Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Этанол жəне лимон қышқылдарын алу



Pdf көрінісі
бет46/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   211
8.1 Этанол жəне лимон қышқылдарын алу
Этанолды  алу.  Қазіргі  кездегі  тамақ, химия  жəне  отын  өнеркəсіптерінде  кең
пайдаланатын  көне  ашу  өндірісінің  көп  таралған  өнімі  ретінде – этанолды  алуды
айтуға  болады. Спирттік  ашу  үдерісін  əртүрлі  микроорганизмдер  жүргізеді.
Мысалы, көмірсутегінен  тұратын  шикізаттардан  ферменталогиялық  жолмен
этанолды  алу  үшін, көбінесе Saccharomyces  туысына  жататын  ашытқылар
пайдаланылады. Ал  шығыс  елдерінде (Жапония) танымал  спиртік  ішімдігі «саке»
дайындау  үшін Aspergillus oryzae  саңырауқұлақтары  пайдаланылады. Мексикада
таралған  алкогольдік  өнім «Пулькені» Zymononas mobilis  бактериясы  көмегімен
дайындайды. Saccharomyces  туындысының  ашытқының  спирттік  үдерісінің
негізінде, глюкозаның пирожүзім  қышқылына  ыдырауы  жəне келесі сатыларда  сол
қосылыстардың  этанол  жəне  көмірқышқыл  газының  түзілуінен  қайта  тотыға
дикарбоксильденуі жатады.
Спирттік  өндірістерде  қолданылатын  ашытқыларды  төменгі  деңгейдегі  ашу
үдерісінің рассалары жəне жоғары деңгейдегі рассалары деп екіге бөледі.
Расса деп – экологиялық нəсіл, бір түр ішіндегі экологиялық оқшаулық, кейде
айтарлықтай 
морфологиялық 
айырмашылығы 
болмайтын 
организімдерге
қолданылатын таксономикалық атау айтылады.
Рассалар  оптималды  температуралық  қызмет  ету  режимдеріне  байланысты
келесі түрлерге бөлінеді:
1. Төменгі  деңгейдегі  ашу  рассалары 6-10 градус  жəне  оданда  төмен
температурада  қызмет  етеді. Бұл  үдеріс  соңында  рассалары  ыдыс  түбіне  шөгіп,
қалың тұнба түзеді. Көбінесе оларға шараптық жəне сыра сакрамиттері жатады.
2. Жоғарғы  деңгейдегі  ашу  рассалары 14-25 градус  температурада  жұмыс
жасайды. Ал  үдеріс  соңында  рассалары  шараптың  бетіне  көтеріліп, қалпақ  тəрізді
қабық  түзейді. Бұл  қабықтың  ашытқы  жасушаларының  бүршіктерінен  кейін
көпіршіктерімен  жоғары  көтеріледі. Жоғарғы  деңгейдегі  ашу  рассаларына  спирт,
нан, т.б. өндірісінің  ашытқылары  жатады. Ашу  орталығы  төмен  жəне  жоғары
деңгейіне  қарамастан  ашытқының  қызметіне  байланысты  мақта  тəрізді, түйіршік
тəрізді  жəне  тұнбаға  түсетін  немесе  беткі  қабыққа  көтеріліп  жүзіп  жүретін  тозаң
тəрізді түрлерге бөлінеді.
Спирттік  ашытқыларға  төменгідегідей  талаптар  қойылады: жоғарғы  ашу
активтілігі, соңғы  өнімге, яғни  спиртке  жəне  əртүрлі  инфекцияларға  төзімділігі


82
ескеріледі. Этанол  өндірісінде  шикізат  ретінде  əртүрлі  көмірсутегі  бар  өсімдік
тектес материалдар – бидай дəні, жертүйнек (картоп), зақымдалған қант қызылшасы,
ағаш ұнтағы, меласса жəне ауылшаруашылық өнімдері қалдықтары пайдаланылады.
Спирттік ащытқыларды мерзімді дақылдау кезінде бастапқы концентрациясында 20-
25% қант, 10-13% этанол  түзіледі. Ферментация  уақыты 48 сағатта  өтеді. Бұл  əдіс
25,5 кг бидайдан 7-8 литр спирт жəне 7,7 кг құрғақ зат қалдықтарын алуға мүмкіндік
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет