«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2014 жылдың



Pdf көрінісі
бет15/32
Дата07.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#20783
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
Сырткы жиынтык багалау модели НЗМ

 6.2 Информатика 

Информатика  сыртқы  жазбаша  емтихандар  әдісі  және  сыртқы 

модерациядан  өтетін  курстық  жұмыс  жобасы  арқылы  жиі  бағаланады. 

Бұл  пәндегі  жазбаша  емтихан  мен  курстық  жұмыс  арасындағы  анық 

баланс (теңдік) тест спецификациясында көрсетіледі. 

Курстық  жұмыс  –  сыныпта  мұғалімнің  бақылауымен  не 

оқушының өзіндік дайындығы уақытында жүргізілетін жұмыс.  

Курстық  жұмысты  мұғалім  бағалайды,  содан  кейін  әр  оқушыға, 

топқа  не  жалпы  мектепке  қойылған  балдардың  әділдігі  мен  заңға 

сәйкестігіне  көз  жеткізу  үшін  сыртқы  және  үшкі  деңгейде  модерация 

жүргізіледі. 

Курстың жұмыстың құндылығы төмендегі дағдыларды дамытуға 

мүмкіндік беруінде: 

 

өзіндік жұмыс; 



 

кең көлемді зерттеу мен оқу; 

 

белгілі бір көлем және өзіндік ерекшеліктегі жұмысты жазу, 



өзгерту және қайта тексеру

 

ақпараттық  технологиялармен  жұмыс  істеу  дағдыларын 



көрсету  (ақпараттық  технологияларды  қолданып  өте  жақсы  курстық 

жұмыс құрастыру және жазу) 

Бұлар  оқушының  жоғары  білім  алуда  табысқа  жету  үшін  талап 

етілетін дағдыларды қалыптастыруына мүмкіндік береді.  

Курстық  жұмыстарды  бағалау  тексеруші  ұйымға  қиындықтар 

туғызады.  Курстық  жұмыстың  шынайылығы  бағалаудың  обьективті 

болуының  негізгі  кепілі  болып  табылады.  Интернеттің  қолжетімдігі 

плагиаттың  болуына  жол  ашады,  сондықтан  мұғалімдер  және 

бағалаушы  ұйым  жағынан  қажетті  шаралар  жасалынып,  плагиатты 

болдырмауға  тырысулары  керек.  Оқушылар,  ата-аналар  және 

мұғалімдер  қолдануға  болатын  ақпарат  көздерінің  сипаты  мен 

мөлшерін білулері қажет. Курстық жұмысты бағалаудың стандартталуы 

бірыңғай бағалауды қамтамасыз етеді. 



 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет