Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу



Pdf көрінісі
бет51/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   211
10. Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
Ақуыздарды  микробтық  синтез  жолымен  өнеркəсіптік  деңгейде  алу  үшін
тиімді  технологиялық  жағдайлар  жасалынып, осындай  мақсатта  таңдап  алынған
микроорганизмдердің  тіршілігі  арнайы  үдеріс  бойынша  жүргізіледі. Қажетті  ақуыз
түзуші микроорганизмдер штаммдарын алу үдерісі бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Алынатын ақуыздың құрылымдық генін бөліп алу немесе құрастыру. Егерде
ақуыздың  амин  қышқылдық  бірізділігінің  құрылымы  белгілі  болса, онда  оның
генетикалық  кодын  біле  отырып, мұндай  генді  синтиездеуге  болады. Бұл  үдеріс
оңай  болмағандықтан, проинсулин, интерферон, самосматин  жəне  т.б. сол  сияқты
ақуыздардың оннан астамының гендері синтезделген болатын.
Интрондар – ДНҚ  нуклеотидінің  бірізділігінің  кодталмайтын  бөлімшесі, ол
көптеген  жоғарғы  сатыдағы  организмдер  гендерінде  кездеседі. Құрылымдық
гендерді алудың тиімді жолы – оларды кері транскрипция жолымен синтездеу.
2. Микроорганизмдерге  бөгде  гендерді  ендіру. Бактериялар  немесе  ашытқы
жасушалары өздерінің жекеменшік реттеуші механизмдері көмегімен, құрылымдық
геннің  ішіне  енген  бөгде  гендерді  эскпрессиялап  алады. Бөгде  гендерді
экспрессиялау  мақсатында, тікелей  экпрессиялау  əдісі  қолданылады. Бұл  үдерісті
атқару  үшін, əрбір  нақты  жағдайда  рибосомаларды  байланыстырушы  бөлімшелер
құрылысының үйлесімділігін анықтап алу керек.
3. Реципиент  немесе  қожайын  жасушаларды  таңдап  алу. Бөтен  РНҚ
тұрақтылығы  жəне  бөтен  геннің  экспрессиясының  өнімі  болып  есептелетін
ақуыздардың  протеолетикалық  төмендеуін  азайту  үшін, қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз  ету – реципиент  жасушаларды  таңдап  алуда  негізгі  көрсеткіш  болып
саналады. Рибонуклеазалар  гендеріне  тапшы  жасушаларында, кейбір  эукариоттық
гендерінің  экспрессиясы E.coli  жасушаларында  арта  түсетіні  анықталды. E. Coli
жасушаларында  бөгде  ақуыздың  синтезделуіне, протеолизді  тоқтатып  тастайтын
мутациялар қолайлы əсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет