Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет39/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   224
Байланысты:
биохимия

 НООС–СН
2
   
 
 
    СН
2
–СООН
NH
2
C –CH
2
N
 НООС–СН
2
   
      
      СН
2
–СООН
ЭДТА – этилендиаминтетраацетат фермент активтілігіне 
тоқтатушы эффект жасайтын керексіз қоспалармен байланыс жа-
сай алады. Ферменттердің тұрақтылығын анықтаудың бірден-бір 
жолы кептірілген немесе мұздатылған күйінде сақтау. Көптеген 
ферменттер аммоний сульфатының концентрленген ерітіндісінде 
суспензия түрінде тұрақты болады.
3.4. Ферменттердің аталуы жəне жіктелуі
Ферменттер соңғы уақытқа дейін дұрыс аталмай келді, 
өйткені бір ферментке бір немесе бірнеше атаулар берілді. Тек 
1961 ж. Мəскеуде болған V Халықаралық биохимия конгресінде 
биохимиялық одақтың комиссиясы ферменттердің қазіргі кезде 


60
қолданылып жүргeн атауларына талдау жасап бекітті. Мұның 
негізінде бірнеше принциптер сақталады:
1. «аза» жалғауымен аяқталатын атаулар, тек жеке фермент тер 
үшін қолданылатын болды.
2. ферменттердің аталуы мен жіктелуі олардың катализдейтін 
реакцияларына негізделді, бұл арнайылығы бар ферменттерді 
бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.
3. ферменттер катализдейтін реакцияларының типіне қарай 
топтарға бөлінеді. Реакцияның аталуы субстраттың аяқталуымен 
бірлесіп, жеке ферменттің аталуын құрайды.
4. Барлық ферменттер 6 класқа жіктеледі. Əрбір класс топ-
тарға, топтар топшаларға бөлінеді.
5. Əрбір фермент 4 саннан тұратын жүйелік реттік номермен 
(номенклатуралық шифрі) шифрленеді. Оның алдына фермент-
тің классификациялық (ФК) белгісі жазылады. Бірінші саны - 
ферменттің класы; екінші саны - ферменттің тобы; үшінші саны - 
ферменттің топшасы, төртінші саны - ферменттің атын білдіреді. 
Халықаралық биохимиялық Одақтық комиссия 1961 жылы 
барлық ферменттерді 6 класқа классификациялады.
1-ші класс оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздану реак-
цияларын катализдейді.
2-ші класс трансферазалар – атомды немесе атомдар топта-
рын бір заттан екінші затқа тасымалдайды.
3-ші класс гидролазалар – заттардың гидролиз жолымен ыды-
рауын тездетеді.
4-ші класс лиазалар – қос байланыс үзілген орынға атомдар 
тобының жалғасуын немесе заттардың гидролиздік емес жолдар-
мен ыдырауын жүзеге асырады.
5-ші класс изомеразалар – бір заттың екінші затқа изомерлену 
реакцияларын   катализдейді.
6-шы класс лигазалар - АТФ энергиясы есебінен екі 
молекуланың қосылуын катализдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет