Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет43/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
жеңілдік  те  жасамақ  болды.  «Бірақ  Рысқұл  оңбаған  үрерге 
иті,  сығарға  биті  жоқ,  тақыр  кедейлігіне  қарамай,  жалғанның 
тәкаппары ғой. Оның басынан гөрі, Талғардың басын ию оңай. 
Өзінен де бәле бар. Әйтпесе, әмпейлесіп, тәп-тәуір болып жүрсе, 
еті тірі ебі бар, қоңданып-ақ кетер еді... Ит мінезді болса да, аты 
шулы. Бұрынғыдай илей бермей, икемге келтіріп, мал беріп, жер 
беріп  көрейін  қызылкөз  бәлеге».
Алпыстан асқан алпауыт болысты құдай қайырымды етемін 
десе, он жетідегі сұлу қызды айттырып, қайын жұртына жиірек 
жіберіп тұрғай. Кеудесіндегі бір кесек беріш емес, жүрек екенін 
олар сонда еске алар...
Сырттай  сыр  бермегенмен,  Саймасай  қайтуға  ниет  білдірді. 
Ақ патша қызметіндегі адам екенін айтты. Бұл сияқты жері сұлу, 
елі дарқан ауылда айлап жатса да лазым. Бірақ алда қызмет күтіп 
тұрғанын алға тартты.
Қайын  жұрты  құрметті  күйеуді  жөндеп  күте  алмай,  бабын 
білмей,  ренжітіп  алдық  па  деп  алаңдады.
–  Тәйірі,  ел  аман,  жұрт  тыныштық,  бейбіт  заманда  ауыл-
үйден  от  ала  келгендей  болмай,  жата-жастанып,  қызық  көріп 
құмардан  шығып  қайтыңыз,  мырза.  Ат  бәйге,  көкпар,  күресті 
ертеңге қаратып отырмыз. Арғы күні аттанасыздар. Асықпаңыз, 
–  деп  жатыр  албандар.  –  Қалың  Дулат  елімен  бұрын  бауыр 
ажырамас туысқан едік, енді мыңжылдық құда боламыз. Ондағы 
Дулат ойлап қалар: «Албан ағамыз бізден барған құдаларын тым 
болмаса  екі-үш  күн  күте  алмағаны  несі?»  –  деп.
Саймасай  илікпеді.  Ояздың  оспағынан  сескенді.  «Елінен 
бүлікшіл  шығып,  әскерімізді  әлекке  салып,  қашып  жүргенде, 
болыс  жас  қыз  айттырып  жігітшілігі  ұстағаны  несі?»  –  депті. 
Қалжыңы  болса  да,  қаһарлы  сөз.  Әрі  десе  Нүкетай  сынды 
сұлуды мына қауқылдасқан көптің арасынан емес, тезірек оңаша 
отаудың, шәйі шымылдықтың ішінен көруге бек ынтызар. Нәпсі 
сезім  жеңгенде,  ақыл  адасады.
«Толмаған он жетіге жасым, әке,
Жүруші ем күліп-ойнап, тасып, әке.
Баланың қыз да болсам, тұңғышы едім,
Сыймады-ау өз үйіме басым, әке.


87
Қызыл жебе
Боз інген боздайды екен ботам-ау деп,
Жүк артса қабырғама батады-ау деп.
Қыз мұңлық кетерінде жылайды екен
Жанында жат біреудің жатам-ау деп.
Түндікті төрт жерінен ойдыр әке,
Тойыма ту биені сойдыр, әке.
Тойыма ту биені сойдырмасаң
Биылша қызым жас деп қойдыр, әке.
Базардан базар барып ине алайын,
Жан әкем берем десе қиналайын,
Жан әкем берем десе, қиналғанмен
Белімді бекем буып жиналайын»...
Нүкетай сұлу бұлайша өнер шығарып, сыңсу айтып, өзгенің 
көңілін  босата  алған  жоқ.  Аттаныстың  табан  астында  асығыс 
болғандығы сонша, әдеттегі ауылдың «алты ауызы», тіпті «жар-
жар»  да  айтылмады.
Тең-тең жасау-жабдық тиеген керуен Сатыңнан шығып, Тау-
Шелек  асуына  қарай  бет  алғанда,  Қарашаның  қара  суық  желі 
қарағай басын тербетіп, қылқаңдары қыл қобызша боздап тұрған. 
Аспанды аунақшыған бұлшық-бұлшық қарасұр бұлт қаптады.
Таудың бұралаң сүрлеу жолы бір қырға шығып, бір ойға түсіп, 
салтанатты кеш үзік-созық келе жатқан. Шыңдарды бұлт бүркеп, 
қарауытып  қарағайлы  беткей  ғана  көрінеді.  Қыламықтап  қарт 
түсе бастады.
Бұл қыстың алды еді. Қалдықызыл деген алшаң жорғаға мінген 
болыс  алдыңғы  топта.  Қалдықызыл  құйрық-жалы  төгілген, 
қасындағы өзге жылқы баласынан ірірек, арқардың құлжасындай 
маңғаз мал. Өз жорғасына өзі масаттанғандай, үстіндегі иесімін 
басқалардан  мерейі  үстем  екенін  сезгендей,  басын  шұлғып 
тастап, анда-санда пысқырынып қойып, бір сарынмен сілтейді. 
Өзге  аттар  жүрісін  Қалдықызылға  теңестірмек  болып,  біреуі 
текіректеп,  біреуі  желе  шауып,  мазасыз  халде.
Болыс  көп  сөйлемейді.  Нөкерлерінің  неше  алуан  жол 
әңгімесіне назар да салмайтын сияқты. Ол өз ойының тереңінде, 
өз  қиялының  жетегінде.


88


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет