Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет170/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   224
Байланысты:
биохимия

261
Соңғы фазада
 α, β диацилглицеролдың соңғы бос тұрған – ОН 
тобы ацилденеді. Катализді диацилглицерол-ацилтрансфераза 
жүргізеді. 
10.8. А-ацетилкоферменттің түзілуі жəне 
биологиялық маңызы
Сірке қышқылының активті түрі – А-ацетилкоферменті кө-
мірсулар, липидтер жəне ішінара белоктар метоболизмінің өзек ті 
тізбегі. 
А - ацетилкоферменті əртүрлі органикалық заттардың кө-
міртегі қаңқасы ыдыраған кезде түзіледі, сонымен қатар, сол зат-
тар синтезі үшін құрылыс бірлігі болады. Жануарлар жəне адам 
ағзасына барған барлық қоректік заттар А - ацетилкоферментіне 
айналады, бұдан кейін басқа заттарға айналып өзгереді.
   Ацетил-КоА-ның бай көзіне май қышқылдары жатады. Мы-
салы, стеарин қышқылы (С18) β – тотығу процесі нəтижесінде 
9 молекула ацетил ~ КоА береді. Глюкозаның бір молекуласы 
екі молекула, ал глицерин бір молекула ацетил ~ КоА береді. 
Көптеген амин қышқылдары (аланин, серин, цистеин, лейцин, 
валин, тирозин, фенилаланин жəне басқалары) тотығу арқылы А 
- ацетилкоферментіне айналады.
Ацетил ~ КоА-ның биологиялық маңызы мынадай: біріншіден, 
жасуша митохондриясында лимон қышқылының циклі бойын-
ша СО
2
 мен Н
2
О дейін тотығады да, энергия бөліп шығарады. 
Бұл кезде бөлініп шығатын энергияның шамамен 40%-ы АТФ 
молекулаларында жиналады. Екіншіден, ол көптеген маңызды 


262
биологиялық заттардың синтезі үшін түйінді затқа жатады. Аце-
тил-КоА-дан мынадай заттар синтезделеді:
1) май қышқылдары (май қышқылдары жасушаларда май,
 фосфолипидтер түзілу үшін жұмсалады);
2) глицериннің активті түрі 3-фосфоглицерин (ол липидтер
 синтезінің құрамдас бөлігі);
3) ауыстырылатын амин қышқылдары;
4) стеролдар, мысалы, холестерол, одан жыныстық, стероид
 гормондары, өт қышқылдары түзіледі;
5) ацетилхолин (ол жүйке қозуының медиаторы - делдалы);
6) мукополисахаридтер, ацетилгексоаминдер, олар
гликопротеидтердің құрамына кіреді, гликопротеидтер
жануарлардың жəне адамның, қан тобын анықтау үшін
қажетті зат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет