1-топ
студенттері
«Экономикалық
тәрбие
беруде
қолданылатын ойын тҥрлері, оларды қолдану ерекшеліктері мен
маңызы»
2-топ студенттері «Экономикалық тәрбие беуде жобалық
әдісті қолдану және оның маңызы»,
3-топ
студенттері «Қазіргі уақытта экономикалық
тәрбиенің әлемдік деңгейдегі ӛзектілігі» тақырыптарына эссе
жазады. Жҧмыс соңында ҥздік эссе анықталады.
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС
5 Кесте толтыру «Мен ҥйрендім»
Студенттер ӛз орындарынан «Мен үйрендім» кестесін
толтырады. Сабақ қорытындыланады.
Кесте - «Мен ҥйрендім»
Слайд 4
Мен ҥйрендім
1.
2.
…
«Экологиялық тәрбие»
Қазіргі кезеңде экологиялық апат қаупінің алдын алатын, жедел
табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізу кӛкейкесті проблемалардың
бірі болып тұр. Жергілікті материалдар мен экология туралы жалпы
мәліметтерге қосымша табиғатқа кӛмек қажеттігін түсіндіру -
педагогтың тікелей парызы.
354
Экологиялық тәрбие жұмысының негізі – табиғатты қорғау
ниеттерін іс жүзінде іске асыру. Ӛмір бір жақты экологиялық
тәрбие ісімен шектелмей, оларды үздіхсіз табиғат қорғау
әрекетімен байланыстыру, еңбек тәрбиесімен ұштастыруды талап
етеді. Осыған орай тәрбие ісі бастауы экология туралы білімдерге,
яғни қажетті ақпаратгарды қабылдау, талқылау, түсіну.
Бұл істің кӛзі адам ӛмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, ӛсімдік.
Аймақ қажеттігі жергілікті табиғат жағдайы тәрбие ісі бағытын,
түрін, оны үйымдастыру мен іске асыру формалары мен мазмұнын
анықтайды (жасыл патрулдер, орман достары, аңдар мен құстар
қорғаушылар тобы). Егер білім алушы ӛзінің ертеңгі күні, ӛзімен
бірге достары және жақыңдарының бақыты қоршаған ортадағы
ауаның, судың тазалығына байланысты екенін түсінсе, жасыл
желек пен ағын суды таза ұстауға кӛмек тигізсе, ол табиғатты
қорғаушылар қатарында болғаны. Тӛменде осы тақырыпқа дәріс
жоспары беріледі.
Тақырыбы: Экологиялық тәрбие
Мақсаты: эстетикалық тәрбие, оның мақсат-міндеттері,
эстетикалық тәрбиенің принциптерін, формалары және құралдарын
меңгерту.
Ӛткізу әдістері:
Диалог, мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы
сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, «Т
кестесі», «Еркін жазу» стратегиялары.
Кҥтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында:
- Экология термині, экологиялық тәрбие туралы түсінік алады;
- Экологиялық сана ұғымын меңгере отырып, оның атқаратын
қызметтері жӛніндегі білімді игереді;
- ЖББМ-де экологиялық тәрбие беру мен экологиялық сананы
қалыптастырудың негізгі формаларын, жолдарын, экологиялық
білім беру бағдарламасын жүзеге асыру кезеңдерін меңгереді.
Материалға сын кӛзбен қарауға үйренеді.
Дәрістің мазмҧны:
1. Экология және экологиялық тәрбие мақсаты туралы түсінік.
2. Экологиялық сана және оның қызметтері.
3. Мектепте экологиялық тәлім беру мен оқыту жүйесі.
1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ
1. Жаттығу «Ассоциация» стратегиясы.
355
Қарастырылатын ұғым: «Экология». Студенттер бұл ұғым
жӛнінде ӛз ой, пікірлерін білдіреді. Айтылған ой, пікірлер тақтаға
жазылып тұрады (сурет 1).
Сурет 1.
2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ
2. Ауызша сҧрақ мағынасын ашу
Студенттердің пікірлері тақтадағы суретке түсірілген соң 1-
сұрақтың мағынасын оқытушы ашады.
1. Экология және экологиялық тәрбие мақсаты туралы тҥсінік
Лектор сӛзі (Слайд 1):
«Экология» ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э.
Геккель қолданды. Бұл ұғым гректің «ойкос» – (үй немесе тұрғын
үй/ жилище/) және «логос» (ой /мысль/), яғни, «тұрғын үйді ойлау»
деген ұғымнан пайда болса керек.
Қазіргі кезде «экология» ұғымына анықтамада:
Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен
ӛзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім.
Экология – жануарлар ӛсімдіктер, микроорганизмдердің ӛзара
және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биологияның
құрамдас бӛлігі.
Экология
–
тірі
организмдердің
тіршілік
ортасымен
арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым ретінде қарастырады.
Экология
?
?
?
356
Слайд
2.
Экологиялық
тәрбие
–табиғаттың
барлық
субъектілеріне
қатысты
ізгілікті,
қайырымдылықты,
парасаттылықты қалыптастыруды кӛздейді.
Экологиялық тәрбие – бұл тек «жұлуға болмайды», «ластауға
болмайды» деген жалаң ұран, үндеу тастау немесе тәртіпке шақыру
ғана емес, сонымен бірге не себепті олай етуге болмайтындығын
түсіндірумен байланысты жүзеге асады.
Слайд 3. Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылар бойында
экологиялық білім, кӛзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол
арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық,
жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып,
дамыту.
3. Жаттығу Бейнені толықтыру
Экология және экологиялық тәрбие, оның мақсаты туралы
білім жеткізілген соң студенттермен біріге отырып жоғарыдағы 1-
ші сурет толықтырылады немесе түзетіледі.
2. Экологиялық сана және оның қызметтері
Лектор сӛзі:
«Экология» қоғамдық сананың формасы ретінде жануарлар
әлемі мен ӛсімдіктер дүниесінің ішкі ӛзара әрекеттесуін және
қоршаған ортамен ӛзара қарым-қатынасының заңдылығын
зерттейтін биология ғылымының құрамдас бӛлігі. Экологиялық
санаға экологиялық білім жатады: фактілер, деректер, жануарлар
әлемімен ӛсімдіктер дүниесі және олардың ӛмір сүру ортасы
жайында, жалпы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың
ӛзара
қарым-қатынасының
қорытындысы
мен
талдауы.
Эстетикалық сезім және экологиялық жауапкершілік оның
құрамдас бӛлігі болып табылады. Олар адам баласын табиғатты
сақтауда қырағы болуға түрткі болады, табиғи сулар, жер қойнауы,
атмосфера және орман, тоғайларды ӛндіріске пайдалануда келеңсіз
оқиғаларға тап келуін болдырмауды алдын-ала ескертеді. Адамнан
табиғатты пайдалануда ондағы экологиялық ойлау қабілетінің
жоғары болуын талап етеді.
Экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде
маңызды қызмет атқарады.
Ағартушылық қызметі. Ол оқушыларға табиғатта адамның
ӛмір сүру ортасы ретінде және эстетикалық тұрғыдан жетілуіндегі
оның маңызын түсінуге кӛмектеседі.
357
Дамытушылық
Достарыңызбен бөлісу: |