Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет54/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
Болысты  бекер  өлтірген.  Бекер,  бекер  –  деп  Қара  Иван  дудар 
басын  шайқады,  өкінішпен  таңдайын  тақылдатты.
–  Ә, солай ма? – деп Рысқұлдың қараңғыда екі көзі құтырына 
жайнап шыға келді. – Солай ма? – Онда мені болыс неге қаматады? 
Жала ма? Жала! Өмір бойы жала! Өмір бойы жаза! Жазықсыздан 
– жаза! Шыдай беру керек пе? Бұға беру керек пе? Зауал қайда? 
Болыс біреу-ақ. Оны өлтірдім. Кегім қайтты. Бірақ баяғы қорлық 
–  сол  қорлық.  Одан  құтыларға  тағы  да  қалған  қорқауларды 
өлтіру  керек.  Иван,  досым,  маған  тағы  да  мылтық  керек.  Бес-
алты  мылтық  керек.  Менің  туысқандарымда  қару  жоқ.  Қайдан 
табамын! Ақыл айт. Өзің айтушы едің ғой, көп адам көтерілсе, 
әкім  де  артын  қысады  деп.  Сен  үйреткен.  Ал  енді  маған  қазір 
бәрібір – бір өлім. Қару тауып бер, алысып өлемін. Жалғыз өзім 
не бітіремін. Тым болмаса бес-алты, он мылтық.
Рысқұлдың ысылдап, ышқына шыққан үнінен қорқып, Қара 
Иван:
–  Тсс!  –  деді.  Шолақ  Шабдардың  тізгінін  тартып,  қораның 
тасасына  жақындатты.  Жан-жаққа  құлақ  түріп:
–  Эх, Рысқұл, Рысқұл, – деді досының иығына қолын салып 
тұрып.  –  Біріншіден,  сонша  мылтық  табылмайды.  Екіншіден, 
табылған күнде де бес-алты, тіпті он мылтықпен дүниені төңкеріп 
тастай алмайсың. Он шақты қолдан өкімет құламайды. Ажалды 
қарға ақ иық қыранмен ойнаған сияқты әурешілік ол.
–  Сонда қандай ақыл бересің? Не істеуім керек?
–  Әзірше осында жасырына тұр. Менің жасырғанымды білсе, 
оңдырмайды. Ал менде де шиеттей бала-шаға бар. Бірақ мына 
атың қиын. Атты көршілер көріп қойса, дереу сөз тарап кетеді. 
Аттан құтылу керек.
–  Жарайды.  Тағы  да  жаяу  қалдым  ғой.  Ат  жоқ  жерде  мен 
байғұс  қанаты  кескен  құс  сияқты  мүсәпір  болып  қалам  ғой...
Рысқұл  Шолақ  Шабдардың  шылбырын  қырғыз  ердің  қайыс 
бауынан өткізіп, тізгінді ердің қасына байлады, жан серігі болған 
жануардың  құлағын  қасылап,  тұмсығынан  сипап,  мойнынан 
құшақтады.


109
Қызыл жебе
–  Е, жануар, енді көрісеміз бе, жоқ па – бір Алланың ісі. Бар, 
жануар, бар – деп сауырына жалпақ алақанымен сарт-сарт салып 
қалып, мал қораның маңайынан айдап шығарып, қоя берді.
Аттың осыдан Бесағашқа баратынын білді. Шолақ Шабдардың 
иесіз  келгенін  көріп,  Тұрар  шошыр.  Ізбайша  дауыс  қылар,  ел 
дүрлігер. Жабыла іздеп жүрген жау да болар...
Шолақ Шабдар бірер басып, басын бұрып, әлдене күткендей 
тұрып қалды. Жылқы хайуанның бұл қылығы Рысқұлдың өзегін 
өртеп жібергендей, жанына қатты батты. Қызыл Жебедей дүлдүл 
тумағанмен,  Шолақ  Шабдар  жүріске  шыдамды,  күй  талғамас, 
жол  танығыш,  жер  танығыш,  соған  қарамай  кеудесін  басқаға 
басқызбас  тәкаппар,  бір  батыр  екенін  Шолақ  Шабдар  кейбір 
адамдардан  артық  білгендей  еді.
Хайуанның адамға деген адалдығына іші елжіреген Рысқұл:
–  Сорлы Шолақ, енді сен кімнің астында кетер екенсің? Сені 
Тау-Шілмембетке бұйыртпас, қорқау иттер, – деді.
–  Бар, бара ғой, жануар, ауылға бар, – деді иесі күбірлеп.
Ат басын ықылассыз қайта бұрып алып, құлағын тікшитіп тау 
жаққа қарады. Бірақ жылжымастан, ішін бір тартып тұра берді. 
Жануар иесін күтіп тұрғанын Қара Иван да байқап:
–  Жалко, – деді. – Бірақ, амал не, сені жасыруға болар, оны 
қайда  тығып  қоямын?
Рысқұл қолындағы дойыр қамшының тобылғы сабын саусағы 
ауырғанша қысып ұстап:
–  Ақымақ  хайуан,  енді  мен  жоқпын  саған!  Несіне  тұрсың? 
Жоғал,  айда!  –  деп  ыршып  барып,  аттың  сауырынан  осып  кеп 
жіберді.
Мұндайды  күтпеген  Шолақ  Шабдар  оқыс  ырғып,  пыр-пыр 
осқырынып,  ақ  буалдыр  арасына  кіріп  жоқ  болды.
–  Бекер ұрдың, – деді Қара Иван досын күстаналап.
–  Көңілі  қалсын,  әйтпесе  осы  төңіректен  айналшықтап 
шықпай  қояды.  Енді  ауылға  тіке  тартады.  Ізін  қазір-ақ  басып 
қалады...  атасына  нәлет.  Барсын.  Менен  гөрі  ол  да  бақытты. 
Ауылға жасырынбай, еркін бара алады. Ал енді қайтеміз, тамыр?
–  Үйге  жүр  дей  алмаспын.  Үйде  бала-шаға  біліп  қойса, 
баламысың деген біреу-міреуге айтып қояды. Тіпті, Марфа білуге 


110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет