Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет636/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые  слова:  обновленное  образование,  содержание  образования,  академические 

достижения,  критериальное  оценивание,  ожидаемый  результат,  требование  времени,  конку-

рентоспособность в знании, образованные поколение.

Key words: updated education, comprehension of education, academic achievement, criterion 

estimation, desirable outcome, demand time, competitiveness in knowledge, educated childbirth.

 



878

БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 

«ТӘЙ-ТӘЙ» БЕЛСЕНДІЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Б.К. Найманбаева

МҚКК «№48 санаторлық сәбилер бақшасы» 

Павлодар қаласы, baian.naimanbaieva.66@mail.ru 

«Тәй-тәй»  яғни  «Step  dy  step»  технологиясы-тәрбие  және  оқыту  үдерістерін  іздендіруге, 

демократияландыруға бағыт алған қазіргі кезеңде әрбір сәбиге топтағы бірнеше қызмет түрін 

таңдауға  еркіндік  беру  арқылы  оның  тұлғалық  қабілетін  дамытуды  көздейтін  халықаралық 

технология. Оның басқа технологиялардан құндылығы сонда, ол ұлттық бағдарламаны теріске 

шығармайды, уақыт талабына жауап беретін технология.

«Тәй-тәй» технологиясың басқа технологиялардан ерекшелігі мынада:

Біріншіден:  таңертеңгі  жиын  балаларды  сезімталдыққа,  ұйымшылдыққа,  табиғат 

құбылысы мен өмір құбылысын байланыстырып суреттей білуге, өз ойларын толық жеткізуге, 

байқағыштыққа үйретеді.

Екіншіден: Топтағы белсенділік орталықтарына бөліну арқылы бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің 

сөзін бөлмей тыңдауға, бір сөзбен айтқанда мәдениетілікке үйретеді,бірлікте, ынтымақта жұмыс 

істеуге  дағдыландырады.  Өзіне  ұнаған  ісін  таңдауға,  өз  ойларын  еркін  жеткізіп,  қорытынды 

жасауға, шешім қабылдай білуге, өздерінің білімдерін, тәжірибелерін іс жүзінде пайдалануға 

мүмкіндік береді.

Үшіншіден:  кіріктірген  сабақтар  мен  тақырыптық  оқыту  арқылы  балалар  бір  тақырып 

айналасында зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ғылымның әр саласын бір-бірімен байланыстыра 

білуге  үйретеді,  ата-анамен,  басқа  да  пәндер  педагогтармен  тығыз  байланыста  болуға 

көмектеседі.  Материалдар  мен  құрал-  жабдықтар  балаларды  ойынға  және  сабақтарға 

қызықтырып  тартып,  бірнеше  арнайы  ұйымдастырылған  жерлерде  орналастырады.  Бұл 

аймақтар белсенділік орталықтары деп аталады. Әр белсенділік орталықтарының өз алдына 

қояр мақсаттары бар;

Мысалы:  әдебиет  орталығында  бала  түрлі  кітаптарды  көріп,  оқылған  қызықты  ертегілер, 

әңгімелердің мазмұнын айтып, әріптер үйреніп, оны жазып, әртүрлі қызықты тапсырмаларды 

орындап, өз пікірін жеткізуге үйренеді.

Математика, құрлыс орталықтарында балалардың логикалық ойлауы ой өрісін дамыту үшін 

түрлі құрастыру ойындары қызықты тапсырмалар мен деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Өнер орталығында жұмыс жасау кезінде балалар тақырыпқа сай суреттер салып бейнелейді, 

мүсіндейді қиып жапсырады. Түрлі-түсті қағаздан, табиғи заттардан, матадан т.б. заттар арқылы 

әр  түрлі  бейнелер  жасайды.  Мұның  өзі  балалардың  ой  қиялын,  шеберлігін,  ұқыптылығын 

дамытуға әсер етеді.

Желелі  –  ролді  ойындар  орталығында  рөлдерге  бөліне  білуге  дағдыландыру,үлкендердің 

іс-әрекетін  бейнелеу,  өзін-  бағалауға  үйрету.  Өмірде  көргендерін  ойын  арқылы  көрсете  және 

қолдана білуге, өзара көмектесуге, бір-біріне сеніммен қарауға және сыйлауға үйрету. Ойынға 

деген қызығушылықпен арттыру.

Ғылым орталығының мақсаты: байқау және ажырату қабілеттерін дамыту әр түрлі тәжірибелер 

жасау  және  зерттеу  жұмыстармен  айналысу  арқылы  түсініктерін  дамыту,  қоршаған  ортаны 

қабылдап,  оған  деген  құрмет  сезімін  дамыту,  өсімдіктермен  жануардарды  күту  мүмкіндігімен 

қамтамасыз ету. 

Бұл ғылыми - зертеу орталықта балалардың зертеу жұмыстарына жасау, зерттеу құралдарын, 

көрнекі  құралдары  мен  бақылау  құралдарымен  жабдықтау.  Белгілер  жүйесін  ұйымдастыру. 

Зерттеу жұмысын ұйымдастыру барысында балалардың негізгі әрекетіне көңіл қою; тақырыпты 

таңдап мәселені қою, белгілер арқылы жоспар құрастыру, зертеу мәліметтерін іздеу жинақтау, 

балалардың өз ара әрекеттері яғни тәжірибе, эксперемент. Мәліметті жинау-жалпылау, баяндау 

көрме, кітапша т.б.  

Аспаздық орталығының мақсаты: балалардың бойына ата-анасына, тәрбиешісіне, бір-біріне 

көмектесу  дағдыларын  қалыптастыру,  шығармашылық  қиялдарын  дамыту,  тағам  түрлерін, 

олардың  дастархан  басына  қалай  келетінін,  әр  түрлі  тәсілдермен  тағам  түрлерін  жасауға, 

бөлшектерді біріктіруге ,созуға ,әр түрлі фигуралар жасауға үйрету. 

Бір  сабақта  бірнеше  орталыққа  ауысып  ,тәрбиеші  мен  ата-аналардың  бағыттауы  арқылы 




879

жұмыс жасау балалар үшін өте қызықты орталықтарды құру ,әр түрлі орталықтарды таңдап алу 

,сабақ жоспарын құрғанда , әр бір сабаққа шығармашылық ізденіспен келіп , сабақтың құрлымын 

әр баланың бейімдігіне қарай ұйымдастыра білу –әр педагогтың өз шеберлігіне байланысты.

Сонымен , белсенділік орталықтары дегеніміз; 

Бұл зертхана; 

Балалардың дамуындағы ойындарының және өзіндік дербестік дамуына жағдай жасау 



Бір  –бірімен  дұрыс  қарым  –қатынаста  болу  әр  баланың  жеке  дара  шығармашылық 

қабілеттерін дамыту. 

«Тәй-тәй» бағдарламасының басқа технологиялардан өзектілігі: 

1. Балалармен таңертеңгі жиын,шаттық шеңбер өткізу. 

2. Орталықтарға бөлініп, шағын топпен жұмыс істеу 

3. Кіріктірілген сабақтар жүргізу. 

4. Ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізу, қарым-қатынас жасау. 

«Тәй-тәй»технологиясының тиімділігі мынада: 

Таңертеңгі  жиын  балаларды  сезімталдыққа,  ұйымшылдыққа,  табиғат  құбылысымен  өмір 

құбылысын байланыстырып, сүреттей білуге, ойын толық жеткізуге, байқағыштыққа үйретеді. 

Орталықтарға  бөлініп,  шағын  топпен  жұмыс  істеу  балаларды  бір-бірін  сыйлауға,  бір-бірінің 

сөзін  бөлмей  тыңдауға,  бір  сөзбен  айтқанда  мәдениеттілікке,  бірлікке,  ынтымақта  жұмыс 

істеуге  дағдыландырады.  Міне,  осындай  тиімділіктерден  балалардың  бойында  әртүрлі 

жақсы  қасиеттер  дамиды.  «Тәй-тәй»  бағдарламасының  ерекшелігінің  бірі  -  педагогтердің 

ата-аналармен  тығыз  қарым-қатынаста  жұмыс  істеуі.  Ата-аналар  әр  салада  жұмыс  істеуіне 

байланысты, оларға педагогикалық көмек көрсету қажет. Ең қолайлысы ата-аналар жиналысы 

болып табылады. Осындай жиналыстарда шаршаған ата-аналардың көңілін жандандыратын 

жылы  көңіл  көрсетіп,  ашық  әңгімеге  тарту  үшін  педагог  ерекше  жағдай  жасайды.  

Ата-аналарды  бағдарламамен  таныстырып,  орталықтарды  көрсетіп,  жұмыс  істеуге  шақырып 

отырамыз.  Ата-аналарға  да  қызықты,  бізге  көмектері  тиеді.  Сонымен  қатар,  басқа  да  іс-

шараларға қатыстыруға тырысамыз. Мысалы: «Алтын күз», «Әке, шешем және мен», «Менің 

туған күнім» ертеңгіліктері, ойын-сауықтар, балалар мен ата-аналардың қатысуымен сахналық 

қойлымдар. Ата-аналарға өзінің отбасымен таныстыру үшін әр түрлі «стен газеттер» шығаруды 

ұсындық. Мысалы: «Менің отбасым», «Менің әкем», «Менің сүйікті анам», «Мен саяхаттамын» 

т.б. Үй тапсырмасы ретінде отбасымен бірігіп, кішкентай кітапшалар шығарып отырдық. Әрбір 

бала жеке дара индивидум, сондықтан «Тәй-тәй» бағдарламасы жекелендіру мәселесіне аса 

көп көңіл бөлген. Әр баланың жетістіктерін, өсуін көру үшін порфолио жасап, оған балалардың 

аты-жөнін  жазып,  фотосуретін  жапсырып,  жұмыстарын  саламыз.  Оны  ата-аналарға,  келген 

қонақтарға көрсетіп, бірге тамашалаймыз. Балалардың жасаған іс-әрекетін бағалау барысында 

«Бақытты,Қуанышты сәттер» атты көрнекілік бұрыш жасап, оған балалардың фотосуреттерін 

іліп, әрбір балаға мақтау-мадақтау сөздерін жазып қоямыз. Бұл ісіміз балалар үшін де, олардың 

ата-аналары үшін де үлкен жетістік. Осы бағдарламамен істегелі көп жылдар болды, ата-аналар 

жағынан тек алғыс естіп тұрамыз. Мен «Тәй-тәй» бағдарламасын көп жылдар бойы қолданып 

келгендіктен,  өз  балабақшамда  жас  тәрбиешілерге  мастер-класс  көрсетіп  отырамын.  Өз 

тәжірибемен бөлісіп, қолымнан келген көмегімді көрсетіп отырамын. «Тәй-тәй» технологиясы 

баланың  кез  келген  оқу  іс-әрекетіне  қызығушылығын  оятып,  болжау  қабілетін  дамытуын, 

жаңалықты тез  қабылдауын қалыптастырады.  «Тәй-тәй» технологиясы біздер  үшін,  балалар 

үшін және ата-аналар үшін қолайлы әрі  тиімді деп санаймын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет