
күрделi әрекеттердi орындауға үйренедi); эмоционалдық (оқушы өз сезiмiн, көңiл-
күйiн бөлiседi). Мiне, бұлардың барлығы қазақ тiлiнiң жаңа бағытының бiлiм
берудiң
жаңа парадигмасымен толық
сәйкестенетiнiн көрсетедi.
Өйткенi
мәдениеттi қатынас жасау, өзгелермен тiл табысу - әрбiр адамның күнделiктi өмiр
тәжiрибесiнде бетпе-бет кездесiп отыратын және оның iшкi рухани әлемiне,
тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асатын тiршiлiк мұқтаждығы.
Қазақ тілінің басты компоненті«қызмет тәсілі»болып саналатын пәндерге
жатады. Бұл дегеніміз қазақ тілін оқытудағы басты мақсат ғылыми білім беру
емес, оқушылардың қазақ тілі құралдарын іс жүзінде қолдана алу дағдысы мен
білігін қалыптастыру. Бұдан қазақ тілін үйретудегі басым тапсырмаларды анықтау
керектігі айқындалады. Олар мақсатқа жетуге бағытталған қызмет тәсілінің үлгісі,
дағды мен білік қалыптастыру алгоритмі, репродуктивті және продуктивті
жаттығу,материал түрлерімен қамтамасыз ету.
Тілді оқытудың ұтымды әдістерін іздестіру ғылымда қатысым әдісін алға
шығарды. «Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас,
араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп,
адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің
әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты,
өзара түсінушілікті көрсетеді.
13
Сонымен, «коммуникация» - қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды
білдіреді. Тілді үйретуге қатысты әдісті сөз еткенде, арнайы қарастырған тілші-
әдіскер – Е.И. Пассов. Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен бұрын, жалпы оқыту
әдісіне тән бірнеше белгілерді бөліп шығарды.
Мұндай белгілер мыналар:
әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады.
Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым,
жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу;
әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан
да ол (әдіс) оқытудың шартына тәуелді болмайды;
оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде
болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады;
әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея
болады. Басты идея методологиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін
барлық мәселелердің басын біріктіреді [14].
Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек – қатысым болып
табылады. Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор Ф.
Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен
оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде
сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен
тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас
құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» [15].
Қазақ тілі оқушының қатысымдық біліктілігін дамытумен қатар, олардың
қиялын, есте сақтауын жетілдіруге мүмкіндік береді, өзіндік оқу іс-әрекетін, өз
бетімен білім алу және оны іске асыру дағдыларын қалыптастырады. Ф.Оразбаева
басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық
әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:
тіке байланыс;
адамның жеке қабілетін ескеру;
сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау;
сатылап даму,
динамикалық өзгеру;
өзектілік.
Қатысымдық
технология,
негізінен:
а)
оқу
материалын
меңгеруге
бағытталады; ә) оқушы тұлғасына бағытталады; б) оқытушы мен оқушының
ынтымақтастығына бағытталады, сол арқылы оқу мақсаты жүзеге асырылады.
Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа
негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді
жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен
14
көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім
әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандайбағыт-бағдарды таңдап
алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске
асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап
белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес.
Қазақ тiлi жас буынның өзiндiк ойлауын, жан дүниесiн, дүниенi қабылдауын,
оның дiлiн қалыптастырады. Бұл орайда Е.Д.Божовичтың «Магистральная
направленность обучения русскому языку с 1 класса до выпускного – не
грамматическая, а речевая» деген пiкiрі де осы жаңарудың басты бағытын, жалпы
тiлдiк бiлiмдi оқушының сөйлеу әрекетiне түпкi нәтиже ретiнде бағыттай
оқытудың негiзгi тенденциясын айқындайды [16].
Осыған байланысты шұғыл түрде жүзеге асырылуы тиiс аса маңызды мәселе –
оқу жүйесiнде баланың өмiрлiк мүддесiне сай, соны қанағаттандыратындай
мотивациялық
технологияларды
қалыптастырудың
жаңа жүйесiн анықтау
мәселесi туындайды. Бұл әлемдiк озық тәжiрибеде дәлелденгендей пәндiк-бiлiмдiк
парадигманы тiлге деген сүйiспеншiлiк парадигмасымен алмастыру арқылы
шешiледi. Әлемдiк тәжiрибеде ХХ ғасырдың орта шенiнен басталған жаңа
тенденция – ана тiлi сабақтарында оқушылардың өз ойын, өз пiкiрiн еркiн айтуына
қажеттi iскерлiктердi дамыта оқыту мәселесi бұрынғы кеңестiк бiлiм жүйесiнде де
теориялық тұрғыда iшiнара айтылып келген-дi. Бiрақ оған мемлекеттiк идеология
мен стреотиптiк қалыпқа әбден көндiккен оқыту жүйесi жол бермейтiн. Әйтсе де
негiзгi қызметi қарым-қатынас құралы болатын тiл табиғаты демократиялылықтың
алғашқы жылдарынан бастап бүгiнгi күнге дейiн озық ойлы педагогтар мен
әдiскерлердiң, тiл мамандарының назарын өзiне аударуда. Олар тiлдiң ұлттық
мәдениеттiң бiр бөлiгi ретiнде оқу-тәрбие процесiнiң түп қазығы болатындығына,
оқушының
дара тұлға ретiнде дамытылуының,
яғни бiлiм жүйесiндегi
демократиялылықтың, iзгiлендiрудiң, гуманитарландырудың бiрден-бiр тетiгi де
ана тiлiнiң меңгерiлу жолдарымен сабақтастығына ерекше мән бередi. Өйткенi
жалпы бiлiм беретiн мектептiң басты мақсаты – дара тұлғаның дамуына мүмкiндiк
жасау болса, сол тұлғаның басты көрсеткiшi - сөйлеу әрекетiн еркiн меңгеруi, өз
ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен қатар оның өзiндiк сөйлеу стилiнiң
болуы. Қазiргi ана тiлi сабақтарында тiлдiк қатынас жасау мәселесiне басымдылық
берiлуi – тiлдiң адам болмысымен бiрлiгiне сүйенiп жасалған жаңа қадам.
Мәселен, ресейлiк ғалым Г.В.Колшанский өзiнiң «Теория речевых актов как один
из вариантов теории речевой деятельности» атты еңбегiнде: «тiлдiк қатынастың
тек ақпараттық қызметпен шектелмейтiнiн, адамдардың өзара түсiнiсуiнiң құралы
екендiгiн оқушыға ұғындыру қажеттiгiн» атап көрсетедi [17].
Бұл, әрине, оқушының ойлау қабiлеттерiнiң ерекшелiктерiнен келiп шығады.
Жоғарыда айтылған «сөйлеу стилiнiң ерекшелiгi» оқушының тiлдi қолдануынан
көрiнсе, сөздiң қашан да адам ойының айнасы екенi анық. Яғни тiл мен сананың,
15
сөйлеу мен ойлаудың бiрлiгi әр адамның жеке басы қасиетi мен қабiлетiнiң де
даралығын танытатын белгi екенi сөзсiз. Олай болса «ойлаусыз тiлдiк қатынас та
жоқ. Ойлау тiлдiк қатынастың тiрегi ғана емес, ол – бүкiл сөйлеу әрекетi өмiрiнiң
өзегi деп саналатын адамзаттың болмысы». Осы бiрлiктi оқу үдерісінде жүзеге
асырудың ең ұтымды, ең тиiмдi жолы - тiл сабақтарында көркем мәтiндермен
кешендi жұмыс жүргiзу. Тiлдiк қатынастың дамуына алғышарт тудырудың басты
факторы «оқушыға тiлдiк орта қалыптастыру» екендiгi негiзделген жаңа жүйеде
осы оқу мәтiндерiнiң коммуникативтiк, ой дамытушылық, шығармашылық
сипаттары айқын көрсетiлген. Сонымен қатар жоғарыда көрсетiлген басты
тенденциялармен сабақтасатын соны бағыт – ана тiлiн мәтiн арқылы меңгерту.
Мәтiн арқылы оқытудың
артықшылығы бiлiмдi күтiлетiн нәтижеге сай
ұйымдастыру болып табылады. Оны әдiскер ғалым Ф.Ш.Оразбаева төмендегiдей
тұжырымдайды (1-кесте) [17]:
1-кесте – Бiлiмдi күтiлетiн нәтижеге сай мәтiн арқылы оқытудың артықшылығы
Оқу
мәтiндерi
тiл
мен
әдебиеттi кiрiктiре оқытуға
мол мүмкiндiк бередi.
Тiлдiң тек ғылыми жүйесiн меңгертуден арылудың бiр
жолы – оқушының сөйлеу iскерлiктерiн дамытатын
жұмыстарға басымдылық беру. Бұл, әлбетте, түрлi
мәтiндермен кешендi жұмыс арқылы
ғана мүмкiн
болады. Мәтiн тiлдiң көркем сөзде, яғни сөз өнерiнде
атқаратын қызметiн жан-жақты танытуға жетелейдi.
Мазмұны терең, тiлi көркем мәтiндер – оқушының
сөйлеу шеберлiгiн дамытудың
көзi деген
қағида
орнықтырылады.
Мәтiн
арқылы
оқыту
оқушының
сөйлеудi
ұлттықмәдениеттiң
компонентi
ретiнде
меңгеруiнiң
маңызды
факторы
–
тiлдiк ортаны
қалыптастырады.
Бұл идея қазiргi бiлiм философиясындағы рефлексия
бағытымен сабақтасып жатыр. Яғни оқушының өз
ортасы арқылы дамуына табиғи жағдай жасалады.
Мұнда оқушылар бiр мәтiндi талдау барысында өзара ой
бөлiсуге, пiкiр таластыруға, ортақ ой қорытындыларын
жасауға үйренедi.
Мәтiн арқылы сөйлеу әрекетi
компоненттерiн толық әрi
бiр-бiрiмен
тығыз
сабақтастықта жүргiзуге жол
ашылады.
Сөйлеу
әрекетiнiң
оқылым, тыңдалым, жазылым,
айтылым, тiлдесiм секiлдi бөлiктерi қатар жүргiзiлетiн
жұмыстар
оқушының
ауызша,
жазбаша
сөйлеу
мәдениеттерiн жетiлдiрудiң қайнар көзi болып саналады.
Бұл тiлдi оқыту сапасының айқын көрсеткiшi деп
есептеледi.
Мәтiн – бiлiмдi дара тұлғаға
бағдарлап оқытудыңұтымды
құралы.
Өйткенi қазiргi таңдағы саралап, даралап бiлiм беру
мәселелерi
деңгейлеп
оқыту
технологиясымен
байланысты қаралады. Ал, мәтiнмен жұмыстар осы
16
деңгейлiк тапсырмаларды бiрiздiлiкпен, логикалық
жүйелiлiкпен бiрте-бiрте күрделендiре түсуге ыңғайлы.
Бұл - сапалы бiлiм, саналы тәрбие берудiң тетiгi.
Мәтiнмен жұмыс оқушының
субъект
ретiнде
өзiн
әр
қырынан
танытуына
мүмкiндiк тудырады.
Мәтiн мазмұнына сәйкес түрлi тiлдiк жағдаяттар
тудыруға, оқушының логикалық ойлауын мақсатты
түрде
дамытуға,
олардың
сөйлеу
белсендiлiгiн
арттыруға да қатысты тапсырмаларды түрлендiруге
болады. Әрi мұндай бiр бағытқа бағдарланған жұмыстар
жиынтығы
сабақтағы
сұрақ-тапсырмалардың
тек
формалық жағынан өзгертiлуiн ғана емес, олардың
мазмұндық жағынан да тереңдеуiне жол ашады. Бұл да
оқыту
сапасын
күтiлетiн
нәтиже
тұрғысынан
жетiлдiруде шешушi рөл атқарады.
Мәтiнмен жұмыс – тiлдiң
барлық
пәндермен
байланысуын
қамтамасыз
етудiң кепiлi.
Мұнда тiлдiң дүниетаным құралы екенiн танытуға
қажеттi мүмкiндiктер мол. Әсiресе, тiлдiң стильдiк
жүйесiн таныту нәтижесiнде түпкi мақсатқа
қол
жеткiзiледi.
Мәтiнмен
жұмыс
–
оқытудың тәрбиелiк сипатын
күшейтудiң бiр факторы.
Мұнда мәселе тек мәтiн мазмұнының дидактикалық
қырында ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өзара
пiкiрталасы үстiнде қалыптасатын тыңдау мәдениетi мен
өзгенiң ойын сыйлай бiлу дағдысының қалыптасуында,
өз ой-тұжырымдарын көпшiлiкке ұғымды етiп түсiндiре
бiлу iскерлiктерiн жетiлдiруге деген iшкi мүдделiлiгiнiң
тууында жатыр.
Жоғарыда аталған мәтiн негiзiнде тұжырымдалған әрбiр бағыт қазiргi әлемнiң
озық елдерi көтерiп отырған оқыту сапасы мен бiлiм нәтижесiне қатысты
тенденциялармен тығыз ұштасады.
Тіл меңгерудің өлшемдерін белгілі социолингвист-ғалым Л.П.Крысин
«Социолингвистические аспекты изучение современного русского языка» атты
еңбегінде төмендегідей түсіндіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |