Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет148/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

 
4-топ 
тапсырмасы: 
«Тҧлғаны 
әлеуметтендіру 
және 
қалыптастыру факторлары» 
 
Адамның  қоғаммен  байланысы  «әлеуметтену»  ұғымымен 
белгіленеді.  Әлеуметтену  –  бұл  тұлғаның  әлеуметтік  жүйеге 
бейімделуі.  Ол  «бейімделу»  ұғымымен  байланысты.  Бейімделу 
(«адаптация»  лат.  «adaptatio»  –  бейімделу)  –  биологиялық  термин, 
тірі  ағзаның  қоршаған  ортаға  бейімделуі.  Осылайша,  әлеуметтік 
және  психологиялық  бейімделу  терминдері  пайда  болады.  Оның 
нәтижесі  –  тұлғаның түрлі  әлеуметтік  ситуацияларға, микро-  және 
макротоптарға 
бейімділігі. 
Бейімделу 
ұғымы 
кӛмегімен 
әлеуметтену  былай  түсіндіріледі:  адамның  әлеуметтік  ортаға  ену 
және  оның  мәдени,  психологиялық  және  әлеуметтік  факторларға 
бейімделу процесі. 
Қоғам  әлеуметтік  құрылымдарын  сақтап  қалу  мақсатында 
әлеуметтік  стереотиптер  мен  стандарттарды  (топтық,  таптық, 
этникалық,  кәсіби  және  т.б.),  рольдік  мінез-құлық  үлгілерін 
қалыптастырады.  Қоғамнан  бӛлектенбес  үшін  тұлға  әлеуметтік 
ортаға,  әлеуметтік  байланыстар  жүйесіне  ену  арқылы  осы 
әлеуметтік  тәжірибені  меңгереді.  Әлеуметтену  бұнда  әлеуметтік 


 
264 
тәжірибені,  құндылықтарды,  нормаларды,  ұстанымдарды  меңгеру 
арқылы адамның қоғамға бейімделу және интеграциялану процесі.  
Бірақ  тұлға  ӛзінің  дербестігіне,  автономиясына,  жеке 
кӛзқарасының  қалыптасуына,  қайталанбас  даралығына  ие.  Осыған 
сәйкес, әлеуметтену – бұл әлеуметтік  байланыстар мен тәжірибені 
меңгерумен қатар жаңа, жеке дара тәжірибе туындайтын тұлғаның 
ӛзін-ӛзі дамыту және ӛзін-ӛзі іске асыру процесі. 
Әлеуметтенудің  мәні  адаптация,  интеграция,  ӛзін-ӛзі  дамыту 
және ӛзін-ӛзі іске асыру процестерінде кӛрінеді. 
Әлеуметтену  –  үздіксіз  процесс.  Ол  ӛмір  бойы  жалғасады.  Ол 
бірнеше  кезеңдерге  бӛлінеді.  Ғылымда  әлеуметтену  кезеңдерін 
ажыратуда еңбектену іс-әрекетіне сүйенеді. 
1.  Еңбекке  дейінгі  кезең,  дүниеге  келгеннен  еңбектену 
қызметіне  дейінгі  уақытты  қамтиды.  Бұның  ӛзі  екі  кезеңнен 
тұрады:  ерте  әлеуметтену  –  дүниеге  келгеннен  мектепке  барғанға 
дейін;  жастық  шақтағы  әлеуметтену  –  мектепте,  техникумда, 
жоғары оқу орнында және т.б. білім алуы. 
2.  Еңбектену  кезеңі,  адамның  жетілуін  қамтиды.  Оның  уақыты 
нақты  белгіленбеген,  себебі  бұнда  адамның  бүкіл  еңбектену  жолы 
енеді. 
3.  Еңбектенуден  кейінгі  кезең,  егде  шақта  еңбек  әрекеті 
тоқтаған кезде жүреді.  
Әлеуметтену  процесі  барысында  тұлға  түрлі  рольдерді 
орындайды.  Оларды  әлеуметтік  рольдер  деп  атайды.  Рольдердің 
кӛмегімен тұлға ӛзін кӛрсетуге, ашылуға мүмкіндігі бар. 
Әлеуметтену факторлары  -  әлеуметтену процесі ӛтуіне қажет 
жағдайларды  туғызатын  шарттар.  А.В.Мудрик  әлеуметтенудің 
негігі факторларын үш топқа біріктіреді: 
макрофакторлар  (ғарыш,  планета,  әлем,  ел,  қоғам,  мемлекет), 
олар  планетаның  барлық  тұрғындарының  немесе  белгілі  бір  елде 
ӛмір сүретін адамдардың үлкен тобының әлеуметтенуіне әсер етеді; 
мезофакторлар (мезо – орташа, аралық) – ұлттық сипаты (этнос 
-  әлеуметтену  факторы),  олар  ӛмір  сүретін  жердің  орны  мен  типі 
(аймақ,  қала,  ауыл);  бұқаралық  ақпарат  құралдары  және 
коммуникацияның  аудиториясына  байланысты  анықталатын 
адамдардың үлкен тобының әлеуметтену жағдайлары; 
микрофакторлар  –  нақты  адамдарға  тікелей  әсер  етушілер  – 
жанұя,  жостары,  микроортасы,  әлеуметтік  тәрбие  жүргізілетін 
ұйымдар – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б. 


 
265 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет