26
дамуы әлеуметке тезірек бейімделуге мүмкіндік беретіндей (бизнес
әлемінде орнын таба алатындай, бәсекеге қабілетті, Қазақстан
Республикасының азаматы мен патриоты, жетекші адамгершілік
этикалық және эстетикалық құндылықтары бар, салауатты ӛмір
салтын ұстанатын т.б.), яғни жалпы орта білім беретін мектептің
білім беру нәтижесі ықпалдастырылған тұлға ретінде анықтайтын
жаңа парадигмасы қалыптасуда.
Мұндай нәтижесі бар парадигма туралы сӛз қозғағанда
ғалымдар мұндай мектептің түлегі ықпалдастырылған тұлғаның
жетекші құрамдас бӛліктерінен құзыретті болуы керек деген
кӛзқарасқа кӛбірек тоқталуда. Осылайша жаңа мемлекеттік білім
беру мазмұнын жасақтауда оның негізгі құзыреттіліктерінің
нәтижесін сапалы құру қажеттігі туындап отыр. Ғылыми айналымға
жаңа дефиниция енгізілгендіктен, оның мәніне терең бойлап, оған
теориялық әдіснамалық негіздеме беру қажеттігі туындайды.
Оқыту үрдісінің теориялық әдіснамалық негізін, оның ішінде
құзыреттілік тұрғыны айқындау жалпы орта білім берудің
мазмұнын жобалау үшін қажеттілігі туындап отыр.
Осылайша білім саласындағы құзыреттілік тұрғы (басқа да
қызмет саласындағыдай) мүлдем жаңа тұжырымдама болып
саналмайды. Оның негізін білім мазмұнының теориялық
әдіснамалық базасын құрайтын әлемдік педагикалық білім қорынан
қарастыруды қажет етеді. Сондықтан, білім беру мазмұнынын
жобалауда құзыреттілік теорияларының тарихи педагогикалық
және қазіргі тұрғысы қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: