I НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері
Сәйкес оқу жоспарларында, ӛзіндік және шығармашылық ойлау
қабілетін оқыту, дамыту процесінде студенттердің алған білімін бекіту,
тереңдету және жалпылау мақсатында сәйкес курстық оқу жоспарына
сәйкес курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау қарастырылған.
Курстық жұмыстарды (жобаларды) орындаудың мақсаты болып
табылады:
- оқылатын пәндер бойынша алынған теориялық білімді және
практикалық қабілеттерді жүйелендіру және жалпылау;
- берілген тапсырмаға сәйкес теориялық білімді тереңдету;
- жалпы және кәсіби құзіреттерді қалыптастыру және дамыту;
- студенттерді шынайы кәсіби проблемаларға тарту арқылы кәсіби
маңызды зерттеу қабілетін, ғылыми ойлаудың заманауи стилін дамыту;
- бітірушілердің теориялық және практикалық дайындық деңгейін
тексеру және анықтау, кәсіби құзіретті қалыптастыру шарты ретінде
үздіксіз ӛзін-ӛзі оқытудағы қажеттіліктерді ӛзектендіру;
- мемлекеттік (қорытынды) аттестацияға дайындау.
Курстық жұмысты (жобаны) жазу барысында білім алушы кӛрсету
керек: әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын, ақпарат кӛзін талдау және
негізделген қорытынды жасау қабілетін, міндеттерді шешудің түрлі
әдістерін, формуларды қолдану қабілетін және т.б.
Курстық жұмыстардың (жобалардың) жүйесі, қиын міндетке –
бітіруші жұмысты орындауға студенттерді дайындау үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |