120
2.1
сурет. ОС Windows құрауыштарының шебері
Windows құрауыштарын өшіру ұқсас келеді, бірақ бұл жағдайда
құрауыштар тізіміндегі жалаушаларды түсіру қажет. Windows-ң кейбір
құрауыштарын орнату үшін, қондырушы компакт-диск қажет болуы мүмкін.
Диск енгізгішке компакт-дисканы салыңыз және
ОК түймесін басыңыз.
Windows XP операциялық жүйені тек компакт-дискіден емес, компьютер
қолданушының қатқыл дискіде орналасқан кез келген папкадан, сондай-ақ
желілік дискіден да қондыруға болады. Бұл жағдайда компакт-дискінің
қойылғаны туралы сұхбат пайда болғанда,
ОК түймесін басу қажет.
Қондырылған папкаларға жолды көрсететін сұхбат пайда болады. Одан кейін
пайда болған сұхбатта қажетті папканы таңдау үшін
Шолу түймесін басу
қажет.
Егер Windows XP-ты қондыру жаңа компьютерге емес, қондырылған
Windows 98 немесе Windows MЕ жүйелерінің үстіне қондыру керек болса,
онда бағдарламаны қондыру және өшіру үшін сұхбатта Windows
қондырғысын болдырмау үшін түйме пайда болады. Қондырғыны
болдырмауды орындағаннан кейін, алдыңғы Windows нұсқасына кері
қайтқан жөн.
Достарыңызбен бөлісу: