Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


3.7. Ферменттердің əсер ету механизмі



Pdf көрінісі
бет48/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   224
73
3.7. Ферменттердің əсер ету механизмі
Əдетте химиялық реакциялардың жылдамдығы реакцияға 
түсетін молекулалардың соқтығысу жиілігіне байланысты. Ал 
соқтығысу жиілігі молекулалардың концентрациясы мен ортаның 
температурасына тəуелді. 
Температураның артуына қарай молекулалар қозғалысының 
кинетикалық энергиясы да артады, бұл молекулалар соқты-
ғысуының жиілігіне əсер етеді. Реакцияның өтуі үшін молекула-
лардың соқтығысуы жеткіліксіз. Бұл кезде олар активті күйде 
болуы қажет, басқаша айтқанда, оларда реакция үшін қажетті 
энергияның біршама артық қоры болуы тиіс. Молекуланың реак-
цияға түсуіне керекті энергияны активтендіру энергиясы деп атай-
ды. Фермент осы реакцияға қажет активтендіру энергиясын азай-
ту арқылы реакцияның жылдамдығын көтереді. Ол үшін фермент 
реакцияға ұшырайтын заттың молекуласымен (субстрат) бірігіп, 
комплекс түзеді. Бұл комплекстің түзілуіне энергия əлдеқайда аз 
жұмсалады.
Ферменттердің ерекше қасиетке ие болуы: 1) фермент өзінің 
субстратын айырып таниды, 2) өзіне тəн арнайылықпен бір реак-
цияны ғана катализдейді. Өзінің субстратын тануға ферменттің 
активті орталығында орналасқан амин қышқылдарының бүйір 
топтары көмектеседі. Амин қышқылдарының əсерінен активті 
орталық субстратпен белгілі бір тəртіппен жанасады. Егер суб-
страттың пішіні (Е жəне S) активті орталық қуысына комплемен-
тарлы келсе, фермент конформациясында аздаған өзгеріс пайда 
болады (8-сурет). 
8-сурет. Фермент əсерінен субстраттың (S) өнімдерге Р
1
 жəне Р
2
 айналуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет