ДК бағдарламалық жаңылу – компьютерде орнатылған бағдарламалық
жабдықтың жарамсыздығы. Әдетте ол мынадан көрінеді:
■
Windows операциялық ортасы және өзге операциялық қабықтар толық
жүктелмейді немесе әртүрлі қателер беріп жүктелетін болады;
■
кейбір бағдарламалар дұрыс жұмыс жасамайды, олардың жүктелуі
«әдеттегідей» емес, стандартты емес режимде жүреді;
■
бір бағдарлама жүктелгенде компьютер «қатып қалады» – бірде-бір
командаға әсер етпейді;
■
пайдаланушының типтік командалары бағдарламаларды стандартты емес
орындалуына әкеліп соқтырады;
■
компьютер
елеулі
түрде
жылдамдығын
азайтады,
көптеген
бағдарламалардың жұмысы баяулайды.
Компьютерді диагностикадан өткізу бойынша кеңестер. Ең алдымен ДК
қосылу кезіндегі тәртібіне назар аудару керек.
Жүйелік блоктағы шамдар жанбайды, дыбыстық сигнал берілмейді.
С е б е б і: қоректену кернеуінің болмауы.
І с - ә р е к е т т е р :
желілік розеткадағы кернеудің болуын және желілік
сымның жүйелік блок жалғағышындағы байланыстың беріктілігін тексеріңіз.
Жүйелік блокта шамдар жанып тұр, мониторда бейне шықпайды, үзік-үзік
дыбыстық сигнал беріледі.
С е б е б і: BIOS алғашқы тексеру кезіндегі құрылғының жаңылуы.
І с - ә р е к е т т е р :
жүйелік блокпен берілетін сигналдар санын санаңыз.
AWARD фирмасының BIOS дыбыстық сигналдары:
■