Ресурс Іс-әрекетті зерттеуді қалай жүргізуге болады? Зерттеу жүргізу бойынша міндеттемелер қабылдау



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата31.12.2021
өлшемі327,64 Kb.
#21549
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ресурс 3 (1)6кун

Деректерді талдау 

Талдау - Іс-әрекетті зерттеу тәжірибесін түсіну негізі болып табылады. Талдау әрқашан 

зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерден басталады. Оларды сөзсіз есте сақтау қажет. 

Сіздің ақылыңыз ең маңызды талдау құралы болып табылады. Талдау сіздің деректеріңізде 

жасырынған мағына  туралы сенімді тарихты баяндау процесі болып табылады.  Сонымен 



қатар, сіз аудиторияны айтып отырған оқиға мен мазмұнның дәлелі бар екеніне сендіруге 

тиіссіз. 

Сіздің  дәлеліңізді  растаудың  екі  негізгі  көзі  бар.  Бірінші  дереккөзі  -  сіз  жинаған 

деректер  мен  сіз  байқаған  модельдер.  Екіншісі,  бұл  да  маңызды,  зерттеу  қорытындысы 

бойынша басқалар не үйренгені. Егер сіз таңдаған тақырып бойынша басқа зерттеулер мен 

теориялармен  әлі  таныспасаңыз,  осы  кезеңде  мұны  істеу  орынды,  өйткені  бұл  сіздің 

жұмысыңызға  жағдай  жасау  үшін  өте  маңызды.  Егер,  мысалы,  сіз  жасаған  іс-әрекеттің 

басқа  зерттеушілердің  нәтижелеріне  ұқсас  нәтижелері  бар  екенін  анықтасаңыз,  сіздің 

талдауыңыз дұрыс деп санауға болады. Шын мәнінде, сіз жасаған іс-қимылдарға қатысты 

дәлелдеген басқалардың беделін пайдалана аласыз. Алайда, егер сіздің нәтижеңіз алдын ала 

зерттеулерге  қайшы  келсе,  онда  сіз  өзіңіздің  зерттеуіңіздің  басқа  нәтижелерден 

айырмашылығы  туралы  проблеманы  әріптестеріңізбен  және  басқа  да  зерттеушілермен 

талқылаңыз. Қалай болғанда да, жергілікті деңгейде сіз не туралы білсеңіз, ол оқытушылар 

мен зерттеушілер арасындағы үлкен пікірталастың бір бөлігі болуы мүмкін. 

Деректер  талдауын  орындағанда,  сіздің  іс-әрекетіңіздің  нәтижелері  туралы  хабарлау 

үшін төменде көрсетілген кезеңдерді сақтау қажет: 

•  орындаған іс-әрекетті сипаттаңыз

•  жинаған фактілерді талдаңыз; 

•  есеп жасаңыз, күтілетін нәтижелердің моделін анықтаңыз; 

•  зерттеу мәліметтерін әріптестермен талқылаңыз; 

•  алынған  нәтижелерге  қандай  түсінік  қолданылатынын  анықтаңыз  (алдыңғы 

зерттеулерге сүйеніңіз); 

•  алынған  нәтижелер  контекстінде  оқушылар  және  оқу  жағдайы  туралы  өз 

болжамдарыңызды қайта қараңыз

•  зерттелетін жағдайдың жұмыс түсінігін тұжырымдаңыз; 

•  фактілер мен тұжырымдардың негізінде қорытынды жасаңыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет