§ 4. Сыртқы күштер (жүктемелер)
Жұмыс жағдайында машиналар және қондырғылар сыртқы күш әсеріне
ұшырайды. Олар қадалған, тең таралған күштер және моменттер түрінде
болулары мүмкін. Сыртқы күштер түрлері:
1.Әсер ету орнына байланысты:
а)беттік – дене бетіне әсер ететін (мысалы, ыдыстың қабырғасына судың
немесе газдың қысымы);
б)көлемдік – дененің кеңістіктегі кез келген нүктесіне әсер ететін
(мысалы, инерциалық, магниттік).
2. Күш әсер ететін ауданның мөлшеріне байланысты:
а) қадалған (мысалы, дөңгелек қысымы);
б) - аудан бойынша тең таралған. Жүктеменің қарқыны Н/м
2
, т/м
2
өлшенеді.
- ұзындық бойынша тең таралған. Жүктеменің қарқыны q әрпімен
белгіленіп, Н/м, т/м өлшенеді.
3. Әсер ету мерзімінің ұзақтығына байланысты:
а) тұрақты жүктеме (салмақ күші);
б) уақытша (поездың көпірге әсері).
Айнымалы күштер статикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді.
Статикалық күштердің әсер ету жылдамдығы уақыт аралығында өте аз
шамаға өзгереді (0-ден 2 мм/мин), динамикалық күштер әсері тезірек өзгеріп
қосымша инерция күштерінің пайда болуына жағдай туғызады. Динамикалық
күштерге инерциалық, соққы, айнымалы-қайталанбалы күтер жатады.
Сондықтан динамикалық жүктемелерде инерциялық күштерді ескермеуге
болмайды.
Сыртқы күштерге тек берілген күштерден басқа тепе-теңдікті
қамтамасыз ететін байланыс реакцияларыда жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |