62
Тағы бір үлкен көңіл қоятын мəселе, кейде жасушалардың барлық биохимиялық
активтілігі өздерінің өсуі мен көбеюіне ғана бағытталмай, керісінше адамдарға
қажет заттарды ситездеуге жұмсалады жəне микроорганизмдердің мұндай қабілетін
реттеп, оның қарқындылығын арттыруға да болады.
Микробиологиялық синтездің тиімділігі субстрат ретінде меласса, сүт
сарысуы, мұнай жəне т.б. өнімдердің қалдықтары мен екіншілік шикізат көздерін
қолдану мүмкіндігімен артады. Микроорганизмдер қолданылатын өндірістерді
шартты түрде 2 топқа бөледі :
1.
Тамақ жəне ашу өндірісі. Тамақ жəне ашу өндірісінде, ауылшаруашылық
шикізаттарын өңдеуде микроорганизмдердің қолданылуы технологиялық циклдың
белгілі бір сатысында шектеледі. Яғни, микроорганизмдердің жоғарғы биомассасын
дақылдау жəне олардың метаболизмінің өнімдерін жинау мен тазартуды қажет
етпейді, мұндай өндіріс орындарын микробиологиялық өнеркəсіпке жатқызбайды.
2.
Микробиологиялық өнеркəсіп. Микробиологиялық өнеркəсіптің негізгі
технологиялық сатысы микроорганизмдерді дақылдау болып табылатын өндіріс.
Микробиологиялық өнеркəсіпті өз кезегінше технологиялық белгілері
бойынша екі топқа бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: