Ц Цитокинин( гр. kytos – клетка, kynesis – қозғалу) – фитогормон, химиялық
тұрғыдан пурин туындылары, табиғи түрі зеатин, аналогтары: кинетин (6 –
фурфуриламинопурин), БАП (6 – бен зиламинопурин).
Цитоплазма – сұйық негізді зат – гиалоплазма мен онда орналасқан ядро
жəне əртүрлі органоидтар, қосындылардан тұратын жасушалық зат.
Цитопласт (ағ. cytoplast) – ядросы жоқ протопласт.
Ш Шауқат флотациясы – қозғалғыштығы жақсы сперматозоидтармен
байытылған шауқат фракциясын алуға бағытталған əдістер жиынтығы.
Шəует қабылдағыш – қоңырау пішінді, ұш жағы пробиркаға ұқсап келген,
екі қабатты шыны əйнекшеден жасалынған ыдыс.
Шпигельмерлер – қалыпты D- формалы аптамерлердің дəл өзіне ұқсас, бірақ
кішкетай L- формалы көшірмесі.
Штамм (нем. Stamm – діңгек, негіз) – жасушаларды бірінші рет жаңа қоректік
ортаға көшіріп отырғызған соң түзілген жасушалар тізбегі. Олар бірнеше жасушалар
желісінен тұрады, барлығы да алғашқы өсірілген жасушалардан пайда болады.