Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет180/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   224
Байланысты:
биохимия

42-сурет. Ағзадағы судың балансы
Судың 10-12%-ын жоғалту ағзаның өліміне əкеп соқтырады.
Судың атқаратын қызметі.
Судың маңызын айтып жеткізу өте қиын.
1. Н
2
О - өте тамаша, полярлы əмбебап еріткіш;
2. Н
2
О – еріген заттарды бір мүшеден екінші мүшеге жеткізуші 
негізгі құрал;
3. Н
2
О – биохимиялық реакциялардың активті құрамы (гидро-
лиз, тотығу, гидратация, фотосинтез т.б.); 


276
4. Н
2
О – ферменттердің модуляторы, яғни олардың конфор ма-
циялық құрылысын өзгертіп, активтік центрін құруға қатысады;
5. мембранааралық байланысқа судың диполь моментінің əсер 
етуі арқасында мембраналардың қос қабатын құруға қатысады.
Ағзаның тіршілік етуі үшін су мен минералды тұздар да қажет.
Судың алмасуы. Тірі ағзада зат алмасуы кезінде жүретін 
алуан түрлі химиялық өзгерістер сулы ортада өтеді. Ересек 
адам денесінің 60-65%-ы су. Сүттің, сілекейдің, асқазан сөлінің 
құрамындағы су мөлшері 90-99%, қанда 80-85%, бұлшық етте 
76%, бүйректе 46%.
Су - ағзада əмбебап еріткіш, сонымен қоса, көптеген химиялық 
реакциялар судың қатысуымен жүреді жəне ол арқылы жасу-
шалар мен ұлпаларға қажетті заттар əкелініп, ағзадағы заттар 
алмасуының ақырғы өнімдері сыртқа шығарылады. Ағзада су үш 
түрде кездеседі.
1) бос күйінде – қанда, лимфада, сілекей, асқазан, ішек сөл-
дерінде, несеп, жұлын-ми сұйықтықтарында, т.б.;
2) байланысқан түрінде жоғары молекулалы заттар: поли-
сахаридтердің, белоктардың, нуклеотидтердің сыртқы гидрат 
қабықшасының құрамына кіреді;
3) молекула ішіндегі су жасуша құрылымдары: ядро, митохон-
дрия, рибосомалар, т.б. құрамында болады.
Ересек адамға тəулігіне бір килограмм салмағына 40 грам-
дай су қажет (егер орташа салмағы 70 кг болса, оған 2,5-2,8 л су 
қажет). Алайда оның мөлшері сыртқы ортаның температурасына, 
ішілген тағамның ерекшелігіне, жасаған жұмыстың қарқынына 
байланысты өзгеріп тұрады. Су ағзаға тəулігіне 1,5 л-дей тағамдар 
арқылы келеді. Сонымен қатар, тірі ағзаға заттар алмасуы кезінде 
де су пайда болады. Мысалы, 100 г май тотыққан кезде 107 мл су, 
100 г белоктан – 41 мл, 100 г көмірсудан 55 мл су пайда болады.
Ағзадан су несеппен бүйрек арқылы тəулігіне 1,5-1,6 л-дей
тері арқылы 0,5-0,6 л өкпемен 0,4 л-дей, нəжіспен 0,2 л-дей 
сыртқа шығады. Алайда оның мөлшері сыртқы ортаның жағ-


277
дайларының əсерінен өзгеріп тұрады. Əсіресе, ауыр дене жұ-
мысын орындағанда термен жəне деммен бөлінетін судың мөл-
шері өседі, бүйрек арқылы бөлінетін судың мөлшері азаяды. 
Себебі бұл жағдайда су алмасуын реттеуге қатысатын вазопрес-
син гормоны көп мөлшерде пайда болады. Су алмасуын реттеу-
ге гипоталамус гормоны вазопрессин, қалқан жəне бүйрек үсті 
бездерінің гормондары қатысады. Сонымен қатар, паратгормон, 
альдостерон гормондары да судың алмасуына əсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет