Түйіндеме Себепова Р.М. – ҚазҰПУ докторанты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Алматы, Қазақстан, rauschan2006@mail.ru
Тілдегі ұлттық болмыстың ғаламның тілдік бейнесіндегі көрінісінің əдістемесі Мақалада орыс тіліндегі Ұлттық корпустан алынған бағалау категорясы жəне оның классификациясы
қарастырылады. Сонымен қатар сөздердің бағалау компонентінің функционалды сипаттамасы анықталады.
Біздің жұмысымыздың басты мақсаты - тілдік бірліктердің эмоционалды-бағалау сипаттамасының мəселелерін
жəне бағалау сөздерінің семантикасын меңгерту жолдарын көрсету болмақ. Атаулы бағалау категориясының
лексика-семантикалық бірліктерін классификациялау отырып, оларға тəн семантикалық өрісін анықтауға
болады.
Орыс тіліндегі əртүрлі сөз таптарының бірігуіндегі лексика-семантикалық топтар қарастырылп, олардың
бағалау-белгілеу лексикасының бірегей ұқсастық нəтижелері қорытындыланады.
Түйін сөздер: жіктелу, тіл, мəдениет, Орыс тілінің ұлттық корпусы, тілдік тұлға өкілдері, келісім мен
бейбітшілік, бағалау.