59
құрамындағы антиген/антидене қатынасы, оған антиген қосу арқылы өзгертіледі.
Осындай жолмен қалыптастырылған иммунокомлекстері, ерітіндіде тұндырылады.
Жұмыс соңында антиденелері бөлініп алынады.
Кейбір түйе тұқымдары жəне лама жануарларымен зерттеулер жүргізген
ғалымдар, бұл малдардың ағзасында
нанодене (нанотела) деп аталатын ерекше
пішінді антиденелердің кездесетінін анықтаған. Наноденелер – антиденелердің
кішкене бөлшектеріне ұқсайды. Бұлардың кейбір пішінділері құрамында жеңіл
үзіктілері (цепи) жоқ, тек ауыр үзіктерден тұрады. Басқа жағынан қарағанда, кейбір
пішінділері тек қана жеңіл үзіктерден тұрғанымен, ауыр үзіктілерге тиесілі қызметін
атқарады екен. Егерде антидене жүйесін «гуманизация» бағытында құрастыру
мүмкін болса (көптеген ақуыздарды иммундық жүйені алдап қабылдауға
мəжбүрлеу), моноклональді антиденені терапиялық мақсатта қолданудағы
кездесетін кейбір кедергілерді жоюға мүмкіндік туылады. Басқа да моноклональді
антиденелермен салыстырғанда, наноденелердің көлемі көптеген есе кіші келеді.
Сондықтан оларды арнаулы мақсаттарында, мысалы ісік жасушаларына токсиндерді
бағытты түрде тасымалдауда қолдану тиімді деген болжамдар жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: