П Пептидтік байланыс – бір амин қышқылының аминдік тобы мен, екінші
амин қышқылының карбоксилді тобы жалғасуы арқылы жүзеге асатын ақуыз
құрылымындағы байланыс түрі.
Питомник – тəжірибе жүргізуге арналған хайуандарды аш құрсақ ұстап,
дайындауға арналған арнайы жай.
Пробиркалар – зерттелетін сұйықтықтар құюға арналған, түбі домаланып
келетін ұзынша шыны ыдыстар.
Прогестерон – жатырдың
шырышты
қабатын
эмбриондардың
имплатациясына дайындап, ары қарай олардың өсіп-дамуына жағдай туғызатын
гормон.
Пролактин – сүт бездерінің сүт шығаруына əсер ететін гормоны.
Протеомика – ғылымдағы ақуыздар түзілуі мен олардағы метаболизм
үдерісінің жүруін зерттейтін бағыт (сала).