Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет187/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   211
Р
Расса – экологиялық  нəсіл, бір  түр  ішіндегі  экологиялық  оқшаулық, кейде
айтарлықтай 
морфологиялық 
айырмашылығы 
болмайтын 
организмдерге
қолданылатын таксономикалық атау.
Ревертаза (кері  транскриптаза) (лат. reversion – қайта  оралу) – кері
транскрипция  жүргізетін, яғни  РНҚ  матрицасына  ДНҚ-ның  синтезін  жүргізетін
фермент (РНҚ-ға тəуелді ДНҚ-полимераза).
Регенерант  (лат. regeneratio – жаңғыру, қайта басталу, regenerated plant) - in
vitro  жағдайында  қоректік  ортаға  өсімдік  жасушалары  мен  ұлпаларын  өсіргенде
пайда болған өсімдік.
Редифференциялану (лат. re – əрекеттің қайта басталуы немесе қайталануы,
differentia – айырмашылық) дифференцияланған  жасушалардың  бір  маманданған
жағдайынан басқа жағдайға ауысуы, бөліну арқылы немесе тікелей.
Рекомбинация (лат. re  - ….,combination – қосылу) – ата-аналық  екі  ДНҚ
молекулалары  арасында  генетикалық  материалдың  алмасуынан  пайда  болатын
рекомбинанттық (будан) ДНҚ.
Репарация – ДНҚ  тізбегіндегі  физикалық немесе  химиялық  мутагендердің
əсерінен  пайда  болған  мутациялық  өзгерістердің жəне  ДНҚ-ның  қалыпты
репликациясында түзілген жаңылыстың арнайы ферменттер жүйесінің əсері арқылы
бастапқы қалпына келуі.
Репликация – ДНҚ-ның  екі еселенуі. Митоз немесе  мейоз  жолымен бөлінер
алдында жасушаның ДНҚ-ы екі еселенеді, сондықтан да жаңа жасушалар бастапқы
жасушалардағыдай генетикалық информация алады.
Репликон – өздігінен  екі  еселенуге (репликация) қабілетті  генетикалық
элемент.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет