Сатова А. К. 1, Ингайбекова Т. А



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата31.12.2021
өлшемі309,88 Kb.
#21213
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
522-1-998-1-10-20181120

Қорытынды 

Зияты  зақымданған  сөйлеу  бұзылыстары 

бар  оқушыларға  ритмика,  музыкалық  дамула-

ры  үшін  өте  маңызды,  және  де  ол  психикалық 

дамуының  ауытқуларын,  эмоционалдық  әрі 

моторлық  сфераны  коррекциялаушы  құралы 

ретінде пайдаланылады.

Музыкалық  және  ритмикалық  жаттығулар 

жүйесі  арқасында  қозғалыс  сферасының 

жетіспеушілігі,  бұлшықет  тонусының  әлсіздігі 

немесе  керісінше,  гипертония,  үйлесімсіздік, 

қозғалыстардың  нашарлығы  біртіндеп  қалыпқа 

келеді;  қозғалысты  өздігінен  басқару,  ерікті 

көңіл бөлу жолдары қалыптасады. 

Мүсіндік объектілермен әрекеттер, сюжеттік 

композициялар  «Гүлдерді  жинау»,  «Сумен 

ойнау»,  «Балмен  ойнау»  қиялдың  дамуын 

белсендіреді.  Фигуральды-ырғақты  және  би-

моторлы  жаттығулар  осы  санаттағы  балалар 

қозғалысының тұтастығын қалыптастырады, ал 

музыкалық  аспаптармен  ырғақты  жаттығулар 



ISSN 2520-2634                                          Journal of  Educational  Sciences. №3 (56). 2018

eISSN 2520-2650

67

Сатова А.К., Ингайбекова Т.А.



балаларға  тек  ырғақты  үлгіні  беруді  ғана 

үйретпейді. 

Сабақтарда 

оқушылардың 

физикалық  және  эмоционалдық  жағдайы 

ескеріледі; оны реттеу мақсатында қозғалыстар 

сыныптың  өзінде  де,  оны  тоқтатқаннан  кейін 

де  пайдалануға  болатын  шағын  релаксациямен 

біріктіріледі.  Балалармен  өтетін  ритмикалық 

сабақтың  жағымды  эмоционалдық  фоны, 

жеке  қасиеттерін  қалыптастыру,  өзін-өзі 

қамтамасыз  ету,  белсенділік,  бастамашылық, 

шығармашылық  іс-әрекеттерге  ынталандыру 

үшін қолайлы «табысты жағдайды» тудырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет