27
Мамандандырылмаған жасушалар даму дəрежесі бойынша қарапайымдау болып
келеді жəне күрделі қызметтерді атқармайды.
Соңғы кездері ғалымдар мамандандырылмаған жасушалардың ағза
мүшелеріндегі маманданған денелік жасушаларының ішінде орналасатынын
анықтаған. Маманданбаған жасушалар атқаратын қызметтері бойынша əлі де
бағытталу мүмкіндіктерін жоғалта қоймайды жəне сансыз рет бөліну
қабілеттіліктеріне ие. Сондықтан бұлар діңгек жасушалары (стволовые клетки) деп
аталады. Бұлар барлық денелік жасушаларға айнала алады деген пікір қалыптасқан
еді. Алайда, соңғы мəліметтерге қарағанда, қайсібір ағза мүшелеріндегі денелік
жасушалардан алынған діңгек жасушаларынан, тек сол мүшеге арналған жасушалар
түзілетін сияқты.
Алғаш рет мұндай жасушалар сүйек кеміктерінен табылған. Оларды бөліп
алып, терапиялық мақсатта қолданған. Діңгек жасушалары моноциттер,
лимфоциттер, нейтрофилдер, базофилдер мен эритроциттер бола алады. Олар қан
жасушаларын түзеді. Сөйтіп, сүйек кеміктерінен табылған жəне қан жасушаларын
түзетін діңгек жасушаларын
гематопоэтикалық жасушалар деп атаған. Науқас
адамдарға донорлардан алынған сүйек кемігін ендіргенде, оның
құрамындағы діңгек
жасушаларын алған пациент қанында, əртүрлі қан жасушаларының түзілуіне жағдай
туылады.
Діңгек жасушалары шарана ұлпалары мен уимбикалды қан құрамынан да
алынған. Ұлпа құрамында кездесетін діңгек жасушаларын, оларды дамып келе
жатқан
эмбриондардан алынбауы себепті, «ересек (денелік) діңгек жасушалары» деп
атаса, керісінше эмбриондардан алынғандары – «эмбрионалдық діңгек
жасушалары» делінеді. Шарана мен уимбикалды діңгек жасушалары кейбір
ауруларды емдеу мақсатында пайдаланылды. Ересек діңгек жасушаларымен
салыстырғанда оларды пайдаланудың басты артықшылығы қатарына –
иммундық
жауап рекациясының аз ұшырасу мүмкіндігі жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: