Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата07.01.2022
өлшемі6,06 Mb.
#20556
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сонымен,  дамыта  оқыту  технологиясының нәтижелерін  төмендегідей

көрсетуге болады:

түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;



оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;



оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

оқушыларды ізденіске баулып, өз бетіменжұмыс істеуге үйретеді;




44

оқушылардың 



қабілеттері, 

сөз 


саптау 

еркіндігі,

ұйымшылдығы,

шығармашылық белсенділігі артады;

жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген



кәсіби сенімін қалыптастырады.

Дамыта оқыту технологиясы идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің

əр қилы  жағдайларында үйренушілердің  қажет  болғанды өзінше  танып,  содан

өздігінен  жауап əрекет  орындауға  (рефлексия)  ынталандыру  идеясы  да  кіреді.

Жауап əрекетке  (рефлексия)  келу  дегеніміз  адамның  өз əрекеттерін  сезінуі  мен

түсінуі,  оқу  іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап,  тануы.  Рефлексиялық

əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау  жəне  бағалаумен  тығыз  байланысты

болатындықтан, дамыта оқыту технологиясы шарттарына орай оларға да көп мəн

беріледі.

Аталған


жүйе  бойынша  сабақтарды  даярлау  және

өткізу  кезеңдерін

төмендегідей құрастыруға болады:

І. Әдістемелік іс - әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

сабақтың мазмұны;

оқу жағдайын ескеру;

әдістемелік тәсілдерді қолдану.

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары);

сабақтың әр кезеңіндегі оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау;

оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру;

оқушымен жанама қарым-қатынас;

жұмыс барысын бақылау жұмысы.

IV. Рефлексия (Сабақтың қорытынды бағасы)

қойылған мақсатқа жету;

тақырып бойынша өзгерістер енгізу;

оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер).

Дамыта  оқыту  оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік  іс-әрекетіне  тән.  Оған

тән сипаттар:

оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,



іс-әрекеттің бастапқы  кезеңі – оқушылардың алдына  олардың  әрекет

жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,

осы  міндеттерді  шешуді,  яғни  іздену  іс-әркетін ұйымдастыру,  мұнда үлгі



көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы

қажет ол үшін екі шартты орындау керек.




45

1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу

керек.

2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек,



оларға дұрыс шешім көрсету керек.

3)  Оқу  міндеті  шешілгеннен  кейін  мұғалім  табылған  шешімнің бағасын

ұйымдастырып  оның басқа  міндеттерді  шешу үшін қаншалықта  пайдалануға

болатынын түсіндіреді.

Міне,  осындай  ерекшеліктерінің болуына байланысты  оқыту қазақ тілді  емес

мектептерде қазақ тілін  дамыта  оқыту  технологиясы  арқылы меңгерту тиімді,

өйткені қазақ тілі  пәнінің көздейтін  негізгі  мақсаты – оқушыларды  белгілі

дәрежеде қазақша  сөйлеуге, өз  ойын  басқаға  жеткізе  алатын,  біреудің сөйлеген

сөзін,  жазғанын  түсіне  алатын деңгейге  жеткізу  болғандықтан, бұл  технология

арқылы оқушы қазақ тілінің сөз байлығын толық игеріп, тілдің фонетикалық және

сөзжасам  жүйесін  жақсы  меңгереді,  морфологиялық, синтаксистік  тәсілдерді

игерумен қатар  оларды  практикалық тіл  жасау  дағдысында  дұрыс  пайдалануға

үйренеді.  Оқушы тілді  күнделікті өмірінде  дұрыс  пайдаланумен қатар  тілдің

қатысымдағы  стильдік,  эмоциялық, көріктеу,  көркемдеу қызметтерін  де  түсініп

қолдана  алады.  Яғни,  дамыта  оқыту  технологиясы,біріншіден,  оқушылардың

тілдерін  дамытып,екіншіден, әдеби  тілдің нормасында  сөйлемдерді  дұрыс

құрауды үйретуге, үшіншіден,  ойларын  ауызша  жеткізе  білу  дағдылары  мен

шеберлігін қалыптастыруғамүмкіндік береді.

Дамыта  оқыту  жүйесi  оқу  материалдарының, логикалақ жағына  бiрiзбен

сатылай құрылу  тәртiбiн қарастырады.  Жеңiлден  ауырға қарай,  деректiден

дерексiзге қарай жүйелене орналасуын көздейдi. Мысалы, сауат ашу кезеңi дыбыс

пен әрiптi ажыратудан басталады. Дыбысты танымай, әрiптi жазбай тұрып, буын,

сөз  туралы  айтып,  не  жаздыраалмаймыз.  Сол  сияқты қазақ тiлi  пәнiнен

қосымшалы  сөздi  бiлу үшiн,  негiзгi  түбiрдi,  буын үндестігiн  бiлу үшiн  алдымен

дауысты  дыбыс  деген  не,  оның жуан,  жiңiшке  түрлерiн  ажыратып  алу  керек.

Демек,  оқу  материладарының, логикалық  iшкi  заңдылықтарын  жүйелi  оқып

үйренген  жағдайда ғана оның  ғылыми  негiздерiн  шын  мағынасында  меңгеруге

болады.


Сонымен бiз дамыта оқыту мен дәстүрлi оқыту жүйелерiнiң ерекшелiктерi мен

өзгешелiктерiне  тоқталып  кеттiк.  Айтылғандарды қорыта  келе,  дәстүрлi  оқыту

әдiстемесi  негiзiнде  метафизикалық  (экстенсивтiк, сандық, мазмұндық)  әдiснама,

ал дамыта оқыту технологиясының негiзiнде диалектикалық (интенсивтi, сапалық,

мәндiлiк) әдiснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлi оқыту балада бiлiм, бiлiк

дағды  алуға қажеттi  ақыл,  сана  бар  деп  есептеп,  сол  ақылға  дайын  бiлiмдi құю

керек  деген  көзқарасқа,  ал,  дамыта  оқыту  бала  бойындағы  табиғи қабiлеттердi

жаңа  белестерге  көтерудi  мақсат  тұтатын  принциптерге  негiзделген.  Дәстүрлi




46

оқыту  жаттауға,  есте  сақтауға,  ал,  дамыта  оқыту  дербес  жұмыс  iстеуге  алған

бiлiмдi пайдалана бiлуге үйретедi.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру,  балаға  ақыл-ой әрекетін  меңгеруге  жағдай

жасау  деп қарастыру  керек.  Дамыта  оқыту  сабақтағы  ерекше  ахуал,  мұғалім  мен

оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас.

Сабақта  дамыта  оқыту  технологиясын  пайдаланудың тиімді  жағы  оқушы  іс -

әрекетін ұйымдастыру,  яғни  ақыл – ойы  мен өзіндік  тұжырымы  арқылы  жаңа

тақырыпты  саналы  түрде  меңгеру  дағдыларын қалыптастырады.  Оқушыларды

шығармашылық жұмыстарға  баулап,  олардың белсенділігі  мен  дербестігін,

қызығушылықтарын  арттыра  түсу үшін әр  түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға

болады.


Шығарма – жазба  жұмыстарының ішіндегі  ең күрделі  түрі, өйткені  тіл

үйренуші өздігінен тақырыптың мазмұнын ашып, керекті қатысымды тұлғаларды

таңдауды өз  бетімен  ойланып  іске  асырады.  Оқытушы  оқушылардың  әрекетіне

бағыт – бағдар  беріп  жетелейді,  ойлаудың жолдарын  дамытады,  яғни  оқушы

белсенді  субъектіге  айналады  да,  мұғалім  көмек  беруші, ұйымдастырушы,  бағыт

беруші деңгейінде болады.

Дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Шығарма  жазуды  меңгеру- оқушылардың білім,  білік,  дағдыларына  негізделеді.

Бұл  білім,  білік,  дағдылар  негізінде  оқушы  тақырыпқа  байланысты  негізгі  ойды

айқындайды,  материалды  жинап,  жүйелей  отырып,  шығарманы  арнайы

композициялық

тұлғада


құрастырады. 

Оқушы 


шығарма 

жазу


үстінде

шығармашылық еңбектің қуанышына кенеліп, өзінің ойын бейнелі, көркем сөзбен

жеткізуге  талпынады.  Сөйте  отырып,  тілдің көркемдік  кестесін  молынан

меңгерудің қажеттілігін саналы түрде ұғынады.

Дәлірек айтқанда, шығарма жұмысының ойдағыдай шығуы үшін сөздік қорды

молайтып, тіл мәдениетіне жетелеудің қажеттігін таниды.

Оқушылар қазақ тілі сабақтарында еркін тақырып бойынша және көргендеріне

бақылау  жасау  арқылы  шығарма  жазуға үйренеді.  Шығарма  жазуға  дайындық

бақылау  экскурсиясы  кезінде  оқытушының көмегімен  іске  асады.  Оқушылар

тақырып  бойынша  ой – пікір  білдіре  отырып,  тірек  сөздер  мен  тіркестерді,

синонимдерді

қолдануға  жаттығады.  Бұл  бағытта  ерекше  орын  алатын

жұмыстардың бірі –шағын  ертегі, әңгіме құрастыру.  Алдымен  бұл  жұмыс  түрі

ауызша түрде өткізіледі де, кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіруге

жаттығады.  Сондықтан  алдымен үлгі  көрсету  немесе  тірек  жоба  беру  арқылы

шығарма  жазуға үйрету  тиімді. Әңгіменің мазмұны  күнделікті өмірдегі қоршаған

құбылыстардан  бастап,  оқушы қиялын,  арманын  суреттейтін  тақырыптарды

қамтиды.  Бұл  жерде  мұғалімнің негізгі  мақсаты - әңгіменің тақырыбын  таңдауға

бағыт  беріп, қиялын  дамытуға  мүмкіндік  туғызады.  Ал  ертегі құрастыруда  ең

алдымен оқушылардан білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнына өзгерістер енгізіп,




47

ертегінің соңын өздерінің аяқтауы  талап  етіледі.  Кейін  оқушылар  түрлі

мазмұндағы  ертегілер құрастыруды  еркін  меңгеріп, өз  бетімен  шығармашылық

бағытты ізденіп жұмыс жүргізе алады.

Мамандықтары  бойынша  оқыған  немесе  естіген

әңгіменің

жоспарын

құрастыру – жазылымға  және  сөйлесім әрекетінің басқа  түрлеріне  (айтылым,

оқылым,  тыңдалым,  тілдесімге)  дайындық жұмысы  болып  табылады.  Жоспар

жасау  оқушылардың логикалық ойлау қабілетін  дамытуға әсер  етеді.  Оқығанды

бірізділікпен  тиянақты  түрде  айтуға  не  жазуға  септігін  тигізіп,  негізгі  ақпаратты

түсінуге  көмектеседі.  Психологтар  жоспар  жасауды  есте  сақтаудың тірегі  деп

есептейді.  Жоспар  шығарманың

мазмұны  мен  тақырыбын,  идеясын,  тіл

құрылысын,  кейіпкерлердің ішкі  сезімдерін  толық талдау үшін қажет.  Жоспар

шығарманың бөліктеріне  ат қою  мақсатын  көздейді  және  ол  мәтінді  оқып,

талдаған  соң  құрастырылады.  Жазба  жұмыстары  (мазмұндама,  шығарма, әңгіме,

т.б.).жоспар негізінде жазылғанды тиянақты ойды білдіреді. «Жоспар жасау - бұл

аналитикалық ойлауды  талап  етеді,  яғни  мәтіннің тақырыбын  және  оның басты

ойын  түсінуге,  мәтінді  логикалық бөліктерге  бөлуге  мүмкіндік  береді».  Оқыту

қазақ тілінде емес мектептердегі қазақ тілі сабақтарында жеңіл, шағын жоспарлар

құруға  болады.Көркем  (мәтін)  шығармаға  жоспар  жасау  арқылы  ойдың себеп –

салдарлық,

мезгілдік

мекендік  байланыстылығы  меңгеріледі.  Осыған



байланысты  оқушы  сөз қолдану,  сөйлем құрау  шеберлігін  арттырады,  алдыңғы

оймен  соңғылардың байланысын  сақтап  жазуға  жаттығады.  Сонымен,  жоспар

жасау – жүйелі жазудың кепілі. Жоспар жасау арқылы оқушы жеке сөздерді дұрыс

жазу, сөйлем құрау тетігін меңгереді.

Дамыта  оқытуда  оқушылардың пікір  жазып үйренуі үлкен  рөл  атқарады.

Оқыған әңгіме,  мақала,  баяндама,  реферат  түрлеріне  пікір  жазуға үйретуде

оқытушы  түрлі әдіс – тәсілдерді  дұрыс қолдануы қажет.  Оқушылардың

қабылдауын,  ойлануын, қиялдануын,  сөйлеуін  дамытуға  тікелей  бағыттауда

шығармашылық жұмыстың бұл түрі үлкен ізденісті, еңбектенуді қажет етеді.

Жазбаша  орындалатын  тапсырмалардың бір  түрі – аннотация.  А.А.  Леонтьев

аннотация жазу  түпнұсқа  мазмұнын  байланыстыра  отырып  тұжырымды  түрде

қысқаша мазмұндау, мәтінде берілген ақпаратты, оның бағыттылығы, құндылығы

және  кімге  арналғандығы  жөнінде қысқаша  мағлұмат  беру  екендігін  ерекше атап

көрсетеді.  Аннотация  жазуда  оқушы  оқыған  не  тыңдаған  материалдың негізгі

жағын  аңғарып,  мазмұнын  жазуға  жаттығады.  Түпнұсқаның мазмұнын  автор өз

сөзімен  жазуға  мүмкіндік  алады.  Мәтіннің негізгі  ойын қысқа  түрде  мазмұндау

арнаулы сөздер мен сөйлемдерді қолдануды талап етеді. Мысалы:

Мәтіннің жалпы  тақырыбына қатысты:  Мәтінде  ...туралы  айтылады?  Бұл



тарауда ... жөніндегі маңызды мәселелер қарастырылады?

Басты ойды, мәтіннің идеясын ашатын сөйлемдер: Автор ... атап көрсетеді.




48

Автордың оқырмандарды қандай қорытындыға  жетелейтініне  байланысты:



Автор  мынадай қорытындыға  келеді:  ...  Мақаланы  оқи  отырып,  біз  ...  түсінеміз.

Қорытындыда ... ... айтылады.

Бұл  тапсырмалардың мақсаты – мәтіннің мазмұнын қысқаша  баяндауға

үйрету, ойды байланыстырып жазуда тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға, олардың

сөйлемдегі орын тәртібін сақтауға, сауатты жазуға дағдыландыру.

Тіл үйренушілерге  мәтінмен  жұмыс  жүргізу  барысында  мәтін  туралы,  оның

негізгі ерекшеліктері, құрылымы мен байланысу тәсілдері туралы түсіндірген жөн.

Бұл  олардың кез  келген  мәтінді  түсініп, қабылдауында үлкен  рөл  атқарады.

Мысалы,  мәтін құрылымы  жағынан  кіріспе,  негізгі, қорытынды  бөлімдер  болып

бөлінетінін  білу  тіл үйренушіге  кіріспеде  тақырыпқа  байланысты  жалпы  баяндау

болатынын,  негізгі  бөлімде  тақырыптағы  негізгі  ой  ашылып,  жан – жақты

түсіндірілетінін,айтылған  ойдың  қорытындысы  жасалып,  тұжырымдалатынын

алдын ала біліп отыруына көмектеседі.

Сонымен қатар  мәтіндегі  таныс  емес  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  түсіндірудің

де  маңызы  зор.  Мұндай  жұмыс  түрі  сөздік қорын  молайтып,  сөздердің бір –

бірімен  байланысын  меңгеруіне  септігін  тигізеді.  Мәтін  арқылы  тіл үйренушінің

дүние  танымы  кеңейеді,  түрлі  ақпараттармен  танысады,  ойын  жүйелеп  айтуға

дағдыланады, түптеп келгенде, сөйлеу тілі дамиды. Мәтін бойынша сұрақ – жауап

әдісімен  жағдаяттық сұхбат құруға  болады.  Мамандығына  байланысты  алынған

мәтін  арқылы  кәсіби  терминдермен  танысып,  сөздік қоры  артады.  Мәтін  атауын

дұрыс қоя білу - мәтін мазмұнын дұрыс ашудың кепілі. Мұндай жағдайда оқушы

өз ойын дәл әрі жүйелі түрде жеткізе алатын болады.

Мәтінді меңгерту сөйлеу жағдаятын тудырудың маңыздылығы зор.

Мысалы:  1.  Сіз  театрға  келдіңіз.  Белгілі әншілер:  Ермек  Серкебаев,  Роза

Бағланова,  Бибігүл  Төлегенова,  Роза  Рымбаевалармен кездесіп,  олардың  өнер

жолы туралы сұраңыз;

2. Қазақ ән өнері туралы өз пікірлеріңізді айтыңыз;

3. Қазақ ән өнерінің түрлеріне тоқталыңыз.

Мұндай  жағдаяттық тапсырмалар қазақша  сөйлеу  дағдысын қалыптастырып,

ой - өрісін  дамытады.  Тапсырмаларға  лайық  өз  бетімен  сөйлемдер құрастырып,

ізденуіне  мүмкіндік  тудырады.  Бұл  тұста  тілге ғана  тән  ерекшелік  көрініп

қоймайды, сол тілде сөйлеушінің тілдік мәдениеті де байқалады.

Шығармашылық ізденісті  дамытуды  талап  ететін  тапсырмалардың ішінде

тезис жазудың орны ерекше. Тезис жазуда мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, әр

бөліктің басты ойын айқындай отырып жазу керектігін оқытушы айтып отырады.

Ақпараттың көлемін қысқартуда  біріктіру,  жалпылау  тәсілдері қолданылады.  Тіл

үйренуші  мамандықтары  бойынша  мақаланы  не әңгімені  оқығаннан  кейін

автордың көтерген  мәселесін  анықтайды,  оған  мәтінді қолдана  отырып  жауап

береді.



49

Күрделі ой  еңбегін қажет  ететін  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарының бірі –

реферат  жазу.  Жазылым әрекеті  арқылы  іске  асатын  бұл  жұмыс  оқушының

басшылығымен  дұрыс ұйымдастырылған  жағдайда ғана өз  шешімін  табады.

Реферат – мәтіндегі  негізгі  ақпаратты  ықшам  түрде  жазбаша  мазмұндау,  оны

жүйелеп


қорытындылау  және  бағалау  болып  табылады.  Р.К.  Миньяр

Белоручевтің сөзімен  айтқанда:  «Рефератты  екінші құжат  деп  те  атайды, өйткені



ол  түпнұсқа  мәтіндерін қайта өңдеудің нәтижесінде  алынады.  Реферат  керекті

мәліметтерден,  кейде референттің  қорытындысынан  тұратын өзекті  ақпаратты

қысқа түрде тез жеткізу үшін қолданылады». Реферат жазу мәтіннің мазмұнымен

танысудан басталады. Түйінді ойларды тауып жазу тақырыптың біртіндеп дамуын

абзац  бойынша  байқауға  мүмкіндік  туғызады.  Бұл  ой  жұмысы  ізденімділік

оқылыммен  тікелей  байланысты.  Ізденімділік  оқылым  жөнінде  Г.  Бейсенбекова

былай  деп  жазған  еді:  «Ізденімділік  оқылым  тіл үйренушінің мәтіннен өзін

қызықтыратын ақпаратты айқындауымен және оны керегіне қарай пайдалануымен

ерекшеленеді.  Ізденімдік  оқылым  арқылы тіл үйренушіде  тапқырлық алғырлық

сияқты қасиеттер қалыптасып,  ол  танымдық оқылымға ұласады».  Жұмыстың бұл

түрі  оқушыларды әдеби  кітаптарды  оқуға,  мамандығына  байланысты  түрлі

ақпараттармен танысуға және мақала, баяндама, хабарлама дайындауға үйретеді.

Шығармашылық жұмыстарды оқушыларға жазып үйретуде тапсырма түрлерін

орындау  арқылы  олардың  өзіндік  шеберлігі  мен  дағдысы қалыптасып  дамиды.

Шығармашылық жұмысты  орындауда  ескеретін  мәселе – оқушылардың еңбегін

бағалау.  Оқушы  ең алдымен  оқушының ізденісін, өздігінен  ой қорытып,  шешім

шығаруын  бағалай  отырып,  оның адамгершілік,  мақтаныш  сезімін,  дербестік

қасиетін  дамытуы  керек.  Шығармашылық жұмыстар  арқылы  дамыта  оқыту

оқушылардың дүниетанымын,  ізденімдік қабілетінің дамуына,  тұлға  ретінде

қалыптасуына ықпал етеді.

Әр  мұғалім  жаңа  сабақты  жоспарлағанда  тек  тақырыпты  мазмұндау  міндетті

емес,  оқушы  ойын қалай  дамыту  керек,  оқушыға  не  берем  деген  мақсат

тұрса,қазіргі  оқытудың жаңа  технологиялық  әдіс,  тәсілдерін қолдана  білсе,

оқытушы аз сөйлеп, көп білім мен тәрбие бере алады.

Дамыта оқытудың негiзгi түрлерiнiң бiрi – проблемалық әдiстi бала дамуының

негiзгi iс- әрекетiне пайдаланған жөн.Бiрнеше нақтылы заттарды алып, оның түр-

түсiн,  көлемiн,  сапасын, әр  түрлi  сындық ерекшелiктерiн  анықтатып, ой

қорытындысын оқушының өзiне шығартуға жетелеу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет