§ 37. Жалаң сөз түбір мен аффикстің (немесе аффикстердің)
қосындысынан қүралса. күрделі сөз түбір мен түбірдің (немесе
түбір мен негіздіц, я негіз бен негіздің) бірігуінен, қосарлануы-
нан немесе тіркесінен құралады. Мысалы, 1) цолцап, 2) ұзынды- ңы сқаіы, 3) кэрі ж ілік деген күрделі сөздердің алдыңғысы түбір
мен түбірдің (қол және цап) бірігуінен, екіншісі негіз бен негіздің
(үзыпды жэне қысцалы) қосарлануынан, үшіншісі түбір мен
түбірдің (кэрі жэне ж ілік) тіркесуінен жасалған Күрделі сөздің
кұрамындағы сынарлар жеке түрғандағы мағыналарынан да.
қызметінен де алшақтап, олардың қосындысы (немесе гіркесі)
тұтасқан күйінде бір бүтін сөз - күрделі сөз - ретінде .үғынылады.
Күрделі соз құрылымы жагынан синтаксистік сөз тіркесімен
де, фразеологиялық сөз тіркесімен де үксас келіп, солармен ас-
тарласып жатады. Алайда мүндағы ұқсастық дегеннен біртектес
деген ұғым тумайды. Күрделі сөз бен синтаксистік сөз тіркесі
жэне фразеологиялык сөз тіркесі - тілдік табиғаты эр баска
құбылыстар.
2. К үр дел і сөз бен сөз тір к есін ің ш егін а й қ ы н дау п р обл ем асы