Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет190/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   211
Серологиялық  əдістер (лат. serum – қан  сарысуыиммунодиагностикалық
əдістер, организмнен  тыс  антигендер  мен  антиденелердің  əрекеттесуі  негізінде
жүретін  реакциялар, анықтау  сезімталдығы  иммуноферменттік  талдауға  қарағанда
орташа.
Синонимдер – бір  амин  қышқылдарының  бірнеше  кодондары. Кейбір  амин
қышқылдары  бірнеше  кодон  арқылы  ақуызға  кіреді. Мысалы, лейцин, серин,
аргинин  үшін 6-дан  кодон  бар. Оның  есесіне  метионин  мен  триптофан  тек  бір-бір
кодонның көмігімен ақуызда болады.
Синхронизация  дəлдігінің  шектелуі – донорлар  мен  реципиенттердің
жыныстық  циклдары  уақыттарының  жəне  жатырдың  дайындығы  мен  эмбрионның
дамуының сəйкес келуі.
Сомаклондық өзгергіштік (гр. soma – дене, clon ұрпақ, бутақ, ағ. somaclone
variability) – өсімдік  жасушаларының  ядролық  жəне  органоидтық  геномдарының
тұрақты  еместігінен  болатын  фенотиптік  өзгергіштіктер. Нақты  мутациялардан
айырмашылығы – жиі  кездесуі  жəне  өзгерістердің (геннің, хромосоманың,
геномның құрылысының өзгеруі) комплекстік түрде жүруімен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет